Инвестициялық тартымдылықты талдау әдістері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Қазболек А. С.

Ұйымның қаржылық есептілігін құрудың тәжірибесі және оның негізінде субъектінің инвестициялық тартымдылығын талдау

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В09 - «UTjuhfabz» мамандығы

Астана 2018

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

«Қорғауға жіберілді»

«Есеп, аудит және талдау» каф. меңгерушісі

Бейсенова Л. З., э. ғ. к., доцент

5В050800 - «Есеп және аудит» мамандығы бойынша

«Ұйымның қаржылық есептілігін құрудың тәжірибесі және оның негізінде субъектінің инвестициялық тартымдылығын талдау» тақырыбына

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Орындаған: Қазболек А. С.

Ғылыми жетекшісі: Алибекова Б. А.

э. ғ. к., доцент, профессор м. а.

Астана 2018

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .
6
Кіріспе . . .:
  1. Ұйымның қаржылық есептілігінің және инвестициялық тартымдылығының теориялық негіздері . . .
6: 8
Кіріспе . . .: 1. 1 Қазіргі жағдайдағы қаржылық есептіліктің қажеттілігі, құрамы және мазмұны . . .
6: 8
Кіріспе . . .: 1. 2 Инвестициялық тартымдылық түсінігі және оның көрсеткіштерін анықтаудағы қаржылық есептіліктің рөлі . . .
6: 10
Кіріспе . . .: 1. 3 Жаңғыру жағдайындағы инвестициялық тартымдылықты талдау әдістері . . .
6: 14
Кіріспе . . .: 2 «Oil Services Company» ЖШС-нің қаржылық есептілігін құрудың және оның инвестициялық тартымдылығын талдаудың қазіргі жағдайы . . .
6: 16
Кіріспе . . .: 2. 1 «Oil Services Company» ЖШС экономикалық қызметінің жалпы сипаттамасы және оның негізгі көрсеткіштерін талдау . . .
6: 16
Кіріспе . . .: 2. 2 «Oil Services Company» ЖШС-нің қаржылық есептілікті құру тәртібі мен тәжірибесі . . .
6: 24
Кіріспе . . .: 2. 3 «Oil Services Company» ЖШС-нің инвестициялық тартымдылығын талдау . . .
6: 28
Кіріспе . . .: 3 Қаржылық есептілікті жетілдіру және ұйымның инвестициялық тартымдылығын жоғарылату жолдары . . .
6: 33
Кіріспе . . .: 3. 1 Ұйымның қаржылық есептілігін құруды жетілдіру жолдары . . .
6: 33
Кіріспе . . .: 3. 2 Инвестициялық тартымдылықты жоғарылатудың негізгі бағыттары . . .
6: 37
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
6: 45
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
6: 47
Кіріспе . . .: Қосымшалар . . .
6: 50

Кіріспе

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Мемлекет басшысының Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында: « . . . Қазақстан Республикасы шет ел инвестицияларын тарту бойынша көшбасшылығын сақтап қалуы қажет» екендігін басып айтқан болатын [1] .

Елбасының тапсырмасына сәйкес аталған талапты жүзеге асыруға бағытталған еліміздің 2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегиясы 2017 жылдың тамыз айында бекітілді [2] . Стратегияның басты мақсаты - тиімділікті арттыруға бағытталған қолайлы инвестициялық климат құру және инвестиция тарту.

Стратегияда тиімділікті арттыруға бағытталған жаңа инвестицияларды тартуға ұтымды басым салалар белгіленді. Бұл салалар екі топқа бөлінді. Олардың біріншісі - «қолданыстағы әлеуетті салалар», яғни, азық-түлік өнеркәсібі, мұнай-газ және пайдалы қазбаларды қайта терең өңдеу, сондай-ақ машина жасау. Бұл топ қысқа мерзімді немесе орта мерзімді келешекте тиімділікті арттыруға бағытталған тікелей шетелдік инвестицияны ілгерілету мүмкіндігі жоғары салалардан тұрады. Екінші топ - «перспективалы салалар», яғни ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, туризм және қаржы. Аталған топ ұзақ мерзімді келешекте инвесторларды қызықтыруы мүмкін салалардан тұрады [2] .

Осы тұста, елбасымыздың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бізге ірі мұнай-газ және тау-кен металлургиялық нысандарында жұмыс істейтін жетекші трансұлттық компанияларды олар осында өз қажеттілігі мен сервисін қамтамасыз ету үшін өндірістер құруға шақырғанымыз жөн» - деп шетелдік инвестицияларды тарту қажеттігін нақты көрсеткен болатын [3] .

Бұл отандық кәсіпорындардың, соның ішінде зерттеу объектіміз болып табылатын мұнай тасымалдаушы ұйымдардың инвестициялық тартымдылығын арттыруды өзекті мәселеге айналдырып отыр, ал инвестициялық тартымдылықты талдаудың негізгі ақпараттық базасы болып қаржылық есептілік табылады. Сондықтан қаржылық есептілік пен талдауды кіріктірілген түрде талдау заманауи өзекті мәселе.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты - ұйымда қаржылық есептіліктің құру тәжірибесін зерттеу, оның негізінде субъектінің инвестициялық тартымдылығын талдау мен қаржылық есептілікті жетілдіру және ұйымның инвестициялық тартымдылығын жоғарылату жолдарын ұсыну. Осы мақсатқа сәйкес зерттеу міндеттеріне келесілер жатады:

  • қаржылық есептіліктің қажеттілігіне тоқталып, оның құрамын және мазмұнын анықтау;
  • жанғыру жағдайындағы инвестициялық тартымдылықты талдаудың теориялық аспектілерін зерделеу және соның негізінде инвестициялық тартымдылықты талдаудың автормен жетілдірілген әдісін ұсыну;
  • накты ұйым мысалында ұйымның қаржылық есептілікті құру тәжірибесін қарастырып, оны құруды жетілдіру жолдарын ұсыну;
  • инвестицияларды тартуға ұтымды басымдыққа ие нақты ұйымдардың инвестициялық тартымдылығына автордың жетілдірілген әдісімен талдау жүргізу;
  • зерттеу нәтижесінде ұйымдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, инвестициялық тартымдылығын арттыру бағыттарын ұсыну.

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні ұйымдардың қаржылық есептілігі, инвестициялық тартымдылықты талдаудың теориялық және тәжірибелік мәселелері болып табылады.

Дипломдық жұмыстың объектісі: «Oil Services Company» ЖШС.

Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы. Зерттеу объектімізде қаржылық есептіліктің құру тәжірибесін анықтап, инвестиция, инвестициялық тартымдылық ұғымдарына авторлық анықтаманың берілуі және инвестициялық тартымдылықты талдаудың автормен жетілдірілген әдісінің ұсынылуы.

Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы жаңғыру жағдайындағы ұйымдардың инвестициялық тартымдылығын талдауға неғұрлым тиімді әрі толық инвестициялық тартымдылықты талдаудың әдісінің анықталып, тәжірибеде қолдануға ұсынылуында.

Дипломдық жұмысты орындаудың теориялық және әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері, зерттеу тақырыбы бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері және ресми сайттар ақпараты.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес дипломдық жұмысты орындау барысында экономикалық-статистикалық талдау, салыстыру, талдау және синтез, индукция және дедукция әдістері қолданылды.

1 Ұйымның қаржылық есептілігінің және инвестициялық тартымдылығының теориялық негіздері

  1. Қазіргі жағдайдағы қаржылық есептіліктің қажеттілігі, құрамы және мазмұны

Қазіргі таңда қаржылық есептіліктің біріңғай сипаттамасы қалыптаспаған, әртүрлі авторлармен ұсынылған көптеген анықтамалары бар. Сондықтан, оның қажеттілігі, құрамы мен мазмұнын қарастырмастан бұрын оның сипаттамасын анықтап аламыз.

Солардың ішінде, Шарипов А. Қ. және Адамов А. А. қаржылық есептілікті келесідей түсінеді: «Қаржылық есептілік - субъектінің қаржылық жағдайын, қызметінің қаржылық нәтижелерін ақша қаражатының қозғалысын құрылымдап ұсыну» [4, 5 б. ] .

Суглобов А. Е., Жарылгасова Б. Т. және Савин В. Ю. қаржылық есептілікті сыртқы және ішкі пайдаланушыларға іскерлік шешімдерді қабылдау үшін ыңғайлы және түсінікті нысанда ұйымның қаржылық жағдайы туралы жалпылама ақпараттарды ұсыну мақсатындағы бухгалтерлік есеп деректері негізінде жасалған есептілік нысандарының жиынтығы деп санайды [5, 9 б. ] .

Ал, Ресей ғалымы Шнайдер В. В. пайымдауынша: «Қаржылық есептілік - есепті кезеңде шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайы, оның қызметінің қаржылық нәтижесі туралы және заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес жүйелендірілген есеп беру кезеңіндегі ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпараттар» [6, 47 б. ] .

1 ХҚЕС «Қаржы есептілігін ұсыну» бойынша, қаржы есептiлiгi ұйым қызметінің қаржы жағдайы мен қаржы нəтижелерінің құрылымдалған ұсынуы болып табылады [7] .

Жоғарыда қарастырылған анықтамалар біздің ойымызша қаржылық есептіліктің мазмұнын толықтай ашқан жоқ. Неғұрлым толық және түсінікті анықтама Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 Заңы «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» заңының 15-бабында көрсетілген: «Қаржылық есептiлiк дара кәсiпкердiң немесе ұйымның қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы ақпаратты бiлдiредi» [8] .

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің мақсаты болып мүдделі тұлғаларды кәсіпкерлік субъектілердің жағдайы, қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық және анық ақпаратпен қамтамасыз ету табылады.

Қаржылық есептіліктің қажеттілігі, Алибекова Б. А. пайымдауынша, оның мәліметтері бойынша кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметі қорытындыланатындығы және ол талдау мен жоспарлау үшін негізгі ақпарат көзі болып табылатындығында [9, 222 б. ] .

Республикамызда қаржылық есептіліктің құрамы анықталған және заңды түрде бекітілген (кесте 1) .

Кесте 1

Қазақстан Республикасындағы қаржылық есептілік нысандары

Қаржылып есептілік нысандары
Қаржылып есептілік нысандары:
«Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңына сәйкес:
1 ХҚЕС «Қаржы есептілігін ұсыну» стандартына сәйкес:
Қаржылып есептілік нысандары: 1
Бухгалтерлiк баланс
Кезеңнің соңындағы қаржылық жағдай жөніндегі есептілік;
Қаржылып есептілік нысандары: 2
Пайда мен зияндар туралы есеп
Кезең ішіндегі толық кіріс жөніндегі есептілік;
Қаржылып есептілік нысандары: 3
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
Кезең ішіндегі меншікті капиталдағы өзгерістер жөніндегі есептілік;
Қаржылып есептілік нысандары: 4
Капиталдағы өзгерiстер туралы есеп
Кезең ішіндегі ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі есептілік;
Қаржылып есептілік нысандары: 5
Түсiндiрме жазба
Есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын жəне басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер;
Қаржылып есептілік нысандары: Е с к е р т у - [4, 5] мәліметтері негізінде автормен құрастырылды

Біздің жүргізген зерттеулеріміз, Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңы мен 1 ХҚЕС «Қаржы есептілігін ұсыну» арасында қаржылық есептілік нысандарының атауында айырмашылықтар болғанмен, мазмұнында айырмашылық жоқ. Мысалы, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның активтері, капиталы және міндеттемелері арқылы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтындықтан оны қаржылық жағдай жөніндегі есептілік деп атауға да болады.

Пайда мен зияндар туралы есепте міндетті түрде кезең ішінде кем дегенде табыс, өткізілген өнімдер мен қызметтердің өзіндік құны, кезеңдік шығындар, салық бойынша шығыстар және тағы басқа желілік баптар болуына байланысты оны да кезең ішіндегі толық кіріс жөніндегі есептілік деп атауға болады.

Қаржылық есептіліктің қалған үш нысаны бірдей атауға ие және олардың мазмұны бірдей ақпаратты қамтиды. Олар есеп беру мерзімі ішінде кәсіпкерлік субъектісіндегі ақша қаражаттарының ағымы, қаржылық жағдайындағы жинақталған табыс және шығыс, ұйым бизнесіне оң және теріс әсер етуші факторлары сияқты барлық елеулі ақпарат береді.

Сонымен қорытындылай келе, қазіргі таңда кез-келген ұйым үшін қаржылық есептіліктің қажеттілігін анықтап, оның құрамына жеке-жеке тоқталып қаржылық есептіліктің мазмұнын толықтай аштық. Дипломдық жұмысымыздың тақырыбына сай, келесі бөлімшеде ұйымның қаржылық есептілігін құрудың негізінде оның инвестициялық тартымдылығына тоқталамыз.

  1. Инвестициялық тартымдылық түсінігі және оның көрсеткіштерін анықтаудағы қаржылық есептіліктің ролі

Бизнестің кез-келген бағыты қазіргі таңда бәсекелестіктің жоғары деңгейімен сипатталады. Өз ұстанымдарын сақтап қалу және көшбасшылыққа жету үшін ұйымдар үнемі дамып, жаңа технологияларды меңгеріп, қызмет салаларын кеңейтуге мәжбүр. Мұндай жағдайларда ұйым басшылығы инвестициялардың ағыны болмайынша ұйымның одан әрі дамуы мүмкін емес екеніне көз жеткізеді. Ұйымға инвестицияларды тарту қосымша бәсекелестік артықшылықтар береді және тұрақты өсудің қуатты құралы болып табылады.

Инвестицияларды тартуды айтпастан бұрын, инвестиция ұғымын нақтылап алайық, өйткені ол салыстырмалы түрде алғанда нарықтық қатынастарға көшу барысында ғана туындаған жаңа ұғым болып табылады. Қазіргі таңда ғылыми және арнайы әдебиеттерде оның көптеген сипаттамалары қалыптасқан.

Доғалов А. Н. және Досмағанбетов Н. С. көзқарасы бойынша: «Инвестиция - бұл кәсіпкердің ұзақ мерзімді кезеңде пайда табу мақсатында негізгі капиталға, жаңа құрылысқа, құрал-жабдықтарға, кәсіпорынның өндірістік ауқымын ұлғайтуға, өндірісті техникалық қайта жабдықтауға, тұрғын үйге күрделі қаржы құюы» [10, 139 б. ] .

Ал, Кадерова Н. Н., Макенова А. А. және Әбуова Ж. М. инвестицияларды табыс немесе басқа да пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынған мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрлері деп санайды [11, 11 б. ] .

Авторлар оның ішінде келесі объектілерді атап көрсеткен:

  • жылжитын және жылжымайтын мүліктер және мүліктік құқық, ұстап қалу құқығы және басқалар, импортталатын және өңдеусіз өткізуге арналған тауарлар;
  • акциялар және коммерциялық ұйымдарға қатысудың басқа нысандары;
  • облигациялар және басқа да қарыздық міндеттемелер;
  • инвестициямен байланысты келісімшартқа сәйкес ақша сомаларын, тауар мен қызметтерді талап ету;
  • мемлекеттік органмен ұсынылған лицензиялау және басқа да нысанға негізделген қызметті жүзеге асыруға құқықтың түрлері;
  • Қазақстан Республикасының аумағында алынған және қайта инвестицияланған табыс немесе пайда [11, 11 б. ] .

Абленов Д. О., Әбле Д. Д., Смағұлова Д. Д., Абленова А. Д. пайымдауынша: «Инвестициялар - бұл активтердің бір түрі, инвестицияланған капиталдың өсуін немесе басқадай табыс табу мақсатымен субъект ие болған объектілер» [12, 302 б. ] .

Есенғалиева Қ. С. өзінің еңбегінде «Инвестициялар - капиталды құру мен кеңейту үшін салынатын қажетті ақша мөлшері» деп көрсеткен. Бұл жерде ол инвестиция ауқымын капиталмен шектеп отыр [13, 234 б. ] .

Біздің ойымызша, қарастырылған авторлардың бірде-біреуінің анықтамасы инвестицияның толық мағынасын ашпайды. Салыстырмалы түрде ауқымды инвестиция ұғымы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы №375-V ҚРЗ Кәсіпкерлік Кодексінің 274-бабында берілген: «Лизинг шартын жасасқан кезден бастап қаржы лизингi нысанасын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кәсiпкерлiк қызмет үшiн, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын тiркелген активтердi ұлғайтуға инвестор салатын мүлiктiң барлық түрлерi инвестициялар болып табылады» [14] .

Жалпылай келе, инвестициялар - бұл пайда табу мақсатында тауарларды өндірудегі және қызметтерді көрсетудегі ұзақ мерзімді активтерді ұлғайтуға бағытталған материалдық, еңбек, қаржылық шығынның барлық түрлері деген авторлық сипаттама береміз.

Инвестицияның мәнін толық түсіну үшін инвестициялардың жіктелуін қарастырамыз. Аманбаев Ү. А. өзінің еңбегінде инвестицияларды төмендегідей жіктеген [15, 44 б. ] :

Инвестициялар

Қаражат салу нысандары бойынша

Инвести

циялауға қатысу сипаты бойынша

Инвести

циялау кезеңі бойынша

Меншік түрі бойынша
Инвестиция аумағы бойынша
Қаражатты есепке алу тәсілі бойынша
Қаражат салу нысандары бойынша: нақты
Инвестициялауға қатысу сипаты бойынша: қоржындық
Инвестициялау кезеңі бойынша: тікелей
Меншік түрі бойынша: жанама
Инвестиция аумағы бойынша: қысқа мерзімді
Қаражатты есепке алу тәсілі бойынша: орташа мерзімді
ұзақ мерзімді
жеке
мемлкеттік
аралас
шетелдік
бірлескен
ішкі
сыртқы
жалпы
таза

Сурет 1. Инвестициялардың жіктелуі

Ескерту - [15] мәліметі негізінде автормен құрастырылды

Сонымен, біз инвестицияның не екенін біліп, оның мәнін түсіну үшін инвестициялардың ең кең тараған түрлеріне тоқталдық. Ендігі кезекте, кәсіпорынға болашақта дамуы үшін инвестицияларды тартудың қажеттілігіне тоқталамыз. Жалпы кәсіпорынға инвестицияларды тарту үшін басшылық инвестициялық тартымдылықты арттыру жөніндегі нақты шаралар бағдарламасын құруы керек.

Инвестициялық шешімнің барынша жоғары тиімділігін анықтау үшін кәсіпорынның инвестициялық белсенділігі және тартымдылығы деген түсініктер қолданылады. Бұл түсініктер экономикалық басылымдарда жақында ғана пайда бола бастады және инвестиция жұмсайтын нысандарды бағалауда, үдерістерді салыстырмалы талдау мен сипаттауда көбірек қолданылады.

Ұйымдардың инвестициялық тартымдылығы ұғымына қатысты әртүрлі көзқарас қалыптастан. Бірқатар жағдайларда ғалымдар, оған зор назар аударса, кейбiр жағдайларда - мән бермеу байқалады.

Біз, Тюкавкин Н. М. және Анисимова В. Ю. көзқарасын бөлісе отыра, ұйымдардың инвестициялық тартымдылығы термині Батыс елдерінде 1950-1970 жылдарға қарай пайда болды деп айта аламыз [16, 259 б. ] . Осы уақытта Батыс елдерінде Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған мүліктің белсенді қайта бөлінуі жүріп жатты. Жаңа мүлік иелері өз капиталын ең табысты кәсіпорындарға салуға тырысты. Мұндағы жалғыз және негізгі мақсат - бұл экономиканың нақты секторындағы активтерге өздері салған капиталдан пайда, кіріс алуы болып табылады. Кәсіпорынның пайдасы көп болған сайын капитал салуға неғұрлым тартымды болады. Десе де, әлі күнге дейін экономикалық әдебиетте «инвестициялық тартымдылық» анықтамасының бірыңғай түсінігі қалыптасқан жоқ (Кесте 2) .

Кесте 2

Инвестициялық тартымдылық ұғымына анықтамалар

Автор
Ұйымның инвестициялық тартымдылығына анықтама
№: 1
Автор: Климова Н. В.
Ұйымның инвестициялық тартымдылығына анықтама: Инвестициялық тартымдылық - басқаруды ұйымдастырудың, кәсіпорынның мүлкін пайдаланудың, оның төлем қабілеттілігінің, қаржылық жағдайының тұрақтылығының тиімділігімен, капиталдың табыстылығын, іскерлік белсенділігін, өндірістің техникалық және экономикалық деңгейін, өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруы негізінде табысты дамуға қабілеттілігімен сипатталатын экономикалық категория [17, 188-189 б. ] .
№: 2
Автор: Ниязбекова Р. Қ., Рахметов Б. А., Байнеева П. Т.
Ұйымның инвестициялық тартымдылығына анықтама: Инвестициялық тартымдылық - инвесторға қолда бар қаражаттарды басқаларға қарағанда қандай нысанға жұмсауға болатынын бағалауға мүмкіндік беретін сипаттамалардың жиынтығы [18, 330 б. ] .
№: 3
Автор: Храмова О. О., Павлов В. С.
Ұйымның инвестициялық тартымдылығына анықтама: Инвестициялық тартымдылық деп нақты талдаушымен тек жанама жолмен бағаланатын интегралдық көрсеткіштерді субъективті қорыту арқылы бір-біріне келтірілмейтін көрсеткіш-индикаторлар жиынтығымен сипатталатын, көп өлшемді, көп факторлы экономикалық шаманы айтамыз [19, 1056 б. ] .
№: 4
Автор: Федорова Е. А., Одегова Л. Ю.
Ұйымның инвестициялық тартымдылығына анықтама: Инвестициялық тартымдылық - бұл саланың айрықша ішкі және сыртқы факторларының жиынтығы, сондай-ақ инвесторлардың басқару шешімдерін қабылдауға әсер ететін кәсіпорынның қаржылық-экономикалық және өндірістік көрсеткіштері [20, 281 б. ] .
№: 5
Автор: Юхтанова Ю. А., Братенкова А. В.
Ұйымның инвестициялық тартымдылығына анықтама: Ұйымның инвестициялық тартымдылығы - ақшалай немесе ақшалай емес нысандағы инвестициялар ағынын қамтамасыз етуі кезіндегі кәсіпорынның мүлкін пайдаланудың тиімділігін, оның төлем қабілеттілігін, қаржылық жағдайының тұрақтылығын сипаттайтын экономикалық категория [21, 883 б. ] .
№: Е с к е р т у - [17, 18, 19, 20, 21] мәліметтері негіздерінде автормен құрастырылды

Қорытындылай келе, өзіміздің авторлық анықтамамызды келесідей сипаттаймыз: «ұйымның инвестициялық тартымдылығы - оның өндірістік, сондай-ақ коммерциялық, қаржылық, басқарушылық қызметтері көрсеткіштерінің белгілі бір жиынтығы».

Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын анықтау үшін бірқатар факторларды ескеру қажет. Храмова О. О. және Павлов В. С. инвестициялық тартымдылық факторларын, екі санатқа бөліп қарастырды [19, 1056 б. ] :

  • ішкі - тікелей әсер ету факторлары (техникалық, еңбек, ұйымдық, коммерциялық, қаржылық, инновациялық, өндіріс, тұтынушы) ;
  • сыртқы - жанама әсердің сыртқы факторлары (табиғи-географиялық, экологиялық, құқықтық, саяси, заңнамалық, әлеуметтік) .

Юхтанова Ю. А. және Братенкова А. В. өздерінің зерттеу жұмысында кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығына әсер ететін ұсынылған факторларды жалпылай отырып, ең маңызды факторлар тобын анықтады және осы факторлар арқылы келесі жүйені құрды [21, 885 б. ] :

Ұйымның инвестициялық тартымдығылығын анықтайтын факторлар:

Ішкі факторлар

Ұйымның қаржылық жағдайы

Ұйымды басқару жүйесі

Аймақтың инвестициялық тартымдылығы

Өндірістік әлеует

Саланың инвестициялық тартымдылығы

Нарықтық тұрақтылық

Заңнамалық ережелер жүйесі

Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығы

Сыртқы факторлар

Сурет 2. Ұйымның инвестициялық тартымдылығын анықтайтын факторлар

Ескерту - [21] мәліметі негізінде автормен құрастырылды

Аталған авторлардың еңбектерін салыстыра отырып, ұйымның инвестициялық тартымдылығына әсер ететін факторларды ішкі және сыртқы факторлар деп бөліп, содан кейін сәйкесінше оларға кіретін факторларды бөліп көрсетуді дұрыс деп санаймыз. Ішкі факторларға: ұйымның қаржылық, экономикалық, ақпараттық жағдайы, ұйымның табыстылық деңгейі, басқару жүйесі, өндірістік әлеует, нарықтық тұрақтылық факторларын жатқызддық. Яғни, бұлардың бәрі ұйымға тікелей әсер етеді. Ал, сыртқы факторларға: мемлекеттің, аймақтың, саланың инвестициялық факторлары жатады.

Әрине, компаниялардың инвестициялық тартымдылығының өзгеруі оларға әсер ететін факторлардың әсерінен орын алады. Бұл, өз кезегінде, осы экономикалық жүйедегі инвестициялық қызметтің белсенділігі мен тиімділігіне, капиталдың сұранысына және ұсынысына, сондай-ақ оның құнын айқындауға әсер етеді. Айтылған факторлардың инвестициялық тартымдылыққа әсерін талдау нәтижесінде компанияның келешекте ақшалай қаражат ағындарын тарту қабілетінің болу-болмауы көрінеді. Осы болжамға сүйене отырып, инвестор инвестициялардың кірістілігін бағалай алады. Осындай талдауға арналған құралдары болып компанияның инвестициялық тартымдылығын бағалауға мүмкіндік беретін көптеген инвестициялық көрсеткіштер табылады.

Қорытындылай келе, біз инвестициялық көрсеткіштер арқылы инвестициялық тартымдылыққа әсер ететін факторларды ескеріп, екінші бөлімде ұйымның инвестициялық тартымдылығына талдау жасай аламыз.

1. 3 Инвестициялық тартымдылықты талдау әдістері

Қазіргі таңда ұйымдардың инвестициялық тартымдылығына талдау жасау үшін әртүрлі әдістер қолданылады. Көптеген ғалымдар өздерінің еңбектерінде ұйымның инвестициялық тартымдылығын талдау үшін өзіндік әдістерін ұсынды.

Р. Қ. Ниязбекова, Б. А. Рахметова, П. Т. Байнеева көбірек тараған әдістемелердің бірі ретінде меншікті активтердің табыстылық деңгейін көрсететін бірыңғай талдамалық көрсеткіш негізінде инвестициялық тартымдылықты талдау тәсілін көрсеткен [18, 331-332 б. ] . Авторлар, инвестициялық тартымдылықты бағалау өлшемі есебінде келесідей көрсеткіштерді пайдаланады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің қаржылық аспектісі қазақстан республикасындағы инвестиция
Инвистиция тарту жолдарын арттыру
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын талдау
Әлемдегі туризм инвестициясы
Өндірісті кеңейтуге инвестициялар
Инвистицияның тиімділігін бағалау және кәсіпкерлік жобаны негіздеу
Қаржылық менеджменттің шетелдік тәжірибесі
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығының көрсеткіштері
Альтернативті инвестициялық жобаларды бағалау
Қазақстанның инвестициялық саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz