Студенттің білімін шыңдау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Муса Мейрамгул Елеусизовна
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Тақырыбы: «Колледжде өзіндік жұмысты ұйымдастырудың педагогикалық ерекшеліктері»
6М010300 - «Педагогика және психология» мамандығы
Ақтөбе 2019
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Педагогика және психология кафедрасы
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Колледжде өзіндік жұмысты ұйымдастырудың педагогикалық ерекшеліктері
Орындаған
6М010300 -Педагогика және
психология» мамандығының
2-курс магистранты Муса М. Е
Ғылыми жетекшісі,
п. ғ. к., аға оқытушысы Таганова А. М
Қорғауға өткізілді
Кафедра меңгерушісі Туребаева К. Ж
п. ғ. к
«» 2019
Ақтөбе
2019
РЕЗЮМЕ
Тема магистерской диссертации для академического заключения по специальности 6М010300 -Педагогика и психология
Муса Мейрамгул Елеусизовной:
«Педагогические особенности организация самостоятельной работы
в колледже».
Актуальность исследования.
Цель исследования -
Научное новшество исследования:
Методы исследования:
Состав диссертации -
МАЗМҰНЫ
- Колледжде өзіндік жұмысты ұйымдастырудың ғылыми теориялық негіздеріБілім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың білім алушыларының пәндерді оқыту барысында өзіндік жұмыстарын орындауының психологиялық-педагогикалық сипатыКолледжде өзіндік жұмыcтарының түрлері және оған қойылатын талаптар
- Білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың тәжірибелік зерттеулері
2. 1 Білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың мазмұны мен әдістемесі.
- Білім алушылардың педагогика пәнінде өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі
- Колледжде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың тәжірибелік нәтижелігі
ҚОСЫМШАЛАР . . .
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. ХХI ғасыр қарыштап дамыған білім ғасыры. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында атап көрсетілгендей, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі ең алдымен халқымыздың білімі мен біліктілігін арттыруды көздейді.
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бет алды. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Сондай ақ «Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту жағдайларында қолдануға болатын жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңарған технологияларына көшу талабы орындалып жатыр. [2]
Қазақстан Республикасының «Білім беру» заңының 8-бабында Білім беру жүйесінің басты міндеті оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялар желілерге шығу, ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп атап көрсетілген.
Қазіргі заманымызда қоғамға өз бетімен жұмыс атқаратын, еркін де кеңінен ойлайтын, өздігінен алдына мақсат қойып және оған жетудің әдіс-тәсілін шығармашылықпен анықтап, сондай-ақ қолдана алатын кәсіби-маман тұлғасы болуы керек. Мұндай тұлғаның дамуына бағытталған білім берудің негізі болып тұлғаның өздігінен білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін жетілдіру процесі жатады.
Студенттердің танымдық қызметі барысында өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы зор. Бұл мәселеге көптеген ғалым педагогтар, мысалы, Я. А. Каменский, Ю. К. Бабанский, В. А. Сластенин, М. Жұмабаев, Ястребова Е. Б., Ерецский М. И., Гарунов М. Г., Блохина Р. А., Сабодашев В. П., Вербицкий А., т. б үлкен мән беріп, зерттеген. Бұл зерттеулердің өзектілігі - студенттердің теориялық және практикалық білімді саналы игеріп, интеллектуалдық қызмет жасай білуге тәрбиелеу болып табылады. Сонымен бірге студенттер жай ғана беріліп жатқан дайын біліммен қаруланып ғана қоймай, білімді тауып, ізденіп алуына, яғни студенттерді оқи білуге үйрету маңыздырақ.
Зерттеу мақсаты - колледж студенттерінің пәндерді оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастыру барысында педагогикалық ерекшеліктерді ғылыми теориялық тұрғыдан негіздеу және оның қазіргі кезеңдегі теориясын жасау.
Зерттеудің міндеттері: Студенттердің өзіндік жұмысты ұйымдастырудың педагогикалық ерекшеліктерін ғылыми теориялық тұрғыдан негіздеу және оның қазіргі кезеңдегі әдістемесін жасау:
- оқу үдерісінде студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мәселесін теориялық тұрғыдан қарастыру және оны қазіргі кезеңге жетілдірудің перспективалық бағдарын айқындау;
- студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру процесінің моделін құру
- студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың нақты әдістемесін жасау
- студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесінің педагогикалық ерекшеліктерін тәжірибе жүзінде тексеру
- оқу үрдісінде студенттердің өзіндік жұмысының түрлерін және оған қойылатын талаптарды айқындап ұйымдастырудың шарттарын көрсету
Зерттеу нысаны - пәндерді оқыту барысында студенттердің өзіндік жұмыс жасау үдерісі
Зерттеу пәні - студенттердің өзіндік жұмысты ұйымдастырудың педагогикалық ерекшеліктерінің аспектісі
Ғылыми-зерттеудің болжамы егер де колледж қабырғасында студенттердің өзіндік жұмыстарының тұлғалық, жүйелі құрылымдық негізінде теориялық әдістемелік тұрғыда жаңартылған жүйесі құрылып олардың субъект ретінде дербес мүмкіндіктері, педагогикалық ерекшеліктері оқу үдерісінде көрініс тауып, өзіндік жұмыс жасау ғылыми негізде ұйымдастырылса, онда студенттердің оқу танымдық белсенділіктері, білімі мен біліктілігі артып, заман талабына сай жеке тұлғасының қалыптасуына мүмкіндіктер туындап, танымдық дербестігі жоғарылап, кәсіби шығармашылығы мен ізденімпаздылық деңгейі көтеріледі.
Зерттеу әдіснамалық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының «Қазақстан -2030» даму стратегиясының бағдарламасы; Елбасының халыққа жолдаулары, педагогтармен психологтардың еңбектері, ресми материалдар мен құжаттар, зерттеу мәселесіне қатысты оқу әдістемелік құралдар теориялық негіздерін жасады.
Зерттеудің проблемасы - Колледжде өзіндік жұмысты ұйымдастырудың педагогикалық ерекшеліктерін анықтау
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Колледж студенттерінің өзіндік жұмыс жасаудағы педагогикалық ерекшеліктерін қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалып, оларға берілген анықтамалар бір жүйеге келтірілді және ұғымның мәні мен мазмұны ашылды
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы: студенттерге оқыту барысында өзіндік жұмысты ұйымдастырудың педагогикалық ерекшеліктері әдістемесі жасалды
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, колледжде оқу үдерісінің негізі студенттердің өзіндік және танымдық белсенділігі қағидаты болуы керек. Бұл үшін студент мынадай дағдыларға ие болуы қажет:
әр түрлі көздерден алынған білімді дербес иелену;
алынған ақпаратпен жұмыс істеу (жүйелеу, қорытындылау, қорытынды жасау, проблемаларды шешу үшін пайдалану және т. б. ) ;
танымдық қызметтің қажетті әдістерін таңдау, білім берудің мақсаттары мен міндеттеріне сай болу;
әлеуметтік және кәсіби маңызы бар түрлі мәселелерді шешу үшін алынған білімді қолдану.
Зерттеудің кезеңдері:
Зерттеу әдістері: теориялық (ғылыми - теориялық әдебиеттерді талдау, салыстыру) проблеманы логикалық және теориялық талдау және оны шешу мүмкіндіктері, эмпирикалық (сауалнама, тапсырма беру, бақылау) педагогикалық құралдар кешені, сондай - ақ қалыптастырушы эксперимент ретінде, деректерді өңдеу үшін математикалық статистика әдістері пайдаланылды ( орташа мәндер есептелді, студенттердің тесті мен талдауы бойынша статистикалық салыстыру жүргізілді) .
Зерттеу әдістемелері:
1. Студенттердің өзіндік жұмысының мәні туралы ғылыми түсініктерді түсіндіру.
2. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруда оқытудың дидактикалық мүмкіндіктерін анықтау.
3. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың үлгісін жасап, оның тиімділігін сынап көру
4. Студенттің өзіндік жұмысын бақылау критерийлерін және бағалау деңгейін дәлелдеу.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдамалар:
1. Білім алушылардың өзіндік жұмыстары (СӨЖ) - өз бетінше оқуға берілген, оқу әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар презентациялар түрінде анықталатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс; СӨЖ-дің барлық көлемі білім алушылардан күн сайын өзіндік жұмыстарды талап ететін тапсырмалармен расталады
2. Оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) - бекітілген кесте бойынша оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының аудиториядан тыс жұмысы; білім алушының санатына қарай ол: оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) . Білім алушының өзіндік жұмысы оқу жоспарына сәйкес белгілі бір пәнді меңгеру барысында алған білімнің сапасын, тереңдігі мен беріктігін арттыруға, сонымен болашақ кәсіби қызметінде де қолдана алатын студенттің өзіндік іздену, өзіндік даму мен өзіндік жетілу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқу үрдісінің маңызды бөлігі болып табылады.
Зерттеу базасы: Ақтөбе мемлекеттік гуманитарлық колледжі
Диссертацияның құрлымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, зерттеу міндетінен, тақырыпты ашу логикасы және материал баяндаудың тәжірибелік мәніне негізделген екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады. Қосымшаларда негізгі кестелер мен графиктер қамтылған.
- Колледжде өзіндік жұмысты ұйымдастырудың ғылыми теориялық негіздеріБілім алушылардың өзіндік жұмыстарын негіздері
Қазіргі қоғам сұранысына сәйкес болашақ мамандардың жоғары практикалық кәсіби және әлеуметтік дайындығына үлкен мән беріледі. Сол себепті де жоғары кәсіби білім стандартында оларың дайындық нәтижесі олардың құзырлық дәрежесімен бағаланады. Жалпы педагогикалық тұрғыдан алғанда «құзіреттілік» ұғымы - түлектердің практикалық және әлеуметтік дайындығының еңбек нарығының сұраныс талаптарына сай бағалануы» деп түсіндіріледі. [4] Осы бағыттағы жұмыстарды іске асыруды студенттердің пәндердегі құзіреттілігін қалыптастыру деп танимыз. Бұл ретте құзіреттілік тек пәндерді білумен шектелмейді. Осы ұғым аясына маман бойындағы жеке тұлғалық қасиеттердің даму нәтижесі, мысалы, олардың қатысымдық-танымдық белсенділігі мен дербестігі пәнді игерудегі интеллектуалдылығы, өзінің мамандығы бойынша білімі мен білікілігін өмір бойы жетілдіру т. б. енеді.
Көпшілік педагог-ғалымдар, психологтар әдіскер зерттеушілердің пікірінше, осындай білім нәтижесінде студенттің өзіндік жұмысын (СӨЖ) іске асыру арқылы қол жеткізуге болады. Көрнекті педагог Я. А. Коменский білім алушының өзінің талпынысы, қызығушылығы мен ізденісі оның оқуының негізгі түрткісі екендігін анықтап берген. [5]
Ю. К. Бабанский, [6] В. А. Сластениннің[7] анықтауларынша өзіндік оқу жұмысы - барлық құрылымның құрамаларында: мәселені қоюдан бақылауды, өзін-өзі бақылауды және түзетуді, қарапайым жұмыстың түрлерінен күрделірегіне, іздену сипатындағы болатын студенттің өзбетіндік нақты деңгейінің болуын талап ететін оқу іс-әрекеті. Осы орайда М. Жұмабаев жас ұрпақтың білімге деген талпынысын өзіндік білім алуынан байқауға болатындығын тілге тірек етеді. [8] Ал М. Н. Скаткин болса бұл студенттердің танымдық қасиеттерін қалыптастыратын, оларды үздіксіз өз бетімен білім алуға бағыттайтын құрал деп көрсетті. [9]
Көптеген еліміздегі ғалым-педагогтар А. Г. Қазмағамбетов, [10] С. С. Смайлов, [11] Р. С. Омарова, [12] О. Салимбаев, [13] Г. И. Туретаева[14] т. б. әрбір маман өзінің кәсіби білімі шеберлігін өмір бойы толықтырып отыратындығын айта келе, студенттік кезеңде кәсіби білімнің теориялық негізі қаланатындығын айқындайды. Студент өз бетімен білімін толықтырудың әдістемесін меңгеруге, кәсіби мақсаттарды шешудің жаңа әдіс-тәсілдерін табудың жолын үйренуі тиіс. Олар студенттерде ондай мүмкіншілік олардың өз бетімен орындайтын өзіндік жұмыстары арқылы қалыптасатындығын дәлелдейді. Өзіндік жұмыс дегеніміз - оқытушының тапсырмасы оның әдістемелік жетекшілігімен, бірақ қатысынсыз орындалатын студенттердің жоспарлы жұмысы. [15]
Білік - игерілген білімдер мен өмірлік тәжірибе негізінде орындалуы тез, дәл саналы теориялық және тәжірибелік әрекеттерге даярлығы. Студенттердің өзіндік жұмысын, біліктерін дамыту, арттыру мәселелері В. А. Козаков, Б. Г. Ананьев, Л. С. Выготский еңбектерінде қарастырылған. Білік дағдылы емес өзгертілген жағдайларда да жаттығулар жолымен әрекеттерді орындаудың мүмкіндігін жасайды.
ХХ ғасырдың ортасына таман өзіндік оқу іс-әрекетінің психологиялық теориясы қалыптасты. Оны негіздеушілер Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, В. Ляудис, П. Я. Гальперин, Н. Ф. Талызина т. б. сынды ғалымдар оқу теориясында жаңа проблема көтерді. Ғалым-педагогтар зерттеулерінде дәстүрлі сабақтарды ұйымдастыру әдістемесі терең әрі нақты қарастырылған болса, студенттік өзіндік жұмыс жасау проблемасы педагогика ғылымын әлі де толғандыруда. Ғалымдардың зерттеулерінде студенттердің өзіндік жұмысы келешек маманның шығармашылық ойлауын, ғылымға қызығушылығын, кәсіби қарым-қатынас қажеттілігін туғызатын оқыту әдісі, таным үдерісі студенттің өз бетінше жасайтын іс-әрекеті, дербес әрекеттің сипаты және студент қабілетінің көріну формасы, оқу үдерісінің негізі, студенттің өз бетімен білім алуға дайындалудың жолы ретінде сипатталады.
Л. Т. Жаныбекова, А. Е. Абылкасымова, С. С. Смайлов, Г. М. Коджаспирова, М. Г. Гарунов, П. И. Пидкасистый еңбектеріне студенттердің өзіндік жұмысы өзінің мәні жағынан, оқу іс-әрекетінің жоғарғы формасы ретінде ұғынылады. Психологиялық-педагогикалық жағынан ол мынадай сипатта қарастырылады:
- студенттердің өз бетімен оқуға мүмкіндік беретін интеллектуалды қабілеті мен дағдысы;
- студенттің өз күшімен білім игеруге ұмтылуы, қабілеті, дайындығы;
- жеке тұлғаның өз күшімен білімді және іс-әрекет жолын игеруге ұмытылысында көрінетін қасиеті;
- индивидтің өз күшімен өзінің танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және оны жаңа танымдық проблеманы шешуге пайдалану қабілетін туғызатын жеке тұлға қасиеті;
- оқу тапсырмасының ерекше түрі.
Осылайша ол дидактикалық құбылыс ретінде екі жақты сапаға ие болады: студенттің оқу тапсырмасын орындау барысында көрінетін шығармашылық елестету, ойлау, еске сақтау әрекетіне сай көрінетін форма. Ол, сайып келгенде, студенттің өзіне бұрыннан таныс емес жаңа білім алуына немесе бұрын игерілген білімін кеңейту мен тереңдетуге әкеледі.
Б. Г. Иоганзен студенттердің колледж қабырғасындағы дербес іс-әрекеттерінің бір түрі немесе оқытушының тапсырмасымен, бірақ оның тікелей қатынасынсыз орындалған іс-әрекет түрі деп көрсетеді.
Өзіндік оқу іс-әрекеті туралы мәселе тамыры антикалық кезеңге кетеді.
Ежелгі Рим философтарының трактаттарында жас түлектердің өзіндік іс-әрекеті, дербестігі, білім игеруде ерекше орын алатындығы туралы ойлар мазмұндалады. Жастардың өзіндік танымдылығы А. А. Коменскийдің, сонан кейін И. Г. Песталоцци және А. Дистервегтің еңбектерінде оқытуды белсенді ету құралы ретінде тереңдетіле түсіндіріледі. Қ. Бөлеевтің есептеуінше, жастардың оқу үдерісіндегі дербестігі олардың ақыл-ой қабілеті дамуының маңызды құралы ретінде тереңдетіле түсіндіріледі.
Оқу үдерісіндегі студенттердің өзіндік танымына сүйену маңыздылығы туралы ойлар Н. Г. Чернышевскийдің еңбектерінде де айтылады. Олардың ойлау дербестігін жандандыратын оқыту әдістемесі К. Д. Ушинский еңбегінде терең ашылды. Ол шын мәнінде білімді адам болудың өз бетінше оқып үйрену арқылы игерілуі тиіс екендігін көрсеткен.
1960-жылдары өзіндік жұмыс туралы белгілі бір тапсырмаларды оқытушының тікелей қатысынсыз сабақта немесе танымдық күші мен қабілетін дамыту, білім сапасын көтеру мақсатында үйде орындау деген түсінік қалыптасты. Кейінгі зерттеулерде бұл мәселе кең қаралып, өзіндік жұмыстар туралы терең түсініктер берілді. Осыған сәйкес өзіндік жұмыс дидактикалық құбылыс ретінде қаралды, ол оқу тапсырмасы ретінде де, еске сақтау іс-әрекетіне сай көрінетін форма ретінде де, тапсырманы орындау барысында ойлау, сондай-ақ жастардың өзіндік іс-әрекетін басқару мен ұйымдастырудың арнайы педагогикалық құралы ретінде де сипатталады.
В. А. Козаков өз еңбегінде И. Канарскийдің 1936 жылы бірінші курсқа қабылданған студенттердің өзіндік жұмысқа дайындығының нашарлығын айтқан болатын. Бұл пікірден туындайтын тұжырым мынадай: Колледжде студенттер 1 курстан бастап өзіндік жұмыстарды еркін орындауы үшін бұл жұмыстарды мектеп қабырғасынан бастаған жөн деп көрсетілген.
П. И. Пидкасистый қазіргі заманғы оқыту технологиялары педагогикалық және психологиялық ілімдер негізінде жасалған дамытушы, жеке бағдарлы мақсатты технология болып табылатындығын анықтап көрсетті.
Дәрістер мен сабақтарда оқытудың әр түрлі технологияларын қолдануға болатындығы дәлелденуде. Әсіресе, оқытудың компьютерлік технологиясын, бағдарламалап оқыту технологиясын, дамыта оқыту технологиясын, оқытудың ынтымақтастық технологиясын т. б. қолдану пайдалы екенін тәжірибе көрсетіп отыр.
Дамыта оқыту технологиясының авторларының (Л. С. Выготский, Л. В. Занков, В. В Давыдов, Д. Б. Эльконин) пікірінше, бұл технология - жеке тұлғаның барлық сапарларын тұтас сәйкестікте дамытуға бағытталған жүйе. А. К. Осницкий оның нәтижесінде әр білім алушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесінде көтерілуі көзделіп, соған лайықты жағдайлар жасалады деп тұжырымдайды. Ал Қ. Жарықбаев өзіндік жұмыстың кейбір психологиялық жақтарын қарастырып, оның өзіндік білім алудағы негізгі күш екендігін айқындайды.
Студенттердің өзіндік жұмыстарының мән-мағынасы, оны ұйымдастырудың тәсіл-амалдары туралы педагогикалық әдебиеттерде әр түрлі пікір айтылады, мәселен, оның дербес жұмыстарды ұйымдастырудағы басты өлшем екендігі көрсетіледі.
Студенттердің таным әрекеті білім алу қажетімен ұштасады. Осыған орай, сол арқылы олардың дербестігін, ең алдымен белсенділігін арттырады. Дегенмен, бұлар бір мағынадағы ұғымдар емес. Белсенділік дербестікке қарағанда мағынасы кең ұғым болып табылады.
Қазіргі заманда, азаматтық қоғамда өмір сүріп, оның даму жолдарында еңбек ету үшін, қажырлы, алдына бір мақсаттар меңзеп, оларды орындауға ат салыса отырып, жаңалықтарға құштар, білімді, өз қылықтары мен іс-әрекеттері үшін жауап бере алатын, қиыншылықтардан қорықпай, біреудің көлеңкесіне тығылмайтын, белсенді, парасатты, жаңалықтарға құштар, әлеуметтік өмірдегі барлық құбылыстарды сараптап, баға беріп өмір бойы даму, іздену үстіндегі адамдар қоғамға, оның әлеуметтік дамуына, өркениетті елдер қатарында өмір сүру үшін өте қажет. Педагогика ғылымында осындай қасиеттерді жастардың бойында қалыптастыру, соған тәрбиелеу, студент жастардың дербес даралығын, белсенділігін қалыптастырып, өз бетімен өмір сүре білуге дайындау деп атайды.
Студенттердің белсенділіктерін, өзіне деген сенімін бойларына қалыптастыратын, бір де бір жолдың бірі - студенттердің өз бетімен атқаратын өзіндік жұмысы болып табылады. Осыған сәйкес, өзіндік жұмысты ұйымдастыру жолында кездесетін мәселелерді бізге дейін де талай педагог ғалымдар көрсетіп кеткендігі де белгілі.
М. С. Ахметова өз еңбектерінде педагогиканың ең негізгі саласының бірі - өз бетімен білім алуға баулу және онсыз жақсы оқыту мүмкін еместігін айқындай түседі. Ол - студенттерді бірыңғай тежей беруден бас тарту керектігін, оларға басшылық жасауда студент жастардың белсенділіктерін басып тастамауы қажет екендігін жазған. Сондай-ақ К. Д. Ушинский, В. А. Сухомлинский, А. С. Макаренко т. б. педагог ғалымдар оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру барысында студенттердің өздерінің атқаратын рөлдеріне баса көңіл бөліп, оларды жүзеге асыру жолдарының селқос, немқұрайлы болуын қатты сынға алған болатын.
Кеңес өкіметі заманында оқу-тәрбие үдерісіндегі студент белсенділігі деген ұғым өзінің негізгі мазмұнынан біршама ауытқып, оның қанатын кең жайып кетуге құқық аз берілді. Ел-жұрттың ішінен өз идеясымен дараланып шыққан жеке тұлға белсенділігі сол кездегі қоғамдық ұстанымдағы моральдарға сәйкес келмейтін деген желеумен жеке тұлғаларды ығыстыру, олардың еңбектерін мойындамау да орын алғандығы белгілі.
Ал, қазір егеменді елімізде адамның жеке басының дамуына, өз бетімен білімін көтеруге, барлық дүниежүзі жаңалықтарын игеруге барлық жағдайлар бар. Барлық әлемнің білім байлығы адам игілігі үшін қызмет атқаруда. Сондықтан да, студент жастардың бойына белсенділік, жаңалыққа, білімге құштарлық соған ұмтылатын, жалықпай ізденетін, интеллектуалдық адами қасиеттерді қалыптастыру қажет. Осыған байланысты айтылған кез-келген білімді, тәжірибені ұстаз пікірі болашақ өмірмен ұштасып жатқандай көрінеді.
М. Н. Скаткин студенттерді тек қана білім мен білгірлік жүйесімен қамтамасыз ету аз, сонымен қатар олардың білімге, жаңалыққа құштар болуын, ұмтылысын арттыру қажет, бұның өзі жан-жақты дамыған адамның жеке басы үшін өте маңызды екендігін анық көрсете келе, тек сонда ғана студент жастардың оқу еңбегіне деген көзқарасы өзгереді, оқуға, білімге, жаңалыққа өздері ұмтылатындығын дәлелдейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz