Саяси сыбайлас жемқорлық


ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Қазақстан тарихындағы непотизм және сыбайлас жемқорлық: бастауы, қазіргі заман шындығы және жемқорлықты жеңу болашағы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . .
1 Халықаралық құқық пен қазақстан заңнамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қалыптасуы
1. 1 Сыбайлас жемқорлық және непотизм: теориялық негіздері, даму тарихы және түрлері
1. 2 Сыбайлас жемқорлық қылмыстың себептік-кешендік факторлары
1. 3 Халықаралық құқық пен қазақстан республикасының заңнамасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің дамуы, тарихы .
2 Қазақстан мен шетел мемлекеттерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі тәжірибе
2. 1 Қазақстан мен шетел мемлекеттеріндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу шаралары
2. 2 Сингапурдың жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнамасы
2. 3 Жапония мен оңтүстік кореяда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнаманың жүзеге асырылуы
2. 4. АҚШ пен Канададағы сыбайлас жемқорлық мәселелері және оған қарсы күрес әдістері
3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын қазақстандық және халықаралық - құқықтық құралдар
3. 1 Бұұ-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық актілері
3. 2 Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының парақорлыққа қарсы күрес жөніндегі конвенциялары
3. 3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын халықаралық құрылымдар
Қорытынды .
Пайдалынған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектiлiгi. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік - экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Елбасы биылда «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы - адамдардың қоғамдық демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне сызат түсіретіні даусыз. Ұсынылып отырған зерттеудің негізгі өзектілігі де осында.
Зерттеудің нысаны. Диплом жұмысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі әлемдік тәжірибені зерттей, талдай отырып, осы құбылысқа тән себептік-кешендік факторларды, оған қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық құралдарды қарастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің даму тарихына тоқталамыз.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен мiндетi. Жұмыстың мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа, непотизмге қарсы күрес мәселесіндегі халықаралық тәжірибені саралап, айқындап, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі заңнаманың қоғамның дамуына қарай іс жүзінде жетілдіріп отыратынына көз жеткізу. Ол үшін мынадай міндеттерді орындау көзделді:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы мәселенің ғылыми-теориялық негіздерін айқындау;
- Қазақстан тарихындағы сыбайлас жемқорлықтың болмысын, түрлерін, негізгі белгілерін, ерекшеліктерін, субъектілерін анықтау, сондай-ақ пайда болу себептерін айқындау;
Қазақстан тарихында непотизмнің пайда болуын және тарихын анықтау;
- сыбайлас жемқорлық қылмыстарды себептік-кешендік факторларына қарай топтастырып, оларға сипаттама беріп, жіктеу;
- әлем мемлекеттерінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу мәселесіндегі тәжірибесін зерттеу;
- дүниежүзілік қауымдастықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық актілеріне шолу жасап, олардың әр мемлекеттің даму ерекшеліктеріне қарай қолданылуын талдау.
Зерттеу материалдары. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесін Б. В Воложенкин, Г. А. Сатаров, П. А. Кабанов, М. Л. Цирик, М. И. Лёвин, Н. А. Морозов, И. И. Сулима, Г. В. Игнатенко, Ю. А. Кузнецов, А. В. Хомутова және де басқа ғалымдар зерттеді.
Жемқорлықтың қағидаларын, түрлері мен нысандарын, себептік-кешендік факторларын, сондай-ақ шетел мемлекеттерінің тәжірибесін пайдалануды, қолдауды ұсынған мынадай қазақстандық ғалымдардың еңбектері осы мәселенінің зерттелуіне елеулі үлес қосты: Б. А. Амрекулов, Г. И. Баймұрзин, И. Ш. Борчашвили, С. Ғ. Қапаров, Ш. Құттаяқов, Д. В. Құрбатов, Г. С. Мәуленов, М. О. Нәукенов, С. С. Сартаев, Е. З. Тұрғымбаев, М. К. Ынтықбаев және тағы басқалар.
Жұмыстың зерттеу әдiсi. Жұмыс сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы Қазақстан тарихындағы тәжірибе мен халықаралық тәжірибені зерттеуге арналғандықтан, сыбайлас жемқорлық факторларын белгілеудегі негізге алынған сипаттамалы әдіс, талдау әдісі, осы құбылыстың себептерін анықтау, ерекшелігін нақтылау үшін салыстырмалы әдіс, салыстырмалы-тарихи, бақылау әдiстері қолданылды.
Зерттеудiң теориялық және практикалық маңыздылығы. Зерттеудің нәтижелерi мен тұжырымдары непотизм, сыбайлас жемқорлық, оған қарсы күрес мәселесінің ғылыми негiздерiн өз деңгейiнде толықтырады. Арнайы зерттеу нысанасы негiзiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы әлемдік тәжірибені жинақтап, жүйелеуге талпыныс жасалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі Қазақстан мен халықаралық тәжірибелері слыстырылды. Зерттеудiң нәтижелерiн сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес мәселесі бойынша арнаулы курстар оқуда, семинарлар жүргiзуде, заңтану курсында, қоғамдық практикада пайдалануға болады.
I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПЕН ҚАЗАҚСТАН ЗАҢНАМАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
- Сыбайлас жемқорлық және непотизм: теориялық негіздері, даму тарихы және түрлері
Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы ежелгі кезеңнен бастау алады. Атақты француз философы Шарль Луи Монтескье: «Көптеген ғасырлар тәжірибесі көрсеткендей, қолында билігі бар адам, қылмыс жасауға бейім тұрады және де тиісті шекке жетпейінше, сол бағытта әрекет жасай береді», - деп айтқан. Сыбайлас жемқорлық құбылысын халықаралық заманауи тұрғысынан түсіну және оған қарсы күрес шараларын іске асыру жолдары қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылармен жұмыс жүргізу жөніндегі БҰҰ-дың Сегізінші Конгресінің хатшылығы әзірлеген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша практикалық шаралар» атты нұсқаулықта көрініс тапты (Гавана, 1990 жылғы тамыз-қыркүйек) . Осы құжатты талқылау нәтижесінде әлемдік қауымдастыққа сыбайлас жемқорлықтың мынадай ерекшеліктері ұсынылды:
- Осы ұғымның мағынасынының сипатына қарай сыбайлас жемқорлыққа жататын барлық құқық бұзушылықтар енгізілуі тиіс, олар: этикалық, тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық-құқықтық бұзушылықтар, бұл сыбайлас жемқорлық жолына түскен субъектінің қызметтік бабын өз басының пайдасына асыра пайдаланып, заңды бұзғандығынан көрінеді.
- Мемлекеттік қызметтегі тұлғаларды сыбайлас жемқорлық жолына итермелейтін субъектілердің қызмет шеңберін шектеу. Бұған шенеуніктердің артықшылықтарды заңсыз пайдаланғанын жатқызуға болады, осындай қызмет көрсететін субъектілердің шеңберін жеке және заңды тұлғалар толықтырылып отырады
- Өз қызмет жағдайын жемқорлық құқық бұзушылықтың субъектісі ретінде заңға қайшы сипатта пайдалану.
- Жемқорлықтың көрініс табуының ең қауіпті екі түрі:
- мемлекеттік немесе қоғамдық мүліктерді жемқорлық жолмен ұрлау;
- мемлекеттік қызметкерлердің әрекетінде ұрлық белгілері байқалмаса да, олардың қандай да бір артықшылықтарды заңсыз жолмен алу мақсатында өз қызметтік жағдайын теріс пайдалануы.
1979 жылы БҰҰ-дың Бас Ассамблеясы және сыбайлас жемқорлық мәселелері жөніндегі аймақаралық семинар (Гавана 1990 ж. ) мынадай анықтаманы ұсынды: «Сыбайлас жемқорлық - бұл жеке адамның немесе бір топ адамдардың қызмет жағдайын өз басының мүддесіне қарай пайдалануы және мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабын заңсыз пайда алуға бағыттауы».
Енді бір анықтама 1999 жылғы «Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы» атты Еуропа Кеңесінің Конвенциясында берілген, онда: «Сыбайлас жемқорлыққа - мемлекеттік, муниципалдық немесе өзге де қоғамдық қызметшілердің немесе коммерциялық не өзге де ұйымдардың қызметшілерінің өз мәртебесін кез келген мүлікті заңсыз алуы, оны иемденуге құқықты болуы, қызметті немесе жеңілдікті пайдалануы, сондай-ақ аталған тұлғалардың осындай мүлікті, оны иемдену құқығын басқа тұлғаға беру, қызмет көрсету және жеңілдіктер ұсыну жатады.
Кейбір ғалымдардың пікірінше осы анықтама толық емес, себебі сыбайлас жемқорлық құбылысы құқық ұғымының шеңберінен әлдеқайда кең.
М. О. Нәукенов: «Сыбайлас жемқорлық» және «ұйымдасқан қылмыс» ұғымдарын бір-бірімен байланыстыра қарауды ұсынады. Оның пікірінше, сыбайлас жемқорлықты ұйымдасқан қылмыс өкілдері мемлекеттік органдар жұмысын «бақылау» құралы ретінде пайдаланады, бұндай жағдайда қылмысты әлеуметтік тұрғыдан бақылау бейтараптанады, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыс өкілдері билік органдарын өз мақсатына жету үшін пайдаланады және саяси шешімдер қабылдауда ықпал жасайды.
А. С. Қалмұрзаев сыбайлас жемқорлықты: «кез келген қызметкердің қызмет жағдайын пайда күнемдік мақсатында пайдалануы», - деп сипаттайды.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 2-бабына сәйкес: «Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады».
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев атап өткендей: «Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес».
Қазіргі отандық әдебиеттерде: «Сыбайлас жемқорлық - (латын тілінен «соrruptio» - пара беріп сатып алу, құқық бұзу, құлдырау деген мағынаны білдіреді) деп қоғамдық және саяси қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың сатқындығын, оларды сатып алуды, яғни саяси, экономикалық, әскери және тағы басқа да салалардағы қызметкерлердің қолындағы билігінің мүмкіндіктерін және қызмет бабын жеке басын байыту мақсатында пайдалануын айтады».
А. Н. Ағыбаевтың пікірінше: «Сыбайлас жемқорлық - бұл кез-келген лауазымды тұлғаның өзіне және тағы басқаларға заңсыз жолмен пайда әкелу мақсатында жасаған қылмысы.
Жоғарыда келтірілген анықтамаларды талдай келе, мынадай қорытынды жасауға болады:
- сыбайлас жемқорлық құбылысының өзіне тән белгілері бар;
- сыбайлас жемқорлық - бұл, ең алдымен, әлеуметтік құбылыс;
- халықаралық құжаттарда жемқорлықтың нақты анықтамасы жоқ;
- әрбір мемлекет қазіргі құқықтық дәстүрлер негізінде өздерінің жемқорлыққа қарсы құралдар жиынтығын анықтайды;
- жемқорлық ұғымы қазіргі қоғамдағы жемқорлықтың құқықтық анықтамасына негізделмеген.
Сөйтіп, айтылғандарды қорыта келе, сыбайлас жемқорлық - бұл екі жақ арасындағы «мәміле» деп тұжырымдауға болады, оның бірі - өз лауазымдық өкілеттігін заңға қарсы пайдаланатын мемлекттік немесе жеке қызметте жұмыс істейтін тұлға, екіншісі - мемлекеттік немесе жеке құрылымды өз басының пайдасы, яғни материалдық жағдайын көтеру, артықшылық алу, заңда көзделген жауапкершіліктен таю тағы үшін пайдаланатын адам. Осындай құбылыс екі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін:
1. мемлекеттік қызметшінің өзі алдына келген адамды пара, сыйақы беруге мәжбүрлейді.
2. белгілі бір адам, бұл ұйымдасқан қылмыс өкілі болуы мүмкін, мемлекеттік қызметшіге көп жағдайда психологиялық қысым көрсетіп, оны «сатып алу» мақсатында пара, сыйақы алуға итермелейді.
Сыбайлас жемқорлықтың түрлері мен типологиясын қарастыру үшін, сыбайлас жемқорлық субъектілерінің қызметтік бабын өз басының пайдасына пайдалануына, пара беруші мен пара алаушының мәртебесіне, пара берушінің өзіне алған пайдасына, пара берудің мақсатына, сыбайлас жемқорлықтың таратылуы және жиілігіне қарай келесі жіктелімге назар аударалық.
Сыбайлас жемқорлық қарым-қатынастарының типологиясы( 1-Кесте )
Мемлекеттік сыбайлас жемқорлық Коммерциялық сыбайлас жемқорлық
Саяси сыбайлас жемқорлық
Мекемені басқарушы тұлға алдына келген адамды пара беруге мәжбүрлейді.
Көмек сұрап келген адамның өзі пара ұсынады.
Жеке адам парасы (кез келген азамат)
Кәсіпкерлік пара (нақты фирмалар)
Қылмыстық пара (ұйымдасқан қылмыс өкілдері, мысалы, есірткі таратушылар)
Тездету үшін пара беру (пара алған адам бір істі жедел орындауы тиіс)
Тежеу үшін пара беру (пара алған адам бір істің орындалуын тоқтатуы тиіс, сөйтіп өз қызметтік міндеттерін бұзады)
«Жылы көзбен қарау» үшін берілетін пара (пара алған адам қызмет бабында белгілі бір тұлғаның «тырнақ астынан кір іздей бермеуі тиіс» )
Орталықтандырылмаған жемқорлық (пара беруші кез келген адам өз бетінше әрекет етеді) .
Орталықтандырылған сыбайлас жемқорлық «төменнен жоғары жаққа қарай» (төменгі сатыдағы шенеуніктер жинаған парасын өзара және жоғары тұрған басшылықпен бөліседі)
Биліктің төменгі сатысында орын алған сыбайлас жемқорлық (биліктің төменгі және ортанғы сатыларында)
Биліктің жоғарғы сатысында орын алған сыбайлас жемқорлық (жоғыры қызметтегі шенеуніктер және саяси қайраткерлер)
Халықаралық сыбайлас жемқорлық (шаруашылық қарым-қатынас саласында)
Ауық-ауық түрдегі сыбайлас жемқорлық
Жүйелі түрдегі сыбайлас жемқорлық
Клептократия (биліктің ажырамас бөлігі ретіндегі сыбайлас жемқорлық )
Көне заман тарихына көз жүгіртетін болсақ, алғашқы және ерте таптық қоғамдарда абыздарға, көсемдерге, әскербасыларына олардың көрсеткен көмегі, қызметі үшін төлемақы беру әдеттегідей норма болып қабылданғаны мәлім. Жоғары шенде тұрған басшылар қарамағындағы төменгі шендегі қызметкерлердің белгіленген бір төлемақыға риза болғанын талап ете бастады, яғни олар белгілі бір көлемде жалақы алатын болды. Ал төменгі шендегі қызметкерлер лауазымдық міндеттерін орындау барысында көрсеткен қызметі үшін жасырын түрде қосымша төлем талап еткен. Біздіңше осы құбылысты сыбайлас жемқорлықтың алғашқы белгілері деп қарастыруға болады.
Антик қоғамы (көне грек қала-мемлекеттер, республикалық Рим) тарихының ерте заманында кәсіби мемлекеттік шенеуніктер болмаған, сондықтан сыбайлас жемқорлық құбылысы да жоқтың қасы еді. Бұл құбылыс антик қоғамы құлдыраған дәуірде кең өріс ала бастады. Осы кезде рим құқығында «corrumpire» деген термин пайда болып, «бүлдіру», «біреуді сатып алу» деген мағынаны білдіріп, билікті асыра пайдаланушылық жағдайы болған кезде қолданылған. Мемлекет неғұрлым орталықтандырылған болса, соғұрлым азаматтардың мемлекеттік деңгейдегі істі өз бетінше шешуі шектеулі болады, осыған орай төмендегі және жоғарыдағы шенеуніктер қатаң қадағалаудан босағысы келген адамдардан жасырын түрде пара алып, сөйтіп заңды бұзушылыққа жол беріледі. Сыбайлас жемқорлықтың осындай «төзімді нормасы» әсіресе өндірістің азиялық тәсілінде байқалады. Сөйтіп, Артхашастраның авторы сараң шенеуніктердің мемлекеттік мүлікті талан-таражға салудың 40 тәсілін көрсеткен.
Сыбайлас жемқорлықтың жаңа қарқынмен кең өріс алуы ХІХ ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басына келеді. Бір жағынан, іс-шараларды мемлекеттік реттеу дәрежесі көтеріліп, осыған орай шенеуніктердің билігі күшейе түсті. Екінші жағынан, ірі кәсіпкерлік пайда болып, олар өз мақсатына жету үшін «мемлекетті сатып алуға» кірісті. Дамыған елдерде (Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Еуропа елдерінде) саяси партиялардың маңызы өскен сайын партиялық сыбайлас жемқорлық кең етек ала бастады. 20 ғасырдың екінші жартысында «үшінші әлем» елдері саяси дербес ел болып дамыған кезде, олардың мемлекеттік аппараты алғашқы кезден бастап сыбайлас жемқорлық жолына түскен еді. «Үшінші әлем» елдерінде «төменнен жоғары жаққа қарай» сыбайлас жемқорлық түрі кездеседі, бұндай жағдайда парақор басшы өз кінәсін мойындамай, қарамағындағы қызметкерлерді жазаға тартады. Сондай-ақ «жоғарыдан төменге қарай» сыбайлас жемқорлық түрі де болған, бұндай жағдайда жоғары қызметте тұрған шенеуніктер ашық түрде пара алып, алған парасымен қарамағындағы қызметкерлермен жартылай бөліскен (сыбайлас жемқорлықтың осындай жүйесі Оңтүстік Кореяда байқалады) . «Үшінші әлем» елдерінде (Филлипинде, Парагвайда, Гаитиде, Африканың кейбір елдерінде) клептократиялық тәртіп орнаған, бұл елдерде сыбайлас жемқорлық барлық әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынасты қамтыған және пара бермесе ешбір іс орындалмайды. 1990 жылдары сыбайлас жемқорлық мәселесі аса өзекті мәселеге айналды. Осы кезде бұрынғы социалистік елдерде сыбайлас жемқорлық аса үлкен қарқынмен дамыды.
Қорыта келе айтатынымыз, 20 ғасырда сыбайлас жемқорлықтық қарым-қатынастың даму үдерісі мынадай:
- сыбайлас жемқорлықтың түрі мен формасы көбее түсті.
- ауық-ауық түрдегі сыбайлас жемқорлық жүйелі түрдегі сыбайлас жемқорлыққа айналды.
- биліктің төменгі сатысында орын алған сыбайлас жемқорлық биліктің жоғарғы сатысында кездесетін, одан әрі халықаралық сыбайлас жемқорлық сипатына ие болды.
Непотизм (құмарлық) (лат. nepos, жынысы. п. nepotis-немересі, немересі) - кәсіби қасиеттеріне қарамастан (мысалы, жұмысқа жалдау кезінде) туыстарына немесе достарына артықшылықтар беретін фаворитизм түрі. Тарихи мағынада-Рим папалары өз билігін нығайту үшін табыс қызметтерін, жоғары шіркеу атақтарын немесе жерді жақын туыстарына тарату. XV-XVI ғасырларда кеңінен таралған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz