Неке шартының түсінігі және маңызды шарттары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып: Қазақстан заңнамасы бойынша ерлі зайыптылар мүлкінің шарттық режимі

Кіріспе

  1. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша неке

шартының теориялық маңызы

  1. Неке шартының түсінігі мен отбасы құқығындағы орны және тарихи даму кезеңдері
  2. Некелік құқықтық қатынастар, неке шартын құрастырудың бастамасы ретінде
  3. Неке шарты ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтық қатынастарының негізі ретінде
  1. Қазақстан Республикасы отбасы құқығындағы неке шартының түсінігі, мазмұны және оның тоқтатылуыҚазақстан Республикасының заңдары бойынша ерлі-зайыптылар мүлкінің құқықтық табиғатыНеке шартының түсінігі, жасау тәртібі және оның мазмұныҚазіргі кездегі неке мен отбасын нығайтудағы дәстүрлік неке және отбасы заңдарының рөлі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

2-жоспар

Кіріспе

  1. Ерлі-зайыптылар мүлкінің шарттық режимі туралы жалпы ережелерЕрлі-зайыптылар мүлкінің шарттық режимі ұғымыЕрлі-зайыптылар мүлкінің шарттық режимін мазмұны
  2. Неке шартының түсінігі және сипаттамасыНеке шартының түсінігі және маңызды шарттарыНеке шартын өзгерту, бұзу және тоқтату негіздері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша неке шартының теориялық маңызыНеке шартының түсінігі мен отбасы құқығындағы орны және тарихи даму кезеңдері

Қазақ халық болып құрылмай тұрған сонау ежелгі дәуірлерінен - ақ неке мен отбасына табиғи сұрыптау, тек пәктілігін сақтау, отбасы - ошақ қасы жетекші қызмет атқарған. Болса да, әр дәуірде отбасылық және неке қатынастары құрылымдық жағынан экономикалық, әлеуметтік, рухани өзгерістер әсерінен дамып өзгеріп отырғаны хақ. Қоршаған ортаны адамдардың өздері қалыптастырады. Адамзатқа мыңға жуық әртүрлі құқықтық жүйе белгілі. Ең алғашқы адамзаттың әлеуметтік өмірін қалыптастыру біртіндеп жүзеге асырылды. Адам әртүрлі шығармашылық әрекеттерді жүзеге асырады [1, 192] . Неке және отбасы қатынастары біздің көзқарас бойынша миф, өйткені отбасы - табиғат пен мәдениеттің арасындағы компромисс. Адам организмі мен адам ішіндегі "мен" бұл экцентрикалық байланыс болып табылады.

К. Леви - стос былай деп жазады: "Біз ежелгі кездегі отбасының қатаң нысандарына негізделмеуіміз керек". Неке шарты - қоғам өмірінде жаңалық болып табылмайды. Неке шарты әлеуметтік институт болып бірден пайда болған. Кез келген институттың даму тарихына бар. Неке шартының институтын түсіну қиын, егер оның тарихи процессін білмесен. Отбасы институты ең алғаш салт-дәстүр ретінде дамыса, кейіннен нормативтік тәртіп ретінде қалыптасты. Неке - құқық квалификация қатынасының пайда болуына бағытталған шарт. Рим жеке құқығы мынандай тәртіп енгізеді: "Әлеуметтік өмірде рим азаматтары үшін - теңділік пен еріктілік ең маңызды шарттың бірі болып табылады". Әділділік - бұл тұрақтылық пен еріктіліктің ажырамайтын әркімнің құқығы. Құқықтың келесі қағидасы: адамдардың жақсы өмір сүруі, ешкімге зиян келтірмеу және әркім өзінің құқығына ие. Бұл қағидалар неке және отбасы қатынастарында аз және көп деңгейде қолданылады. Неке шарты, біріншіден рим жеке құқығының гносеологиясы деп қарады, осының нәтижесінде институт қалыптасты. Екіншіден, рим жеке шартын - рационалдық, сенімді сипатқа ие. Үшіншіден, неке шарты концепциялары рим жеке құқығынан пайда болды.

Неке шарты - тек мүліктік қатынастарды ғана емес, сонымен қатар ерлі-зайыптылардың мжалпы қатынастарын реттейді. Осының нәтижесінде неке шарты заттық және міндеттемелік шарттармен анықталады. римдегі отбасы - патриархалдық болып табылады:онда билік анықталған, яғни некелескеннен кейін әйелі күйеуінің үйіне барады (pater familias) . Отбасы - ежелгі кезеңіндегі сокралдық культ негізінде құралған, (ата-аналар, отбасы мүшесі б. т) және ретроспективтік туысқандық негізде (agnatio тууы) . Қандық туыстық идея-(cognatio со-рождение) ежелгі патриархалдық отбасынан бөлек. Осы екі туыстық қатынастарынан - заңдық және табиғи схема қалыптасты: "egenus- species": кім агнат болып табылса, сол когнат, бірақ керісінше болмауы керек. Неке бұл құқықтық институт, ерлі-зайыптылардың некелесуі - ерікті сондықтан заңи шарт болып табылады.

Некенің филологиялық термині ежелгі орыс лексиконында "брачити"- жақсы нәрселерді өзіне алу.

Неке (nuptial, matrimonium) - еркекпен әйелдің әлеуметтік негізінде құрылған одақ, осы одақтан пайда болған балалардың құқықтық жағдайын және ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары мен мұрагерлік құқықтарын анықтайды. Флейниц Е. А. пікірінше: рим отбасы тарихында екі некенің түрін белгілейді - олар әр түрлі нысанда жүзеге асырылады және ерлі-зайыптылардың мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастары, анасының балаларына қатысты жағдайлары әр түрлі белгіленген [2, 332] .

Неке түрлері:

1-ші: "Сum manu" зайыбының жұбайына билік ету (қатаң түрі) .

2-ші: "Sine manu" зайбының жұбайына қатысты ешқандай биліктің болмауы, олардың арасында заңи байланыс жоқ.

Хутыз М. Х. "сum manu" некелесудің ең ежелгі нысаны деп табалды [3, 592] . Қазіргі итальян романисі Ф. Серраро некенің ең маңызды элементі "ерлі-зайыптылардың некеге тұруға ерік білдіруі" [4, 322] . "Sine manu" некесі қарапайым келісім негізінде жүзеге асырылады, заңи акті бойвнша - жігіттің үйіне қызды алып келуі. "Сum manu" некесінен ерекшілігі мұнда күйеуінің еркі өзінде болады. Ал "Sine manu" некесі бір жақты арыз берумен және айырылысудың себептері көрсетілмей ажырасуға құқық беріледі. Некеге тұру алдында құда түсу болады - "sposalial". Ежелгі кезде құда түсу ант беру негізінде жасалды [5, 560] .

Құда түсу классикалық кезеңде қыз бен жігітке моральдық ауыртпашылық түсіреді. Некеге тұру үшін барлық туысқандардың келісімі қажет[6, 684] .

Модестиннің некеге берген анықтамасы: "Huptial sunt coniunctio maris et consortium omnis vitae divini et humani iuris communicatio" (Неке - әйел мен еркектің барлық өмірлерінің бірігуі, адам құқығының қосылуы) [7, 289] . М. Х. Хутыз римдегі некенің ерекшкліктерін айтқанда - әйелде ешқандай жеке мүліктік құқығы болмаған оның жағдайы өзінің балаларының жағдайына теңестірілген [8, 336] . Ал "Sine manu" некесінде керісінше жұбайы зайыбының құқығымен теңестіріледі. Мемлекет римнің жеке құқығын сақтап қалуы мақсатымен, ерлі-зайыптылардың қатынастарына арласқан жоқ. Неке тараптардың мүліктік құқықтарын анықтаған. Ер адам әйелінің қамқоршысы болды. Ерекше режимге қатысты әйелдің барлық мүлкінің тағдыры - отбасының сақталуы мен сақталмауына қарамастан, өздерінде қалды, мұны "dos" - деп атады. М. Х. Хутыз римдердің шарттың түрлерін анықтаған [9, 220] :

  1. міндеттемелік
  2. заттық
  3. некелік

Егер ерлі-зайыптылар ажырасқан жағдайда әркімнің мүлкі өзінде қалады. әйелдің жасауы мен некелескенде берілетін арнайы мүлікті ажырата білуі керек болды, мысалы: сыйға тарту, мұрагерлік негізінде және т. б. 12 кесте формуласында былай делінген; егер ерлі-зайыптылыр ажырасса өзімен алып келеген мүлкінді өзіңмен бірге алып кет - делінген "Res tuas tibi habeto"[10, 286] .

Мүлікке талап арыз - бұл ерекше жеке талап және бұл құқық әйелінің мұрагерлеріне берілді. Сонымен қатар рим құқығында некелесу кезінде неке шарты болған. Егер зайыбы жұбайына зиян келтірсе, онда оған төлемақы төлеп берген . Яғни, "мүлік бағасы - dos austimata". Егер некелесу жүзеге асырылмаса, онда әйелдің жасауын қайтарып беруі тиіс, яғни мұнда төлемақы төленбейді. Мысалы, ажырасқан жағдайда жұбайы сыйға берілген мүлікке зиян келтірсе, онда мүлік зайыбының жағына өтеді.

Льюс Т. Морган "Адам үш фазадан өтеді" деген теорияның белгілі авторы.

  1. Жабайы - оған ең алғаш коммунизмді жатқызды.
  2. Варварствалық - оған жануарларды үйрету, ауылшаруашылықты жатқызды.
  3. Цивилизация - оған моногамдық отбасы, мемлекет, жеке меншік, жазуларды өңдеу және т. б

Некенің үш нысаны адамның үш түрлі кезеңіне қарай дамиды. Мысалы, жабайылық кезеңі - топтасқан неке, варварлық екеуден құрылған неке, цивилизация - моногамия. Қосарласқан неке пайда болғанна бастап әйелді сатып алу мен ұрлау нысаны қалыптасты. Моногамдық нысаны жеке меншік негізінде пайда болды - құлдық, әкесінің билігінің әсер етуі, мұрагерлік институт негізінде қалыптасты. Ф. Энгельс гректердің, француздардың, немістердің некесін зерттеу барысында мынаны байқады - яғни, олардың некелері материалдық есеп негізінде жасалады деген[11, 15] . Ресейде неке отбасы қатынастарының мәселелеріне совет өкіметі кездерінде ғалымдар ізденушілер аса көп көңіл бөлген емес, яғни олардың некелесу әрекеттері қарапайым нысанда қалыптаса берді. Ресей елінде христиан дінін қабылдағаннан кейін, православиялық шіркеудің өкілеттігін енгізеді, яғни онда византиялық тәртіпке көшіреді. Некені тек екі адам құру керек, өйткені ұрпақты жалғастыру үшін және күнәлік өмірден арылу үшін. Некеге бір рет өмір бойы тұру болды. Христиандық неке - өте қиын болды, өйткені барлық талаптарды орындау керек. "Кормч" - кітабына сәйкес, қыз бен жігіттің ата-анасы алдын ала мүлікке қатысты мәселелерді шешкен. Шырақшы некелесу кезінде неке кітабын берген, оны некелесу кезінде міндетті түрде көрсетуі тиіс. Некеге тұру кезінде міндетті түрде олардың жас мөлшері анықталынған, яғни жігіттер үшін 15 жас, ал қыз бала үшін 13 жаста болуы тиіс. Шырақшылар кәрі адамдарды неке қиуы дәстүрін жасамады. Патша 1-ші Петрдің бұйрығымен 80 жастан асқандарға некелесуге болмайды деген бұйрық шығарады. Некеге тұрушылар арасында жас мөлшеріне байланысты үлкен аралық болмауы керек делінген[12, 112] . Жақын туыстары мен және некесі бар адамдармен некелесуге тйым салынған. Некеге 4-ші рет тұруға болмайды делінген. Григорий Великий 1551 жылы канондық құқығында былай делінген: 1-ші неке - заңды, 2-ші неке - кешірім, 3-ші неке - заңды қылмыс, 4-ші неке - таза емес, шошқа өмірі. Петрдің кезеңіне дейін ерлі-зайыптылардың айырылысуына екі жақ келісім берсе, неке бұзылды деп танылды[13, 513] . Москвалық кезеңге дейін әйелдердің құқықтары ерікті болды, яғни "эпоха терема" деген кезең басталды. Онда жоғарғы таптағы әйелдер ешкіммен сөйлеспеген, тек өздерінің жақын туыстарымен ғана араласқан. К. Неволин былай деп есептеді: "Ресейде - күйеуі әйелін өлтіруіне құқығы болған жоқ". әйелін өлтіргені үшін күйеу тек жеңіл жарақатын алды, ал әйелі күйеуін өлтірсе, онда тірідей жерге көмді[14, 456] . Ал рим елінде барлық құқық күйеуінде болды.

1714 жылы әйелдің жасауы оның жеке меншігі болып саналды. Некеге тұру - алып қашу нысанында жасалса, әйел объекті ретінде қарастырылды, ал некеге тұру - сатып алу нысанында жасалса, онда ол мүлкінің көлемі негізінде шектелінді.

Кез келген қоғамның негізі - отбасы. Біздің ата-бабаларымыздыңтұрмыс тіршілігінде отбасы ең маңызды тіршіліктің буыны деп саналып, оны мықты ұстауға өмірдің өзі мәжбүрлеген дей аламыз. Адамзаттың жаратылысының ең басты мақсаты- адамзат ұрпағының үздіксіз жалғасуын, болашақ ұрпақ болуын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылды. Ол қарама-қарсы жыныстағы адамдардың жұптасып, некелесіп отау құруымен қамтамасыз етіледі. Ислам тарихында да бұл жайт айқын айтылады. Адам ата мен хауа анадан туылған Әбіл мен Қабыл, бауырлары мен қарындастары таласып өлтіргені сөз болды. Сөйтіп, "Алғашқы заманда қарындастары ағасының әйелі болған, мұнын өзі әдепсіздікке жатпайтын еді"-деп, К. Маркстің сөзінің жаны бар. Қазақ халқы ұлына да, қызына да бірдей қарап, оларды ешқашан аламаған. "Қызын қияға, ұлын ұяға" деген мағыналы ұғымға үлкен мән берген. "Он бесте отау иесі" деген қағиданы бетке тұтып, өздері жақсы білетін, аралас-құралас жүрген текті де көргенді жерге құда түсіп, ұлдарын үйлендірген, қыздарын ұзатқан[15, 263] . Қазақтар құдалықты қыз бен жігіттің қосылуы деп емес екі отбасының, қала берді екі рудың туыстасуы деп ұққан қазақтар ажырасу үшін үйленбеген.

Қазақтардың ежелгі отбасылық дәстүрлі мен соған қатысты қағида - ережелері халқында мағлұматтар ауыз әдебиетімізде молынан ұшырасады. Мысалы, ата-ана құқықтары, қыз беріп, қыз алу, құда түсіп, қазақ некесінің ерекшеліктері, қалың мал мәселесі, бата бұзу, қыз алып қашу, ажырасу, мирас пен мұра, бала асырап алу және т. б. Қазақтар үлкен патриархал отбасының сипаттарын мығым ұстаған. Өйткені, ежелден бері негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыз бірнеше үйелмен ұрпақтардан құралып, бірге көшіп, бірге қонбаса, бірігіп еңбек етпесе күйзелген болар еді. Ата баласын жасы үлкен, ақылы мен пайымы мол, көпті көрген ақсақалы басқарған. Бір атадан тарап, өз алдында жеке отау құрған ұлдары мен немерелері барлық істі сол ақсақалмен ақылдасып, оның айтқанын екі қылмаған.

Қара шаңырақты қадірлеу ата-баба аруағын ардақтаумен бірдей, бәрі үшін қасиетті саналады. Қазақ жеті атаға дейін қыз берісіп, қыз алыспаған. Туыстардың некелесуіне тыйым салған, мұндай (экзогамиялық) заң әлемдегі халықтар ішінде тек қазақққа ғана тән екендігін мақтанышпен айтамыз.

Тәуке ханның "Жеті жарғысында" еркек 15, әйел 16 жасынан бастап некелесуге ерікті екені жазылған. әйелдің еркектен жасы сәл озып барып тұрмысқа кештеу шығуы үйдің ішкі, сыртқы тіршілігінің бар тауқыметі әйел затына түсетіні себепті болса керек. Қазақтардың құдаласу рәсімі өте күрделі әрі қызық. Кейде бесігінде жатқанда құда түссе, кейде әлі өмірге келмеген ұл-қыздарына да уәделесіп құда бола берген. Неке ісін ата-ана шешеді, ал қыз бен жігіт құлақ асады. Қыз бен жігіттің ата-анасы құдаласуға келісіп, оның белгісі ретінде үкі не сырға тағады. Осыдан кейін заңды некелесу басталады. Қыз әкесі келісімді бұзса, үкі мен сырғаны қайтарады әрі айып төлейді[16, 35] .

Ежелден бергі әдеп-ғұрып заңы бойынша күйеу жағынан құдалары алдымен құдалыққа барып, "құйрық бауыр жесіп", киіт киеді, мініс мінеді. Ең қыибаты жігіт әкесіне беріледі. Құдалардың келу құрметіне жасалған тойда "ақ қойдың қаны ағызылып, ақ бата жасалады". Құйрық бауыр жесісудің мәні ерекше. Бауыр - күллі нәрсенің жақындығының атауы, туыс-жегжаттың белгісі, бір бауырды бөлісіп жеп, бауырласу мың жылдық құда-жегжат болғанын айғақтайды. Күйеу мен қалыңдықтың біреуі өлген жағдайда да құдалық бұзылмайды. Күйеуі өлсе, қалықдық оның бойдақ бауырына тиеді бірге туған бауырлары жоқ болса, онда аталасына тиеді[17, 36] . Күйеудің әкесі ұлына қалың мал мәселесінде көмектесуге тиіс болса, қалыңдық әкесі жасау беруге міндетті. Бұл негізінен киім-кешек төсек орны, кілем киіз, ыдыс-аяқ, үй жабдықтары, киіз үй т. б, ал малдан қыз мінетін ат пен жасау артатын түйе ғана болған. Қалың мал мөлшері мен жасау құралдардың әл-ауқатына қарай өзгеріп отырған. Қалың мал төлеп күйеу кәдесін жасағаннан соң ғана жігіт қалыңдығымен некелесе алған.

Мұсылман құқығы (ал-фикс) кең мағынада ислам жүесінің әлеуметтік нормаларды реттеу және қазіргі құқық жүйесі болып табылады. Мұсылман құқығы Шығыс елдерінің дамуына үлкен әсерін тигізеді. Оның заңи, идеологиялық факторы осы күнге дейін кең орын алуда. Мұсылмандық құқық пен ислам - бұл религиоздық жүйе.

Мұсылмандық құқық - көптеген ғасырлардың әлемдік құқық мәдени ағымының құқықтық жүйесі. Мұсылмандық құқық мемлекетке ислам діни бар жерлерде ресми қолданылады. Оған: Сирия, Ливан, Иран, Ирак, Афганистан, Пәкістан, Египет, Алжир, Судан, Кения, Камерун, Танзания, Иордания және т. б. жатады[18, 160] . Мұсылман елдерінде құқық жүйесі әр түрлі - бірақ оның негізін ислам діні жүзеге асырады. Ислам заңгерлерінің оқуы бойынша шариат - адам өміріндегі барлық құқық жүйесін қамтиды.

Шариат - 11қағидаға негізделеді. Қағидасының бірі -Халал мен Харам бұл алланың әрекеті болып табылады. Келесі қағидасында - құқыққа сай және құқыққа қайшы әрекеті алланың еркі бойынша жүзеге асырылады. Шариат өзіне 3 түрлі алланың бұйрығын алады:

  1. Жалпы құқықтар, исламның әлемдік көзқарастарын көрсетеді. Яғни, индивидтердің әрекеттеріне тәртіп пен бағыт береді.
  2. Ереже - адамның ішкі жан дүниесіне тәртіп.
  3. Кодекс - жеке, отбасылық, экономикалық, және басқа шеңберде адамдардың практикалық тәртібін белгілеу.

Фикс ғылымы 2 негізгі шеңберге бөледі :

  1. түбір немесе негіз (усул - құранның қағидасы мен әдістемелері) .
  2. бұтақ немесе жиынтық (фуру - позитивтік құқық) [19, 130с] . Мұсылман құқығының қайнар көзі - Сунна, әрекет, тәртіп, Магометтің болжамдары[20, 114с] .
  3. Иджа - қайнаркөзі, келісім, оқытушы мен заңгерлердің шығарған қағидалары[21, 526с] .
  4. Кийяс - қайнар көзі, аналогиялық тұрғыдан ой бекіту.

Мұсылман құқығы басқа құқық жүйелерінен өзінше ерекшелінеді; термины, нормалары, құрылымы мен құрылысы жағынан. Мәселен, континенталдық европалық заңгерлер үшін мұны алланың әрекеті деп түсінеді.

Мұсылмандар үшін адамның ішкі жан дүниесі дін бойынша ол сүйеніш, ал әлеуметтік ұйымда- отбасы. Мұсылмандар үшін ең жақсы құқық - отбасы болып табылады. Неке және отбасы мұсылмандар үшін ортаңғы орынға ие. Неке - ерлі-зайыптылардың алла алдындағы міндетті деп саналынады. Некеге тұру бұл барлық талаптарды орындау, яғни белгілі бір кәмелет жасына толу, қалым мөлшерін анықтау және т. б [22, 154с] . Исламда неке - бұл таза, шынайы әрекет. Некелесу кезінде барлық әрекеттер сақталынуы тиіс:

  1. иджоба ве кабуль - жариялау, ерлі зайыптылардың өзара келісімін куә алдында жариялау.
  2. неке міндетін орындау да, екі рукет намазын ерекше оқу.
  3. неке шартын жасасқанның алдында - неке актісін құру керек және мехра санын анықтау қажет.

Сиггэ - барлық міндеттер орындалғаннан кейін және нақты келісім берілген соң, ауызша жарияланатын міндет болып табылады[23, 135с] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Неке шартының мазмұны мен түсінігі
Неке шартының тәртібі
Неке шартының құқықтық табиғаты
Халықаралық жеке құқықтағы неке қатынастарының түсінігі
Неке, отбасы қатынастарының құқығы
Сыйға тарту шартының жалпы сипаттамас
Неке шартының жарамсыздығы
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша неке шарты
Халықаралық дербес құқық пәнінен дәрістер
Неке шарты (контрактісі)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz