Қазақ ұлттық өнер университеті


Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі
Қазақ ұлттық өнер университеті
«Музыкалық білім беру» кафедрасы
Дипломдық жұмыс
«Мектепке дейінгі балалардың музыкалық ырғақтық сезімін дамытудың негізгі ерекшеліктері »
5В010600 «Музыкалық білім беру»
Орындаған:
Бабажан М.
Ғылыми жетекшісі:
аға оқытушы Ақболатов Д. К
Музыка сабағында ұлттық ойындарды қолдану негіздері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
І тарау. Музыка сабағында ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздері . . .
1. 1 Педагогика тарихында ұлттық ойындардың зерттелу жайы . . .
1. 2 Музыка сабағында бастауыш сынып оқушыларына ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы . . .
ІІ тарау. Музыка сабағында ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың әдіс тәсілдері . . .
2. 1 Музыка сабағында ұлттық ойын элементтерін пайдалану жолдары
2. 2 Музыка сабағында ұлттық ойындарды қолданудағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар . . .
2. 3 Сабақ жоспарының үлгілері . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
КІРІСПЕ
Біздің қазіргі дағдарысты қоғамдағы мәдениетіміздің жағдайы - қазақтың халық педагогикасының жаңа ұстанымдары мен тұжырымдамаларын іздеуге мәжбүрлейді. Әсіресе, қайта құру кезеңдерінен кейінгі мәдениеттанудың өзекті мәселелері қазіргі заманауи әлеуметтік жағдайда да көкейкестілігін жоғалтқан емес. Бұл мәселенің бірден-бір өзектілігі - тұлғаны жан-жақты дамыту болып табылады.
Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері білім, ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпыадамзаттық және жеке ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің басым міндеттері ретінде ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, ұлттық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу, отандық және әлемдік мәдениеттің озық жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін зерделеу атап көрсетілген. Республикамыздың Этнопедагогика саласындағы жетекші ғалымдары К. Б. Жарықбаев, С. К. Қалиев, С. А. Ұзақбаева, Ж. Ж. Наурызбай, К. Ж. Қожахметова және т. б. өздерінің еңбектерінде қазақ халқының тарихындағы салт-дәстүр, тұрмыс-тіршілігі туралы білімдерінің болашақ өскелең ұрпақтан талап етілетіндігін атап көрсетеді.
Елбасымыз, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың биылғы жарияланған жолдауы жастарды бір серпілтіп, бойына жігер сыйлағандай. Cебебі еліміздің болашағы - жастарға айрықша көңіл бөліп, жастар жылын қабылдауға ұсыныс білдіруі қоғамның ауызбірлігін еселеп арттырды. Жастар - қоғамның қозғаушы күші. Бүгінгі жастар креативті пікірге ие. Шыны керек, қазір жастар арасында соңғы инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жобалар ұсынып жүргендері баршылық. Түрлі жаңа технологияның игіліктерін біліп, көріп жүрген де солар. Инновациялық жобаларды халықаралық деңгейдегі сайыстарға қатыстырып, арнайы грант ұтып алған жастар көп. Ал оны ғылыми тұрғыда жүзеге асыруға қаржылық қолдау қажет. Демек, мемлекет тарапынан озық идеяларға, ұтымды жобаларға арнайы қаржы қарастырылып, жүзеге асуына мұрындық болған жөн. Онсыз білімді жастар шетел асып, басқа елдің атынан шығуы әбден мүмкін. Сол себептен ғылымды дамытамыз десек, әуелі инновациялық жобаларды мақұлдау қажет[1] .
Қазіргі таңда Қазақстанның Тәуелсіздікке ие болған жаңа тарихи жағдайында көркемдік мұраның аясындағы ұлттық құндылықтарымызды сақтау, оны дамытып қайта жаңғырту мәселелері ерекше мағыналы және өзекті орын алып отырғаны баршамызға мәлім. Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны мектеп оқушыларының білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын оқушыларға қозғау салуға, оларға түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге ие: балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін оның оңайлығы мен игерімділігі, демократиялылығы («ойын барлығын да қабылдайды»), игерілуі тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең бастысы - балалар үшін ойынның тартымдылығы. Ойын - бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтарр, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойынның рөлін жоғары бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, атын - түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады. Мектепте өткізілетін кез келген сабақтың түрлері оқушылардың ойлау қабілетін, сезімін дамытып, адам болып қалыптасуына бағытталуы тиіс. Музыка сабағында мұндай оқу тәсілдерінің мүмкіндіктері шексіз деуге болады. Өйткені, бәрімізге белгілі барлық уақыттардағы музыканың адам қасиеттерінің ең жақсы да жағымды жақтарын оята алатындығында.
Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ойындарымен таныса отырып, көзіміз әбден жетеді. Халық ойындарын сабақтарда пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен бері кұштастыруға қолайлы. «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», - деп өлеңде айтылатындай, бала өміріңде ойын ерекше орын алады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезініп, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет танытып, түрлі психологиялык түсінікпен сезім әрекетіне сүңгиді. Ойын үстінде бала шынайы өмірдегідей қуаныш пен реніш сезімінде болады. Ұлттық ойын ойнау арқылы оқушылардың өз салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілігі артады.
Қазақ халқының оқыту мен тәрбиелеу психологиясына қатысты іргелі ой-пікірлер қалдырған қазақтың біртуар дарабоздары Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин Ш. Құдайбердіұлы, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, С. Торайғыров, Ж. Жарықбаев және т. с. сынды ғалымдар мен ұстаздардың зерттеу еңбектерінде ерекше мән беріліп көрініс тапты. Оқыту процесінде халық педагогикасының құрамды бір бөлігі - ұлт ойындарын пайдаланудың маңызы жөнінде жазылған еңбектерде аз емес. Олардың қатарында Қ. Б. Жарықбаевтың, С. Қ. Қалиевтың, С. А. Ұзақбаеваның, Р. Қ. Төлеубекованың, Е. Сағындықовтың зерттеу жұмыстарын жатқызуға болады. Бірақ бұл еңбектерде ұлттық ойын элементтерін бастауыш сынып оқушыларың музыка сабағында пайдалану мәселесі арнайы зерттеу мақсаты ретінде қойылмаған. Сондықтан, бүгінгі таңда бастауыш оқыту жүйесінде мынадай қайшылық бар екендігі байқалады: бастауыш оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, ұлттық сезімін ояту мақсатында ұлттық ойын элементтерін пайдалану қажеттігі мен оның іс жүзілік тұрғыда іске асырылмауы арасында. Бұл қайшылықтың шешімін іздестіріп табу дипломдық жұмысымыздың тақырыбын «Музыка сабағында ұлттық ойындарды қолдану негіздері» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: Музыка сабағында ұлттық ойындарды қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырып шығармашылық белсенділікке тәрбиелеу.
Зерттеу міндеттері :
- Музыка сабығында ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық-психологиялық аспектілерін ашу;
- Педагогика тарихындағы ұлттық ойындарды қолданудың тәрбиелік маңызын анықтау;
- Музыка сабығында ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың тиімді жолдарын анықтау;
- Дипломалды сабақтар кезінде тәжірибелік -эксперимент жұмыстарын жүргізу, зерттеу қорытындысының нәтижесіне талдау жасау.
Зерттеудің нысаны: - мектептегі музыка сабағында ұлттық ойындарды қолдану.
Зерттеудің пәні: Музыка сабағында ұлттық ойындарды қолдану негіздері.
Зерттеу әдістері : Зерттеу проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік, философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау; мектептің музыка пәні мұғалімдерінің музыкалық білім мен тәрбие берудегі іс-әрекеттері, тәжірибесі; мектеп құжаттарымен (ресми материалдар, жоспарлар, бағдарламалар және т. б. ) танысу, мұғалімдердің жұмыс нәтижесін салыстыру, сауалнама және әңгімелесу, педагогикалық бақылау, музыка сабақтарында жүргізілген іс-тәжірибелерді сараптау, эксперимент нәтижесінде баға беру.
І тарау. Музыка сабағында ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздері
1. 1 Педагогика тарихында ұлттық ойындардың зерттелу жайы
Халқымыздың тарихи мәдени мұраларының түрлері сан алуан солардың қай-қайсында адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған.
Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі - ұлт ойындары. Бүгінде ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек, адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан - жәй емес.
Қазақ халқы материялдық мұраларға мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі болып табылады. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады.
Ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспайды. Демек, зерттеуді өз тарихынан бастау ғылыми жетістіктерін игерумен қатар, оның одан ары бастауына үлкен мүмкіндіктер туғызады.
Дәл осы жағдай қазақ ұлттық ойындарының даму тарихына да қатынасы болса керек. Қазіргі кешеніне келген Маркстік тарихи ғылымдарының дәлелдеуі бойынша күні бүгінгі бізге жеткен ұлт ойындарының қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласының жаратылған күнінен, демек қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады.
Халқымыздың ұлы перзентінің бірі заманымыздың аса көрнекті жазушысы М. О. Әуезов «Біздің халқымыздың өмір кешкен-ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан ой өнері бар. Ойын деген менің түсінігімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыруға ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған» - деп тегіннен айтпаса керек [2] .
Ұлттық ойындар сол халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайларына байланысты туып дамығанына қазақ халқының ұлттық ойындары мен таныса отырып көзіміз әбден жетеді себебі қазақ халқының ұлттық ойындары өте ертеде туып, оның көші-қоны тұрмыс жағдайларына байланысты болған.
Ұлт ойындар осылайша атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған және халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі, көрінісі де болған.
Алғашқы қауымдық кезеңнен біздерге жетіп, ойналып жүрген ұлт ойындарының ішіндегі әр алуан құмалақ ойындары, бестас, асық, садақ ату, қарагие тағы басқалары шамамен алғанда 5000 жылдар айналғандығы жайында ағылшын ғалымы Э. Маккей “бұл ойындарының барлығы дерлік Азия елдерінде тайпалық одақтардың арасында тарағанға ұқсайды” дейді. Сондай-ақ мұндай пікірлерді Венецияның саяхатшысы Марко Поло да қостайды. Ол өзінің Жетісу бойында болған сапарында көрген “Қызбөрі” ойыны да Қазақстан территориясындағы тайпалардың пайда болған кезімен яғни таптық қатнастан бірге туғандығы жайлы ескертеді. Мәселен, тарихи уақиға Қазақстан жерін мекендеген көшпелі тайпалардың кезіндегі негізгі кәсібі болған аңшылық келе - келе жекелеген тайпа мүшелерінің қоғамдағы орны мен рөлін анықтады. Осыдан барып тайпалардың аңға шығардағы жасаған жатығулары кезінде «Қарагие» ойынын туғызды [3] .
Қазақ балаларында ойыншық болған жоқ десек те болады, тек қана балалардың өздері жасалған зырындауын, қуыршақ пен балшықтан істеген ат, түйе, қой, ит т. б. жануарлар бейнесі ғана болды. Бұл ойыншықтар сыртқы әсемдік жағынан балаларды онша қызықтыра қоймады, сонда да, антропологиялық көзбен қарайтын болса, осы ұсыныс ойыншықтар балаларды еңбекке баулып, өздері жасағандықтан құнды болды. Мәселен «Қой бағу» ойынында балалар құмалақты пайдаланады. Түйенің кепкен құмалағынан «қой» қой құмалағынан «қозы» жайып қораға қашап, «қоздатып», «көшіп-қонып» күнделікті халық өміріндегі болып жатқан оқиғалар мен байланыстырады. Балалардың ойындары сол күндегі қоғам өміріне негізделіп, күнделікті тіршіліктің қалыптасқандығын аңғартады.
Барлық білім тәжрибеден, түсініктен аңғарудан туады. Олдай болса, бала өзін қоршаған дүние туралы алғашқы түсінікті ойын үстінде алады. Ол дүние сырларын түсініп аңғарады, тәжірибе жинақтайды.
Қазақ халқы - ұлт ойындарына бай халықтардың бірі. Бірақ ол ерте, де ауызекі туып, жалпақ жұртқа ауызекі таратып отырған. Сондықан көпшілігі бүгінігі күнге жетпей ұмыт болып кеткен [4] .
Қазақтың ұлттық ойындары туралы қағаз бетіне алғашқы деректер ХІІІ ғасырдан басталады. Қазақтың ұлт ойындары туралы алғаш пікір айтушылар мен оның жеке нұсқаларын жинаушыладың қай - қайсысы болмасын, оны жоғары бағалап, көшпелі халықтан мұндай өрелі өнерді күтегендіктерін сөз етеді.
ХІІІ ғасырдың бірінші жартысында Италия саяхатшысы Плано Карпини Хорезм, Жетісу және Тарбағатай арқылы Монғоляға барып, одан еліне қайтқан сапарында жинаған материялынан «Монғолия тарихы» атты еңбегін жазды. Мұнда ол Монғолияның көршісі болған орта жүздің бір руы Тарбағатай наймандарының өмірі мен әдет-ғұрыптары, демалыс уақытын өткізгендегі ойын - сауықтары жайлы, жауынгерлік ерліктері туралы айтылады.
Италия саяхатшысы Марко Поло өзінің Қазақстанға жасаған саяхатында Жетісу бойындағы қазақ ауылының мерекелі тойларында болып, ойын сауықтарын көріп, көптеген ұлт шығу тарихына, қалыптасу дәуіріне де болжам айтқан.
ХХ ғасырдағы көрнекті Нидерланды ойшылы И. Хейзинг «Ойнаушы адам» ұғымы «Жасаушы адам» ретінде елеулі қызметті бейнелейтіндігін айтады. Шындығында іс-әрекеттің қалған түрлерінің ешқайсысында да адам ойындағыдай өзінің психофизиологиялық, интеллектуалдық мүмкіндіктерін әйгілей алмайды. Ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіліңді аулайды, демалыс сыйлайды. Баланы ойыннан ажырату-оның дамуының басты көзінен, шығармашылық импульсінен және әлемді тану үдерісін жандандырудан айыру болып табылады. Ойын-баланың барлық өмірлік бағыттарының реттеушісі. Дидактикалық ойындар таным және бастауыш білім беруде оқушылардың іс-әрекетінің белсендіргіші. Ол балалардағы балаға тән қасиеттерді сақтайды және дамытады, балалардың өмір мектебі және «даму тәжірибесі» Бала ойнай отырып өмірді таниды, өзін оған дайындайды, жасампаз адам ретінде қалыптасады [5] .
«Оқу құралдарының мінезі-мектеп мінезінің айнасы»-деп атақты ұлы педагог, ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, біздің берер білім, тәрбие жолына пайдаланылатын әдістемелер мәнді болуы керек. Ол үшін бала ұғымына, қабылдауына сәйкестендіріліп ойын ұйымдастыруы қажет. Балаға арналған білім баланың ақылына лайықталап, талабын шабыттандыратындай, ойын оятарлық, іскерлігін дамытарлықтай, бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы керек. Оқушылардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту мұғалімнің негізгі міндеті. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, түрлі дағды мен шеберлікті меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды. Олай болса, ойынды қай сәттерде, не мақсаттпен пайдаланатынымызға аса назар аудару қажет. Мысалы, балалардың ой-өрісін дамыту үшін «Санамақ» ойынын қолдануға болады. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілітін жетілдіру. Атау ұйқастарын санау арқылы бала сандардың атын атауға үйренеді, санға аты ұқсас заттарды танып біледі:
Бір дегеніміз-білеу,
Екі дегеніміз-егеу,
Үш дегеніміз үкі,
Төрт денегіміз төсек, т. б.
«Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «ақсүйек» тағылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады [6] .
Д. Б. Эльконин ойын іс-әрекетінің дамуындағы екі әлеуметтік баспалдақтарды анықтап көрсетті: 1) заттармен әрекеттестікті бейнелейтін ойындар; 2) рөлдік ойындар [7] .
Ойын тұтас ұжымды тәрбиелеудің тамаша құралы болып табылады. Ойын талаптарын орындау арқылы балалар өздерінің мінез-құлқы мен жүріс-тұрыстарын басқаруды үйренеді, оларда ұжымгершілік пен жауапкершілік сезімі дами түседі. Бір ойынға қатысушының ереже бұзуы тұтас команда нәтижелерінен көрініс тауып отырады. Ұжым талаптарын қайта-қайта бұзушылық болған жағдайда оны ойнаушылар қатарына қабылдамай қоюға болады. Ал бұл ықпал көрсетудің салмақты, байыпты шарасы болып саналады. Өйткені балаларды ойынға тартып, қатыстырудан басқа, ұжымда бірлікте болуға ұмтылу және белгілі орынды иемденуге деген ұмтылыс та олар үшін айрықша роль атқарады. Ойын балалардың белсенді қарым-қатынасқа және де ұжымдық іс-әрекетке деген мұқтаждықтарын қанағаттандырады. Ойын ұжымдағы жалпы нормалар мен құндылықтарды қалыптастырады. Дидактикалық ойындар қоршаған өмір құбылыстары мен заттары жөніндегі балалардың білімін нақтылайды, елестете алуды, сөйлеуді дамытып оқумен, санауды және т. б. үйретеді.
Біз өз зерттеуімізде төмендегідей түсініктемені ұстандық: дидактикалық ойындар-бұл ойындық және танымдық негізден тұратын іс-әрекет түрі. Баланың мектепке келуінен кейін ойын іс-әрекеттің жетекші түрі болмай қалады, дегенмен бұрынғыша баланың дамуы мен қалыптасуында елелулі орын алады. Мұндай пікірлерді Т. Е. Конникова, Ф. И. Фрадкина және т. б. көптеген ғалымдар қолдайды. Олар мектеп жасына дейінгі балалықтың аяқталуымен бірге ойынның өлмейтіндігін, тек қана өмір сүруді жалғастырып қана қоймай өзіндік үлгіде дами беретіндігін айқындайды [8] .
Оқыту, білім беру мақсатында ойындарды пайдаланудың мақсатқа сәйкестілігін мойындауды біз ежелгі дүниеден де табамыз. Ойынды оқыту, білім беру және тәрбие беру құралы ретіндегі алғашқы жазбаларды біз ежелгі грек философы Платонның еңбектерінен кездестіреміз. Ол ойынның маңызды ролін барынша терең түсінді және ойындық тәсілдер балалардың оқуын, білімді меңгеруін оңайлатады деп санады. Рим мектептерінде Қайта өрлеу дәуірінде балаларды оқуға үйрету кезінде ойындарды енгізу міндетті түрде талап етілген болатын. Оқудағы ойын мәселесіне Р. Оуэн, Ф. Фребель, Ж. Фурье секілді ғалымдар да айрықша назар аударған. Олар, ойын балалардың ең қиын деген түсініктерді меңгеруді жеңілдетеді деп көрсетті. Ф. Фребель арнайы әдістеме әдістеме жасады және балаларды оқыту, оларға білім беру тек қана ойындық тәсілдер көмегімен ғана жүзеге асырылатын мектептерді Германияда құруға әрекет жасады [9] .
К. Д. Ушинский бүкіл оқу үрдісін ойынға айналдыруға табанды түрде қарсы шықты. Дегенмен балалардың есте сақтау қабілетін, ынта мен оқуға деген қызығушылығын жоғарылатуда ойындардың маңыздылығына педагогтардың назарын аударуға әрекеттенді. Ол сонымен қоса ойын арқылы тұлғаның қандай да бір қыры ғана емес, тұтас адам қалыптасады деп санады. Ғалым ойындарды пайдалануға қатысты көптеген құнды кеңестер берді. Мәселен ойын негізінде балаларда белсенді шығармашылық іс-әрекетке деген құштарлық пен ынтызарлықты дамытуды ұсынды [10] .
Елімізде жүріп жатқан саяси-әлеуметтік реформаларға байланысты жалпы білім беру салаларына қойылатын талаптар да өзгеруде. Себебі білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші роль атқарады.
Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-еліміздегі білім беруді халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын жетілдіру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ.
Қазақтың ұлттық ойындары жайындағы деректер Қазақстан жерінде болмаған кейбір шетел ғалымдарының зерттеулерінде де кездеседі. Мәселен: Австрия дипломаты С. Герберштейннің 1516-1517 және 1526-1527 жылдары Москвада болып, Қазақтарды білетін орыстардың ауызша айтуынан жазып алғандары 1549 жылы латын тілінде “Записко о Московских делах” деген атпен жарық көрді. Бұл еңбегінде қазақ жері, халқының әдет-ғұрпы, орыс халқымен қарым-қатынасы, ойын - сауықтары жайында жазған. Сондай-ақ италия ғалымы Павло Иовия Новокамский 1525 жылы Римде орыстың белгілі елшісі Дмитрий Геросимов пен кездесіп, соның айтуымен «Книга о Московском посольстве» атты еңбегін жарыққа шығарады. П. И. Новокамский бұл еңбегінде қазіргі Қазақстан жеріндегі көшпелі рулардың этнографиясы, жері, орыс халқы мен аралас сауда-саттық жұмыстары, сондай-ақ ойын сауықтары жайында жазған. Мұндай анықтаманы дәлелдейтін мағлұматтар Германиядағы Лейден университетенің архивінде де сақталған.
XVII ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының өмірі жайында көптеген материалдар жинаған орыс ғалымдарының бірі П. С. Паллос болды. Ол 1767 жылы Батыс Сібірі мен Орал бойына жасаған экспедицияны басқарып, осы сапарында жиналған материалдардан 1773 жылы «Путешествие по разным провинциям Россиской империй» атты еңбектерінің жинағын шығарды. Осы еңбектің «Известия о киргизах» атты бөлімі түгелдей қазақ халқының этнографиясына арналған, халықтың ойын сауықтарының қалай өтетендігі, демалыс уақытын қалай өткізетіндегі, аңшылық өнері қарастырылып мысалдар келтірілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz