Қазақ сәндік қолданбалы өнерінің тарихы мен түрлері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Министерство образования и науки Республики Казахстан

Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова

Кәсіптік оқыту әдістеме пәні бойынша

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА

Тақырыбы: Технология сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Инемен кілем тоқу.

На тему:

Мамандығы: 5В01200 Кәсіптік оқыту

Специальность:

Орындады:

Выполнил: Есім Лаура

Жетекші: Захай Б.

Руководитель:

«Қорғауға жіберілді»

«Допускается к защите»

Кафедра меңгерушісі

Зав кафедрой Тоғаевич Д.

Көкшетау 2017

Нормативтік құжаттар

1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» заңы;

2. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

3. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтің 2017 жылғы Қазақстан халқына жолдауы;

4. ҚР Президентінің «Қазақстан 2050 стратегиясы».

Анықтамалар

Акмеология - (Көне грек: acme - биік, шың, табыс, logos - ілім) адамның шығармашылық ғұмырына, кәсіптілік шыңға жетуіне ықпал ететін факторлар мен заңдылықтарды зерттейтін ғылым.

Ақпараттық қоғам - өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік және футурологиялық тұжырымдама, өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпаратттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам.

Ахроматикалық - түссіз, мөлдір бояулар.

Инновация - оны жеке түсініп, оқу үрдісіне енгізу - оқушылардың саналы да сапалы білім алудың бірден бір шарты. Инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу жаңа білім берудің бірден бір шарты.

Инновация (жаңалық жарату) - қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені тіпті де жақсарту, кем нәрсені толықтыру, жаңа нәрсені тапқырлау, тың нәрсені байқау, жаңа зат, жаңа әдіс, жаңа жол, жаңа орта жаңалығымен өмірді жаңарту, сөйтіп адамға және адамзатқа бақыт жарату.

Кескіндеме, кескіндеу өнері - бейнелеу өнерінің бір саласы, белгілі бір заттың бетіне (кенеп, ағаш, қағаз, т. б. ) бояу арқылы салынатын көркем шығармалар атауы.

Сабақ - оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы. Ендеше сабақтың мәнді өтуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Саралап оқыту - оқушылардың туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке дамуының жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі.

Технология - ежелгі гректің «techno» - өнер, шебер, білгір және «logos» - ілім, ғылым деген сөздеріне шыққан. Шеберлік, өнерлік, білгірлік туралы ғылыми ұғым.

Хроматикалық - түсті бояулар.

Жоспары:

Кіріспе . . . 3

I. Қазақ сәндік қолданбалы өнерінің тарихы мен түрлері . . . 7

1. 1. Кілем тоқу өнері мен даму тарихы . . . 7

1. 2. Инемен кілем тоқу өнері және технологиясы . . . 12

1. 3. Композиция және түстер үйлесімділігі . . . 15

II. Технология сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың негіздері . . . 18

2. 1. Технология пәні бойынша кәсіби бағытта оқытудың маңыздылығы . . . 18

2. 2. Оқушыларға қолөнерге баулу арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту әдістемесі . . . 22

2. 3. Сабақ жоспары . . . 27

Қорытынды . . . 36

Пайдаланған әдебиеттер . . .

Қосымша . . .

Кіріспе

ХХI ғасырдың бет-бейнесі біліммен өлшенбек, бұл ғасыр -ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.

Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. [1]

Қоғамның сұранысы мен талаптарына сай жаңа технологияларды пайдалану арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде.

Инновация - бұл оқытудың тиімділігін арттыру мақсаты мен білім беру үрдісін зерттеу негізінде оқу үрдісін жүзеге асыру және бағалау, бағдарлаудың жүйелі тәсілі.

Осылайша, инновациялық білім беру өз құрамына - жеке тұлғалық көзқарасты, білім алудың мықты негіздерін, мәндік және акмеологиялық көзқарастарды, кәсіби шеберлікті, жаңа ақпараттық технологияларды қолдануды біріктіреді. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізу. Осы орайда инновациялық үрдістің кең тараған түрі технология термині. «Технология» ежелгі гректің «techno» - өнер, шебер, білгір және «logos» - ілім, ғылым деген сөздеріне шыққан. Сонымен технология - шеберлік, өнерлік, білгірлік туралы ғылыми ұғым.

Бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімінің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық әлеуметін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.

Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді. Халықаралық білім беру кеңістігін құру, әр түрлі елдің ұлттық білім беру жүйесінің заман талабына сай озық үлгілерін теориялық-әдістемелік тұрғыдан жақындастыру арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесін құру қажеттігі туындады.

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Білім беруді дамыту негізінде жалпы оқыту үрдісіне жүктеліп отырған жаңаша талап, міндеттер жоғарғы оқу орны оқытушыларына да қойылуда. Орыс педагогі К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. [1] Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім». [3] Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.

Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс-әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.

Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру - оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.

Осы тұрғыдан алғанда жалпы білім беретін орта оқу орындарында қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдарын жаңа технологияның негізінде жасату арқылы еңбек тәрбиесін беру - әлеуметтік сұраныс талаптарына сай көкейкесті мәселе екендігін көрсетеді. Сондықтан еңбек тәрбиесін беру жүйесіндегі педагогикалық қызмет ету қажеттілігін қалыптастыруда жоғары оқу орындарында болашақ технология пәні мұғалімдерін даярлау процесінің көкейкесті мәселесі - олардың кәсіби іс-әрекетке қызығушылығын, іскерлігін дамыту.

Мәселе. Қазіргі кезде ғылыми информацияның жедел өсуіне байланысты білімгерлердің өздігінен білім алып, өздігінен оқып үйренуі мағызды болып отыр.

Деректерді талдау. ДИПЛОМДЫҚ жұмысты жазғанда әр түрлі әдебиет және интернет желісі қолданылды. Бірінші бөлімінде Қазақ ұлттық энцеклопедиясы 3 том; Дәулетов К, Сүлейменова М, Жайманов Л. «Еңбекке баулу әдістемесі» (Бастауыш сыныптарға арналған), Астана «Фолиант», 2010; Әдебиет 7 сынып «Атамұра» баспасы; «Қазақ мәдениеті» Энциклопедиялық анықтамалық, Алматы “Аруна Ltd” бойынша әдебиеттерін пайдаланды. Сонымен қатар журналдар: Мектептегі технология, Бейнелеу өнері және сызу. Екінші бөліміндегі бала дағдысы, оны қалыптастыру жолдары туралы, оқытудың жаңа технологиясы, оқытудың жаңа технологиясының түрлері және оқыту технологияларын сабақта пайдалану тиімділігі бойынша сұрақтарды ашқанда Абдурахманова Г. «Коммуникациялық технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктері» «Қазақстан мектебі», Алматы, 2006, №3, және интернет желісінен, сонымен қатар «Мектептегі технология», «Бейнелеу өнері, еңбекке баулу, музыка және сызу» журналдар көмегіне сүйендік.

Зерттеудің мақсаты . Технология сабағында оқушылардың шығармашылық ойлауды дамытуда оқытудың инновацициялық әдістерін қолдануды қарастыру.

Технология бойынша оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін қарастыру, инновациялық оқытудың теориялық негіздері, оның ерекшеліктерін ашып сабақта пайдалану. Қазіргі заманда оқытудың жаңа технологиясының дамуы және сабақты инновациялық жолмен өту жолдары. Технология сабағында оқушыларға инемен кілем тоқу дағдыларын қалыптастыру сабақтарын құрастыру.

Зерттеу нысаны: технология бойынша оқу-тәрбие процесін зерттеу.

Зерттеу пәні: оқу процесін іске қосуға мүмкіндік беретін инновациялық технологияны қолдана отырып оқытудың белсенді әдістерін қарастыру, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Зерттеудің ғылыми болжамы: жалпы білім беретін мектептің мемлекттік стандартындағы талаптарының оқушылардың көркемдік іскер дағдыны қалыптастыруды сәйкестендіру арқылы оқушылардың еңбек процессіндегі әдіс тәсілдерін қамтамасыз ету.

Осы мақсатқа сәйкес болжамы және зерттеудің міндеттері:

-педагогикалық және оқу-әдістемелік әдебиеттеріне талдау жасау;

-мұғалімдердің тәжірибелеріне зерттеу;

-сабақ жоспарларын құрастыру;

-педагогикалық эксперимент жүргізу және эксперимент нәтежелеріне талдау жасау.

Осы міндеттерді шешу үшін:

-бағдарлама құрылымына талдау жасау, педагогика, психология, технология бойынша әдістемелік нұсқауға талдау жасау;

-оқушылардың практикалық жұмыс кезіндегі іс әрекетін бақылау;

- оқушылардың іс-әрекет бойынша эксперимент жасау.

Зерттеу кезеңдері. Бірінші кезеңде практикалық жұмыстарды ұйымдастырудың теоретикалық негіздері зерттелді. Екінші кезеңде күнтізбелік, тақырыптық, практикалық сабақтарды жоспарлау және сабақ жоспарын құру.

Ғылыми жаңалығы. Технология сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту бойынша өткізілетін сабақ жоспары.

Зерттеудің теоретикалық маңыздылығы. Практикалық, іскелік дағдыны қалыптастыруға бағытталған.

Практикалық маңыздылығы: Практикада оқытудың белсенді әдістерін қолданудағы жаңа көзқарасқа бағытталады. Сонымен қатар, ойын әдісінқолданудың мүмкіндіктерін қарастыру кәсіби іс-әрекеттегі педагогтарға, технология мұғалімдеріне, студенттер құрастырған дидактикалық материал ретінде қолдануға болады.

1 Қазақ сәндік қолданбалы өнерінің тарихы мен түрлері

1. 1 Кілем тоқу өнері мен даму тарихы

«Өресі биік, өрісі кең» өнер атаулының қай саласынан болсын жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқыда өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және бір өзіне ғана тән қайталанбастай ерекшелігімен көзге түседі. Өнердің түрі көп. Бізді қоршаған өміріміздің барлығы өнер. Ал қандайда болсын өнер және талант иелерін өмірге келтіретін халық.

Қазақ қолөнерінің өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Оған Қазақстан жерінде бұрын-соңды жүргізілген арзеологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады. Мұның өзі қазақ өнерінің республика жерінде мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ және тағы басқа көне түркі тайпаларының мәдениетімен төркіндестігінің айғағы.

Дүние жүзінде әр халық ата-баба мұраларын, халық өнерін сақтап қалуы парыз. Атадан балаға мұра болатын қолөнерін жалғастырушы шеберлер әрқашанда халық арасында құрметті. Қолөнер бұйымдарын дүниеге алып келу көптеген уақытты және еңбекті, шыдамдылықты қажет етеді.

Қазақ халқы - кең байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Ерте замандардан-ақ оны мекен етушілер мал бағып, егін салумен шұғылдана жүріп, өзіндік өрнегі мол өнерін, мәдениетін қалыптастырады. Бұл процеске әр кезеңде Қазақстан жеріне жан-жақтан келген көшпелі тайпалар мен халықтардың, сондай-ақ, Оңтүстік-Сібір, Орта Азия мен орыс халқының да мәдениеті әсер етті. Сайып келгенде, жергілікті көне мәдениет сырттан келген мәдениет элементтерінің сан толқынын бойына сіңіріп, үнемі жақсару, жаңғыру үстінде болды. Осындай толассыз дамудың нәтижесінде XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қол өнері өз дамуында айтарлықтай жоғары деңгейге көтерілді.

Революцияға дейінгі қолөнердің дамуына қазақ қауымының әлеуметтік экономикалық, жағдайы, көшпелі өмір, біртіндеп отырықшылыққа көшу процесі, бұрын үстем болып келген тұйық шаруашылықтың ыдырай бастауы, көрші елдермен, әсіресе Россиямен, сауда қатынасының шаруашылық және мәдени байланыстың арта түсуі, тағыда басқа көптеген ішкі-сыртқы факторлардың әсері айтарлықтай ықпал жасады. Ол кездегі қазақ ауылдарының көпшілігінің қаламен байланысы болмады. Сондықтан, олардың өзіне қажетті үй бұйымдарының басым көпшілігін қалалардан сатып аларлықтай мүмкіндігі болмағандықтан, негізінен халық шеберлерінің қолына қарады. Қазақ қолөнер шеберлері, көбінесе, кедейлер әулетінен шықты. Олардың белгілі бір қолөнер түріне мамандана кәсіп етуі шеберлердің негізгі күнкөріс көзіне айналатын. Соның өзінде қолөнер шеберлерінің өнерлі еңбегі, тіпті ғажап туындыларының өзі де жете бағаланбады. Сондықтан, қолөнерді кәсіп етуші шебер жандардың өзі жоқшылық зардабынан қол үзе алмады. Кейде, өнер иесі еңбегін алдын ала сатып, ауқатты адамдардан, айталық: «Балаңа ер қосып берем» немесе «Сықырлауық жасап берем», - деп қарызға мал алып, қажетіне жұмсады. Нәтижесінде айтулы шеберлердің өзі малды адамдарға қарыздар болып соны өтеу жолында өмірлері өтетін-ді.

Қазақ қолөнер шеберлерінің күнделікті еңбегінің тым ауырлығының бір себебі - олардың басым көпшілігінде жабдықталған арнайы шеберханалардың болмауы. Әсіресе, ершілер, зергерлер, етікшілер, тағы да басқа ұсақ-түйек бұйымдар жасайтын шеберлер, көбінесе, қысы-жазы өзінің тұрғын үйінде немесе жасатушының мекен-жайында жатып істеді. Мұндай шеберлердің бұйым жасайтын шикізаты да, құрал-саймандарыда көш-қонға қолайлы шағын, сыйымды болды. Сондықтан, олар жаздыгүні елмен бірге жайлауға көшіп, өзінің шағын киіз үйінде-ақ істей берді. Ал енді, киіз үй сүйегін жасайтын үйшілер мен арба-шана, жерағаш сияқты көлемді құралдар мен бұйымдар істейтін шеберлер, темір ұсталары, тас өңдеушілер, көбінесе, қысқы мекенінен кете алмай жатақта қалады. Сондықтан, бұлардың кейбірелерінде, әсіресе ұсталарда, арнайы қарапайым дүкендер болды. Ал, тастан там салып, құлпытас және басқа бұйымдар қашайтын шеберлер мен үйшілердің, арбашылардың жұмыс орны қыстаудағы қора бұрышында, шошалада немесе арнайы жасалатын лапас астында орналасты. Мұндай шеберлердің жазда жайлауға көшуіне, бір жағынан, көліксіздік, кедейлік мү мкіндік бермесе, екіншіден, олардың негізгі кәсібінің

Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтады. «Сәндік-қолданбалы өнер» ұғымы ХХ ғасырдың екінші жартысындағы алпысыншы жылдардың ортасында пайда болды. Бұған дейін ол халықтың қарапайым түсінігінде, «қолөнер» ұғымының аясында қабылданып, пайдаланылып келді. «Сәндік-қолданбалы өнер», «қолөнерінің» өңделіп жетілген формасы іспеттес болғандықтан, екеуін бір-бірінен бөлектеп қарауға болмайды, керісінше, олар бірін-бірі мазмұндық тұрғыда толықтыра түседі. Оны «қол өнер», «сәндік-қолданбалы өнер» ұғымдарына берілген анықтама-түсініктер дәлелдейді. Біз ғылыми еңбектерде осы ұғымдарға берілген анықтамаларды жүйеге келтіреміз және сәндік қолданбалы өнер, өзінің бастауын қолөнерден алады, қолөнер туындыларының ою-өрнекпен әшекейленуі сәндік-қолданбалы өнердің пайда болуына себеп болады, деп ой түйіндейміз. Ғалымдардың (К. Әмірғазин, Е. Асылханов, Қ. Болатбаев, М. Мырзақанов, Ж. Балкенов, С. Жолдасбекова, Ұ. Әбдіғапбарова және т. б. ) «сәндік-қолданбалы» өнер түрлері бойынша ұсынған жіктемелеріне де жан-жақты сипаттама беріп топтастырамыз.

Жіктемелердің ішінде біз Ұ. Әбдіғапбарованың жіктемесін толығымен қолдаймыз, өйткені бұл қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің атқаратын міндеттерін толығымен ашып көрсетуге, әшекейлік (ою-өрнектік) мазмұнын бір-бірінен ажыратып көрсетуге, өнер түрлеріне қарай сұрыптап пайдалануға, сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің кейбіріне толықтырулар ендіруге мүмкіндік береді. Мысалы, зерттеу мақсатына қарай біз Тоқыма өнері, Киіз өнері Кесте және тігін өнері, Ши өнері топтамалары аясын былайша толықтырамыз: кілем (түкті кілем, тақыр кілем, басқұр, желбау, бау; қоржын, аяқ қап) ; алаша (қақпа, бұхар, кежім, терме) ; бізбен тоқу (киім, тұтыну бұйымдары) ; ілмекпен тоқу. Киіз өнері: киіз (ақ киіз, от киіз; текемет (ақ текемет) ; сырмақ; аяқ қап, қоржын, жайнамаз. Кесте және тігін өнері: киім тігу, тұрмыстық бұйымдар тігу мен кестелеу түрлері. Ұлттық киімдердің түрлері: ұлттық сырт киімдер: (жадағай, шапан, жарғақ шалбар, күпі, сырмалы шапан, тайжағы, тон, ішік, шапан, шидем) ; сұлықтар: «аба, кебенек, кенеп, сырттық, шекпен) ; іш киімдер (бешпент, дамбал, жейде, көйлек, камзол, шалбар, жеңсіз) ; ерлердің бас киімдері (бөрік, далбағай (жалбағай), жекейтымақ, күлапара, қалпақ, құлақшын, малақай, мурақ, тақия, тымақ, шалма) ; әйелдердің бас киімдері (тақия, бөрік, сәукеле, жаулық, желек, қасаба, кимешек, қарқара) . Төсек жабдықтары: көрпе; шымылдық; төсеніш көрпеше; құрақ көрпе; жапқыш; ақ жайма. Ши өнері: орама ши (алаша ши, есік ши, жолым ши және т. б. ) ; ақ ши (өре ши, мал соятын ши, ас шиі, қазақ ши, киіз басатын ши, қабырға ши және т. б. ; шым ши (кілем ши, тұс ши және т. б. ) ; шиден жасалатын тұрмыстық заттар (масахана, шыпта, қабырғалық, терезе жапқыш, шәйнек түп, кесе түп, қазан түп жәнет. б. ) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Киімнің негізгі міндеттері
Дәстүрлі қазақ қоғамында дамыған киіз жасау өнері - киіз басу
Қазақ сәндік-қолданбалы өнері арқылы жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру
Оқушылардың көркемдік талғамын дамытудың психологиялық ерекшеліктері
Қазақ халқының киіз басу өнері
Бейнелеу өнері және әдістемесі
Гобелен тоқуда «Теңіз ғажайыптары» композициясын тиімді пайдалану
Сәндік қолданбалы өнер саласындағы кесте тігу және көркемдеп тігу өнері
Ұлттық өнер арқылы көркемдік талғамды қалыптастырудың мазмұны
Бүгінгі күннің талабына сай сәндік - қолданбалы өнер түрлері сан алуан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz