Ақша қаражаттарына бақылау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және құқық факультеті
Есеп және аудит кафедрасы

Қаржылық есеп І пәнінен тәжірибелік сабақтарды өткізудің
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

5В050800 Есеп және аудитмамандығы студенттері үшін

Семей
2016

1. ӘЗІРЛЕНДІ
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Есеп және аудит кафедрасының оқытушылар құрамымен
Жұмыс жетекшісі: аға оқытушы Д.Ахунова
28 тамыз 2016 жыл.

2. ТАЛҚЫЛАНДЫ
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Есеп және аудит кафедрасының мәжілісінде.
Кафедра меңгерушісі ___________ А.Зейнуллина
Хаттама № 1 тамыз 2016 жыл.

3. МАҚҰЛДАНДЫ
Экономикажәне құқық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының мәжілісінде.
ОӘБ төрайымы ______________ Н.Ғазизова
Хаттама № 1 қыркүйек 2016 жыл.

МАЗМҰНЫ

1. Түсіндірме жазба 4
2. Глоссарий 4
3. Тәжірибелік сабақтар мазмұны 6

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Қаржылық есеп І пәні оқу жұмыс жоспары бойынша КПМК категориясына жатады. Аталмыш пән бойынша бағдарламасы оқу үрдісін ұйымдастыру тәртібін сақтап келесідей құжаттарды негізге ала отырып құрастырылды:
* Білім берудің аталмыш деңгейіндегі білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 23.08.2012 №1080 (Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысының №292 13.05.2016 жылғы басылымымен).
* Типтік оқу бағдарламасы. Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде 2014 жылы 22-қазанында хаттама шешімімен бекітілді, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық ынтымақтастық департаменті 2014 жылдың 3-қарашасында №03-3529 бұйрығы негізінде енгізілді.
Қаржылық есеп І пәні бухгалтерлік есеп бойынша маманданатын студенттер үшін дайындалған. Бұл курста кәсіби ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін іргелі тақырыптар оқытылады.
Пәнді оқып-үйрену мақсаты, ұйымның қаржылық есептілігін халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастыруға қажетті ақпараттарды жинау, тіркеу жəне өңдеу дағдыларына ие болу.
Пәнді оқытудың міндеттері курс бойынша халықаралық қаржы есептілігі стандарттарын үйренуді қарастыратын тақырыптарды меңгеруден тұрады, оның ішінде ақша қаражаттарының, дебиторлық берешектердің, қорлардың, негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің, міндеттемелер мен меншікті капиталдың есебі, қаржылық есептілікті ұсыну.

ГЛОССАРИЙ

Ақшалай қаржылар - кассадағы және банк шотындағы ақшалар. Ақшалай қаржыларға нақты ақшалар мен қалпына келтіруге дейінгі жарналар жатады.
Ақшалай қаржылардың ағымы- ақшалай қаржылар мен олардың эквиваленттерінің келуі мен кетуі.
Ақша қаражаттарының баламалары - алдын ала белгілі ақша қаражаттары сомасына тез айналатын және олардың құны шамалы тәуекелге ұшырайтын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар.
Ақша қаражаттарының қозғалысы - ақша қаражаттары мен олардың баламаларының түсімдері және төлемдері.
Ағымдағы валюталық бағам - дереу есеп айырысуға арналған айырбас бағамы.
Аралық қаржы есептілігі - не қаржы есептілігінің толық жиынтығынан не аралық кезеңдегі ықшамдалған қаржылық есептер жиынтығынан тұратын қаржы есептілігі.
Амортизация - активтің амортизацияланатын құнын оның пайдалы қызмет мерзімінің ішінде жүйелі түрде бөлу.
Амортизацияланатын құн - жойылу құны шегерілген, активтің бастапқы құны немесе бастапқы құнының орнына көрсетілген басқа сома.
Әділ құн - жақсы хабардар, осындай мәміле жасағысы келетін және бір-біріне тәуелсіз тараптардың арасында мәміле жасаған кезде активті айырбастауға болатын сома.
Баланстық құн - кез келген жинақталған амортизация және құнсызданудан жинақталған залал шегерілгеннен кейін актив танылатын сома.
Биологиялық актив - жануар немесе өсімдік.
Бухгалтерлік пайда - салық төлеуге кететін шығысты шегерілгенге дейінгі кезең ішіндегі таза пайда немесе залал.
Бағам айырмашылығы - шетелдік валюталар бірлігінің бірдей санын қайта есептеу нәтижесінде пайда болатын айырмашылық.
Валюта бағамы - бір валютаны басқасына айырбастау коэффициенті.
Дебиторлық қарыздар - осы ұйымға заңды және жеке тұлғалардың қарызы.
Еншілес ұйым - басқа ұйым (бас ұйым деп аталатын) бақылайтын ұйым, оның ішінде серіктестік тәрізді корпорацияланбаған ұйым.
Есеп саясаты - бұл қаржы есептiлiгiн әзiрлеу және ұсыну үшiн үйым қабылдаған нақты принциптер, негіздер, келісімдер, ережелер мен практика Жалдау - жалға беруші жалгерге жалдау ақысына немесе төлемдер тобының орнына келісілген уақыт ішінде активтерді пайдалану құқығын беретін шарт.
Жарғылық капитал - бұл шаруашылық жүргізуші субъектіге келешекте табыс табу мақсатында өндірістік қызметі үшін қажетті бастапқы капитал.
Жойылу құны - егер осы актив, болжауға болатындай, пайдалы қызмет соңында болатын мерзімге және жағдайға жететін болса, шығып қалуға болжанып отырған шығындарды шегеріп, активті өткізуден ағымдағы кезеңде ұйым алатындай есептік сома.
Жылжымайтын мүлікке инвестициялар - (қаржылық жалдау шарты бойынша иеленушінің немесе жалға алушының) қарауындағы жылжымайтын мүлік.
Зейнетақы қорына аударым - зейнетақы төлемі бойынша болашақ міндеттемелерді өтеу үшін компанияның басқа тәуелсіз ұйымның (қордың) есебіне активтер аударуы.
Инвестициялық қызмет - ақша қаражаттарының баламаларына жатпайтын ұзақ мерзімді активтер мен басқа да инвестицияларды сатып алу және сату.
Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері - салық салынатын уақытша айырмашылықтарға байланысты алдағы кезеңдерде төленуге тиісті пайдаға салынатын салық сомасы.
Кредиторлық қарыздар - осы ұйымның басқа ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға қарызы.
Қаржы қызметі - компанияның меншік капиталы [*] мен заем қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгерістерге әкеп соқтыратын қызмет.
Қаржы құралы - бірдей уақытта бір ұйымда қаржы активі пайда болып және екіншісінде қаржы міндеттемесі немесе үлестік құрал пайда болатын кез келген шарт.
Қаржылық жалдау - актив иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдер мен пайдаларды елеулі түрде көтеретін шарттар бойынша жалға беру.
Қаржылық есеп - білім саласы, жоғарғы оқу орындарында оқытылатын ғылыми пән.
Құнсызданудан болған залал - активтің баланстық құнының оның өтелетін сомасынан асып түсетін сома
Материалдық емес активтер - табиғи негізі жоқ, бірақ құндық бағасы бар және табыс әкелетін қасиеттері бар ұзақ мерзімді пайдаланылатын объектілер.
Міндеттеме - реттеу экономикалық пайдасы бар ресурстарды компаниядан шығаруға себеп болатын өткен кезеңдер оқиғаларының нәтижесі ретінде пайда болған компанияның ағымдағы міндеттемесі.
Мемлекеттік субсидиялар - компанияның операциялық қызметіне жататын белгілі шарттарды өткен кезде және болашақта орындауға айырбас ретінде компанияға ресурстар беру түріндегі мемлекеттік көмек.
Нақты ұйымға арналған айрықша құн - ұйымның болжамына сәйкес қандай да бір активті пайдалануға және оның пайдалы қызмет мерзімінің соңында шығып қалуына байланысты, не қандай да бір міндеттемені өтеуге байланысты пайда болатын ақшалай қаражаттар тасқынының дисконтталған құны.
Негізгі құралдар - материалдық өндіріс және өндірістік емес салада ұзақ уақыт бойында қызмет ететін материалдық активтер.
Овердрафт дегеніміз ұйымның иелігіндегі, яғни активті шоттың қалдығындағы сомадан артық сомада төлем төлеу нәтижесінде пайда болған кредиттік қалдық.
Операциялық қызмет - компанияның кіріс келтіретін негізгі қызметі және инвестициялық және қаржы қызметінен айырмашылығы бар басқа қызмет.
Операциялық жалдау - қаржылық жалдан өзгеше жал.
Өткізудің ықтимал таза құны - бұл жұмысты орындауға жұмсалған ықтимал шығындар мен өткізуге арналған ықтимал шығындарды шегеріп тастағанда әдеттегі іс барысындағы болжамды сату бағасы.
Өзіндік құн - бұл активті сатып алу үшін немесе тұрғызу кезінде берілген төленген ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаты баламаларының сомасы немесе өзге қарсылама берудің әділ құны, не оны бастапқы тану кезіндегі бағалау сомасы.
Өтелетін сома - екі мәннің ішіндегі үлкені: активті таза сату бағасы және оны пайдалану құндылығы.
Салық салынатын пайда (салық салу кезінде есептелетін залал) - салық органдары белгілеген ережелерге сәйкес анықталатын кезең ішіндегі пайда (залал), осыған байланысты пайдаға салынатын салық төленеді (өтеледі).
Табыстар - бұл есеп беру кезеңінде активтердің көбеюі немесе міндеттемелердің
азаюы.
Тауарлы - материалдық құндылықтар - бұл шынайы материалдық мүліктер түріндегі айналмалы құралдарының бөлігі.
Шығындар - есеп беру кезеңіндегі активтердің азаюы немесе міндеттемелердің
көбеюі.
Шартты актив - бұрынғы оқиғалардан туындайтын және болуы компания толық бақыламайтын бір немесе одан да көп белгісіз болашақ оқиғалардың басталуымен немесе басталмауымен расталатын ықтимал актив ретінде айқындайды.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР МАЗМҰНЫ

Тақырып 1. Ақша қаражаттары және олардың баламаларының есебі

Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:
1. Ақша қаражаттары және олардың баламаларын тану.
2. Ақшалай операциялардың есебін ұйымдастыру.
3. Кассадағы нақты ақшаның есебі: бастапқы құжаттары, есептік тіркелімдері және синтетикалық есебі.
4. Банктегі ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттарының есебі: бастапқы құжаттары, есептік тіркелімдері және синтетикалық есебі.
5. Қолма-қолсыз есеп айырысу нысандары және олардың есебі, ақша баламаларының есебі.
6. Ақша қаражаттарын қолдануға шектеулер.
7. Ақша қаражаттарына бақылау.
Сабақ мақсаты - ақша қаражаттары мен олардың баламаларының есебінің ерекшеліктерін оқыту.
Әдістемелік нұсқаулар - алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау, қорытынды жасау.
Негізгі әдебиеттер
1 Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп: Оқулық І ,ІІ -Қарағанды, 2009
Қосымша әдебиеттер
1 Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28-ақпанындағы №234-ІІІ Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңы
2 ҚР қаржы Министрлігінің 31.01.2013 ж. Ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы бұйрығы.
3 Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары: 1-қаңтар 2009 ж. жағдай бойынша толық ресми мәтіннің аудармасы.
4 Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары. ҚР қаржы Министрінің 2007 ж.23-мамырдағы №185 бұйрығымен бекітілген.
5 Баймұханова, С.Б. Қаржылық есеп: оқулық - Алматы, 2007.- 295 б.
6 Мырзалиев, Б.С. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі: оқу құралы - Алматы: Экономика, 2008.- 830 б.
7 Мырзалиев Б.С.,Әбдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік есепті үйренудің әдістемелері. Алматы 2014 -252 б.
8 Әбдішүкіров, Р.С. Бухгалтерлік есеп. 1- кітап: оқу құралы - Алматы: Нұр-пресс, 2008.- 326 б.
9 Әбдішүкіров, Р.С. Бухгалтерлік есеп. 2- кітап: оқу құралы - Алматы: Нұр-пресс, 2008.- 505 б.

Тақырып 2. Ақшаның уақыттық құны

Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:
1. Дисконттық құн түсінігі.
2. Қарапайым және күрделі пайыздар.
3. Ақшаның болашақ құны.
4. Ақшаның ағымдағы құны.
5. Ануитеттер, олардың түрлері.
Сабақ мақсаты- ақшаның уақыттық құнының негізгі түсініктерін оқыту.
Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау, қорытынды жасау.

Негізгі әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер
1 Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп: Оқулық І ,ІІ -Қарағанды, 2009
Қосымша әдебиеттер
1 Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28-ақпанындағы №234-ІІІ Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңы
2 ҚР қаржы Министрлігінің 31.01.2013 ж. Ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы бұйрығы.
3 Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары: 1-қаңтар 2009 ж. жағдай бойынша толық ресми мәтіннің аудармасы.
4 Баймұханова, С.Б. Қаржылық есеп: оқулық - Алматы, 2007.- 295 б.
5 Мырзалиев, Б.С. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі: оқу құралы - Алматы: Экономика, 2008.- 830 б.
6 Мырзалиев Б.С.,Әбдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік есепті үйренудің әдістемелері. Алматы 2014 -252 б.
7 Әбдішүкіров, Р.С. Бухгалтерлік есеп. 1- кітап: оқу құралы - Алматы: Нұр-пресс, 2008.- 326 б.
8 Әбдішүкіров, Р.С. Бухгалтерлік есеп. 2- кітап: оқу құралы - Алматы: Нұр-пресс, 2008.- 505 б.

Тақырып 3. Дебиторлық берешектер және өзге де активтердің есебі

Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:
1. Дебиторлық берешектердің жіктелуіжәне оларды тану. Бастапқы бағалау.
2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық берешектерінің есебі. Жеңілдіктер және тауарларды қайтару.
3. Күмәнді дебиторлық берешектер түсінігі және оларды есептен шығару. Күмәнді берешектер бойынша резервтерді бағалау әдістері.
4. Еншілес, қауымдасқан компаниялардың және филиалдардың дебиторлық берешектерінің есебі.
5. Қызметкерлердің берешектері, жал бойынша, алынуға тиісті сыйақылар және басқа да дебиторлық берешектер.
6. Өзге де қысқа мерзімді активтер есебі: салықтық активтер, берілген аванстар, алдағы кезең шығындары.
Сабақ мақсаты - дебиторлық берешектер және өзге де активтердің есебінің ұйымдастырылуын оқыту.
Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

Негізгі әдебиеттер
1 Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп: Оқулық І ,ІІ -Қарағанды, 2009
Қосымша әдебиеттер
1 Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28-ақпанындағы №234-ІІІ Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңы
2 ҚР қаржы Министрлігінің 31.01.2013 ж. Ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы бұйрығы.
3 Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары: 1-қаңтар 2009 ж. жағдай бойынша толық ресми мәтіннің аудармасы.
4 Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары. ҚР қаржы Министрінің 2007 ж.23-мамырдағы №185 бұйрығымен бекітілген.
5 Баймұханова, С.Б. Қаржылық есеп: оқулық - Алматы, 2007.- 295 б.
6 Мырзалиев, Б.С. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі: оқу құралы - Алматы: Экономика, 2008.- 830 б.
7 Мырзалиев Б.С.,Әбдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік есепті үйренудің әдістемелері. Алматы 2014 -252 б.
8 Әбдішүкіров, Р.С. Бухгалтерлік есеп. 1- кітап: оқу құралы - Алматы: Нұр-пресс, 2008.- 326 б.
9 Әбдішүкіров, Р.С. Бухгалтерлік есеп. 2- кітап: оқу құралы - Алматы: Нұр-пресс, 2008.- 505 б.

Тақырып 4. Қорлар есебі (ҚЕХС 2)
Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:
1. Қорлардың анықтамасы және жіктелуі.
2. Қорларды өзіндік құндары бойынша бағалау.
3. Қорларды өзіндік құндары бойынша бағалаудың әдістері.
4. Қорларды сатудың таза құны бойынша бағалау.
5. Қорлар есебінің жүйелері (2 ХҚЕС және ҚЕҰС). Қорлар есебінің мерзімдік және үздіксіз жүйелерінің айырмашылықтары.
6. Қорлардың синтетикалық және талдамалық есебі.
Сабақ мақсаты - қорлар есебінің ұйымдастырылуын оқыту.
Әдістемелік нұсқаулар - алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау, қорытынды жасау.
Есептер
Есеп 1. 01.02.10 жылға материалдар қалдығы 100 бірлік, бір бірлік 17 теңгеден. Есепті айда түскен материалдар:
02.02.10- 18 теңгеден 42 бірлік
16.02.10- 20 теңгеден 67 бірлік
22.02.10- 19 теңгеден 53 бірлік
Есепті айдағы материалдар шығыны: 07.02.10- 38 бірлік
24.02.10- 41 бірлік
27.02.10- 19 бірлік
Шығындалған материалдардың құнын және ФИФО әдісі бойынша ай соңындағы материалдардың қалдығын анықтаңыздар.
Есеп 2. 01.02.10 жылға қосалқы бөлшектердің қалдығы 80 бірлік, бір бірлік 120 теңге. Есепті айда түскендері:
1 партия 40 бірлік 99 теңгеден
2 партия 64 бірлік 117 теңгеден
3 партия 81 бірлік 119 теңгеден
Есепті айда қосалқы бөлшектердің шығындалғаны:
1 партия 106 бірлік
2 партия 38 бірлік
Шығындалған қосалқы бөлшектердің құнын және ФИФО әдісі бойынша ай соңындағы материалдар қалдығын анықтаңыздар.

Есеп 3. Кәсіпорын 2010 жылы келесідей негізде материалдар сатып алды:
Күні
Сатылып алынған материалдар құны
1 данасының
бағасы
Жалпы құны
1-қаңтар
800
7-00
5600
7-наурыз
2200
7-50
16500
23-маусым
4000
7-25
29000
15-қыркүйек
3000
7-40
22200
Барлығы
10000

73300

Егер жыл соңында материалдар қалдығы 1000 дананы құрағанда, ФИФО, орташа құн әдістерін пайдаланып бухгалтерлік баланстағы бейнеленуін анықтаңыздар.
Негізгі әдебиеттер
1 Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп: Оқулық І ,ІІ -Қарағанды, 2009
Қосымша әдебиеттер
1 Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28-ақпанындағы №234-ІІІ Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңы
2 ҚР қаржы Министрлігінің 31.01.2013 ж. Ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы бұйрығы.
3 Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары: 1-қаңтар 2009 ж. жағдай бойынша толық ресми мәтіннің аудармасы.
4 Бухгалтерлік есеп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материалды-құндылықтар мен ақша қаражаттарының есебі
Кәсіпорынның айналым капиталы туралы
Кәсіпорынның айналым қаражаттары мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару
Айналым өндірістік қорлар
Кәсіпорынның ақшалай қаражаттар айналысын басқарудың теориялық негіздері
Ақша қаражаттары мен оның баламалары
Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару
Dala Group компаниясының қарыз капиталын тарту саясатын талдау
Қаржы менеджменті туралы
Айналыс активтері
Пәндер