Мал шаруашылығының даму тарихы
Кіріспе
Мал шаруашылығы ежелден қазақтарға тән шаруашылық түрі болып табылады. Қазақстанда, әсіресе қой-ешкі, жылқы, мүйізді ірі қара шаруашылықтары айтарлықтай дамып, халықтың күнкөріс көзі болып табылған. Мал және оның өнімдері Ресей, Қытай т.б. көрші елдерге өнеркәсіп бұйымдарына алмастырып отырды.
Қазақтар ертеден әрбір мал түрінің ерекшеліктерін жете біліп, әсіресе мал жайылымдарының жылдың қай мезгілінде малды қалай бағу керектігінің білгірі болды.
Кеңес дәуірінде Қазақстан Одақтың шығысындағы оның басты мал шаруашылықты зонасы болып табылып, малдың өнімдерінен еліміз көлемінде жетекші орынды алып, басқа да аудандарды қамтамасыз етіп отырды.
Кеңестік дәуірдегі жүргізілген коллективтендіру жұмыстары және Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуінің қиындықтары салдарынан еліміздің мал саны өте азайып кетті. Қазір экономикалық жағдайдың жақсаруынан еліміздің мал саны артып келеді. Бұған жеке шаруа қожалықтарға көрсетілетін қолдау да түрткі болып отыр. Осындай шаруа қожалықтардың бірі Айбарбаев шаруа қожалығы. Менің дипломдық жұмысым осы шаруашылықтағы бұзаулардың өсу мен дамуын бақылауға арналған. Мал - Қазақстанның жетекші шаруашылық саласы болып қала береді. Мал шаруашылығын дамытуға Қазақстанда жағдай бар.
Мал шаруашылығының даму тарихы.
Біздің елімізде жайылымдық мал шаруашылығы мыңдаған жылдар бойы тарихи дамыған. Қазақстанның табиғат жағдайы, мал шаруашылығына пайдаланылатын жерлерге жайылым үлесінің басым болуы мен жем-шөп қорының ерекшелігіне байланысты қазақ халқы мал өсірудің ерекше жүйелерін дамытуға, олардың өнімдерін өңдеуге табиғатты дұрыс және ұқыпты пайдалануға тарихи үлес қосты. Мал шаруашылығын дамытуда қазақ халқының ұзақ уақыт жылдар бойы жиналған тәжірибесі ХХ ғ. ұзақ уақыт жылдар бойы жиналған тәжірибесі ХХ ғ. 30-шы жылдары бұзыла бастады. Кеңес үкіметінің кері қағар шешімдерінің әсерінен табиғи жем-шөп алқаптарының кемуіне және оның шығымдылығының азаюына әкеп соқты. Оларға мынандай себептер жатады:
Қысқа мерзімде ауыл халқын еріксіз кеңестік ұжымдастыруға және мал шаруашылығын отырықшылық жүйеге көшіру;
Пайдалы қазбалар кеніш орындарын пайдалануға табиғат қорғау (әсіресе жерді) шараларын ескермеу. Мұның арқасында миллиондаған гектра жайылым істен шығып, оларда әр түрлі зиянды өнеркәсіп қалдықтары жиналып, жасанды рельеф формалары (шұңқырлар, төбелер т.б.) пайда болды;
Жайылымдық жерлердің үлкен бөлігін әскери-өнеркәсіптік кешендері алып қойды (Семей полигоны), яғни 12 млн.га сапалы жайылым олардың қарамағында болды;
Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде жерді жыртуға байланысты құрғақ-двлв зонасының басым көпшілігі, тау етектері мен шөл және шөлейт зоналарындағы құнарлы топырақты, әр түрлі өсімдіктерге бай, шығымдылығы жоғары жайылымдар құрып кетті;
ХХғ. 60-шы жылдары мемлекеттік қорға жататын ерлерде ешқандай негізсіз құрылған 150-дей қой шаруашылығына мамандандырылған кеңшарлардың жайылымдары деградацияға (азуға) ұшырады;
182,1 мнл.га жайылымның 15 млн га-ы пайдалануға жарамсыз болып, ал 60 млн.га жер шөлейттену процесіне ұшырады. Дегенмен, жайылымды толығымен пайдалану үшін Кеңес үкіметі кезеңінде оны суландыру жұмыстары кеңінен жүргізілді. Ол үшін әр түрлі инженерлік жүйелер, 72 мыңнан астам құдықтар іске қосылды. Жер бетіндегі суларды пайдалану арқылы 22-24 млн.га жайылым мал шаруашылығына пайдалануға мүмкіндік алды. Соңғы кезеңдерде малды суаруға арналған инд\женерлік жүйелердің істен шығуы, ескіруіғ жөндеу жұмысының жүргізілмеуі, мал шаруашылығын реформалауға байланысты жаға шаруашылық жүйелердің құрылуына қарамастан, табиғатты, оның ішінде жайылымды дұрыс пайдалану және қорғау басты мәселелердің бірі болып қала береді.
Тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты мал шаруашылығын дамыту және орналастыруда жем-шөп егіс алқаптары 21,5 есеге, яғни 495 мың га-дан 11066 мың га-ға жетті. 1990 жылы жем егіс алқабының құрамында көпжылдық шөп 46,0%, біржылдық шөп -31,5 сүрлемдік жүгері -20,6 тамырлы жем-шөптер 19% болды. 1970-1990 жылдары жем-шөптің жалпы өнімі 28747 мыңнан 44503 мың тоннаға жетті. Ал ондағы пішен мен көк жем-шөптің үлесі 51,5%. Сүрлемдік жүгері 47,8% болды. 2003 жылы мал-азықтық дақылдар алқабы 2399,3 мың га-ға, яғни 1990 жылғымен салыстырғанда 21 есеге азайады.
Ірі қара мал басы саны, млн.бас
Жылдар
1990
2000
2003
2004
2006
2008
2010
2012
2014
2016
2018
Млн.бас
9,8
4,1
4,8
5,2
5,6
5,9
6,1
5,7
5,9
6,8
7,8
Ірі қара мал басының өсу қарқындылығының төмендеуі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезеңінде және 1991 ж. Басталған экономикалық дағдарыстарға байланысты болды. Дегенмен, 1999 жылдан ірі қара малының басы өсе бастады. 2000ж. Салыстырғанда 2003ж. 17%-ға ұлғайды. Ірі қара малын өсіру Қазақстанның барлық облыстарында (Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарынан басқа) дамыған. Оның бағыттары-ет және сүт өнімдерін алу. Ірі қара малы шоғырланған облыстарға Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан жатады, сонымен бірге Шығыс Қазақстан, Алматы және Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында мал басы саны жағынан ерекшеленеді. Бұл жеті облыстың үлесіне 66% еліміздің ірі қара мал басы тиеді. Ірі қара малын өсіру жеке меншік шаруашылығы дамуына байланысты оның орналасуында және мамандануында біраз территориялық өзгерістер болады.
Ірі қара мал шаруашылығы дамуының ерекшелігі жем-шөп ресурстарына байланысты, дәлірек айтсақ дәнді-дақылдар және бұршақ дәнді дақылдар тұқымдас өсімдіктердің таралуына және шабындықтың үлесі біршама үлкен алаңдарға тәуелді. Шөлейт және шөл зоналарында ірі қара мал шаруашылығы жеп-шөп қорын жинауға мүмкіндігі бар және жайылымдыққа жарамды өсімдік жамылғысы бар өңірлерде тараған. Сонымен бірге қала маңайында маманданған ірі қара мал шаруашылығы негізінен қала халқын сүт және оның өнімдерімен қамтамасыз ету үшін орнаасқан. Сонымен қатар, егін шаруашылығына байланысты, Солтүстік Қазақстан облысы аудандарығ Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарының егін шаруашылығы дамыған солтүстік аймақтарында ірі қара мал шаруашылығы жақсы дамыған, яғни бұл аймақтарда жайылымдық жем-шөп дайындауға мүмкіндік бар.
Ірі қара төлін өсірудің маңызы
Мал тұқымын асылдандыру, олардың өнімділігін жылдан-жылға арттыру және малдың конституциялық-экстерьерлік мықтылығын дамыту ісі төлді жақсы өсіруге байланысты. Әсіресе аса сүтті ірі қара малы мен бұқалардан алынған бұзауларға, ата-тектерінің қасиеттерін дамыту үшін, шаруашылықтың өзінде бар азықты жегізіп үйреткен дұрыс. Мал жастайынан азықпен толық қамтамасыз етілсе, олардың тұқым қуалаушылық заңдылықтары толық айқындала алады. Мал төлден өседі. Сондықтан мал шаруашылығының тәжірибелі бақташылары тумаған бұзаудың қамын оның ана құрсағында жатқан кезінен бастап ойлайды. Бұзау туғаннан кейін оларды көлемді, шырынды азықтарды көп, ал жемді азырақ беріп өсіреді. Етті ірі қара мао шаруашылығында керісінше, жемді көбірек береді. Бірінші тәсілді қолданғанда өсіп келе жатқан малдардың организмінде зат алмасу күшейіп, әрі ас қорыту органдары жақсы жетіледі. Сөйтіп, мұның барлығы сүттің көп болуына әсер тигізеді. Екіншісінде, етті шаруашылықта бұзауларға жемді көп беруден аз уақыттың ішінде көп салмақ қосады.
Сүтті мал шаруашылықтарында бұзауларға қолдан сүт беру тәсілін қолданып, бірнеше бұзауды бір ірі қараға бекітіп, сол ірі қараның сүтін емізіп өсіреді. Етті ірі қара шаруашылығында бұзауларды 6-8 айға дейін енелерімен бірге, әрі қосымша азық беріп өсіреді. Мұның өзі ек бағыттағы шаруашылықтардың бұзау өсіру тәсілдерінің әр түрлі екендігін көрсетеді.
Төл өсірудің теориялық негізі
Ірі қара малының сүттілік және еттілік тұқым қуалау қасиеттері қалыптасып даму үшін, оларға қолайлы орта жағдай болукерек. Оның бастысы- малды дұрыс азықтандыру және дұрыс пайдалану.
Малдың организмі мен сыртқы ортада тығыз байланыс бар, сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты жас организім де өзгеріп, онда әр түрлі құбылыс болады, әсіресе ас малдың өсіп-дамуына және өнімділігінің қалыптасуына тұқым қуалау заңдылығымен қатар азықтандыру көп әсер етеді. Мал дұрыс азықтандырылмаса немесе мал азығы жетіспесе, оның тұқым қуалаушылық қасиеті жүзеге аспай қалуы сөзсіз. Азықтандырудың бірінші тәсілін қолданып, оның өнімдік қасиетін де өзгертуге болады. Сондықтан төл өсіру ірі қара табынынан өнімді көп алудың негізгі бір жолы.
Малдың өнімдік және тұқымдық қасиетінің қалыптасуы дұрыс азықтандырумен қатар олардың эмбрионалдық (бұзаулағанға дейін) және постэмбрионалдық (бұзаулағаннан кейінгі) өсіп даму заңдылығына байласты. Төлдің эмбрионалдық даму уақытын үш кезеңге: ұрықтық, эмбрионға дейінгі және эмбриондық деп бөледі. Ұрықтық кезеңі 34 күнге созылады, мұнда тканьдар дамып, дене мүшелері түзіле бастайды. Ұрықтық даму кезеңінде ұрық тез дамиды, оның салмағы 600 есе өседі. Эмбрионға дейінгі кезеңде тканьдар мен дене мүшелері одан әрі дамып өсе бастайды, бұл кезеңнің аяқталуы эмбрионның пайда болуымен бітеді. Эмбрион өзінің анатомиялық құрылысы бойынша жаңа туған бұзауларға ұқсас. Эмбрионның даму кезеңінде оның салмағы 8-15г болады, ал даму уақыты (эмбрионға дейін) 26 күнге созылады. Жалпы төлдің эмбриондық кезеңінің уақыты 61 күннен бұзау туғанға дейін созылады. Бұл уақыт ішінде организм қалыптасып өсе бастады, әрі дененің абсолюттік салмағы да өседі. Эмбриондық кезеңінің аяңында, оның салмағы 25-40 кг-ға дейін жетеді. Әсіресе, бұзау тууға екі ай қалғанда эмбрион өте күшті, әр тәуләгәне 300-400г салмақ қосады. Эмбрионның салмағы 5 айлығында 2-4кг, ал 7 айлығында 12-16кг және туардан бұрын 9,5 айлығында 25-40 кг-ға жетеді. Әрине, эмбрионның салмағы ірі қараның тұқымына байласты. Соынмен бұзаудың тууына 2-2,5 ай қалғанда эмбрионның салмағы 12кг-нан 26кг-ға дейін өседі.
Малды азықтандыру мөлшері және оның жоспарлы түрде салмақ қосуы оның тұқымына, жынысына және өсіру бағытына байлансты. Сүтті тұқымға жататын тайыншаларды өсіргенде тәуліктік салмақ қосуы өте аз немесе керісінше өте көп болғаны жөн. Ал, жас бұқаларды өсіргенде барлық өсу-даму кезеңінде тәуліктік салмақ қосу көп болғаны жөн. Сондықтан тана бұқаларды малдарды ұрықтандыру үшін ерте бастан пайдаланады.
Егер төл етке арналған болса, олардың барлық өсіп-даму кезеңінде үнемі молынан азықтандыру керек, сонда ғана олардың денесіне ет және май ерте бітеді.
Шаруашылыққа қысқаша сипаттама
Айдарбаев Е.С. шаруа қожалығы Алматы қаласынан шығысқа қарай 40 км жердегі Еңбекшіқазақ ауданы, Саймасай ауылдық округінің аумағында орналасқан. Шаруашылық өз іргесін 1998 жылы көтерген. Жалпы жер аумағы 1707,2 га, оның ішінде 857,49га егістік жер.
КЛИМАТЫ. Шаруашылықтың негізгі учаскесі шөл және далалық аймақта орналасқан, сондықтан континетті ауа райы. Жылына жауатын жауын-шашын 450мм құрайды, 350 мен 500мм арасында ауытқиды. Жаңбырдың 40% көктемде, ал 17% ғана жазда жауады. Маусым-тамыз айларының орташа температурасы 20 ° C-тан асады, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 35-ке дейін төмендейді, топырақта ылғалдың тапшылығы артады. Сондықтан жерді жиі суару қажеттілігі артады. Ауа райының жылы кезеңінің ұзақтығы орта есеппен 170 күнді құрайды (жыл сайын 140-тан 200 күнге дейін ауытқиды). Сәуір және мамыр айларында күннің күрт салқындауы мүмкін. Күзгі суық қыркүйек-қазан айларында басталады. Жылу деңгейі барлық ауыл шаруашылық дақылдарының өндірілуіне қолайлы. Таудың климаты Ассы метеостанциясының деректерімен сипатталады. Тұтастай алғанда, өңірдің климаттық жағдайлары импорттық асыл тұқымды малды өсіру және бейімдеу үшін қолайлы.
ЖЕР БЕДЕРІ. Негізгі аумақтың жер бедері Іле Алатауының көлбеу жазықтығымен сипатталады және теңіз деңгейінен 540-680 м жерде орналасқан. Аймақтағы жыра-сайлармен өзендер мен бұлақтар ағып жатыр. Шаруашылықтың негізгі қызметі басты жер участкесінде орналасқан. Ауылшаруашылық жерлер көбінесе жоспарланған, бірақ олардың конфигурациясы дұрыс емес, бұл ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруді механизациялауды қиындатады. Мал жайылымдары бұлақтардың, өзендердің және арықтардың баурайында орналасқан.
ТОПЫРАҚ. Қарапайым құнарлы сұр топырақ аумақтың солтүстік жоғарғы жағын алып жатыр. Ашық құба топырақ орталық және оңтүстік бөлігін қамтиды. Жер асты суларының режимімен тығыз байланысты шабындық және шабындық-батпақты топырақ айтарлықтай дамыды.Ашық құба топырақтағы көңнің үлесі 3-4,1%, фосфорға және калийге бай. Олар бағалау сатысы бойынша бірінші топқа жатады және ең үздік жыртуға жарамды жер болып табылады. Ашық құба топырақтағы саздың мөлшері-2,68%, бұл дегеніміз орташа сазды. Орташа сұр топырақ фосфор аз, бірақ калийге бай. Ауыл шауруашылығында аталған топырақтардың барлығы екінші бағалау тобына жатада.
ӨСІМДІК. Басты аймақ далалы зонада орналасқан. Аймақ жерінің жартысынан көбі жыртылған және ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге арналған. Табиғи өсімдік жамылғысы тек аздаған шабындықтар мен жырту үшін жарамсыз жайылымдарда сақталған. Солтүстік бөлікте жусанды-ебелек жайылымдарда сақталған. Бұл 5-8 ц га шығымдылығы бар көктемгі және күзгі жайылымдар. Шаруашылықтың орталық және оңтүстік бөліктерінде өсімдіктердің құрамы біркелкі келеді және жусан,селеу, бетеге, ақ, сары мыңжылдық, шалғын қоңыроты өседі. Арықтардың бойында қамыс, эвфория, бидай шөп, беде өседі . Өзендер мен бұлақтардың маңайында бидайық, қоңырбас, сәлбен және т.б. шалғынды шөптер көп тараған. Мәдени дақылдардың арасында арамшөптер да бар-жатаған, шырмауық, меңдуана, сүттіген және т.б.
СУ. Шаруашылықтың негізгі су көзі Есік өзенінен төмен орналасқан, тау беткей жазықтығына енеді. Гидрографикалық желісіне Байтаз-Саз,Бесағаш, Саз-Талғар, Кайназаровка су көздері жатады. Барлық су көздері негізінен суару, жайылымдарды суару және шаруашылық қажеттіліктер үшін қолданылады. Елді мекендерді, мал шаруашылығын сумен қамтамасыз ету және ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін таза жер асты сулары пайдаланылады.
Шаруашылықтың негізгі бағыты-сүтті ірі қара шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы. Мал шаруашылығы фермасының құрылысы 2005 жылы басталды. 300 сауын сиырына және қосымша бұзаулар мен суалған сиырларды ұстауға арналған қора-жайлар салынды. Сонымен қатар буаз сиырлар үшін 50 басқа арналған туу бөлмелері мен Елочка сауын залы жабдықталған. Сиыр қоралары еуропалық стандарттарға сай салынған, жаздық сауын залы және таза ауаға шығаруға мүмкіндік бар. Барлығы заманауи жабдықталған. Малды байламайды, әр малда жеке жатақ (лежак) бар. Қи қырғышпен тазаланады. Айдарбаев.Е.С шаруа қожалығында асыл тұқымды малдарды тіркеу мен азық базасын күшейтуге үлкен назар аударылады. Шаруашылықта азықты сақтау үшін арнайы асфальтталған шөп қоралар бар. Азықты тарату Германияда шығарылған Силикон азық араластырғышымен жүргізіледі. Сауу залында ҚХР шығарылған 36 басқа арналған Елочка аппараты қондырылған. Шаруашылықта сиырларды жасанды ұрықтандыру пункты, сүт зертханасы бар және мезгілімен ветеринарлық шаралар жүргізіледі.
Бір басқа 3,0 га жер келеді, бұл ірі қараны тиімді өсіруге жол береді.
№1 кесте-Шаруашылықтағы мал саны
Барлығы
%
Барлығы
%
01.02.2019
01.03.2019
Сиырлар
678
63,7
681
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz