Стилистикалық фигуралардың сипаты


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тілеубергенова А

Стилистикалық фигуралардың сипаты

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

5В020500-«қазақ филологиясы мамандығы»

Ақтөбе, 2016

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Қорғауға жіберілді»

« »

Кафедра меңгерушісі,

ф. ғ. д., АӨМУ профессоры Садирова К. Қ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Стилистикалық фигуралардың сипаты

5В020500-«қазақ филологиясы мамандығы»

Орындаған: 4-курс студенті А. Тілеубергенова

Ғылыми жетекші: ф. ғ. к., доцент А. Қ. Айтбенбетова

Ақтөбе, 2016


Диплом жұмысын орындауға тапсырма

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі,

ф. ғ. д., профессор Садирова К. Қ

« » 2016ж

диплом жұмысын орындауға

ТАПСЫРМА

Студент Тілеубергенова Айгерім

Жұмыстың тақырыбы : Стилистикалық фигуралардың сипаты

Диплом жұмысында қарастырылуы тиіс сұрақтар тізімі немесе қысқаша мазмұны:

Жұмыстың аяқталу уақыты: мамыр, 2016жыл

Жұмыстың шығыс мәліметтері

Диплом жұмысында қарастырылуы тиіс сұрақтар тізімі немесе Стилистикадағы негізгі ұғымдардың бірі - стиль. Оны осы күнге дейін әркім әр түрлі түсінеді. Себебі стиль терминінің мазмұны кең, оның жұмсалатын орны көп («Стиль» теримні әдебиеттану, бейнелеу өнері, музыка тағы басқа ғылым салаларында да кеңінен қолданылады) . Стиль - латынша stylos (қазақша - жазу құралы) деген сөз. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі «жазу мәнері» деген мағынада қолданылатын болған. Оның осы мағынасы Европа білімпаздарының арасына көп тараған. Орта ғасырларда Грецияда, Римде стиль - сөзге сендіру, нандыру тәсілі, стилистика - риторика (шешендік) өнері болып саналған. Стилистика пәні синтаксистік құрылымдардың, әсіресе стилистикалық фигуралардың экспрессивтік мағыналарын тағы басқа да қырларын қарастыратындықтан, солардың тілдің қандай амал-тәсілдері арқылы сөйлемде берілуін анықтау да оның басты мәселелерінің бірі.

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер :

  1. Балли Ш. Французская стилистика . -Москва: Наука, 1961. -394 с.
  2. Матезиус В. Язык и стиль // Парижский лингвистический урок. -Москва: Прогресс, 1967. -523 с.
  3. Виноградов В. В. Стилистика. Теория поэтической речи. -Москва: АНСССР, 1963. -255 с.
  4. Винокур Г. О. О задачах истории языка // Звягинцев В. А. История языкознания ХIХ и ХХ веков в очерках и извлечениях. Часть II . -Москва: Высшая школа, 1960. -281 с.
  5. Щерба Л. В. О трояком аспекте языка и эксперимента в языкознании // Звягинцев В. А. История языкознания XIX и XX веков в очерках и извлечениях. Часть II . -Москва: Высшая школа, 1960. - 281с.
  6. Гвоздев А. Н. Избранные работы по орфографии и фонетике. -Москва: Издательство Академии педагогических наук РСФСР, 1963. -284 с.
  7. Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш. -Алматы: Атамұра, 2003. -208-б.
  8. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер . -Алматы: Ғылым, 1999. -361-б.
  9. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілі стилистикасы . -Алматы: Ғылым, 1996. - 190-б.

Тапсырма берілген күн : 25. 09. 2015 жыл.

Ғылыми жетекшісі А. Қ. Айтбенбетова

Тапсырманы орындауға алған

студент А. Тлеубергенова

МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ . . . 6
МАЗМҰНЫ: 1 СТИЛИСТИКАЛЫҚ ФИГУРАЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ . . . 10
МАЗМҰНЫ:
  1. Стилистикалық фигуралар . . . 10
  2. Стилистикалық қайталамалардың қызметі . . . 21
МАЗМҰНЫ:
  1. Фигура (айшықтау) және оның түрлері . . . 24
МАЗМҰНЫ:
  1. Антонимия құбылысы және оның шығармаларындағы көрінісі . . . 26
МАЗМҰНЫ: 2 Көркем шығарманың тіліндегі стилистикалық фигуралар . . . 29
МАЗМҰНЫ: 2. 1 Қайталама сөздер мен бірыңғай мүшелердің стильдік қызметі . . . 29
МАЗМҰНЫ: 2. 2 Стилистикалық фигурадағы айшықтау . . . 45
МАЗМҰНЫ: 2. 3 Шығарма тіліндегі стилистикалық фигуралардың қолданылуы . . . 58
МАЗМҰНЫ: 2. 4 Поэтикалық фигуралар . . . 63
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ . . . 67
МАЗМҰНЫ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 69
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ

Стилистика - тіл білімінің бір саласы. Стилистика тілдің көркемдегіш амал тәсілдерін, тілдің жұмсалу аясының түрлі қоғамдық салаларда қолдануын, қатысымдық әрекетінің функциясын атқарады. Стилистика мәселесі өте күрделі, өзінің функционалдығымен қарым-қатынас әрекетіндегі тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану принциптерін ретке келтіретін сала.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Стилистика сөйлеу, коммуникация процесіндегі тілді пайдаланудың заңдылықтарын зерттейді. Стилистика түрлі қоғамдық салаларда тілдік амал-тәсілдер мен стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті-прагматикалық, эстетикалық қызметті қарастырады. Стилистика көптеген ғылыми-практикалық мәселелерді қамтиды. Ол тілдегі стилистикалық амал-тәсілдерді ғана қарастырмайды, стилистикалық мүмкіндіктердің барлық базасын қамтуды көздейді, сондай-ақ ұлттық әдеби тілдің нормасын сақтап, стилистикалық норманы қалыптастырады. Стилистика ғылымы стилистикалық ұғымдар мен белгілердің межесін өзіне тірек ете отырып, теориялық проблемаларды шешеді [1, 6] .

Ғылыми жаңалығы. Қазіргі стилистика ғылымының проблемалары өте кең: тілдік пәндері кешенді түрде зерттеуді қажет етеді. Тілдік бірліктерді пайдаланудың тәсілдерін үйретеді әрі стилистикалық тәсілдерді коммуникативтік мақсатқа сай іріктеу ұстанымын негізгі меже етіп алады. Адамдық фактордың сөзді саналы түрде ұйымдастыруын есепке алып отырады, тілдік емес ситуациялар мен контекстің тікелей ықпалы арқылы дискурс пен мәтіндегі стилистикалық мүмкіндіктердің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.

Стилистика - тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық принциптерін ғана ретке келтіріп қоймайды, прагматикалық әлеуметтік ықпалы ерекше стилистикалық әсер ететін тілдік бірліктердің қызметін толық есепке ала отырып, оны жүзеге асырушы экстралингвистикалық және басқа факторлармен бірлесіп стилистикалық мүмкіндіктерді қарастыратын тіл ғылымының күрделі саласы.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті . Қазіргі стилистиканың жалпы филологиялық, тілдік немесе әдебиеттік тұрғыдан бөлінуі де оның мазмұны мен бағыттарының әр түрлілігін көрсетеді. Қазіргі тіл білімінде стилистиканың даму бағыттарының бірнеше түрі мақсаты мен міндетін анықтауда өте маңызды орын алады. Олардың қатарына

- функционалдық стилистика;

- көркемдік тәсілдердің стилистикасы;

- прагмастилистика жатады;

Жалпы тіл ғылымында стилистиканың даму бағыттарының жоғарыдай түрлерінің пайда болуы, стилистика мәселесінің өте күрделі ғылым саласы екенін көрсетеді. Жалпы тіл ғылымында функционалдық стильдерді былайша топтастырады:

- ауызекі сөйлеу тілі;

- ғылыми стиль;

- ресми стиль;

- публицистикалық стиль;

- көркем әдебиет стилі [2, 8] .

Бітіру жұмысымызда алдымызға мынадай мақсат-міндеттер қойдық:

- көркем әдебиет стиліндегі стилистикалық фигуралар мәселесін айқындау;

- стилистикалық фигуралардың қызметін анықтау;

  • стилистикалық фигуралардың стиль түзуші фактор ретінде мүмкіндіктерін ашу.

Зерттеу барысында қазақ стилистикасында стилистикалық фигуралардың түбегейлі зерттелмегені байқалды. Стилистикалық фигураларға әдебиет теориясында әдебиет тарапынан анықтама берілген. Ал стилистикалық айшықтау түрлерінің тіл білімінде стилистикалық қызметі, стиль түзуші фактор есебіндегі мәселелері жан-жақты қарастырылмаған. Тек жекелеген авторлар, мысалы ғалым Д. Әлкебаева М. Жұмабаев поэзиясындағы стилистикалық айшықтау түрлеріне тоқталған. Ал қазақ тіліндегі стилистикалық фигуралардың стилистикалық қызметі, тілдік стильдік ерекшеліктерін, стиль түзуші фактор есебінде әлі де терең зерттеулерді қажет ететіні зерттеу жұмысымыздың өзектілігін айқындай түседі.

Зерттеудің қазіргі жағдайына баға Стилистикалық фигуралар жоғарыда аталған функционалдық стильдердің барлығында бірдей қолданыла бермейді. Стилистикалық фигуралар көркем әдебиет стиліне тән стилистикалық тәсілдер болып табылады.

Зерттеу нысаны . Ұлт тілінде көркем әдебиет тілінің алатын орны ерекше. Көркем әдебиет тілінде сол тілдің барлық байлығы еркін қолданылады. Көркем әдебиет стилі - стилистикада әдеби шығарманың көркемдік формасын құрайтын ерекше стиль түрі. Көркем әдебиет стилінің сыртқы құрылымдық жағы туралы әдебиетшілер мен тілшілер арасында ортақ пікірлер бар, сондай-ақ тілдік-стильдік тұрғыдан бөлектенетін тұстары да бар. Көркем әдебиет стилі тіл аясының негізін құрайды. Жалпы алғанда олардың арақатынасы ортақ болғанмен, соған қарамастан „көркем әдебиет тілі” бір-біріне ұқсас емес. Көркем әдебиет стилі өзінің әдеби тілмен ішкі бірлігі жағынан қаралатын объективті шындығын ешуақытта жоғалтпайды, керісінше қазақ ұлттық әдеби тілінің барлық тілдік-стильдік ерекшеліктері көркем әдебиет стилінде көрсетіліп отырады [3, 36] .

Зерттеудің теориялық әдіснамалық негіздері. Көркем әдебиет стиліне әдеби тілдің нормасы да кіреді, сондықтан көркем әдебиет тілі арқылы әдеби тілге қатысты ізденістен көркемдік-эстетикалық топпен бірге стилистикалық категориялары өрбіп шығады. Көркем әдеби стилі жалпы әдеби тілдің ұлттық нормаларына, көркем сөздің нормаларына иек артады. Жалпы халықтық тілден, ауызша әдеби тілден, ауызекі сөйлеу тілінен, ұлттық әдеби тілден негізі қаланған көркем әдебиет стилі көркемдік, құрылымдық, эстетикалық өрісін беруде өзгеше стильдік мәнер түзе алады.

Стилистиканың ерекше бағытының бірі - безендіруші стилистика. Безендіруші стилистика - тілдегі экспрессивті әдіс-тәсілдерді қамтиды. Қазіргі стилистикада көріктеу, шеберлік тәсілдері көркем әдебиет стиліне ғана тән деп қарауға болмайды, ол барлық стиль түрлерінде коммуникативті-прагматикалық мақсатпен жүзеге асатын шеберлік тәсілдері безендіруші стилистикада жан-жақты көрініс табады. Безендіруші стилистиканың зерттейтін мәселелері мыналар болып саналады: тілдік бірліктердің безендіруші тапсырмаларының сапалық және тиімділік қасиеттерін әр түрлі стилистикалық амалдардың көмегімен анықтау. Олар: стилистикалық мағына, стилистикалық тәсіл, стилистикалық амал, стилистикалық тапсырма.

Зерттеудің практикалық негізі. Стилистикалық тәсілдер деп стильдерді құрастырушының әр түрлі тілдік бірліктерді қолданудағы амал-тәсілдерін айтады. Олар: троптың түрлері, стилистикалық фигуралар, стиль құраудың стратегиясы мен тактикасы. Қолданыс аясында тілдік бірліктердің анық, көркем, бейнелі шығуына стилистикалық мағына үлкен ықпал етеді. В. Г. Винокур бұл безендіруші стилистиканың негізгі базасын құрайтын атауларды „узуальды-стильді комплекс” деп атаған [4, 16], ол мәтінде коммуникативтік актінің құрылымдық-стильдік базасын толық қалыптастырады.

Тілдік бірліктердің ішінде сөз айрықша маңызды орынға ие. Тілдің функционалдық жүйесінде сөздің ролін стилистика саласы анықтап бере алады. Тілдің функционалдық стильдерге қарай ажыратылатын нормалар екені белгілі, осы бағытта сөздің стильдік, прагматикалық мәнін ашуға болады. Тілдің айшықтау белгілерін қолдану, прагматикалық мақсатын айқындап, стилистикалық ерекшеліктерін анықтау мәселесі стилистика ғылымымен тығыз байланысты.

Тілді ажарлаумен, құбылтумен қатар, керек жағдайда айшықтай білген жөн. Тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлілігі үшін де аса қажет тәсіл - стилистикалық фигура (латынша figura - келбет, бейне) - сөз тіркестерін дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру. Мұндағы мақсат біреу-ақ - сөздерге ерекше екпін, леп, тыныс беру, сөйтіп, олардың оқырманға, тыңдаушыға әсерін күшейту [5, 25] . Фигураның түрлері: арнау, қайталау, шендестіру (антитеза), дамыту (градация), ауыстыру (инверсия), эллипсис, егіздеу (параллелизм) .

Бітіру жұмысымызда қарастыратын басты мәселе - көркем әдебиет тілін лингвистикалық поэтикамен байланыста зерттеу. Жоғарыда стилистикалық фигуралар функционалдық стильдердің барлығында кездесе бермейді дедік. Алайда, ауызекі сөйлеу стилінде стилистикалық фигураның бір түрі қайталаулар молынан ұшырасады. Қайталаулар - көркем әдебиет стилінде суреткерлік стильдік ерекшелік ретінде танылатын стилистикалық тәсіл, ауызекі сөйлеу стилінде мәнерлік қасиеті айтылған ойға параллельдік қатар түзу үшін пайдаланылады [6, 102] .

Қазір бәрі өзгерді, өмір өзгерді, заман өзгерді, мода өзгерді, адам өзгерді, пиғылы да өзгерді немесе заман жақсарды, өмір жақсарды, бәрі де жақсарды деген сөйлемдердегі бірінші қайталау өзгерді сөзін сөйлеуші бірнеше рет қайталап айтады, сол арқылы көлемді құбылыстың сырын баян етеді, ал екінші сөйлемде қайталау болып тұрған сөз жақсарды , ол бар-жоғы екі рет қайталанып тұрғанмен, заман мен өмірге ортақ зат-құбылыстың жақсарғанын көрсету үшін қолданылып тұр. Дегенмен біз зерттеу объектісі ретінде стилистикалық фигуралар көп кездесетін көркем әдеби стилін алдық.

Зерттеу жұмысының құрылымы . Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады


1 СТИЛИСТИКАЛЫҚ ФИГУРАЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ

1. 1 Стилистикалық фигуралар

Әдеби тілді ажарлаумен, құбылтумен қатар, керек жағдайда айшықтай білген жөн. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлілігі үшін де аса қажет тәсіл - фигура (айшықтау) - сөз тіркестерін, сөйлемді дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру. Мұндағы мақсат біреу-ақ - сөздерге ерекше екпін, леп, тыныс беру, сөйтіп, олардың оқырманға әсерін күшейту.

Айшықтаудың түрлері көп, бітіру жұмысымызда фигураның бірнеше түрін қарастырамыз.

Арнау - адамның, яғни ақынның өзіне не өзгеге, кейде тіпті жалпы жұртқа арнайы тіл қатуы, көпшілікке қайырыла сөйлеуі, олармен іштей кеңесуі. Арнауды Ахмет Байтұрсынов әуелден үш топқа бөлген: жарлай арнау, сұрай арнау және зарлай арнау [7, 223] . Кейін бұл үлгіге айналды.

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың . . .

Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,

Аузымен орақ орған өңкей қыртың.

Өзімдікі дей алмай өз малыңды,

Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың . . .

Бас-басына би болған өңкей қиқым,

Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын.

(Абай)

Бұл жарлай арнаудың үлгісі: ақын жеке адамға емес, жалпы жұртқа қайырыла сөйлеп, жеке адаммен оңаша емес, жалпы жұртпен жария кеңескен.

Өн бойымды күш қысып,

Қаным неге қайнайды?

Ащы тілім ашынып,

Неменеге сайрайды?

Жас іркіліп мөлтілдеп,

Көзім неге жайнайды?

Ақ қағазды қаралап,

Қалам неге ойнайды

Ақын неге қайғырып,

Терең ойға бойлайды?

(Ә. Есмәмбетов)

- Шырағым-ау, шашың неге ағарды?

Әлде біреу кемітті ме бағаңды?

Сенің қара тұлымыңнан сипаған,

Сарғайдың ба ойлап мендей ағаңды?

- Тентегім-ау, мұртың неге қыраулы

Көрдің бе әлде көп бейнетті, сынауды?

(Қ. Бекқожин)

Бұлар - сұрай арнаудың үлгілері: ақын немесе ақын жырға қосып отырған адам өз ойын өзгеге арнап, сан-сала сауал арқылы айтып жеткізеді де, өзі сол сауалдарға жауап күтеді. Бұл - бірінші түрі. Енді мына шумақтарды талдап көрелік.

Орай да борай қар жауса,

Қалыңға боран борар ма?

Туырлығы жоқ тұл үйге

Ту байласаң тұрар ма?

Қаптай соққан боранда

Қаптама киген тоңар ма?

Ту түбіне тұлпар жығылса,

Шаппаған нәмәрт оңар ма?

(Махамбет)

Немесе мынау өлеңді оқып көрелік:

Қызығалдақтай қызық өмір

Күні келсе солмай ма?

Еркін жүрген ерке көңіл

Қайғы-зарға толмай ма?

Тасқан қайтып, толған солып,

Сарғайтпай ма сондайда?

Алтын жастық жалған болып,

Аһ ұрар күн болмай ма?

Бұлар да сұрай арнаудың үлгілері. Бірақ мұндағы өзгешелік - арнауда қойылған сұрақтарға автор жауап күтпейді, өйткені олар ешқандай жауапсыз-ақ түсінікті, арнаудың өн бойында өзінен-өзі анықталып жатыр. Сұрай арнаудың мұндай түрлерін шешендік, яғни риторикалық арнау деп атайды.

Әуелі бас қосқаным Жағалбайлы,

Жылқысын көптігінен баға алмайды.

Өлгені Төлегеннің рас болса,

Құдайым Қыз Жібекті неге алмайды?!

(„Қыз Жібек”)

Азаны шертер іштегі,

Аузыма сөз түспеді.

Жұртым-ау, кімнен айрылдық,

Ажал сұм неткен күшті еді.

(Д. Әбілов)

Алғашқысы - Жібектің зары, соңғысы - Дихан ақынның ұлы ғалым Сәтпаев Қаныш қайтыс болғанда аһ ұрып, аза тұтып айтқан бір ауыз өлеңі. Екеуі де - зарлай арнаудың үлгілері.

Фигураның тағы бір түрі - қайталау - сөз әсерін күшейте отырып, оқырман назарын айрықша аударғысы келген нәрсені не құбылысты бірнеше мәрте қайталап, айтар ойды, ұқтырар сырды ұғымға мұқият сіңіре түсу.

Мұның да бірнеше түрі бар.

Күн еді - өмір бойы күлді! - дер ме?

Күн еді - сүймеуші еді түнді! - дер ме?

Күн еді күндей айқын күле білді,

Сол күлумен ақыры өлді - дер ме?

„Күн еді - өмір бойы күлді - дер ме? ”

Бұл - жай қайталаудың үлгісі. Мұнда ақынның ерекше мән бере толғап, толғана жырлап отырғаны - жер дүниеге шуағын шашып тұрған күн, оқырман назарын да осыған мықтап аударып, оның ойында күн туралы бүтін бір ұғым қалыптастырғысы келді де, күн деген сөзге ерекше акцент жасап, бірнеше жерде қайталап отыр.

Ау қызғыш құс, қызғыш құс!

Ел қорғаған мен едім.

Мен де айрылдым елімнен.

Көл қорыған сен едің,

Сен де айрылдың көліңнен.

(Махамбет)

Сарыарқаның бір тауы бар,

Бір тауы бар сымбатты.

Сол таудан сен сыр тауып ал,

Сыр тауып ал, қымбаттым.

Қалың зергер, құзды шаттар,

Құзды шаттар қалың ну.

Сарқырайды мұз бұлақтар,

Мұз бұлақтар у да шу.

Бұлар еспе қайталаудың үлгісі. Мұндайда ой мен сыр шынында да бір түрлі есіле түйдектеп, еселеніп келеді де, алдыңғы ұғымның аяғы соңғы ұғымның басына қайталана көшіп, өлеңге әсем әуез, әдемі әсер дарытқандай болады.

Ұйқыдан соң -

Жапырақпын

Жаңбыр шайып жаңғырған.

Ұйқыдан соң -

Құспын

Ұзақ ұшып көліне кеп дем алған.

Ұйқыдан соң -

Көк айдынмын

Мөлдіреген шайқалып.

Ұйқыдан соң -

Ну орманмын

Желбіреген жайқалып.

Ұйқыдан соң -

Дауыл өткен,

Жауын өткен

Менде қала қалпы бар.

Ұйқыдан соң -

Жаңа ашылған күн көзіндей,

Жаңа ашылған гүл жүзіндей,

Ой аспаным жарқырар!

(С. Мәуленов)

Бұл - әдепкі қайталаудың, яғни анафораның (грекше anaphora - биікке шығару) үлгісі. Мұнда өлеңнің әр жолы немесе әрбір ой ағымы бір сөзден басталып отырады.

Күншілдер өледі:

Көңілін от қарып:

Батырлар өледі:

Борышын атқарып.

Бұзықтар өледі:

Пышаққа құлшынып:

Сұлулар өледі:

Құшаққа тұншығып.

Арғымақ өледі:

Артында шаң қалып.

Ақындар өледі:

Бәріне таң қалып!

(Қ. Мырзалиев)

Бұл - кезекті қайталаудың яғни эпифораның (грекше epiphora - соңынан алып жүру) үлгісі. Мұнда өлеңнің әр жолының соңындағы немесе әрбір ой ағымының аяқ жағындағы бір сөз бірнеше мәрте қайталанып отырады.

Фигураның бір түрі - шендестіру, яғни антитеза (грекше antithesis - қарама-қарсылық) - бір-біріне кереғар құбылыстарды, мән-мағынасы әр тарап ұғымдарды, түр-түсі әр бөлек нәрселерді өзара бетпе-бет қою арқылы бұлардан мүлде басқа бір құбылыстың, ұғымның, нәрсенің суретін, сыр-сипатын, кескін-кейпін анықтау, аңғару, елестету [8, 231] .

Мысал үшін „Ер Тарғын” жырындағы Ақжүністің Қартқожаққа:

Қара жерге қар жауар,

Қарды көр де етім көр.

Қар үстіне қан тамар,

Қанды көр де бетім көр, -

деп тақпақтап айтқан жұртқа мәлім жауабын немесе Абайдың „Қан сонарда бүркітші шығады аңға” деп басталатын әйгілі өлеңіндегі түлкі мен бүркіттің арпалысын суреттеп:

Біреуі - көк, біреуі - жер тағысы,

Адам үшін батысып қызыл қанға.

Қар - аппақ, бүркіт - қара, түлкі - қызыл,

Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға, -

деп жазған өлең жолдарын әдебиет зерттеушілері шендестірудің шебер үлгісі деп ұсынып жүр. Шендестіру қазіргі қазақ әдебиеті ақындарының өлеңдерінде де жиі ұшырайды, және жаңа шыраймен көрінеді. Мысалмен дәлелдеп өтейік.

Бояулар: қара, қызыл, қоңыр, сары . . .

Қолында суретшінің соның бәрі.

Тек сарымен бояса, нетер еді?

Онда тегіс құлазып кетер еді.

Тек қарамен бояса қайтер еді?

Күндіз де түн бе деп айтар еді.

Ал бәрімен, әр түспен бояса ше?

Бәлкім ару күлімдер қара шашты.

Бәлкім гүлдер жайқалар алаулаған.

Бәлкім, таулар мұнартар манаураған.

Бір-бірімен тұтасын бояу біткен

Сәуле болып құйылар сонау көктен.

Сезімім кенет менің күбір етті:

Біріккен бояу қандай құдіретті?. .

(Е. Ибраһим)

Фигураның бір түрі - дамыту, градация (латынша - gradatio - бірден бірге күшейе беру) - алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, адыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсу [8, 232] . Мұның жа жұртқа мәлім мынадай үлгілері бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АНТОНИМДЕРДІҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ
Көркем әдебиет стиліндегі фигуралар
Көркем мәтінді тілдік талдаудың әдістемесі
Романдық өнердің стильдік формалары
Түркілердің монументалды мүсіні
Ауызша мәтін артикуляциясы
Ағылшын тілінің публицистикалық және баспасөз тілі
Сөз мағынасы
Т. Ахтановтың Шырағың сөнбесін шығармасының тілдік ерекшелігі
Парцелляциялық құбылыстың көркем мәтін тіліндегі лексика-грамматикалық және стилистикалық қолданысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz