Қазақ радиосына еңбегі сіңген қайраткер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылыым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Ибрагимқызы Сәулет

Сауық Жақанованың радиодағы шеберлік мектебі

Дипломдық жұмыс

5В050400-«Журналистика» мамандығы

Нұр-Сұлтан 2019

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3.

1Қазіргі қазақ журналистикадағы радиожурналист тұлғасы

1. 1. Диктор - радионың негізгі қозғаушы күші . . . 10

1. 2. Сөйлеу техникасын меңгеру . . . 7

2 «Қазақ радиосындағы» Сауық Жақанованың феномені

2. 1. Сауық Жақанованың шығармашылық әдісінің ерекшелігі . . . 10

2. 2 . Сауық Жақанованың мектебі . . . 12

Қорытынды . . . 3

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Қазіргі БАҚ құралдарының аудиторияға тигізер ықпалы ерекше. Әсіресе телевизия, радио хабарлардың бұқаралық сипаты мен жеделдігі қарқын ала түсуде. Мемлекеттің ішкі, сыртқы саясаты жөнінде қалың жұртшылыққа дер кезінде хабарлар таратып отыру бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтік мәнділігін одан сайын күшейтіп отыр. Оның үстіне қазіргі таңда инженерлік технологияның даму қарқынымен байланысты, бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдері оқуға, тыңдауға, көруге жағымдылығы артып келеді. Алайда техникалық құрал жетіле түскенімен, БАҚ-ның тілі аса қиын жағдайда қалды: радио, телеэфирден естілер сөздің мәдениеті тым төмендеп кетті. Бұрын Мина Сейітова, Шәрипа Бейсекеева, Әнуарбек Байжанбаев, Мәмбет Сержанов, Хатира Әзімбаева, Мырзабек Қуатбеков, Жәнел Асқарова, Марат Тоғатаев, Болат Масин, Аймен Ақшалова, Омархан Қалмұрзаев, Әмір Жұмабеков, Ләзиза Аймашева, Сауық Жақанова сынды және өзгеде радио, телеқайраткерлердің сөзді дыбыстауы, нақышы, сөйлеу сазы халыққа үлгі болатын. Менің дипломдық жұмысым «Сауық Жақанованың радиодағы шеберлік мектебі» тақырыбы негізінде алынды.

Радио- дыбыстау, сөйлеу арқылы хабар тарататын «құдірет» болғаннан кейін, басқа бұқаралық ақпарат құралдарынан өзіне тән толып жатқан ерекшеліктері бар. Ол- жаңалық жаршысы, ол - өмір тынысының жүрек соғысы, ол- мәдениет-тұрмыс, ол - әдебиет, өнер, ән-музыка, ол - өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, ол - ғылым, білім, ол - саясат, ол - балалар, жастар аяқалысы, қарттар жүріп өткен әр қилы сүре жолдар, ол - мемлекет, Отан тарихы. Міне, радио осылардың бәрін ауа арқылы дүние жүзіне сенімді шыншыл дауыспен таратушы бірден - бір Алла тағаланың адамзат баласына берген өлшеусіз сыйы.

Қазір бәрі де заманына қарай ғой. Бірақ сөйлегенде қазақтың мақамын сақтап, ауызекі тілдік үндесуді, әріптердің дұрыс айтылуын білу керек. Кейде тілдік заңдылықтар ұмытылып жатады. Радио-телевизия дегеніміз - ең алдымен, дұрыс, нақты сөйлеу мен қатар ойды анық жеткізу. Тіпті тыныс белгілерінің өзіндік жеткізу ырғағы бар. Сондай-ақ, қазақи ырғақты да сақтау керек. «Заман өзгерді, тез айту керек» дейді. Дегенмен эфир заңдылығы, өз этикасы бар. Ал сөз мәдениеті дегеніміз не? Бұл - сөзді түсініп айту. Сөйлем ішінде кідірістер де болады, созып не дауысты көтеріп айтатын жерлер тағы бар. Осындай қажеттіліктерді керек ететін, сөз құдіретін, мәнін мағынасын, айтылуын, халыққа тынбай жеткізген ғасырға жуық ойдағыдай өз қызметін атқарып келген Қазақ радиосын ерекше айта аламыз.

98 жыл бойы әр саланы профиссионалдық тұрғыда меңгеріп, адал қызмет атқарған жүздеген азаматтар өз ісін мінсіз өтеді және өтеуде. Мен, жаңа дыбыстау, сөйлеу арқылы деп сөзімді бастадым, сондықтан бұрын осынау қыруар еңбектің бәрінің ең соңғы нүктесін қойып, эфирге алып шығатын дикторлар болатын. Диктор - радионың қозғаушы басты элемент. Қазіргі таңда біз «диктор» сөзін қолданысқа пайдаланып жүрмізба? Дикторлардың жұмысы қандай? Микрафон алдындағы сөз саптау қалай? Сауық Мәсіғұтқызының дикторлық сөз саптауы, тыныс алу, сөз арасында кідіріс жасауы секілді шеберліктері туралы ақпарат жеткізетін боламын.

Дипломдық жұмыс өзектілігі: Қазақтың Левитаны болған Әнуар Байжанбаевтан радио саласында білім алған, шәкірті болған, бірге қызмет атқарған Сауық Жақанованың сөйлеу техникасын зерттеу. Осы оқу өнерінің екі корифейі теле-радиоға жаңадан қабылданған жастарға эфирден оқу, экраннан талғаммен сөйлеу өнерінің тамаша үлгісін жалғастыру. Қазақ радиосында өзіндік ойып тұрар орын алар тұлғаның дара жолын насихаттау. Сөздің жөн-жобасын, жосық-жүйесін жетік меңгерген, өрнекті өлең өрнегін, салмақты сөз сүлейін қадірлеген. Сауық Мәсіғұтқызы тіл маманы-филолог. Қазақ радиосына еңбегі сіңген қайраткер. Кезінде дикторлардың радиодағы ролі бірінші орынға қойылатын. Себебі - диктор үнімен эфир жанданатын.

Менің дипломдық жұмысымда Сауық Жақанованың халық сөзінен нәр алған, соның тұмасына терең бойлаған, зерек ойлауы мен ділмар сөйлеуі қатар жетілген, шешен көсілетін, ерекше даусты, қазақ топырағындағы болмыс-бітімі ерекше тұлғаның сөйлеу техникасының - дұрсы дем алу, үнді күшейту, дауыс сапасын дамыту жайында болмақ. Тіл мәдениет, қазақ тілінің сөйлеу ырғағының, үндестік заңы, дұрыс жазу мен дұрыс айтудың, дыбыстар жүйесіне байланысты, тәртіпті сақтау.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті:

- Қазіргі БАҚ тілінің сөз бедері қандай? Сөзге бедер салатын тілдік құралдар дұрыс жұмсалып жүр ме? Дайын, үйреншікті бедерлеуіш амал тәсілдермен бірге тыңнан табылған үлгілер мар ма?

- Осындай сұраулардың төңірегінде азды көпті сөз сабақтауға болады. Сөз мәдениеті деген терминдік ұғым тек сөз дұрыстығымен шектеп қоймайды, яғни сөзді дұрыс айтса, жазсақ, мәдениеттің биігіне көтеріліп, шыңына шықты деуге болады;

- Сөйлеу - адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін білдіріп жеткізу құралы, олай болса ең маңызды ірге тастың дұрыс қалыптастыру жолдарын зерттеу;

- Тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі - тілдің халықтық қасиеттерін дамыту, ана тілінің тіңдессіз байлықтарын талғаммен пайдалану;

- Мен қарастырып жатқан тұлғаның сөйлеу техикасындағы әр әріпті дұрыс қолдануы, дауыс жаттығуларын орынды пайлана білуі, сөйлегенде сөзді дұрыс айтылуы, дикторлық қырлардың қазіргі кезде жоғалып бара жатқан тұстарын қарастырамын;

- Радионың басты элементі - диктор. Диктор деген кім, міндеті қандай деген сұрақтарға жауап қарастыратын боламын;

- Радио, телевидения тыңдарман мен көрермендерге ықпал етіп, олардың қоғамдық пікір туралы белсенділігін де көтеруге де тырысады. Микрофон ұстаған, я болмаса жұртшылық алдына шығып, мінбеге көтерілген адам сөйлемес бұрын алдымен тілдік қарым-қатынас тың түрін мақсатын айқындап алуға тиіс:

- Тілдік қатынас ресми ме, бей ресми ме?

- Сөздің адресаты кім? Жеке адам ба, көпшілікпе?

- Тілдік қатынас бір жақты ма, әлде екі жақты ма?

Міне осы айтылған жайттарға көңіл бөлінсе қарым-қатынастың міндетіне түріне сай келетін ең лайықтысын талғап ала білудің мүмкіндігі арта түседі.

Жұмыстың тұжырымдамасы:

Жұмыстың дерек көзі: Сауық Жақанова, Намазалы Омашов, Клара Қабылғазы, Жанар Рамазанова. сынды қаламгерлердің еңбектеріне сүйендім. Сонымен қатар бейнемұрағаттан, бейнетаспалар мен материалдар қарастырылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы : Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бет саны-

1. Қазіргі қазақ журналистикадағы радиожурналист тұлғасы

1. 1 Диктор

ХХІ ғасыр технологиялар дамыған ғасыр. Қазіргі уақыт пен әлемдік бірлестік принциптері негізінде осы қоғамда өмір сүру, жаңа типті адам тәрбиелеу міндеті алға қойылды. Ол дегеніміз жас буынның жетілуіне бұқаралық ақпарат құралдарының, нақтылай айтқанда, телевизия мен радионың атқаратын орны ерекше. Ғаламдық деңгейде танылып отырған, елдің ертеңін жалғастыратын білікті кадрлар дайындалуы үшін тиянақты, әмбебап, инновациялық білім берілу басты орында. Бұл орайда ұлттың айнасы - БАҚ-ның маңызы артып, мемлекет мүддесі айқындала түсуде . Ақпарат пен ақпараттық технологиялар өте қарқынды дамыған уақытта журналистика саласының, қоғам өміріндегі маңызы жылдан-жылға арта түсуде. Бүгінгі таңда Қазақстан халқын маңызды ақпараттармен қамтамасыз етіп отырған, теле-радиолар қызметінің маңызы ерекше.

Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы ақпараттық айырмашылықтары мен ерекшеліктерін түсіндіру, мемлекеттік және коммерциялық арналардың ақпараттық бағдарламаларының және баспасөздің ақпарат тарату саясатындағы өзгешеліктерді анықтау, ақпарат таратудағы жаңашыл әдістердің телерадиоарналардағы және баспасөздегі жаңалықтар қызметінде қолданылуын саралау, қазақ ақпарат тілінің қалыптасуының өзекті мәселелерін айқындау, ақпараттық бағдарлама өндірісін ұйымдастырудағы үрдістерді зерделеу сияқты мәселелер - журналистика ғылымын зерттеушілердің қоғам дамыған сайын зерттеуді қажет ететін міндеттері. «клара қаблғазы»

Қазақ телевизиясы және радиосы - қазақ журналистикасының, өнерінің, мәдениетінің көрнекті қайраткерлерін, қаламгерлерді, зиялы қауымды қалыптастыруда маңызды рөл атқаруда. Қазақ теледидарының да жедел дамып, өркендеуіне журналистік жан-жантылық, радиодағы мол тәжірибе, шеберлікке жол ашты. Қазақ телевизиясы өзінің қалыптасу кезеңдерінде үлкен белестерді бағындырып, көрермен ықыласына бөленуде. Журналиистика әлемінде ізденіс пен жаңашылдыққа ұмтылатын мамандардан құралған мықты ұжымдардың бағындырар белестері алда. Қазіргі уақытта журналистер эфирден еркін көсілетін, айтар ойыын ашық жеткізетін дәрежеге жетті. Жаһандық және қатарлас мемлекеттерден тәжірибе алмаса отырып, қазақ бұқаралық ақпарат құралдарының қадамы қарыштай түсуде. Оған себеп жаңа бағдарламалар легі мен өркен жайып келе жатқан журналистердің ізденіске толы еңбектері екенін айта аламыз. Радио және телевизия - уақыт ағыныдағы қуатты құрал, адамдардың өмір сүруіне және ақпарат алуына жұмыс жасайтын қалыптасқан жүйе. Радио ақпаратты жедел таратса, телевизия оқиға орнынан таспалап, сараптаса, газет-журнал материалды талдап, түсіндірсе, ал интернет ақпаратты әр қырынан береді. Жақсы ән мен әуенді танытуда радионың, телевизияның алдына ешбір ақпарат құралы шыға алмайды. Әрине, барлық БАҚ-тардың негізгі атқаратын міндеті ақпарат тарату болса, электронды бұқаралық ақпарат құралдарының басты ерекшелігі сол дыбыстылығында, әуезділігінде, көрнекілігінде жатыр. БАҚ-ның өзара байланысы: бірін-бірі мамандармен толықтырып отырады.

Ал Қазақ радиосы республтикадағы бірден-бір ауқымы кең және ұлттық ақпараттық форматтағы радиоарна болып қалыптасқан. Қазақстандағы электорнды ақпарат құралдарының ішінде Қазақ радиос ерекше мәнге ие болып отыр. Ол бірден-бір мемлекеттік арна болып табылады. Басты мақсаты ақпараттық саладағы мемлекеттік ұстанымдыыы тарату, насихаттау. Қазақ радиосының ғасырға жуық тарихы бар. Дәстүрге бай шығармашылық ұжжым. Осы жылдар аралығында бірнеше ұрпақтың сүйікті арнасына айналып, рухани сұраныстарын қанағаттандырып келеді. Соның ішінде қазақ халқының мәдени бай дәстүрлерін қалыптастырып, дамытуда үлкен орын алады. Бүгінгі жеткен жетістіктеріміз -жоғары мәдениет пен жаппай сауаттылығымызда, қоғамдық құбылыстар мен оқиғаларға бейжай қарай алмайтындығымызда радиохабарлардың ықпалы өте күшті болды. Қоғамдық өзгеріс мен жаңа технологиялар Қазақ радиосына да ақпараттар тасқынынан қажетті мағұлматын алуда ұшқырлыққа мүмкіндік жасайды.

Диктор - радионың негізгі қозғаушы күші. Хабарды түрлендіруге, адамға әсер етуге ықпалы зор. Себебі, ол - өз ісінің шебері. Сонымен қоса ақпарат әзірлеуші ұжым мен тыңдаушы арасындағы байланыс. Радионың барлық жұмысы халыққа арналып, ұсынылытынын ескерсек, тыңдарманға жеткізуші - диктор. Жас баладан, қартайған қартқа дейін радиоға құлақ түреді.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің үшінші томында дикторға «диктор-микрофон арқылы хабарларды оқитын адам», - деп анықтама берілген.

Радиоға қызығушылықтың арту себебі, аудиториясы бүкілхалықтық болуында. Радио ең алғашқы ақпарат таратушы технология болып есептелінеді. Сондай- ақ, бүкілодақтық радионың алғашқы хабар таратушыларына - Александр Гурин мен Зинайда Релизованы айтамыз.

Бүкілодақтың радионың алғашқы дикторларының бірі В. Н. Пашеннаяның айтуынша: «Радио - бұл өнер. Ал, біздер, орындаушылар, микрофонға ерекше ұқыптылықпен қарауымыз керек. Ең бастысы - сөз туралы ұмытпауымыз қажет. Себебі радиодағы сөз - ол оның бүкіл болмыс, бітімі»-деп сипаттама бергені. Осы жерден-ақ радионың басты артықшылығы анықталып тұр. Ал, ғасырға жуық тарихы бар Қазақ радиосы алғаш баспалдағынан қызмет еткендерді ерекше атап өтумізге болады. Олар: Мина Сейітова, Шәрипа Бейсекеева, Әнуарбек Байжанбаев, Мәмбет Сержанов, Хатира Әзімбаева, Мырзабек Қуатбеков, Жәнел Асқарова, Марат Тоғатаев, Болат Масин, Аймен Ақшалова, Омархан Қалмұрзаев, Әмір Жұмабеков, Ләзиза Аймашева, Сауық Жақанова тəрізді көрнекті дикторлармен толыға түсті.

Дикторлық өнер туралы сөз қозғалғанда әуелі аузымызға, кезінде Левитанның өзі «ізбасарым»- деп таныған. «Қазақтың Левитаны» атанған диктор Əнуарбек Байжанбаев пен саңлақ, сандуғаш дауыс иесі-Сауық Жақанова ерекше мақтанышпен атаймыз. Әр оқыған хабарына жан бітіріп, құбылта отырып көркем жеткізетін. Ой мен сөздің, мазмұн қарқынын, сөйлемдердің жинақылығын, олардың ішіндегі иірімдерінің байланысын тыңдаушы құлақ құрышын қандырып жеткізетін.

Диктор сөзі іштей бірнеше бөліктерден тұрады:

1. Алдымен диктор көрерменмен амандасып, өзін таныстырады. Мұны ұйымдастыру бөлігі деп атауға болады. Бұл бөлімде диктор өз сөзін сөйлесудің диалогтік сипатына тəн ерекшеліктерге негіздеп, монологтік типте жеткізеді. Мұндайда диктор дауысы салтанатты түрде шығады. Осыған орай, ұйымдастыру бөлігінің мəтінін лепті сөйлемдер құрайды. Олар көтеріңкі дауыспен, ерекше интонациямен айтылады.

2. Диктор хабарланатын жаңалықтардың легімен, ретімен таныстырады. Мұны тележурналистика саласында «лид» деп атайды. Басқаша қорытынды жаңалықтардың кіріспе бөлімі деп атауға болады. Өйткені бұл бөлімде берілетін маңызды жаңалықтардың тақырыбы, реті жөнінде мəлімет беріледі. «Жаңалықтарды жүргізуші мəртебесі күнделікті экраннан өтіп жатқан актуалды хабарлама арқылы айқындалады» [21] .

3. Диктор сөзінің негізгі бөлігін жоспарлы рет бойынша хабарланатын негізгі жаңалықтар мəтіні құрайды. Олар 2-3 хабарлы сөйлемнен тұрады. Жаңалықтар ресми сипатта салқынқанды дауыспен оқылады. Диктор сөзін тілші өз репортажында толықтырады. Мысалы: Алматыда Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымының басшылығымен бұқаралық ақпарат құралдары жайлы жетінші Орталық Азиялық конференция басталды. Онда БАҚ өкілдерінің жұмыс істеуіне жағдай жасау, бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау барысында атқаратын рөлі əңгіме өзегіне айналды (13. 10. 2005) .

4. Диктор өз сөзін қорытындылап, көрерменмен қоштасады да, келесі сөз кезегін спорт жаңалықтарын жүргізуші дикторға береді. Мұны диктор сөзінің қорытынды бөлігі деп айтуға болады. Дикторлар амандасу кезінде де, қоштасу уақытында да аудиторияның кім екенін, олардың əлеуметтік мəртебесін ескере отырып, тіл қатады. Кешкі жаңалықтарды үзбей көріп отыратын адамдар жүргізушінің қалай қоштасатынын біледі. Солардың бірқатарына көңіл аударайық.

1. 2 Сөйлеу техникасын меңгеру

Сөз арқылы түйінделген ой қаншалықты маңызды болса, ол тыңдаушыларға жеткізіп отырған диктордың немесе тележүргізушінің сөздері нақты, түсінікті күйде дыбысталуы арқылы ғана әсер ете алады. Дауыс - адамның ең маңызды белгілерінің бірі. Дауыс - бұл өзінің күрделілігіне және әлеуметтік маңыздылығына байланысты емес адам көмейінен шығатын кез келген дыбыс. Дауыс генераторлық бөлім ретінде қызмет ететін көмейде пайда болады. Тыныс алу мүшелері - энергетикалық бөлім. Энергия көзі ретінде дауыс шымылдығының тербелісін тудыратын ауа ағыны болады. Дыбыстың акустикалық қасиетін ажырату есту қабілетінің көмегімен іске асырылады: үн дыбысы, дауыстың жоғарылығы.

Ауа тербелісі бірқалыпты болса, дыбыс жоғары нақты шығады. Бір секунт ішінде болатын тербеліс жиілігіне дауыс перделерінің, дауыс жоғарлығының сапасына байланысты. Үннің жиілігі герцпен өлшенеді. Баяу сөйлеу кезінде ер адамдар 85-тен 120 Гц-ке дейін болса, нәзік жандардың өзгерісі 160-тан 360-қа дейң екен. Сөйлеу тілінің мәнерлігіне үннің өзгерістері ықпал етеді.

Дауыстың күші қатты дауыс діріл қарқынымен өзара байланысты. Ол- децибеллмен анықталады. Діріл қарқыны дауыс шымылдығында қатты байқалса, дауыс ашық, анық шығады. Дауыстың сапасы тембір мен ренкі дыбыстары арқылы сипатталады. Тербеліс күші және жиілігіне тәуелді, сонымен қоса дыбыстардың акустикалық құрамын білдіреді.

Теле - радиожүргізушілері сөйлеуге ерекше мән береді. Тікелей эфир жүргізушілерінің қас шеберлігіне, шешендігіне сын. Ондай сәттерде сөздер бір-бірімен қиюласып, үндесіп, әуезді айтылуы шарт. Осы заңдылықтар сақталса, құлаққа жағымды, көңіл толқытар сөздер тыңдаушының жүрегіне қонақтап жатады. Әр тілдің өзіне тән дыбысталу заңдылықтары сол - тілді дербес тіл етіп тұратын белгілердің бірі. Сөйлеу мен оқу кезінде осы тілдік ерекшеліктер қатаң сақталуы тиіс. Сөйлеу техникасын меңгеру кезінде, дұрыс сөйлеуге ерекше мән беріп, тіл дыбыстарының заңдылықтарын қатаң сақтау қажет. Сөйлеу техникасына: тыныс алу, дауыс, дикция жатады. Осы аталған сөйлеу техникасының элеметтерін дұрыс меңгеру керек.

Рамазанова Ж. С 52-б

Сөйлеу аппараты
Сөйлеу аппараты: Тыныс органдары
Өкпе, кеңірдек тарамы, кеңірдек; Осыларды қозғалысқа келтіретін бұлшық еттер, диафрагма, құрсақ аймағы.
Сөйлеу аппараты: Дауыс құрау органдары
Көмей, дыбыстық байланыс, резонаторлар -мұрын, ауыз қуысы.
Сөйлеу аппараты: Артикуляциялық жүйелер
Тіл, ерін, тіс, иек, таңдай.

Тыныс алу үдерісі өздігінен жүріп жатады. Диктор Сауық Жақанова «Сөйлеу техникасын меңгеру» атты еңбегінде тыныс алудың үш түрін көрсетеді: иық, кеуде, ішпен тыныс алу.

Тыныс алуға байланысты жас мөлшер мен жыныс және қызмет жасау ға байланысты. Жалпы алғанда нәзік жандылар кеуде арқылы тыныстанатын болса, ер адамдар диафрагмалды дем алады. Ал балалар аралас тыныс алады. Көбінесе оларда кеудемен тыныс алу жүреді. Толық, терең дем алу барысында осы айтылған тыныс алудың 3 түріде тоғысады.

Дұрыс, нақты қойылған тыныс нәтижесі- әсерлі үн, әдемі дауыс. Тыныс алу физиологиялық қызметін адам ықпалынсыз атқара алады. Тыныстау жолдарын сонымен бірге адам сөйлек кезінде әсер ете алады. Қазіргі таңда таби, и тыныстаудың мақамы жоғалды деп айтумызға болады. Өйткені бұрынғы заманда ата-баббаларымыз таза ауада емін, еркін ұзақ уақыт өткізетін болған. Сол себепті үнемі қозғалыста, бұлшық еттерінң барлығы қимылдап тұратын болғандықтан таби, и жаттығулармен өздігінен айналыса беретін болған.

Бүгінгі таңда техниканың дамыған заманында тұрмыс - тіршіліктігеі қимыл- қозғалысты азайту салдарынан тыныс алу жүйесіне кереағар әсер етуде. Сондай - ақ, жабық бөлмеде, орындықта, телефон, компьютер алдында ұзақ отыру салдарынан тыныс алуға кері ықпал еткені мен қоса тыныс алу жолдарының ауруна ұшырату қаупі басым.

Сонымен, әлеуметтік факторлар адам организмінде биолгиялық өзгерісті тудырады. Физиология қоршаған ортаның өзгерістеріне ыңғайланып үлгермейді, сондықтан біз өзімізге жасанды түрде көмектесуміз керек, өйткені тыныс алу үдерісі - организмдегі ең басты функцияның бірі. Тыныс алу жолдары дауыс шығару жолдарымен тығыз байланыста болғандықтан, сөз өнерімен байланыста жүретін журналистер, дикторлар сөйлеу аппаратына үлкен салмақ түсінетіндіктен, оған салғырт қарамауы керек. Рамазанова Ж. С 57б

Тыныс алу - басты элемент болғандықтан, көптеген жаттығулар мен айналысқан жөн. Себебі, сөйлеу барысында ауа жетпей қалуы мүмкін. Айту немес оқу барысында, күнделікті жай отырған кездегіден де ауаны көбірек қамтуға тура келеді. Кеудеде ауаны біраз ұстап тұрып, сөз арасындағы кідіске дейін үнемдеп, орнына қайталап ауа толтырып отыру әдісін меңгеріп алуы керек. Осылайша барлық жүйелерді дұрыс орындағаннан соң, айтпақ ойымызды, эмоциялық дыбысталуды, мағынасын жоғары деңгейде жеткізе аламыз.

Дауыс пен тыныс алу барысында сөйлеу саздылығы мен мәнерлілігін есте сақтаған жөн. Себебі, адам өзіне сенімділік, даусында ұшқырлық, әңгіме тақырыбы жөнінде саздылық, мәнерлілік болады.

Тыныс алу кезінде ең тиімдісі бұл - кеуде қуысы арқылы тыныс алу. Толық дұрыс дем алу үшін, өкпеге арнайы жаттығулар жасаған абзал. Тыныс алуды ретке кетіруге қолымызды екі жанымыздан үстіңгі қабырғамызға қарай ұстап, баяу ауаны жұтамыз. Қабырғаларымыздың бойымен ауа барғанын қолымызбен сезінеміз. Өкпеге жиналған ауаны бірқалыпты ұстап тұрып, ақырындап сыртқа шығарамыз. Осы жолмен жасалған жаттығулар барысында, мұрын қуысы арқылы шыққан ауа еш кедергісіз, шусыз, жеңіл шыққаны жақсы. Астыңғы қабырғалар босаңсығанымен, иық және кеуденің ұстіңгі жағы төмен түспеуі керек. Тыныс алу жаттығуларын айнаның алдында, денені тік ұстап, қисаймай, белді бүкпей әдемі, бірқалыпты тұрып жасаған дұрыс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдеби байланыс. Хасен Оралтай және Қажығұмар Шабданұлы
Әдеби байланыс: Х.Оралтай және Қ.Шабданұлы шығармалары
ЖАНДОСОВ Ораз Саяси қайраткер
Біздің жеңісіміз
Желтоқсан көтерілісі. Көтеріліс хронологиясы
РЫМҒАЛИ НҰРҒАЛИ - ЗЕРТТЕУШІ-ҒАЛЫМ
Шешен сөйлеу - дикторға тән қасиет
Ғұмар Қараш
Мұстафа Шоқай күллі түркінің алып тұлғасы
Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz