Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау


ҚАЗАҚСТАН МИНИСТРЛІГІ
M. S. Narikbaev atyndagy KAZGUU Universiteti
А. С. Алиханова
Б. Н. Шардарбекова
Ж. М. Асылбекова
«Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау»
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАСЫ
5B030100- «Құқықтану мамандығы бойынша»
Нұр-Сұлтан, 2019 ж.
«КЕЛІСІЛДІ» «БЕКІТЕМІН»
С. Зиманов атындағы құқықтық Құқық Жоғары
және экономикалық зерттеулер мектебінің директоры
академиясының директоры-провост з. ғ. к., доцент
PhD докторы С. Г. Пен
М. М. Дауленов «___» 2019 ж.
«___» 2019 ж.
Дипломдық жобаға
ТЕХНИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау
I. Жобаның өзектілігі, түпнұсқалығы және жаңалығының негіздері.
Қазақстан экономикасын дамытудың қазіргі кезеңінде кәсіпкерлік қызмет субъектілері өзара әріптестік пен мемлекетпен ынтымақтастық жағдайында оларға қалыпты даму мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағдайлар жасауды қажет етеді. Алайда, мемлекет пен кәсіпкерліктің арасындағы қарым-қатынастарында құқықтық сипаттағы мәселелердің болуы байқалады. Құқық қолдану, оның ішінде сот тәжірибесін талдау көрсеткендей, әртүрлі себептерге байланысты кәсіпкерлік қатынастарды реттейтін заң талаптарының бұзылуы жиі кездеседі.
Атап айтқанда мемлекеттен кәсіпкерлікті қолдауға бөлінетін грантты ұтып алуға қатысатын кәсіпкерлер арасында-кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі, адал бәсекелестік, отандық тауарлар өндірушілерді, жұмыс орындаушыларды, қызмет көрсетушілерді қолдау қағидалары сақталмай қалатын жағдайлар кездеседі. Осыған байланысты еліміздің және шетелдік кәсіпкерлердің, сонымен қатар кәсіпкерлікпен айналысуға талпынушы жеке тұлғалардың да кәсіпкерлікпен айналысуға деген ынтасы төмендетуде.
Кәсіпкерлікті қолдау және қорғау - дамушы Қазақстан мен қоғам алдында тұрған маңызды басым міндет болып табылады. Қазіргі уақытта ол қанағаттанарлық деңгейде өрісін алған жоқ. Кәсіпкерлердің құқықтық қатынастарды реттеуші заңнама әлі де жетілдірілмеген, құқықтық реттеудің осы саласындағы нормативтік актілер кәсіпкерлік қатынастардың жай-күйі мен дамуына әсер ету салдарын талдаусыз және бағалаусыз қабылданады, іске асырылады және қолданылады.
Осылайша, кәсіпкерлік қызметті реттеу саласындағы нормативтік құқықтық базаға талдау жасауды жүзеге асыру арқылы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың тиімді жолдарын тез арада табу қажет ететінін көрсетеді.
II. Жобаның мақсаты .
-Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың құқықтық тетіктерін қалыптастыру;
-Шағын орта және ірі бизнесті құқықтық қолдауды жетілдіру үшін шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, шешу жолдары ұсынылған салыстырмалы кесте жасау.
III. Орындалатын жұмыстың көлемі, тәртібі және мерзімі.
1-кезең. Қазақстан Республикасында және шет елдерде кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың реттелу деңгейін зерделеу;
2-кезең. Кәсіпкерлікті реттеуші ұйымдардың қызметіне талдау жасау, олардың жұмыс жасау нәтижелерінің жоғары болмауының салдарын анықтау;
3-кезең. Кәсіпкерлік қызметке қатысты туындаған даулар бойынша соңғы 10 жылдағы сот тәжирибесін қарау;
4-кезең. Анықталған мәселелердің құқықтық реттелуі бойынша нақты ұсыныстар енгізу.
IV. Жобаның сапалы индикаторлары.
а) өңделген құжаттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес болуы тиіс;
б) өңделген құжаттар ұсынылып отырған кәсіпкерлік құқықтық қатынастарды реттеуге байланыстыөзектілігі жоғары мәселелерді тиімді шешуге бағытталуы тиіс.
V. Scrum-командасы.
Тұрақты жетекшілер: ғылыми жобаның жетекшісі Жеке құқық департаментінің аға оқытушысы Татебаева Гулдаурен Сәттігұлқызы;
Студенттер Шардарбекова Беназир, Алиханова Айдана, Асылбекова Жанар;
Тапсырыс беруші «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
Тұрақты емес мүшелері: Жеке құқық департаментінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Идрышева С. К. ; Жеке құқық департаментінің аға оқытушысы, PhD Хамзин Е. Ж.
VI. Scrum-командасы мүшелерінің жауапкершілік матрицасы.
Түсініктеме : Scrum-команданың жауапкершілік матрицасы кесте түрінде, диаграммы немесе басқа да үлгіде құрылуы мүмкін, жобының кезеңдерін жүзеге аыру үшін әрбір мүшенің қатысу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Этаптардың атауы
Татебаева Гулдаурен Сәттігұлқызы
Шардарбекова Б., Алиханова А., Асылбекова Ж.
«Атамаекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Идрышева Сара Кимадиевна
Хамзин Ердос Жантөренович
Рецензент
Қысқартуларға түсіндірме:
Р - Жетекші
И - Орындаушы
К- Кеңесші
N/A - Not Applicable (қолданылмайды)
VII. Жобаның аяқталу нысаны.
Жобаның аяқталу нысаны: 1-4 кезеңдер бойынша кешенді есеп;
2) Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың құқықтық тиімділігін арттыруға арналған ұсыныстар .
Жетекші / бағдарлама үйлестірушісі О. М. Горстка
Ғылыми жетекші Г. С. Татебаева
Студенттер: Б. Шардарбекова
А. Алиханова
Ж. Асылбекова
Тапсырысшының өкілі:
Жеке құқық департаментінің
профессоры, з. ғ. д. С. К. Идрышева
Жеке құқық департаментінің
аға оқытушысы, PhD Е. Ж. Хамзин
Рецензент
Мазмұны
Кіріспе . . . 1-2
Негізгі бөлім
1. Кәсіпкерлікті реттеуші ұйымдардың қызметінің ерекшеліктері . . .
1. 1. Кәсіпкерлікті реттеуші ұйымдардың даму кезеңінің ерекшеліктері . . . 3 -9
1. 2. Кәсіпкерлікті реттеуші ұйымдардың қызметіне салыстырмалылық құқықтық талдау . . . 10-13
А тұжырымы . . .
2. Қазақстан Республикасында және шет елдерде кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың реттелу деңгейін зерделеу . . .
2. 1. Кәсіпкерлікті қорғау аясында отандық заңнамаға талдау жүргізу . . . 14-18
2. 2. Кәсіпкерлік құқық қатынастардың реттеу саласында озық елдердің тәжірибесі . . . 19-22
Б тұжырымы . . .
3. Азаматтық-құқықтық қатастардың субъектісі ретінде заңды тұлғалардың құқықтық жағдайына зерттеу жүргізу, сот тәжірибесін қарастыру . . .
С тұжырымы . . . 23-26
Қорытынды . . . 27-29
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 30-31
КІРІСПЕ
Бұл дипломдық жұмыста кәсіпкерлікті реттеуші ұйымдардың, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау аясындағы қызметіне талдау жасалынып, олардың жұмыс жасау нәтижелерінің жоғары болмауының салдарлары анықталады. Қазақстан Республикасында және шет елдерде кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың реттелу деңгейі зерделенеді және кәсіпкерлікке қатысты туындаған даулар бойынша сот тәжірибелері қарастырылады. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар енгізіледі.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан экономикасын дамытудың қазіргі кезеңінде кәсіпкерлік қызмет субъектілері өзара әріптестік пен мемлекетпен ынтымақтастық жағдайында оларға қалыпты даму мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағдайлар жасауды қажет етеді. Алайда, мемлекет пен кәсіпкерліктің арасындағы қарым-қатынастарында құқықтық сипаттағы мәселелердің болуы байқалады. Құқық қолдану, оның ішінде сот тәжірибесін талдау көрсеткендей, әртүрлі себептерге байланысты кәсіпкерлік қатынастарды реттейтін заң талаптарының бұзылуы жиі кездеседі.
Атап айтқанда, мемлекеттен кәсіпкерлікті қолдауға бөлінетін грантты ұтып алуға қатысатын кәсіпкерлер арасында - кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі, адал бәсекелестік, отандық тауарлар өндірушілерді, жұмыс орындаушыларды, қызмет көрсетушілерді қолдау қағидалары сақталмай қалатын жағдайлар кездеседі. Осыған байланысты еліміздің және шетелдік кәсіпкерлердің, сонымен қатар кәсіпкерлікпен айналысуға талпынушы жеке тұлғалардың да кәсіпкерлікпен айналысуға деген ынтасын төмендетуде.
Кәсіпкерлікті қолдау және қорғау - дамушы Қазақстан мен қоғам алдында тұрған маңызды басым міндет болып табылады. Қазіргі уақытта ол қанағаттанарлық деңгейде өрісін алған жоқ. Кәсіпкерлік құқықтық қатынастарды реттеуші заңнама әлі де жетілдірілмеген, құқықтық реттеудің осы саласындағы нормативтік актілер кәсіпкерлік қатынастардың жай-күйі мен дамуына әсер ету салдарын талдаусыз және бағалаусыз қабылданады, іске асырылады және қолданылады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазанда қабылданған Кәсіпкерлік кодексі, кәсіпкерліктің еркіндігін қамтамасыз ететін құқықтық, әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерін анықтап, кәсіпкерлікті қорғау мен қолдауды қамтамасыз етуі көзделген. Алайда, аталмыш заңнамада кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін нормалар тиісінше өз өрісін таппаған, кейбір нормаларда кәсіпкерлердің құқықтары шектелген.
Осылайша, кәсіпкерлік қызметті реттеу саласындағы нормативтік құқықтық базаға талдау жасауды жүзеге асыру арқылы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың тиімді жолдарын тез арада табу қажет ететінін көрсетеді.
Дипломдық жобаның мақсаты
-Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың құқықтық тетіктерін қалыптастыру;
-Шағын, орта және ірі бизнесті құқықтық қолдауды жетілдіру үшін шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, шешу жолдары ұсынылған салыстырмалы кесте жасау;
Белгіленген мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысының келесі міндеттеріанықталды:
- Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің дамуының қазіргі сатысын анықтау;
- Кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың заңнамалық ынталандырылуы мен құралдарының жүйесін зерделеу;
- Кәсіпкерлік қызметтің отандық және шетелдік тәжірибеде реттелу үрдісінталдау;
- Кәсіпкерлік қызметтің регламенттейтін Қазақстан актілерінің нормаларын қолданудағы қайшылықтарды анықтау;
- Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың құқықтық тетіктерін қалыптастыру мақасатында ұсыныстар енгізу;
Дипломдық жобаны жазу барысында 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі, өзге де заңға тәуелді актілер, үкіметтік бағдарламалар, ғалымдардың еңбектері, Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметтері пайдаланылады.
Диплом жобасының жаңалығы: кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің құқықтарын қамтамасыз ету мақсатындаақпараттық интернет-сайтын және мобильдік қосымшаны құрастыру, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау аясында сот шешімдеріндегі бұзылған құқықтық нормаларға талдау жасап, кәсіпкерлердің құқықтарын шектейтін нормаларға өзгерістерді енгізу туралы ұсыныс жасау;
Диплом жобасының зерттеу әдістері: жалпы теориялық, әлеуметтік және салыстырмалы-тарихи.
I Кәсіпкерлікті реттеуші ұйымдардың қызметінің ерекшеліктері
1. 1. Кәсіпкерлікті реттеуші ұйымдардың даму кезеңінің ерекшеліктері
1991-2018 жылдар аралығындағы шағын және орта бизнесті қолдауға арналған кәсіпкерлікті қолдау кезеңдерін, институттардың пайда болу кезеңдерін шартты түрде бес кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең 1991-1995 жылдар аралығын қамтиды . Бұл кезеңді шағын, орта бизнес бойынша нормативтік құқықтық базасын қалыптастыру кезеңі ретінде белгілеуге болады.
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы одағында мемлекеттік меншікті жекешелендіру және елдегі алғашқы кәсіпкерлер субектілерінің пайда болуының негізі қаланды. Дегенмен, жеке меншікке ие болған алғашқы кәсіпкерлер жұмыстарынан пайда таба алмады. Бұл өз кезегінде, кәсіпорындардың жабылуына, материалдық активтердің жоғалуына, еңбек ресурстарының жоғалуына әкелді.
Осы уақыттар аралығында көптеген ірі және орта кәсіпорындар шағын кәсіпорындарға бөлінді.
1992 жылдың соңында Қазақстан Кәсіпкерлерінің Бірінші Форумы өтті, оған елбасы-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және Қазақстан Республикасының үкімет мүшелері қатысты. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мәселесін көтерген бірінші оқиға-осы форум болды. Форумда шағын және орта бизнесті дамытудың бірінші бағдарламасы қабылданды. 1 Қазақстанда жұмыс істейтін шағын және орта бизнес қауымдастықтарының және кәсіподақтарының бизнес қауымдастығын біріктіруге бағытталған бағдарлама аясында, 1992 жылғы желтоқсан айында, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Кәсіпкерлер кеңесі» құрылды. Бірлескен жұмыс үкіметке кәсіпкерлерді қолдау және дамытуға бағытталған тиімді заңнамалық және атқарушылық шаралар кешенін қалыптастыру мақсатында болды. Мемлекет бюджетінен қаражат бөлініп, түрлі шаралар жасалынып, қызмет атқарылса да 1992 жылдан басталған жұмыстар өз нәтижесінің төмен екенін көрсетуде.
Шағын және орта бизнесті қаржылай қолдаудың бірінші институты Қазақстанның Кеңестік Социалистік Республикасы базасындағы мемлекеттік банкі болды. Ол ең алғаш шағын және орта кәсіпкерлікке жеңілдік беру шарттарымен кредит бере бастады. Сол кезде екінші деңгейдегі банктер енді құрылу жағдайында еді және кәсіпкерлерге несие беруден, ол кездерде бас тартты.
Шағын және орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру институтын дамыту үшін 1993 жылы 14 сәуірде «Қазақстан Республикасындағы банктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды2, кәсіпкерлік субъектісі мен банк арасындағы реттелетін қарым-қатынас лизингілік операциялардың пайда болу негізін қалады. Дегенмен, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын ұйымдар, бұл операциялармен көбіне ауыл шаруашылығын техникамен қамтамасыз етуде, албасқа кәсіп түрімен айналысатын тұлғалардың лизингтік операцияларды пайдаланып, кәсіпкерлердің кәсіпкерліктің кең түрімен айналысуға жағдай жасау құқығын шектеп отырғанын көрсетеді. Лизингтік опрацияларды мемлекет тарапынын кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында құрылған «ҚазАгроҰлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы ғана жүзеге асырып отыр. 3
1991-1995 жылдардағы даму кезеңінде кәсіпкерлер қиын жағдайларда болды, өйткені, нормативтік құқықтық база енді құрылып жатқандықтан, жеткілікті қаржылық қолдау көрсетуге қабілетті қаржы институттары, консультациялық көмек көрсететін даму институттары, кадрлар тапшылығы болды. Нақ осы кедергілер институттар көптеп құрылғанның өзінде де Қазақстан Республикасының территориясында, халық және кәсіпкерлер арасында танымал емес және бұл институттар тарапынан қаржылық көмек алу құқықтарының орындалуы ешқандай мемлекеттік органдармен қадағаланып отырмағаны, кәсіпкерлердің нақ осы қаржыны пайдалану құқығының нәтижелері туралы ресми ақпарат үстіртін болып келуі мен қатар бұл институттардан кәсіпкерлік субьектілерін ақпарат алу, ол институттардан құқықтық көмек алу құқығын жүзеге асыруға жағдай жасалынбаған. «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры ұлттық экономика министрлігіне тікелей бағынысты болып келетіні және басақ кәсіпкерлікті қорғау үшін қызмет атқаратын ұйымдарға қарағанда, аталған екі институттармен министрліктің тығыз жұмыс жасайтыны анықталды. Кәсіпкерлікті дамыту, бизнес субьектілерін қорғау және қолдау мақсатында бюджеттен қаражаттың тікелей осы институтқа бөлінеді. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры өз ішінен осы талапты жүзеге асыру мақсатында бірнеше еншілес ұйымдар ашылып, жұмыс атқаруда. Дегенмен, бұл институттың да кәсіпкерлік субьектілері үшін жасап жатқан қызметтеріне қарағанда, осы ұйымды қамтамасыз етуге кеткен шығындары көп деген пайымдамыз. Себебі, институттың статистикалық деректерін зерттеуден түйген нәтиже бойынша, институттың қаржылық және бухгалтерлік шығын көрсеткіш деңгейінен құрылған. Қазіргі таңда, қызмет атқарып тұрған бір институттан да ашық және қол жетімді болуға тиісті статистикалық деректемелер берілмеген. Ол өз кезегінде кәсіпкерлердің Қазақстан Республикасының 2010 жылы 19 наурыз айында қабылданған, мемлекеттік статистика туралы заңының 18 бабына сәйкес, статистикалық ақпаратқа теңдей қол жеткізу құқығын шектеп жатыр.
1996-2000 жылдар аралығындағы екінші кезеңнің ерекшелігі - кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау институттарының қарқынды дамуы кезеңі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыруда, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік секторында маңызды қоғамдық ұйымдардың маңыздылығын түсініп, 1996 жылдың мамырында «Жеке қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдады, бұл өз мүдделерін қорғау үшін шағын және орта кәсіпкерлік құрылымдарын біріктіруді күшейтті, алғашқы кәсіподақтар мен шағын және орта бизнес бірлестіктер алаңның кеңейтуге алып келді.
Шағын және орта, ірі бизнеске арналған инфрақұрылымды дамыту шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі шағын кәсіпкерлік бойынша республикалық ақпараттық-көрме орталығын құрды. 4 Оны құрудың басты мақсаты тұтынушылық нарыққа шағын және орта бизнес өнімдері мен қызметтерін алға жылжыту болды. 1991 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссияға консультативтік-кеңесші орган құрылды, сонымен бірге, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінде шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссиялар құрылды.
Үшінші кезең 2001-2005 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезең инновациялық шағын және орта, ірі бизнесті қолдау құралдарын қалыптастыруға, сондай-ақ қаржылық қолдауды одан әрі дамытуға бағытталған. Бұл құралдар 2019 жылғы ақпараттармен айтқанда әлі қолдау құралдары аз қалыптасқан және дамымаған. Қазіргі таңда, институттарда тек оқыту, несие беру, субсидиялау сонымен қатар бір бағытта ғана жұмыс істеп тұрған лизинг және кепілдік ету құралдары бар. 5
2001 жылы 2001-2002 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Бағдарлама шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау және қорғау, нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру, шағын және орта бизнес субъектілерін, кадрларды, ғылыми, әдістемелік және ақпараттық қолдауды, шағын және орта кәсіпкерлікті өңірлік дамытуды қолдау бойынша инвестициялық саясат пен механизмдерді жетілдіруге бағытталған инфрақұрылымның тиімділігін одан әрі жетілдіруді көздеді. 6 Бұдан басқа, бағдарлама мемлекеттік қызметшілердің заңсыз қабылданған іс-әрекеттер үшін жауапкершілікті күшейтетін, шағын, орта бизнес субъектілерінің құқықтарын бұзуына әкеп соқтыратын, реттеуші органдардан тексерулерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын және орта кәсіпкерлік үшін жеңілдендірген салықтық режимді қамтамасыз етудің тәсілі ретінде қарастырылды. Дегенмен, бүгінгі күнге дейін шағын, орта және ірі кәсіпкерлер субьектілеріне ғылыми, әдіснамалық және ақпараттық қолдау әрі жетілмеген, құықтану мамандығын бітірген тұлғалардың өзі бұларға қиындықпен қол жеткізеді.
2001 жылдың 18 мамырында «Қазақстанның Даму Банкі» құрылды7.
Осы даму институтының арқасында Қазақстанда бизнесті қаржылық қолдаудың негізгі құралдары ретінде -шаруашылық жүргізуші субьектілерге, экспорт бойынша несиелендіру және лизингтік қамтамасыз ету пайдаланылды.
Дегенмен, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қолдау құралдарын пайдалануда- ірі бизнес субъектілеріне құқықтық артықшылық берілген, ал орта және шағын кәсіпкерлерге өкінішке орай, құқықтық қолдау аз қолданылады. Қазіргі уақытта Даму банкі, ірі бизнесті дамытуға негізгі қаржылық көмек көрсетін Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жетекшісі. 8
Жергілікті атқарушы органдар шағын және орта бизнеске несие беру кезінде коммуналдық меншікті мүліктен қамтамасыз ету ретінде-кәсіпкерлік субьектілерін қолдаудың жаңа алғы шарты жасалды. Дегенмен, коммуналдық меншік обьектілерін пайдалануға құқық тек шағын кәсіпкерлік субьектілеріне берілді. Алайда, бұл құықытың пайдалану нәтижесі белгісіз және қазіргі таңда кәсіпкерлерді қолдаудың бұл түрін алып тастаған.
2002 жылы «Инновациялық қызмет туралы»9Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, оған сәйкес инновациялық инфрақұрылымға алғаш рет сілтеме жасау, мемлекеттің бәсекеге қабілетті өндірістерді құруға қатысу және инновацияларға арналған мемлекеттік тапсырыс беру пайда болды. 2003 жылы «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданды. 10 Стратегия дамыту институттарын құру, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында арнаулы салық режимдерін қолдану аясын кеңейту арқылы қаржыландыруды қамтамасыз ету мәселелерін шешуге арналған. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында арнаулы салық режимі құрылып, қазір өз нәтижесін беріп, кәсіпкерлерге қызмет етіп тұр. Ал, арнаулы салық режимінің аясы кеңеймеді. 11
Инновациялық шағын және орта кәсіпкерлік инфрақұрылымын қалыптастыру технологиялық парктер желісі (кеңес беру, кеңсе және өндірістік ғимараттар беру, қаржылық қолдау) арқылы инновациялық шағын және орта бизнеске көмектесуге бағытталған «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамының 2003 жылы құрылғаннан басталды. 12Қазіргі таңда бұл қор, Индустрия және сауда министрлігімен сенімгерлік басқаруда. Қордың жұмыс нәтижесі туралы көрсеткіштер, кәсіпкерлерге көрсеткен құықытық көмегі туралы есебі ақпаратпен қамту орталықтарында жоқ.
Төртінші кезеңге 2006-2010 жылдар кіреді. Бұл кезеңде кәсіпкерлерді қолдаудың өзгеше жолдары қарастырылды. Егер алғашқы үш кезеңде мемлекет барлық реформалардың бастамашысы болған болса, осы кезеңде кәсіпкерлер өзін-өзі ұйымдастырып, институционалдық кәсіпкер ретінде әрекет етуге мәжбүр болды. Бұл кезеңде кәсіпкердің қызметін реттейтін ережелерді жүйелейтін және оларды бірыңғай заң актісіне біріктіретін «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы күшіне енді.
2006 жылы «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. 13 Бұл концессия шарты негізінде, яғни, мемлекеттің-жеке кәсіпкерлермен концессия шартын жасау арқылы, кәсіпкерліктің жаңа нысанын құрудың алғышарттарын қалыптастырды. Инновациялық кәсіпкерлікті дамыту саясатын қолдауға Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту тұжырымдамасы (арнайы экономикалық және өнеркәсіптік аймақтар, технопарктер, бизнес-инкубаторлар) бекітілді. 2009 жылы кедергілерді жою және шағын және орта бизнесті тексеруге тұлғалар тарапынан қысымның төмендеуі жөніндегі жұмыс күшейтілді. Осы бойынша, шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жарияланды. 14
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz