Тарихи теориялардағы психологиялық мәдениет ұғымы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
Магистр психологии и педагогики Тоқтарбекова Қ.Т
Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті, Қазақстан
Тарихи теориялардағы психологиялық мәдениет ұғымы
Психологиялық мәдениет психология ғылымындағы жаңа ұғым. Сондай-ақ, ғылыми әдебиеттерде сирек қолданылады. Әрине, бұл ұғым психологиялық болса дағы, әр түрлі ғылыми облыстар аймағында құрылады: философия, мәдениеттану, әлеуметтану, этика, психология. Психологиялық мәдениет ұғымының мәні мен құрылымын түсіну үшін, ең алдымен мәдениеттің жалпы ғылыми категориядағы орынын анықтайық.
Мәдениет ұғымының көп деңгейлі және көп мәнді екені бізге мәлім. В.В. Семикин өз монографиясында аталмыш ұғымға берілген бірқатар ғалымдардың еңбектерін көрсетеді. Атақты Батыс мәдениет зерттеушілері А. Кребер мен К. Клакхольн [1] өз еңбектерінде мәдениет ұғымына 200 ден астам анықтамаларын береді. Ал, Берри, Пуртинга, Сегол және Дасен қазіргі уақытта мәдениеттің қарастырылып, талданып жүрген алты категориялық облысын жазған [цит.1]:
- дескрептивті: мәдениетпен байланысты іс-әрекет және мінез-құлықтың әр түрлеріне акцент жасайды;
- тарихи-адамзат қауымдастықтарындағы мұрагерлік және дәстүрлерге қатысты;
- генетикалық: мәдениеттің пайда болуына байланысты;
- құрылымдық: мәдениеттің қоғамдық және ұйымдық элементтерін назарға алады;
- нормативті: мәдени дәстүрлермен байланысты ережелер мен нормаларды суреттейді;
- психологиялық мәдениетке қатысты мәселелер шешіміне үйрену, оқытуға назар аударады.
Осы жерде мәдениетке қатысты мәдениеттің адам психологиясына әсерін зерттеуші Д. Мацумото төмендегідей анықтама берген: мәдениет - қиын да жалпы ұғым. Ол ұрпақтан-ұрпаққа салт-дәстүр, материалды мұрагерлік және мінез-құлық формасында беріледі. Бұлардың барлығы қазіргі біздің өмірімізді түсінуге негіз болады. Мәдениет бізді қоршаған адамдарға, ортаға, күнделікті өмірде бейімделу үшін ата-бабаларымыздың және біздің меңгерген бағдарламаланған реакциялар жиынтығы. Сәйкесінше, санамызды бағдарламалық қамтамасыз етеді [2].
П.С. Гурьевич мәдениетті түсіндіруде үш тұрғыны бөліп көрсетеді:
1. Философиялық - анторпологиялық: мәдениет - адамның феноменологиясы ретінде түсіндіріледі, адамзат деген ұғым беріледі.
2. Философиялық-тарихи: мәдениет-шығармашылық процесс ретінде;
3. Әлеуметтік: бірінші орында мәдениеттің құнды табиғаты тұрады.
П.С. Гурьевич пайымдауынша Құндылық - мәдениеттің адаммен өлшенуін көрсетеді. Ол барлық рухани образдарды ақыл-ойға, сезімге және адам еркіне қарай тартады [3].
Көптеген авторлар мәдениеттің әр түрлі функцияларын анықтап сипаттауға тырысады. Э.В. Соколов [4] алты функциясын береді: қорғану-бейімделу, қайта құрылу, коммуникативті және психикалық-разрядтты, сонымен қатар тұлғамен байланысты функциялар - гоминизация, әлеуметтену, инкультурация.
Ю.В. Ананьев мәдениеттің біршама, өзгеше 9 функциясын берген (бейімделу, эдукативті, когнитивті, валюативті, ақпараттық, коммуникативті, нормативті, реттеуші, интегративті).
Мәдениет - жеке адамдарды біртұтас қауымдастыққа біріктіреді. Ол әр бір нақты тұлғаны қоғаммен байланыстырады. Бұл байланыстар көп деңгейлі және көпмағыналы. Адамзат мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігі - психологиялық мәдениет болып табылады. Ол адам психологиясының ішкі әлемін көрсетеді. Сондықтан, психологиялық мәдениет ұғымының анықтамасын мәдениеттану мен психологияның қиылысқан тұсынан іздеу қажет. Ал, оның феноменін мәдениет-тұлға-мәдениет өлшемінде зерттеп қарастырған жөн [1].
Психологиялық мәдениет ұғымының мазмұны мен этимологиясын түсіну үшін әр түрлі ғылыми бағыттардың тарихына көз үңілтейік. Біздің зерттеу пәніміздің тарихи бастауы ретінде И.Г. Гердер, И.Кант, Г.Ф. Гегель сияқты неміс классикалық философиясының көрнекті өкілдерінің еңбектерін санауға болады. И.Г. Гердер мәдениет адамды жануардан айырықшалайды және оның ерекше көрінісін құрайды дейді. Ол мәдениет туралы көптеген ой-пікірлерді береді. Біріншіден, мәдениет тарихи процесті адамның пайда болуы мен сол процестің нәтижесі. Екіншіден, мәдениет - ол ақыл-ой және адам іскерліктерінің бірлестіктері . Үшіншіден, нақ осы мәдениет адамды адам етеді, адамнан жаңа адам жасауға, оны бейнлеуге ықпал етеді. Тарихи прогрестің мазмұны мен мақсаты адамгершілік дамуынан тұрады. Гердер адамгершілікті тәрбиелеу процесі барлық адамдармен және мәдениеттің барлық формаларымен жүзеге асырылатынын көрсеткісі келді. Табиғаттың жалпы заңы - Хаосты тәртіпке айналдыру бұл мәдениетпен жүзеге асырылады [1].
Мәдениеттің психологиялық аспектілерін, оның психологиялық тадамдарын неміс классикалық философиясының өкілі И. Конт шығармаларынан байқауға болады: Логика атты өз еңбегінде ол ғылым айналысатын үш маңызды Нені білу шарт?, Не істеу қажет? және Мақсат неде? деген сұрақтарды бір жиынтыққа әкеледі - Адам деген кім?. Бұл сұрақ адам тұрмысы мен адамзат прогресіндегі ең басты сұрақ. Бұл бұл сұрақтарды жауабын ол прагматикалық сипаттағы антропология жұмысында береді. Практикалық антропология ол - адамды әлем азаматы ретінде тану туралы білім. Бұл туралы жалпы білім беретін орта мектептен кейін академиялық білім ретінде зерттеу қажет. Себебі, бл бағыт адамды өмірге дайындайды. Біз жануарлар әлеміне жатамыз, тек білім арқылы ғана адам болфп қалыптасамыз. Кант адамды жабайылықтан бөліп көрсететін - мәдениет, ақыл-ой, моральдық жетілу мәдениеті әдісін көрсетеді.
Мәдениеттің психологиялық аспектілерінің дамуын Ф.Гегель жұмыстарынан да көреміз. Ол өз еңбектерінде ХІХ Халық жанын зерттеу міндетін көрсетті (Энциклопедия философских наук). Гегельдің айтуынша, мәдениет халықтар жанында немесе субъективті жанда көрінеді. Индивид қоғамға араласып, осы негізде шынайы адамзат болмысын меңгереді және рухани аймақтағы адамзатпен жинақталған мәдениетті меңгеру барысында тұлға болып қалыптасады. Әрине, бұл процесс білім арқылы жүзеге асады. Білім - ол адамның руханилыққа жоғарлауы, сәйкесінше, тәуелсіздікке осы тәуесіздік рухани субстанциясы болып табылады.
ХІХ ғасырдың ортасында халықтар психологиясы атауымен жеке бағыт пайда болады. Бұл пәннің негізін салушылар неміс ғалымдары М.Лацарус және Х. Штейнталь . Концепцияларының негізгі мазмұны бір халықтың идивидттері тұрмыс аймақтары жне шығу тегінің бірліктеріне сай ерекше табиғаттың ізіне ие! Сондай-ақ, тәннің жанға әсерлері икемділікке, рухани қасиеттердің біртектілігіне әсер етіп, халық рухының біртұтастығын қалыптастырады [1]. 1879 жылы В. Вунд өзінің құралыптастарының идеялары мен талдамдарын қабылдап, психологияны дербес ғылым ретінде құру міндеттерін қалыптастырады. Вундттың ойынша, психология екі бөлімнен тұрады. Оның әрқайсысы адам санасының әр түрлі деңгейіне жатқызылып, өз заңдары мен әдістерін қолданады.
Адамдардың әлеуметтік мәдениетіндегі өзара әрекеттерінің спихологиялық механизмдерін зерттеуде француз ғалымдары Г. Лебон және Тард еңбектері үлкен орынға ие болды. Бұл екі ғалымда мәдениетті зерттеудегі әлеуметтік-психологиялық өкілдері еді! Ақпаратты ішкі мәдени түрде берудің психологиялық механизмдерін түсіндіру мәселесі интерокционизм концепциясында дамыды. Бұл туралы У. Джеймс, Дж.Болдуин, Ч.Х. Кули Дж. Г. Мид сынды американдық ғалымдардың еңбектерінен көруге болады. ХХ ғасырдың басында мәдениетті психологиялық зерттеулердің жаңа бағыты - мәдениеттің психоаналитикалық концепциясы болды. Бұл бағыттың негізін салушы Зигмунд Фрейд. Фрейдттің психоаналитикалық концепциясының негізін түсінуде оның тұлғаға берген моделін ескерген жөн. Бұл модельде мен, ол, жоғары, жоғары мен әсер ету сферасында күреседі.
Мәдениетті зерттеуге психоаналитикалық тұрғы ХХ ғасырда өз жалғасын тапты. Мәселен, Г. Рохейм, М.Мид, Р. Бенедикт, К.Юнг, Э.Фромм секілді ғалымдардың еңбектерін ескерген жөн. Фрейдизм идеясын неғұрлім бірізділікпен ұйымдастырған ғалым ретінде Г.Рохеймді атауға болады. Ол мәдениет теориясын құру барысында негізгі назарды сублимациялық принципке салды. Оның ойынша, барлық мәдениетті іс-әрекет түрлерінің астарында сублимация жатыр. Сублимация, сонымен қатар, невроздарды да өткеруге қабілетті.
К. Юнг мәдениетті түсіндіруде Фрейд тұжырымынан алшақтанды. Ол Фрейдттің пансексуализімін теріске шығарып, мәдениеттің тұлғалық және ұжымдық формаларының құрылуына сеп болатын психикалық энергия (либидо) - адам инстинктері қатынасында жан-жақты және дербес болып келеді. К.Юнг, сонымен қата, мәдениет контекстіндегі психологиялық типтер теориясының құраушысы. Оның пайымдауынша, оның екі типі бар: логикалық интуитивті. Логикалық ойлау - европалық мәдениетке тән. Ал, шығыс мәдениетінде дәстүрлі түрде интровертті (интуитивті) ойлау орын алған.
Мәдениетті зерттеудегі антропологиялық бағытты американдық ғалымдар А. Кребер мен М. Херсковиц дамытты. А. Кребер өзінің Антропология атты еңбегінде мәдениеттің құнды және шынайы құрылымдары туралы түсінікті берді. Мәдениеттің құнды аспектісі оның қозғалмалы және мәнді бастауы болып табылады. А. Кребер оны этос деп атады. Этос - мәдениеттегі басым болатын құнды идеалдардың жүйесі. Бұл жүйе оның мүшелерінің мінез-құлқын бақылау тенденциясына ие [1].
Сондай-ақ, М.Херсковицтің қызықты зерттеулерін де келтіре кеткен жөн. Ол мәдени антропологияның мәдени концепциясын өңдеген адам. Жалпы алғанда, бұл ғалым мәдениетті - адам өзі жасаған орта деп мәлімдеген. Ал, нақты көрсеткені: мәдениет - ол психологиялық шынайылық. М.Херсковиц мәдениет пен адам арасындағы байланыс туралы тезис қлыптастырған.
Психологиялық мәдениет - адамның жүйелі сипаты ретіндегі мәдениеттің негізгі құрам бөлігі. Ол әлеуметте тиімді өзіндік анықталу мен өзіндік дамуға ықпал ететін өмірде өзіндік ұйымдастырылуы. Сәтті әлеуметтік бейімделу мен қанағаттану. Ол өзіне психологиялық аспекте адам негізін, адамның өзі мен ішкі әлемін, адамзат қарым-қатынастары мен іс-әрекеті, гуманитарлы бағытталған құнды мәнділік аймағын (талпыныс, қызығушылық, дүниетаным, құнды бағдарлар), рефлексияның дамуын, сонымен қатар адам танудағы психологиялық негіз - шығармашылық және өзіндік өмірді қосады [5].
Сонымен, мәдени-тарихи концепция ағымында 200 жылдан бері көптеген идеялар мен тұжырымдар туындап келеді. Бұл ағымдар психологиялық мәдениет теориясын да құрауы ықтимал.

Әдебиеттер:
1. Семикин В.В. Психологическая культура в образовании человека: Монография. - СПб., 2002. - 144 с.
2. Автономова Н.С. Понимание, разум, метафора Вопросы философии. 1986. № 7.
3. Гуревич П.С. Философия культуры. - М., 1994.
4. Соколов Э.В. Культурология. - М., 1994.
5. Ералы.А Мәдениет негізі - ғылым Студент.-2002. № 17-18,мамыр

Ұлттық мәдениет. Мәдениет және оны білдіретін ұғымдар
23.10.2018
Ұлттық мәдениеттің ойдағыдай зерттелуі этникалық немесе ұлттық психологияның мәліметтері де тығыз байланысты болып келеді. Нақты тарихи тәжірибе негізінде әрбір нәсілдің, тайпалар мен халықтардың психикалық өмір салтының ерекшеліктерін байқай отырып, "этнопсихология" рухтың не белгіш бір ұлттың қайталанбайтын өзіндік қаситтері жөніндегі Гегелъдің, Гумбольдтың және олардың ізбасарларының философиялық қағидаларына барып тіреледі. Ресейде жекелеген халықтардың, олардың ішінде, орыс халқының мәдени-психологиялық сипаттамасын Н.А.Бердяев тамаша сипаттап берген болатын. Этнопсихологиялық зерттеулер ұлттық мәдениетті жасаушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, кез келген ұлттық мәдениеттің өзіне тән ғана сипатын ашып көрсетуде қомақты табыстарға жетіп отыр. Мысалы: орыс биінің, аргентин тангосының, негрлер музыкасының терең ұлттық мәнін тамаша рухани дүниелерді өмірге келтірген халықтың ұлттық мінезін ескергенде ғана толық түсінуге мүмкіндік алған болар едік.
Халық туралы және қоғамдық факторларға байланысты оның даму заңдылықтары жайындағы демография ғылымының да мәдениеттануға тікелей қатысы бар. Ұлттық мәдениеттің тоқырау немесе оның орны толмас ауыр зардаптарға ұшырауы, қоғамдық саяси-жағдайларға және т.б. тікелей байланысты екендігін дәлелдеп жатудың кажеті бола қоймас, өйткені мың өліп, мың тірілтен қазақ халқының өткен тарихы сөзімізге нақты дәлел бола алады. "Азшылық" халықтардың немесе тұтастай өркениеттердің құрып кету отаршылдықпен, басып алушылықпен шектен тыс қанаушылықпен, табиғат апаттармен, эпидемиялармен, маскүнемдікпен, нашақорлықпен және т.б. тығыз байланысты болды.
XX ғасырда мәдениеттану ғылымының дамып, одан әрі қалылтасуына өзіндік үлес қосқан ғылым салаларына сипаттама беруді аяқтай отырып, тағы бір ғылым саласын ерекше атап өтуді жөн көрдік. Ол-белгілер мен таңба жүйесін зерттейтін семиотика ғылымы. Бұл жас, әрі кажетті ғылым салалсы аз уақыт шеңберінде мәдениеттану ғылымымен біте қайнасып кетті десек қателеспеген болар едік. Семиотикалық тәсіл лингвистика, әдебиет, кино, театр теориясында, қоғамдық ғылымдарда және басқа да ғылым салаларында кеңінен қолданылуы, онымен тіпті информатика мен кибернетика да тамашща үндестік табуда. Демек, мәдениеттанудың басқа ғылым салаларымен өзара сабақтастықта дамуына және "мәдениет" мәселесімен барлық ғылымдардың айналысатындығына қарап. "мәдениеттану жеке пән ретінде бар ма ? деген ой да туып қалуы ғажап емес. Біздің айтарымыз, мәдениеттану-ғылымның жеке саласы ретінде өзінің алғашқы қадамын жасауда, сондықтан оның болашағы да зор болмақ.
Әрине, жоғарыда атап көрсеткеніміздей. мәдениеттану ғылымының дамуына көптеген ғылымдар ат салысуда, осыған қарамастан бұл пәннің өзіндік бағыт-бағдары, бет-бейнесі бар. Мәдениетке өзіндік баға берушілік сол бір ғылыми ізденістің басты белгісі болса керек, сондықтан да болар мәдениеттану саласында түрлі мектептер қалыптасып, ондағы мәдетшеттанушылар "мәдениет" мәселесімен тығыз айналысуда. Кейде мәдениеттану саласында қанша теория болса, соншама мәдениеттанушылар бар деген пікір де айтылып қалады. Шындығында да, теориялар санының көп болуы, мәдениетке де көзқарастардың сан алуан болуымен оның әр тұрғыдан қарастырылуына әкеліп соқты. Мысалы: мәдениетті "семиотикалық" тұрғыдан қарастыру бар. Бұл ағымның басты өкілі Ю.Лотман және мәдениетті "әдебиеттік" (С.С.Аверинцев), тарихи (Л.Н.Баткин) методологиялық (А.Кребер, К.Клахкон) антропологиялық (М.Мид) және тағы басқа тұрғыдан пайымдаулар бар. Әрине, олардың "мәдениет" мәселесіне байланысты пікірлерінің, түсініктерінің айырмашылықтары бар екендігі даусыз және оны ешкім жоққа да шығара алмайды, бірақ олар бірін-бірі жақсы түсінеді, мәдениеттануға тікелей байланысты ортақ мәселелер көтереді. Ендеше, бұл пәнді терең зерттеуге құлшынушылық, мәдениетке байланысты түрлі көзқарастар жүйесінің қалыптасуы сөзсіз қуантарлық жағдай, ол гуманитарлық ғылыми пәннің туып келе жатқандығының белгісі деп санауымыз керек. Шындығына келсек, әрбір ғылым салаларының өкілдері мәдениетті өз мамандықтары тұрғысында қарастырады. Бірақ бұл ғылымдар бір-бірімен тығыз байланысты болғандықган бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Олай болса әдебиетші тек таза әдебиетші болып қалмайды, өйткені ол мәдениеттануды, тарихты, психологаяны игергеңде ғана нағыз әдебиетші бола алады. Өз кезегіңде тарихшы, психолог және социолог.
Мәдениетті әр түрлі тұрғыдан қарастырылуы, мәдениет мәселесіне деген үлкен қызығушылықтан туса керек. Оған дәлел ретінде 1964 жылдары батыс әдебиетінде мәдениеткс: 257 анықтама-берілгендігі жөніңде американ мәдениеттанушылары А. Кребер мен К.Клахконның мәліметтерін келтірсек те жеткілікті сияқты. Ал одан кейін қаншама уақыт өткендігін және дүниедегі болып жатқан мәдени өзгерістерді есепке алсак, мәдениет ұғымының шеңбері бұрынғыдан да кеңей түсті. Әрине, әкімшілік - әміршілік жүйе жағдайында мәдениеттану пәні біздің елімізде жүйелі түрде оқытылмады. Гуманитарлық ғылымдар саласында да өзінің нақты орнын таба алмады. Осы орайда көптеген ғалымдар ұлттық мәдениеттің тоқырауын Ұлы Қазан революциясымен де байланыстырады.
Шындығында да, экономикалық және саяси ерекесіздіктің басты себебі -- мәдениетсіз саясаттың салдары болып саналады. Ендеше тәуелсіздікке енді ғана қолы жеткен Қазақстан Републикасының алдыңда тұрған басты мақсат -- халықтың рухани байлығы- мәдениетті қалпына келтіру, ал мәдени өркендеусіз еліміз өркениетті елдердің қатарына еш уақытта қосыла алмайтыны ақиқат. Бұл мақсатты жүзеге асыруда мәдениеттану пәнінің қосар үлесі қомақгы болмақ.
Әрине, мәдениеттану гуманитарлық ғылымдардың ықпалымен дамуда, бірақ соған карамастан ол жеке пән болып қалыптасу процесін бастан кешіруде. Оған дәлел ретіңце қазіргі мәдениеттанудың біртіндеп философияның әкелік қамқорлығынан шығып, өзіндік бағыт алуын айтсақта жеткілікті сияқты. Мәдениеттанушы, ең бірінші кезекте, мәдени қызметтің нәтижелерімен (мәдени шығармашылықтың нәтижелері, музыка, кескіндеме туындылары және т.б.) санасса да, оның басты мақсаты- тереңде жатыр, дәлірек айтқанда, мәдениеттің рухын игеру болып табылады. Бұл жағдайда мәдениетті игерудің екінші-"коммуникативтік" жағы келіп шығады. Ол білім беру мен тәрбиенің, адамның адамгершшік тұрғыдағы қарым-қатынастарының дәрежесіне де байланысты болып келеді. Ең соңында, мәдениеттің негізі,оның түйіні мен маңызы туралы мөселе келіп туындайды. Ғалымдар оны тілмен де, рәміздік жүйесін қабылдаған ұлттың психоло-гиялық түрімен, сакрализация тесілімен де жеке т.б. байланыстырады. Қалай болған да дүниенің тұтастығы, қоғамның интеграциялық негізгі және этностың рухани кеңістігі -- мәдени дәстүрлердің дамуында ең басты факторлар болып қала береді. Мәдениеттану ғылыми пән дәрежесіне жету мақсатыңда сөзсіз мәдениет археологиясьша сүйенеді, оның генезисін, өмір сүруі мен дамуының құпияларын ашып, мәдениет мұрагерліктің тәсілдерін жетілдіреді.
Бұл үш дәреженің арқасында мәдениеттің сандық-салалық (ғылым, техника, өнер, философия, экономика т.б.) сапалық сипатын тереңірек ашып көрсетумен қатар, мәдениеттің құрылымын, тұтастығын, даму заңдылықтарын ашып көрсетуге мүмкіндік аламыз.
Осы айтылғандар ғылыми пән ретінде мәдениетгану пәні және оның алдында тұрған міндеттер жайында кейбір қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Біздің ойымызша, мәдениеттану пәнінің басты мәселесі-адамзаттың ерекше өмір сүруі тәсілі ретінде мәдениеттің қалыптасып дамуы, оның генезисі болып табылады. Мәдениеттанушылардың бұл орайдағы басты мақсаты- дүниежүзілік және ұлтық деңгейдегі тарихи-мәдени процестерді тарихи шындық тұрғысынан түсіндіріп қана қоймай, оларды бол?.. ай әрі басқара білу. Ең бастысы -- мәдениеттану ғылымы мәдениеттің қайнар бұлағынан сусыңдай білуі қажет. Адамзат баласы өз шешімін таппаған көптеген мәселелерге белшесінен батуы қазіргі заман мәдениетінің көп жағдайларда өз бастауыш ұмыта бастағандығынан да болуы керек. Ендеше адамзаттың мәдени жаңғыруына бұл мәдениеттану пәннің қосар үлесі де қомақты екендігін ескерсек, әлі де болса буыны бекімеген бұл жас ғылым саласының болашағы да зор болатындығына күмән келтіруге болмас.
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ОНЫ БІЛДІРЕТІН ҰҒЫМДАР.
"Мәдениет дегеніміз не?" - деген сұраққа жауап беру үшін, бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сездің шығуына тоқталуды жөн көрдік. Казақ тіліне бұл термин арабтың "маданият"- қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеуі кезінде қалыптаскан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген - анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен козге түсетіні- мәдениет пен табиғатты, культура мен натураны қарсы қоюшлық.
Көне заманда "культура" деген ұғым "жерді өндеу" деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда Цицеронның еңбектерінде (б.з.д 45 жыл) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, "жанды жетілдіру" деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі "білім беру", "даму", "қабілеттілік", "құрметтеу" сияқты мағыналарға ие бола бастады.
Ал осы ұғымдардың ішінде мәдениеттану пәніне алғашқы екі ұғымның тікелей қатысты екендігін аңғаруға болады. Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолынан өтті. Мәдениет ұғымын алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға тырысқандар философтар бодды. Бірақ өкінішке орай, ХVІІІ ғасырға, яғни Ағартушылық кезеңіне дейін, басты құндылық - "адам мен оның ақыл ойы" деген қағида жұзеге асканға дейін "мәдениет" сөзі белгілі бір мойыңцалған термин ретіңде қолданылмады. Бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретіңде ғана пайдаланылды. Сөзіміз дәлелді болу үшін - "мәдениет" ұғымын талдауды көне заманнан бастағанды жөн көрдік. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, бұл терминнін алғашқы мағынасы жер-анамен, оның өңдеп -- баптаумен тығыз байланысты болды. Демек, "мәдениет" ұғымы жерді жырту, бау-бақшаны өңдеу, яғни өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен, дәлірек айтқанда, егіншілік пен ауыл шаруашылығы мен тығыз байланысты қарастырылды. Оған қоса бізге үйреншікті болып кеткен медениет ұйымының тәрбие мен біліммен байланыстылығының тамыры да сонау көне замаңда жатыр. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақыттта мәдениетті бола алмайтыны ақиқат, ендеше біліммен тәрбие барлық халықтар мөдениетінің, қайнар бұлағы болып табылады. Сонымен бірге мәдениет сөзі "құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық", Осылардың ішіндегі ең бастысы діни табынушлық. Көне замандағы адамдар әр уақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың санасында құдайлар берік орын алды. Үйде де , түзде де , құдайлар адамлармен бірге болды, оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала заңдарымен қала азаматтарын бәле-жаладақ қорғады. Міне, сондықтан да болар белгілі эллинист Макс Поленц полисттік патриотизімді ерекше дәріптейді.
Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып өтейік. Осы сипатга біздің зердемізге бірінші түсетін ұғым - өркениет.
Өркениет (цивилизация) семантиклық жағынан алғанда (латын тілінің сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл ұғымды (варварлықтар) деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, "өркениет" - олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.
Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-біріне байланысты ұғымдар екен. Мәдениеттанушы Г.Чайльдтың пікірінше, өркениетке еңбектік жолмен бөлінуі, қалалардың пайда болуы, жазбаша мәдениеттің дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуі, азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады.
Мәдени әрекет деп, әдегге, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды.
Baribar.kz-тің Telegram-каналына жазыламыз!

Мәдениет пен өркениет туралы реферат
17.10.2018

Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып өтейік. Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін ұғым -- өркениет. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің - civilis сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл ұғымды варварлықтар деп өздері атаған, басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, өркениет олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.
Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі үғымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар:
* 1. Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер (И. Гердер, Э.Б. Тайлор).
* 2. Өркениет -- мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер).
* 3. Өркениет -- мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф. Вольтер, Д. Белл).
* 4. Өркениет -- тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л. Морган).
* 5. Өркениет -- этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А. Тойнби, Н.Я. Данилевский жөне т.б.).
* 6. Өркениет-мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.
Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты ұғымдар екен. Мәдениеттанушы Г. Чайлдтың пікірінше, өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, қалалардың пайда болуы, жазбаша медениеттің дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуі, азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады.
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бұлардың арасында ең түбегейлісі -- мәдени әрекет. Әрекеттену -- жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді.
Осы әрекетгің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, алыруизм, гумандылық және тағы басқалары.
Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникаииялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттық-материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға техника мен құрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар) жатады.
Ғасырлар бойы күнделікті іс-тәжірибе негізінде сұрыпталған жазу-сызу мен азаматтық, қоғам әлі жоқ кезде қалыптасқан салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар мәдени мирасқорлықтың жалғыз мүмкіндігі болды. Ескі ырымдар мен әдет-ғұрыптардан надандық, анайылықты емес, қазіргі ұлттық мәдениеттердің архетипін аңғарған жөн.
Ал шындығында діни Ренессанс (ренессанс -- француз сөзі -- қайта жаңғыру) мәдени дамуда орасан зор роль атқарды. Дінге дейінгі дүниетаным ретіндегі мифте табиғат қасиетті күштерге баланса, ұлттық немесе дүниежүзілік діндерде адам мен қоғамның құдіреттілігіне басты назар аударылады. Осының нәтижесінде өркениет қалыптасады. Жалпы алғанда, дінтанусыз мәдениеттану жоқ.
Мәдениеттің өзекті бөлігі -- өнер. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз, қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз. Шынында да, өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі -- оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылуы.
Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет -- адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, оқыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал.
Әл-Фараби айтқандай, адам -- хайуани мадани, яғни, мәдениетті жан.
Адам -- табиғат туындысы және ол үшін табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі екендігіне күмән жоқ. И. Гердердің тілімен айтқанда, адам -- табиғаттың бірінші азаттық алған пендесі.
Ғасырлар -- адамның мәдени дамуының куәсі. Бірақ осы алға қарай жылжу Жер-Анаға әр уақытта жайлы бола бермеді. Адам қоршаған ортаны өзіне ыңғайлы тұраққа айналдыруға тырысты, алайда осы белсенділік көп жағдайда табиғатты күйзелтіп, құлдыратып жіберді.
Мәдениет пен табиғатгы қарама-қарсы қоюдың бір түрі адамның табиғи антимәдениеттілігі жөніндегі ілімдер еді (киниктер, Ницше). Контрмәдениет атты XX ғасыр туындысы бұқаралық мәдениеттегі руханилықтың затқа, тауарға айналуына қарсы қозғалыс сипатында болды. Мәдениет пен табиғатты ұштастыруға тырысатын ілім -- мәдени антропология. Оның негізін салушылардың бірі -- Э. Уилсон.
Тағы айта кететін жайт, осы экология мәселелеріне байланысты Шығыс пен Батыстың арасыңдағы айырмашылық туралы. Интровертивтік Шығыс мәдениеті табиғатқа жақын, ол үстемдік етуге шақырған жоқ.
Сонымен, мәдениет адам мен табиғатты бөліп тұрған қытай қорғаны емес, керісінше, олардың арасындағы нәзік үңдестік және рухани қыл-көпір. Осы үндестікті (гармонияны) одан әрі жетілдіру -- адамзаттың алдындағы келелі міндет.
Адам және мәдениет мәселесін тереңдете түсетін тағы бір жайт адамның қабілеттілігіне, жан-жақтылығына, шексіздігіне байланысты. Американ ғалымы К. Поппер айтқандай, адам бірдей үш дүниеге: физикалық, ментальдық (психикалық) және идеалдыққа жатады. Сонда мәдениет осылардың кайсысымен көбірек анықталады деген заңды сұрақ туады. Егер біз мәдениетті тек материалдық және рухани бөліктерге бөлудің қарадүрсін шеңберінен шыға алсақ, онда мәдениеттің өзінің ішкі мағынасында идеалды екендігіне көзіміз жетеді. Себебі, адамды қоршаған заттар, дүние -- бұл мәдениеттің сыртқы көрінісі ғана, оның мәні -- руханилықты адам әрекетінің нәтижесінде заттандыруда жатыр. Мәдениеттің ішкі мәні қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың өзіндік санасында, парасаттылық сезімдерінде, рухани ізденістерінде айқындалады.
Ж. П. Сартрлық көсемсөзді қайталасақ, адам әлемге еркін жіберілген, ол еріктілік жазасына кесілген. Осы сипатта мәдениеттің құпиясы -- адамдағы Мендік. Одан сыртқа ерекше бір нұр - азаттық жауапкершілік, адамгершілік сәулесі нұр шашып тұр. Мәдениетте адам ғажап биік деңгейге көтеріледі. Мәдениет дегеніміз менің өмірім, менен бөлінген, мен өлгеннен кейін де тірі болатын менің шығармашылығым.
Енді мәдениеттің қоғамда атқаратын қызметтерін талқылайық. Алдымен қоғам және мәдениет ұғымдарыңда қаншама ұқсастық, үндестік болғанымен, олардың арасындағы мағыналық, айырмашылықты естен шығармаған жөн.
Қоғам -- әлемнің бір бөлігі, белгілі бір мақсаттарды іске асыру жолыңда әрекет етіп жатқан субъектілердің (тұлғалардың, топ-тардың, этностардың, мемлекеттердің) байланыс нысандары. Яғни, коғам ұғымындағы негізгі мәселе -- адам және оның ұйымдасу нысандары, бұл ретте қоғамды зерттейтін басты ілімді әлеуметтану деп атайды. Ал мәдениет осы тұрғыдағы қоғамның , белгілі бір қасиеті, көрінісі, сипаты мазмұныңда қолданылады.

Дәстүрлі Қазақ мәдениеті
29.06.2017
Қазақ халқын негізін құраған, халық болып қалыптасуына, мәдени-рухани
жаңғыруына жол салған тайпа, ұлыстардың арасында сақтар мен ғұндардыңорны бөлек. Сақтар туралы айтқанда оның қазақ атауының шығуына да, әсерін тигізгені көптеген еңбектерде көңілге қонымды келтіріледі. Мәселен тарихшы Мұсатай Ақынжанов "Қазақтың тегі туралы" деген еңбегінде "Қазақтар - түрік, моңғол тектес халқының екі бұтағынан (ғұн мен сақ) құралған ежелгі халық дей отыра, қазақ деген сөз "қас" (нағыз) "сақ" (сақ тайпасы) деген сөздердің қосылуынан шыққан деген болжам айтады. Сақтар әулеті біздің заманымызға дейінгі ҮІІ ғасырда тарих аясына шығып, біздің заманымыздың ІІ - ғасырына дейін өмір сүрген. Оның іргесін қалап шаңырағын көтерген Алып Ер Тұнға (Афрасияб), жайлаған жері, мекен-тұрағы Орта Азияның бүгінгі байтақ Қазақстанның далалары Шығыс Түркістан өңірі болды. Оның шаруашылық-мәдени типінің негізі көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшылық болды. Негізінен, қой, түйе, жылқы және ірі қара өсірген көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан сақтар Батыс және Орталық Қазақстан жерлерінде, шөл және шөлейт далаларда жыл бойы көшіп жүріп мал, жан бағып күнелтіс етті. Тянь-Шань, Алтай тауларының баурайы, Жетісу, Шығыс Қазақстанның таулы-орманды, ашық-жазық алқаптарын мекендеген жартылай көшпелі шаруашылықпен айналысатын сақтар малдарын қыста тұрақты қора жайларда, жазда жайлауда ұстады. Малдың қора-жайларына жақын жерге ағаштан қиып, тастан қалап жылы тұрғын үйлер салып, өздері сонда тұрды. Отырықшы болып мал ұстап, егіншілік-диқаншылықпен айналысқан сақтар табиғи су қорлары мол, шабындық жайылымдық алқаптары көп Оңтүстік Қазақстан жерін, Сырдария, Шу, Талас, Арыс өзендерінің бойын мекен етті.
Қазақ хандығының орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ болып келсе, ол кейін Түркістанға ауысып, XVI -- XVIII ғасырларда екі жүз жыл бойы елдің астанасы Түркістан қаласы болды. Осындағы Ақсарайхан сарайы кызметін атқарып, елдің аса маңызды мәселелері сонда шешілді. 1523 жылы Қасым хан қайтыс болғаннан кейін хан тағына Мамыш, Тайыр, Бұйдаш, Ахмет, Тоғым сияқты Қасымның туыстары бір-екі жылдан отырып шықты. Бірақ олар хандықтың саяси-әлеуметтік өмірінде елеулі із қалдырған жоқ. 1532 жылы қазақ хандығының тағына Ақназар отырды. 42 жыл бойы елге билік жүргізген ол түркі тектес ру-тайпалардың басын қосып ноғай ордасын, қырғыз ағайындарды қол астына алды. Орта Азиядағы елдермен достық қарым-қатынас орнатып, біртектес халықтардың аралас-құралас, тату-тәтті өмір сүруіне қол жеткізді. Ақназардың тұсында дәуірлеп, барған сайын күшейіп келе жатқан қазақ хандығын көре алмаған Тәшкенттің әміршісі Баба сұлтан Ақназарды жансыздары арқылы у беріп өлтірді.
Ақназардан кейін екі жылдай хан болған Шығай баласы Тәуекелді саяси істерге араластырып, ел билеуге үйретіп өз орнына отырғызды. Тарихта татымды істерімен қазақ хандығын нығайтып, оның іргесін кеңіткен Тәуекел хан жорықта жүріп жарақат алып содан қаза тапты да, хандықтың билігі оның інісі Есімнің қолына көшті. Ол 30 жылдай тақта отырып қазақ халқының тағдырындағы аса бір ауыр кезеңдерде лайықты ел басшысы бола білді. Оның тұсында шығыста Қытай, батыста Ресейдің айдап салуымен Жоңғарлардың қазақ хандығын жойып жібермекші болған жүз жылдық жорығы басталды. Осындай сын сәттерде арнайы дайындық жасап, ауыр қолмен келіп тиіскен жоңғарлардың жойқын шабуылына қазақ халқының қайраты мен қаһармандығын қарсы қоя білген Есім хан болатын. 1645 жылы ол қайтыс болғаннан кейін хан тағына Жәңгір отырды.
Ерлігі аңыз болып кеткен, жау десе хандығына қарамай жанын шүберекке түйіп алдымен аттанатын Жәңгір 1652 жылы жоңғарлармен болған бір шайқаста қаза табады.
Ел билігі енді Тәуке ханға тиді. Көсемдіктің қыры мен сырын жастай үйренген ол елдің береке-бірлігіне тірек болатын шараларды іске асыруға белсене кірісті. Елдің ішкі, сыртқы жағдайларын жақсарту, қазақ хандығының мәртебесін көтеру жолындағы оның жаңашылдық әрекеттері жемісті де келісті болды.
XV-XVII ғасырдағы осы айтылған хандардың тұсында қазақтың шаруашылығы, экономикасы, өмір сүру дағдылары ғана емес сонымен бірге оның рухани кескін-келбеті, жұрт таныған мәдениеті қалыптасты. Қасым хан тұсында "Қасым салған қасқа жол" деген атпен халықтың бұрыннан келе жатқан әдеп-ғұрпының ережелері негізінде билік-заң үрдістері, елдік жөн-жоралғылары, салт-дәстүрі бір ізге түсті. "Есім салған ескі жол" деген атпен бүгінгі ұрпаққа жеткен жөн-жоралғы, тәртіп-талғам, киіз-туырлықтар арасындағы қарым-қатынаста кездесетін мал-мүлікке, іс-әрекетке байланысты дау-шаралардың шешімдері жетілдірілді. Тәуке ханның "Жеті жарғысы" қазақ халқының мәдени-рухани салт-дәстүр қалыптарының төл-тумалығын одан әрі шыңдай түсуге қызмет етті. Тәуке ханға кеңесші, ақылшы болған Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты қарадан шыққан қасиетті билер демократиялық дәстүрлерді қалыптастыруға елеулі еңбек сіңірді. Осы тұста сөз өнеріндегі тапқырлық пен ұтымдылықты, білгірлікті бағалайтын болды. Халық арасынан небір жезтаңдай жыраулар шықты. Өнерпаздық өріс алды. Сөйтіп, қазақ халқының мәдениеті, рухани тірлігі өзіндік сипаты келбетімен тұлғалана түсті.
Қазақ халқының маңдайына біткен, көреген де, көсем, даналығымен көзге түскен хандары Керей мен Жәнібек олардың ел билеген дәстүрін мұра еткен Қасым хан өздерінің шебер саясатшы екенін таяудағы, тіпті алыстағы елдермен елшілік қатынас келіссөздерде анық көрсетті. Орта Азия хандарымен Еділ бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығы, орыс мемлекетімен сауда саттық, достық тату қарым-қатынас орнатып, әр тұста елдің ішкі-сыртқы жағдайындағы өзгерістерге байланысты үйлесімді, икемді, көрген саясат жүргізіп отырды. Соның арқасында қазақ халқының хандығының атақ даңқы Еуропа елдеріне кеңінен тарап кетті. Австрия елшісі Зигмунд Гервештейн "Мәскеу істері жөніндегі жазбалар" деген еңбегінде Қасым хандығы, оның қол астындағы қазақ халқы туралы сүйсіне жазып, оларды жоғары бағалаған.

Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.
1. Отбасы тәрбиесi, (ұл мен қыз тәрбиесiнiң ерекшелiктерi, жастарды жұбайлық өмiрге даярлау).
2. Отбасы тәрбиесiнiң 8 түрi.
3. Қазақстандықтардың ұлттық салт-дәстүрлерiн марапаттаудың әлеуметтiк мәнi
Қазақ халқы ұл тәрбиесi мен қыз тәрбиесiне ерекше қарап, оның өзiндiк ерекшелiгiн ескере тәрбиелеген. Осыған орай ұл тәрбиесi мен қыз тәрбиесiне жеке-жеке тоқталуға тура келдi.
Ата көрген оқ жонар. Ата-бабамыз ұлды өздерiндей еңбексүйгiш, малсақ, жауынгер, әншi, күйшi, аңшы, құсбегi -- бесаспап азамат етiп тәрбиелеудi мақсат еткен. Жiгiттiң бойына өнер мен еңбектi, iзгi адамгершiлiк қасиеттердi қатар сiңiрген. Ер баланы бес жасынан бастап ат жалын тартып азамат болғанға дейiн мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, терiден, темiрден түрлi тұрмысқа қажеттi бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлiгiне баулыған. Әсiресе әкелерi мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап шаруаның алуан тәсiлдерiн үйретiп баққан. Мысалы, малды ерте өргiзу, саулатып қоя бермей, алдын кес-кестеп қайырып, тоқтатып жаю, шаңқай түске дейiн жусатпауды тапсырған.
Буаз малды ауылға жақын жаю, туа қалса төлiн алып жылы қораға тез жеткiзу, қойдың қозысын ауыздандыру (енесiн дүрыс емуге үйрету), жаңа туған жас төлдi аяқтандыру, т.б. әдiс-тәсiлдердi баланың жасынан бiлуiн қадалаған. Ат суыту, аттың ыстығын шығару үшiн аяғының күре тамырынан қан алу, еркек малды пiшу, қойды қырқу, тоғыту, мал сою, түйе қомдау, түйеге жүк арту, ер-тұрман әзiрлеу, қайыс илеу, сiреден таспа тiлiп, айыл, қамшы, жүген, шiдер өру, қой қосақтау, түйе матау, кесек құйып, қора салу, құрық салып, асау ұстау, оны үйрету, қазақы үйдi жығу, оны тiгу -- мiне осының бәрi ер баланы жастайынан еңбекке тәрбиелеудiң өзегi болған. Ежелден мал бағып, айға қарап жұлдыз санап күн кешкен қазақ халқы өз ұрпағын өсiмдiктiң түр-түсiн ажырата бiлуге, қараңғы түнде жүлдызды аспанға қарап бағыт-бағдар белгiлеп, қоныссуды дәл табуға үйреткен.
Қонақ күту, үлкенге иiлiп сәлем беру, ән айтқызу, домбыра тартып күй шерткiзу, өлең-жыр жаттату, жаңылтпаш-жұмбақ үйрету немесе теңге алу, жамбы ату, аударыспақ, сайыс, көкпар, күрес сияқты ұлт ойындарын үйрету тәрбиенiң басты шарты болып есептелген.
Қазақта қонақ күтудiң де жазылмаған, бiрақ дәстүр болып қалыптасқан заңы бар. Үй иесi қонақты сыйлап, ас-суға тойдырғаннан кейiн, жатар алдында өзi ауылдың алты ауыз өлеңiн айтып немесе күй шертiп қонағына құрмет көрсетедi де, қонақтан "қонақ кәде" сұрайды. Қонақ өлең, жыр, қисса, ертек, терме, толғау айтып берiп немесе күй шертiп өз өнерiмен үй иелерiне құрмет көрсетуге мiндеттi болған.
Үнемi үйге келген қонақтан өлең-жыр, ертегi, аңыз әңгiме естiп өскен балаға да жастайынан сөз өнерiне бейiм, өнегелi, өнерлi болып өсуiне әсер еткен, "қонақ кәде" мен "ауылдың алты ауызы" жастарды сөз қадiрiн бiлуге, шешендiкке, ән мен жырға баулып өсiруде белгiлi рөл атқарған.
Баланы жастайынан сөз өнерiне баулу, мақалдап, тұспалдап ойды көркем сөзбен тыңдаушыға жүйелеп жеткiзе бiлуге үйретудi ата-бабамыз мақсат тұтқан. "Бiлiмдiден шыққан сөз, талаптыға болсын кез" деп текке айтпаған.
Сөзiңдi айт ұққанға,
Айтып айтпай не керек --
Құлағына мақта тыққанға, --
деген мақал осы ойды меңзейдi.
Сондай-ақ қонақтың "ат тергеу" салты да болған. Ол үйге келген үлкенге 5-6 жасар баладан бастап отбасы мүшелерiнiң бәрi сәлем беруден басталады. Қонақ баладан жетi атасын таратып берудi талап етедi. Бала өзiнен бастап жетi атасына дейiнгiлердiң аттарын атап шығып, қай рудан екенiн бiлдiредi. Қонақ "жақсы, өнегелi азамат бол!" деп батасын бередi. Ат тергеу далада кездесе қалғанда жолаушылардың бiр-бiрiне сәлемдес-кеннен кейiн де iске асыратын әдетi. Мәселен, жасы үлкен адамға жасы кiшi жолаушы бұрылып келiп амандасқаннан кейiн, қарияның "қарағым, қай рудансың, қай ауылдың азаматысың?" деп сұрақ қоюы заңды болған. Осы кезде жасы кiшi азамат өзiнiң ата-тегiн айтып таныстырады. Оны бiлмеген ұят саналған. Ондайларды "жетi атасын бiлмейтiн -- жетесiз!" деп сөгетiн болған.
Жiгiттiң үш жұрты. Ол -- өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты деп аталады. Ел азаматы осы үш жұртын (өзiнiң әке жағындағы туыстары мен шеше жағындағы туыстарын, алған жарының ел-жұртын) жақсы ажырата бiлуi заң болып саналған. Үш жұрттың жәй-жапсарын ұлдың әке-шешесi жiгiтке айтып үйретiп, құлағына сiңiрiп отыруды мiндет санаған.
Отбасындағы ұл тәрбиесiнде әке мен аталардың рөлi ерекше. Әке үйелменнiң басшысы, отбасы мүшелерiнiң тiрегi, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Әкенiң мiнез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-бiлiмi -- ұл баланың көз алдындағы үлгi-өнеге алатын, соған қарап өсетiн нысанасы. Қазақта бiреудiң баласы жақсы, өнегелi азамат болса: "Оның әкесi немесе атасы жақсы кiсi едi, өнегелi жерден шыққан ғой" деп мадақтайтыны сондықтан. "Әкеге қарап ұл өседi, шешеге қарап қыз өседi", "Әке -- бәйтерек, бала -- жапырақ", "Жас - кәрiнiң көзi, кәрi -- жастың тезi", "Ата -- балаға сыншы" ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңістік және уақыт теориясының мәселелері
Психология табиғи және гуманитарлық ғылым ретінде жайлы
Гуго Гроций философиясындағы құқықтық теория
Әлеуметтендіру– рухани құндылықтарды таратушы және қайта жаңғыртушы механизм ретінде
: Білім беру саласындағы әлеуметтік жұмыс
Интеллектуалды даму деңгейі
Қышқылдардың дамуына үлес қосқан ғалымдар
НЬЮТОН ЗАҢДАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫНА МЫСАЛДАР
Ақпарат қоғамының философиялық аспектілері пәні бойынша лекция жинағы
Тұлғаны зерттеудегі теориялар мен ықпалдар
Пәндер