Қазақ қолөнерінің даму тарихы


М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ . . . 3
Ітарау. ҚАЗАҚ ҚОЛӨНЕРІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯСЫ
- Қазақ қолөнерінің даму тарихы . . . 12
- Ағаштың түрлері және қасиеттері . . .
1. 3 Ағашты көркемдеп өңдеу
2 Ағаштан ортекелі домбыра жасау технологиясы.
2. 1 Қазақ музыка аспаптарының жасауға қажетті материалдар . . .
2. 2 Домбыра жасаудың технологиясы . . .
2. 3 Ағаштан ортекелі домбыра жасау тәсілі . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер . . .
Қосымшалар
Кіріспе
Елбасымыз Н. Назарбаевтың Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілей береміз.
«Казакстан-2050» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегияында» рухани бірлік пен ұрпақтар арасындағы сабақтастық, ұлттық сана-сезіммен жаңа казақстандык патриотизмді қалыптастыру мәселелерін өзектендіре отырып мемлекет Президенті Н. Ә. Назарбаев бұның бәрі жақын болашақта Мықты және Қуатты Қазақстан мемлекетін өркениетті жолмен құрудың қажетті шарты екеніне баса назар аударды. «Казакстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруда үлкен жауапкершілікті мемлелекет кұрушы ұлт ретінде казақ халқына жүктей отырып, Президент тек мәдени аяктай отырып қана (тіл, руханилық, салт-дәстүрлер) уақыттың сын қатерлеріне алып кайтара алатынымызға баса назар аударды. «Егер ұлт өзінің мәдени қордын жоғалтса, онда ол ұлттың өзі де жойылады». Тек тағылымды тарих, ата-баба даңкы ғана қазіргі уакыт қиындықтарын жеңуге мүмкіндік береді», - деген кұнды пікірі ата салтымызды сақтауға, туған жер мен ел алдындағы парызымызды ақтауға шакырады. Осыған байланысты көптеген ғалымдардың ұлттық идеологиялар ұзақ өмір сүреді және ұлттар сол үшін өзінің жеке «мені» үшін күреседі, онсыз ұлт туралы пікірдің болуы да, оның болашақтағы тарихи өмірі туралы да сөз козғаудың өзі мүмкін емес деген пікірлері орынды
Қазіргі кезеңде қоғамның даму бағыты бүкіл оқу-тәрбие жұмысының алдына жас жеткіншектердің тілін, ақыл-ойын, жалпы білім деңгейін, дүниетанымын дамыту мәселесін қойып отыр.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясында алға міндет етіп қойған ішкі және сыртқы саясатының аса маңызды 30 бағытының бірі - мәдени мұра бағдарлама аясындағы халықтық мәдени құндылықтар мен дәстүрін дамыту. Осы бағытты ескере отырып, көнере бастаған қолөнерді бүгінгі күнде өз кәдемізге жаратып, қолданудың маңызы зор. Қолөнер - ұрпақтан ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан халық мұрасы
Бүгінгі уақыт талабына сай мемлекетіміздегі 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына байланысты болып жатқан жаңа өзгерістер қоғам мен мемлекетіміздің алдына жаңадан туындап жатқан құндылықтарды ескере отырып, білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту мәселесін қояды. Нақтылы аса маңызды тұжырымдар мен құндылықтар ғана білім беру сапасын жаңа деңгейге алып шығатын қадамдар жасауға ықпал етеді.
Ғасырлар бойы қалыптасқан мұраның бүгінгі күнге жетуіне халық шеберлерінің қосқан үлесі айтарлықтай. Шеберлер қолынан шыққан көз тартарлық өнер туындыларының эстетикалық маңызы, тәрбиелік мәні зор.
Сонымен қатар ол ата-бабаларымыздың тұрмыс тіршілігінің табиғатпен байланысын, салт-дәстүрін көрсетеді. Қолөнер халықтың тұрмыс тіршілігімен тікелей сабақтас болғандықтан, қашан да адамға жақын әрі түсінікті.
Қолөнер туындылары жастарды әдемілікке, сұлулықты көре білуге тәрбиелейді және эстетикалық талғамын ортаға деген көзқарасын қалыптастырады, ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал жасайды.
Өзіміздің туған Республикамыздан табылып отырған ежелгі дүние өнерлі ғалымға көп жаңалык әкелді. Қола, темір дәуірлерінде осы аймақты мекендеген біздің ата-бабаларымыздың қолынан шықан өнер шығармалары өзінің бейнелігімен, айтар ойының тереңдігімен ғалымдар мен археологтардың назарын аударып отыр.
Осындай шығарманың бірі - қола дәуірінің шеберлері өмірге келтірген түрлі ою-өрнектер, әр түрлі бұйымдар, ожау, табақ, қасық сияқты олардың сыртқы беті өрнектен безендіріліп қажалып салынған. Сондықтан біз ерте дүние өнерін жай кездейсоқтықтан туған деп қарамай, оған көп көңіл бөліп, оны қастерлеуіміз қажет, тіпті солардан үйренуіміз керек. Өйткені, бұл - өнердің бастау - бұлағы, содан сусындап, содан нәр алып, қарыштадық емес пе?
Ою-өрнек - адам баласының ақыл-ойларының толып-толқуымен, жүрегінің үлпілінен, өзін айнала қоршаған ортадан туған бейнелер.
Гүлдің, жапырақтың, жан-жануардың бейнелері нақты сол шыны қалпында берілмей, көшірілмей, бейнелер арқылы ою-өрнекке айналып, қолдану аясына ерекше мәнермен, үндестікпен, әуенмен жеткен. Бұл халықтың білімінің, шеберлігінің өсіп, ою-өрнек өнеріне қосқан үлесі, тапқырлығы, даныпшандығы.
Ою-өрнекті зерттеген, қолдарынан сан-қилы өрнектің үлгі-түрлерін жасап көрермендерді паш етіп қуантқан зергер, ұста, шеберлерімізді, ән мен жырға қосқан әнші, ақындарымызды айтпаған күнде оларға талдау жасап тарихқа жазып, сызып кеткен қазақ колөнерінің, оюдың не екенін басқа елдерге жеткізген, көптеген шет елдердің саяхатшыларын, тарихшыларын, этнографтарын, археолог-ғалымдарын айтуға болады. Олардың ішінде В. В. Стасов, Г. Н. Потанин, П. С. Паласс, И. Георги, А. К. Гейнес, С. М. Дудин, В. Н. Чепелевті және т. б. қосып айтуға болады.
Қазақ елінің топырағынан таралып, суын ішіп жоғарғы дәрежелі білім алып, сол білімдерін басқа ел мамандарына таныта білген және қазақ қолөнерін жоғары бағалап, талдау жасап, оның ішіңде ою-өрнекті топтастырып бір жүйеге келтірген этнограф, тарихшы, әдебиетші, өнертанушы ғалымдарымыз да бар. Олар Ш. Уәлиханов, Ә. Марғұлан, Х. Арғынбаев, С. Қасиманов, М. Мұқанов, Ө. Жәнібеков, Т. К. Бөсенов, Е. Масанов, Б. Тұяқбаева, Б. Әлмұхамбетов, Б. Ибраев, К. Ибраева, Т. Жанысбеков, Ж. Шәйкенов, Ұ. М. Әбдіғаппарова және т. б. ғалымдар зерттеген.
Қазақ ғалымы Т. Бәсенов былай дейді: «Қазақ ою-өрнегін зерттеуде әр уақыттың, әр саланың ғалымдары көп еңбек етті. Бірақ бұл зерттеушілер халық ою-өрнегінің жұмбақ тілін жете түсіне, шынайы сырына үңіле алмады. Олар өз ойларын халқымыздың өнер кілтін ашатын тума тілде емес, буржуазиялық жат тілде, өзге халыққа деген астамшылық көзқараспен саралады. Өнерін зерттеп отырған халықтың тілі мен зерттеушінің ойы мен тілінің үндестік таппауы көптеген бұрмалаушылықтарға, тіпті елеулі ағаттықтарға әкеп соқтырды».
Аталмыш өнер кезеңіне академик Әлкей Марғұлан « Аңдабы мәнер » деп ат берген. Есік обасынан, Шығыс Қазақстаннан қазылып алынған «Алтын адам» киімі осы аңдабы мәнерінде жасалған өрнек. Міне, қазақ халқының ою-өрнек өнері осылайша түркі жосығымен, ол жосық ежелгі сақтар өнері зергерлік әшекейлермен тікелей сабақтасып отырады.
Қазақ халқының кемеңгер ғалымы Шоқан Уәлиханов «Тәңірі» атты еңбегінде біздің ата-бабаларымыздың әдеттен тыс табиғат құбылыстарын қасиетті санайтындығын айта келе: «Айдалада дара өскен ағаш . . . тәу етіп, басына түнеуге жарап жатыр. Жанынан өткен әрбір жолаушы оларға ырым етіп, әлем байлап, жанына ыдыс-аяқ тастап кетеді . . . басына құрбандық шалады», - деп жазса, түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы саналатын «Қорқыт Ата кітабында» да тікелей ағашқа бағышталған айшықты сөз бар. Бұл жалғаннан біз ағаштың қазақ тұрмыс-тіршілігіндегі қолданыс орнымен қатар, оның ата-баба таным, түсінігінен алар жүйесін де өте айқын байқай аламыз.
Келе-келе ұлттық қолөнердің дамуында сәулет ғимараттар, мүсін, ағаштардан жасалған қазақтың музыкалық ұлттық аспаптары, күнделікті қажет тұтынатын үй жиһаздары, ыдыс аяқтар өмірге келді. Енді адамдар сәулетті сарайлар, қалалар, ірі қорғаныс құрылыстарын салды, ғажайып ою-өрнектермен безендіре бастады.
Осы айтылған мәселелерді ескере отырып, біз зерттеу тақырыбын «Қазақ халқының ұлттық бесігін жасау технологиясы» деп алуымызға негіз болды.
Зерттеу мaқсaты: Ұлттық қолөнерге оқушылардың ынтасын арттырудың теориялық негіздеу, домбыра технологиясын дайындау.
Зерттеу нысaны: көркем еңбек сабақтарында оқушылардың ынтасын арттыру үдерісі.
Зерттеу пәні: домбыра жасау технологиясы.
Зерттеу міндеттері:
- Көркем еңбек сабақтарында ұлттық қолөнерге оқушылардың ынтасын арттырудың теориялық негізін зерттеу.
- Ортекелі домбыра технологиясын анықтау.
- Тоғызыншы сыныптағы «Жоба» бөлімінің сабақтарын ұйымдастыруды құрастыру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы:
1) Көркем еңбек сабақтарында оқушыларға ұлттық нақышта тәрбие берудің теориялық негізі қарастырылды.
2) Домбыра технологиясы анықталды.
3) Тоғызыншы сыныптағы «Жоба» бөлімінің сабақтарын ұйымдастырылуы нақтыланды.
Дипломдық жұмыс нормативтік сілтемелерден, анықтамалардан, белгілер мен қысқартулардан, кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
І тарау. Қазақ қолөнерінің шығу тарихы және оның дамуның негізгі теориясы
1. 1 Қазақ қолөнерінің даму тарихы
Қазақ қолөнерінің өзіндік көпғасырлық шежіресі бар. Халық шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдар ХІХ ғасырда Петропавлдың, Көкшетаудың, Төменгі Новгородтың және т. б. қалалардың көрмелерінің көркі болғаны анық. Бұйымдардың дайындалу тәсілі мен жасалу жолдары атадан балаға мирас болып қалып отырған. Керемет сырмақ, текемет, төсеніш, алаша, түскиіз, қабырғаға ілінер кілемдер және т. б. киізден жасалған бұйымдар көздің жауын алар қазақша ою- өрнектермен әсемделіп, жануарлар бейнелері, өсімдіктер суреттері, әртүрлі геометриялық сызулармен өрнектелген. Сонымен бірге ертоқымды күміспен, сүйекпен әсемдейтін, қамшы өретін, асыл бұйымдар жасайтын шеберлер де болған. Біртіндеп тұрғылықты өмір салтына көше бастағандық олардың өнерлеріне басқаша бағыт бере бастады.
Ағаш шеберлерінің өнері де өте жоғары бағаланды. Олардың қолынан шыққан бұйымдар сол замандағы омір салтына, тұрмыс-тіршілгіне байланысты болды. Сүйектен ойылып өрнектелген, асыл тастармен апталған заттар халық шеберлерінің мәртебесін көтерді.
Қасиетті қазақ халқының қолөнерінің тарихы тым тереңде. Ол кеңбайтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ тәрізді көне түркі тайпаларының мәдениетінен арқау алады. Жәнеде оған Оңтүстік- Сібір, Орта Азия мен Ресей халықтарының да мәдениеті өз әсерін тигізген. Осындай үнемі жаңғыру үстінде болған қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің даму биігіне көтерілген кезеңі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы[2] .
Археологиялық қазбалар мен жазба ескерткіштерге арқа сүйесек, Қазақстан аймағын мекендеген тайпалар жүздеген жылдар бойы металл, тас, сүйек, саз балшық, ағаш, жүн, тағы басқа да шикізаттарды шаруашылық кәсіптері мен күнделікті тұрмыс қажетіне жарап, қол өнердің өз ұлтына тән ерекше көркем түрлерін қалыптастырған. Қазақстан жеріндегі қолөнердің көне заманнан келе жатқанына нақты айғақтар: Павлодар өңіріндегі Досыбай жартасынан табылған бейнелер, Өскемендегі жазбалар мен Ұлытау жартасындағы суреттер, Кригельді өзені аңғарынан табылған керамикалық қазындылар. Қазақ халқының қолөнері ерте кезден ақ әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған. Геродот тіпті былай деп жазып қалдырған: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Жайдың металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан істелген. Бас киімдері мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған. Сондай- ақ, ат омырауындағы өмілдіріктер де мыстан соғылып, жүген сулығы, ауыздығы тағы да басқа бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріліп, безендірілген». Геродот пен бірге Ктесий, Страбон да қазақ топырағын мекендеген сақтар мен массағаттардың барлық заттардың әшекейленіп, киімдердің өзіне тән үлгісі барын айтады. Қазақ халқының қолөнері туралы Ресей ғалымдары да сүйсіне әңгімелейді. Мысалы М. А. Леваневский: «қазақтың қандай кәсіпке болмасын, табиғаттан қабілеттігіне сүйсінесің, қарапайым құралдармен тамаша ер қапталдарын жасап, алтын, күмістен әсем бұйымдар шығаратындығына таңданбасқа болмайды. Қазақтың тіккен аяқ киімдері өте берік, киюге ыңғайлы» - деп жазады. Ал енді қазақтың ұлттық қолөнерінің таңғажайып туындысы - киіз үй орта ғасыр саяхатшылары Марко Полоны (1230), Плано Карпиниді (1246), Клавихоны (1403), Барбораны (1436), қатты таң қалдырып, олардың тарихи жазбаларынан орын алғаны - біз үшін үлкен мақтаныш.
Қазір халықаралық деңгейде қолөнер көрмесі ұйымдастырылмағанымен, бұрын оған айрықша көңіл бөлетін- ді. 1969 жылы 91 жасында қайтыс болған Барлыбаева Рымжанның қолынан шыққан текеметтің кезінде Парижде ұйымдастырылған көрмеге қатысып, талайларды таң қалдырғаны қандай тамаша. Сондай - ақ, қазақтың киіз үйлері 1861 жылы Парижде өткен халықаралық көрмеге қатысып, 1876 жылы Петербургте ориенталистердің үшінші конгресінің Құрметіне ашылған көрмеге, 1890 жылы Қазанда өткен көрмеге қойылған. 1913 жылы Омбы шахарында Романовтар әулетінің 300 жылдық тойларындағы көрмеге Атбасардан Мейрам қажының киіз үйі қатысқан. Қоғамдағы болып жатқан бетбұрыстар, саяси көзқарастар аясында қазақ елінің тарихын шынайы тұрғыда танып-біліп, салт-дәстүріне рухани мұрасына қасиетпен қарау ерекше маңызға ие болып отыр. «Болашақ - өткен тарихты білуден басталады» дейді, Баласағұн бабамыз, ал әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби: «Халық өткен өмір тарихын білмесе, өзінің өмір сүріп жатқан дәуірінің қадірін бағалай алмайды» - деген екен. Олай болса, тарихқа, тарихи бастауларға, мәдени мұраларымызға қаншалықты терең үңілсек, қоғамдағы қазіргі жағдайды соғұрлым жақсы түсінетін, білетін боламыз. Сондай қажеттіліктің бірі - халықтың қолөнері. «Өнерден қуат алмаса, тіршіліктің шырағы өшеді» деп, М. Әуезов айтқанындай, өсіп келе жатқан ұрпағымызға өз халқының өнерін бойына сіңіріп өсу - педагогтердің қазіргі кездегі кезек күттірмейтін мәселесі. Еліміздің белгілі ойшылдары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, М. Жұмабаевтар жастар тәрбиесіне еліміздің рухани негізіндегі байлығын, халық мұраларын, салт-дәстүрлерін жиі пайдалану қажеттілігіне көп көңіл бөлген. Мектеп қай халықтың болсын ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін қызмет етеді. Өйткені ол сол халықтың төл мәдениеті, тілі мен салт-дәстүрін сақтап, одан әрі дамытудың алтын көпірі. Қазақстан мектептері де ұлттық асылдарымыз бен қазыналарымызды сақтап, дамытудың кепілі. Қай заманда да ұлттық өрлеудің, халықтық қалыптасудың ең негізгісі, бірінші шарты - білім. Ал шынайы білім беру - ұлттық сананы қалыптастыру мен дамытудың басты құралы[3] . Н. Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік «Білім» бағдарламасында: «балалармен мен жастарды тәрбиелеудің ең көкейкесті мәселелері ретінде, білім мекемелерінде оқушылардың этностық-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу, білім берудің тиімді жүйесін жасап, өмірге ендіру» қажеттігі атап көрсетілген. «Қазақтар - тек ою-өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты» деп, академик Әлкей Марғұлан айтқандай, халық мұрасындағы ұлттық өрнектердің үйлесімді реңдерінде ата-бабаларымыздың тұрмыс-салт дәстүрі бейнеленгені шындық. Халықтың тарихын, шежіресін, географиясын, мінезін, ерлігін дәл бейнелейтін ою-өрнек құдіретті өнер. Бұл өнер халықтың болмысымен бірге туып, бірге қайнасып келеді. Қазақтың ұлттық қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Қазақстан жерінде бұрын-соңды жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған[4] . Түркілер ою-өрнекті айрықша қастерлеген халық. Қолөнер халықтың ұлттық мұрасы. Қолөнер қашанда заман, өмір ағымымен бірге туындап, дамып, мәдениеттердің үлгілері дәлел бола алады. Кең байтақ Қазақстан Республикасы жерінде ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері ғана емес, сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Кеңес өкіметіне дейінгі қазақ халқының қолөнерінің дамуын этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін маңызы өте зор. Өйткені, қазақ халқының қолөнері - жалпы алғанда халық мәдениетінің ішіндегі негізгі саласы. Мыңдаған жылдар бойы еңбектенген жүздеген жүйрік ойшылдардың тырысқандығына қарамастан, әлемде өте терең сырлар мен соншалықты асқақ ойлар жатыр. Қазіргі қыл қалам иелері, суретшілеріміз байырғы қазақтың ою-өрнек өнерінің үлгілерін жетік білмесе, ұлттық шынайы өнер туындысын тудыра алмайды. Өнердің барлық саласы адамға этно-мәдени қызмет атқарады. Сонау, жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда өз ойын тасқа, сүйекке, ағашқа ойып-қашап түсіріп отырған. Қазіргі қолөнер саласындағы «ағаш ою-өрнегі» деген сөз сол ерте заманда қалыптасқан ұғым. Демек, бұдан да қазақ халқының ою-өрнек өнері де осы тұста басталғанын білеміз. Ғасырлар бойы екшелеп, көркемдік сапасы артып, күні бүгінге дейін жеткен қолөнер қазіргі заманмен ұштасуда. Халық шеберлері жеке адамның ғана мұқтажын өтеп қойған жоқ, ұлттық өнерді дамытуға ерекше үлес қосты. Қазақтың ертедегі бізге беймәлім шеберлерін былай қойғанда, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қолөнер дәстүрін жалғастырушылар: Жүсіп, Махамбет, Әбдіғалі, Шаяхмет, Сейтен, Аяған сияқты халық шеберлерін атауға болады. Қолөнерді өрбітуге елеулі үлес қосқан шеберлер Мырзахмет Елікбаев, Хамза Жанбосынов, Садық Ыбыраев, Ғани Ілиясов, Омар Нұржобаевтардың есімдерін ерекше атай аламыз. Құрбан Аманжолов ақсақал зергерлік өнердегі кәсіби шеберлігімен таңғалдырса, Сәлима Әзірбаева тоқу өнерімен есімін республикаға паш етті. Әбдіқас Тәжімаратовтың «Шебердің қолы ортақ» атты еңбегінде халық шеберлері өнерімен толығырақ танысуға болады. Халық шеберлерінің мектебін жалғастырушы Д. Шоқпарұлы туындыларын ұқсатып жасаумен қатар әрі этнограф зерттеуші ретінде оқырмандарын халықтың қолданбалы өнер түрлерімен сусындатып келеді. Сондай-ақ, В. В. Радлов «Түрік көшпенділері» атты еңбегінде қолөнер кәсіпшіліктеріне бірінші кезекте қазақтардың ағаштан жасаған заттарын айту керек болады. Әлбетте қазақтар өздері тұтынатын бұйымдарды әзірлеумен шектелмейді. Олар ағаштан киіз үйдің керегесін, уық, шаңырақ, есік, сандық, ас үйдің саймандарын: ожау, құмыра, шелек жасайды, сондай-ақ піспек пен ер-тоқым жасауды айта кеткен жөн. Қажет болған жағдайда әрбір қазақ осы бұйымдардың кез келгенін жасай алады, алайда осы заттардың бәрін мейлінше шеберлікпен жасайтын әрбір рудың өз ағаш ұстасы бар. Бұйымдардың көп бөлігі қолдан ойылады, ал оюлар мен құмыралар қарапайым токарлық станокта жасалады. «Өнер түрлі елде мол, өнім сыры жерде мол» дегендей өнер түрлері халықпен жасай береді қазіргі кезде де бай мұраларына жаңаша сипат беріп, оларды жасаудың технологиялық әдістерін ел арасында таратып жүрген шеберлер бар. Солардың бірі-70 жастағы М. Әшірбайқызы. Ол жүннен жасалатын үй жиһаздарын жасауды жастар арасында насихаттап келеді. Сондай-ақ «Кестелі орамал» (1998 жыл), « Әлем әжелер көзімен» (2002 ж. ) деген жарыстардың бірнеше лауреаты болып, дипломдармен марапатталған. Қазақ елі шебер, ісмер адамдарға бай екендігін ешкім жоққа шығара алмайды[6] . Бауыржан Момышұлының мына ойы еске түседі. «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқам. Үшінші, дәмді, дәстүрді силамайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әже, әке жоқ» деп зиялы азамат кезінде мұңайған екен. Баланы қолөнерге баулу және оны қызықтыру үшін ең алдымен оған үлгі алатындай жағдай туғызып, қазақ қолөнерінің әсемдік құпиясын ашып көрсету қажет. Қазақтың ұлттық өнердегі эстетикалық талғамды дұрыс өз мәнінде түсіндірудің маңызы зор. Революцияға дейінгі қазақ халқының өмір жолы көшпелілік, жартылай көшпелілік және отырықшылық жағдайда өтті. Осыған орай, олардың күнделікті тұрмыста пайдаланған ағаштан жасалатын үй іші жиһаздары мен ыдыс-аяқтары да көш-қонға немесе отырықшылыққа бейімделіп жасалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz