Интерактивті оқыту әдістері


технологияландыру бағытындағы екінші қадам көбіне зерттеушілер педагогикалық технологияны енгізуді және оны жалпы өңдеу мәселелерін ХХ ғасырдың 50-60 жылдарына жатқызады, сонымен қатар ең алдымен америкалық, ал кейінгі европалық мектептерде оқытуды құруда технологиялық ыңғайдың пайда болуымен байланыстырылады.
Диплом жұмысының өзектілігі. «Оқыту технологиясы» ұғымы педагогикада және жеке әдiстемеде әсiресе соңғы уақытта кең таралып отыр. Байқауымызша, бұл ұғымның пайда болуы техногендiк өркениеттiң дамуымен байланысты және ХХ ғасырдың басындағы Еуропаның елдерi мен АҚШ-та «технология» ұғымының өзi де, оған байланысты мәселелер де арнайы зерттеулерге арқау бола бастаған кезге жатады.
Оқытудың жаңа технологиялары ғылымға және тәжірибеге негізделген әр түрлі білім саласын кең түрде игеруде, оларды іс жүзінде пайдаланғанда аумағы кең, жаңа мәліметтер мен күнделікті іске асыруда аса пайдалы. Оқыту технологиялардың бірі - проблемалық оқыту.
Проблемалық оқытудың мәнін жақсырақ түсіну үшін, оны зерттеу жұмыстарына талдау жасау керек. Оқытудың бұл түрі жаңа құбылыс емес. Проблемалық оқытудың алғашқы элементтерін Сократ қолданған. Әсіресе бұл идеяны жақын қарастырған К. Д. Ушинский «Сократ қолданған және оның есімімен аталған әдіс барлық жастар, әсіресе балалар үшін механикалық комбинациялардың дұрыс қылыққа ауысуындағы жақсы тәсіл болып табылады. Ол өзінің ойын тыңдаушыларға зорлап тыңдатпады, бірақ сұрақтармен қайшылықтарды шақыра отырып, олармен кездестіруге немесе бірін-бірі жою» -деп қарастырады.
Проблемалық оқыту технологиясын зерттеу жұмыстары 60-шы жылдардың соңында 70-ші жылдардың басында пайда болды. Проблемалық оқытудың негізін салушылар мен зерттеушілер: американдық Джон Дьюи мен оның шәкірті В. Клипатрик, орыс ғалымы М. Махмутов.
Проблемалық оқыту идеясы мен принциптері психолог ғалымдар С. Л. Рубинштейн, Д. Н. Богоявленский, Н. А. Менчинская, А. М. Матюшкин еңбектерінде көрініс тапса, мектеп оқу үрдісінде қолдану мәселесі М. А. Данилов, М. Н. Скаткин сияқты әдіскерлердің еңбектерінде қарастырылды. Проблемалық оқыту мәселесімен Т. В. Кудрявцев, Д. В. Вилькеев, Ю. К. Бабанский, М. И. Махмутов, И. Я. Лернер В. Оконь Т. Ақшолақов, Қ. Тасболатов, Ә. Дайырова сынды ғалымдар мен қоса белгілі ұстаз Қ. Бітібаева еңбектерін айтуға болады. Проблемалық оқыту негізінде проблема жататынын ғалымдар ізденісінен түсінуге болады.
Диплом жұмысының мақсаты:
Жаңа оқыту технологияларының оның ішінде проблемалық оқыту технологиясының тарихын терең зерттей отырып, мектептерде проблемалық оқытудың тиімді жолдарын анықтау. Сонымен қатар мектеп оқушысының оқуын проблемалық оқыту арқылы белсендендіру мәні ғылымның даяр қорытындыларын жай ғана меңгеріп алуда емес, жаңа білімдер мен ақыл-ой қызметінің тәсілдеріне өздігінен ие болу жөніндегі оның танымдық (ойлау) қызметін белсендіруде. Басқаша айтқанда, мұғалімнің жаңа жағдайда оқушылардың дербес ізденіс қызметін ұйымдастырушы ретінде функциясы мен проблемалылық көзқарасы тұрғысынан алғандағы қазіргі заманғы сабақтың мәнін теориялық түсіндіру қажеттігі келіп шықты. Проблемалық оқыту арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыратын әдістерді зерттеу.
Диплом жұмысының міндеттері:
- жаңа оқыту технологияларын зерттей отыра, проблемалық оқыту технологиясының мәні мен мазмұның ашу;
- проблемалық оқытудың ерекшеліктерің айқындай отырып, дәстүрлі оқыту технологиясынан айырмашылықтарын ажырату;
- проблемалық оқыту технологисының сабақта қолдану тиімділігін анықтау;
- оқушылардың танымдық дербестігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту әдістерін зерттеу;
- мектеп оқушыларының дүниетанымының негізі ретіндегі олардың диалектикалық-материалистік ойлауын қалыптастыру;
- сапалы білім беруде жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, оқушылардың ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Диплом жұмысының жаңалығы. Зерттеу жаңалылығы қаншалықты теориялық маңызға ие болса, соншалықты практикалық қажеттілікке ие. Проблемалық оқытудың тиімділігі мен ерекшеліктері айқындалып, сабақта ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерінің зерттелуі.
Диплом жұмысының теориялық маңызы. Зерттеу жұмысының проблемалық оқыту технологияларының теориялық негізі, қазақ тілін оқыту әдістемесіне кішігірім үлес қосуы оның теориялық маңызы болып табылады.
Диплом жұмысының практикалық маңызы. Диплом жұмысынды ұсынылып отырған әдістеме оқушылардың қазақ тілін тиімді өткізуге, алған білімдерін тереңдетуге және тілдік материалдарды дұрыс игеруіне ықпал етеді. Диплом жұмысы мектеп мұғалімдеріне және қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеушілерге көмекші құрал бола алады.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Қазіргі ғылыми-техникалық үрдістің қарқынды дамуы білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндеттер қойып отыр. Ол міндет кез-келген орында, технологияның үздіксіз өзгерістеріне, жаңалықтарына бейімделе алатын орындаушы қалыптастыру. Ол орындаушы бүгінгі біздің алдымызда отырған оқушылар. Сол оқушыларды ертеңгі уақыт талабына сай азамат етіп тәрбиелеуде бүгінгі беретін білім жоғары деңгейде болу керек. Сапалы білім беру мұғалімнен тынбай ізденуді, шығармашылық қабілетті, жан-жақты білімді талап етеді.
Зерттеу көздері. Жұмыс барысында педагог ғылымдардың, оқулықтары, мерзімдік басылым бетіне шыққан мақалалар, сыни зеттеулер қарастырылып, топтастырылды.
Диплом жұмысын жазуда мынадай ғылыми зерттеу әдістері негізге алынды:
- проблемалық оқытуға арналған ғылыми-әдістемелік еңбектерге талдау
жасау және қорытындылау;
- озат ұстаздардың іс-тәжірибелерін жинақтау;
- бақылау, зерттеу, талдау, салыстыру, жинақтау, сараптау, жүйелеу,
эксперимент әдістері;
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, бөлімшелерден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- Оқытудың жаңа технологияларының ерекшелігі мен маңызы
1. 1 Оқытудың жаңа технологияларының негіздері
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында білім беру жүйесінің міндетінің бірі ретінде оқытудың жаңа технологияларын ендіру туралы айтылған. [1] Осыған байланысты соңғы жылдары жаңа мектеп құруда, мектептің даму үрдісін зерделеуде білімнің жаңа бағыты ретінде педагогикалық инновация дамып келеді. «Инновация» деген сөз латынның «novus» - жаңалық және «in» - енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы - «жаңару, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.
Инновация мен педагогикалық зерттеуді бірегей үлгісін көрсеткен Н. Волков, Т. И. Гончарова, И. П. Иванов және т. б. ғалымдар мен педагогтар тәжірбиелі мұғалім қауымының игілігіне айналады. Инновация дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру, яғни инновация процесін мазмұнды дамытуды, жаңаша ұйымдастыруды, оны қалыптастыруды анықтайды. Инновациялық процесс - бұл күнделікті тәжірибе жүзінде өз алдына бөлек жаңалық ретінде танылған нақты, ауқымды бірлік. Инновациялық процесс нәтижесі - қолданысқа енген теориялық және практикалық жаңа бөліктер.
Оқытудың дәстүрлі технологиясы білім, білік және дағдыны ұсынуға бағытталған. Оның мәні: жаңаны игерту, бекіту, қадағалау, бағалау схемасы бойынша оқу процесін жүргізу іске асырылады. Дәстүрлі оқыту технологияларында оқытудың басты әдістері ретінде негізгі екеуі қолданылады:
- оқытудың түсіндірмелі-көрнекілік әдістері, бұл әдіс арқылы мұғалім
оқу материалын көрнекі әдістерді қолдана отырып түсіндіреді. Оған дәріс, әңгіме, тәжірибелер көрсету, экскурсия және т. б. жатады;
- репродуктивтік әдіс (қайта жаңғырту) мұғалімнің оқушыларға білімді
қаншалықты игергендігін тексеру мақсатында және оны қайталап айтып беруі үшін тапсырмаларды құруы. Оқушы сұрақтарға жауап береді, берілген есептерді шығарады және т. б [2, 11-12] .
Оқытудың дәстүрлі технологиясының кемшіліктері өте көп болды. Оның ішінде мыналарды атап өтуге болады:
- материалды оқытудың жалпы орташа қарқыны;
- оқушылар меңгеретін білімінің бірыңғай және орташа көлемі;
- білім алу бойынша өздік жұмысына сүйінбей, оқытушы арқылы білімінің
үлкен үлес салмағын дайын күйінде алу, соның нәтижесінде оқушылар көріп алады;
- оқытушы толық білмеген жағдайда, оқушылар білімді толық меңгерсін
деген сұрақ туындайды;
- материялды түсінуге ауызша әдістің басым болуы, ол аударудың
объективті алғы шарттарын әлсіздендіреді;
- оқушылардың зейініне салмақ түсудің басым болу, яғни материлын еске
түсіру арқылы қайта өндіру
С. Қ. Мұхамбетова инновациялық технологияның құрылымы мен дәстүрлі оқытудың құрылымын мына кестеде сипаттайды [3, 210] .
- Ұйымдастыру бөлімі
- Мақсаты: қажетті білімнің
өзектілігін көрсетін, өткен материалды есте түсіру, қайтаалау, үй тапсырмасын тексеру
- Жаңа білімді хабарлау мен
оны түсіндіру, яғни мазмұндық бөлімі.
- Сабақты бекіту.
- Қорытындалау.
- Бағалау.
- Үйге тапсырма.
Оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта жаңа технологияларды қолдана білу керек. Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Бүгінгі таңда оқу процесінде оқытудың қалыптасқан негізгі әдістерімен қатар оқытудың жаңа әдістері, яғни инновациялық әдістері де жиі қолданылады. Оқу процесінде оқытудың озық технологиясын қолдану - бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
«Технология» термині сол тәсілдер жүйесі деген мағынаны білдіреді.
Білім беру саласындағы технологиялық идеяларды жаңадан пайда болды деуге болмайды. Себебі, оқытуды технологияландыру туралы ойды осыдан 400 жыл бұрын Я. А. Каменский айтқан болатын.
Оқытудың тәсілдері жетерлік: олар, оқытудың дербес тәсілі, оқытудың топтық тәсілі, даралап оқыту тәсілі. Тәжірибе көрсеткендей, оқытудың жекелеген жүйелері мен әдістері емес, барлық дидактикалық мақсаттарды қуаттайтын технология керек, басқаша айтқанда, педагогика ғылымы мен мектеп тәжірибесінің жетістіктерінен туындайтын жаңа технология керек.
Жаңа технологиямен оқыту ерекшелігі:
- мақсаты - білімді, алғыр, жан-жақты дарынды, шығармашылық ізденіс,
зерттеу жұмысын жүргізе алатын оқушыны қалыптастыру;
- міндеті - оқушылардың өз ойын еркін жеткізуге үйрету;
- құралдар - тірек конспект, тірек схема, карта;
- нысандар - ойын, сөзжұмбақ, тест, дидактикалық тапсырмалар,
шығармашылық жұмыс арқылы нысанаға жету, тақырыптың мәнін ашу;
- әдістер мен тәсілдер - деңгейлеп оқыту, дамыта оқыту, топтық, ұжымдық,
жұптық оқыту;
- нәтиже - өз пікірін білдіре алатын, ой қорытынды жасайтын, қайталау
арқылы алған білімді есте сақтайды, ғылыми түрде талдай алады.
Оқыту технологиясы деп оның қойылған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқыту құралдарының, әдістерінің, тәсілдерінің, формаларының жүйесінен тұратын оқу бағдарламасымен қарастырылған мазмұнын жүзеге асыру үрдісін айтамыз [4, 10] .
Әрбір сабаққа дайындық оның жетекшісінен көп еңбекті және технологияны жасауды талап етеді. Өз кезегінде сабақты өткізу технологиясын жасау келесі алгоритм түрінде көрсетуге болатын әрекеттердің анықталған тізбектілігімен байланысты:
Оқытудың мазмұнын талдау:
1. оқу-тәрбиелік мақсаттарды қалыптастыру мен талдау. Мұнда әскери-педагогикалық үрдістің соңғы мақсаттары мен нақты сабақтың мақсаттарына да талдау жасау керек;
2. сабақ үрдісіндегі оқыту әрекеттерінің негізі қызметін атқаратын оқыту тұжырымдамаларын таңдау;
3. оқыту технологиясын жасау. Бұл саты әрекеттердің анықталған тізбегінен тұрады:
1) оқу материалын үйымдастыру (оны таңдау, құрылымдау, аргументтерді, дәлелдерді, есептердің анықтамаларың мысалдарды, дағдыларды қалыптастыруға, үйренуге арналған тапсырмаларды таңдау) ;
2) сабақты өткізу формасын таңдау;
3) сабақтарда қолданылатын оқытудың рационалды әдістерін таңдау;
4) оқыту құралдары мен оқу-лабораториялық жабдықтарды (оқулықтар, көрнекі құралдары, қондырғылар, оқытудың техникалық құралдары) таңдау;
5) қатысушылардың оқу-танымдық әрекетін белсендіру тәсілдерін таңдау.
Көрсетілген жіктеуге сәйкес оқыту сабақтарын жүргізу технологияларын қалыптастыру мысалдарын қарастырамыз.
Бастапқы саты оқыту жұмысын ұйымдастыру бойынша құжаттарда қарастырылған оқытудың мазмұнын талдаудың қажеттілігімен сипатталады. Алынған қорытындылар негізінде білім беру үрдісінде басымдық берілуге тиісті мақсаттарды анықтау жүргізі леді. Анықталған мақсаттарға сәйкес оларға жиынтық түрінде немесе олардың біреуінің басымдығының арқасында жетуді қамтамасыз ететін мазмұнды дидактикалық өңдеу жүзеге асырылады.
Келтірілген мәліметтер жасалатын технологияның негізін құрайды. Жасалатын технологиялық үрдістің өзіне оқыту материалын ұйымдастыру, сабақтың түрі мен өткізу формасын таңдау, оқыту құралдарың әдістерін, және оқыту-материалдық базасын таңдау кіреді.
Осылайша, оқыту технологиясы - әрекеттердің анықталған тізбектілігі мен белгілі бір мақсатқа жетуді қарастыратын оқыту үрдісін ұйымдастыру мен жүзеге асыру бойынша шаралар жүйесі. Оны келесі параметрлер сипаттайды:
- оқыту мақсаттары нақты әрі өлшемді болуы керек;
- операциялар орындалады;
- операциялар мақсатқа жету бойынша аяқталған үрдіс ретінде болады;
- педагогтың субъективизмі барынша азайтылады. Оқушының еркіндігі
мақсатқа жуықтауды қамтамасыз ететін әрекеттер аумағында болуы мүмкін. Технологияны жүзеге асыруға педагогикалық үрдіс жүзеге асатын шарттармең педагог пен оқушылардың ерекшеліктерімен байланысты көптеген айнымалылар әсер ететіндіктен, педагогтың шығармашылығы болмауы мүмкін емес. Ол кез келген технологияда оны жасау сатысында да, оны жүзеге асыруда да болады. Оқыту технологиясын келесі параметрлер бойынша жіктеуге болады:
- әсер ету объектісі бойынша (курсанттарды, тыңдаушыларды оқыту,
қосымша кәсіби білім беру жүйесінде кәсіби қайта дайындау мен біліктілігін жоғарылату, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби дайындау жүйесінде кәсіби дайындау) :
- пәндік орта бойынша (бейне техникалық, ақпараттық, мәселелі-әрекеттік,
рефлексті т. б. ) ;
- оқу әрекеттөрін ұйымдастыру бойынша (жеке, топтық, ұжымдық, аралас) ;
- әдістемелік есеп бойынша (бір пәннің, пәннің бір тарауының, бір
тақырыптың, оқыту сабақтарының бір түрінің (бір сұрақтың), бір әдістің, бір құралдың т. б. технологиясы) ;
- инновациялық технология бойынша (жобалық - жаратушы, оқытуды
дамытатың компьютерлік, қашықтықтан оқыту, мультимедия, ақпаратты модульдік, интегралдық, графиктік.
Прогресс үнемі алға жылжиды, оның ішінде білім беру әрекетте-ріне де өз түзетулерін енгізеді. Қайтадан жасалған оқыту формалары, әдістері, құралдары, оқыту-материалдық база элементтері потенциалды мамандар дайындаудың тиімділігі мен сапасын көтерудің мүмкіндіктеріне ие болады. Осындай жаңартулар оқытудың жаңа түрін инновациялық түрін анықтады.
Педагогикада инновация деп білім берудің сапалық параметрлеріне айтарлықтай өзгерістер енгізетін әртүрлі жаңалықтарды енгізу мен жасауды айтады.
ХХI ғасыр - білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Жолдауында: «Ертеңгі келер күннің бүгінгіден де нұрлы болуына, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән», - деп атап көрсетті. [5]
Осы мақсатқа жету үшін қазіргі мұғалімдердің, әсіресе, мемлекеттік тілді үйретуші ұстаздардың алдында үлкен міндет тұр. Ол - білімі мен қабілеті жаңа заманға, жаңа Қазақстанға сәйкес жеке тұлғаны тәрбиелеу, қалыптастыру, рухани әлемін байыту, дарындылығын дамыту.
Осыған орай, педагогикалық ғылым алдында да нақты міндет туындауда:
ол - баланың жеке тұлғасын дамытуға бағытталған жаңа оқыту технологияларын ойлап табу, яғни оқытудың жаңа инновациялық технологиясын қалыптастыру. Атақты ғалым М. Чошанов «Технология, бұл - дидактикалық жүйенің құрылымдық бөлігі» деп анықтама берген болатын.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың шет елдегі авторлары-Дж. Кэролл, Б. Блум, Г. Гейс және т. б. Ал білімге қатысты технологиялық бағытты жүзеге асырумен айналысқан ресейлік авторлар - П. Я. Гальперина, А. Г. Ривина, Ю. К. Бабанский, В. П. Беспалько және т. б. Қазақстандық ғалымдардың Ж. А. Қараев, Г. М. Құсайынов, М. М. Жанпейісова, Қ. Ж. Қожахметова, С. А. Ұзақбаева, Н. Оразақынова және басқа ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылуда.
Оқытуды технологияландыру бағытындағы алғашқы қадам 1940-50 жылдар аралығындаоқыту процесінде техникалық құрал-жабдықтарды пайдалануды білдіреді. Оқытуды технологияландыру бағытындағы екінші қадам көбіне зерттеушілер педагогикалық технологияны енгізуді және оны жалпы өңдеу мәселелерін ХХ ғасырдың 50-60 жылдарына жатқызады, сонымен қатар ең алдымен америкалық, ал кейінгі европалық мектептерде оқытуды құруда технологиялық ыңғайдың пайда болуымен байланыстырылады. Технологияландырудың үшінші қадамы ең басында - педагогикалық технологияларды оқу процесін технологияландыру ретінде түсінді; оның басты бағыты және қаланған негізі - бағдарламалық оқыту болды. Ол 70-жылдардың аяғы мен 80-жылдың басында техникалық құралдар мен бағдарламалық оқытумен қатар педагогикалық технология оқушылардың оқу процесі үстінде танымдық іс-әрекетті басқару теориясын және педагогикалық қызметті ғылыми тұрғыда ұйымдастыру жолдарын қарастырады. Оқытуды технологияландыру бағытындағытөртінші кезең 80-жылдардан бастап оқытудың ақпараттық және компьютерлік құралдарымен бірлікте қарастырылады.
Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі жаңа технологиялар екені мәлім. Әлемнің бірнеше елінде сынақтан өткізілген жаңаша оқыту технологиясы төрт бағытты қамтиды. Олар мыналар: модульдік технология, рейтингтік жүйе, дамыта оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау.
Әрбір технология өзіндік жолда әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Көрнекті ғалым В. А. Сухомлинский «Сабақ жасөспірімдердің интеллектуалды өміріне құр сабақ болып, мұғалім білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, толық іс-әрекетті ұйымдыстыратын ұжымдық істердің ұйытқысы», - деп түсінік береді. Тек осылай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан да болар, қазіргі кезде біздің ұстаздар да осы жаңа технологиялар элементтерін өздерінің тәжірибелерінде пайдаланып жүр. Жаңа технологияның мақсаты - баланың қабілетін ашу, соның негізінде ой-өрісін дамыту, белсенділігін арттыру, өзіне деген сенімін күшейту, өзін-өзі тәрбиелеуге бағыттау.
Бүгінгі жаңа әдістемелік ақпараттар Ж. Қараевтың деңгейлік тапсырмалары, Қ. Бітібаеваның модульдік технологиясы және әлем елдерінен сынақтан өткен «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау» технологиясы сабағымызды түрлендіреді, іс-тәжірибемізді молайтады.
Педагогикалық жаңа технологиялар мынадай қағидаларды ұсынады: оқуға шығармашылықтың енуі, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық, жеке тұлғаның дамуына жағдайдың туғызылуы, яғни жеке тұлғаға бағдарланған оқу.
Ж. Қараевтың «Деңгейлеп оқыту технологиясын» қолданудың маңызы зор. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әр оқушының өз даму деңгейінде оқу материалын қамтамасыз етуі. Бағдарламаға сәйкес жүргізіліп отырған оқу материалын оқушы түгелдей қабылдап, меңгере алмауы мүмкін. Себебі, әр оқушының еңбек қабілет ерекшелігі мен даму деңгейі бірдей емес. Оқушының осы ерекшеліктерін ескере отырып деңгейлік тапсырмалар беруге болады. Бұл технология оқушының есте сақтау, қайта жаңғыру, ойлау белсенділігі мен ынтасын, білімге деген құлшынысын аарттыруға көмектеседі. Деңгейлік тапсырмалар сатылау арқылы күрделене түседі. Тапсырмаларды құрастыру да күнделікті тұрмыспен байланыстыру, қызықты да күрделі материалдармен толықтыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Сонда ғана баланың қызығуын, белсенділігін оятуға болады. Оқушылардың арасында бәсекелестік туып, шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылады.
Тапсырмалар жеңіл, қарапайым түрде ұйымдастырылады да, күрделене береді. Әр деңгейдегі тапсырмаларға қойылатын талаптардың да өзіндік айырмашылығы бар. Деңгейлеп саралау мұғалімнің де, оқушының да белсенді қызметін дамытады. Оқушының пәнге деген қызығуы, бейімділігі артады және қабілеті айқындалады, өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді. Нақты өз деңгейінде бағаланады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz