Міржақып Дулатовтың қазақ журналистикасындағы орны мен публицистикалық еңбектері


Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Тәуелсіздікке жетіп бар-жоғымызды түгендеп, өткен тарихымызды сарапқа салар кез де келіп жетті. Осыған дейін қазақ зиялыларының, соның ішінде М. Дулатовтың еңбектері негізінен тіл, әдебиет және тарих ғылымдары тарапынан зерттеліп келді. Диплом жұмысында Ахмет Байтұрсыновтың қазақ ұлты болашағы үшін жазған публицистикалық шығармалары талданады.
Міржақыптың өмірі мен көркем әдеби туындылары алғашқы рет әдебиет саласында 1989 жылдан бастап зерттеліне бастады. Алғаш зерттеу жұмыстары газет пен журналдардың беттерінде басылды. М. Әбсеметов, А. Сармурзин, Н. Канафин, Р. Нұрғалиев, Т. Кәкішев, С. Қирабаев, Ә. Тәжібаев, А. Мектепов және т. б. ақынның шығармашылық еңбектеріне талдау жасады. М. Дулатов еңбектерінің жеке кітап болып басылуына, Міржақыптың қызы Гүлнар Дулатовамен бірлесе отырып жұмыс істеген М. Әбсеметовтың қосқан еңбегі зор.
М. Қойгелдиев, К. Нұрпейісов, Х. Асқарүлы және т. б. тарихшылардың, С. Зиманов, К. Жиреншин, Г. Сапарғалиев, М. Құл-Мұхаммед және т. б. заңгерлердің еңбектері алаштықтардың, оның ішінде М. Дулатовтың қоғамдық-саяси қызметтері туралы мәлімет береді. Әсіресе М. Қойгелдиевтің "Алаш қозғалысы" еңбегі мен К. Нұрпейісовтің "Алаш һәм Алаш Орда" еңбегінің ғасыр басындағы қазақ зиялыларының отарлық езгі мен ортағасырлық мешеулікке қарсы күресін, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов бастаған саяси қайраткерлердің тәуелсіз мемлекет - Алаш автономиясын құру жолындағы қызметтеріне тың деректер негізінде баяндайды. Философия саласында О. А. Сегізбаевтың "Казахская философия XV - начала XX века" еңбегінде М. Дулатовтың дүниетанымдық мәселелері қаралады. А. Х. Қасымжановтың "Ұлы даланың зиялылары" еңбегінде Міржақыптың қоғамдық ойларына баға беріледі. Д. К. Кішібеков, Ү. Сыдықов, Ж. А. Алтаев, А. К. Қасабеков, Т. Айтқазин, А. М. Тайжанов, Қ. А. Бейсембиев, Қ. Б. Мұхамедханов еңбектерінде ғасыр басындағы зиялыларды ойшыл ретінде қарастырады. Сондай-ақ М. С. Орынбеков, Ғ. С. Есімов, С. Н. Ақатай, Т. Х. Ғабитов т. б. ғалымдардың қазақ философиясы мен мәдениетінің дамуы мен ерекшеліктері жағдайлары жайындағы еңбектері ғасыр басындағы қазақ халқының ұлттық ойлауын қарастырады.
Диплом жұмысында Міржақып Дулатовтың халық үшін өзегін жарып шыққан публицистикалық мақалалары талданады. Елдің жүрегіне терең бойлаған Міржақып Дулатов әдебиеттің дамуына үлес қосқан, қаламгер және қоғамдық-әлеуметтік іске белсене араласқан қайраткер ретінде кеңінен мәліметтер сараланды.
Тақырыптың өзектілігі.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев 1997 жылды саяси қуғынға ұшырағандарды еске алу жылы деп жариялауында үлкен саяси мән жатыр [2] . Сол кезде өмір сүріп, өзінің саяси-қоғамдық көзқарастарын әлеуметтік, философиялық тұрғыдан қарастырған, ізденістерін жан-жақты көрсете білген зиялылардың бірі - Міржақып Дулатов. Оның шығармашылық және қоғамдық өмірі, ғылыми ағартушылық қызметі қазақ халқының өмірінде үш бірдей төңкерісті бастан кешіп, сұрапыл қайшылықтар кезеңіне тура келді. Ғасыр басындағы қазақ зиялылары сияқты М. Дулатов та сол уақыттағы орын алған тарихи - әлеуметтік, саяси-мәдени ахуалды терең пайымдады. Бұл ахуалды тек пайымдап қана қоймай замана ағымына ұлттық тиімділік тұрғысынан ықпал етуге талпынды.
Қазан төңкерісінен кейін халқының мұң-мұқтажы мен мүддесін көксеген зиялылардың бірі болып, жазықсыз қуғындау мен айыптауларға ұшырады. Міржақып Дулатов халқының дүниетанымы мен рухани мәдениетін терең танып, халқын бар болмысымен сүйе білді.
Міржақыптың шығармашылық еңбектерінен аталмыш уақыттағы қоғамымыздың саяси-экономикалық, қоғамдық әлеуметтік хал-ахуалы мен халқымыздың сана-сезім талғамын, дүниеге көзқарасы мен ой-өрісі, болмыс бітімі байқалады. Міржақып Дулатов шығармаларында көрініс табатын философиялық ой-толғамдары, саяси-әлеуметтік көзқарастары, дүниетанымдық пайымдаулары қазіргі таңда адамзат үшін берері мол, үйретері көп мұра. Өйткені, өткен ғасыр басында да қазақ қоғамы жолайрықта тұрды.
Жазушының романдары, әңгімелері қазақ әдебиетіндегі мәні мен орнын зерттеу әлі де қажет. Осы ретте, диплом жұмысында қаламгердің публицистикасын өзекті, зерттеу болар нысан етіп алуымызға бірнеше себептер бар деп таптық:
1) М. Дулатовтың публицистикасының тақырыптары ерте кездегі халық тағдырының қиын сәттерін бейнелейді. Оны қаламгер өз шығармаларына арқау етті.
2) Журналист туындыларының құрылымдық, мазмұндық сипаты, тіл қолданысы бүгінгі қалам ұстағандар үшін қажетті және үйренер мектеп болары анық.
3) Қаламгер ұлт құндылықтарының маңызды тұстарына зер салады. Бүгінгі қоғам тұрғысынан сол ойлардың қазіргі кезеңмен сабақтастығын ашудың да мәні бар.
4) Журналистік мәдениет, журналист беделі үшін қаламгердің қандай сипаттары болғаны дұрыс, ол шығармашылығында қалай көрініс табады деген сұрақтарға жауап таба білу үшін де Мұхтар Әуезов публицистикасына қайта зер салған жөн.
5) Қоғамға қажет тақырыптар қандай, олардың идеялық мәні қалай ашылуы тиіс? Жауапты қаламгер публицистикасынан аламыз.
Еліміздің қоғамдық ойы мен рухани мәдениетінің дамуы үшін, тарих бетінен аластатылған зиялылардың дүниетанымдық көзқарастары мен ойларының бетін ашу - бүгінгі қоғам үшін өзекті мәселе екендігі күмән туғызбайды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Біз Міржақыптың шығармашылық еңбектерінен айтылмыш уақыттағы қоғамымыздың саяси-экономикалық, қоғамдық әлеуметтік хал-ахуалы мен халқымыздың сана-сезім талғамын, дүниеге көзқарасы мен ой-өрісі, болмыс бітімін көреміз. Сонымен бірге оның еңбектерінде көрсетілген мәселелер бүгінгі біздің қоғамымыздың соны мәселелерге сай келіп, қазіргі біздің уақытымызбен үндесіп жатыр. Міржақып Дулатов публицистикасы, саяси-әлеуметтік көзқарастары, дүниетанымдық пайымдаулары қазіргі таңда адам үшін берері мол, үйретері көп мұра, өйткені өткен ғасыр басында да қазақ қоғамы жолайрықта тұрды. Бұл - ғасырлар қойнауынан орын алған дәстүр жалғастығы мен өзгерістерді талап еткен дәуір қажеттілігінің тарих толқынында қабаттаса келген кезі еді.
Еліміздің қоғамдық ойы мен рухани мәдениетінің дамуы үшін, тарих бетінен аластатылған зиялылардың дүниетанымдық көзқарастары мен ойларының бетін ашу - бүгінгі қоғам үшін өзекті мәселе екендігі күмән туғызбайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты Міржақып Дулатовтың әлеуметтік дүниетанымының қалыптасуы мен дамуын, оған ықпал еткен тарихи, саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени жағдайларын, публицистикасын зерттек. Оның шығармашылық өмірі мен туындыларының ішкі мәнін жан-жақты қарастыру.
XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының, соның ішінде, М. Дулатовтың арман-мақсаты ғасырлар бойы аяққа басылып, жаншылып келген ұлттық сезім мен сананы ояту болды.
Біз өз зерттеулерімізде аталған мәселелердің М. Дулатов еңбектерінде қалай қарастырылғандығын, қандай шешімін тапқанын анықтауды мақсат еттік.
Осы мақсаттарды іске асыру барысында төменде көрсетілгендей басты міндеттер туындайды:
- М. Дулатовтың дара тұлға, қоғам қайраткері ретінде қалыптасуының рухани дүниетанымдық бастауларына талдау жасау;
- XIX ғасырдың соңы XX ғасыр басындағы саяси-әлеуметгік қайта құрулар мен өзгерістердің қазақ қоғамына ықпал ету деңгейін, трансформациялық процесстердің ұлттық болмыс пен санаға әсерін, олардың М. Дулатов шығармаларындағы көрінісін айқындау;
- М. Дулатовтың ғылыми публицистикалық және әдеби шығармаларына, ойшыл ақын-жазушының қоғамдық-саяси маңызын анықтау;
- М. Дулатовтың өзіндік қолтаңбасын, алатын орнын, ойшыл шығармашылығының мәндік-мазмұндық құндылығын айқындау;
Зерттеудің нысаны. Міржақып Дулатовтың қазақ журналистикасындағы орны мен публицистикалық еңбектері.
Зерттеудің тірек-көздері.
М. Дулатұлының бес томдық жинағының I, II томдарын пайдаландық. Дерек көздері ретінде осы томдағы «Түсініктер» бөліміндегі материалдарды, автор жайлы естеліктерды пайдалана отырып, тұлғаның қоғамдық-саяси, тарихи және әдеби қызметінде талдау жасадық. Сондай-ақ, филология ғылымдарының докторы, профессор Ж. Ысмағұловтың «Міржақып Дулатұлы» мақаласын, (V томдық жинақ), Т. Кәкішевтің, С. Қирабаевтың, Қ. Атабаевтың, З. Қабдоловтың, М. Жолдасбековтың, Қ. Исабаевтың, Д. Қамзабекұлының және т. б ғалымдардың еңбектері негізге алынды.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері.
Еңбекте зерттеу әдістері мен тәсілдерін белгілеу жұмыстың
межелеген мақсаты мен міндеттеріне сай алынды. Жұмыс
барысында тарихи хронологиялық, жүйелеу, жинақтау, талдау әдістері қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. ХХ-ғасыр бaсындағы баcпасөздегі қоғам, cаяcи қайраткер, ұлт ұстазының ойлары ұлттың cаяcи, әкімшілік тәуелсіздігі жолындағы көзқарастарын көрсететіндігі де диплом жұмысының жаңалығы болады. Диплом жұмысының тaқырыбы болып отырған Міржaқып Дулатовтың публицистикасын зерттеудің бірнеше ғылыми жаңалығын анықтаймыз:
1) Міржақып Дулатов публицистикасы тақырыптық-идеялық жағынан сараланды.
2) Қаламгер шығармашылығындағы мақалалардың қазақ рухани әлеміндегі орны талданды.
3) Публицистикасының көркемдік сипаттары анықталды, негізгі тілдік ерекшеліктері белгіленді.
Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы.
Зерттеудің нәтижесінде алынған материалдарды болашақта тарихи шығармаларды зерттеу туралы еңбектерде, ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиеті курсына, орта мектеп, жоғары оқу орындары үшін, жазылар оқу құралдарына дереккөзі ретінде пайдалануға болады. М. Дулатовтың публицистикалық еңбектеріне арналған қосымша құрал материалы ретінде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар :
Зерттеу жұмысының құрылымы
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 XX ғасыр басындағы ұлттық саясат және М. Дулатов публицистикасы
- М. Дулатовтың қоғамдық қызметі, қайраткерлігі
Қазақ қоғамының дамуына ат салысып, қазақ халқының ой-пікірінің дамуына зор ықпал еткен зиялылардың бірі - Міржақып Дулатов. Міржақып Дулатовтың қоғамдық-саяси көзқарасын, дүниетанымын аяғына дейін нақты түсініп білу қиын. Себебі, оның арнайы жазған философиялық шығармалары (трактаттары) жоқ. Оның философиялық ой-пікірлерін көркем әдеби прозалары мен поэзиясынан, публицистикасы мен ғылыми-зерттеу мақалаларынан танимыз. Оның шығармашылығының жемісі, ондағы көтерген мәселелері, қоғамдық әрекеті тұнып тұрған философия мәселелері десек қателеспеген болар едік. Халқын жаппай ағартушылыққа шақыра отырып, жас ұрпақты тәрбиелеу арқылы адамгершілік пен жақсы мінез құлықты қалыптастыру қажет деп санады. Оның әртүрлі жанрда жазған еңбектерін талқылау үстінде оның шығармашылық өнерінің қай саласында болмасын жемісті еңбек еткенін көреміз. Оның бар мұрат-мақсаты қазақ қоғамын көркейту, ұлттық сананы ояту, халқын өркениетті елдер қатарына қосу болған. Ойшылдың әлеуметтік көзқарасының ағартушылық жүйесін анықтай отырып, оның адамгершілік-этикалық ой-толғамдарына соқпай кете алмаймыз. Себебі, Міржақып шығармаларының басты пәні - әлеуметтік өмір, адам болмысының мән-мақсаты, қоғамдық прогресстің алғышарттары мен даму бағдарларын талқылап, айқындау. Азамат ақын қазақ қоғамының өсіп-өркендеу көзін қоғамда меңдеген әлеуметтік келеңсіздікті жоюдан, сөйтіп жаңа рухтағы, адамгершілігі биік, мінез-құлығы дұрыс бағытта қалыптасқан адамды тәрбиелеуден іздейді.
Міржақып шығармаларындағы этикалық көзқарастарының мәні мен өзегі - адамгершілік мәселесі. Абайды, жоғарыда атап көрсеткеніміздей, өзінің ең үлкен негізгі ұстазы санаған Міржақыптың шығармалары, алып поэзияларындағы "Адам бол!" этикалық үндеуінің жалғасы іспеттес. Адам өзінің адамгершілігімен асыл, қазақ даласынан шыққан қайсыбір ойшылы болмасын адамға қоятын негізгі талабы адам болу проблемасы. Қоғамның дамуының басты құралы материалдық өндіріс болса, рухани арқауы - адамгершілік. Ғасыр басындағы қазақ зиялыларының шығармашылығындағы адам мен адамгершілік мәселелері кеңінен өріс алады. Бұл заңды құбылыс. Өйткені, әлеуметтік дағдарыстар, тарих толқынындағы ауыртпалығы мол күйзелістер қоғам мен жеке адам алдына мәңгілік шешілмейтін, жұмбақ сырға толы мәселелерді жаңа қырынан қойып, оларға жауап іздеттірді. Адам мен қоғамды дамудың жаңа белесіне алып шығатын да осы ізденіс. Бұл процесс болмыстың рухани субстанцияларына, терең тамырларына үңілуге көптеген құбылыстарға жаңаша тұрғыдан қарауға жетелейді.
Демек, Міржақып шығармаларында этикалық категорияларға ден қоюы кездейсоқтық болмаса керек. Оның негізгі мақсаты -тәуелсіздік болса, халқын азаттық туының астына жинау үшін рухани дүниесін жетілдіріп, сана-сезімін өсіру қажет болды. Қараңғы қазақ халқын ескі дүниенің бұғауынан босатып, жаңа заманның даңғыл жолына жетелейтін білімді, адамгершілігі биік қазақ қоғамының мүддесін қорғайтын азаматтар қажет деп тапты. Сондықтан оның өлеңдерінде жастарға білім беріп, дұрыс ойлауға үйрететін, нағыз азамат болуға шақыратын желі айқын байқалады. Міржақыптың пайымдауынша, қоғам дамуының басты құралы білім, ғылым, өнерде жатыр. Білімді бойына жинақтау арқылы адам қоршаған ортаны таниды, яғни білімді адамның жан-жағы жарық. Бүгінгі дәулетті адам ертең кедей болуы ғажап емес, ал білім мен ғылым көзін ашсаң таусылмас бұлақ. Наданның күні - түн, қараңғы түнге жарық беретін білім, ғылым, өнер деп түсіндіреді. Білім мен ғылымның мәнін өзінше аша отырып, уағыздайды. Дегенмен, Міржақып адам бойындағы асыл қасиет адамгершілікті бірінші орынға қояды. Оның ойынша адам білімді бойға жинақтай отырып, оның ішкі рухани дүниесімен тығыз байланысты болады, яғни ол адамның білімі мен адамгершілігін ұштастырады. Міржақып адам өз білімін адамзаттың, халқының мүддесіне жұмсау керек екендігіне басты назар аударады. Бұл жерде оның ой-пікірі Абайдың ойымен астарлас. Білім шен алып, шекпен жамылудың құралы емес, ол ақыл-ойдың толысуының, парасаттың кемелденуінің негізі. Аталмыш заманда ақын өлендерінің мақсаты - халқының сана-сезімін оятып, еңсесін көтеру. Әрбір білімді азамат, білімін өз басының пайдасына емес, халық пайдасына жұмсау қажет, қоғамның дамуы жолында құрал ету, оның "Таза бұлақ" өлеңінде (роман) жапан далада ағып жатқан бұлақ басындағы тақтайшада "Болсаң бол, ей, жолаушы бұл бұлақтай"! деген жазудың мәнін саудагер мен ғалым жас жігіт өздерінше талдайды.
Саудагер: "Алысқа бармақшы ол тынбай ағып,
Қосылмас өзге бұлақ бұған неғып?"
Зорайып ақырында өзен болып,
Суынан пайдаланар тамам халық.
Менімше, мұнан мұрат мағына сол,
Кәсіп қыл, жалқауланбай талапты бол.
Бұлақтай мақсұтыңа сенде жетіп,
Басыңа тигізерсің пайданы мол.
Ғалым: "Бұл сөзден ғибрат мол адамзатқа,
Тегін қыл жақсылықты пұлға сатпа.
Бұлақтай кез келгенге даяр болып,
Міндетсіз білімінді тарат халыққа".
Жас жігіт: "Жұрт құмар бұлақ таза болғандықтан,
Жазудан мағынам сол менің ұққан.
Көңіліңді бойың менен таза ұста,
Пәктікпен артыларсың сонда жұрттан.
Ақ пейіл таза жүрек жүзі жарқын,
Секілді мөлдір бұлақ суы салқын".
(15. 85) Ақынның бұл пайымдауынан оның адамның ішкі рухани сарайына үлкен мән беретінін көріп отырмыз. Адам қандай бір жетістікке жетпесін, қандай бір кәсіп иесі болмасын, ең бастысы адам бойындағы шынайы адамгершілікті жоғары қояды. Оның бұл ойы В. Г. Белинскийдің: "Ғалым болу, ақын болу, жауынгер болу, заң шығарушы болу - жақсы нәрсе, бірақ сонымен қатар "адам" да болмаса сенің құның шамалы, "адам" болу, сенің арың таза, басқа дәрежеден құр алақан болсаң да, ұялмай қиналмай жалғыз адамшылығыңмен - ақ өмір сүре беруге болады", - деген сөзіне сай келеді. (6. 156 ) .
Міржақып адамның жүрегінің таза болып, адамгершілікті жоғары қоюы тегіннен тегін емес еді. Өйткені бұл кезде қазақ даласында Ар философиясының негізін қалаған Шәкәрімнің беделі зор еді. Шәкәрім өз еңбегінде барлық философиялық бағыттарды талдай отырып, анықтың - анығы ар-ұждан, адамгершілік деген тұжырымға келеді. Оның бұл идеясы көзі ашық, санасы ояу әрбір қазақ азаматының көкірегіне қонған еді.
Алдыңғы тарауда жазып өткеніміздей, қазақ қоғамы, экономикалық, саяси-әлеуметтік дамуы дағдарысқа ұшырап, рухани құлдырау шекарасында тұрған еді. Елде әлеуметтік сипат алған жеке басының қамын ғана ойлайтын - индивидуализм, баққұмарлық, рушылдық, дауқұмарлық, парақорлық т. б. толып жатқан келеңсіздіктер кеңінен өріс алып қоғам дамуын баяулағанның үстіне баяулата түсті. Өз шығармаларында осы әлеуметтік келеңсіздіктерді нақтылай отырып, жас ұрпақты тәрбиелеу арқылы, олардың бойына адамгершілік нәрін себуге ұмтылады. Ол өзі ұзақ емес санаулы өмірін елінің өсіп-өркендеуіне, халқының көзін ашуға арнады. Сондықтан да адамды адамшылық жағынан толыстырып, ой пікірін дұрыс бағытта дамытуға, бар білімі мен мұратын өз халқына қажымай қызмет етуге шақырады. Ойшыл қазақ қоғамының өркениетке жетуіне адамдардың білімді, еңбекқор болуымен қатар адамгершілігін жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады деген пікірге тіреледі. Міржақып өз өмірінің мәні етіп, халқына қызмет ету деп қояды. Ол бар білімін күш-жігерін сол жолда сарп етіп, өмірін арнады. Д. Досжановтың "Абақты" архив деректері баяндалған кітаптарында МДулатовтың ОГПУ-ға берген жауаптары осыған нақты айғақ бола алады. /(27. 151) . Оған оның қоғамдық қызметтері мен шығармалары дәлел. Аталмыш кезеңде халқының мүддесін қорғау мұрат-мақсатының соңында өмірін арнаған қайраткерлердің шығу тарихы қажеттілік те еді. Белгілі бір мүддені қорғау мен уағыздау үшін, алдымен адамның өзі оны тануы қажет. (35. 260 ) . Адамның өмірінің мәні халқына қызмет ету, яғни өз басының күйін күйттеген емес, халық мүддесін қорғаған адамның өмірі мәнді. Өз қара басының күйін хайуан да күйттейді. Қайта өркендеу дәуірінің атақты ойшылдарының бірі - Пико делла Мирандолла "Жер бетінде адамнан ұлы жан жоқ, ал адам бойында ақыл мен жаннан ұлы құдірет жоқ. ", -деп жазады(36. 40) . Адам өмірінің мәні -руханилық пен адамгершілік тұғырын биік ұстау. Ерік-жігер, ар-намыстың сағын сындырмау. Міне, осы тұрғыда ойшыл биік қойған адамгершіліктің қоғам өмірінде алар орны зор болса керек.
Міржақып бүкіл шығармасы мен дүниетанымының өн бойында жарыса жүріп отыратын, адамның ішкі, сыртқы мәдениетінен хабар беріп отыратын мінез-құлық, Ол қоғам өмірінде әлеуметтік кеселді өрістетіп, отырған келеңсіздікті мінез-қүлықтың қалыптасуынан іздейді. Адамшылықтың көрінісі, адамға лайық мінез-құлық керек деп түсінеді. Ол мінез-құлықты адам өмірінде елеулі роль атқаратын, қоғамдық мәні бар күрделі проблема етіп көтереді. Мінез белгілі адамдарда сан алуан болады. Ол өмір құбылыстарына жасайтын қатынастарына қарай ерекшеленеді. Бір адамға сипаттама берерде әдетте оның мінезіне, адамгершілігіне қарай баға беріледі. Мінез деген адамдардың іс-әрекетінен көрінетін негізгі психикалық қасиеттер жиынтығын айтамыз. Адамдардың қатынасын білдіретін жолдастық, адамгершілік, сияқты мінез белгілері болса, оның еңбекке қатынасын білдіретін еңбексүйгіштік, тиянақтылық, ұқыптылық, инициативашылдық сияқты мінез қасиеттері болады. Мінез белгілері адамның өзіне деген қатынастарынан да көрінеді. Олар кішіпейілдік, өзін-өзі бағалай білушілік, сын көзбен қараушылық т. б. Бұдан басқа мінез адамдардың ерік, жігер күшіне ерлік, батылдылық, тәртіптілік, шыдамдылық сияқты мінез қасиеттері болады. Әрине мінез жақсы қасиеттерден ғана тұрмайды, адамдар да менменшілдік, парашылдық, өзімшілдік, өркөкіректік, еріншектік, қорқақтық, жасықтық, мақтаншақтық сияқты жаман мінездер де болады. Мұның бәрі тұтас алғанда этика нормаларымен тығыз байланысып жатады. Адамдардың ісі мен сөзінің арасындағы алшақтық жаман мінездердің бір көрінісі.
Міржақып адам мінез-құлқының қалыптасуын, тәрбиенің жемісі деп біледі. Оны адамның күнделікгі тұрмысында, әлеуметтік ортасының қатынасында қалыптасқан құбылыс деп есептейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz