МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНА ДАЙЫНДАЛУ



Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 258 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






САҒЫМБЕКОВА П.С., ТЛЕУБАЕВА Э.Ы., ТОРТАЕВА А.С.
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДЫҢ
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНА ДАЙЫНДАЛУ
МЕН ОНЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
5В010200 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
мамандығы бойынша білім алатын студенттерге және бастауыш
сынып мҧғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік қҧрал
2 - ші толықтырылған басылым
Тараз-2013
2
ББК 74.262.21. С 14 Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылыми Кеңесінің шешімімен шығаруға ұсынылады. Пікір жазғандар:
К.Ж.Бұзаубақова, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының мектепке дейінгі тәрбие және психология кафедрасының меңгерушісі.
Қ.Н. Сарыбекова, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі.
Д.Т. Несіпбаева, Жамбыл облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және орта білім бӛлімінің бас маманы.
Сағымбекова П.С., Тлеубаева Э.Ы., Тортаева А.С.
С 14. Бастауыш сыныптардың математика сабақтарына дайындалу мен оны жоспарлаудың әдістемесі. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптары мұғалімдеріне арналған. -Тараз, 2013. 329 -бет.
ISBN 9965-9639-7-5 Кітапта бастауыш сыныптардың математика сабақтарына дайындалу мен оны жоспарлаудың теориялық мәселелері; математика сабақтарын жоспарлау технологиясы; бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеуде мүмкіндігінше озат тәжірибені жинақтап, талдап, ӛз шеберлігінде қолдану үлгісі және 5В010200 - "Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі" мамандығы бойынша Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы пәнінен тест тапсырмалары берілген. Оқу құралы бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша жоғары білім алатын студенттерге, педагогикалық колледждер оқушылары мен бастауыш сыныптардың мұғалімдеріне арналған. Одан басқа пәндерден сабақ беретін мұғалімдер, сондай-ақ магистранттар мен аспиранттар да құнды мәліметтер ала алады. ББК 74. 262. 21.
ISBN 9965-9639-7-5
Сағымбекова П.С., Тлеубаева Э.Ы., Тортаева А.С.
2013
С
4306010500
00105 -05
3
Алғы сӛз
Қазақстан Республикасының білім беру саясатын айқындайтын құжаттарда (Білім туралы Заңы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 5В010200-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығына арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) оқыту процесін жаңа техника мен технологияны, кәсіптік білім беруді пайдалана отырып дамытушылық сипатта және шығармашылық іс-әрекет негізінде ұйымдастыру қажеттілігінің атап кӛрсетілуі жайдан жай емес. Ӛйткені қазіргі заманның ӛскелең талаптары (Білім беру құрылымының Халықаралық білім берудің стандарты жіктеу ішіне сәйкес келтірілуі, оқытудың 12 жылдық моделін енгізу үшін жағдайлардың жасалуы, Қазақстанның Еуропалық білім кеңістігіне енуі, Болон Декларациясына қосылуы, адами ресурстарды дамыту еліміздің 2050 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарындағы басымдықтардың бірі ретінде айқындалуы) оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, олардың білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2050 атты бағдарламасында Егемен еліміздің инновациялық-индустриялық дамуын белгілей келе, бүгінгі және болашақ жастардың жан-жақты білімді, ғылыми-техникалық прогрестен хабары мол жеке тұлға ретінде дамып қалыптасуын ӛз бағдарламасына негіз етеді.
Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы, т.б. тарихи маңызы зор құжаттарда ұлттық менталитеті жетілген, бүгінгі қоғамдық қатынастарға еркін араласа алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Олай болса қоғамдық қатынастарға еркін араласа алатын, логикалық ойлау қабілеті жоғары, бәсекеге қабілетті тұлға дайындауда - бастауыш мектепте оқытылатын математика сабағының маңызы зор. Республикамызда халық ағарту жұмысы кең қанат жайып, мектептер саны кӛбейіп, олардың материалдық базасы нығаюда. Бүгінгі күні білім беру, дамыту және тәрбиелеу дейтін тығыз бірлікте алынған үш егіз процестің міндеттері де арта түскен. Осы міндеттер тек оқыту процесін дұрыс ұйымдастырғанда ғана шешіледі. Оқыту процесін ұйымдастырудың негізгі формасы - сабақ екендігін бірнеше ғасыр бұрын ӛмір сүрген чех педагогы Я.А.Коменский данышпандықпен дәлелдеді. Ал, сабақтың нәтижелі және сапалы болуы оны ғылыми негізде ұйымдастырып, оқушылардың бағдарламалық материалдарды толық игеруіне қол жеткізу үшін, мұғалім сабаққа жан-жақты дайындалуы және оны дұрыс жоспарлай білуі керек.
4
Сабаққа дайындалу және оны жоспарлау педагогикалық мәні бар ӛзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселеге педагогика классиктерінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі кӛптеген ғалым-педагогтардың еңбектері арналған. Ұлы ғалым-педагогтардың __________(Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, Б.А.Сухом-линский, Ы.Алтынсарин, Ж.Аймауытов және т.б.) мұғалімнің сабаққа дайындалуы мен оны жоспарлау мәселесіне баса назар аударғаны тегін емес. Аталмыш мәселе дидактика мен математика әдістемесі оқулықтарының барлығында дерлік негізгі мәселелердің бірі ретінде қарастырылып келеді. Ол сондай-ақ Т.С.Калмыков, Е.П.Есипов, М.А.Данилов, В.П.Стрезикозин, М.И.Махмутов және тағы басқалардың еңбектерінде тереңірек қарастырылған. Бұл орайда, әсіресе, мұғалімнің осы бағыттағы педагогикалық еңбегін ғылыми тұрғыда ұйымдастыру мәселесін педагогикалық проблема ретінде қарастырған И.П. Раченконың еңбектерін ерекше атап айтуға болады. Бастауыш сынып мұғалімінің сабаққа дайындалуы мен оны жоспарлау мәселесіне қазақстандық педагогтар Т.С.Сабыровтың, С.Р.Рахметованың, P.M.Қоянбаевтың, Т.Қ.Оспа-новтың, Б.М.Қосановтың, Ж.Қайыңбаевтың, Т.Б.Бегалиевтің, Қ.Т.Ыбырайымжановтың, К.Ж.Бұзаубақованың және т.б. еңбектерінде де айтарлықтай кӛңіл бӛлінген. Бастауыш сыныптарда математикадан жүргізілетін сабақтардың негізгі мақсаты - әрбір баланың бойындағы табиғи қасиеттерін ашып, қарқынды дамып бара жатқан қоғамда ӛмір сүруге бейімделген жеке тұлғаны қалыптастыру; олардың практикалық дағдылары мен білімдерін тереңдете түсу; логикалық ойлауын, тапқырлығын, математикалық қырағылығын дамыту; неғұрлым қабілетті және дарынды балаларды таныта білу, олардың ой-ӛрісінің әрі қарай дамуына кӛмектесу, математикаға қызығушылығын арттыру; тәртіпке, ұйымшылдыққа, табандылыққа, еңбекке, ұжымдыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. Дарынды, білімді жастар ғана егемен елдің экономикасын жетілдіріп, еліміздің ертеңін ойлай алады. Сондықтан да уақыт талабы оқушыларға сапалы білім берумен бірге олардың ӛзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруді, ақыл-ой белсенділігін дамытуды міндет етіп қойып отыр. Алайда, мектеп тәжірибесіне қарағанда, соңғы кездері сабаққа дайындалу мен оны жоспарлау мәселесіне байланысты келеңсіз жағдайлардың орын алып отырғанын байқауға болады. Соңғы жылдардағы қоғамымызда болып жатқан ӛзгерістерге байланысты мұғалімнен сабақ жоспарын талап ету дұрыс емес, ол ӛз пәнін терең білсе болғаны, ал қалғанын мұғалім сабақ үстінде ӛзі ойлап табуы тиіс деген пікірлер бар. Мұғалімдер арасында бастауыш сыныптардың оқу материалының мазмұны күрделі емес, сондықтан оған сабаққа дайындалудың қажеті шамалы деген пікірлер де айтылып қалып жүр. Осы сияқты жағдайлар қойылып отырған мәселенің теория жүзіндегі қарастырылуы мен оның мектеп тәжірибесінде жүзеге асырылуы арасында қарама-қайшылықтардың орын алып отырғанын аңғартады. Осындай жағдайларға және бастауыш сынып мұғалімдерінің алдына қойылып отырған ӛскелең талаптарға байланысты, бұрын жарық кӛрген
5
Бастауыш сыныптар математика мұғалімнің сабаққа дайындығы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптары мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралды жан-жақты талдап, бүгінгі күннің талабына сай толықтырып қайта шығарудың қажеттілігі туындады. Екінші рет жаңа мазмұнда ұсынылып отырған оқу құралының негізгі мақсаты - қазіргі заманғы педагогика ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып, мұғалімнің сабаққа дайындалуы мен оны жоспарлауы мәселесін педагогикалық проблема ретінде қарастыру және бастауыш сыныптардың математика сабақтарына дайындалу мен оны жоспарлау технологиясын кӛрсету. Студенттерге нақты әдістемелік кӛмек кӛрсету мақсатында жазылған бұл оқу құралы тӛрт тараудан тұрады. Бірінші бӛлімнің бірінші тарауында сабаққа дайындалу мен оны жоспарлаудың теориялық негіздері баяндалады, ал екінші тарауында бастауыш сыныптардың математика сабақтарына дайындалу және оны жоспарлау технологиялары келтірілген.
Бастауыш мектеп - бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезең. Сондықтан да бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға бағдарлама белгілеп берген белгілі бір кӛлемдегі білім, білік және дағдыларды меңгерту - бүгінгі күннің талабы. Бұл, әрине, мұғалімнен кӛп ізденісті талап етеді. Сондықтан әр мұғалім бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеуде мүмкіндігінше озат тәжірибені жинақтап, талдап, ӛз шеберлігінде қолдануға кӛңіл бӛлулері тиіс.
Екінші бӛлімде Ш.Смаханұлы атындағы №44 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімдері - Ф.Қарғабаева, З.Әбілдаева, Ж.Керімбаева, Р.Тұржанованың; Керімбай атындағы №12 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері - А.Күзембаева, С.Жанпеисованың, Д.Сипотаеваның; Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері - А.Жаңбырбаева, А.Жұманазарова, М.Оспаналиева, Г.Таубалдиева, Ф.Назаврбекованың; Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназисыяның бастауыш сынып мұғалімі Г.Тойшыбекованың; Тӛле би атындағы №8 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімдері - Ш.Сүгірбекова, С.Мырзатаева, К.Қарымбаева, С.Байқұлова, Г.Байбулованың және Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері - А.Нарымбетова, М.Асемова, Б.Нұрғожаеваның озат іс-тәжірибелері жинақталып, бастауыш сыныптардағы математиканы оқыту әдістері сараланған. Үшінші бӛлімде Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасы ұжымының Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы үшін Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі пәніне жазылған және Б.М.Қосанов, П.С.Сағымбекова, А.С.Тортаеваның Бастауыш мектепте
6
математиканы оқыту әдістемесінің тарихы, практикалық сабақтар атты оқу құралының тест тапсырмалары үлгі ретінде басшылыққа алынды. Оқу-әдістемелік құрал студенттердің сабаққа дайындалу мен оны жоспарлау мәселесіне үлкен мән беріп, ӛзінің педагогикалық еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыруына біршама жеңілдік келтіреді деген сенімдеміз. Сондай-ақ, оқу-әдістемелік құралдың қойылып отырған мәселеге қатысты ӛзіндік тың ойлармен, дәстүрлі емес кӛзқарастармен ерекшеленетіндігін ескерте кетуге тиіспіз. Бұл еңбегімізді Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 45 жылдық мерей тойына арнаймыз. Институтымыздың гүлденіп ӛркендеуін, жоғарғы деңгейден кӛрінініп кӛркейе беруін тілейміз.
7
Бірінші бӛлім I тарау. САБАҚҚА ДАЙЫНДАЛУ МЕН ОНЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1.1. Оқыту процесі және ондағы мҧғалімнің ролі туралы Жалпы алғанда, оқыту деп адамдарды қандай да бір білім, білік және дағдылар жүйесімен қаруландыру процесін түсінетініміз белгілі. Педагогика теориясында оқыту процесі жас ұрпақтың жекебас тұлғасын тәрбиелеу мен дамыту міндеттерін шешуге бағытталған, "білім беру" және "оқу" ұғымдарымен ӛзара тығыз байланысты біртұтас педагогикалық процесс ретінде сипатталады. Сондықтан, ең алдымен, оқыту, білім беру және оқу ұғымдарының мағынасын ашып алуға тырысайық. Жас ұрпаққа қазіргі заман талаптарына сай білім беру қоғам алдында тұрған аса маңызды да басты міндеттердің бірі болып табылады. Білім беру - белгілі бір жүйеге келтірілген білім, білік және дағдыларды игерудің барысы, жас ұрпақты ӛмірге дайындаудың қажетті шарты. Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" заңында: "Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі", -деп жазылған. Білім беру ісінің дұрыс жолға қойылуы білім беру мекемелерінің жақсылап ойластырылған жүйесін талап етеді. Қай ел болмасын халыққа білім беру жүйесін ӛзінің саяси-экономикалық және мәдени-әлеуметтік даму жағдайларына сәйкес құрады. Қазақстан Республикасындағы халыққа білім беру жүйесі, негізінен алғанда, мынадай құрылымнан тұрады 1. Мектепалды даярлық; 2. Жалпы орта білім; 3. Орта арнаулы білім; 4. Жоғары білім; 5. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Халыққа білім беру жүйесіндегі аса маңызды буын жалпы орта білім болып табылады; ӛйткені мұнда мектеп жасындағы балалардың барлығын да қамту жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін орта мектептің құрылымы жас ұрпақтың ержетуіндегі жас ерекшелігінің негізгі үш кезеңіне (балалық шақ, жеткіншектік шақ және жасӛспірімдік шақ) сәйкес үш сатыдан тұрады: 1) Бірінші саты - бастауыш мектеп (1-4 сыныптар); 2) Екінші саты - негізгі мектеп (1-9 сыныптар); 3) Үшінші саты - бағдарлы (немесе бейімді) мектеп (1-11 сыныптар). Халыққа білім беру жүйесінің қай сатысын алсақ та, оқыту процесінің негізін оқушының танымдық қызметі құрайды, оқытуды ұйымдастырудың ең
8
басты мағынасы оқушының танымдық қызметінде. Бұл дегеніміз, оқыту процесінің аса мәнді белгісі болып табылады. Танымдық қызметтің элементтері мектепалды даярлық мазмұнында да болады. Шын мәнісінде, бала мектепке дейін-ақ айнала қоршаған дүниені танып-білуге әрекет жасай бастайды, яғни оның "оқуы" (дәлірек айтқанда, ӛзіндік іс-әрекеттер барысында айнала қоршаған ортаны танып білуі -П.С.) мектептегіден ӛзгеше жағдайларда тым ерте басталады. Ол ата-анасының және тәрбиешінің кӛмегімен табиғат құбылыстарын бақылауға және оларға талдау жасауға үйренеді, әралуан ертегілер мен әңгімелерді тыңдайды және олардың мазмұнын айтып беруді үйренеді. Дегенмен, мектеп жасына дейінгі баланың танымдық қызметінде ойын жетекші роль атқарады және оның ойлау қызметінде сезімдік таным басым болып қала береді. Ата-ананың қалауы бойынша жеті (немесе алты) жастан бастап кӛптеген балалар мектепке тартылып жүйелі білім алуға кіріседі, яғни олар әралуан мәліметтер, біліктер, дағдылар және әдеттердің белгілі бір қорын игере отырып, мектепке келеді. Мектепке келген күннен бастап олар оқыту арқылы біртіндеп, жоғарырақ деңгейге ауыса бастайды, яғни ғылым негіздерін игеруге кіріседі. Сӛйтіп, олар үшін оқу біртіндеп, жетекші іс-әрекетке айнала бастайды. Әрине, олардың қоршаған әлемді танып-білуінде танымдық кызметтің басқа да түрлері (мысалы, еңбек, ойын, кӛркем-бейнелеу, музыкалық-эстетикалық, т.б.) ӛз маңызын жоя қоймайды. Жалпы алғанда, оқу - оқушының ӛзіндік қызметі, қызметтің осы түрі арқылы оқушы білім алады, білік және дағдылар жүйесімен қаруланады. Тар мағынада алғанда, оқу дегенді ақпаратты қайта ӛңдеу процесі ретінде тусінуге болады, сондай-ақ оның жаңа ақпаратты табуға мүмкіндік туғызатын әрекеттер жасау үшін де пайдаланылуы мүмкін. Оқу-білім алу мақсаттарына бағытталған оқушы қызметінің ерекше бір түрі, ол жас ұрпақтың жүйелі де терең білім алуы, білік және дағдылар жүйесімен қарулануы қамтамасыз етілетін, арнайы бағдарлама арқылы жүзеге асырылатын және белгілі бір мақсатқа бағытталған процесс болып табылады. Оқу жас ұрпақтың бойында ес, зейін, қиял, логикалық ойлау және т.с.с. қасиеттерді тәрбиелейді, жеке бастың жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. Оқу қызметінің сипаты және оның нәтижелі болуы кӛптеген факторларға тікелей тәуелді болады, олардың қатарында мұғалімдер ұжымының сапасын, олардың кәсіби дайындығын, оқушылардың оқуға деген қатынасын, олардың дайындық деңгейін және т.б. атап айтуға болады. Шындығына келгенде, оқу мен оқыту ұғымдары іс-әрекеттің әртүрлі екі ерекше түріне жатады және олар оқыту процесінің екі жақты сипатын кӛрсетеді. Жалпы алғанда, оқыту процесінде мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеттері жузеге асырылады. Мектептегі оқыту - мұғалімнің басшылығымен жүзеге асырылатын балалардың мақсатқа бағындырылған, жоспарлы және ұйымдасқан түрдегі танымдық қызметі. Оқытудың міндегі жас ұрпақты ӛмірге баулу, ӛндірістегі еңбекке дайындау, қоғамға пайда келтіретіндей практикалық іс-әрекетке
9
үйрету, сондай-ақ оның жан-жақты дамыған жекебас тұлғасын дамыту болып табылады. Мектептегі оқыту процесінде (бұл жерде жалпы орта білім жүйесі туралы ғана сӛз болып отырғанын ескертеміз -П.С.) оқытудың бұл міндеті мектеп ӛмірінің барлық мазмұны, сондай-ақ мектептің барлық қызметкерлерінің күш-жігері арқылы шешіледі. Бұл жағдайда кең мағынадағы оқыту процесі туралы сӛз қозғауға болады. Мектептегі оқыту процесі бірнеше сатыларда (бастауыш оқыту, негізгі мектептегі және бағдарлы мектептегі оқыту) жүзеге асырылады. Бұл сатылардың әрқайсысы, әрине, ӛз кезегінде оқыту процесін сипаттайды, бірақ дәл осы жерде тар мағынадағы оқыту процесі туралы сӛз қозғауға болады. Оқытудың әр сатысы баланың ержетуіндегі жас ерекшелігінің кезеңдеріне сәйкес келеді және осы кезеңдердің әрқайсысы үшін білім берудің аяқталғандығын (әрине, салыстырмалы түрде -П.С.) білдіреді. Бастауыш оқыту - мектепте білім берудің алғашқы сатысы, онда мектепте жүйелі білім алуды одан әрі жалғастыру үшін іргелі даярлық жүзеге асырылады. Мұнда барлық пәндерді бір ғана мұғалім оқытады. Ал негізгі және бағдарлы мектептердегі оқыту процесі пәндік жүйеге негізделген. Осыған сәйкес бұл жерде әр пәнге қатысты оқыту процесі туралы сӛз қозғауға болады. Бұл жағдайда оқыту процесі ұғымы біртіндеп тарыла түсетіндігін байқауға болады. Мектептегі оқыту процесі жекеленген сабақтарға жіктеледі. Сабақ та әрине, сӛз жоқ, оқыту процесі, бірақ оның тар мағынадағы нақты кӛрінісі деуге болады. Сонымен, ӛте кең таралған „оқыту процесі" атауының кӛлемі бойынша (мазмұны бойынша да -П.С.) мейлінше әралуан ұғымдарды анықтайтынын (жалпы орта білім жүйесінен бастап нақты бір пәнге қатысты жекеленген сабаққа дейінгі -П.С.) байқауға болады. Педагогикалық әдебиетте оқыту процесін анықтауда бірізділік жоқ. Педагогика оқулықтарында оған берілетін кейбір анықтамаларды келтірейік. Оқыту деп арнайы ұйымдастырылған, мұғалімнің басшылығымен жүзеге асатын, оқушылардың оқу-танымдық мұқтаждықтарын оятуға, оларды ғылыми білімдер, біліктер және дағдылар жүйесімен қаруландыруға, диалектикалық-материалистік кӛзқарасты қалыптастыруға бағытталған педагогикалық процесті түсінеді. Оқыту - бұл жеке психикалық дамуды үдету және қоршаған дүниенің танылған заңдылықтарын меңгеру мақсатында арнайы ұйымдастырылған оқу-танымдық іс-әрекет. Бұл келтірілген анықтамаларға қарағанда оқыту процесінің танымдық іс-әрекет екендігі байқалады. Оқыту процесі қалай болғанда да мұғалімнің басшылығымен жүреді. Осы тұрғыдан алғанда, оқыту ұғымы жас ұрпақты білім, білік және дағдылар жүйесімен қаруландыру, оның оқу-танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытумен байланысты мұғалімнің іс-әрекетін сипаттайды, ал оқу, яғни білім алу, қандай да бір білім, білік және дағдылар жүйесімен қарулану процесі - бұл оқушының тікелей ӛзінің іс-әрекеті. Демек, оқыту процесіндегі
10
басты тұлға - мұғалім, оқыту процесінің нәтижелі болуында мұғалім орасан зор роль атқарады. Кең мағынада алғанда оқытуды аса күрделі еңбек процесі деп түсінуге болады. Оның аса күрделі болу себебі, баланың күрделі және әралуан сапалық қасиеттерімен ерекшеленуінде ғана емес. Оқыту процесі ӛзінің аса ұзақ уақыт жүруімен, сондай-ақ оқытудың әр сатысында баланың жас және даму ерекшелігіне сай оған жасалатын педагогикалық әсердің ӛзгермелі болуымен күрделі болып табылады. Қалай болған күнде де оқыту процесін мұғалімнің шикі материалды ӛңдеуімен" байланысты жұмыс процесі немесе, анығырақ айтқанда, технологиялық процесс ретінде қарастыруға болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, мұғалім қызметінің технологиялық процесс ретіндегі басты қиындығы мен ерекшелігі мынада: оқушы мұғалімнің педагогикалық әсерін (айтқандарын, түсіндіргендерін, т.б. -П.С.) дайын күйінде қабылдай салмайды. Ӛзінін танымдық мүмкіндігіне сәйкес бала танымының заңдылықтары негізінде, ол да әрекет жасайды және оқу деп аталатын еңбекпен шұғылданады. Оқыту процесінің жүзеге асырылуындағы қиындық пән күрделілік оқыту барысында екі технологиялық процестің (оқыту мен оқудың -П.С.) үйлесімді қабысуында. Бұл процестердің екеуі де қатар жүреді, сондықтан да оларды үйлесімді ара қатынаста жүргізу оңай болмайды. Бұған дейінгі императивтік педагогика бала танымының технологиясын ескермей, оқушыларға мұғалімнің технологиясын күштеп мойындатуға, сӛйтіп айтылған үйлесімді ара қатынасты бұзуға бағыт ұстайтын. Осының нәтижесінде оқушылар оқыту процесінің белсенді емес объектісі жағдайында ғана қалып қоятын да, оларды оқудың, білім алудың келешегі қызықтыра қоймайтын. Барлық мәселе мынада: мұғалім қызметінің технологиясы толығымен баланың оқып, білім алуының технологиялық процесін тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ету міндетіне бағындырылуы керек, сонда ғана оқыту нәтижелі болмақ. Басқаша айтқанда, мұғалім оқушыларды оқуға, білім алуға үйретуі тиіс. Әдетте, мұғалім оқытады, ал оқушылар оқиды, білім алады деп түсінеміз. Шын мәнісінде, барлығы бұдан әлдеқайда күрделірек: мұғалім тек қана оқытып қоймайды, оқушылар болса оның айтқандарын жай ғана есте сақтап қана қоймайды. Әрине, оқыту процесінде мұғалім білім мен біліктердің аса маңызды қайнар кӛзі ретінде кӛрінеді. Оқушы, ең алдымен, мұғалімнен оның сӛздері мен іс-әрекетінен кӛп нәрсені үйренеді, яғни осы тұрғыдан алғанда, мұғалім ғылыми білімдердің негіздерін жеткізуші болып табылады. Мұғалімнің ғылым негіздерін терең білуі оқушылардың оқуға деген ынтасын туғызады. Оқушылар ӛз пәнін нашар білетін, сабақ бере алмайтын мұғалімді ешқашан кешірмейді. Мұғалім оқыту барысында оқушылардың сенімді кӛмекшісі болып табылады. Ол оқушылар алдында туындайтын қиындықтарды жеңуге кӛмектеседі. Мұғалім қызметінің осы қыры ерекше маңызды болып табылады. Туындайтын қиындықты дер кезінде байқап оқушыға педагогикалық тұрғыда дұрыс кӛмек кӛрсету дегеніміз оқушының кеміп бара жатқан белсенділігін арттыру, оқушыға жұмысты жемісті жалғастыруға және аяқтауға қажет болатын жаңа күш-қуат беру деген сӛз.
11
Мұғалім оқу процесінде оқушылардың тәрбиешісі ретінде де кӛрінеді. Сабағы жоғары деңгейде ӛтетін, әрдайым ӛзін сергек, кӛңілді, салиқалы ұстайтын, қисық-қыңыр оқушылармен тіл табыса алатын мұғалімдерді балалар ерекше сыйлайды, ал мұғалім осы сияқты сапалық қасиеттері арқылы оқушыларға үлгі болады, оқыту барысында оқушылардың қоғамдық ӛмірге деген ынтасын тәрбиелейді, олардың ғылыми және мәдени ой-ӛрісін кеңейтеді. Осының нәтижесінде оқушылардың адамгершілік кӛзқарасы, сенімі мен сезімі дамиды. Мұғалім оқыту процесінде оқушылардың жан-жакты дамуына да қолайлы жағдайлар туғызып отырады. Оқыту барысында мұғалім оқушылар алдына проблемалық мәселе қояды, оқушыдан осы проблемалық мәселені шешу барысындағы ізденіске белсене қатысуды талап етеді. Кӛпшілік жағдайларда, ол оқушылардың алдында жеткілікті деңгейдегі жоғары интелдектуалдық қиындықтар туғыза отырып, оларды жеңу барысындағы оқушылардың танымдық қызметін тиімді ұйымдастыра және басқара білуі тиіс. Бұл қазіргі заманғы дамыта оқыту технологиясының басты бағыттарының бірі болып табылады. Мұғалім оқу процесінде оқушылардың оқу жұмысына бақылау жасайтын, үкімет тарапынан тағайындалған қызметкер ретінде кӛрінеді. Мұғалім қызметінің осы қыры да аса маңызды болып табылады. Ӛйткені, мемлекет пен қоғам кез-келген уақытта мектептегі оқу ісінін, нақты, әрі айқын жағдайын біліп отыруға тиісті. Оның үстінде оқушылардың оқу жұмысын тексеріп, бақылап және бағалап отырмай, мұғалім ӛзінің кәсіби міндеті - оқытушылық қызметін дұрыс жолға қоя алмайтыны түсінікті. Мұғалім оқыту процесінде, ең алдымен, оқушылардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастырушы және басқарушы ретінде кӛрінеді. Оқыту процесін ұиымдастыру барысында оқушы бұрынғыдай тек оқудың объектісі ғана ғана болып қалмай, сонымен қатар оқудың субъектісіне де айналуы тиіс, сонда ғана оқыту процесі нәтижелі болмақ. Қазіргі мектеп тәжірибесі терең, әрі тиянақты білімнің оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін дұрыс, әрі тиімді ұйымдастыру барысында қалыптасатындығын аңғартып отыр. Бұл, ӛз кезегінде, қазіргі мұғалімнен оқыту процесіндегі оның ӛзі мен оқушыларының қызметінің ара қатынасын түбегейлі ӛзгертуді талап етеді. Біздің ойымызша, қазіргі мектеп тәжірибесіне дендеп ене бастаған дамыта оқыту жағдайындағы мұғалімнің басты міндетін айқындау мәселесі шұғыл түрде күн тәртібіне қойылуы тиіс, ӛйткені мұғалім деген терминнің ӛзі оның қазіргі заман талаптарына сәйкес қызметінің мән-мағынасын толығымен аша алмайтын сияқты. Оның үстіне Қазақстан Республикасында білім берудің жаңа мемлекеттік стандартына сәйкес мектептегі оқыту мен тәрбиелеу приоритеті түбегейлі ӛзгеріп, бірінші кезекке бұрынғыдай оқушыны пәндік білім, білік және дағдылардың белгілі бір-жиынтығымен қаруландыру емес, оның жекебас тұлғасын дамыту міндеті қойылып отыр. Бұл міндетті шешу мұғалімнін ӛзінің оқыту процесіндегі қызметін түбегейлі ӛзгертуді талап етеді, яғни қазіргі заманғы мұғалімді толғандыратын басты мәселе оқушылардың оқыту процесіндегі танымдық
12
қызметін дұрыс, әрі тиімді ұйымдастыру мен басқарудың технологиясын жасау болуы керек. Демек, осы түрғыдан алғанда, қазіргі заманғы дамыта оқыту жағдайында, мұғалімді оқыту процесінің менеджері деп түсінген орынды деп ойлаймыз. 1.2. Оқыту процесін ҧйымдастырудың формалары Оқыту процесі - ӛте ұзақ және аса күрделі біртұтас педагогикалық үдеріс. Оқыту процесінде коғамның мектеп алдына қойып отырған талаптарынан туындайтын мына сияқты сұрақтарға жауап беріледі: 1) Неге және не үшін оқыту керек? 2) Нені оқыту керек? 3) Қалай оқыту керек? 4) Нелерді пайдаланып оқыту керек? 5) Қандай жүйемен (формада -П.С.) оқыту керек? Бұл сұрақтар оқыту процесінің ӛзіне тән негізгі компоненттерін анықтайды. Неге және не үшін оқыту керек? деген сұраққа оқыту процесінің оқытудың мақсаты деп аталатын компонентінде жауап ізделеді. Қандай да болмасын қоғамда оқыту ісін дұрыс жолға қою үшін, ең алдымен, оқыту мақсаты анықталады. Оқытудың бұл аса маңызды компонентінің мазмұны мемлекеттің Білім туралы заңында, сондай білім беру туралы мемлекеттік стандарттарда беріледі. Оқыту процесінің Нені оқыту керек?, яғни оқушыларды қандай кӛлемдегі және шеңбердегі біліммен қаруландыру керек? деген сұраққа жауап беретін компоненті оқытудың мазмұны деп аталады. Оқытудың мазмұны арнайы нормативті құжаттарда (білім стандарттары, оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқулықтар -П.С.) анықталады. Қалай оқыту керек? деген сұраққа оқыту процесінің оқыту әдістері деп аталатын компонентінде жауап ізделеді. Оқыту әдістерінің жалпы сипаттамасы педагогика және әдістеме оқулықтарында, сондай-ақ мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдарда келтіріледі. Бірақ мұғалім нақты жағдайларда оқыту әдістерінің қайсысын таңдап aлy қажет екенін ӛз тәжірибесіне сүйене отырып, ӛзі белгілейді. Оқыту процесінде мұғалімге оқушыға білімді терең меңгерту үшін арнайы құралдар жүйесін пайдалануға тура келеді, яғни Нелерді пайдаланып оқыту керек? деген тӛртінші мәселені шешу оқыту процесінің оқытудың құралдары деп талатын компонентінде жүзеге асырылады. Оқытудың құралдары мейлінше сан алуан. Оған жататындар: мұғалімнің сӛзі мен іс-әрекеттері, оқыту жабдықтары (бор, тақта, қалам, дәптер, оқулық, т.с.с.), кӛрнекі құралдар, оқытудың техникалық құралдары және т.б.
13
Оқыту процесіндегі бесінші мәселе Қандай жүйемен оқыту керек? оқытуды ұйымдастырудың формалары деп аталатын компонент арқылы іске асырылады. Оқыту процесінің осы компоненттерінің барлығы ӛзара тығыз байланысты, ӛйткені оқыту процесінде жоғарыда атап кӛрсетілген мәселелер кешенді түрде шешіледі. Оқыту процесінің компоненттерін және олардың арасындағы байланысты шартты түрде мынадай сызба-нұсқа түрінде керсетіп беруге болады. Сызба-нұсқаның маңызы ол оқыту процесінің құрылымы және оның компоненттері туралы айқын түсінік береді. Бұл құрылымда оқытуды ұйымдастырудың формалары деп аталатын компоненттің ерекша маңызы бар. Сондықтан оған кеңінен тоқталайық. Жалпы алғанда, форма (forma - латын сӛзі) қазақша сыртқы көрініс деген мағынаны білдіреді. Демек, форманы қандай да бір мазмұнның сыртқы бейнесі ретінде түсінуге болады. Осы тұрғыдан алғанда, оқытуды ұйымдастырудың формасы дегенді оқушылардың санына, оқитын орнына, уақытқа байланысты арнайы түрде ұйымдастырылып, дәл белгіленген режим мен тәртіпке бағындырылған жұмыс түрі деп білу керек. Оқыту процесінің басқа да компоненттері сияқты оқытуды ұйымдастырудың формасы да ӛзгермейтін нәрсе емес. Қоғамның дамуына, оның талаптарына, адамзаттың осы салада жинақтаған тәжірибелеріне, сондай-ақ оқытудың мақсат-міндеттерінің ӛзгеруіне қарай ол да ӛзгеріп, толықтырылып және жетілдіріліп отырады. Мектеп тарихына қарағанда, осы күнге дейін оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының пайдаланылып келгендігін аңғаруға болады. Осылардың ішіндегі педагогика тарихынан мәлім
Оқытудың мазмұны
Оқытуды ұйымдастыру-дың формалары
Оқыту құралдары
Оқыту әдістері
Оқыту мақсаты
14
ең маңыздылары мыналар: сынып-сабақ формасы, жеке-топтық форма белль-ланкастер жүйесі, мангеймдік жүйе, дальтон-жоспар, ынтымақтастықта оқыту формалары (кіші топтарға бӛліп оқыту жүйесі), жобалар әдісі т.б. Осылардың кейбіреулері, мәселен, сынып-сабақ формасы сияқтылары, ӛзгертілген және жетілдірілген күйінде қазіргі заманғы мектептерде әлі де қолданылып жүргенін атап айтуымыз керек. Оқыту процесінің басқа да компоненттері сияқты оқытуды ұйымдастырудың формалары да ӛте ұзақ даму жолынан ӛтті. Ежелгі заман мен орта ғасырларда оқыту бұқаралық сипат алған жоқ, яғни қоғам жас ұрпақты жаппай оқыту талабын күн тәртібіне қойған жоқ. Сондықтан алғашқыда балаларды оқыту, негізінен алғанда, жеке-дара жолмен іске асырыла бастады. Мұнда арнайы сабақ кестесі болған жоқ, оқыту ісі оқушының немесе мұғалімнің ыңғайына қарай ӛзгертіліп отырды. Бұл жүйенің элементтері оқушының жекебас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты алға қойылып отырған қазіргі кезде де қолданылады. Мұнда оқушылар қандай да бір пәнді тереңірек оқып -үйрену үшін мұғалімге ақы тӛлеп, арнайы жеке оқу жоспары бойынша оқиды. Бертін келе қоғамның талаптары барған сайын сауатты адамдарды кӛп мӛлшерде қажет ете бастады. Осының нәтижесінде ежелгі ӛркениет елдерінде (Мысыр, Вавилон, Қытай, Үндістан, т.б.) оқытудың, жеке-топтық формалары пайда бола бастады. Кейінірек мұсылман дінінің таралуына байланысты араб елдерінде және Орталық Азияда мұсылмандық қадым мектептері мен медреселерде жеке-топтық оқыту кеңінен қолданылды. Мектепке әртүрлі жастағы балаларды жылдың қай мезгілінде болса да қабылдай беру, арнайы оқу жоспары мен оқу бағдарламаларының және тұрақты сабақ кестесінің болмауы, әр оқушыға жеке-жеке тапсырмалар беріп, қиын жерлерін түсіндіріп, кейіннен оны сұрап отыру, оқыту әдістерінің тым қарапайым болуы, т.б. оқытудың бұл жүйесінің басты ерекшеліктер болып табылады. Қоғамның дамуы мен ӛнеркәсіптің, ғылым мен техниканың ӛркендеуі оқытуды ұйымдастырудың қалыптасқан формаларын ӛзгертуді талап етті, ӛйткені қоғамға әр түрлі салалар бойынша білімді мамандар, сауатты жұмысшылар қажет болғандықтан, оқыту бұқаралық сипат ала бастады. Енді мұғалімге бір мезгілде кӛптеген оқушыларды қамти отырып, анағұрлым сапалы білім беруге мүмкіндік жасайтын оқытудың ұжымдық формаларын тәжірибеге енгізу күн тәртібіне қойылды. Осының барысында оқытудың сынып-сабақ формасы келіп туды. Сыныптық-сабақтық жүйені жасаушы және ұсынушы чех педагогы Я.А.Каменский (1592-1670). Бұл жүйенің басты ерекшелігі, онда жаппай оқыту идеясы басшылыққа алынады. Оның сыныптық деп аталуы себебі, мұғалім жас шамасы мен білім дәрежесі ескеріліп, сынып деп аталатын топқа біріктірілген оқушылармен жұмыс істейді, ал сабақтық деп аталуы - оқыту процесінің қатаң белгіленген уақыт мерзімі және тұрақты кесте бойынша бірінен соң бірі келіп отыратын сабақ деп аталатын бӛлшектерге бӛлінетіндігінде. Сыныптық-сабақтық жүйе педагогика ғылымы мен мектеп тәжірибесіндегі аса бағалы жетістіктердін бірі болып табылады. Сондықтан да
15
ол адамзатқа ұзақ уақыт бойы сенімді қызмет ете отырып, қазіргі күні бүкілдүние жүзі елдеріне кеңінен таралып отыр. Бұдан сынып-сабақ жүйесі оқытуды ұйымдастырудың формасы ретінде ғасырлар бойы ӛзгерген жоқ деген пікір тумауы керек. Бұл жүйе жаппай оқытуды жолға қойған елдерде түрін ӛзгертіп, жетілдіріп, әлі күнге дейін қолданылып келеді. Енді оның бірнеше варианттарына тоқталайық. Я.А. Коменский ұсынған жүйе алғашқы болып, капиталистік даму жолына ертерек түскен Англияда XVІІ ғасырдың соңына қарай біршама түрін ӛзгертіп қолданыла бастады. Ӛнеркәсіптің даму талаптарына сәйкес сауатты адамдарды кӛптеп дайындау мақсатында мұнда оқытудың сыныптық-сабақтық формасының ӛзгертілген түрі сатылы оқыту немесе ӛзара оқыту деп аталатын оқыту жүйесі ұсынылды. Оның негізін қалағандар діни қызметкер А.Белль және мұғалім Д.Ланкастер болатын, сондықтан ол педагогикалық әдебиетте белль-ланкастер жүйесі деп аталады. Бұл жүйе бір ғана мұғалімнің жас шамасы әр түрлі оқушылардың үлкен тобын (200-300, кей әдебиеттерде 600-ден астам -П.С.) оқытуына мүмкіндік берді. Мұнда сабақты алдымен мұғалім ӛткізеді, сонан кейін оқушылар топтарға бӛлінеді де, әр топтағы сабақты топ басшылары (мониторлар) жүргізіледі. ХІХ ғасырдың аяғына қарай батыс елдерінде мектептерде алдын ала анықталған қабілеттері бойынша балаларды әр түрлі сыныптарға бӛліп оқыту идеясы белең ала бастады. Балалардың қабілеттілігі тестер жүйесі бойынша ӛлшенді. Оқушыларды қабілетіне қарай бӛліп оқыту жүйесі тұңғыш рет Мангейм қаласында жүзеге асырылды, сондықтан педагогикалық әдебиетте оны оқытудың мангеймдік жүйесі деп атайды. Бұл жүйе Англияның, АҚШ-тың және тағы басқа кӛптеген ӛркениетті елдердің оқыту ісінде әлі күнге дейін қолданылып келеді. XX ғасырдың басында АҚШ мектептерінде оқушылардың қабілеттілігі мен дарындылығы әр түрлі болады деген ережені басшылыққа алатын оқыту жүйесі жасалды. Бұл жүйе оқушылардың танымдық дербестігіне, ӛз қарқынымен ӛз бетінше (мұғалімнін басшылығымен -П.С.) жұмыс істеуіне негізделді. Оны қолдануды тұңғыш рет 1905 жылы Дальтон қаласында Елена Паркхерст деген мұғалім мектеп тәжірибесінде жүзеге асырды. Кейінірек ол дальтон-жоспар деген атпен кеңінен таралды. Дальтон-жоспар жүйесі бойынша оқу материалы бірнеше тапсырмаларға бӛлшектеледі де, оқушылар алдына нақты міндеттер қойылады және осыған сәйкес ӛз бетімен жұмыс істеуге қажетті әдебиет тізімі кӛрсетіледі, яғни мұнда даралап оқыту және оқытуды дербестендіру принципі басшылыққа алынады. 20-сыншы жылдардың аяғына қарай дальтон-жоспар жүйесі бригадалық-лабораториялық әдіс деген атпен Кеңестер Одағы мектептерінде де кеңінен қолданылды. Шамамен осы кездері кеңес мектептерінде жобалар әдісі деген атаумен мәлім болған оқыту жүйесі де енгізілді. Бұл жүйе XX ғасырдың 20-сыншы жылдарында АҚШ-та пайда болған еді. Оның негізін американың кӛрнекті философы және педагогы Дж. Дьюи мен оның шәкірті В.Х.Килпатрик салды. Жобалар әдісі оқытуды оқушылардың танымдық белсенділігіне сай жұргізуді
16
басшылыққа алады. Оқушы алдын ала қандай да бір жобаны белгілеп алады да, оның таным-білімдік іс-әрекеті осы жобаның айналасында жұмыс істеуге бағытталады. Оқытуды ұйымдастырудың бұл формасы оқыту процесін оқушылардың танымдық белсенділігін күшейту, сондай-ақ оқытуды дербестендіру негізінде ұйымдастыруға мол мүмкіндік туғызатындығымен әлем педагогтарының назарын ӛзіне аударды. Қазіргі күні жобалар әдісінің жетілдірілген түрлері ӛркениетті елдердің мектептерінде күні бүгінге дейін кеңінен қолданылуда. Сонымен, қазіргі педагогика ғылымына оқытуды ұйымдастыру формаларының кӛптеген жүйелері мәлім. Олардың қай-қайсысы да болмасын ұжымдық және даралап оқытудың түрліше ара қатынаста үйлесуі, мұғалімнің және оқушылардың қызметінің түрліше қабысуы, әр түрлі оқыту әдістері мен құралдарының пайдаланылуы сиякты ӛзіндік ерекшеліктерімен сипатталады. Қазіргі кезде оқыту жүйелерін жетілдіре тусу бағытындағы жұмыста жекеленген ұстаздардың іс-тәжірибесінде туып, педагогика ғылымында теориялық тұрғыда негізделген және мектеп тәжірибесіне енгізуге болатын бірнеше жаңа педагогикалық технологиялар айқындалып отыр. Оқыту - ӛте ұзақ педагогикалық үдеріс. Ол жекеленген сабақтардан тұрады. Сабақ сӛзі ӛзінің педагогикалық тұрғыдағы мағынасындағы белгілі бір уақыт мерзімде орындалуға тиісті еңбек тапсырмасы деген мағынаны береді. Осы тұрғыдан алғанда, мектептегі сабақты да белгілі бір уақыт мерзіміне (45 минутқа) лайықталып, сыныпқа ұсынылатын еңбек тапсырмасы ретінде қарастыруға болады. Жалпы алғанда, сабақ сӛзі ӛзіне тән мағыналық және қолданылу ерекшелігі бар сӛз. Сабақ сӛзі қазақ тілінде әр түрлі мағынада қолданылады. Мысалы, педагогикада сабақ оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде кӛрінсе, биологияда ӛсімдікке қатысты оның сабағы туралы сӛз қозғауға болады. Біздің пікірімізше, сабақ сӛзінің осы әр түрлі мағыналарының ӛзі бір-біріне ӛте жақын, бір-бірімен тікелей байланысты сияқты. Мәселен, ӛсімдікке қатысты қолданылатын сабақ сӛзінің мағынасына кӛңіл аударып кӛрейік. Ӛсімдік үшін оның сабағы - ӛмір сүруінің ӛзегі, басқаша айтқанда, ӛсімдік сабағы (діңі -П.С.) арқылы жерден нәр алады. Оқушы үшін де сабақтың осындай мәні бар, ӛйткені оқушы сабақ арқылы білімнен нәр алады. Демек, осы түрғыдан алғанда, сабақ сӛзінің орыс тіліндегі урок сӛзіне қарағанда мағынасы әлдеқайда кең екенін аңғаруға болады. Сабақ оқыту процесін ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде XVIІ ғасырдан бастап қолданылып келеді. Қазіргі күні ол бүкіл дүние жүзі елдеріне кеңінен таралып, мектептерде қазіргі заманның талаптарына сай даму үстінде. Сабақта оқыту процесінің барлық компоненттері: мақсаты, мазмұны, әдістері мен құралдары, оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру - кӛрініс табады. Әрбір сабақ ӛте ұзақ оқыту процесінің бір бӛлшегі ретінде, ӛзіне қатысты алғанда, оның тұтас, аяқталған буыны болып табылады. Сондай - ақ ол осы біртұтастығын сақтай отырып, ӛз кезегінде, мұғалім мен оқушылардың қызметіне байланысты бірнеше бӛлімдерден тұрады. Оларды сабақтың
17
кезеңдері деп атайды. Бұлар ӛзара әр түрлі жолдармен үйлесе отырып, сабақтың әр түрлі құрылымын анықтай алады. Демек, сабақ кезеңдерінің әралуан комбинацияда үйлесуіне байланысты сабақтың құрылымы да ӛзгеріп отырады. Осыдан сабақтардың бір типті болмайтындығы аңғарылады. Сабақтарды типтерге бӛлу ӛте күрделі мәселе болып табылады. Бұл мәселеге кӛптеген педагогикалық зерттеулер арналған. Солай бола тұрғанымен де қазірге дейін бірыңғай қабылданған сабақ типологиясы әлі жасалған жоқ. Әр түрлі авторлар сабақтарды типтерге бӛлудің негізіне оның әр түрлі белгілерін (оқыту әдістерін оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру тәсілдерін, сабақты ӛткізу тәсілдерін, сабақтың дидактикалық мақсатын -П.С.) алуды ұсынады. Осыған байланысты сабақтар түрлі типтерге ажыратылады. Қазіргі кезде педагогика ғылымы мен мектеп тәжірибесінде Б.П.Есиповтын ұсынған классификациясы жиі қолданылуда. Мұнда сабақтар қойылған дидактикалық мақсатына қарай мынадай типтерге ажыратылады: аралас сабақ, жаңа білімдерді игеру сабағы, білімдерді бекіту сабағы, бақылау сабағы, т.б. Осы аталған сабақ типтері арасынан бастауыш сыныптар мұғалімдерінің жиі қолданатыны - аралас сабақ. Оның құрылымы мынадай бес кезеңнен тұрады: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Ӛткен материалмен жұмыс. 3. Жаңа материалмем жұмыс. 4. Үй тапсырмасы. 5. Сабақты қорытындылау. Жоғарыда атап кӛрсеткеніміздей, бастауыш сыныптарда аралас сабақтар жиі қолданылады. Бірақ бастауыш сыныптардағы сабақтардың барлығы да аралас сабақ болуы тиіс деуге болмайды, онда сонымен бірге аралас сабақтың басқа типтері де ӛткізілуі мүмкін. Олардың қатарында: жаңа білімді игеру, білімдерді бекіту және бақылау сабақтарын атауға болады. Тӛменде олардың құрылымын келтіріп отырмыз. Жаңа білімді игеру сабағы: 1. Ұйымдастыру кезеңі; 2. Жаңа материалмен жұмыс; 3. Жаңа материалды бекітумен байланысты жұмыс; 4. Үй тапсырмасы; 5. Сабақты қорытындылау. Бақылау сабағы: 1. Ұйымдастыру кезеңі; 2. Мұғалімнің тапсырма ұсынуы; 3. Тапсырмаларды орындау жӛнінде нұсқаулар беру; 4. Оқушыларды тапсырманы орындауы; 5. Орындалған тапсырманы ӛткізу (немесе тексеру); 6. Үйге тапсырма беру; 7. Сабақты қорытындылау.
18
Бұдан кейбір сабақтарға сабақ элементтерінің бәрі, ал екіншілеріне олардың кейбірі ғана еніп, кейбірі түсіп қалатындығын аңғаруға болады. Сондықтан да әр түрлі типтегі сабақтардың құрылымы да әр түрлі болады. Соңғы кездері мерзімді педагогикалық басылымдардан тәжірибелі мұғалімдердің сабақтың жаңа түрлерін қолданып жүргені байқалады. Атап айтар болсақ, олар мыналар: сайыс - сабақ, ойын сабағы, жарыс сабағы, жарнама сабағы, концерт сабағы, аукцион-сабақ т.б. Сондай-ақ жаңашыл - экспериментшіл мұғалімдер мектеп тәжірибесіне интеграцияланған сабақ, панорамалық сабақ, диспут-сабақ, проблемалық сабақ сияқты сабақ түрлерін, жеке тұлғаның шығармашылығын қалыптастыруға бағытталған жаңа оқыту технологияларын енгізу бағытында қыруар жұмыстар атқаруда. 1.3. Мҧғалімнің сабаққа дайындалуы және оны жоспарлауы Сабақ, - деп В.А. Сухомлинский - тәрбиеленушілердің интеллектуал-дық ӛмірінің басты сферасы болып табылады, онда ӛмір даналығына жеткізген ұстаз бен оның шәкірттерінің рухани араласуы болып жатады. Сонымен қатар ол: сабақта мұғалім оқушыларға білім әлемін ашып қана қоймайды, сонымен қатар ӛзін де танытады, олардың алдында ӛзінің рухани дүниесін, ӛзінің рухани байлығын ашып кӛрсетеді;
Сабақ, - деп Т.Қ.Оспанов - құрамы тұрақты оқушылармен нақты келісіл-ген уақыт аралығында (35-45 мин), қатаң бекітілген сабақ кестесімен және оқыту жұмысының барлық бала үшін бірдей материалмен ұйымдастырылатын оқытудың формасы. - деп атап керсеткен болатын.
Сабақ - мақсатқа бағытталған мұғалім мен оқушының ұжымдық шығармашылық еңбегі. Сабақ үстінде оқушының психикалық жай-күйін ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Семинар сабақтарына тапсырмалар
Сөйлеуге кунделікті дайындалу
Жер сілкінісіне қалай дайындалу керек
Турбо – Паскаль программа дайындалу жоспары
Математика
Мәдениеттану пәнінен семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулар
Қолданбалы математика
Математика оқыту методикасы
Математика журналы
Математика тарихы
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь