Майда еритін дәрумендер тобы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

3. Экспериментальная часть

3. 1

Выводы

Список использованных источников

Экологическая часть

Экономическая часть

Кіріспе

Дәрумендер өсімдік пен мал өнімдерінен алынатын азық - түліктерде болады. Адам әр түрлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті дәрумендерді алып отырады. Күнделікті ішіп отыратын тағамдарымыздың кейбіреулерінің құрамында адам организміне аса қажетті дәрумендер жетіспейді. Демек, тағамда дәрумендер жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға жиі шалдығады. Соған қарағанда «Ас дәмімен тәтті» немесе «Ас жүрген жерде ауру тұрмайды» деп жұрт бекерге айтпаған. Дәрумендер адам өмірінің арқауы, онсыз адамның денсаулығы ойдағыдай болмайды, тіпті адам тіршілік ете алуы да мүмкін емес. Олай болса дәрумендерді қарапайым тілмен айтқанда тіршілік нәрі, өмір серігі деуге болады.

Дәруменнің өмір арқауы екенін алғашқыда орыс ғалымы Н. И. Лунин білген көрінеді. Ол 1880 жылы хайуанаттарға ғылми тәжірибе жасап көреді. Ғалым екі топ тышқанды бөліп алып, арнаулы бөлмеде бағады. Ол тышқанның бір тобын колға үйретіп, сүтпен асыраса, екінші тобына жасанды, яғни құрамындағы кұнды заттары алынған сүтті беріп байқайды. Байқағанда бірінші топтағы тышқандар өседі, семіреді, тіпті балалап көбейеді. Ал екінші топтағылар жүдей бастайды да, кейін қырылып бітеді. Сөйтіп ғалым тәжірибесін қорытады. Ғалым тіршілік үшін арқау болатын арнаулы заттар керектігін шамалайды. Бірақ ғалымның организмге табиғи азық-түлік түрлерінен басқа да қасиетті, нәрлі заттар керек деген бұл пікірін ширек ғасыр бойы ешкім елемей келген болатын.

Адам өмірі үшін маңызды заттардың бір тобы - дәрумендер болып табылады. Дәрумендердің табиғи және синтетикалық түрлері болады. Негізінен дәрумендер адамдардың немесе жануарлардың күнделікті тұтынатын тағамдарымен бірге ағзаға түсіп, ағзадағы ферменттер әсерінен ағзада түзіледі. Кей жағдайларда, яғни, адам гиповитаминозға шалдықса, дәрумендерді ағзаға дәрілік препарат ретінде қабылдап жеткізуге болады. Дәрумендер тағамның, көкөністердің, дәнді - дақылдардың құрамында болатын маңызды қосылыстар. Олардың әрқайсысының өзіне тән химиялық структурасы бар. Қазіргі таңда бізге дәрумендердің 13 тобы белгілі, оған қоса әлі зерттеліп ғылымға қосылмаған түрлері де жеткілікті [1] .

Дәрумендердің биологиялық белсенділігіне қысқаша тоқталатын болсақ, әрбір дәрумен биологиялық белсенді болып келеді. Бірақ өз ішінен биологиялық белсенділігі төмен, орташа және жоғары болып бөлінеді. Жалпы биологиялық белсенділік дегеніміз биологиялық үрдістердің интенсивтілігі болып табылады.

Дәрумендердің синтезіне тоқтала кетейік. Негізінен көптеген дәрумендер адам ағзасында синтезделеді де, артық мөлшері бауыр, бүйрек, тік ішек жолдарымен сыртқа шығарылады. Соңғы уақытта, техника мен технология дамыған жағдайда, адам денсаулығы үшін, ағзада жетіспейтін дәрумендерді дәрілік препарат ретінде ағзаға жіберіледі. Әрине бұл дәрілік препараттар синтетикалық дәрумендер болып табылады. Яғни оларды кешенді қосылыстардан немесе табиғи өнімдерден синтетикалық жолмен синтездеп алады [2] .

Дәруменнің мал үшін де маңызы зор. Мал азығында дәрумен жеткіліксіз болса, малдың өнімі төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі ауруларға шалдығады. Мал азығында А, Д, Е, К дәрумендері жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мысалы, А дәрумені жетіспеген жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады, сүті кемиді, сондай-ақ олар қысыр қалуы, іш тастауы мүмкін. Малға қажетті дәрумен балауса шөпте, жоңышқада, сүрленген шөптерде, тағыда басқа болады. Қыста адәруменозға шалдыққан, тағыда басқа түрлі жағдайлармен жүдеген малға дәрумен концентраттарын, сәбіз, балық майы, тағыда басқа дәрумені мол азық беру керек. Мал азығындағы дәрумен мөлшерін көбейту үшін арнайы дәрумен препараттары мен құрғақ ашытқылар шығарылады.

Дәрумендер - төмен молекулалы биологиялық белсенді органикалық қосылыстар тобы, организмнің дұрыс дамуы мен тіршілік етуі үшін қажетті, әр түрлі құрылымнан тұрады, олар қайталанбайтын өте нәрлі қоректік фактор болып табылады. Дәрумендер біздің организмнің көптеген функцияларын сақтайтын өмірлік маңызы зор. Демек, организмге дәрумендерді жеткілікті және үнемі тұтыну өте маңызды.

Дәрумендердің химиялық құрылымын білу оларды химиялық синтездеу жолымен алуға мүмкіндік береді. Микробиологиялық синтезбен қатар, өнеркәсіптік ауқымда дәрумендерді өндірудің негізгі жолы болып табылады.

Дәрумендер метаболизмді реттеуге қатысады. Олар организмде кездесетін фотохимиялық процестердің биологиялық катализаторлары немесе реагенттері болып табылады, сондай-ақ ферменттердің қалыптасуына белсенді қатысады. Дәрумендер қоректік заттардың сіңуіне әсер етеді, жасушалардың қалыпты өсуіне және бүкіл дененің дамуына ықпал етеді. Ферменттердің ажырамас бөлігі бола отырып, дәрумендер олардың қалыпты қызметін және белсенділігін анықтайды. Жетіспеушілік, және көп дәруменнің ағзада болмауы метаболикалық бұзылуларға әкеледі. Дәрумендердің жетіспеушілігі немесе болмауы салдарынан дәрумендік жетіспеушілік дамиды [3] .

Дәрумендердің жетіспеушілігі жекелеген органдар мен тіндердің жай-күйіне, сонымен қатар ең маңызды функцияларға: өсу, көбею, зияткерлік және физикалық мүмкіндіктері, организмнің қорғаныш функцияларына әсер етеді. Дәрумендердің ұзақ уақыт бойы жетіспеушілігі, ең алдымен, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне, содан кейін денсаулығының нашарлауына әкеледі және ең ауыр жағдайларда бұл өлімге әкелуі мүмкін. Сол себепті осы аталған жұмысымның тақырыбы аса қызығушылық танытты.

Жұмыстың өзектілігі: Дәрумендер ағза бойындағы биохимиялық және физиологиялық өзгерістердің қалыпты жүруіне ықпал ететін тіршілік үшін маңызы зор, төмен молекулалы органикалық қосылыстар. Осыған орай, таңдалынған тақырып өзекті әрі тәжірибелік және теориялық маңызды болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Дәрумендер және олардың функционалдық туындыларының синтезі мен биологиялық белсенділігін зерттеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • дәрумендердің түрлеріне, негізгі топтарына және қасиеттеріне жалпы сипаттама беру;
  • дәрумендердің химиялық құрылымын, биологиялық белсенділігін анықтауға жүргізілетін негізгі әдістерді анықтау;
  • алынған нәтижелерді, мәліметтерді талқылап қорытындылау.

Зерттеу объектісі: «С» дәрумені.

Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы.

Жасалған жұмыс студенттердің оқу процессінде, биология және медицинада, тағы да ғылыми зерттеу орталықтарында қолданылуы мүмкін.

Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы.

Дипломдық жұмыс кіріспе, әдебиетке шолудан, зерттеу материалдары мен әдістерден, зерттеу нәтижелері мен оларды талқылау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Мәтін қазақ тілінде 48 бетте баяндалған, 6 кесте және 31 суретпен көркемделген. Пайдаланған әдебиеттер 25 аталымынан, 4 интернет желісіндегі ақпараттардан, олардың ішінен 8 әдебиет шет тіліндегі және 13 әдебиет орыс тілінен алынған.

1. 1 Дәрумендерге жалпы сипаттама

Дәрумендер дегеніміз адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық белсенді органикалық қосылыстар. Дәрумен (латынша vita - тіршілік және амин) туралы ілімнің 1880 жылы негізін салған орыс дәрігері Николай Лунин. Ал 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибе нәтижесін қорытындылап, ғылымға дәрумен терминін енгізді. Дәрумен - салыстырмалы құрылысы күрделі емес және әртүрлі табиғаты бар төменгі молекулярлы органикалық қосылыстардың тобы. Бұл жиынды химиялық табиғаты бойынша органикада біріктіріледі, олардың ортақ қасиеті гетеротрофтылармен азық түрінде тұтынатынында. Автотрофты ағзалар да дәруменге мұқтаж болып келеді, дегенмен олар дәруменді синтез жолымен немесе тікелей қоршаған ортадан алады.

Ғылми зерттеуге қарағанда дәрумендер денедегі уыттағыш арнаулы заттар құрамында болады екен, олар қоректік заттардың ағзаларға сіңімділігін тездететін күшті заттар қатарына кіреді. Адамның денсаулығын нығайтып, оны түрлі аурулардан қорғап, жұмыс қабілетін арттыру үшін дәрумендер организмге күнделікті тағамдар арқылы белгілі мөлшерде үзбей жетіп тұруы қажет. Әрине, бұл жағдай тәжірибеде ойлағандай бола бермейді. Қазіргі озат медицина ғылымы дәрумендердің сексенге тарта түрін тауып отыр. Бірақ олардың бәрі бірдей пайдаланылмайды. Әзірге әбден сыналған, тіршілік үшін маңызы күшті аз ғана: А, Д, Е, К, С, РР, В 1 , В 2 , В 12 сияқты дәрумендер бар [4] .

Тағамдар құрамында (немесе қоршаған ортада) дәрумендер саны айтарлықтай көп емес болғандықтан, олар микронутриент болып табылады. Дәрумендер қатарына әдетте микроэлементтер мен алмастырылмайтын амин қышқылдары жатқызылмайды.

Дәрумендерді зерттейтін ілім витаминология деп аталады. Ағзаға дәрумендердің қалыпты түсіп отыруын бұзатын 3 приципиальды патологиялық жағдайлар: авитаминоз - дәруменнің болмауы, гиповитаминоз - дәруменнің жетіспеуі, гипервитаминоз - дәруменнің шамадан тыс көп болуы. Дәрумендердің көбісі коферменттер болып табылады. Дәрумендердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ағзада үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында дәрумен жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал дәруменді (әсіресе, А және Д дәрумендерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық дәрумендерді суда еритін дәрумен және майда еритін дәрумен деп екіге бөледі [5] .

Дәрумен жетіспеушілік, авитаминоз - күнделікті ішетін тағамда дәрумендердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не дәрумен синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі дәрумені аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, ағзаға, негізінен көмірсулар (қант, тағы да басқа) ғана түсіп, ақуыз бен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса дәрумен жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы дәрумендер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР дәрумені) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін.

Тағамда дәрумендердің жеткіліксіз болуы, адам ағзасын әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райыныңқолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз, тағы да басқа аурулар себеп болады. Дәрумен жетіспеушілік болғанда ағзада зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі, тағы да басқа жағдайларда ағзада дәрумен жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы дәрумендер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет. Дәрумен жетіспеушілік және гиповитаминоз жануарларда да болады. Мал көбінесе көктемде авитаминозбен ауырады. Дәрумен жетіспеушіліктен аналық мал қысыр қалады, төл нашар өседі. Мысалы, В дәрумені жетіспеген жағдайда құс полиневритпен, шошқа пеллаграмен ауырады. Д дәрумені жетіспесе, төл қатпа болады, ірі мал сүйек ауруына шалдығады [6] .

Жемістер мен көкөністер құрамында дәрумендер көп. 2012 жылы 13 зат (немесе топ) дәрумен деп табылды. Тағы біршама заттар, мысалы, карнитин және инозитол, әлі де қарастырылуда. Дәрумендер латын алфавитінің әріптерімен белгіленеді: A, B, C, D, E, H, K және т. б. Кейіннен дәрумендердің кейбіреулері өзіндік жеке зат емес, дәрумендердің жеке кешендері екені анықталды. Мысалы, В тобының дәрумендері жақсы зерттелген. Дәрумендердің атауы зерттелуіне қарай өзгеріп отырды. Нақты мәлімет 1 кестеде келтірілген.

Кесте 1 - дәрумендердің химиялық атаулары мен белгіленуі

Әріптік белгіленуі
Халықаралық номенклатура бойынша химиялық атау (басқа атаулары жақшаның ішінде көрсетілген)
Әріптік белгіленуі: А 1
Халықаралық номенклатура бойынша химиялық атау (басқа атаулары жақшаның ішінде көрсетілген): Ретинол (аксерофтол, антицефталмикалық дәрумен)
Әріптік белгіленуі: А 2
Халықаралық номенклатура бойынша химиялық атау (басқа атаулары жақшаның ішінде көрсетілген): Дегидроретинол
Әріптік белгіленуі: В 1
Халықаралық номенклатура бойынша химиялық атау (басқа атаулары жақшаның ішінде көрсетілген): Тиамин (аневрин, антиневриттік)
Әріптік белгіленуі: В 2
Халықаралық номенклатура бойынша химиялық атау (басқа атаулары жақшаның ішінде көрсетілген): Рибофлавин
Әріптік белгіленуі: В 3 , РР
Халықаралық номенклатура бойынша химиялық атау (басқа атаулары жақшаның ішінде көрсетілген): Никотинамид (никотин қышқылы, ниацинамид, пеллаграға қарсы дәрумен)
Әріптік белгіленуі: В 6
Халықаралық номенклатура бойынша химиялық атау (басқа атаулары жақшаның ішінде көрсетілген): Пиридоксин
Әріптік белгіленуі: В 9, В с , М
Халықаралық номенклатура бойынша химиялық атау (басқа атаулары жақшаның ішінде көрсетілген): Фолий қышқылы (фолацин)
Әріптік белгіленуі: В 10
Халықаралық номенклатура бойынша химиялық атау (басқа атаулары жақшаның ішінде көрсетілген): Парааминобензой қышқылы (п - аминобензой қышқылы)
Әріптік белгіленуі: В 11 , В Т
Халықаралық номенклатура бойынша химиялық атау (басқа атаулары жақшаның ішінде көрсетілген): Левокарнитин
Әріптік белгіленуі: В 12
Халықаралық номенклатура бойынша химиялық атау (басқа атаулары жақшаның ішінде көрсетілген): Цианокобаламин (анемияға қарсы дәрумен)
Әріптік белгіленуі: В 13
Халықаралық номенклатура бойынша химиялық атау (басқа атаулары жақшаның ішінде көрсетілген): Орот қышқылы
Әріптік белгіленуі: В 15
Халықаралық номенклатура бойынша химиялық атау (басқа атаулары жақшаның ішінде көрсетілген): Пангамо қышқылы
Әріптік белгіленуі: С
Халықаралық номенклатура бойынша химиялық атау (басқа атаулары жақшаның ішінде көрсетілген): Аскорбин қышқылы (цингаға қарсы және темекі құмарлыққа қарсы дәрумен)
Әріптік белгіленуі: D 1
Халықаралық номенклатура бойынша химиялық атау (басқа атаулары жақшаның ішінде көрсетілген): Ламистерол
Әріптік белгіленуі: D 2
Халықаралық номенклатура бойынша химиялық атау (басқа атаулары жақшаның ішінде көрсетілген): Эргокальциферол (кальциферол, рахитқа қарсы дәрумен)
Әріптік белгіленуі: D 3
Халықаралық номенклатура бойынша химиялық атау (басқа атаулары жақшаның ішінде көрсетілген): Холекальциферол
Әріптік белгіленуі: D 4
Халықаралық номенклатура бойынша химиялық атау (басқа атаулары жақшаның ішінде көрсетілген): Дигидротахистерол
Әріптік белгіленуі: D 5
Халықаралық номенклатура бойынша химиялық атау (басқа атаулары жақшаның ішінде көрсетілген): 7 - дегидротахистерол
Әріптік белгіленуі: Е
Халықаралық номенклатура бойынша химиялық атау (басқа атаулары жақшаның ішінде көрсетілген): α-, β-, γ- токоферолдар
Әріптік белгіленуі: К 1
Халықаралық номенклатура бойынша химиялық атау (басқа атаулары жақшаның ішінде көрсетілген): Филлохинон
Әріптік белгіленуі: К 2
Халықаралық номенклатура бойынша химиялық атау (басқа атаулары жақшаның ішінде көрсетілген): Фарнохинон
Әріптік белгіленуі: N
Халықаралық номенклатура бойынша химиялық атау (басқа атаулары жақшаның ішінде көрсетілген): Лип қышқылы, тиоктикалық қышқыл
Әріптік белгіленуі: P
Халықаралық номенклатура бойынша химиялық атау (басқа атаулары жақшаның ішінде көрсетілген): Биофлавоноидтар, полифенолдар
Әріптік белгіленуі: U
Халықаралық номенклатура бойынша химиялық атау (басқа атаулары жақшаның ішінде көрсетілген): Метионин S -

Дәрумендердің заманауи атауы 1956 жылы биохимиялық номенклатура бөлімінің Комиссиясымен таза және қолданбалы химия Халықаралық одағы қабылдады [7] .

1. 2 Дәрумендердің жіктелуі

1956 жылы Халықаралық Одақтық биохимиялық саласында дәрумендерді ерігіштігіне қарай үлкен екі топқа бөлді:

  • суда ерімтал дәрумендер;
  • май бойында ерімтал дәрумендер;

Дәрумендердің алғашқы кезде А, В, С, Д, Е болып топталулары, олардың химиялық құрам-құрылымынан немесе биологиялық белсенділігінен ешқандай мәлімет бермейді. Ал, қазіргі кезде дәрумендерді сол әріптермен таңбалайды және олардың биологиялық маңызын сипаттайтын әсерлері қатар жазылады. Әдебиеттерге сүйене кетсек, барлық дәрумендерді тағамдардан алу мүмкін емес екен. Ағзаға жетіспеген жағдайда ғана біз тағам, жеміс-жидек және т. б астардан аламыз. Дәрумендердің көбісі коферменттер болып табылады. Яғни, ферменттердің бөлігі екен, үздіксіз адам ағзасында жүріп жатқан химиялық реакция. Ағзда олардың қорытылуы тікелей ферменттерге байланысты. Екінші кестеде дәрумендердің ерігіштігіне қарай бөлінуі толығымен көрсетілген.

2 кесте - дәрумендер атаулары мен ерігіштігіне қарай бөлінуі

Таңбалануы
Аталуы
Биологиялық әсері
Таңбалануы: Су бойында ерімтал «В» тобына жататын витаминдер
Таңбалануы: В 1
Аталуы: Тиамин
Биологиялық әсері: Невритке қарсы
Таңбалануы: В 2
Аталуы: Рибофлавин
Биологиялық әсері: Өсіру витамині
Таңбалануы: В 3
Аталуы: Пантотен қышқылы
Биологиялық әсері: Дерматитке қарсы
Таңбалануы: В 5
Аталуы: Ниацин, никотинамид
Биологиялық әсері: Пеллаграға қарсы
Таңбалануы: В 6
Аталуы: Пиридоксин
Биологиялық әсері: Дерматитке қарсы
Таңбалануы: В 9
Аталуы: Фолацин, Фолий қышқылы
Биологиялық әсері: Анемияға қарсы
Таңбалануы: В 12
Аталуы: Цианкобаламин
Биологиялық әсері: Антианемиалық
Таңбалануы: Н
Аталуы: биотин
Биологиялық әсері: Себореяға қарсы
Таңбалануы: В тобына жатпайтын витаминдер
Таңбалануы: С
Аталуы: Аскорбин қышқылы
Биологиялық әсері: Цингага қарсы
Таңбалануы: Р
Аталуы: биофлавоноидтер
Биологиялық әсері: Капеллия беріктілігін арттырады
Таңбалануы: Майда ерімтал витаминдер
Таңбалануы: А
Аталуы: Ретинол
Биологиялық әсері: Ксерофтальмияға қарсы
Таңбалануы: Д
Аталуы: Кальциферол
Биологиялық әсері: Рахитке қарсы
Таңбалануы: Е
Аталуы: Токоферол
Биологиялық әсері: Өсіп өңу витамині
Таңбалануы: К
Аталуы: Нафтохиниондар
Биологиялық әсері: Қан аққанға қарсы антигемморогиялық

Майда еритіндерге А, Д, Е, К дәрумендері. Суда еритін дәрумендерге С, РР және В тобындағы барлық дәрумендер жатады.

Майда еритін дәрумендер ағзада жиналады, себебі олардың түзілу мекені майлы тіндер мен бауыр болып табылады. Суда еритін дәрумендердің белгілі бір саны сақталмайды және көп қолданылған жағдайда сумен шығарылады. Бұл жағдай суда еритін дәрумендердің гиповитаминозы мен майда еритін дәрумендердің гипервитаминозының кең тарағанын көрсетеді [8] .

А дәрумені (ретинол) ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Іңірде, түнде көруді жақсартады. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуі мен терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы өзгереді, көздің қасаң қабығы бұзылады. Адам іңірде, түнде нашар көреді. Бұл ауруды ақшам соқыр (куриная слепота) деп атайды. А дәрумені бауырда, сүтте, жұмыртканың сарысында көп болады. Өсімдіктердің қызыл, сары жемістерінде, сәбізде, қызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі. А дәруменінің ағзаға қажет тәуліктік мөлшері 2, 5-10, 5 мг.

D дәрумені (кальциферол) адамның терісінде күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен түзіледі. Ол кальций мен фосфордың ішектен бөлінуін жылдамдатып, сүйек ұлпасының мықтылығына әсер етеді. Адам ағзасы D дәруменін тағамның құрамынан да қабылдайды. Жас сәбилерде D дәруменінің жетіспеуінен болатын ауру мешел (рахит) деп аталады. Мешел ауруына шалдыққан балалардың қаңқасы дұрыс қалыптаспайды. Аяқ сүйектері дене салмағының әсерінен майысады, сүйек баяу дамиды, ұйқысы қашады. Жұқпалы аурулармен көп ауырады. Сондықтан жас сәбилердің мешел ауруына шалдықпауы үшін күн сәулесіне шығарып шынықтырады. D дәрумені балық майында, бауырында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында, жануарлардың бауырында, сүт өнімдерінде мол. D дәруменінің қажетті тәуліктік мөлшері 2, 5 мг.

С дәрумені (аскорбин қышқылы) . Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С дәрумені биологиялық тотығу кезінде зиянды заттардың түзілуін тежейді. Ол қарсы денелерді түзетін ферменттердің құрамына кіреді. Терідегі қантамырлардың қабырғасының бүлінуіне де кедергі жасайды. С дәрумені жетіспеген жағдайда ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. Бұл дәрумен ұзақ уақыт жетіспесе, адам кауіпті құрқұлақ (цинга) ауруына шалдығады. Адам ағзасы С дәруменін түзбейтіндіктен, тамақпен бірге қабылдануы керек. С дәрумені ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет. Жаңа піскен көкөністер, жемістер және тұздалған орамжапырақ құрамында көбірек кездеседі. Әсіресе итмұрынның, қарақаттың құрамында мол болады. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 60-100 мг [9] .

В1 дәруменi (тиамин ) ағзада дұрыс зат алмасуы үшін (әсіресе кеміртегінің) аса қажет. дәрумен жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту процесі бұзылады. ағза тиаминге зәру болған жағдайда жүйке жүйесі үлкен ауруға шалдығуы мүмкін. В1 дәруменіне әсіресе сыра ашытқысы, келтірілген және тығы зд алған наубайханалық шикізаттар анағұрлым бай. Ал тағамдық азықтардың ішінде, әсіресе жармалар (көбіне қара құмық және сұлы жармалары), құнарсыз ұн сорттарынан пісірілген нан болғаны жөн. Дене және ой еңбегімен көп шұғылданғанда және суықта ұзақ болғанда ағза В1 дәруменін көп қажет етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Витаминдер сипаты
Майлар және олардың тамактанудағы маңызы.Дәрумендер. Дәрумендердің жетіспеушілігі.Дәрумендердің жіктелуі
Дәрумендердің классификациясы. Оларды анықтаудағы негізгі әдістер
Дәрумендердің топтары мен түрлері
Суда еритін дәрумендер
Дәрумендердің негізгі көзі
ДӘРУМЕНДЕР ТУРАЛЫ
Майлар және олардың тамақтанудағы маңызы
Витаминдердің адам өміріндегі физиологиялық рөлі
Витамин түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz