Жаратылыстану менің өмірімде



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Батыс Қазақстан облысы
Шыңғырлау ауданы
Ащысай орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы

Ғылыми жоба
Тақырыбы:
Жаратылыстану - бала өмірінің маңызы

Дайындаған: география пәні мұғалімі Амангереева Айдана Қаражанқызы

2019 жыл

Жоспар

I. Кіріспе:

Жаратылыстану пәні - зерттеуге негізделген пән ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

II. Негізгі бөлім:

2.1. Жаңартылған білім беру жағдайындағы жаратылыстану

пәнін оқыту ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.2. Жаратылыстану ғылымы пәндерін одан әрі меңгеруге мүмкіндік

беретін білім, білік дағдыларын жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.3. Жаратылыстану менің өмірімде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.4. Жаратылыстану пәнінің бастауыш сыныпта оқытылуы

2.5. Жаратылыстану пәнінің орта буында оқытылуы

III.Қорытынды:

Пәнде жеткен жетістіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

IV.Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет өзегі - білім, ғылым. Осы орайда білім ордасының жаны -ұстаз екендігі баршамызға мәлім. Білім беру жүйесіндегі негізгі талап-сабақта білім берудің жаңа технология әдістерін қолдана отырып, оқушыларды өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей алатын деңгейге жеткізу.
Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Жолдауында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс, - деп білім беру жүйесіне жаңа міндеттер қойған болатын.
Еліміздің бүгінгі мен ертеңгі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары өз бетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы-оқушыны шығармашылыққа жетелеу. Бұл мұғалімнен терең біліктілікті қажет етеді. Себебі, шығармашыл ұстаз ғана шығармашыл тұлғаны қалыптастыра алады. Бүгінгі қазақстандық мектептерге қоғамның қарқынды дамуына ілесе алатын, заман талабына сай ойлайтын, ғылыми-әдістемелік білімі жеткілікті , педагогика мен психологияны терең меңгерген ізденімпаз мұғалім қажет. Бұл мұғалімнің кәсіби шеберлігінен көрінеді. Басқаша айтқанда, білім беру үдерісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына , өзіндік білім алуына және өздігінен шығармашылық түрде қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Мұғалім бүгінгі оқушы- ертеңгі қоғамның , елдің тірегін өмірге дайындаушы. Мұғалім мамандығының құндылығы да осында деп түсінгеніміз дұрыс.
Қазір бой жасыратын емес, ой жарыстыратын заман. Білім сапасы, жас жеткіншектердің ғылымға ден қойғаны ең бірінші ұстаздардың біліктілігіне тікелей байланысты. Қазіргі заманғы ғылымның көптеген бағыттары бар. Өмірін ғылымға арнаған ғалымдар теориялық та, практикалық та тұрғыда зерттеулер жасай алады. Олар барлық қолда бар құжаттарын зерттейді немесе әртүрлі тәжірибелік бақылаулар жүргізеді.
Жаңартылған бағдарламаның мәні - баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі Өмірмен байланыс ұғымына құрылған. Бұл жаңа жүйе бойынша бағдарлама әзірленіп, жаңа оқулықтар қолданысқа түсіп отыр.
1

Мектепте зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыратын және өмір сүретін әлем туралы жаңа Жаратылыстану пәні енгізілді.
Жаратылыстану пәні мектепке бірнеше себептерге байланысты енгізіліп отыр. Атап айтқанда:
пән мазмұнындағы деректер мен білімдер жүйесі оқушылардың қоршаған әлем туралы, атап айтқанда, әртүрлі денелер мен құбылыстар туралы алғашқы білімін қалыптастырады.
пән оқушының ғылыми-зерттеу дағдысын: сұрақ қою және сол сұраққа жауап табу, зерттеу жоспарын дайындау және болжам жасау, сұрақтарға жауап табу үшін зерттеулер жүргізу; зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді жинақтау, өңдеу және түсіндіру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
бастауыш сыныпта оқушылар пәнді меңгеру барысында дәстүрлі емес ойлау формаларына үйренеді, ақиқатпен байланысты іс-әрекеттердің жауабын табуға, сұрақтар қоюға дағдыланады, ғылыми-зерттеу тәсілдерін түсініп, ойлауға және бақылауға дағдыланады.
Жаратылыстану пәнінің мақсаты - оқушылардың әрі қарай жаратылыстану ғылымы пәндерін (биология, химия, физика) меңгеруге дайындау, күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғатта) көрген, бақылаған құбылыстары мен үдерістерді түсіндіру, сипаттау үшін алған білімдерін пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру.
Жаратылыстану пәні оқушылардың ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған. Жаратылыстану бағытында білім беру кіші мектеп жасындағыларда табиғи білім құмарлықтың дамуына әлем жайлы ой-өрістің кеңеюіне, ғылыми ұғынудың және қоршаған әлемді тұтастай қабылдаудың дамуына көмектеседі. Бастауыш мектептен бастап оқушыларға Жаратылыстану пәнін оқу және меңгеру мынаны түсінуге мүмкіндік береді:
Қоршаған әлемнің күрделілігі мен көп қырлылығын;
Табиғи құбылыстар мен үрдістердің өзара байланысын;
Өлі және тірі табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен үрдістердің себептерін;
Жаратылыстану бағытындағы білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын түсінеді;
Жаратылыстану пәні бойынша негізгі мектептегі Биология, География, Химия, Физика пәндерін зерделеу негізін қалауға, алған білімдерін күнделікті өмірде ( үйде, мектепте, табиғат әлемінде ) кездесетін табиғат құбылыстары мен үдерістерін түсіндіру, сипаттау, болжау үшін қолдану білігін дамытуға бағытталған.
Жаратылыстану пәнінің негізгі мазмұны - оқушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіреді, өзінің оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынады, оның ережелер жүйесін түсінеді және қабылдайды, жетілдіруге және кең ауқымды дағдылардың белсенді әрі сәтті қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Оқушылардың оқу әркеттері келесі басты санаттар бойынша топтастырылған: біледі, түсінеді, талдайды, бағалайды, синтездейді.
Жаратылыстану оқу пәнінің ортақ тақырыптарының мазмұнды оқушының жақын аймағынан, яғни оның өз іс-әрекетімен тікелей байланысты тақырыптарды оқудан басталады. Алты-жеті жастағы балалар өз ойын білдіруге, оқу мазмұны бойынша сұрақ қоюға, сұрақтараға жауап ізденуге үйренуі тиіс. Осы пәнді оқу арқылы оқушылар зерттеушілер дегеніміздің белгілі бір ғылым саласын зерттейтін мамандар екенін түсінеді. Зерттеушілер қоршаған әлемнің үдерістері мен құбылыстарын, олардың табиғатын жақсы түсіну үшін зерттеу жүргізіледі.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі үдерісінде еліміз үшін маңызды болып табылатын стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы және т.б. функционалдық дағдылар мектеп қабырғасынан қалыптасады.
Жаратылыстану білім саласындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша білім мазмұнын жаңартуды
келесі жолдармен жүзеге асырылу ұсынылды:
- химия, биология және физика ғылымдарының, инновациялық технологиялардың жаңа жетістіктерін енгізу;
- ұлттық компонентті кеңейту;
- Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуын негізге ала отырып, оқытудың өндірістік, технологиялық үдеріспен байланысын ірілендіру және жаратылыстану өндіріс саласындағы болашақ кәсіби кадрларды дайындау;
- оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту, олардың табиғат пен минералды ресурстарға, туған өлкесінің өсімдіктер мен жануарлар әлеміне ұқыптылықпен қарау және өз елінің табиғи байлығын қорғау мен көбейту негізінде жаратылыстану саласында білім берудің экологиялық құраушысын кеңейту;
- мектептегі жаратылыстану-ғылыми білімді жетілдіру сәйкесінше пәндердің оқу бағдарламаларын күрделендіру арқылы жүзеге аспауы тиіс, керісінше оқыту үдерісі оқушылардың практикалық және зерттеушілік дағдыларын дамытуға, оқу жобаларын орындаудағы креативтілік ойлауын қалыптастыруға, алған білімдерін болашақ кәсіби қызметтерінде қолдана білуге дайындауға бағытталуы тиіс;
- өздігінен орындайтын тәжірибелік, эксперименттік жұмыстарды сан түрлі әдістер мен технологияларды қолдану арқылы функционалдық сауаттылықтарға жататын бөлігіне ерекше мән беріп, жүйелеп үйрету;
-жұмыстарды, практикалық, зертханалық тәжірибелерді, түрлі біліктерді, құзыреттіліктерді қажет ететін өздік жұмыстар мен тапсырмаларды іс жүзінде орындау.
Экологиялық тәрбие - қазіргі таңдағы білім саласындағы ең бір басты бағыттардың бірі. Бастауыш сатыда бір заттар мен табиғат құбылыстарды жүйелі түрде бақылау,зерттеу, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психология адам өмірінің ажырамас бөлігі
Математиканы оқытудағы пәнаралық байланыстар
Қазіргі психология салалары
Психология менің өмірімде және кәсібімде
Психология менің өмірімде және кәсібімде туралы
Басшылықпен жақсы қарым қатынас
Менің өмірімдегі білімнің орны
Жеке тұлғаның ерекшеліктерін зерделейтін бағыт
Психология жеке тұлғаның рухани болмысы
АТА-АНА мен БАЛАНЫҢ өзара қатынасы - сұрақнама
Пәндер