Кәсіпорынның қаржылық қызметінің көрсеткіштерін талдау


Ф-7-2014-06-07-01-18-03
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ
«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ» Кафедрасы
ЕСЕП БЕРУ
кәсіби практиканы өту туралы
(оқулық, өндірістік, дипломалды)
Орындаған топ студенті
(тобы) (қолы, тегі, аты)
Кәсіпорындағы практика
жетекшісі (дәрежесі) (қолы, тегі, аты)
М. П.
Университеттегі практика
жетекшісі (дәрежесі) (қолы, тегі, аты)
М. П.
АЛМАТЫ, 2015
Есеп беру мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
- «Көгалдандыру және көріктендіру» ЖШС-нің жалпы мінездемесі . . . 5
- «Көгалдандыру және көріктендіру» ЖШС-нің ұйымдық құрылымының сипаттамасы . . . 9
- Кәсіпорынның негізгі өндірісін және көрсетілетін қызметтің жүзеге асырылуын талдау . . . 11
- Негізгі өндірістік қорларды пайдалануды талдау . . . 16
- Еңбек ресурстарын пайдалануды талдау және еңбекақы . . . 20
6. Кәсіпорынның қаржылық қызметінің көрсеткіштерін талдау . . . 22
7. Қарастырылып отырған мәселелерді жақсарту бойынша ұсыныстар . . . 26
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ… . . . 32
КІРІСПЕҚазіргі кезде нарықтық экономика мамандардың кәсіби дайындығына қатаң талаптар қойып отыр, соның ішінде кәсіпорын экономистеріне.
Сондықтанда болашақ экономист мамандарда қазіргі заман талабына сай ойлау қабілеттілігін, жоғарғы кәсіби біліктілікті, пайда болған мәселелерді шешу жолдарын іздеу және табу тілегін, нарықтық экономика жағдайында өндірістің даму болашағын көре білу ойларын қалыптастыру керек.
Диплом алдындағы тәжірибенің мақсаты - соңғы бірнеше жыл ішіндегі кәсіпорынның өндірістік - шаруашылық қызметі туралы объективті деректерді жинау.
Тәжірибеден өту кезіндегі негізгі тапсырмалар:
- кәсіпорынды өндірістік-шаруашылық бірлік ретінде оқып-үйрену;
- шаруашылық субъектісінің жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштерімен танысу;
- шаруашылық субъектінің басқару құрылымымен танысу;
- диплом алды тәжірибені өту кезінде материалдар мен деректерді жинау арқылы есеп беру.
Тәжірибені жүргізу орнының объектісі ретінде «Көгалдандыру және көріктендіру» жауапкершілігі шектелген серіктестігі алынып отыр. Есеп беру үшін осы компанияның өндірістік, қаржылық, статистикалық, бухгалтерлік және жылдық есептері негізге алынды.
Бүгінгі күні қоғамдық өндірістің даму бағыты - әлемдік нарықта инновацияға негізделген бәсекеге қабілетті өнім шығару. Соның нәтижесінде еліміздің экономикасы алдыңғы келе жатқан 10 жылдықта әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кірмек. Мемлекетіміздің аталған экономикалық саясатын іске асыруда өнеркәсіптің атқаратын рөлі өте зор, себебі олар қоғамдық өндірістің негізгі буыны болып табылады.
Өнімнің болашақтағы өміршеңдігі оның сапасына байланысты болып келеді. Сапалы өнім шығаруда сапалы шикізат болуы тиіс. Кәсіпорын міндетті түрде жаңа технологиямен жабдықталуы тиіс. Өндіріс орнында білікті мамандардың да көп болуы кәсіпорынның үздіксіз әрі беделді жұмыс атқаруына әсерін тигізеді.
Қазақстан экономикасының нарыктық қатынастарға көшу
барысында қоғамымыздың көптеген әлеуметтік және
экономикалық мәселелерін жаңаша шешуге тура келеді. Нарыкгық
катынастардың калыптасуы шаруашылық субъектілердің деңгейінде
жаңа шаруашылық механиздерінің пайда болуымен кабаттаса
жүреді, онда өндірістік шаруашылык қызметтерінің жоспарлануына, жүзеге асуына, тіркелуіне талдануына, болжамдануына маңызды орын беріледі.
Көптеген жылдар бойы елімізде халық шаруашылығын басқару әкімшілік-әміршілік жүйе әдісімен жүргізілді, ал оны дамыту міндетті түрде орындалуға тиісті мемлекеттік жоспар негізінде жузеге асырылып келді.
Әрбір өндірістік ұйым бәсекелестерінен артта калып қоймас үшін өз өндіріс көлемін және нарық сұранымын кем дегенде 2-3 жылға мұқият жоспарлап, келешегін аңыкгаулары керек. Жоспарлауда жіберілген кез келген қателік кәсіпорынды орасан шығындарға, банкроттыққа немесе толық жойылуына әкелуі мұмкін. Шаруашылық субъектіге өз болашағының әрбір кезеңі бойынша егжей-тегжейлі, яғни өнімді жобалаудан бастап жаңа технологияны ендіру, тәжірибелі-эксперименттік жұмыстар мен өнімді шығаруға дейін, содан соң өндірістегі ескі өнімді әрлендіруді токтатып нарыққа жаңа өніммен шығуды алдын ала қарастыру керек. Бұлардың барлығы шаруашылықгың ішкі экономикасымен, салык жүйесімен және несиелік жағдайлармен, нарықтағы ахуал және бәсекелестердің ниеттерімен, шаруашылық субъектіден тыс жағдайлармен байланысты болуы керек.
Шаруашылық субъекті кызметін зерттеу және талдау жүргізу мынадай мүмкіндіктер береді:
- келешекте даму перспективасын күні бұрын болжап білу;
- материал, еңбек және каржы ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану;
- банкрот кауіпінен құтылу;
- ғылыми-техникалық саясатын мақсатка лайық және тиімдіжүргізу;
- өндірілетін өнімді нарык талабына сай дер кезінде жаңарту жәнеоның сапасын арттыру;
- өндіріс тиімділігін арттыру және қаржылық жағдайды жақсарту.
Жоғарыда көрсетілген өз міндеттерін атқаруы үшін зерттеу, талдау, жоспарлау жүргізу, ғылыми кағидалар мен әдістерге сай кұрылуы тиіс.
Диплом алдындағы тәжірибеден өту барысында «Көгалдандыру және көріктендіру» ЖШС 2013-2014 жылдардағы барлық техника-экономикалық көрсеткіштері мен қаржы-шаруашылық қызметі қарастырылады.
Бағдарламада көзделген барлық мәселелерді толық орындауға тырыстым, яғни кәсіпорынның даму тарихын, басқару құрылымын, қазіргі кең өріс алған маркетингтік жүйесінің қалыптасуын, өндірістік құрылымын және де өндірістік процесстің жүргізілуін, сонымен қатар негізгі техника-экономикалық көрсеткіштеріне және қаржы жағдайына талдау жүргізілді.
Кәсіпорында өтілген өндірістік тәжірибеден алынған статистикалық және бухгалтерлік ақпараттар көзі өндірістік тәжірибе жайында есеп жазуға кажет екендігіне көз жеткізуге болады.
Негізгі тапсырмаға кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың теоретикалық негіздемесін беру, кәсіпорынның шаруашылық қызметін, қызметтің нарықтағы қызметін саралау жатады.
- «Көгалдандыру және көріктендіру» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ЖАЛПЫ МІНЕЗДЕМЕСІ
Кәсіпорынның атауы: «Сарысу ауданы әкімдігінің «Көгалдандыру және көріктендіру» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Орналасқан жері: 080700, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, Жібек жолы көшесі №25 үй.
Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты:
Коммуналдық, тұрғын үй шаруашылығы саласында және ауданның инфрақұрылымын өмірлік қамтамасыз етудің өзге жүйелерінде өндірістік шаруашылық қызмет атқару.
Серіктестіктің өкілетті органы және қатысушысы - Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобил жолдары бөлімі.
Серіктестіктің мөрі, дербес балансы, банкттерде шоттары және өз фирмалық атауы жазылған бланкілері бар.
Серіктестіктің қызметінің негізгі мақсаты: Жамбыл облысы Сарысу ауданының саябақтары, гүлзарлары және демалыс аумақтарын күтіп үстау, жарықтандыру, көріктендіру, фонтандар мен скважиналарды күтіп ұстау және жөндеу, жарғысы бойынша қызметінен таза табыс алу болады.
Серіктестіктің қызметінің мәні болып табылатындар:
- көріктендіру бойынша жұмыстар;
- көгалдандыру бойынша жұмыстар;
- жөндеу -құрылыс жұмыстары;
- көріктендіру үшін жобалық -сметалық жұмыстар;
- құрылыс монтажды жұмыстар;
- электро-монтажды жұмыстар;
- сумен қамтамасыз ету жүйелерін құру жұмыстары;
- жарықтандыру құрылғыларын орнату жұмыстары;
- скважиналар мен фонтандарды күтіп үстау және жөндеу жұмыстары;
- Қазақстан Республикасының Заңдарымен тиым салынбаған өзге де қызмет түрлері.
2012 жылы ел басы, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың жолдауындағы және біздің облысқа іс сапармен келгендегі, саябақтарды көпшілік пайдаланатын және дем алатын орынға айналдыру туралы тапсырмасына орай, Жамбыл облысы Саарысу ауданының саябақтарын дамыту мақсатында қаржы экономикалық негіздеме дайындалып, қалалық мәслихаттың кезекті отырысында мақұлданып, бекітілген.
2013 жылы 92, 0 млн тенге қаржы жобалау сметалық құжаттар дайындау мен халықаралық теннис орталығы құрылысы жұмыстарына бөлініп, олар түгелдей игерілді.
«Көгалдандыру және көріктендіру» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2013 жылы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу тарулы» Заңына сәйкес жарияланған тендерге қатысып, Шымкент қаласы аумағында орналасқан 35 саябақтар мен гүлзарларды күтіп ұстау, көгалдандыру және көріктендіру жұмыстарын 83975, 0 мың тенгеге ұтып алып, жұмыс атқарды.
Бұл жұмыстардан бөлек 12 дана фонтандар мен 16 дана тік ұнғымаларды күтіп үстау және ағымдағы жөндеу жұмыстарын 39955, 0 мың тенгеге үтып алып, жаз айларында фонтандардың бекітілген кестеге сәйкес жұмыс атқаруын, сонымен қатар жер асты суларының денгейін үстап түратын 16 дана тік ұнғымалардың ұзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етті.
2013 жылы «Жол картасы» бойынша Абай, Жеңіс, Металлург және Орталық саябақтарды көріктендіру жұмыстарын 39092, 0 мың тенгеге үтып алып, қоршау және суғару жүйелерін орнатты.
«Жол картасы» бөйынша бөлінген қаржыға Абай саябағының 2950метр, Металлург саябағының Ш. Калдаяқов, Парковая көшелері бойына -383метр, Жеңіс саябағының Тауке хан данғылы мен Елшібек батыр көшесі бойына - 238метр, Орталық саябақтың Сарысу көшелері бойына- 150 метріне жаңадан темір қоршулар орнатылды.
Күнделікті барлық саябақ және гүлзарларда санитарлық тазалау, қоқыстарын шығару және жасыл желектерді суғару, агротехникалық нормаларға сәйкес баптау, құнарландыру, зиянкес құрттардан, сары шырмауқтардан сақтау, көріктендіру элементтерін күтіп үстау, фонтандар мен тік ұнғымалардың бекітілген кестеге сәйкес ұзіліссіз жұмыс істеуі қатаң бақыланып, жүмыстар жүргізілуде.
Күтіп ұстау жүмыстарынан бөлек, 234 гектар жердің шөбі орылды /айына 2-3мәртеден/, 5905 ағаштарға санитарлық қырқу, 8401 гүл көшеттерін отырғызу, 3569м2 алаңға газондық шөптер егілді, 9778 ағаштардың түптері әктелді, орындықтардың 641 м2 және қоқыс салғыштардың 352м2 беттерін сырлау, жаңадан 174 дана орындықтар және 184 дана қоқыс салғыштар, 97дана торшерлер орнатылды, ағаштарды зиянкестерден сақтау мақсатында дәрілеу жұмыстары жүргізілді, күз айларында 9000 дана көп жылдық раушан гүлдер отырғызылды.
20 дана саябақтарды таза үстау туралы және де Абайдың көркем сөздері жазылған көрнекі жарнамалар Абай саябағына орнатылды.
Жаз айларында өрт болдырмау мақсатында, жабайы өскен шөптер бекітілген кесте бойынша орылды.
Абай, Жеңіс, Металлург, Орталық және Сарысу ауданы саябақтарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 8 дана полиция дүнгіршектері орнатылды.
Абай саябағындағы жазғы сцена жаңартылып, шатыры жабылды. Ойын атракциондары жөндеуден өткізіліп, сырланды.
Жеңіс, Металлург және Орталық саябақтағы 12-15 жылдан бері жұмыс істемей тұрған фонтандар қайта жөнделіп іске қосылды.
Аудан бойынша 12 фонтандар күтіп үстауға берілген. Қазіргі күнде Ордабасы алаңы мен Тыныбаев көшесі бойына орналасқан Жамбыл облысының құрметті азаматтары аллеясындағы фонтандар сырттары түгелдей керамикалық плиталармен қапталып, қалған фонтандар сырланып, жөнделіп іске қосылды.
Фонтандар аумағындағы жасыл желектерге санитарлық қырқу жұмыстары жүргізіліп, орындықтар, қоқыс салғыштар және басқа да көріктендіру элементері сырланды.
Орталық саябақтағы, Тыныбаев және Бекет батыр көшесіндегі гүлзарлардағы жасыл желектерді суғаруға кететін шығынды үнемдеу мақсатында тік ұнғымалардан суғару құбырлары тартылып, ағаштар, гүлдер және газондар жер асты суларымен суғарылуда.
Орталық саябақтағы ескерткіш айналасындағы 560м2 аланға плиталар төселіп және жиек тастар орнатылды, аумағына газондық шөптер егілді.
Жеңіс, Металлург және Орталық саябақтағы балалар атракциондары қайта жөнделіп іске қосылды, сырттары қоршалды.
А. Құнанбаев мұражайы аумағындағы 2000м2 алаңға газон шөптер себіліп, 1850 дана гүл және де 158 дана қылқан жапырақты ағаштар егілді.
Жұмысшылар жұмыс киімімен және де қажетті жұмыс құралдарымен қамтамасыз етілді.
Серіктестіктегі еңбекті қорғау және еңбек заңнамаларын сақтап, еңбек қаіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайын жақсартудағы жетістіктері үшін «Көгалдандыру және көріктендіру» ЖШС-гі Жамбыл облысы Сарысу ауданы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің құрмет мадақтамасымен марапатталды.
Жалақыдан, кредиторлық, дебиторлық және басқа да салықтардан қарыз жоқ.
2013 жылдың 12 айының қортындысы бойынша серіктестік 198 062, 0 мың тенгеге жұмыс атқарып, 2168, 0 мың тенге таза табыспен шығып отыр, оның ішінде бюджетке қайтарылатын қаржы 1084, 0 мың тенге.
Ақылы қызмет көрсетуден 2337, 0 мың тенге кіріс алынды.
Жалпы «Көгалдандыру және көріктендіру» ЖШС технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау 1 кестеде берілген.
Кестедегі берілген көрсеткіштерге қарағанда көрсетілген қызмет көлемі 142080 теңгеге артқан немесе өсу серпіні 12, 2 %.
Бір жұмысшының еңбек өнімділігі 2014 жылда 10780, 4 мың. тенгеге тең, ол былтырғы жылға қарағанда 10, 4 % жоғары.
Өндірістік өнеркәсіптік персонал саны есепті жылы өткен жылға қарағанда 2 адамға көбейіп 121 адам құрады. Орташа айлық еңбек ақы 2013 жылы 60200 тенге көлемінде болды, оның деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 8, 4 % жоғарылаған. Сәйкесінше еңбек ақы қорының өсу серпіні 10, 2 % болып 94743 мың тенге құрады.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қоры есепті жылы 197511 мың тенге құрады. Оның өсу серпіні 0, 3 %. Қор қайтарымдылығы есепті жылы 9, 2 % артып 6, 60 тенге болды.
Кесте 1 - «Көгалдандыру және көріктендіру» ЖШС технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Қызметтің толық өзіндік құны есепті жылы 899051 мың тенге құрады, бұл өткен жылға қарағанда 11, 5 % жоғарылаған.
Толық өзіндік құнның өсу серпіні өткізілген өнім көлемінің өсу серпінен аз болғандықтан 1 тенге тауарлық өнімге шаққандағы шығын деңгейі өзгеріссіз болды.
Кәсіпорын табысы есепті жылы 13, 9 % артып, 405379 мың тенге көлеміне жетті. Пайданың өсу серпіні толық өзіндік құнның өсу серпінінен артық болғандықтан өнім рентабельділігі де 0, 9 пайыз пунктіне артып, есепті жылы 45, 1 % болды.
2 «КӨГАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ КӨРІКТЕНДІРУ» ЖШС-НІҢ ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫН СИПАТТАМАСЫ
Кәсіпорынның құрылымы: өндірістік және ұйымдық болып бөлінеді.
Өндірістік бөлімшелер өнімді өндірудегі жалпы технологиялық процестердегі олардың өзара байланысы кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды.
Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы - бұл құрамы және оның ұйымдық бірлік мөлшері (жұмыс орны, бөлім, қызмет), олардың арақатынасы және өндірістік құрылым жұмысын ұйымдастыратын бөлімшелер.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы тұрақты болып табылмайды. Жаңа техника және технологияларды енгізумен байланысты өзггеріп отырады. Кәсіпорын қызметінің тиімді болуы өндірістік бөлімшелер арасындағы байланыстың жақсы болуына байланысты.
«Көгалдандыру және көріктендіру» ЖШС-ң ұйымдастырушылык басқару құрылымы төменде көрсетілген.
Сурет 1- Кәсіпорынның ұйымдастырушылық басқару құрылымы.
Ескерту - «Көгалдандыру және көріктендіру» ЖШС-ң мәліметтеріне негізделген
Кәсіпорынның инфрақұрылымын ұйымдастыру.
Кәсіпорында өндірістік процестің тиімділігі жалпы оның инфрақұрылымына байланысты. Оның құрамына көмекші және қызмет етуші шаруашылықтар кіреді. Ол кәсіпорынды қажетті шикізаттармен, материалдармен, электр энергиясымен, құрал жабдықтармен қамтамасыз етеді. Басқа сөзбен айтқанда кәсіпорынның инфрақұрылымы сапалы және қажетті өнім шығаруға барлық жағдайды қамтамасыз етеді.
Көмекші шаруашылық деп негізгі өндірісті техникалық қамтамасыз ету бөлімдерін айтады. Осы салады жұмыс істейтін жұмысшыларды көмекші жұмысшылар деп айтады, яғни олар негізгі өнімді дайындауға тікелей қатыспайды.
«Көгалдандыру және көріктендіру» ЖШС-де көмекші және қызмет көрсетуші шаруашылықтар жақсы дамыған. Оларға келесі бөлімдер жатады:
- механикалық жөндеу цехтары;
- энергиямен қамтамасыз ету қызметі;
- құрылыс цехы;
- жабдықтау қызметі;
- өткізу қызметі.
Кәсіпорынды шикізат пен материалдармен қамтамасыз ету процесі келесі сатыларды қамтиды:
- шикізатты қолдану талдауы, өндірістің алдын ала жоспарлауында әр шикізат түрінің маңыздылығы;
- шикізатты қолдануына байланысты шикізатқа ай сайын тапсырыс беру;
- Ооы шикізат пен материалдар тапсырысын ай сайын қаржы бөлімімен салыстыру;
- шикізат пен материалдарға кеткен шығындардың сметасын қолдау;
- баждық келісім жасау үшін қажетті құжаттарды дайындау;
- шикізат пен материалдарды сақтаудың уақытша қоймалары жақсы жабдықталған вентиляциялық жүйемен жасалған және ол дайын өнімдерді және оның сапалылығын саұтап қалу үшін өте тиімді.
Әр өндірістік кәсіпорын өздерінің өнімділік жүйесін жүргізеді
Кәсіпорынның өндірістік толық жүйесі операциялық жүйе деп аталады. Өндірістік жүйені басқару - бұл бар өндіріс процесін саналы реттеу және ол келесідей жүргізіледі:
1) ортақ стратегияны зерттеу мен ақиқаттау және кәсіпорынның өндірістік қызметті бағдарлау;
2) өндірістік жүйені ендіру мен зерттеу орналасуы жөнінде шешім қабылдау, өндірістік қуат, кәсіпорынды жобалау және өнімді жобалау, жұмысты орындауда стандарт және норма енгізу;
3) ағымды функционалды жүйені жоспарлау және бақылау, оның тапсырыс бағдарын дұрыс және тиімді орындау, шикізаттың келіп түсуінен өнім шығуға дейінгі календарлық мерзімін анықтау.
3. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ӨНДІРІСІН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН ТАЛДАУ
Негізгі өндіріс деп кәсіпорынның жоспарымен қарастырылған өнім өндіру көлемін айтамыз. Негізгі өндірісті ұйымдастырудың басты мақсаты еңбектің өндірістік қызметінде, өнім шығынын төмендетуде сондай ақ еңбек жағдайын жақсарту процестерінде еңбек құралдары мен заттарын тиімді пайдаланатындай жағдайды қамтамасыз ету.
Өндірістік процесс шикізаттар мен материалдардың дайын өнімге айналуына бағытталған еңбек процестерінің жиынтығы. Өндіріс процесінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін ең тиімді еңбек процесінің үйлесуін және өндірістің матиралдық элементтерін белгілі бір жүйеге келтіруін қамтамасыз ету қажет: Технология сәйкес тиімді жабдықтарды қатыстыру, олардың үздіксіз, жоғары өнімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және өндірістің тапсырысын қорғау.
Өндірістік процестерді ұтымды ұйымдастыру мыналарды қамтуы қажет:
- Өнімдерді дайындау немесе шығарудағы үздіксіздігі;
- Өндіріс учаскілерінің қуаттылығының үйлесімділігі және олардың өзара үйлесуі.
- Өңделетін матиралдармен бұйымдар қозғалысының түзу дәлдігі, яғни өндіріс процесінің барлық сатысынан өткен ең қысқа жол.
- Өндірістің ырғақтылығы, яғни тең аралық уақытта тең өнім мөлшерін шығару немесе тең аралық уақытта тең жұмыс көлемін орындау.
Сонымен өндірістк процесті тиімді ұйымдастыру принциптері-мамандандыру, үйлесімділік, тік дәлдігі, үздіксіздігі, ырғақтылығы, және техникалық қамтамасыздандыру болып табылады.
Қызмет көрсету мен өткізуді сипаттайтын жалпылама құнды көрсеткіштерге жалпы өнім, тауарлы өнім, сатылған өнім жатады.
Жалпы өнім - бұл аяқталмаған өндірісті қоса алғандағы барлық өнідірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құны.
Тауарлы өнім - бұл жалпы өнімнен келісімен өзгешеленеді, яғни бұған бітпеген өндірістің қалдығы мен ішкі шаруашылық айналым кірмейді.
Сатылған өнім - бұл сатып алушыларға тиеліп жіберілген және сатып алушылармен құны төленген өнім.
Өндірістік бағдарламаның орныдалуына баға беруде өнімді өндіру және өткізу көлемінің натуралды көрсеткіштерінің маңызы зор.
Талдауды өнімді өндіру және өткізу динамикасын зерттеуде, базалық және тізбектік өткізу қарқынымен өсімшесін есептеуден бастаймыз. Талдаудың басты негіздері берілген есептердің және өнім өндіру мен өткізу жоспарының мәліметтері, есепке енбейтін әр түрлі материалдар, өнім өндіру мен өткізу процестерін жекелей қадағалаудың нәтижелері болып табылады.
Қызмет көрсету және өткізу көлемінің өсу темпі мен оның сапасының жоғарылауы кәсіпорынның пайда және рентабельділігіне әсерін тигізеді. Сондықтан да берілген көрсеткіштерді талдау маңызды.
Қызмет көрсету және өткізу көлемі бір-бірімен тығыз байланысты көрсеткіштер. Нарық жағдайындағы бәсекелестіктің дамуы кезінде сату көлемін өндіріс анықтамайды, керісінше сату көлемінің мүмкіндігі өндірістік бағдарламаны құрудың негізі болады. Кәсіпорын өнімді өткізе алатын көлемде ғана өндіруі қажет.
Кәсіпорынды шикізат пен материалдармен қамтамасыз ету процесі келесі сатыларды қамтиды:
- шикізатты қолдану талдауы, өндірістің алдын ала жоспарлауында әр шикізат түрінің маңыздылығы;
- шикізатты қолдануына байланысты шикізатқа ай сайын тапсырыс беру;
- осы шикізат пен материалдар тапсырысын ай сайын қаржы бөлімімен салыстыру;
- шикізат пен материалдарға кеткен шығындардың сметасын қолдау;
- баждық келісім жасау үшін қажетті құжаттарды дайындау;
- шикізат пен материалдарды сақтаудың уақытша қоймалары жақсы жабдықталған вентиляциялық жүйемен жасалған және ол дайын өнімдерді және оның сапалылығын сақтап қалу үшін өте тиімді.
Жоғары сапалы қызмет көрсету үшін сапалы шикізат болу керек. Бастапқы өндірудің мақсаты - жеткізу және сақтау барысында жұмыстың қалыптығын сақтау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz