Педагогика ғылымындағы тәрбие теориясы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті
Педагогикалық факультет
Мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық
даярлық теориясы және әдістемесі кафедрасы
Аханова А.
ПжП-32(3) тобының студенті
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«Қазіргі мектептегі тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың маңызы»
Ғылыми жетекшісі:
Аға-оқытушы Балғабаева Г. С.
Дипломдық жұмыс
деген бағамен қорғалды.
Хаттама № «___» 2007 ж.
Қарағанды 2007 ж.
Мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық даярлық теориясы және
әдістемесі кафедрасының меңгерушісі
ғылыми атағы, дәрежесі
аты-жөні
тұратынмекен-жайы
курс студенті
Ө Т І Н І Ш
Сіздің кафедраңыз бойынша
оқу пәнінің көрсету
дипломдық жұмыс жазуыма рұқсат етуіңізді сұраймын.
Оқытушымен
Келісілді
лауазымы, дәрежесі
аты-жөні
«___» 200 ж. Қолы
студент
Қолы
оқытушы
тақырыбындағы дипломдық жұмыс
Хатшы
кафедра мәжілісінің № хаттамасынан «___» 200 ж.
К Ө Ш І Р М Е
Тақырыбындағы дипломдық жұмысты қорғауға ұсынуды талқылау.
Жұмыс толығымен аяқталған.
Жұмыстың құрылымы жоғары оқу орнына дипломдық жұмысты орындау талаптарына сай келеді.
Мақсаты мен міндеттері берілген тапсырма бойынша жүзеге асырылған.
дипломдық жұмысы қорғауға ұсынылады.
аты-жөні
Кафедра меңгерушісі
аты-жөні
ғылыми атағы, дәрежесі
Ғылыми жетекшісі Хатшы
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті
Факультет
Кафедра
Мамандығы
«Бекітілді»
Кафедра мегерушісі
«___» 2006 ж.
Студент дипломдық жоба(жұмысы) бойынша
Т А П С Ы Р М А
- Дипломдық жұмыстың тақырыбы
- Университет бұйрығымен бекітілді «___» 2006 ж.
- Студенттің дипломдық жұмысты тапсыру мерзімі
- Жұмыстағы негізгі мәселелер
- Дипломдық тапсырманың құрамы және бөлімдерінің қысқаша мәліметтері:
а) дипломдық жұмыстың теориялық бөлімі
ә) дипломдық жұмыстың практикалық бөлімі
б) дипломдық жұмыстың иллюстративті бөлімі
Тапсырманың бекітілген күні: «___» 2006 ж.
Ғылыми жетекші:
Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті педагогика факультетінің «Педагогика және психология» мамандығының студенті Аханова А. «Қазіргі мектептегі тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың маңызы» тақырыбындағы дипломдық жұмысына ғылыми жетекшінің
пікірІ
Зерттеу барысында диплом жұмысын орындаушы өздігінен зерттеу міндеттерін қойып, оларды шешу жолдарын дұрыс таба білді. Дипломдық жұмыста отандық және шетелдік ғалым-педагогтардың еңбектеріне теориялық талдау жасалып, зерттеудің көкейтестілігі көрсетілді.
Кіріспеде зерттеудің пәні, объектісі, мақсат-міндеттері, зерттеу әдістері мен негізгі кезеңдері көрсетілген. Бірінші тарауда тәрбие жүйелерінің ғылыми-теориялық негіздері ашылған.
«Мектептің тәрбие жүйесін құрудың құқықтық базасы және әдістемесі » деп аталатын екінші тарауда жалпы білім беретін орта мектептің тәрбие жүйесін құрудың тұжырымдамасы және оны іске асыру мазмұны көрсетілген.
Диплом жұмысының қорытындысында жүргізілген жұмыстардың теориялық және пратикалық нәтижелеріне негізделген нақты тұжырымдар жасалған.
Жалпы диплом жұмысын орындау барысында студент Аханова А. . өзінің ізденгіштігін, еңбекқорлығын және ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасын жеткілікті деңгейде меңгергендігін көрсете білді.
А. Аханованың «Қазіргі мектептегі тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың маңызы» тақырыбындағы диплом жұмысы жоғары оқу орындарындағы дипломдық жұмыстарға қойылатын талаптарға жауап береді, сондықтан ол «өте жақсы» деген бағаға ұсынылады.
Пікір беруші:
Ғылыми жетекші, МДжППДТжӘ
кафедрасының аға оқытушысы Г. С. Балғабаева
Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті педагогика факультетінің «Педагогика және психология» мамандығының студенті Аханова А. «Қазіргі мектептегі тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың маңызы» тақырыбындағы дипломдық жұмысына ғылыми жетекшінің
пікір
Қазіргі уақытта мектептің тәрбие жүйесін құрудың тиімді үлгісін іздеу бірінші кезекте тәрбиенің жаңа мазмұнын, педагогикалық процесті басқару деңгейін, сапасы мен шығармашылық сипатын теориялық тұрғыда зерделеуді қажет етеді. Осы негізде аталған диплом жұмысының көкейтестілігі дау тудырмайды.
Диплом жұмысын даярлау барысында Г. Темірғалиева зерттеу әдістемесіне арналған арнайы әдебиеттермен жұмыс жасап, тақырып бойынша жарық көрген зерттеу жұмыстарына үлкен теориялық талдау жасаған.
Сонымен қатар, студент көтеріліп отырған мәселеге қатысты деректермен, көздермен жұмыс жасаған, бұл проблемаға объективті түрде баға беруге мүмкіндік берген.
Диплом жұмысын орындаушы көтеріліп отырған мәселе бойынша осы уақытқа дейін қалыптасқан көзқарастарды саралайды, тарихи-салыстырмалы анализ жасау негізінде өзіндік қорытындылар жасайды.
Диплом жұмысының қорытындылары нақты келтірілген, дәлелді және нанымды болып келеді. Диплом жұмысын орындау барысында оны орындаушы әдебиеттерді жеткілікті дәрежеде қолданған.
Жалпы алғанда, Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің педагогика факультетінің студенті Аханова А. «Қазіргі мектептегі тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың маңызы» тақырыбындағы диплом жұмысы осындай жұмыстарға қойылатын талаптарға сай орындалған және жоғары бағаға лайықты.
Пікір беруші:
Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің
педагогика кафедрасының доценті,
педагогика ғылымдарының кандидаты П. З. Ишанова
МАЗМұны
Кіріспе . . . 3 - 6
1 тарау. тәрбие жүйелерінің ғылыми-
теориялық негіздері . . . 7 - 30
1. 1. Педагогика ғылымындағы тәрбие теориясы . . . 7 - 24
1. 2. Мектеп тәрбие жүйесінің ғылыми-педагогикалық
негіздері . . . 24 - 30
2 тарау. Мектептің тәрбие жүйесін құрудың
құқықтық базасы және әдістемесі . . . 31 - 59
2. 1. Жалпы білім беретін орта мектептің тәрбие жүйесін
құрудың Тұжырымдамасы . . . 31 - 42
2. 2. Мектептің тәрбие жүйесін құрудың тұжырымдамасын
іске асыру мазмұны . . . 43 - 59
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 60 - 61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 62
ҚОСЫМШАЛАР . . . 63 - 69
Кіріспе
Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық жағдай демократияланған, ізгіленген кезең мектептерде тәлім-тәрбие мазмұнын қайта қарап жаңғыртуды, халықтық педагогиканы тәрбие процесінде негізге алуды талап етіп отыр. Өйткені, әр ұлттың тарихының ұрпақтарға оқытылуы, салт-дәстүрлерінің сақталуы және әдебиеті мен өнерінің дамуы, ұлттық бостандық жағдайында ғана болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының білім мазмұны тұжырымдамасында және Білім туралы Заңында: осы негізде әр халықтың тарихы, ұлттық дәстүрлері бүкіл адамзат мәдениеті дамуымен диалектикалық бірлікте қарастырылып, ол мектептегі білім, тәрбие мазмұнын жаңарудың қайнар көзі бола алады, - деп көрсетілген. Бұл құжаттарда айтылғандай, білім, тәрбие мазмұнын жаңартпайынша, қоғамды жаңарту мүмкін емес. Себебі, қоғамның алға басуы жас ұрпақты білім, тәрбие арқылы дамытуға, жаңаша ойлауға, іскерлікке үйретуге байланысты, делінген. Сонымен бірге өзге халықтардың тарихын, мәдениетін, тілін меңгерген, өздігінен денсаулығын нығайтуға, адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ынтызар, өмірдің әрқилы кезеңдерінде дербес еңбек етуге даяр ұрпақты қалыптастырудың бір жағы білім мазмұны арқылы іске асса, екінші жағы тәлім-тәрбие мазмұны арқылы бойына сіңеді. Сондықтан, білім мазмұнын жаңарту тұжырымдамасында: «білім мазмұнын қазіргі ғылымның құрылымына сәйкестендіру, оқу-тәрбие ісінде оқушылардың шығармашылық ойлауы мен өздігінен еңбек етуіне, адамгершілікке, имандылыққа бағдар беру, білімін қолдана білуге үйрету, дүниені дұрыс тануға, жалпы азаматтық мәдениетті бойына дарыту көзделіп отыр.
Сонымен оқыту ісін жастардың белсенді ақыл-ой еңбегі, саналы іс-әрекеті негізінде ұйымдастырса, тәрбие процесін ғылыми-тәжірибелік бағытта, ұлттық психологиялық, сана-сезім, мінез-құлықты қалыптастыру негізінде ұйымдастырған абзал.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде, оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіруге, ынтымақтастық педагогикасын пайдалану арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға жол ашылады.
Қазіргі уақытта мектептің тәрбие жүйесін құрудың тиімді үлгісін іздеу бірінші кезекте тәрбиенің жаңа мазмұнын, педагогикалық процесті басқару деңгейін, сапасы мен шығармашылық сипатын теориялық тұрғыда зерделеуді қажет етеді.
Бұл мәселелер отандық және шетелдік ғалымдардың іргелі еңбектерінде зерттелген:
ұлттық мектеп тәрбие жүйесін құру тұрғысынан И. Ф. Гончаров, Л. Н. Погодин, К. Ж. Қожахметова, Ш. Беркімбаева, Ж. Ж. Наурызбай, Р. Башарұлы т. б. зерттеген.
мектепте тәрбие жүйесінің келелі мәселелері тұрғысынан Г. Н. Волков, С. Ұзақбаева, К. Ж. Қожахметова, К. Б. Жарықбаев, С. Қалиев, Ж. Ж. Наурызбай, Е. Жұматаева т. б. еңбектері;
Көтеріліп отырған мәселе бойынша ғылыми жетістіктер мен іс-тәжірибені талдау, оны ғылыми тұрғыдан негіздеу мен ғылыми-педагогикалық тәжірибенің арасында төмендегідей қайшылықтар бар екендігі анықталды:
- қазақ мектептеріндегі тәрбие процесіне нағыз ұлттық мазмұн беру мен бір идеологияға бағындырған бұрынғы тоталитарлық жүйенің кері ықпалы арасындағы қайшылық;
- тәрбие процесіне этнопедагогикалық материалдарды енгізу мен оларды оқу-тәрбие жүйесінде пайдалануға қатысты оқу-әдістемелік құралдардың жетіспеуі арасындағы қайшылық.
Аталған қайшылықтардыњ шешімін табу біздің зерттеуіміздің өзектілігін анықтады да, зерттеу тақырыбын «Қазіргі мектептегі тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың маңызы» деп алуға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Қазіргі мектептегі тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың маңызын теориялық негіздеу және оның тиімділігін дәлелдеу.
Зерттеудің нысаны: мектептердің тәрбие жүйесі.
Зерттеудің пәні: Қазіргі мектептегі тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың мазмұны, түрлері мен әдістері.
Зерттеу мақсатын жүзеге асырып, болжамды тексеру үшін төмендегі міндеттер анықталды:
- «тәрбие», «тәрбие процесі», «мектептің тәрбие жүйесі» ұғымдарының мәнін нақтылау;
- саралап (дифференциация) оқытуды педагогикалық процеске енгізе отырып, оқушының тұлға ретінде танымдық даму деңгейін айқындау;
- тәрбие процесін тұжырымдама негізінде ұйымдастырудың тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу.
Зерттеудің жетекші идеясы: Қазіргі мектептегі тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыруды этнопедагогика тұрғысынан көздеу тәрбие процесін жетілдіру барысында оқу мен тәрбиені біріктіріп, ұлттық мазмұнды ашады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: тәрбие жүйесінің теориясы, педагогикалық процесс бірлігінің теориясы, этнопедагогика, инновациялық іс-әрекет қағидалары.
Зерттеудің көздері: ресми құжаттар (заңдар, ережелер, тұжырымдамалар), педагогика классиктерінің еңбектері, әр түрлі ұлт өкілдері ғалымдары мен ағартушыларының ұлттық мектеп туралы еңбектері, педагогика мен басқарудың өзектілігі туралы ағымдағы баспасөз бен ғылыми-тәжірибелік конференциялардың материалдары Зерттеудің әдістері:
- философиялық, әлеуметтік және психология мен педагогикалық ғылыми әдебиеттерді зерттеу тақырыбы бойынша теориялық талдау;
- ағымдағы құжаттарды зерттеу;
- педагогикалық инновация бойынша іс-тәжірибе;
- салыстырмалы және жүйелі талдау, жіктеу, жүйелеу және алынған дәйекті интерпретациялау;
- эксперименттік-тәжірибелік жұмыс;
- алынған дәйектерді математикалық тәсілдермен жинақтау;
- үлгілеу тәсілі және педагогикалық жүйенің дамуын жүйелеп баяндау.
Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі: зерттеу нәтижелері мен қорытындылары жаңа сипаттағы мектептің тәрбие жүйесіне ұлттық мазмұн беруге негіз болады
Диплом жұмысының көлемі мен құрылымы: Жұмыс 8 суреттен тұратын және 20 қолданылған әдебиет көрсетілген кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбын таңдап алуды негіздеу, зерттеудің ғылыми аппараты сипатталған: мақсаты, объектісі, тақырыбы, міндеттері, болжамы, методологиялық негізі, зерттеудің әдістері, тәжірибелік мәні,
Бірінші тарау «Тәрбие жүйелерінің ғылыми-теориялық негіздері» деп аталып, педагогика ғылымындағы тәрбие теориясы және мектеп тәрбие жүйесінің ғылыми-педагогикалық негіздері туралы мағлұматтар берілген.
Екінші тарау «Мектептің тәрбие жүйесін құрудың құқықтық базасы және әдістемесі» деп аталып, жалпы білім беретін орта мектептің тәрбие жүйесін құрудың Тұжырымдамасы және мектептің тәрбие жүйесін құрудың тұжырымдамасын іске асыру мазмұны (№92 қазақ гимназиясы мысалында) келтірілген.
Қорытындысында жалпы тұжырымдама жасалып, шешімдер келтіріліп, ұсыныстар және бұл өзекті мәселенің болашақта зерттелу мүмкіндігі анықталған.
Қосымшада зерттеуші пайдаланған және өзі жасаған материалдары берілген.
1 тарау. тәрбие жүйелерінің ғылыми-теориялық негіздері
1. 1. Педагогика ғылымындағы тәрбие теориясы
Тәрбие жұмысы мақсатында педагогикалық үйірмелер, олимпиадалар, дөңгелек үстел басындағы сұхбат, тақырыптық кештер, кездесулер, айтыстар, пікірсайыстар, атамекен апталығы, сұлулар, сымбаттылар, білімділер, өнерлілер, іскерлер сайысы, ғылыми-шығармашылық қоғамдар, бірлестіктер достық-танымдық сапарлар, саяхаттар, т. б. ұйымдастырылады. Сонымен оқыту процесін жастардың белсенді ақыл-ой еңбегі, саналы іс-әрекеті негізінде ұйымдастырып, тәрбиелеу ісін қоғам талабына сай ғылыми тәжірибелік бағытта, ұлттық психология, сана-сезімі мен мінез-құлқын қалыптастыру негізінде ұйымдастырса, жұмыс нәтижелі болады.
Тәрбие құралының мазмұны болашақ сынып жетекшілерін білімділікке, біліктілікке, педагогикалық қызметке қажетті дағды мен іскерлікке, еңбексүйгіштікке, жоғары адамдық қасиеттерге, қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеуге бағытталған. Сондай-ақ болашақ ұстаздарды ғылым-біліммен қаруландыру, тәжірибелік тұрғыда даярлау, оқу ісін тәрбиемен байланыстыру, білім мазмұнын тереңдету көзделген. Білім мазмұны жеке тұлғаны жетілдіру, дамыту, тәрбиелеу, тәжірибені меңгерту үшін қызмет етеді.
Білім мазмұны деп - жеке адамның ой-өрісін, дене тәрбиесін, адамгершілік - имандылық қасиеттерін, эстетикалық қабілеттерін, талғамын, мінез-құлқын дамытуды, жалпы азаматтық мәдени дәстүрлер рухында тәрбиелеуді қамтамасыз етіп, дербес өмір сүруге дайындайтын ғылыми-білім, тәжірибелік іскерлік және дағды жүйесін қалыптастыратын жадығатарды айтамыз.
Ұрпақ тәрбиелеу - қай уақытта болса да адамзат алдында тұратын ұлы мақсат - міндеттердің ең бастысы. Ол келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени - ғылыми өрісі кең, озық азамат етіп тәрбиелеу - әрбір отбасының міндеті. Сынып жетекшісінің жұмыс жүйесінде мінез-құлық мәдениеті ережелерімен байланысты этикалық нормаларды жеткіншектерге түсіндіру ерекше орын алады. Түсіндіру жолы әр түрлі: этикалық, әңгіме, диспут, ұжым өмірінің фактілерін талқылау.
Жеткіншектерді әдептілікке тәрбиелеудің мақсаты-адамгершілік түсініктерді қалыптастыру. Данышпан Аристотель: «Барлық өнер атаулы және соның ішінде тәрбие өнері адамға табиғаттан жетіспеген жақтарын толықтыру мақсатын көздейді» - деген. Бұдан әдептілікті танудың әлеуметтік ролі жоғары екенін аңғарамыз.
Жас ұрпаққа тек тәрбие объектісі ретінде ғана емес, өзіндік ақыл-ойы, талап-тілегі, қажеті бар субъекті ретінде қарап бойындағы туа біткен, табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау сенім үлгі көрсету, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіру, ынтымақтастық педагогикасын қолданып, оқу-тәрбие жұмысын жүргізу арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға жол ашылады.
Педагогикалық қызмет еңбек субъектісінің ерекшелігімен айырықшаланады. Өйткені, ол үнемі дамып, бір мезгілде тәрбиенің объектісі де, субъектісі де бола алатын жеке тұлғамен істес. Қоғамдағы жас ұрпақ тәрбиесі төрт түрлі әлеуметтік күштің бірлескен жұмысы арқылы жүзеге аспақ: отбасы, мектеп, әлеуметтік орта, жұртшылық. Осы күштерді біріктіріп, байланыстырып ортақ мақсатқа бағыттап отыратын - сынып жетекшісі.
«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді» (Ғ. Мүсірепов), сондықтан болашақ педагогтарды орта арнаулы және жоғары мектеп қабырғасында тәрбие құралы болып табылатын ана тілінің кәусарына қандырып, ұлт әдебиеті мен өнері туындыларына дайындағанда ғана оқу-тәрбие жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Сынып жетекшісі оқушыларға білім берумен қатар, жан-жақты дамып қалыптасуына жүйелі жүргізілетін жұмыстар арқылы үздіксіз ықпал етіп отырады. Педагогикалық ықпалдың табысты болуы оны іске асыратын сынып жетекшісіне және оқушылардың қабылдауы мен белсенділігіне байланысты. Олай болса, сынып жетекшісінің жеке бас қабілетіне, жұмыс істеу ынтасына жоғары талап қойылады. Ол талаптарға теориялық, тәжірибелік дайындығының болуы, рухани байлығы, педагогикалық білімі мен біліктілігі т. б. жатады. Бұл талап сынып жетекшісінің өзін-өзі тәрбиелеу процесінде жеке басының қасиеттерін дамытуын, педагогикалық шеберлікке, іскерлікке жетудің құпияларын игеруін қажет етеді.
Оқушыларға мектеп пен отбасы тарапынан қойылатын педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз етіп, ата-аналармен байланыс жасап отырады. Оқушылардың денсаулығын нығайтуға жағдай туғызып, үлгеріміне көмектесіп, мінез-құлқын, тәртібін дамытатын шараларды жүзеге асырады, болашақ мамандығына деген сүйіспеншілігін, дұрыс қатынасын қалыптастырады.
Сынып жетекшісі - кәсіби даярлығы, арнайы білім бар, өз пәнін, тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерін терең білетін, практикалық дағдысы мен іскерлігі қалыптасқан, өмір сүріп отырған қоғамын, халқын сүйетін, оның әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жан-жақты білетін, мінез-құлқы оңды қалыптасқан адам болуы керек. Сынып жетекшісі - тәрбиенің мақсат, міндетін, қоғамның идеологиясын, әлеуметтік-экономикасын түсінетін, өз ісіне сенімді, қырағы, шамамен сезу қабілеті жақсы дамыған, белсенді, мамандығын құрметтеп, баланы жақсы көретін, еңбек сүйгіш, дербес шешім қабылдай алатын, кез-келген жағдайдан жол табатын, тапқыр адам болуы абзал.
Сынып жетекшісі - ең алдымен өз мінез-құлқын қалыптастырушы. Ол ұстамды, байсалды, төзімді, адамгершілік-имандылық жағынан басқалардан жоғары тұруға міндетті. Баланың ішкі дүниесін, қалпын (көңілді, мұңды, қуанышты, бей-жай қалпын) сезетін, әділ, тілге бай, қанатты сөздерді әзіл-сықақ, мақал-мәтелдерді дер кезінде қолдана алатын адам болуы қажет. өйткені, «Данышпан дегеніміз - дүниедегінің бәрін білетін адам емес, білгенін дер кезінде қолдана алатын адам» (Халық даналығы) . Сынып жетекшісіне де дәл осындай талап қойылады.
Сынып жетекшісі - оқушылармен, ата-аналармен, педагогтармен, ұжымымен, жұртшылықпен тіл табысуға икемді болуға міндетті.
Сынып жетекшісі оқушыларға талап қоюмен бірге өзіне де қатаң талап қоя білгені жөн, өзінің білмегенді өзгеден талап ету мүмкін емес. « . . . Жеке адамның тигізетін әсерін ешбір формамен, ешбір уставпен, ешбір тәртіп ережесімен, сабақ кестесімен алмастыруға болмайды. Адамның жеке басының әсері жас жаңа күн сәулесімен бірдей, мұны ешбір басқа нәрсемен алмастыру мүмкін емес», деген орыс педагогы К. Д. ушинский.
Сынып жетекшісінің педагогикалық шеберлігінің құрамына: педагогикалық, психологиялық, әдістемелік білімнің, эрудициясының, өрісінің болуы, кәсіптік қабілетінің дамығандығы, ғылыми-мәдени хабардың бастауы бола білуі біліктілігі жатады.
Күнделікті тәрбие жұмысында осы мінсіздіктердің бәрі жас ұрпаққа күшті әсер етеді, ой-қиялын оятып, армандауға үйретеді, сөйтіп тәрбие жұмысының нәтижелі болуын қамтамасыз етеді.
Мектептегі тәлім-тәрбие жұмысының өзіндік ерекшелігі мен қиыншылықтары болады. Бірінші ерекшелігі - тәрбиенің көп қырлы факторлы процесс екендігі. Тәрбие мақсат, міндет, мазмұн, идеологиялық бағыт беру, отбасы, мектеп, орта, жұртшылық сияқты әлеуметтік күштердің тәрбие мен талап қоюдағы бірлігін сақтау, тәрбие әдістерін дұрыс талдап, тиімді пайдалану басты ерекшелігі.
Екінші ерекшелігі - тәрбиенің ұзақ процесс екендігі. Адам өмір бойы тәрбиеленеді. Тәрбие ұзақ уақытты, шыдамдылықпен тәрбие жұмысын жүргізуді қажет ететіндігімен ерекшеленеді.
Үшінші ерекшелігі - тәрбиенің сатылы сипатта болатындығы.
1-сатыда: отбасында, балабақшада, бастауыш мектепте тәртіп ережелерінің бастапқы ұғымдарын игеру. Сезімдер мен мінез-құлықтың алғашқы дағдылары бойға қалыптасады.
2-сатыда: этикалық түсініктерді меңгеріп, күрделі сезімдері дұрыс дами бастайды. Қоғамда тәртіп ережелерін сақтау, орындау дағдысы қалыптасады.
3-сатыда: дүниені тереңірек тану арқылы көзқарастың қалыптасуы.
Төртінші ерекшелігі - тәрбие жұмысы бір орталыққа жинақталып жас шамасына, тәрбие деңгейіне қарай күрделенуі;
Бесінші ерекшелігі - тәрбие ісінің екі жақты белсенді процесс екендігі. Жетекшінің тәрбиелік ықпалы тәрбиеленушілердің ішкі ойымен, ниетімен, өзін-өзі тәрбиеленуімен ұштасып жұмыстың нәтижелі болуын қамтамасыз етеді.
Алтыншы ерекшелігі - тәрбие ісінде педагогтар ұжымының ұйымдастырушылық қабілетінің күшті болуының мәні зор.
А. С. Макаренко «Тәрбие беру жұмысы ең алдымен, ұйымдастырушының жұмысы» деп бекер айтпаған.
Жетінші ерекшелігі - тәрбие нәтижесін тез арада анықтау, тексеру, бағалау өте қиын процесс. Оқушылардың қаншалықты тәрбиелі, иманды екенін анықтау өте қиын.
Сегізінші ерекшелігі - тәрбие болашаққа ұмтылған іс-әрекет, бүгін мен ертеңі келешек өмірдің ұштасуы.
А) Тәрбие жұмысын ұйымдастыру едәуір қиындық тудырады. Жетекші оқушының бос уақытын есепке алып өзі белгілейді.
Б) Тәрбие жұмысының жалпы мазмұнына ыңғайлап, сынып жетекшісі тақырыптарды өзі таңдап, тәрбие материалдарын өзі сұрыптап алып инсцировка жоспар жасайды. Аталған ерекшеліктер мен қиындықтар сынып жетекшісінен сан-саналы білім мен іскерлікті, шеберлік пен дағдыны, педагогикалық іскерлікті, тәжірибені қажет етеді.
Әр қоғамның сұраныстарына орай тәлім-тәрбие жұмысының бағыттары мен мазмұны анықталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz