Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1-Тарау. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау механизмінің теориялық негіздері

  1. 1. 1. Шағын және орта кәсіпкерліктің классикалық теориясы . . . 61. 2. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүйесі мен қажеттілігі . . . 12

2-Тарау. Қазіргі кездегі шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау механизміне әлеуметтік талдау

  1. 2. 1. Қ. Р. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы мен қазіргі жағдайына әлеуметтік талдау (соңғы бес жыл 2003-2007 жж. немесе 2002-2006 жж. ) . . . 222. 2. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау іс шараларының барысына әлеуметтік талдау жасау . . . 302. 3. ОҚО шағын және орта кәсіпкерліктің алдыңғы жылдармен салыстырғандағы мемлекеттік қолдау тиімділігіне әлеуметтік талдау жасау . . . 382. 4. ОҚО әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы атты социологиялық зерттеу . . . 54

Қорытынды . . . 68

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 70

Кіріспе

Жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда елімізде әлеуметтік-экономикалық даму барысындағы кәсіпкерліктің маңызы зор. Сондықтан да орта және шағын кәсіпкерлікті мемлекет қолдауға бар мүмкіндігін жұмсауда. Дегенменде мемлекет тарапынан шешілмей жатқан түйіткілдерде бар. Мәселен Қазақстан Республикасында орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау аясын, оның даму барысындағы проблемаларды шешу жолдарына арналады. Шетел тәжірбиесін зерделей және тұжырымдай отырып, ең тиімді тәжірбиені іс-жүзінде орындау және ондағы кемшіліктерді түзетіп, еліміздегі орта және шағын кәсіпкерлікке ыңғайлы етіпқолданысқа енгізу. Сонымен қатар орта және шағын кәсіпкерлікті әлеуметтік талдау бұнда олардың даму тенденциясы, әлеуметтік жағдайға ықпалы, қаржы және несиелендірудегі кемшіліктер.

Жұмыстың зерттелу деңгейі. Кәсіпкерлікті зерттеудің басталуы 18-ші ғасырға жатады. Және «кәсіпкер» терминінің негізін салушы Р. Кантильонның атымен байланысты. М. Вебердің «Протестанттық этика мен капитализм рухы» мен В. Зомбарттың «Буржуасының» пайда болуына дейін кәсіпкерлікті зерттеу экономитка ғылымдарының артықшылығы болып табылды. Дәл осы еңбектер, сондай-ақ, Й. Шумпетердің «Экономикалық даму теориясы» кәсіпкерлікті талдауға әлеуметтік келудің негізін қалады. Олардың идеясын И. Кирцнер, Ф. Мизес, Ф. Хайек, П. Дракер, Д. Макклеланд, Дж. Шэкль дамытты. Й. Шумпетердің кәсіпкерлік әлеуметтану саласында сіңірген еңбегі тұтастай теориясын жасауында. Ол теория кәсіпкерліктің инновациялық қызметі мен кәсіпкерліктің психзологиялық бейнесін жасауға талпынуды үйлестіреді. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті зерттеуге функционалдық келудің негізі қаланды.

Бұл еңбекте сондай-ақ, кәсіпкерлер тобын талдауға келуге басқа жол-құрылымдық тәсіл қарастырылады. Бұл тәсіл кәсіпкерлердің әлеуметтік-экономикалық құрылым мен экономикалық институттар жүйесіндегі алар орнын анықтайды. Аталған тәсіл іріктеу құруда (жасы, жынысы, ұлты, отбасылық жағдайы, кәсіпкерлік топты реттеу арналары; кәсіпкердің кәсіпорынға көзқарасы) нақты критерилер береді, теориялық тазалық бойынша уәде бермейді, өйткені статусы бойынша кәсіпкерлік корпусқа жататын адам бүкіл ғұмыры бой кәсіпкерлік қызметті бір рет те атқармауы мүмкін.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазіргі кезде кәсіпкерліктің даму процестеріне байланысты әдебиеттерге және дамыған демократиялық мемлекеттерге, тәжірибеге сондай-ақ Қазақстан Республикасы соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында жүргізіліп отырған «Кәсіпкерлікке мемьлекеттік қолдауын» талдау егізінде, кәсіпркелік фаеномен туралы тұтас бір ғылыми тұжырымдама жасау мақсаты қойылды. Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерліктің енді қалыптасып келе жатқандығын ескере отырып, еліміздегі кәсіпкерлікті дамытуға арналған іс-шараларға баға беру. Қазақстан Республикасының орта және шағын кәсіпкерліктің қалыптасуымен бдамуына өткен жылдармен салыстырмалы талдау жасап, сараптау қажеттігі туындады.

Жұмыстың мақсатына жету үшін мынадай міндеттер жүзеге асырылды:

  • кәсіпкерліктің теориялық-әдістемелік негізіхн талдау.
  • Орта және шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауға баға беру.
  • Қазақстан Республикасындағы орта және шағын кәсіпкерліктің қалыптастырудағы әлеуметтік-экономикалық факторларды анықтау.

Жұмыстың зерттеу пәні болып Қазақстан Республикасы соның ішінде Оңтүстік облысындағы орта және шағын кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері, Қазақстанның тиімді орта және шағын кәсіпкерлікті қалыптастыру механизмдері, сонымен қатар қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер барысындағы орта және шағын кәсіпкерліктің себеп-салдары таңдалды.

Жұмыс объектісіне Қазақстан Республикасының соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының орта және шағын кәсіпкерлігі алынды.

Жұмыстың теориялық, әдістемелік және деректік негізі ретінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өзгерістер барысында орта және шағын кәсіпкерліктің белгілі теориялық-әдістемелік әдістер топтамасы пайдаланылды. Олардың ішінде жұмыстың теориялық негізін кәсіпкерліктің феномені мен маңызды принциптері, кәсіпкерлікті талдау барысында ғылыми тұжырымдамалар құрады. Жұмыстың әдістемелік негізі ретінде диалектикалық заңдылықтар мен логикалық принциптер қолданылды. Жұмыста қарастырылған мәселелерді толыққанды зерттелуі, бірінші кезекте талдау және жинақтау, жүйелілік, салыстырмалы талдау әдістерін қолдану арқасында мүмкін болды. Жұмыста зерттеудің деректік негізі ретінде Қазақстан Рекспубликасының Конститутциясы, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жарғылары, статистика және талдау Қазақстан Республикасының орта және шағын кәсіпкерлік жөнінде ақпаратты газет, журналдардан алынды.

Жұмыстың құрылымы екі тараудан алты тараушадан тұрады . Бірінші бөлімде, кәсіпкерлікке теориялық түсініктеме, яғни оның әлеуметтік мәні мен маңызы. Кәсіпкерліктің дамуына кедергі болып жатқан мәселелерге түсініктеме.

Екінші бөлімде, Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан Облысы бойынша кәсіпкерліктің дамуын талдау, салыстыру, мәселелеріне тоқталып өту.

Бірінші бөлімде, кәсіпкерлікке теориялық түсініктеме, яғни оның әлеуметтік мәні мен маңызы. Кәсіпкерліктің дамуына кедергі болып жатқан мәселелерге түсініктеме.

Екінші бөлімде, Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан Облысы бойынша кәсіпкерліктің дамуын талдау, салыстыру, мәселелеріне тоқталып өту.

1-Тарау. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау механизмінің теориялық негіздері.

1. 1. Шағын және орта кәсіпкерліктің классикалық теориялары.

Кәсіпкерлікті зерттеу пәнаралық зерттеулердің объектісі болып табылады. Экономикалық жүйедегі кәсіпкерлік қызметтің талдауымен дәстүрлі түрде айцналысатын экономикалық ғылымнан басқа, кәсіпкерлік әрекеттің әртүрлі аспектілерін психологтар, жанжалтанушылар, экономикалық антропология саласындағы мамандар да зерттейді.

Кәсіпкерлік әлеуметтануы экономикалық әлеуметтану шеңберіндегі орта деңгейдегі теория болып табылады. Сондықтан да бастапқы кездері кәсіпкерлік әлеуметтануы «Экономикалық әлеуметтану» жалпы курсының бөлігі ретінде оқылды.

Осының салдарыныан кәсіпкерлік әлеуметтануының жекелеген курстары пайда болды. Дегенмен олар кейде менеджмент әлеуметтануымен қосылып кетті. Бұл дұрыс емес, өйткені басқару әлеуметтануы мен кәсіпкерлік әлеуметтануының айырмашылығы айтарлықтай. Бірақ. әлілдік болу үшін айта кету керек, осы екі пән арасында түйісу нүктесі де бар. Біріншіден, бұл «интрапренттік» яғни, фирмашілік кәсіпкерлік ұғым. Бірақ, кәсіпкерлік әлеуметтану көзқарасымен қарағанда инрапренердің негізгі рөлі ұйымдасқан-мәдени ортаны қалыптастыруға негізделген. Екіншіден, кәсіпкерлік әлеуметтануы мен менеджмент әлеуметтануын ірі корпорацияларды басқарушылардың еңбек ниеттемесіндегі өзгерістер жақындастырады.

СПбМУ дағы әлеуметтану факультетіндегі «Кәсіпкерлік әлеуметтану» курсы 1994 жылдан бастап таңдау бойынша арнайы курс ретінде оқытылады. Ал, 1997 жылы экономика және еңбек әлеуметтануы бөлінгеннен бері аталған курс бөлім жоспарына міндетті ретінде қосылды.

Кәсіпкерлікті зерттеудің басталуы 18-ші ғасырға жатады. Және «кәсіпкер» терминінің негізін салушы Р. Кантильонның атымен байланысты. М. Вебердің «Протестанттық этика мен капитализм рухы» мен В. Зомбарттың «Буржуасының» пайда болуына дейін кәсіпкерлікті зерттеу экономитка ғылымдарының артықшылығы болып табылды. Дәл осы еңбектер, сондай-ақ, Й. Шумпетердің «Экономикалық даму теориясы» кәсіпкерлікті талдауға әлеуметтік келудің негізін қалады. Олардың идеясын И. Кирцнер, Ф. Мизес, Ф. Хайек, П. Дракер, Д. Макклеланд, Дж. Шэкль дамытты. Й. Шумпетердің кәсіпкерлік әлеуметтану саласында сіңірген еңбегі тұтастай теориясын жасауында. Ол теория кәсіпкерліктің инновациялық қызметі мен кәсіпкерліктің психзологиялық бейнесін жасауға талпынуды үйлестіреді. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті зерттеуге функционалдық келудің негізі қаланды. /1/

Бұл еңбекте сондай-ақ, кәсіпкерлер тобын талдауға келуге басқа жол-құрылымдық тәсіл қарастырылады. Бұл тәсіл кәсіпкерлердің әлеуметтік-экономикалық құрылым мен экономикалық институттар жүйесіндегі алар орнын анықтайды. Аталған тәсіл іріктеу құруда (жасы, жынысы, ұлты, отбасылық жағдайы, ; кәсіпкерлік топты реттеу арналары; кәсіпкердің кәсіпорынға көзқарасы) нақты критерилер береді, теориялық тазалық бойынша уәде бермейді, өйткені статусы бойынша кәсіпкерлік корпусқа жататын адам бүкіл ғұмыры бой кәсіпкерлік қызметті бір рет те атқармауы мүмкін.

Біздің елге келер болсақ, бұндай талпыныстар бізде ескі, коммунистік идеологияны өзгертуге қабілетті жаңа идеологияны іздестіру ретінде ұсынылады. Нарықтық қоғамда біршама тартымды болып көрінетіні, өзіндік іске асу жолымен экономикалық жетістікке жетудің мүмкінсіздігі, «өзіңе өзің жасау» мүмкіндігі. Бұл идеология біздің қоғамды қаруландырар ма еді деп ойландырады, егер бизнестегі этникалық іс-әрекет мәселесі шешілер болса.

Бұл еңбекте кәсіпкерлік этика мәселелері айтарлықтай анық көрсетілген. Бұл мәселе отандық әдебиеттерде, әсіресе әлеуметтік әдебиеттерде жеткілікті зерттелмеген. Уақыт өте келе экономикалық теорияның этикадан арасы алшақтады, сөйтіп ақыр аяғында адамгершілік бағалаудан толық еркін қазіргі замандық экономикалық модельдеу мен магистралдық бағыттың құрылуына алып келді. Алайда, байқалғаны бір модель дәстүрі мен меннтальитеті әртүрлі елдерде әртүрлі деңгейдегі тиімділікпен жетілдіріледі. Бұл бақылау экономикадағы неоиндустриалдық бағыттың құрылуына алып келді. Бұл бағыттың өкілдері Р. Коуз, О. Уильямсон, Д. Норт экономикалық айналымға «сенім» сияқты этикалық категорияны ендіреді. Осылайша, айналым тұйықталады. Алайда, бизнес этикасын таллдауға әлеуметтік тәсілмен келу де бар болуына құқығы бар. Өйткені, морал социалогиясының зеттеуінің бір бағыты еңбек саласында мораль нормасының қалыптасуы болып табылады. Атап айтар болсақ, нақты әлеуметтік топтардағы еңбек саласында адамгаршілік қатынастардың қалыптасуы.

Бизнестегі этикалық әрекет мәселесін алға қою және шешу біздің еліміздегі кәсіпкерлікті дамытуға арналған ыңғайлы қоғамдық ортаға ықпал етуі мүмкін.

Қоғамның тұрақты дамуы мен тұрғындардың өмір сүруін қамтамасыз етудің қалыпты деңгейіне қол жеткізудің маңызды стратегиялық факторларының бірі өркениетті заманауи кәсіпкерлікті қалыптастыру болып табылады. Әлемдік шаруашылықта тең бәсекелес болу үшін кіші және орта бизнесті дамыту бойынша әлеуметтік ойлардың тарихы мен қазіргі заманғы шет ел практикасын зеттеуді жалпыландыру керек.

Кәсіпкерлік әрекет теориясы үш бағытта дамыды: Бірінші бағыттың өкілдері кәсіпкерді тәуекелмен байланыстырды. Оның негізін қалаушылар деп И. Тюнен мен Ф. Найтты айтуға болады. И. Тюнен кәсіпкерлікті «болжанбаған тәуекел » деп атады. Кәсіпкер өз ісіндегі тәуекелді пайдаланып, өз кәсібі үшін толық жауапкершілікті ала отырып, жоғары табыс алады. Осы концепцияны дамыта отырып Ф. Найт тәуекелді болжап болмайтын төтенше анықсыздықпен салыстырды. Адам кездейсоқтықты пайдалана білу қабілетіне иемдене отырып, басқалармен салыстырғанда дұрыс та жылдам болжап, кәдімгі бизнесменге қарағанда үлкен табыс алады.

2. Екінші бағыт Ж. Б. Сэя мен А. Маршаллдың көзқарастарынан айниды. Олардың есептеуі бойынша «кәсіпкердің қызметі өндіріс факторларын рационалды түрде комбинациялауға негізделген».

3. Экологиялық әлеуметтанудың теоретигі Й. Шумпетер үшінші бағыт-біршама негізді және болашақты бағыттың өкілі болып табылады. Ол бизнес-коммерцияның белсенді де инновациялық сипатын атап көрсетеді. Шумпетердің пікірі бойынша істің қызметіне «тұтынушы үшін әлі таныс емес жаңа материалдық игілікті немесе алодыңғы игілікті жаңа сапасымен құру; өнеркәсіпте әлі қолданбаған өндіріс тәсілін қолдану; тұрмыстың жаңа нарығын жаулап алу немесе алдыңғысын біршама кеңірек пайдалану; шикізаттың немесе жартылай фабрикаттың жаңа түрін пайдалану; істі жаңаша ұйымдастыруды ендіру, мысалы монополиялық жағдай немесе керісінше монополияны жою» жатады.

Й. Шумпетер жасаған куәсіпкерліктің-«шығармашыл кәсіпкер» моделі біздің көзқарасымыз бойынша кәсіпкерлік әрекет модельдерінің танымалдарының бірі болыа табылады. Осы орайда «бизнес капиталға деген меншікпен не байланысты не байланыссыз, еңбек белсенділігімен қатар жүруші немес қатар жүрмеуші болуы мүмкін».

Осылайша, қазіргі заманғы кәсіпкерлік әрекеттің мақсатты теориясы әлі қалыптасқан жоқ. Алайда кәсіпкерлік әрекеттің мазмұнын ашатын көптеген теориялар жасалған, және осы теориялар бізге осы салада ары қарай зерттеуді жалғастыруға мүмкіндік береді.

А. Хоскингтің айтуынша, дербес кәсіпкер өз ісін өз есебінен жүргізетін, бизнесті басқаруменн жеке айналысушы, қажеттік құралдармен қамтамасыз етуге жауапкершілікті өз мойнына алатын, дербес шешімс қабылдайтын тұлға. Оның сыйақысы сол әрекеттің нәтижесінде алынған табыс пен екркін кәсіпкерлікпен айналысудан алатын рахаты болып табылады. Сондай-ақ осылармен қатар ол өзінің кәсіпорыны құрдымға кеткен жағдайда шығын тәуекелін өзіне алу керек. Осы факторлармен қатар бизнесте кәсіпкерлік жағдайдың профилдері мен модельдері болады. Кәсіпкер өзі жеке шешім қабылдағанды жөн көреді. Жаңалықтарды жылдам қабылдағыш, әр нәрседен нәтиже алуды мақсат тұтады. Тәуекел еткенді жақсы көреді. Өз әрекетінің нәтижесін көргенді қалайды. Іске белсенді қатысқанды жақсы көреді. Сын мен мадаққа ашық қарайды, жылдам даму мен жаңаруды жақсы көреді. Бизнесті қарастыру барысында іскерлік ортада өзін жақсы сезінеді. Өзіне жіне серіктесінің қабілетіне өте талапшыл.

ХХ ғасырдың батыс зерттеушілері, атап айтар болсақ, «Мак бер энд Компани» халықаралық даму бойынша Американдық агенттікті қолдау барысында кәсіпшіл адамдардың тұлғасы мен әлеуметтік сипатын зерттеуге көп көңіл бөлді «кәсіпкер профилін» анықтау бойынша жүргізілген зерттеулер анықтағандай, табысты кәсіпкерді ұдайы көрсетіп отыратын отыз бір тұлғалық мінездемені анықтады. Олардың ішінде біршама маңызды деген он мінездемені төменде келтіреміз.

1. Мүмкіндікті іздестіру және бастамашылдық (жаңа немесе өзгеше іскерлік мүмкіндіктерді көреді және пайдаланады, жағдайға байланысты әрекет етеді)

2. Нық және табантірегіштік (қарсылықты жою үшін ұдайы күш салуға дайыналға қойған мақсаттарына жету үшін стратегияны өзгертеді) .

3. Тәуекелге бел бууға дайындық (тәуекел етушілік жағдайларды жөн көреді тәуекелді азайту үшін шара қолданады, немесе нәтижені бақылауға алады. )

4. Тиімділік пен сапаға бағыт ұстау (жүзеге асыру жолын жылдамырақ, арзанырақ, жақсырақ реттеу, жетістікке жетуге ұмтылу, тиімділік стандпрттарын жақсарту) .

5. Жұмыстық байланыстарға берілу (барлық жауапкершілікті өзіне алады, жұмысты орындау үшін жеке құрбандықтарға барады, іске бағыныштыларымен бірге немесе олар үшін кіріседі) .

6. Мақсатқа ұмтылу және ұзақ уақытқа көру (қысқа мерзімдік міндеттерді ұдайы қойып толықтырып отыру) .

7. Хабардар болуға ұмтылу (клиенттер, жеткізушілер, бәсекелестер туралы ақпаратты өзі жинайжы, осы мақсат үшін жеке және іскерлік байланыстарды пайдаланады) .

Жүйелі түрде жоспарлау және бақылау (ірі міндеттерді кіші міндеттерге бөле отырып жоспарлайды, қаржылық көрсеткіштерді бақылап отырады және шешім қабылдау барысында осы көрсеткіштерді пайдаланады, жұмыстың орындалуын бақылайтын жеке процедураны жасайды) .

9. Сендіре білу және байланыс орната білу қабілеттілігі (адамдарға ықпал етіп сендіре білу үшін мұқият стратегияларды пайдаланады) .

10. Тәуелсіздік және өзіне сенушілік (басқа адамдардың ережесе мен бақылауынан тәуелсіз болуға ұмтылады, сәттілік жоқ болған жағдайда өзінің қиын міндеттерді орындау қабілетіне сенеді, тек өзіне ғана үміт артады) /2/

Осылайша, коммерциялық әрекет қалдықты табысқа, нарықтың агенттерінің қол жетімсіз стандартарына бағыт ұстаған инновациялық модель ретінде болады. Кәсіпкер инновациялық өзгерістердің процуденті ретінде капиталист немесе корпорация менеджері болып табылуы мүмкін.

Төртінші кезең кәсіпкерлік әрекетті талдау кезінде назарды басқарушылық акцентке аударумен байланысты. Алдыңғы қатарлы батыс елдерінің экономикасында кәсіпкерліктің дамуына үлкен мән беріледі. Өйткені ол үлкен капитал салмай ақ жаңа өндірістік күштерді құруға мүмкіндік береді.

Экономистердің көқзқарасына сәйкес кіші және орта бизнес ұлттық байлықты еселеп, жаңа жұмыс орындарын ашады, ресурстарды жақсырақ пайдалану тәсілдерін табады, қаржылық шығындардың азаю жолын іздестіреді. Тұтынушылар үшін материалдық және рухани игілікпен қатар ыңғайлылық іздестіреді. Кәсіпкерлікті зерттеу пәнаралық спатқа ие.

1. 2. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүйесі мен қажеттілігі.

Кіші және орта кәсіпорын өнім түрлерін жылдам өзгерте алуы мен өндіру тәсілі, қызмет ету саласында жаңалыққа бейімділігімен ерекшелінеді. Кіші кәсіпорындардың еңбек ұжымында бейресми қатынастары қалыптастырып жұмсалады басқаруға, табыстарды бөлуге қатыса алуы кіші кәсіпорын нысандарының басты ерекшелігі болып табылады.

Бір еңбек ұжымымен, бригадамен жұмыс істеуге ұмтылуы, жұмыстың нәтижесінің жоғары болуына жалпы қызығушылық пен жұмыс орнының сақталуын қалаудың сапалы болуын қамтамасыз етеді.

Кішігірім кәсіпорындардың көптеген жұмыссыздық мәселесін шешуге, бәсекелес ортаны қалыптастыруға, қаржы рыногын жандандыруға, түрғындардың сатып алушылық қабілетін жоғарлатуға, ірі кәсіпкершіліктің дамуына үлкен әсерін тигізеді.

Кіші кәсіпорын нысандарының құрылуының бірнеше ыңғайлары бар: жаңа кәсіпорынды ашу; бар, бизнес нысанын сатып алу, франчайзинг және отбасылық бизнес көбінесе кәсіпкерлер өзінің ісін жаңа өніммен қызмет түрін өндіру идеясы пайда болған жағдайда бастаса, ал кейбіреулері өз ісін ашу арқылы жағдайын жақсартуды көздейді.

Осы саладағы мамандар мемлекеттік алдында тұрған негізгі міндеттер мыналар;

  • негізгі инфрақұрылымдық; штаттық, ақша-қаржылық және инвестициялық механизімді жаңа принциптерді жаңарту жолымен басқарылатын рынок концепциясына көшу;
  • экономикалық өзгерістердің қарқыны мен құрылымын рынок күштерімен келісіп алу және халық шаруашылығы салаларының ұйымдық-технологиялық кешенін іріктемелі мемлекеттік және құрылымдық-технологиялық кешенін іріктемелі мемлекеттік және құрылымдық-инвестициялық саясат есебінен сақтау;
  • институционалдық жаңғыртуларды жалғастыру, соның ішінде жекешелендіруді дәйекті түрде одан әрі жалғастыру, бәсекелестікті, жеке кәсіпкерлікті дамыту, экономиканы монополиясыздандыру және т. т.

Мұның өзі шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету және жаңа тиімді жұмыс орындарын ашу мүмкіндіктері мен бағыттарын белгілейді.

Осы саладағы мемлекеттік шаралар арасында шағын нарықтық инфрақұрылмды дамыту басты орын алады. Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжирбесі шағын кәсіпкершіліктің ұлттық экономикада аса маңызды функцияларын орындайтын сұраныс пен ұсынысты теңдестіру арқылы нарықтық қатынастарды үдетудің ерекше миханизімін қамтамасыз ететін жалпыұлттық өнімінің тең жартысынан астамын өндіретін жаңа жұмыс ұсыныс орындарының 70 пайызға жуығын ашатын, адам ресурыстарының жандандырылуына және инновациялық потенциалға елеулі ықпал жасайтынын дәлелдейді /3/.

Елде шағын және орта кәсіпкерлікті кең көлемде дамыту нарықтық қатынастар қалыптасуының көптеген проблемаларын неғұрлым тиімді шешуге; реформалардың әлеуметтік базасын ұлғайтуға, олардың тиянақтылығының кепілдіктерін қамтамасыз етуге, бәсекелестікті дамытуға, өндірістің құрылымын кеңейтіп, тиімді етуге, адам ресурыстарын мен ұйымды-технологиялық ресурстарды жұмылдыруға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты Ресей Федерациясында шағын бизнесті дамыту тәжірибесін зерттеу біздің еліміз үшін пайдалы болады, онда шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетудің 1996-97 жылдарға арналған федералдық бағдарламасы бар. Сол бағдарламаға сәйкес шағын кәсіпорындардың саны көбейтуге, кәсіпкерлік қызметке жалпы қолайлы жағдайлар жасау арқылы шағын кәсіпкерліктің инновациялық және өндірістік саласының алға жылжу бағытында сапалы құрылымдылық өзгерістерге жетуге, шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетудің кәсіпкерлер үшін қолайлы жүйесін дамытуға, экономиканың бұл секторына инвестциялар тартуға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру көзделіп отыр.

Федералдық бағдарламада шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетудің мынадай аса маңызды бағыттары бөліп көрсетілген;

-Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласында мемлекеттік саясаттың нормативтік құқықтық негізін жетілдіру;

-Шағын және орта кәсіпорындар қызметкерлерінің әлеуметтік қорғаны мен қауіпсіздігі;

-аймақтарда шағын және орта кәсіпкерлік инфрақұралымын дамыту;

-кадрлар даярлау;

-ақпаратпен қамтамасыз ету;

-Шағын және орта кәсіпорындардың өндірістен және инновациялық қызметі;

-салық саясатын жетілдіру;

-Шағын және орта кәсіпкерлікте және меншік және басқа инвестициялар үшін жеңілдіктер жүйесін жасау;

-мемлекеттік федералдық және аймақтық инвестициялық бағдарламалар.

Бағдарламада шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсатты бастауларын тереңдете пысықтау, бегіленген шаралардың кезеңділігі, шағын кәсіпкерлік саласындағы ұлттық саясаттың негізгі элементерін Ресей эканомикасын сауықтырудың негізгі проблемаларымен неғұрлым тығыз ұштастыру, реформаларды одан әрі тереңдету көзделген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлікті қолдау бойынша кәсіпкерлердің ұлттық палатасымен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты күшейту бойынша ұсыныстар дайындау
Қазақстандағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әрекет етуші жүйесі
Экономикадағы кәсіпкерліктің рөлі мен теориялық негіздері
Шағын және жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту туралы
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен қорғау
Ұсақ бизнес
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдірудің бағыттарын анықтау
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесінің қалыптасуы
Шағын бизнесті дамытуды мемлекеттік қолдау
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ МАҢЫЗЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz