Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жиынтық инвестициялық портфелі



Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе Диссертация жұмысының өзектілігі - ел экономикасында трансформациялау жағдайындағы және оны дамытудың инновациялық жолына ауыстыру халықтың өмір сүру сапасының деңгейің арттыруға кепілдік беретін тұрақты әлеуметтік-экономикалық негізін қалыптастырудың тірегі ретінде зейнетақы қорын дамыту. Зейнетақы жүйесі елдің әлеуметтік қамсыздандырудың маңызды құраушысы болып табылады. Зейнетақы жүйесінің дамуын және болашақ перспективаларын,сондай-ақ зейнетақы жарналарын қалыптастыру және инвестициялау тәртібін қарастыру көзделген.Зейнетақымен қамсыздандыру кез келген ел үкіметінің басты назарындағы әлеуметтік мәселелер қатарына жатады. Қазақстан Республикасында да азаматтардың қартайғанда әлеуметтік қамсыздандыруға құқықтары Конституцияда бекітілгендей, әлеуметтік кепілдік берудің патерналистік схемасын адам дамуының қажеттіліктеріне,саяси реформалар мен экономикасы ұйымдастырудың жаңа нарықтық қағидаттарына қарай өзгерту қажеттігі талдау болып табылады. Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің аз уақытта өмір сүруіне қарамастан экономикадағы динамикалық дамып келе жатқан сегментіне жатады. Халық сенімін күшейту, салымшыларды тарту және зейнетақы активтерінің өсуі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің динамикалық дамуының негізгі факторы болып табылады. Зерттеудің практикалық базасы: облыстардың, аудандардың, қалалардың бюджеттік ақпараттары және негізінен аумақтық құрылымдардың мәліметтері ұсынылған. Одан әрі қалалық әкімшілік-аумақтық құрылым бюджеттерінің соңғы 2013-2018 жылдардағы атқарылуын нәтижиелері қолданылады. Диссертациялық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасынның зейнетақы төлемдерінің қазіргі кезеңде дамуы салымшыларының жеке зейнетақы шоттарын есепке алу және зейнетақы жинақтарын есебінен зейнетақы төлемдерін нақты және ұтымды іске асыру. Қорға салған салымдарының тиімділігін арттыру. Диссертациялық жұмыстың міндеті келесідей: Зерттеу тәсілдері : жалпы диалектикалық тәсіл,салыстыру,талдау, тарихи және логикалық тәсілдер, сондай-ақ жинақтау тәсілі. Жоғарыда айтылғанға сай бұл кезеңде сауатты мемлекеттік инвестициялық саясат қажет. Оның негізі міндеттері экономика субьектілерінің арақатынасын реттейтін ережелерді әзірлеумен мен қолдау шараларын жүргізу болып табылады. Экономиканың тиімділігі қоғамның әлеуметтік-экономикалық күтімі мен өндірістік,қаржылық инвестициялық реесурстары келістірілген экономикалық саясат жүргізуіне байланысты. Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінде тиімді инвеситциялау мәселерін зерттеу тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету соңына дейін аяқталиаған болатын. Қаржылық институттармен экологиялық және әлеуметтік факторларлды ескере отырып, инвестициялау экономикалық дамумен қамтамасыз еті төмен болады. Зерттеу тақырыбының практикалық маңызыдылығы: оның жергілікті басқару деңгейінде зейнетақы қатынастардың жаңа жүйесін құрастыру. Зейнетақы активтерін орналастыру мәселерінің күрделігі әсерінен,сонымен қатар Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық дамуы үшін мемлекеттік тетікті пайдаланып, инвестициялық белсендлікті реттеу, тақырыптың таңдауына себеп болып, диссертациялық жұмыстың мақсатымен мен міндеттері айқындалады. Зерттеудің обьектісі-"МЕМЛЕКЕТТІК ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ"АҚ. Ақпараттық негіз болып Қазақсатан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету мәселеріне байланысты заңдық және нормативтік актіліері, статистика жөніндегі Агенттік мәліметтері мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің талдау материалдара, ҚР Президенті Назарбаев Н.Ә.Қазақстан Республикасының халқына жолдауы, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігінен мәліметтер алынады. Диссертациялық жұмыс құрылымы- кіріспеден, үш бөлімнен қорытындылардан, қолданылғыан әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде Қазақсьан Республикасының зейнетақы қорының теориялық аспектісі қарастырылады. Екінші бөлімде "Мемлекттік Жинақтаушы Зейнетақы Қоры" акционерлік қоғамының қаржылық есеп жағдайын талдауды көздейді. Үшініш бөлімде Қазақстан Республикасының біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры даму мәселері және оны шешу жолдары қамтылады. Зерттеудің нәтижилері қорытынды бөлімде жинақталады.

Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің теориялық негіздері
1.1 Зейнетақы жүйесінің экономикалық мәні және оның қалыптасу алғышарттары
Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінде халықтың жалпы санындағы қартайған азаматтар үлесінің артуына байланысты объективті ауырташылықтар пайда болды .Соның нәтижесінде елдің зейнетақы жүйесін кешіктірмей реформалаудың қажеттілігі өткір сезіле бастады. Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуі жаңа қоғамдық экономикалық жүйені және соған сай адамдардың экономикалық ой - өрісінің қайта қалыптасуын талап етеді. Қазіргі заманғы демократиялық қоғам қалыптастыру идеясынан туындайтын, стратегиялық мақсаттарды шешу жолдарын нұсқап, отандық әрі әлемдік экономикалық проблемаларды көтере алатындай болуы қажет. Міне, осындай өзекті де міндеттерді, мәселелерді қоғамдастырамыз.Қоғамдық қатынастары жүйесінде экономикаға ерекше орын беріледі, себебі ол саяси, құқықтық, рухани және басқа да қоғамдық, өмір саласын мазмұнын анықтайды.
Пайда болған зейнетақы құқықтарының іске асырылуын кепілдендіру үшін дербес зейнетақы қорының (қор, сақтандыру компаниясы) немесе кәсіпорынның төлем қабілетсіздігі жағдайында төлемдер іске асырылып отыратын резервтік зейнетақы қоры құрылды.
Зейнетақы,жинақтаушы зейнетақы қоры есебінен төленеді. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде әрбір азамат өз табысынан зейнетақы жарнасын аударып, өз зейнетақысын жеке өзі дербес жинай алады. Сөйтіп, зейнетке шыққан кезде жинақталған ақша салымшыларға олардың жеке зейнетақы шоттарынан төленеді. Сонымен бірге аталған заңға сәйкес жұмыс істеушілер мен жұмыс берушілердің мемлекеттік емес жинақтаушы біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын ерікті жарналарынан құралатын қосымша зейнетақы төлеу тәжірбиесі де қалыптаса бастайды.
Халықты әлеуметтік қорғаудың құрамасының бірі болып оның зейнетақымен қамтамасыз етілуі табылады. Ол халықтың барлық қабаттарының мүддесін қамтиды, еңбек пен капитал нарығына әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар жұмыс істейтін халық ұрпақтарының арасында да бөлініске салады. Сонымен, зейнетақымен қамсыздандыру құрылымы ең күрделі және көп функционалды экономикалық жүйелердің бірі болып табылады.
Зейнетақымен қамсыздандыру қоғам инфроқұрылымының экономикалық элементі болып табылады, ал жинақтаушы біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры көрсетілетін қызметтер тұтынушылық тауар ретінде көрініс таба алады, яғни зейнетақымен қамсыздандыру әлеуметтік-экономикалық категория ретінде болып табылады
Зейнетақы қатынастары - бұл экономикалық қатынастар, олар экономикалық көрсеткіштермен сипатталады. Басқа жағынан, зейнетақы қатынастары - бұл әлеуметтік қатынастар, себебі олар адамның экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты емес, сонымен қатар оның тұлғалық және психологиялық факторларына,өмірінің ұзақтығына,қажеттіліктерінің бірі байланысты болып табылады. Зейнетақы қоры тәжірибиелік көзқарастан жалғыз әлеуметтік бағдарланған институт болып қарастырылады. Барлық мемлекеттердің туындайтын негізігі мәселесі осы зейнетақы жүргізу бағыттарына байланысты болып келеді. Бір жағынан, өз азаматтарын әлеуметтік қорғау үкіметтің міндетіне жатады. Екінші жағынан, нарықтық экономика үлгісін қабылдаған мемлекеттің шығындары барынша үнемді пайдаланылуы қажет, ал мемлекеттік шығындары ақшаны эмиссиялау арқылы қаржыландыру экономиканың тұрақсыздығына әкелетінін білеміз. Әрине, зейнетақы жүйесінің шешілмеген жақтары да бар. Бірақ үкіметтің дұрыс бағытты қолдай отырып, қазіргі кезегі мәселелердің болашақта жойылатынына сенімдіміз.
Барлық елде біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жоғары пайда табу емес, бірінші кезекте сенімділік идеологиясымен басқарылады. Сондықтан еліміздегі зейнетақы қорлардың негізгі мақсаты - әлеуметтік міндетті шешу, яғни "бақытты кәрілікті" қамтамасыз ету болса екен дейміз.Сонымен өткен ғасырдың соңында зейнетақымен қамсыздандырудың өткір проблемалары пайда болды. Оның бір себебі нарықтық экономикаға көшу болса, екіншісі өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы әлеуметтік демографиялық факторлар. Анықтап айтқанда айтқанда, бірдей зейнетақы жүйесі жағдайында инфяцияның және халықтың арасында жұмыссыздықтың аса қарқынды өсуі, ішкі жалпы өнім көлемінің төмендеуі бюджет тапшылығы зейнетақыны төлеу қарызы көлемінің ұлғаюына тіпті, ең төменгі деңгейдегі әлеуметтік кепілдік -зейнетақымен қамтамасыз ету мүмкін еместігіне әкелді.[1]
Бұларға байланысты Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 1997 жылы маусымның жиырмасындағы заңның қабылдануымен байланысты зейнетақы реформасы басталды. Осы Заң Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi, мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын iске асыруға қатысуын реттейдi.
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
- ең төменгi зейнетақы - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген зейнетақы төлемдерiнiң ең төменгi мөлшерi;
- ерiктi зейнетақы жарналары - бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалатын тәртiппен, салымшылардың өз бастамасы бойынша зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына жинақтаушы біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорына салатын соммасы;
- ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі - ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалған жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн төлемнiң шамасы ;
- ерiктi зейнетақы жарналарының салымшысы - ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес, өзiнiң меншікті қаражаты есебiнен зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
- ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын кәсiптер тiзбесi бойынша қызметкерлердiң пайдасына салымшылардың өз бастамасы бойынша жинақтаушы біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорына салатын ақшасы;
- жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерi жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
- жинақтаушы зейнетақы қорында бөлектеп есеп жүргiзу - заңды тұлға ретiнде жинақтаушы зейнетақы қорының бухгалтерлiк балансына зейнетақы активтерiн кіргізбеу;
- зейнетақы -уәкілетті ұйымнан, жинақтаушы біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң жиынтығы;
- зейнетақы активтерi - зейнетақы төлемдерi мен аударымдарын, сондай-ақ біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алынатын қаражатты қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары;
- зейнетақы аннуитетi шарты - сақтандыру шарты, оған сәйкес сақтанушы (зейнетақы төлемдерін алушы) сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарының сомасын беруге мiндеттенедi, ал сақтандыру ұйымы сақтанушының (зейнетақы төлемдерін алушының) пайдасына өмiр бойына немесе белгiлi бiр кезең iшiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға мiндеттенедi;
- зейнетақы жинақтары - мiндеттi зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, инвестициялық кiрiстi, пайызды, шарттарға,осы заңға сәйкес,Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсiмдердi қамтитын, салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) жеке зейнетақы шотында есептелетiн ақшасы;
- инвестициялық портфель - зейнетақы активтерiнiң құрамына енетін қаржы құралдары жиынтығы;
- кастодиан банк - бағалы қағаздар жөнiндегi құқықтарды тiркеу және есепке алу, құжаттамалық бағалы қағаздарды сақтау және клиенттiң ақшасын есепке алу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйым;
- уәкілетті орган -Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
- уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi -Орталық) - Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттiк қазыналық меазе;
- үлестес тұлғалар -шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және бір-бірінің немесе тұлғалардың бiрi қабылдайтын шешiмдеріне, оның iшiнде жасалған мәмiленiң күшiне қарай ықпал етуге мүмкiндiгi бар өздерiне берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды және ұлттық басқарушы холдингтi қоспағанда жеке немесе заңды тұлғалар. Ұлттық басқарушы холдингтiң жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерiнiң құрамында болуы тұлғалардың бiр-бiрiне қатысты үлестес екенiн айқындау үшiн негiз болып табылмайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы №841 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін әрі қарай жаңғырту Концепциясы (бұдан әрі -Концепция) бекітілді. Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесін жаңғырту қажеттілігі зейнетақының ортақ мөлшерінің азаюымен және зейнетақы төлемдері көздерін әрі қарай диферецияландыру қажеттілігімен, ұзақ мерзімді демографиялық трендтерімен және экономикалық даму жиілігімен, мемлекет,жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы зейнетақымен қамсыздандыру үшін жауапкершілікті бөліп таратуды әрі қарай оңтайландыру қажеттілігімен қабылданған.
Концепцияны іске асыру: - зейнетақы төлемдерінің теңдестігі мен зейнетақымен қамсыздандырудың теңгерілген қаржылық тұрақты жүйесін құруды; - 2030 жылға дейін зейнетақы жүйесінде азінде 35жыл қатысу өтілімен және аударым жиілігі жылына 12 рет болған жағдайда жойылған еңбекақының аз дегенде 40% деңгейінде жиынтық зейнетақы төлемдерімен ауыстыру коэффицентін сақтауды; - 2030 жылға қарай жұмыс басты халықтың 80%-ға дейін жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылуын кеңейтуді; - зейнетақы жинақтарының сақталуы бойынша мемлекеттік кепілдік институтын оңтайландыруды қамтамасыз етуге жағдай жасау.
Қолданыстағы зейнетақы заңнамасы жағдайында ортақ зейнетақы мөлшерін қолайлы деңгейде ұстау үшін олардың мөлшері жыл сайын инфляция деңгейінің алдынан екі пайызға индекстеледі.[4]
Зейнетақы реформасын жүзеге асырудың нәтижесінде зейнетақыға кететін шығындардың үлес салмағы азіп, әлеуметтік сақтандыру бюджетіне қаржылық ресурстардың жинақталуын қамтамассыз ететін табыс өсті.
Зейнетақы- бұл қартайғанда, толық немесе ішінара еңбек ету қабілетінен асыраушысынан айырылған және заңда көзделген басқа жағдайларда азаматтарды қамтамассыз ету үшін берілетін ай сайынғы ақшалай төлемақы, қызмет атқарған уақыттағы табыстың бір бөлігі. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері тек қана жұмыс өтіліне және зейнетақыны есептеу үшін берілген орташа айлық табыс деңгейіне байланысты болады. 2014 жылғы зейнетақы жүйесінің азшіліктері болғанына қарамастан, республикада зейнетақы жинайтын қорларды, зейнетақы активтерін инвестициялық тұрғыдан басқаратын компанияларды, кастодиан -банктерді, бағалы қағаздар бойынща брокерлік компанияларды, екінші деңгейлі депозиттік банктерді, қор биржасын, орталық депозитарийді, мемлекеттік реттеуші ұйымдарды қамтитын қатысушылардың айтарлықтай үйлесімді, институционалдық құрылымы құрылды.[2]
Зейнетақымен қамсыздандырудың жаңа жүйесінің 2014 жылға дейінгі он жылғы жұмысының нəтижесі еліміздегі зейнетақы реформасы айтарлықтай сəтті өткенін көрсетіп отыр. Бұған дəлел алдымыздағы жылдың 1 шілдесіндегі мəлімет бойынша азаматтардың жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы салымдары 1триллион теңгені, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына бөлінген таза инвестициялық табыстың сомасы 290 миллиард теңгені құраған. Қазір әлемнің көптеген елдерінде зейнетке шығу жасы 65 жас болып саналады. Еуропа мен АҚШ-та 2060 жылдары зейнетке шығу жасын әйелдер үшін де, ерлер үшін 70 жасқа жоғарылату көзделіп отыр. Ал қазіргі уақытта әлемдегі ең жоғары зейнетке шығу жасы -70 жас. 70-ке дейін өмір-өзенімен ағып келуге шамасы келген қарт кісіге зейнетақының қызық қуанышын сонда ғана көре алады. Әлемдегі ең аз зейнетақыны Грузия халқы алады. Ол жерде зейнетақы құны бар болғаны 40 долларды ғана құрайды. Ал әлемдегі ең көп зейнетақы дат қарттарының қалтасында. Дәл осы мемлекетте зейнеткерлер айына 2800 долларды қалтасына салады. Әлемдегі ең көп зейнетақы иесі ретінде швед Перси Барневиктің есімін елемей айтуға болмайды. Инвестициялық қордың басқармасында атқарушы болып жұмыс жасаған кезінде ол өзінің зейнетақы қорына 100.000.000 доллар жинаған. Ал қытайда тек әскери шені бар, не болған қарттар ғана зейнетке шығып, өзіне тиесілі қаражатын алады.[3]
"БЖЗҚ" АҚ 2013 жылғы 22 тамызда "ЕНПФ" ЖЗҚ АҚ негізінде құрылды. Сонда Жинақтаушы зейнетақы қоры 2013 жылға дейін өмір сүрді. Біріңғай Жинақтаушы зейнетақы қорына тоқталып кетсек.
"Біріңғай Жинақтаушы зейнетақы қоры -бұл ҚР заңында белгіленген тәртіпке байланысты зейнетақы жарнасын тарту және зейнетақыны төлеу бойынша қызметті, сонымен қатар зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы заңды тұлға.Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылардың міндетті жарнасын шоғырландырып, оларды әр түрлі бағалы қағаздарға орналастыру арқылы қордың инвестициялық портфелін қалыптастырады.
Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры заңды тұлғаны білдіреді. Оның құрылтайшысы- мемлекет. Мемлекет салымшылардан міндетті жарнасын алады және зейнетақы алушыларға зейнетақы төлейді.Сонымен бірге зейнетақы активтерін қалыптастырып,оларды мемлекеттік бағалы қағаздарға, мемлекеттік банктердің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайды.Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры - салымшылардың міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын алуды әрі зейнеткердің зейнетақысын төлеуді, сондай-ақ зейнетақы активетерін қалыптастыру және оларды инвестициялау бойынша қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға.Ол міндетті қорларға қарағанда ерікті зейнетақы жарнасын салымшылар заңда және зейнетақы келісімшартында белгіленген тәртәппен және мөлшерде өз бастамасы бойынша енгізеледі.[4] 1998 жылдың 1қаңтарына дейін зейнетақы алушылар;
- әскери қызметкерлер,ішкі істер ұйымдарының,ҚР Әділет министрлігінің қылмыстық атқару комитетінің,қаржылық полиция ұйымдарының қызметкерлері және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақыны алуға құқығы бар ішкі істер ұйымдарының қызметкерлері,ҚР заңымен белгіленген ережеге сай әскери атағы бар мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері;
- 1949 жылдың 29-тамызынан 1963 жылдың 5- шілдесіне дейін ең аз дегенде 10 жыл радиациялық қауіпі жоғары және төтенше аймақтарда тұрған азаматтар: жалпы еңбек өтілі 25 жылды құрайтын ерлер 50 жасында, жалпы еңбек өтілі 20 жылды құрайтын әйелдер 45 жасында зейнетке шығып, ЗТМО-нан зейнетақы алады;
- 5және одан да көп балалы, әрі оларды 8 жасына дейін тәрбиелеген әйелдердің 1998 жылдың 1-шілдесінен бастап жыл сайын 6 айға атаулы зейнетақы жасын біртіндеп арттырумен (алайда бұл тек 3 жылдан артық болмауы тиіс) жасына қарай зейнетақы алуына мүмкіндігі бар.ЗТМО мемлекеттік кәсіпорын формасында құрылды.Бұл ұйымның негізгі функцияларына мыналар жатады:
- республикалық бюджеттің қаражат есебінен зейнетақымен қамтамасыз етілу құқығы бар азаматтарға зейнетақы төлеуді жүзеге асыру;
- азаматтарға ӘЖК беру;
- міндетті зейнетақы жарнасының дербестендірілген есебі;
- міндетті зейнетақы жарнасын агенттерден БЖЗҚ-на аудару және т.б.
Қорлардың жиынтық меншік капиталы 2014 жылы 1 қазандағы жағдай бойынша 11 539,5 млн.теңге болып, оның ішінде жиынтықты төленген жарғылық капитал 6 198,9 млн.теңге немесе меншікті капиталы көлемінің 53,7% болды. Есепті айда меншікті капиталы 108,6 млн теңгеге немее 1,0% өсті. 2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қорлар резервтік капиталды жалпы сомада 1 439,2 млн теңге немесе қорлардың меншікті капиталы көлемінің 12,5% болды. 2014 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша меншікті активтері есебінен қорлардың қаржы инвестициялары 8 229,3 млн теңгені немесе меншікті капиталы көлемінің 71,3% болды. Қорлар меншікті активтерін мемлекеттік бағалы қағаздарына жалпы сомасы 2 615,8 млн теңгеге, мемлекеттік емес бағалы қағаздарына жалпы сомасы 3 170,5 млн теңгеге инвестициялады және екінші деңгейдегі банктердің салымдарына 2 443,0 млн теңге немесе инвестициялардың жалпы көлемінің 29,7%-ін орналастырды[5]. Комиссиялық сыйақының шекті шамасы ҚР Үкіметі бекіткен мыналардың мөлшерінде белгіленеді:
- Инвестициялық табыстың 15%-ы мөлшерінде;
- Айына зейнетақы активтерінің 0,05%-ы мөлшерінде
- Ол жылына бір мәртеден артық өзгертілмейді және күнтізбелік жылдың басына дейін ең аз дегенде бір ай бұрын жариялануы керек.
Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қызметі мынадай принциптерге негізделеді:
1.Қорды жеке басқарады және салымшылар қорды өз қалауынша таңдаудың мүмкіндігіне ие бола алады;
2.Қарапайымдылық, сенімділік және айқындық;
3.Мемлекеттік өкілеттілікті органдардың тарапынан қатаң реттеледі және қадағаланады;
4.Операциялық тиімділік;
5.Салымшыға оның зейнетақы жинағының мөлшері туралы ақпаратты береді.
БЖЗҚ өз қызметінде зейнетақы жарнасын жинай алады, өзінің қызметі үшін комиссиялық сыйақы алады және зейнетақы келісімшартының шарттарына сәйкес басқадай құқықтарды жүзеге асырады, зейнетақы активетерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдармен келісімшартқа отырады. Сонымен қатар біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мыналарға міндетті:
1.Зейнеткердің зейнетақысын төлеуге;
2.Зейнетақы жинағы мен төлемдердің есебін дербес жүргізуге;
3.Салымшы мен зейнеткерге оның зейнетақы жинағының жағдайы туралы ақпаратты жылына бір мәрте және олардың сұрау салуы бойынша беруге;
4.Алушының зейнетақы жинағының жағдайы туралы ақпараттың құпия болуын қамтамасыз етуге;
5.Зейнетақы заңдары мен зейнетақы келісімшартында қарастырылған шарттардың бұрмалануына жауап береді;
6.Алушының өтініші бойынша оның зейнетақы жинағын бір қордан екіншісіне аударуға;
7.Бір, үш, бес, он күнтізбелік жылдарында стандартты уақыт тізбегі ішіндегі өз қызметі туралы статистикалық және басқа да ақпараттарды жариялауға, бұл арада жинақтаушы зейнетақы қорындағы салым ақша бойынша табыстың уәдесін немесе кепілдігін қамтамасыз ететін ақпарат жарияланбайды;
8.Зейнетақы келісімшартында отырған азаматтардың бәріне бірдей жағдай жасауға;
9.ҚР заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға.
Қазақстандағы біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің негізгі қызметімен қатар басқа қызмет түрлерін қоса атқаруға тыйым салынған.
Тыйым салынған қызмет түрлері:
1.Өндіріс
2.Бағалы қағаздарды және басқа да қаржылық құралдарды қоспағанда жылжитын және жылжымайтын мүліктің сауда-саттығы;
3.Сақтандыру;
4.Зейнетақы активтерін кепілзатқа салу;
5.Акциядан басқа бағалы қағаздарды шығару;
6.Қордың "алтын акциясын" шығару. [6]
Барлық мемлекеттердің туындайтын негізігі бір мәселесі осы зейнетақы жүргізу бағыттарына байланысты болып келеді. Бір жағынан, өз азаматтарын әлеуметтік қорғау үкіметтің міндетіне жатады. Екінші жағынан, нарықтық экономика үлгісін қабылдаған мемлекеттің шығындары барынша үнемді пайдаланылуы қажет, ал мемлекеттік шығындары ақшаны эмиссиялау арқылы қаржыландыру экономиканың тұрақсыздығына әкелетінін түсінеміз. Әрине, зейнетақы жүйесінің шешілмеген жақтары да бар.Бірақ үкіметтің дұрыс бағытты қолдай отырып,қазіргі кезегі мәселелердің болашақта жойылатынын сенеміз. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшуді есепке ала отырып, болашақтағы зейнетақы мөлшерлері тек жалақыға ғана емес, əр азаматтардың жинақтаушы зейнетақы жүйесінде қатысу ұзақтығына да байланысты болады. Зейнетке ерте шығу міндетті зейнетақы жарналары төлемдерінің кезеңін қысқартады. Ал ол өз кезеңінде келешекте лайықты зейнетақы мөлшерлерін қамтамасыз ете алмайды. Соныен қатар зейнетке жеңілдікті шартпен шығу заңнамамен көзделген.[7]
Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық менеджменті актив пен пассивтерді, кіріс пен шығыстарды, қордың үздік және акционерлік капиталын басқаратын блоктардан құралады. Осының барлық жиынтығы жинақтаушы зейнетақы қордың үздік және зейнетақы активтерін басқаратын менджменттің негізгі мазмұнын құрайды. Біздің түсінгімізге қарай, қаржы менеджментінің механизмін оның мазмұны, құрылымы және әдістері құрайды. Бұл механизм БЖЗҚ қаржылық қызметін бюджеттеу, зерттеу және тексеру, инвестициялық қорытынды, өтімділік, қаржылық тәуекелділіктерді басқару, үздік және акционерлік капиталды басқару үдерісінде іске асырылады.[8]
БЖЗҚ немесе Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры - еліміздегі жүргізіліп жатқан зейнетақы жүйесін жаңғыртудың бір бөлігі. Ең алдымен дұрыс түсінбеген адамдардың арасында біршама дау-дамай тудырған зейнетақы реформасының атқаратын негізгі екі міндеті бар:
Біріншісі - зейнетақы төлемдері алдын ала түсетін табыс пен елдегі күн санап өсіп келе жатқан өмір сүру деңгейіне сәйкес келуі тиіс.
Екіншісі - зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі қаржылық жағынан тұрақты,яғни зейнетақы жарналары есебінен қалыптасатын ағымдағы кірістер мен резервтер, бюджет қаражаты мен өзге де түсімдерден зейнетақы төлеу бойынша шығындармен әрқашан сәйкестендіріліп отыруы керек. Бұл міндеттер, халық үшін тек жақсы жағынан тиімді, бұл жөнінде дауласудың да қажеті жоқ. Қазақстандағы зейнетақы жүйесін жаңғырту ісінің бірінші кезеңі жинақтаушы компонентке ғана қатысты. Біріншіден, барлық біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры активтерінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірігуімен, екіншіден, кәсіби зейнетақы жүйесін жетілдіру жолымен, үшіншіден, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнет жасын кезең-кезеңімен арттыру жолымен жүзеге асырылады.[9]
Бүгінгі күнде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарды және ерікті зейнетақы жарналарын тартуды жүзеге асыратын жалғыз ұйым болып табылады. Бұдан басқа, қазіргі кезде Ұлттық Банктің атына ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыруға лицензиялар беруге өтініштер түскен жоқ. 2016 жылғы 1 қарашаға міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар (алушылар) шоттары санының 76 533 бірлікке немесе -0,8%-ға, ерікті зейнетақы жарналары бойынша 2 389 бірлікке немесе -6,1%-ға азаюы байқалады. Міндетті кәсіби зейнетақы жарналары бойынша есептік күнге салымшылар (алушылар) шоттары санының 21 654 бірлікке немесе 5,8%-ға артуы байқалады.

1-кесте. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылардың (алушыдардың) жеке зейнетақы шоттарының саны.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылардың (алушыдардың) жеке зейнетақы шоттарының саны 1
1.01.16
1.01.17
Өсімі (%-бен)
пайдасына міндетті зейнетақы жарналары енгізілген
9 474 689
9 380 059
-1,0
пайдасына ерікті зейнетақы жарналары енгізілге
39 045
36 517
-6,5
пайдасына міндетті кәсіби зейнетақы жарналары енгізілген
372 889
400 427
7,4

Ескерту-мәліметтер Қазақстан ұлттық банкі ресми интернет-ресурсынан алынды алынды http:www.nationalbank.kz .
2016 жылғы 12 айда зейнетақы жинақтары міндетті зейнетақы жарналары бойынша 820,9млрд. теңгеге (14,2%), міндетті кәсіби зейнетақы жарналары бойынша36,2 млрд.теңге (56,1%) ұлғайды және ерікті зейнетақы жарналары бойынша өзгерістер жоқ.
Республика экономикасындағы зейнетақы секторының рөлі:

2-кесте: Қазақстан Республикасы экономикасындағы зейнетақы секторының рөлін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіштер

Көрсеткіштің атауы
01.01.2018ж
ЖІӨ, млрд.теңге
51 566,87
Зейнетақы жинақтарының ЖІӨ-ге қатынасы, %-бен
15,1
2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару жүзеге асырылуда. Осылайша, 2017 жылғы 1қаңтарға дейін республикалық бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтарудың жалпы сомасы 146,5 млрд. теңге болды
Ескерту-мәліметтер Қазақстан ұлттық банкі ресми интернет-ресурсынан алынды алынды http:www.nationalbank.kz . -

1.сурет.Қазақстан Республикасы экономикасындағы зейнетақы секторының ролін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіштердің өзгеру динамикасы.

Зейнетақы жинақтарының ЖІӨ-ге қатынасы

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтар аралығын салыстырған кезде Қазақстан Республика экономикасындағы зейнетақы секторының рөлін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіштердің ұлғаюы, атап айтқанда зейнетақы жинақтарының ЖІӨ-ге қатынасының 14,6% бастап 15,1% дейін ұлғаюы байқалады
Қазіргі кезде Қазақстанның зейнетақы нарығы -елдің әлеуметтік-экономикалық жүйесінде ең серпінді дамып келе жатқан нарық. Олардың жұмыс істгендеріне 7 жылдан асты. Осы уақыт аралығында көптеген шешілуі тиіс, шиеленіскен мәселелер ел экономикасының жағдайына бейімделуі бойынша шешілмеген және даулы мәселелердің пайда болғанын айта кету керек. Осылардың ішінде зейнеткерлердің еңбек еткен жылдарынан кейін қалыпты өмір сүруіне жинаған қаражаттарының аздық етінін, яғни жетіспеушілігін, гендерлік проблеманың шешімін таппағандығын(әртүрлі өмір ұзақтығы, еңбекақыдағы теңсіздік, осыған байланысты ерлер мен әйелдердің зейнетақы мөлшерінде орын алатын теңсіздік), өндірістік проблемасын және т.б. айтуға болады. Еліміз зейнетақымен қамсыздандырудың механизмдерін жетілдіру жолында түрлі шараларды қарастырып жатыр. [10].

2 сурет. Зейнетақы активтерінің жиынтық көлемінің өзгеру динамикасы

Ескерту-мәліметтер Қазақстан ұлттық банкі ресми интернет-ресурсынан алынды алынды http:www.nationalbank.kz .
Осылайша, салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2016 жылдың басынан бастап 857,1 млрд. теңгеге (14,7%) ұлғайып, 2017 жылғы 1 қаңтарда 6 685,3 млрд. теңге болды. 2016 жылдың 12 айындағы инвестициялық кірістің өсімі 472,4 млрд. теңге немесе 27,0%болды.
Бүкіл әлемде біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жоғары пайда табу емес, бірінші кезекте сенімділік идеологиясымен басқарылады. Сондықтан еліміздегі зейнетақы қорлардың негізгі мақсаты - әлеуметтік міндетті шешу, яғни "бақытты кәрілікті" қамтамасыз ету болса екен дейміз.
ҚР Президенті қол қойған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының ережелеріне сәйкес 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы жаңа ережелер бойынша есептеледі. [11].
Базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібін өзгерту: 2017 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты және зейнеткерлік жасқа жеткен кезде ғана тағайындалатын болады. Бұл ретте, зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне ынтымақты жүйесінде(1998 жылғы 1 қаңтарына еңбек өтілі) істеп шыққан өтілін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналар аударылған кезеңін (зейнетақы жарналары аударылған нақты өтілі)қосады,- хабарлманың айтылуынша.Өтініште көрсетілгендей, егер де азаматтың еңбек өтілі 10 жылдан аз немесе еңбек өтілі мүлде болмаса онда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 50%-ын құрайды. Базалық зейнетақының мөлшері 10 жылдан артық әрбір жыл үшін 2 пайызға ұлғайтылады, өтілі 35 жыл және одан көп болған жағдайда КД 100 %-ын құрайды.Бұл өзгерістер бір жағынан, еңбек өтілі көп болғанымен, табыстары туралы мәліметтердің болмауы себепті төмен мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге қатысты әлеуметтік әділдік орнатуға, екінші жағынан, бүгінгі және болашақ қызметкерлер буынын еңбек қатынастарын заңдастыруды ынталандыру үшін мүмкіндік береді. Аталған норманы іске асыру үшін 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қазіргі зейнеткерлердің зейнетақы істеріндегі құжаттардың негізінде базалық зейнетақы механизмі өзгертіледі[12]. Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен 5%-дық міндетті зейнетақы жарналарын аударған қызметкерлер шартты-жинақтаушы құрамдастың қатысушылары болып табылады. Бұл жарналар азаматтардың меншігі болып саналмайды және әрбір қызметкердің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған шартты зейнетақы шотында тіркелетін болады. Міндетті салымдар есебінен зейнетақы төлемдеріне құқық атына шартты зейнетақы шоты ашылып,60 айға жарналар аударылған жағдайда зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға, сондай-ақ мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген I және II топтардағы мүгедектерге беріледі. Зейнетақының аталмыш құрамдас бөлігі өмір бойы төленеді және мұраға қалдырылмайды. Зейнетақылардың мөлшері жыл сайын БЖЗҚ экономикалық мүмкіндіктеріне және демографиялық көрсеткіштеріне қарай индекстелетін болады. Бұдан өзге,заң ережесіне сәйкес жекелеген санаттағы азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруды жетілдіру жоспарланған. Қазақстанның зейнетақымен қамтамассыз ету жүйесін дағдарысқа ұшыратқан негізгі себептер мыналар:
- Халықтың қартаюы,туудың азаюы,жұмыссыздықтың артуы нәтижесінде зейнетақы жасындағылар мен жұмыс істеушіліердің арасындағы арақатынастың азуі. - Бюджеттен тыс қорларға аударылатын міндетті аударымдар мөлшерінің жоғары болуы (жиынтық шамасы 32%-ға жетті)және төлемдермен байланыстың болмауы,төлеуден бас тарту,бюджеттен тыс қорларға ұсынылатын есеп берулерде табысты азайтып көрсету, белсенді жарғылық қызметін тоқтатпаса да салық ұғымдарына тіркелуден қашу сияқты әрекеттердің тұрақты сипат алуына әкеп соқтыру.Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры түсетін түсімдердің аз болуы,өз кезегінде төлемдердің азаюына және аз да болса,төлеп тұратын төлеушілерді салықты мүлдем төлемеуге итермелеген, табыстың мағлұмдалған бөлігінен өндіріліп алынатын салықтың өсуін тудырады.
- Зейнетақы жарнасының дербестендірілген есебінің болмауы қарттықты қамтамассыз етуді, жеке жауапкершілік пен мүдделікті жойды.
Шаруашылықты дербес жүргізушілерге мүлдем бақылау жүргізбеу.
- Бюджеттен тыс қорлар қаражатының қалай пайдаланылатының бақыланбады.
- Облыстардың жергілікті түсімдерден зейнетақыны төлеу бойынша мүмкіндіктері бірдей емес. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі түсімдерді қайта бөлудің механизмін жасады.Ай сайын жиналған 30% жарна республикалық есепшотқа бағытталып отырыды. Министрлік бұл түсімді тапшылығы бар облыстарға бөліп береді.
1-қосымша. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жиынтық инвестициялық портфелі

Қаржы құралдары
1.01.18
1.02.18

Сомасы, млрд. теңге
үлесі %-бен
Сомасы, млрд. теңге
үлесі %-бен
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, оның ішінде
3 598,7
7 46,2
2 3 484,6
44,5
Қаржы министрлігінің бағалы қағаздары 2 997,0 38,5 2 983,9 3
2 997,0
38,5
2 983,9
44,5
Ұлттық Банктің ноттары 601,7 7,7 500,7 6,4
601,7
7,7
500,7
6,40,0
жергілікті атқарушы органдардың бағалы қағаздары
0,0
0,0
0,0
0,0
Шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары
121,4
1,6
121,4
1,5
акциялар
23,7
0,3
25,8
0,3
облигациялар
97,7
1,3
95,6
1,2
Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары
172,6
2,2
173,5
2,2
Шетел эмитенттерінің мемлекеттік бағалы қағаздары 948,8 12,2 984,9 12,6
948,8
12,2
984,9
12,6
Тазартылған алтын 2 280,6 29,3 2 294,0 29,3
0,0
0,0
0,0
0,0
Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары, оның ішінде
20280,6
29,3
2 294,0
29,3
акциялар
184,1
2,4
208,0
2,7
облигациялар
2 096,5
26,9
2 086,0
26,6
шетел валютасында номинирленген
303,3
3,9
293,5
3,7
теңгеде номинирленген
1 793,2
23,0
1792,5
22,9
ноттар
0,0
0,0
0,0
0,0
Екінші деңгейдегі банктердегі салымдар
603,2
7,8
737,8
9,4
Туынды қаржы құралдары
0,0
0,0
0,0
0,0
Ақшалай қаражат және басқа активтер
59,0
0,8
35,6
0,5
Жиынтығы 7 784,3 100,0 7 831,8 100,0
7 784,3
100,0
7 831,8
100,0

Ескерту-мәліметтер Қазақстан ұлттық банкі ресми интернет-ресурсынан алынды алынды http:www.nationalbank.kz .
2018 жылғы 1 ақпанда БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесіне бұрынғыша Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары және Қазақстан Республикасы эмитенттерінің қорпоративтік бағалы қағаздары ие (БЖЗҚ зейнетақы активтерінің жалпы көлемінен, тиісінше 44,5% және 29,3%).Өз кезегінде, шетел эмитенттерінің бағалы қағаздарына инвестициялар көлемі 1 279,8 млрд. теңгені (оның ішінде, шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары және шетел эмитенттерінің мемлекеттік бағалы қағаздары) немесе зейнетақы активтері көлемінің 16,4%-ын құрайды. Екінші деңгейдегі банктердегі салымдар үлесіне 9,4% немесе 737,8 млрд. теңге келеді.Басқару органдары, кәсіпорындар мен ұйымдар мен штат кестесін қалыптастырған кезде типтік құрылымдарды, сан нормативтерін, басқару аппараты қызметкерлерінің лауазымдық қызмет ақыларының және шығыстардың басқа түрлерінің нормаларын басшылыққа алады.Басқарудың екі жақты әкімшілік құрылымына әкелетін жергілікті жерлердегі үкіметтің орталықсыздандырылуы,бір жағынан аймақтық деңгейдегі операциялар министрліктің бөлімшелерімен жүзеге асырылады, екінші жағынан барлық аймақтық ұйымдар әкімдерге бағынады. Зейнеткерлерге уақытылы төленбеген зейнетақы төлемдері ондаған миллиард теңгеге жетеді[13].
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жыл сайын 600 млрд. теңгеден астам қаржы түседі. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда шамамен 2 есеге көп.Негізгі белсенді қатысушылар жалдамалы жұмысшылар болып отыр. Олардың саны шамамен 5,5 млн. адам.1998 жылдан бері олар толық қатысып келеде министр Дүйсенованың атап өтуінше өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың зейнетақы жинағына қатысты проблема бар. Бұл ретте сіздердің назарларыңызды өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 2013 жылдан бері оң нәтиже көрсете бастағандығын айтқым келеді. Салық комитетінде тіркелгендердің 31 пайызы сол жылы зейнетақы жарнасын төледі.2016 жылы бұл сан 40 пайызға жетіп жарна сомасы бір жылда 38,7 млрд.теңгеге жетті.Дегенмен, әлсін-әлсін проблемалар туындап отырады. Олар салық заңнамасына сәйкес 4 рет аударым жасайды - деп айтып өтті министр Дүйсенова.
Елбасы биыл - ғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің зейнетақы жүйесін реформалау турасындағы ойын айтқаннан кейін кейбір қаржыгерлер еліміздегі біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры активтерін бір қорға жинақтап,бас - қару керек деп өз ұсыныстарын айтып жүр. Бұл тәуекелі зор іс. Осыған дейін бір қормен жұмыс істеген Ресейдің өзі бұл жолдан бас тартып, ел аумағында бірнеше жүйе құраушы қорлардың пайда болуына жол ашып жатыр.Жасыратыны жоқ елімізде сыбай - ластық оқиғалар актив - терін бір қорға жинау өте қауіпті.Сыбайластардың халықтың маңдай терін төгіп тапқан ақ - шасына қол салып қоймасына ешкім кепілдік бере алмайды. Қазақстандық қаржыгерлердің айтуынша елімізде қаптаған біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ірі үш қордың айналасына топтастыру керек.Қазір жүйе құраушы банктер сияқты зейнетақы жүйесінің негізін құ - райтын елімізде үш қор болса жеткілікті.
Қазақстан зейнетақы нарығындағы мәселелерді шешудің жолдары:
- еліміздің қазіргі заңы салым - шы - лардың біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жинаған жарнасын пайдалануға жол бермейді.Зейнетақы жүйесі жаңадан қалыптасып,енді ғана аяққа тұрған шақтан активтерді толықтай салымшылардың пайдалануына беруге болмайды.Иә, мұндай іс-тәжірибе Малайзия мен Сингапурде бар, бірақ аталған елдің азаматтары біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салған қар - жысының 30 пайызын өздері бас - қарады. Дәл қазір мұндай әдісті біздің іс-тәжі - рибемізге енгізуге әлi ерте.
- жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ел экономикасына ұзақ мерзімді инвестиция салатын мүмкіндігін ескеріп, салымшылардың қаржысын тиімді бағытқа салуды ойластыру керек. Мысалы, көршілес Қытай билік орындары қорлардың табыстылығын арттыру үшін, инфрақұрылымдық облигациялар шығарып, жол құры - лыс - тарын кең көлемде қаржы - лан - ды - рып жатқаны белгілі. Бізде елі - - - - - міздің инфрақұрылым саласын дамытуға қорларды тартудың маңызы зор.
- алдағы уақытта қорлар халы - қ - аралық нарықта әбден танылған ірі компаниялардың акциялары мен облигацияларына қаржы салуы керек. Бұл ретте қорларға Ұлт - тық банк пен Қаржы министр - лігінің рұқсаты қажет. Билік органдар біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры офшорлық аймақтағы ком - пания - ларға қаржы салмауын қадағалайды.Жалпы сырт елдердің қор биржаларына қаржы салу ісі өте айқын болуы шарт. Қазір біздің қорлар шетелдік эмитенттердің акциясына қаржы салудан ТМД елдері ішінде алда келеді.
- екінші деңгейлі банктер біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қыз - метінің барлық салаларына ықпал ете отырып, қорлардың мәнін, идеологиясын бұзады.Сондықтан қор - ларды банктердің ықпалына тү - сірмеу керек[14]. Салымшының құқтары мен міндеттері:
Салымшы зейнетақы қамтамасыздығы келісім - шартының бір ғана тарапы бола алады және міндетті зейнетақы салымдарының есебінен зейнетақы жинағын бір ғана жинақтаушы қорында ие бола алады. Салымшы жылына екі рет өзінің зейнетақы жинағын, жинақтаушы бір қордан екінші қорға ауыстыруға құқығы бар.Қолданыстағы заңға сәйкес әрбір азамат өзінің игілігіне ерікті зейнетақы салымдарын жасауға құқылы,онысымен зейнетақы қамтамысыздығының қосымша дәрежесін қалыптастырады. Сонымен қатар ерікті салымдардың салымшылары,алушының пайдасына жеке және заңды тұлға бола алады. Еңбектері денсаулыққа зиянды, ауыр және қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмысшыларды әлеуметтік қорғау және зейнетақымен қамтамасыздандару мақсатында, өндіріс орындарындағы өте қауіпті еңбек жағдайларында еңбек етушілерге ерікті мамандандырылған зейнетақы салымдары заңмен ескерілген. Бөлімше өкілдері бюджетті жоспарлай отырып, зейнетақылар мен арнаулы жәрдемақыларға қанша қаражаттың бөлінетінін айтты. 2017 жылы зейнетақы көлемі 9 пайызға өседі. Осы негізде базалық зейнетақы көлемі 12 мың 802 теңгені құрайтын болады. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік жәрдемақылардың барлық түрі 7 пайызға өседі. Күнкөріс деңгейінің ең төменгі көрсеткішін есептеу әдісін қайта қарау қарастырылып жатыр, ол бірінші кезеңде көрсеткішті азық-түліктік және азық-түліктік емес тұрғыдағы ара салмақты өзгерту арқылы күн көріс минимумының құрылымын өзгертуді көздейді. Аталмыш өзгерістерді жүзеге асыру үшін әлеуметтік төлемдерге қосымша қаражат бөлу қарастырылған. Бұл базалық зейнетақы, қамқоршысынан айырылуына байланысты жәрдемақы төлемдері және басқалары ол 2018 жылға - 63 миллиард теңге, 2019 жылы - 88 миллиард теңге.
Сонымен, зейнетақы қоры дегеніміз - азаматтарға заңда белгіленген жағдайларда мемлекет немесе өзге де субъектілер тарапынан өмір бойы үздіксіз беріліп отыратын ақшалай төлем болып табылады. Зейнетақымен қамсыздандырудың қазақстандық моделі ашық және түсінікті болуы үшін, оны басқа елдердегі жүйелермен салыстыру қажет, себебі әр мемлекет, оның зейнетақы жүйесі бірегей болып табылады. Зейнетақымен қамсыздандырудың деңгейі мен сапасы- бұл ел халқының экономикалық және әлеуметтік жағдайының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Әр мемлекет өзінеде қалыптасқан экономикалық,саяси, моральдық,діни сенімдік және тағы басқа да,қоғамының даму ерекшеліктеріне байланысты өз азаматтарын әлеуметтік қорғаудың өзіндік жолдары мен тәсілдерін таңдайды. Мұндай тәсілдер мен әдістер әртүрлі себептерге байланысты әр мемлекетте өзгеше,бірақ жалпы бір мақсатты көздейді - өз азаматтарын барынша әлеуметтік қорғау мен өмір сүру деңгейінің лайықты болуын қамтамасыз ету[15].

1.2 ҚР-ндағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі реформасының даму тарихы.
Әлеуметтік қорғау проблемаларын шешу мемлекеттің жаһандық міндеттерінің бірі болып табылады. Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген, оған сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарын ауруға шалдыққан, мүгедектік, асыраушыдан айрылған және заңмен көрсетілген басқа жағдайларда жалақының минималды мөлшерімен, зейнетақымен және жасы бойынша әлеуметтік жәрдемақымен қамтамасыз етеді. Ерікті әлеуметтік сақтандыруды, әлеуметтік қамтамасыз етудің қосымша формасын құруды және қайырымдылық жасауды қолдайды. Әрбір азаматтың әлеуметтік қамтамасыз етілу құқығын ескеріп, Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетке осы құқықты жүзеге асыруға барлық қажетті жағдайды туғызу міндеті жүктейді. Әлеуметтік қамтамасыз ету кепілін бекіту адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы, экономикалық, әлеуметті тағайындау тәртібі қатары туралы халықаралық пакт, бала құқығы туралы конвенция сияқты халықаралық заң актілерінің ережелеріне сәйкес келеді. Зейнетақылық қамсыздандырудың деңгейі мен сапасы - халықтың экономикалық және әлеуметтік жағдайының маңызды құрамы.Зейнетақы (лат.pensio- төлем) - белгілі бір тұлғалардың санатына берілетін әлеуметтік қорлардан және басқа да қайнар көздерден заңмен бекітілген көлемде алынатын ақшалай төлемақы (1 айға есептелген). Зейнетақылық қамсыздандырудың негіздемесі - түрлі заңды фактірлер: белгілі бір жасқа келу, мүгедек болу, асырашы өлімі, белгілі қызметті ұзақ уақыт бойы атқару ,еңбек сіңірген жылдар бойынша негізделеді. Жиырмасыншы ғасыр халықтың әлеуметтік әділеттік туралы ойын өзгертті,бұл зейнетақымен қамсыздандырудың дамуымен байланысты: бұны бүгінгі таңда бәрі заңмен бекітілген жасқа және еңбек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесiндегі проблемаларды анықтау
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры
Зейнетақы қорларының инвестициялық қызметі
Операциялық активтерді басқару
Жинақталған зейнетақы қорының мәні ,мазмұны, атқаратын қызметі және оның шетелдік тәжірибесі
Қазақстан Республикасының ұлттық банкі - банк жүйесінің негізгі буыны
Жинақтық зейнетақы қорлар жүйесі
ҚР коммерциялық банктерінің несиелік процесін жетілдіру жолдары
«Коммерциялық банктің активті операциялары»
Жинақтық зейнетақы қорлар жүйесінің теориялық негіздері
Пәндер