Ауруды тарататын ауру балықтар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Байсары Аида Ержанқызы
Шардара су қоймасынан ауланған балықты ОҚМУ зертханасында ветеринариялық-санитариялық сараптау
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В120100 - Ветеринарлық медицина мамандығы
Шымкент 2019 ж.

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
И.А.Тұтқышбай_____________________
(ғыл.дәрежесі, атағы Т.А.Ә.)
__________201 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Шардара су қоймасынан ауланған балықты ОҚМУ зертханасында ветеринариялық-санитариялық сараптау

___________________________________ _________________________
Орындаған Байсары Аида
Ғылыми жетекшісі, аға оқытушы Қамбаров Алтынбек

М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
___________________________________ _______________жоғары мектебі
(жоғары мектеп атауы)
___________________________________ __________________кафедрасы
Мамандығы__________________________ _________________
(мамандықтың аталуы мен шифрі)
БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі
И.А.Тұтқышбай
____________________
(каф. меңгерушісі А.Т.Ә.)
_________201 ж.
дипломдық жұмысты орындауға
ТАПСЫРМА №___
Студент ___________________________________ ___________________
(Т.А.Ә.) (тобының)
Жұмыстың тақырыбы___________________________ ______
Университет бойынша 201ж. № бұйрығымен бекітілген
Жұмыстың орындалу мерзімі____________________________ __
Жұмысты орындауға қатысты сұрақтар тізбесі__________
Аннотация
Бұл дипломдық жұмыста аннотация, нормативтік сілтемелер, анықтамалар, қысқартулар мен белгілер, кіріспе, әдебиетке шолу, өзіндік зерттеу нысаны мен әдістері, зертеу қорытындысы, пайдаланылған әдебиеттер бөлімдерінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде балықтар жайлы жалпы мәлімет, тақырыптың өзектілігі, мақсаты көрсетілген.
Әдебиетке шолу бөлімінде балық түрлері, жемдері, балықтың аурулары және зерттеген ғалымдар туралы мәлімет келтірілген. Өзіндік зерттеулер бөлімінде балықты зерттеу нысаны мен әдістері, шаруашылыққа қысқаша сипаттама қарастырылған.
Зерттеу қортындысында зерттеу нәтижелері, балықтың құрамындағы микроэлементтердің мөлшері көрсетіледі.
Мазмұны
Аннотация 4
Кіріспе 6
1. Негізгі бөлім 8
1.1. Әдебиетке шолу. 8
1.2. Балықтың жемдері, аурулары және зерттеген ғалымдар 14
1.3. Шардара су қоймасы. 22
1.4. Балық морфологиясы мен физиологиясы 24
1.5. Балық етінің химиялық құрамы 28
1.6. Балық өсірілетін тоғандардың суына қойылатын гигиеналық талаптар 31
1.7. Балық өсіретін тоғандардың ветеринариялық-санитариялық талаптар 35
1.8. Балықты зертханалық сараптау 37
1.9. Балықтан зертханалық сынама алу 40
2. Өзіндік зерттеу 43
2.1. Зерттеу жүргізуге қажетті құрал-жабдықтар: 45
2.2. Бактериоскопия 46
2.3. РН анықтау 47
2.4. Редуктаза сынамасы 47
2.5. Пероксидаза реакциясы 48
2.6. Құрғақ минерализация әдісі 48
3. Зерттеу нәтижелері 49
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Халық үшін саналы, қауіпсіз тағам өнімдерін пайдалану - бүгінгі таңдағы өте өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Басым көпшілігінің сапа тұрғысынан алғанда стандарттарға толықтай сәйкес келмеуі түрлі салдарға, ауруларға әкеп соқтыратындығы да белгілі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін қолжетімді шаралардың барлығы жүзеге асырылуы тиіс. Балық өнімі ақуыздардың, дәрумендердің, май қышқылдарының, организм үшін қажетті басқа да микроэлементтердің негізгі көзі болып табылады, алайда бүгінгі таңда бұл өнім түрінің де кері салдары болуы мүмкін. Сондықтан, балықтар ветеринариялық-санитариялық зерттеу пунктінен міндетті түрде тексеруден өтуі қажет. Мақсаты. Шардара су қоймасынан ауланатын балықтардың құрамындағы уытты микроэлементтерді анықтау. Келіп түскен балықтардың адамға зияны жоқтығына көз жеткізу және сатылуға жарамдылығын тексеру. Алдымен балықтар туралы жалпы мағлұмат айтып өтсек, өзіміз білетіндей балықтар негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануарлар. Балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады. Балықтар - желбезекпен тыныс алатын, дене температурасы тұрақсыз, аяқ орнына жүзу қанаттары бар омыртқалы су жануарлары. Балықтар қартайғанша өседі, бірақ өсуі бір келкі болмайды. Жыныстық қабілеті жетілгенше тез өседі, олардың өсуі жыл маусымына, тіршілік жағдайына байланысты. Балықтар 1 жыл немесе 2-3 жыл, кейбіреулері 100жыл өмір сүреді. Балықтардың 22000-нан астам түрі бар деп есептелінеді. Қазақстанда 180-дей түрі кездеседі. Қазақстан балық шаруашылығы су қорына бай және мұнда балық өсіру мен балық аулауды қарқынды дамытуға қолайлы жағдайлар бар. Республикаға балық және балық өнімдері 43 шетелдік мемлекеттерден келіп түседі. Негізгі балық жеткізушілерге Ресей, Норвегия және Қытай жатады. Балық шаруашылығы - балықты өндіру және өңдеумен айналысатын тамақ өнеркәсібінің бір саласы. Тамақ өнеркәсібінің бір саласы ретінде балық шаруашылығы ХYII - ғасырда пайда болды. Балық шаруашылығы Қазақстан республикасы территориясында негізінен Каспий және Арал теңіздерінде жүргізілді. Шардара су қоймасында балық аулау 1968 жылдан басталған және 1974 жылы оны өндіру көлемі 400-ден 1652 тоннаға дейін өсті. 80 - жылдардан бастап, балық аулау көлемі күрт төмендей бастады. Шардара су қоймасының пайда болуынан бастап мұнда мекен еткен балықтың 33 түрінен 2001 жылы тек 19 түрі ғана қалды. Оңтүстік Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың маңызы зор. Шардара су қоймасы - Оңтүстік Қазақстан облысындағы балықты ең көп аулайтын су қоймасы. Балық және балық өңдеу өнеркәсібі облыста Шардара су қоймасында дамыған. Шардара су қоймасының суы ауыл шаруашылығы жерлерін суарумен айналысады. Шардара су қоймасы Сырдария өзенінің жағалауында Шардара су торабының плотинасында орналасқан. Бұл су торабының құрамында су электр станциясы бар. Оны толтыру 1965 жылы басталды. Ауданы 900 км2, көлемі 5,7 км3, ұзындығы 70 км, ең үлкен ені 25 км, орташа тереңдігі 6,5 м. Бұл су қоймасы жаңа жерлерді суару және Сырдария өзенінің бойында болатын жиі су басуды жою мақсатында салынған. Жалпы Шардара су қоймасы республикадағы балыққа ең бай су қойма болып табылады. Оның тек облыста ғана емес, сонымен қатар республиканың балық шаруашылығында алатын орны ерекше. Шардара су қоймасы Оңтүстік Қазақстан облысының территориясында жатқандықтан, аймақта ауыл шаруашылығы интенсивті түрде жүргізілетіндіктен оны балық шаруашылығында пайдалану мен ирригациялық - энергетикалық пайлану арасындағы шиеленіс өте үлкен. Бұл су қоймасында үнемі балық аулау 1968 жылдан басталған және 1974 жылы оны өндіру көлемі 400 ден 1652 тоннаға дейін өсті. 80 - жылдардан бастап, балық аулау көлемі күрт төмендей бастады. Балық шаруашылығы еліміздегі азықтық кешендерінде айтарлықтай орын алады және де азық-түлік өндіру саласында қарқынды даму үстінде. Балық еті - жоғары калориялы диеталық тағам болып табылады.
1. Негізгі бөлім
1.1. Әдебиетке шолу.
Балықтар - хордалылар типінің жақтылар тобына жататын омыртқалы су жануарлары. Балықтар өкпе арқылы емес желбезек арқылы тыныс алады. Балықтар тұзды немесе тұщы суларда тіршілік ете алады. Балықтардың 22000-нан астам түрі бар деп есептеледі. Балықтар омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең көпсанды және әртүрлі пішінді топ. Бұл олардың өте әртүрлі жағдайларда тіршілік етуімен байланысты. Балықтар тропикалық, қоңыржай және полярлы зоналардың шағын қара суларында, ағысы қатты өзендері мен жылғаларында, теңіздері мен мұхиттарында тіршілік етеді. Балықтар 6000 м биіктегі тау суларында, мұхиттардың тұңғиықтарында, жер асты үңгірлердегі суларда да кездеседі. Бұлар температурасы 20С суық сулардан 400 С асатын ыссы суларда да, сондай-ақ тұщы, кермек және тұздылығы 80% болатын суларда да тіршілік ете алады, тек тұзсыз (тазартылған) және тұздық суларда болмайды. Балықтардың тері жабыны барлық омыртқалыларға ұқсас 2 қабаттан түзілген. Оның сыртқы қабаты көпқабатты болып эпидермис деп аталса, ішкі қабаты нағыз тері қабаты деп аталады. Эпидермис қабатындағы біржасушалы бездерден бөлінген шырышты заттар балық денесіне сусылдақтық қасиет береді. Ал дерма қабатынан қабыршақтар түзіледі. Балықтардың бұлшықеттері негізінен жон арқасында және құйрық-жүзбеқанаттарының түбінде орналасқан. Балықтардың бұлшықеттері жеке бұлшықеттерге жіктелмеген және олар бұлшықеттер арқылы белсенді жүзеді. Балықтардың қаңқасы шеміршектер мен сүйектерден тұрады және бірнеше бөлімдерге бөлінген. Біліктік қаңқаға - омыртқа жотасы мен басқаңқасы жатады. Омыртқа жотасының тұлға және құйрық бөлімдерін, ал жеке омыртқаның денесі мен доғасын ажыратады. Басқаңқасы ми сауыты және жақ аппараты деп бөлінеді. Иық белдеуі мен көкірек жүзбеқанаттары, жамбас белдеуі мен құрсақ жүзбеқанаттарының қаңқасы байланысады. Шеміршекті балықтардың қаңқасы тек шеміршектерден түзілсе, ал сүйекті балықтардың қаңқасы сүйектерден әрі шеміршектерден түзілген. Балықтардың асқорыту жүйесі барлық омыртқалыларға ұқсас. Шеміршекті балықтарда асқорыту мүшелері клоакамен, ал сүйекті безі жақсы жетілген. Балықтардың тынысалу жүйесінің қызметі жұтқыншақтың екі бүйірінде орналасқан желбезектері атқарып, суда еріген оттекпен тыныс алады. Кейбір сүйекті балықтарда қосымша тынысалу қызметін торсылдағы атқарады және торсылдақ тек сүйекті балықтарда ғана болады. Балықтардың қанайналым жүйесі тұйық әрі бір ғана қанайналым шеңбері болады. Жүрегі 2 қуысты бір жүрекше бір қарынша және жүрегі арқылы вена қаны ағып өтеді де, желбезектерінде оттекпен қанығып, денесіне тек артерия қаны таралады. Балықтардың жүйке жүйесі дөңгелекауыздылармен салыстырғанда жақсы дамыған. Миы 5 бөлімге бөлінген. Оларда аралық ми едәуір жақсы дамыған, онда көру төмпешігі, гипофиз, эпифиз орналасқан. Сүйекті балықтарда ортаңғы миы үлкен. Жақсы түзетін балықтардың қозғалыс әрекетін реттейтін мишығы жақсы жетілген. Аралық Мида кейбір балықтарда болатын электрлік мүшенің және бүйір сызығының орталықтары орналасқан. Балықтардың миынан 10 жұп жүйкелер тарайды. Балықтардың сезім мүшелеріне - бүйір сызығы, дәм сезу, иіс сезу, көру, тепе-теңдікті сақтау мен есту мүшелері жатады. Бүйір сызығы балықтарға тән ерекше сезім мүшесі. Ол кейбір балықтарда жек тесіктер болып айқын байқалады. Балықтар бүйір сызығы арқылы судың ағу бағытын, басқа су жануарларының жақындағанын және басқа да кедергілерді сезеді. Иіс сезу мүшесі танау тесіктерінде орналасқан жұп иіс сезу қапшықтарынан тұрады. Балықтардың басы оның тірщілік ету ортасына байланысты дамыған. Балықтардың басында ауызы, көздері, танаулары , жебезек саңлаулары орналасқан. Сүйекті балықтаржың желбезек саңлаулары бір жұп, шеміршекті балықтарда- бес, ал химераларда- желбезек қақпағы сияқты терімен жабылған төрт жұп. Желбезек қақпақтарының жиегі тері жарғақпен көмкерілген, олар басының астында желбезек аралық жерге бекіген. Ал кейбір балықтарда екі жедбезек жарғағы қосылып, қатпаршақ құрайды. ауызының орналасқан жері, құрылысы, олардың қоректену сипатына байланысты. Жоғарғы-төменгі жақ сүйектері ілгері жоғары қарай созылған. Кейбір балықтардың ауызы жоғары қараған қисық саңлау сияқты. Тамағы су түбіне жақын балықтардың ауызы төменгі, немесе жартылай төменгі болады. Ал кейбір балықтардың жақ аралық сүйектері бас қаңқасымен қозғалмалы жалғасқан. Сондықтан, ауызы түтік сияқты созылады. Бастың бүйірлерінде көздері орналасқан.Барлық балықтардың мұрын тесіктері жұп. Олар сүйекті балықтарда басының үстінде, көздерден ілгері орналасқан. Ал шеміршекті балықтарда олар басының астында. Көптеген балықтардың дәм сезу және түйсіну органдарының қызметін атқаратын мұртшалары болады. Көптеген балықтардың екі жанында бір толық бүйір сызығы болады. Кейбір түрлерінде ол үзік-үзік, ал кейбіреулерінде қисық болып келеді. Бүйірі сызығы - балықтардың суда тепе теңдігін сақтайды. Толқындарды жарып, қимыл қозғалыс жасауына мүмкіндік береді. Жүзу қанаттары балықтардың тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді. Тепе теңдікті сақтайды, қозғалуын басқарады, және жүзуін тежейді әрі жылдамдатады. балық қанаттары жұп және тақ деп ажыратылады. Жұп қанаттарға кеуде және құрсақ, тақ қанаттарға-арқа және құйырық асты және құйырық қанаттары жатады. Балықтарда арқа қанаттары бірнеше болуы мүмкін. Біреу, екеу немесе үшеу. Аналь қанаты әдетте біреу болады. Шеміршекті балықтардың аталықтарының құрсақ қанаттарының ішкі талшықтары шағылысу органына айналған. Құйырық қанаттары изобатты, гипобатты және эпибатты деп бөлінеді. Құйрық қанаты болмайтын балықтар сирек кездеседі. нағыз сүйекті балықтардың құйырық қанаттары тік, жұмыр, ойық, жартылай сүйірленген болып бөлінеді. Әр бір қанат бірнеше қызмет атқарады. Құйырық қанаты қозғалу күшін тудырады. Олардың бұрылу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Жұп қанаттар тепе теңдікті сақтайды, кеңістіктегі және тереңдік бағдарлаушының қызметін атқарады. Арқа және аналь қанаттары кильдің қызметін.Дененің өз осінее айналыуына кедергі болады, қалыпты жағдайын сақтауға көмектеседі. Жылдам жүзген уақытта жұп қанаттары денесіне жабысады, ал тунецтерде айырқша ойықтарға жиырылады. Дене пішіні мен тіршілік ортасының көп түрлілігі балықтардың қозғалуының әр түрлі болуына әкеледі. Қазіргі кезде үш түрлі қозғалу әдістері белгілі: жүзу, жорғалау және ұшу. Балықтарға жүзу - денесі мен құйырығының иілуі арқылы іске асырылады. Ол бұлшық еттердің жиырылуы нәтижесінде болады. Бүйіріне иіліп жүзудің екі типін ажыратады: жылан балық тектес және скумбрия тектес. Балықтар құрылысының ерекшелігіне физиологиялық жағдайға судың температура-сына және басқа факторларға тәуелді түрлі жылдамдықпен жүзеді. ең жылдам жүзетін балық- семсер балық., сағатына жүз жиырма шақырым. Жүзу жылдамдығы балықтың көлеміне де байланысты. Ірі балықтардың ұсақ балықтарға қарағанда тез жүзетіні табиғи құбылыс. Жүзу жылдамдығына сәйкес балықтарды төмендегідей топтарға бөледі. Өте тез жүзетіндер, (семсер балық, тунецтер, акула- мако), жылдамдық жетпіс шақырым шамасында, тез жүзетіндер - албырттар, скумбриялар жылдамдық коффициенті 30-60, біршама тез жүзетіндер - треска, майшабақтар жатады.жылдамдық коффициенті - 10-20, ақырын жүзетіндер - бұзау бас балықтар- жылдамдық коффициенті 5-10, өте ақырын жүзетіндер - шаншар және ай балықтар, жылдамдық коффициенті 5 тен жде аз. Балықтардың жылдамдылығына оның дене пішіні, қабыршағының, шырышының бар-жоғы әсер етеді. Тез жүзетін балықтар-ға- денесі сүйір, қабыршағы майда, жұқа етті, құйырық сабағында көлденең киль-дер көп болады. тез жүзетін балықтардың айырқша су айналып өтетін органдары болады. Оларға майлы қабат, арнайы қалақшалар, және ұзарған қабыршақтар. Қозғалудың бір әдісі - кеуде қанаттарының және құйырығының көмегімен су түбінде жорғалау. Жорғалағыштарға алабұқа, теңіз шайтаны жатады. Ұшу немесе қалықтау ұшатын балықтарға тән. Өзінің жауларынан құтылу үшін ұзын әрі жалпақ қанаттарын жайып жіберіп, судан секіріп шығады да, бір шама уақыт қалықтап, 200-400 метр жерге дейін бара алады. Балықтардың әр бір түріне нақтылы тіршілік жағдайы тән, бұлардың құрылысы мен тіршілігі айтарлықтай солардың ерекшелігіне байланысты. Ұзақ тарихи даму барысында балықтар судың құрамының көптүрлілігіне беймделген, сондықтан пішіні мен түсі де әртүрлі, көптеген айрықша органдары дамыған немесе жоғалған. Негізінен суда жүзетін балықтардың арасында ауада қалықтайтын, жерде жорғалайтын немесе секіретін түрлері де кездеседі. Балықтардың кейбіреуі микроскоптық балдырлармен - фитопланктон, екіншілері - жоғары сатыдағы су өсімдіктерімен, басқалары зоопланктонмен немесе зообентоспен коректенеді, өте үлкен жануарларды жей алатын түрлері де кездеседі. Көптеген балық түрлері ұрпағын қорғайды, бұндайда өзі опат болатын жағдайлар жиі кездеседі. Балықтар жұмыртқа (уылдырық) салып көбейеді, дегенмен тіріжұмыртқа немесе тірі туатындары да бар. Кейбір балықтар өте жоғары кернеулі электр тогын бөле алады, ал антарктикалық аққанды - балықтың қанында эритроциттер болмайды, қаны түссіз және т.т. Балықтар суда мекен ететін гидробионтар болып саналады. Мекен ету ортасына қарай дене құрылысыда соған лайықты болады. Денесі жақсы сүйірленген, тұмсығы үшкір болып келеді. Арқа, кеуде, құрсақ, құйрық қанаттары балықтың емін еркін қозғалыс жасауына мүмкіндік береді. Балықтардың қозғалысы, азығын табуда, жауларынан қорғануда улкен көмек көрсетеді. Балықтар мұхиттың барлық жерлерінде мекен етеді. Судың қысымы тереңдеген сайын артып отырады. Қысымның жоғары болуынан терең қабаттарында мекен ететін балықтардың денесі жалпайып кеткен. Мұхиттың ортаңғы бөлімінде мекендейтін балықтар активті қозғалыс жасайды. Олар алып акулалар, сүйекті балықтардың өкілдері, басқада теңіз жануарлары мекен етіп, тіршілігін жұргізеді. Бұл балықтардың өкілдерінің дене құрылысы қалыпты болып келеді. Дене құрылысы соған лайықты. Балықтардың тері қабыршақтары денсін тұрлі зақымданудан сақтап, денеге жалпы бір форманы беріп тұрады. Тері қабыршақтарының орналасуы суда жұзуге мұмкіндік береді.Балықтар - желбезекпен тыныс алатын, дене температурасы тұрақсыз, аяқ орнына жүзу қанаттарыбар омыртқалы су жануарлары. Балықтардың жақсы дамыған етті құйрығы, екі құрсақ және қос құйрықты қанаты, дара арқа, құйрық және анальқанаты болады. Денесін қабыршақ жапқан және қабыршақсыз түрлері болады.Терісінде шырыш түзетін бездері,жарық шығаратын органдары болады. Балықтардың түсі тіршілік ортасына сай келеді. Ең кішкене түрі Филиппины бұзаубасының дене тұрқы 1см болса, кит тәрізді акуланың салмағы 30тоннаға дейін барады. Балықтар қартайғанша өседі, бірақ өсуі бір келкі болмайды. Жыныстық қаблеті жетілгенше тез өседі, олардың өсуі жыл маусымына, тіршілік жағдайына байланысты. Балықтар 1жыл,немесе 2-3 жыл, кейбіреулері 100 өмір сүреді. Мысалы белуга 100ж өмір сүреді. Балықтардың қаңқасы сүйектен немесе шеміршектен тұрады.Омыртқасы 16 дан (айбалық), 400ге дейін(жаңа зеландиялық таспа балық) ьолады.Негізінен желбезекпен тынысалады, бірақ ауамен тыныс алатын түрлері де кездеседі. Алғашқы балықтар тұшы суда мекен еткен, кейін теңізге тараған. ТМД елдерінде балықтардың 1400 түрлері мекендейді, ал Қазақстанда 150 түрі бар.Бекіре, шоқыр, ақ балық, ақмарқа,лосось,табан, сазан, шортан, майшабақ, т.б. түрлері кездеседі. Балықтар 3 топқа бөлінеді: жақсыз (миксина сияқты), шеміршекті(акулалар және тұтасқанаттар) және ең үлкен топты құрайтын сүйекті балықтар,оның 20 мыңнан астам түрі белгілі. Балықтардың денесі 3 бөліктен(бас,кеуде,құйрық) тұрады. Олардың жұп танау тесігі мен көзі жұп және дара қанаттары болады. Жүрегі екі камералы, қан айналу шеңбері - біреу. Миының құрылысы - қарапайым. Көптеген балықтардың иіс сезу, есту, көру мүшелері жақсы жетілген. Олардың бүйір сызығы судың қозғалысын қабылдайды. Желбезекпен тыныс алады, ауамен тыныс алуға бейім органы бар балықтар да кездеседі Сүйекті балықтардың көпшілігінде денесінің тепе теңдігін сақтау қызметін атқаратын торсылдағы болады. Ал кейбір балықтарда торсылдақ - тыныс алу органы. Балықтардың көпшілігі сырттай ұрықтанып, уылдырық шашу арқылы көбейеді. Сондай-ақ іштей ұрықтанып, тірі шабақ немесе ұрықтанған уылдырық туатын түрлері де болады. Жыныстық қабілеті жетілгенше тез өседі, олардың өсуі көбіне жыл маусымына, тіршілік жағдайына байланысты. 1-2 жыл, тіпті 100 жылға дейін тіршілік ететін балықтар да бар. Балықтар жыл маусымына сәйкес қорегін, қыстауын немесе уылдырық шашатын жерін іздеп, кейде мыңдаған километрге дейін өрістейді. Балықтар - адам үшін қажетті ақуызға бай тағам көзі. Оның еті, уылдырығы, ал кейбір түрінің терісі де пайдаланылады, олардан балық майы алынады. Ішінде улы түрлері де кездеседі. Балық аулау шаруашылығы ертеден белгілі, дегенмен оның шарықтау биігі XX ғасырдың 70-жылдарына тура келеді. Осыған байланысты кейбір кәсіптік маңызы зор балықтардың санын азайтпау үшін, олардың табиғи көбеюіне қосымша әр түрлі қолдан өсіру әдістері көмегімен қамқорлық жасалады.
Сүйекті балықтар(лат. Osteichthyes) - омыртқалы жануарлар класы, қазіргі заманда балықтардың ең түрге бай тобы. Дене ұзындығы 0,7-1,1 см-ден 5-7 м дейін, салмағы 1,5 т жетеді. Ішкі қаңқасы сүйектенген. Әрдайым тері сүйектері болады. Қабыршақтары әртүрлі: ганоидтық, космоидтық немесе сүйекті. Желбезектері қоршаулармен бөлінбеген. Кейбір түрлердің торсылдағы жойылған. Ұрықтану сыртқы ортада өтеді, кейбір түрлері тірі табатындар. Сүйекті балықтардың қазіргі кезде 20000-нан астам түрлері бар. Дене пішіндері де түрліше. Сүйекті балықтардың терісі жалпақ әрі ірі қабыршақтармен қашаған. Қабыршақтарында ағаш діңіндегі жылдық сақиналарға ұқсас сызықтар бар. Осы сызықтарға қарап, балықтың жасын ажыратуға болады. Сүйекті балықтардың қаңқасында сүйектер өте көп. Сүйекті балықтардың көпшілігінің аузы бас бөлімінің алдыңғы тұсында орналасады. Жақсүйектерде және т.б. сүйектерде де тістері бар. Сүйекті балықтарда ерекше мүше - торсылдақ болады. Іші ауаға толы торсылдақ ұрықтың даму кезеңінде ішектен бөлінеді. Сүйекті балықтар желбезектерінің сыртында сүйекті желбезек қақпағы болады. Сүйекті балықтар миының құрылысы темір шекті балықтардың миымен салыстырғанда қарапайым әрі кіші. Алдыңғы ми - шағын, екі ми сыңарына бөлінбеген. Ортаңғы ми мен мишығының көлемі үлкендеу. Көзінің құрылысы шеміршекті балықтарға ұқсас. Сүйекті балықтар сырттай ұрықтанады, сондықтан да өте көп мөлшерде уылдырық шашады. Сәулеқанатты балықтар. Қазіргі кезде тіршілік ететін балықтардың 90%- дан астамы осы топқа жатады. Дүние жүзінің түрлі су айдындарында кеңінен таралған және олардың кәсіптік мәні зор. Сүйекті қабыршақтары денесіне жапсарласа орналасқан. Құйрық жүзбеқанатының екі қалағы тең, торсылдақ ба, қаңқасы негізінен сүйектен тұрады. Сәулеқанатты балықтардың кәсіптік мәні бар басты отрядтарына ғана тоқталамыз. Қалаққанатты балықтар. Бұған қостынысты және саусаққанатты балықтар жатады. Қостынысты балықтар желбезегімен әрі өкпемен тыныс алады. Құрғақшылық мезгілде суы тартылып қалатын өзендерде тіршілік етеді. Қостынысты балықтардың торсылдағы өкпеге айналған. Олар Амазонка өзенінде, Африканың, Австралияның өзендерінде кездеседі. Латимерия. Бұл балықтар ерте заманда кеңінен таралып, кейін жойылып кеткен. Қазіргі кеде оның бір ғана түрі - латимерия деген түрі сақталған. Ғалымдардың пірі бойынша, құрлыққа алғаш шыққан қосмекенділердің арғы тегі, ос саусаққанатты балықтар. 1938 жылы Үнді мұхитыынң Африка жағалауынна латимерия алғаш рет ауға түсті. Саны аз болғандықтан, ауға өте аз түседі. Латимерия аузында өткір тістері бар жыртқыш балық. Денесінде желі өмір бойы сақталады. Майшабақтәрізділер отряды. Көпшілік түрлері теңіздерде топтанып тіршілік етеді. Майшабақтардың Солтүстік Мұзды мұхит теңіздерінде көп тараған түрі - Мұхит майшабағы. Жайық өзенінде кездесетін еділ майшабағы Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген. Албырттәрізділер отряды. Дене тұрқы орташа, ірі балықтар. Олар құйрық бөлімше жақын орналасқан майлы жүзбеқанаты арқылы басқа балықтардан бірден ажыратады. Албырттар Қиыр Шығыс теңіздерінде көптеп кездеседі. Уылдырық шашу үшін Амур өзеніне көтеріледі. Тіршілігінде бір-ақ рет уылдырық шашып, өледі. Оған кета, нерпа, ұнысбалық т.б балықтар жатады. Албырт балықтарынан қызыл уылдырық алынады. Бұған таулы алқаптың өзен-көлдерінде кездесетін, бахтах балығы да жатады. Еті өте дәмді болғандықтан, оны кейде патша балығы деп атайды. Сетінектер(трескала р) отряды. Қазіргі кезде кәсіптік мәні зор балықтардың көпшілігі осы отрядқа жатады. Сетінектер солтүстік жарты шардың қоңыржай және арктикалық теңіздерінде кеңінен таралғаг. Балықтың кептірілген еті сыртылдау ыдырайтын болғандықтан, сетінек деп аталғаг. Олардың еті, бауыр майы қымбат бағаланады. Бауырынан балық майы алынады. Оның құрамында Д витамині мол. Оны мешел ауруына қарсы ем ретінде пайдаланады. Тұқытәріздестер отряды. Бұл отрядқа тұщы суларда тіршілік ететін аққайран, мөңке, қаракөз, табан, қаяз балықтары жатады. Тұқы, мөңке балықтарын қолдан жасаған тоғған суларында өсіру тиімді әрі пайдалы. Олар өсімдіктермен қоректенеді.
1.2. Балықтың жемдері, аурулары және зерттеген ғалымдар
Балықтың судағы табиғи жемдері. Табиғи жем ретінде балықтың қорегіне әр түрлі судағы тірі организмдер, шөп, балдырлар пайдаланылады. Суда өмір сүріп, су түбіне түспейтін организмдердің жинағын планктон деп атаймыз. Осыны талдай келгенде тірі жәндіктер - зоопланктон, ал майда су балдырлары фитопланктон деп аталады. Су түбі жәндіктері мен өсімдіктері де екіге бөлінеді: зообентос және фитобентос. Зообентостан балық қорегіне жарамдылары маса личинкасы - хирономид т.б. әр түрлі су жәндіктері мен моллюскаларының личинкалары. Су астында өсетін шөптердің арасында көптеген жәндіктер өмір сүреді, олардың көбісі тоғанда өсірілетін балықтардың, әсіресе тұқының қорегіне пайдаланылады. Су жәндіктері, оның ішінде омыртқасыз майда жәндіктердің құрамында балықққа қажет әр түрлі витамин-белок, май және углеводтар бар. Осыған байланысты балық қорегінде тоғанның табиғи жем қорының болуы өте қажет, ал құрама жасанды жемдер осы айтылған заттармен толығымен қамтамасыз ете алмайды. Балықтар өздерінің тамақтану қасиетіне байланысты жыртқыш емес немесе жартқыш болып топталынады. Бұл әрине шартты бөлу, барлық балық үшін орындала бермейді, себебі кейде жыртқыш емес деп бөлінген балықтың өзі басқа балықтың личинкасын, уылдырығын жейтіндігі байқалады. Ал тоғанда көптеп өсірілетін тұқыны алсақ ол барлық дерлік нәрсемен қоректенеді, жәндіктермен де, су балдырларымен де. Ал ақ дөңмаңдай су балдырларымен, ақ амур әр түрлі суда өсіп тұратын шөптермен қоректенеді. Балықтар бентоспен немесе планктонмен қоректенетін топқа бөлінеді. Мысалы тұқының личинкасы планктондық организмдермен қоректенсе, ал өсе келе оның шабағы жаздың екінші жартысынан бастап бентосқа көшеді, ал ақ амур, дөңмаңдай балықтарының личинкалары да планктонмен қоректенеді. Ақ дөңмаңдай судың майда балдырларымен қоректенеді, сондықтан оны тоғанда тұқымен бірге қосып өсірген жағдайда тоғанның балық өнімін беру мүмкіншілігін едәуір жоғарылатады. Ақ амурды балық және су балдырларынан жасалған ұндарды араластырып жемдеген жағдайда оның өте тез салмақ қосқаны зерттеулермен дәлелденіп отыр. Артемия салина. Бұл да балық үшін өте бағалы тірі жем болып табылады. Әсіресе балық шабағының өсіп дамуының алғашқы мезгілдерінде оның қорегі ретінде алатын орны өте зор. Балықты жемдеу. Тоғанда балық өсірудің негізгі проблемалық мәселелерінің бірі балықты құрама жеммен жемдеу. Соның кейбір жағдайларына тоқталып өтелік. Соңғы жылдары тоғанға отырғызылған балық шабағының тығыздығының артуы оларға 2-3 рет күніне жем беруді қажет етеді. Көпшілік жайда балық шабағын отырғызу тығыздығын арттыру және де әр түрлі балық өсіру технологиялық ережесін дұрыс пайдаланбау, өсіретін балық салмағының кемуіне әкеліп соғып жүр. Балық жемдеу технологиясын, жемді шашаудың техникасын одан әрі жетілдіру тоған балық шаруашылықтарында балықтың өсуі мен тоғанның балық өнімін беру мүмкіншілігін арттырудың негізгі көзі болып табылады. Қазіргі кезде балық шабағының үлкен тығыздықпен отырғызылуына байланысты және жем шашқыш машиналарды қолдану, жемдеу алаңдарынан гөрі, жем шашуға жемдеу жолдары мен жолақ алқаптар жасаудың тиімді екендігін көрсетіп отыр. Жемді белгілі уақытта шашудың ерекше маңызы бар, себебі балықта шартты рефлекс пайда болғандықтан белгілі уақытта жем жеуге жиналады. Балықтың жем жеуге үйренетіндігі сондай, мысалы, жем шашқыш машинасының моторының даусының естілуі мұң екен, олар сол машинаның маңына топталып, ал ол жүрген кезде ере жүзетінін қызықтауға болады. Қоректенуі. Балық түрлі су жәндіктерімен және өсімдіктерімен қоректенеді. Қоректің заттардың сапалылығы су қоймасының құнарлылығына байланысты. Жем, азықтық мөлшері мен сапасына қарай балықтың кейбір тұқымдарын белгілі мөлшерде ғана өсіруге болады. Мысалы, 1 кг салмақ қосу үшін тұқы 6-7 кг, көксерке 3,5 кг, алабұға 5 кг жем жейді. Өсімдікпен қоректенетін ақ амур қоректі өз салмағымен тең жейді. Қоректену сипатына қарай балықтар қарапайым және жыртқыш болып екіге бөлінеді. Личинка, шабақ, планктондарды қорек етеді. Ағзаға түскен қорек, қозғалыс, өсу, пісіп жетілу, көбеюмен байланысты болған энергетикалық үрдістерді оның дамуының барлық кезеңдерінде қамтамасыз етеді. Мысалы, азықты пайдалану арқылы ағзаның сыртқы ортамен ең маңызды байланыстарының бірі іске асырылады. Өзінің жеке даму кезінде, балықтарда қоректенудің екі түрі орын алады, эндогендік (ағзаның ішкі қорлары есебінен) және экзогенді (сыртқы азық есебінен). Балықтардың көпшілігі өз өмірінің басым көпшілік бөлігінде экзогенді қоректенеді. Дегенмен, барлық балықтардың өмірінің алғашқы кезеңіндегі қоректену (уылдырықтың дамуы және ұрықтық шарана жаруынан кейінгі мезгіл) сары уыз қапшығындағы сары уыз және май қорлары есебінен іске асады (эндогенді қоректену). Ересек балықтарда да эндогнеді қоректену кезеңдері болады, мысалы, қыста қоректенбейтін немесе құрғап қалатын су айдындарында өмір сүретін балықтарда, сонымен бірге өткінші балықтардың уылдырық шашу үшін өрістеуі кезінде. Бұл кезде сырттан келіп түсетін қорек тоқтатылады. Эндогендік қоректену, балықтарда қыстау кезіндегі зат алмасуына қолдау көрсетеді, ал өрістеуші балықтарда ол семірген жерінен уылдырық шашатын жеріне дейін бару үшін ұзақ қозғалыста болып жоғалтқан көп энергиясының орнын басады (бекіре тұқымдастар, албырттар, кейбір май шабақтар, жылан балықтар). Осы кезде жыныси өнімдердің кемелденуі жүзеге асады, яғни ағзада алдыңғы кезеңде жиналған энергетикалық қорлардың, ең алдымен майдың, қайта құрылуы іске асады. Қоректенудің осы екі түрінің ара қатынасы әр түрлі балықтарда әр қилы. Пайдаланылатын қоректің алуан түрлілігі бойынша балықтарды монофагтар (бір түрдегі қоректі пайдаланушылар), стенофагтар (қоректік нысандар жиынтығы көп емес) және эврифагтар ( қорек әр түрлі сапалы) деп ажыратады. Балықтардың қоректенуіне байланысты олардың бір қатар классификациялары бар. Ең алдымен балықтарды жыртқыштар және жыртқыш емес деп бөледі. Балықтардың әр түрінің белгілі бір қорекке бейімделуі олардың ас қорыту жолының (ауыз, желбезек аппараты, жұтқыншақ), ішек құрылысынан нақты көрініс табады. Балықтардың экзогендік қоректенуі олардың шарана жаруынан кейін бірден басталмайды, яғни одан бірнеше уақыт өткеннен кейін, бірақ сары уыз қапшығы толық пайдаланып болмай тұрып басталады: тұқы, алабұға тұқымдастарында және басқаларда шарана жарғаннан кейін бірнеше күн өтіп, албырттарда бірнеше аптадан кейін. Личинка бұл кезде өте кішкентай болуы себепті ол планктонның майда форамаларымен ғана қоректенеді, бірақ арадан 1-2 күн өткеннен кейін ол планктонның ірі өкілдерін ұстауға да қабілетті болады. Барлық балықтардың личинкалары әдетте зоопланктонмен қоректенеді. Сосын, өсу барысында, олардың қорекке деген қажеттілігі өзгереді. Кейбіреулері басқа планктонмен қоректенуші болып қалады (верховка, қылыш балық,сигалар), екіншілері өсімдіктерді жей бастайды (қызыл қанат, ақ дөңмаңдай, ақ амур) кейбіреулері бентоспен қоректенушілерге (тұқы, оңғақ және т.б.) немесе балықпен қоректенушілерге (шортан, алабұға, көксерке және т.б.) балық өскен сайын ол қоректенетін қоректік нысандардың да жиынтығы көбейе түседі. Мысалы, қаракөз, алдымен майда фито және зоопланктондармен қоректеніп бастайды, сосын ірірек зоопланктондарды пайдаланады, одан кейін бентостық ағзаларға, көбінесе хирономидтердің личинкаларына, ал ересек болғаннан кейін көбінесе моллюсиктермен қоректенеді. Қоректенуді зерттеу барысында балықтардың қоректік рационын анықтауға әрекет жасалынады, яғни оның белгілі бір мерзім ішінде пайдаланған қорегінің мөлшерінің, пайыз есебінде көрсетілген, оның дене салмағына қатынасы. Көбінесе тәуліктік рацион анықталады, қажет болса жылдық рационды да есептеп шығаруға болады. Желінген қоректің мөлшерін анықтаудың төте жолы да бар, бірақ әдетте азоттық баланстыңң оттегін пайдаланудың, ішек толуы индекстерін есепке алу, қоректің қорытылу жылдамдығы және тағы басқалардың нәтижелеріне негізделген жанама әдіс қолданылады. Мысалы, тәуліктік рационды мына формуламен анықтауға болады.
Д=А(24п)
Бұл жерде Д-тәуліктік рацион, %. А-ішек толуының орташа индексі, % п-қоректің қорытылу жылдамдығы, сағ. Балықтың физиологиялық жағдайының олардың қоректену қарқындылығына етер әсері өте күшті. Арық балық қоңдыларға қарағанда белсендірек қоректенеді. Көпшілік балықтар уылдырық шашу алдында қоректенуін тоқтатады. Олар ауырған кезде де қоректенуі әлсірейді. Балықтардың тәуліктік рационы олардың мінез-құлқының іс-әрекетімен де тығыз байланысты. Жеке жүрген және топтағы балықтар бірдей қоректенбейді, планктонофагтар үйірде қарқынды қоректенсе, бентософагтар мен жыртқыштар өз олжасының ізіне жеке түскенде және ұстағанда табыстырақ болады.
Балық аурулары. Балық организмінде ауру қоздырғыштардың әсерінен немесе тіршілік ортасының қолайсыз жағдайынан болады, зат алмасу, ас қорыту, тыныс алу т.б. тіршілік процестерінің қалыпты жағдайының бұзылуына әкеледі. Балық аурулары жұқпалы және жұқпалы емес болып бөлінеді. Жұқпалы емес балық аурулары балықтардың тіршілік ортасының қолайсыз жағдайынан(оттек немесе қоректік заттардың жетіспеуі, температураның жоғары болуы, пестицидтер мөлшерінің көбеюінен судың улы заттармен ластануы т.б) туады. Балықтың жұқпалы аурулары инфекциялық және инвазиялық аурулар тобына бөлінеді. Инфекциялық аурулардың қоздырғыштары - вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар және су өсімдіктері. Инвазиялық ауруларды паразит құрттар(гельминтоз), шаянтәрізділер(крустацеоз) және қарапайымдар(протозооздар) тудырады. Жұқпалы ауруларға балықтардың вирус аурулары (қызамық, балық торсылдағының қабынуы және т.б.), балықтың бактериялық кеселі (Aeromonas punctata - су бактериясы тарататын балық ауруы), саңырауқұлақтардан болатын кеселдер (сапролегниз т.б.) жатады. Ауруға шалдыққан балықтар қоректенбейді, әлсіреп қырылып қалады. Балық ауруының қоздырғыштары таралмау үшін карантин шаралары жүргізіледі.
Соңғы кезде балықты өсіру индустриялық жолға қойылуына байланысты оны өте үлкен тығыздықпен тоғанға немесе тор қоршауына отырғызу, тоғанға жем шашу т.б. жүргізілетін жұмыстар судың сапасының төмендеуіне жағдай туғызып, балықты әр түрлі инфекциялық және инвазиялық ауруларға шалауруларға шалдықтыруы ықтимал. Осы ауруларды анықтап және одан балықты сақтандыру шараларын жүргізетін маманды тоған шаруашылықтарында ихтиопатолог деп атайды. Оның міндеті - аурудан сақтандыратын шараларды дер кезінде жүргізу, аурулардың түрін, олардың тарау, көбею жолдарын жақсы білу диагнозды дұрыс қойып, емдеуді дер кезінде жүргізу. Қазіргі кезде балық ауруын зерттейтін лабораториялар еліміздің барлық дерлік балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институттарында бар. Сонымен қатар балық ауруын мал дәрігерлік институттары мен лабораторияларында зерттеп, бақылап отырады. Ихтиопатологтардың жұмысын жүйелеп отыратын СССР Балық шаруашылығы министрлігінің ихтиология комиссиясының консультациялық советі бар. Соңғы кезде тоғанда өсірілетін балықтардың арасында көп тараған тұқының қылшасы (краснуха), балық торсығының талаурау (воспаление) және балық желбезегінің жансыздану (некроз) ауруларымен күресу шараларының тиімді жолдары ізделіп жатыр. Инвазиялық ауруларды болдырмау және емдеу үшін препараттарды камала, фенотиазин, фенасал, органикалық бояғыштар ұсынылса, ал инфекциялық ауруларды емдеу үшін левомицитин, дибиомицин (экмолинмен) кеңінен қолданылып келеді.
Тоған балық өсіру шаруашылықтарында әр түрлі балық ауруларының болуы осы шаруашылықтарда жыл сайын арнаулы санитарлық-профилактикалық шараларды кеңінен және уақытында жүргізуді талап етеді. Ол үшін тоған табанының суы түгел ағызылған соң оған ылғал кезінде сөндірілмеген немесе хлорлы әк төгіледі. Қазақстанда Алматы, Шелек, Шымкент, Сырдария тоған шаруашылықтарында жиі кездесетін балық ауруы - тұқының қызылшасы. Егер де тұқыны емдеу препараттары қосылған жеммен жемделмесе (фуразолидон, кормогрезин, биовит) балықтардың шығынға ұшырауы мүмкін немесе олар нашар өседі де одан шаруашылық көп зин шегеді. Бұл аурумен көбінесе тұқы немесе сазанның бір жастағы және одан жоғары жастағылары ауырады. Ауру көктемде су жыли бастасымен күшейе түседі де бүкіл жаз бойы суда болады, ал күзде судың салқындауымен тоқтады. Ауруды тарататын ауру балықтар. Сондықтан оларды бір судан бір суға тасыған кезде өте мұқият тексеріп әр түрлі аурудың тарауына жол бермеу керек.
Балықтың сыртында және ішкі құрылысында әр түрлі паразиттер кездеседі. Олардың түрлері өте көп. Егер балқы өсіруші маман және шаруашылықтың ихтиопатологі олрадың таралу жолдарын жойып, уақытысында профилактикалық шараларды дұрыс қолданып отырса шаруашылық зиян шекпейді, балық өлімі болмайды. Ең бастысы балық өмір сүретін тоғанды, тор қоршауды, бассейнді таза ұстау, ондағы судың таза болуын ылғи да қадағалап тексеріп отыру керек. Осымен қатар балық тұқымын сұрыптау және асылдандыру жұмыстары арқылы балық тұқымының әр түрлі ауруға төзімділігін күшейтуге болады. Тоғанда әр түрлі аурулардың болуына байланысты балықтың сол ауруға төзімді түрлерін отырғызу керек. Мысалы, тұқының торсығының талаурау ауруы бар жерде тоғанға шөппен қоректенетін бірақ бұл аурумен ауырмайтын дөңмаңдай мен ақ амурды жіберіп тоғанның балық өндіру күшін дұрыс та, тиімді де пайдалануға болады. Тоған суына минералдық, органикалық тыңайтқыштар беріп оның табиғи жем қорын молайтып, балық қорегін жақсарту арқылы оның әр түрлі ауруларға төзімділігін күшейтуге болады. Тоған табанын балшық тұнбадан тазартып, қыста сусыз қалдырып аязбен қатырып, жазда күнге қақтап сусыз қалдыру тоғанда кездесетін әр түрлі аурулардан құтылуға мүмкіншілік туғызады. Жазда тоған суын өсіп кеткен су асты, су үсті шөптерінен тазарту да тоғанның санитарлық тазалық жағдайын жақсартады. Балықты, оның уылдырығын т.б. су жәндіктерін бір шаруашылықтан бір шаруашылыққа тасу үшін арнаулы ихтиопатологиялық тексеруден өткізіп және әр түрлі санитарлық-профилактикалық шараларды іске асырғанда ғана ветеринарлық куәлік жазылып оларды тасуға рұқсат беріледі.
Балықтың жұқпалы аурулары табылып анықталған жағдайда халық депутаттары Совет атқару комитетінің шешімімен мұндай тоған балық өсіру шаруашылығына карантин қойылады.
Балық ауруын таратпаудың жолы ол тоғандардың бір-бірімен су қатынасының болмауы, су беру және су ағызу жүйелерінің өз алдына жеке болуы. Балықты тасымалдау, аулау кезінде олардың денесіне дақ түсірмей жұмыс істеу қажет, денесі жараланған балықтарға көбінесе сол жара арқылы инфекция түсіп, ол инфекцияны жинайтын және тарататын көзге айналады. Өлген балықтар болса оларды тоғаннан тез жинап алып, көміп тастап отыру қажет. Тоғанға келіп құйылатын суда өнеркәсіп кәсіпорындарының пайдаланған немесе басқа да ласталған сулар болмауы керек.
Балықтың қызылша ауруы, торсығыынң талаурауы, желбезегіінң жансыздану бранхиомикозы, фурункулез, албырт балығының айналшық ауруы бар шаруашылықтардан балықты ғана емес, оның уылдырығын, судағы балыққа жем болатын омыртқасыз жәндіктерін де тасуға рұқсат етілмейді. Ботриоцефалез, филометроидоз, лигулез т.б. инвазиялық аурулар бар жағдайда да балықты бір шаруашылықтан бір шаруашыққа тасуға болмайды. Балық сыртындағы хилодонеллез, дактилогирус, ихтиофтириоз, триходина, диплостома сияқты паразиттер болғанда балықты тек арнаулы профилактикалық және емдеу шараларын қолдану толық жүзеге асырылғаннан кейін ғана тасымалдауға болады. Балықтағы аурудың тарауы ол тоғандағы балық тығыздығына, оның жасына да тығыз байланысты. Балықтың жас шабағындағы кейбір аурулардың үлкен жастағы балықтарда болмауы немесе кейбір аурулар балық шабағына қауіпті болғанымен олардың үлкен жастағыларына онша қауіпті болмауы және керісінше болатын жағдай кездеседі. Мысалы, бахтақтың айналшық ауруы тек оның жас шабағында болады да үлкенінде болмайды, оның себебі аурудың қоздырушысы балық шабағының жұмсақ шеміршек денесінде ғана өмір сүреді де, ал балық үлкейе бастағанда оның денесіндегі тканьнің қатаюына байланысты онда өмір сүре алмайды. Мысалы, церкариоз диплостомоз тек балықтың жас шабақтарына өте қауіпті, себебі оның личинкалары жас шабақтың жұмсақ терісіне оңай еніп кетеді. Бұл ауруының білініп және тез таралуы судың жылулығына да тығыз байланысты. Қыста көп кездесетін ауруларға хилодонеллез, апиосомоз т.б. жатса, көктемде су жыли бастағанда тұқының қызылша ауруы және т.б. аурулар жандана түседі. Ихтиопатологиялық тексерулерді жиі-жиі жүргізу тоған балықтарының ауруларының бар-жоғын дкр кезінде анықтап және прфилактикалық емдеу шараларын дұрыс қолдануға мүмкіншілік береді. Балық ауруын азайтып, оның тааруын болдырмау оны әр түрлі антипаразитарлық өңдеулерден өткізілуі арқылы іске асады. Бұл әрекет инвазиялық және нфекциялық ауруларға да қарсы жүргізіледі.
Балық туралы зерттеген ғалымдар. Балықты өңдеу туралы алғашқы деректер Ежелгі Мысырдың (б.з.б. 3700-3600 жылы) папирустары мен жартастарындағы суреттерде кездеседі. Балықтарды ғылым тұрғыдан зерттеу жұмыстары 16 ғасырдың ортасынан, француз ғалымдары П.Белона мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz