Жасыл балдырларда қанықпаған май қышқылдар көлемі жоғарылау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Жұмақанова Лаура Бауыржанқызы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Көк жасыл балдырлардан алынған фракциялардың биологиялық белсенділігін анықтау »

5В070100 - «Биотехнология» мамандығы

Алматы, 2019ж.

РЕФЕРАТ

Бітіру жұмысы: 30-беттен, 31-әдебиеттен, 4-суреттен тұрады. Бітіру жұмысы Физиология институтының Лактация физиологиясының зертханасында және ҚазҰУ-дың биология факультетінің биотехнология, биохимия және өсімдіктер физиологиясы кафедрасында өткізілді.

Өзектілігі: Соңғы кездегі зерттеулердің нәтижесінде көп таралған аурулардың көбі адам ағзасындағы антиоксиданттардың тапшылығына байланысты . Иммунитетті қоздырып антиоксидант ретінде қызмет ететін заттарды іздеу өте маңызды мәселе.

Негізгі сөздер: көк жасыл балдырлар, антиоксидант, иммунитет, қоршаған ортаның ластануы, кадмий, эритроцит, мембрана

Алдына қойылған мақсаты: Nostoc linckia+Anabaena flos-aquae көк-жасыл балдырларының аралас өсіруінен алынған фикоцининнің клетка мембранасының төзімділігін арттыру үшін әсерін анықтау.

Зерттеу барысында: Жүргізілген зерттеу тәжірибелерімде алдымен көк-жасыл балдырлардың аралас културасынан гелфильтрация әдісімен клеткалардан фикоцианинді бөліп алып, қанның клеткаларын фикоцианин+кадмий жүйесімен бірге өңдеп олардың төзімділігін анықтадық.

Қолданылған әдістер : Сефадекс G-75 колонкаларындағы гельфильтрациясы, эритроциттерді бөліп алу әдісі, эритроциттердің осмос төзімділігін анықтау әдісі, эритроциттердің асқын-тотықтық гемолизін анықтау әдісі.

МАЗМҰНЫ
бет
: Қысқартылған терминдер. .
бет: 4
: Кіріспе . ……
бет: 5
: 1Әдебиетке шолу . .
бет: 7
: 1. 1. Балдырларға жалпы сипаттама . . .
бет: 7
: 1. 2. Балдырларда жинақталатын пайдалы заттар . . .
бет: 9
: 1. 3. Фикобилиндер . . .
бет: 16
: 2. Тәжірибелік бөлім
бет: 20
: 2. 1. Зерттеу материалдары мен әдістері
бет: 20
: 2. 2. Нәтижелер және талдау . . .
бет: 22
: Қорытынды . . .
бет: 27
: Пайдаланылган әдебиеттер тізімі . . .
бет: 28

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ТЕРМИНДЕР

АМИ- ауыр металлдардың иондары

АО- антиоксидант

ФЦ- фикоцианин

ЛАТ-липидтердің асқын тотығуы


КІРІСПЕ

Адам өмірінің тіршілік әрекетінде балдырлар кейінгі кезде аса маңызды орынға ие болып отыр. Балдырлардың, көбінесе микробалдырлардың, адам өміріндегі маңызы зор. Олар қосымша белоктің, майдың, көмірсулардың, витаминдердің, активті заттың, дәрі-дәрмектің көзі. Бұған қоса стероидтардың, пигменттердің, ферменттердің, гормонды табиғаты бар заттардың және тағы басқа физиологиялық активті қосылыстардың, кобальт, никель, молибден, алтын және тағы басқа бағалы элементтердің концентраторлары ретінде продуцент микробалдырлары бағаланады. Микробалдырлар биостимулятор ретінде, қоректік орталардағы тағамдық өнімдердің алмастырғыштары (ет, сүт, т. б. ), сонымен қатар әр түрлі органикалық заттардың биосинтезін басқаруын жүзеге асыру деген сияқты жағдайларда биотехнологиялық өндірістерде қолданылады. Оның үстіне олардың мөлшерінің кішкентай болуымен бірге, тіршілік мерзімінің қысқалығы, тез өсуі, күй талғамайтын қасиеттері, оларды өсіруге аса көп жағдайды қажет етпейтіндігі бағаланады.

Осыған орай соңғы кезде фотосинтезді атқаратын балдырлардан экономикалық бағалы заттарды алуын зерттейтін биотехнологияның бір саласы - фотобиотехнология дамыған. Ол организмдегі жарықтың әсерінен өтетін процестерді қадағалап, оның негізінде өнімдерді алуға жауапты. Микробалдырлар өнімдерін фармацевтикалық, тағамдық, парфюмериялық өндірістерде қолданады. Балдырлардан жазылмайтын жараларды, қатерлі ісіктерді емдейтін, қан ауыстыратын препараттарды жасайды.

Соңғы кездегі зерттеулердің нәтижесінде көп таралған аурулардың көбі адам ағзасындағы антиоксиданттардың тапшылығына байланысты деген пікір туындады. Оттек ағза клеткаларына өте қажетті элемент болғанымен әртүрлі биохимиялық факторлардың әсерінен тұрақсызданып органикалық бөлшектердің екінші реттік тотығу процесстерін қоздырады. Нәтижесінде клеткалар зақымданады да әртүрлі зиянды процестерге ұшырайды: клеткалық мембраналарының қызметтік бұзылуына әкелетін липидтердің асқын тотығуына, ағзадағы синтезделетін физиологиялық активті заттардың бұзылуына әкеледі. Бос-радикалды тотығу процесстерінің активтенуі патология механизмдерінің ең бастысы деп санауға болады. Дәл осылар күрделі аурулардың негізіне жатады. Олардың ішінде тамырлардың зақымдануы, ісіктердің пайда болуы, диабет, қартаю процестерінің күшеюі жүреді. Антиоксиданттар дегеніміз ағзаны оттек бос радикалдарының артық мөлшерінен сақтайтын заттар.

Адам ағзасында өзіне тән радикалдарға қарсы бағытталған клеткалық қорғау механизмдері болғанымен олардың қызметтері көп жағдайларда жеткіліксіз болып шығады. Қазіргі кезде антиоксиданттардың бірталай түрлері белгілі және олардың көбі медицинада дәрі-дәрмек ретінде және биологиялық активті қоспа ретінде қолданылып жатыр. Оларға супероксиддисмутаза, витамин Е, аллопуринол, флавоноидтар, карнозин, 4-метилурацил, дибунол, тролокс, спирулина деген көк-жасыл балдырдың спирттік экстракттары, цирумин, т. б. жатады.

Өкінішке орай аталмыш препараттардың негізгі кемшілігі бос радикалды заттардың тек қана шектеулі спектрінен қорғау болып табылады. Сондықтан бос радикалды реакцияларды тежеудің амалдарының бірі ағзадағы эндогенді антиоксиданттарының синтезін активтендіріп нәтижесінде ағзаның иммундық қорғанышын күшейту. Иммунитетті қоздыратын заттарының қатарына фикоцианиндер жатады деген мағұлмат соңғы кездерде пайда болған. Бірақ олардың клеткаға әсері жөнінде хабарлар жеткіліксіз.

Бұл жұмыстың мақсаты - Nostoc linckia+Anabaena flos-aquae көк-жасыл балдырларының аралас өсіруінен алынған фикоцининнің клетка мембранасының төзімділігін арттыру үшін әсерін анықтау.

Осы мақсатқа жету үшін алға қойылған міндеттер :

- көк-жасыл балдырлардың жеке және арлас өсірулердегі фикоцианиннің жинақталу мөлшерін анықтап, оны бөліп алу

- фикоцианиннің қан клеткаларына әсерлі мөлшерін анықтау

- фикоцианиннің эритроцитті зақымдайтын факторларға (кадмийге) қарсы төзімділігіне әсерін анықтау

- эритроциттердің тұрақтылығына фикоциониннің әсері

1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1. 1. Балдырларға жалпы сипаттама

Балдырлар - жер шарындағы ең көп тараған төменгі сатыдағы өсімдіктердің тобы. Басым көпшілігі біркелкі сулы ортада тіршілік етеді. Соған орай жоғары сатыдағы өсімдіктермен салыстырғанда анағұрлым қарапайым келеді, яғни бір клеткалы, клеткаланбаған, қауымды жане көп клеткалы түрлері бар. Морфологиялық жағынан олардың құрылысы жоғары сатыдағы өсімдіктер сияқты сабақ, жапырақ, тамырға жіктелмеген, олардын орнында тек талломдары ғана болады. Дегенмен, күрделі құрылысты балдырлардың денесі жоғары сатыдағы өсімдіктер сияқты сабақ, жапырақ пластикасы және тамыр сияқты ризоидтардан тұрады. Бұл тек сыртқы ұқсастық қана, өйткені, денесі негізінен біртекті клеткалардан құралған олардың мөлшері микронның мыңнан бір бөлігінен 60 метрге дейін жететін микроскопияның болуына байланысты өсімдіктің онотомиялық құрылысыда әр түрлі болады. Балдырлар өздерінің алуан түрлілігіне қарамастан басқа төменгі сатыдағы өсімдіктерден ерекшелігі-фотосинтез құбылысына қабілеттілігінде немесе ондағы хлорофилдің болуында, яғни автотрофты қоректенуінде болады/1/.

Жер шарындағы оттегіні қалыптастырушы өсімдіктердің бірі болған көк-жасыл балдырларды көп жағдайда уланобактериялар деп те атайды, яғни олар жоғарыда айтып өткеніміздей жарық энергиясын пайдалану арқылы, олар оксигенді фотосинтезді жүзеге асырады дедік, ондағы СО 2 газы мен судан органикалық оттегі босап шығады. Цианобактериялар құрамында хлорофилл және суда ерігіш фикобилиндік пигменттер - көгілдір фикоцианиндер және қызыл-фикоэритриндер болады. Бұл ферменттер фикобилинсомаларда орналасады/1/.

Цианобактериялардың көбі-облигатты фототрофтылар, олар органикалық субстрат есебінен қараңғыда өмір сүре алмайды. Цианобактериялардың арасында азотфиксацияга бейім топтары бар /2/.

Жалпы азотфиксацияда азот малекуласын пайдаланады, ол атмосферада өте көп мөлшерді алады. Ал, эукариоттар керісінше азотфиксацияға қабілетсіз активтілігінен кейін азотты органикалық молекулалар түзіледі. Басқа цианобактерияларда азотфиксация маманданған клеткаларда - гетероцисталарда өтеді. Гетероцисталар бөліктің қосымша қабатын түзеді, онда оттегіні түзүші фотосинтез процесі өтпейді, бірақ азотфиксация активті өтеді. Байланысқан азоттың түзетін қосылыстары көрші вегетативті клеткаларға микоплазмодесмалар арқылы беріледі, ол олардан органикалық субстарт түзеді. Азот фиксациясына өте қажет Гетероцистолардың жалғыз қасиеті - осы азот фиксациялауға ие болуына байланысты/3/.

Көк жасыл балдырлардың молекулалық азотфиксация процесіне әртүрлі физикалық факторлар әсер етеді: температура, орта реакциясы және жарық /1/.

Азотфиксация үшін оптимальды температурасы мекен ететін жердің температурасымен байланысты, яғни салыстырмалы түрде жоғары болуы мүмкін (40°С- ге дейін) - термофильділерде және шеткі (25-35°С-ге дейін) -мезофилділерде болады. Температурасын тым жоғарылату немесе тым төмендету балдырлардың азотфиксациясына кері әсер етеді. Сутек иондары концентрациясының да шекарасы кең, мысалы, Nostoc үшін оптимум сілтілі зонада рН =6, 0-9, 0 /3/.

Оттегіге байланысты айтсақ, ол азотфиксацияға қажет элемент және де стимулдейтінінен бүрын тежейді, ол Апаbaenа cylindriса мысалында, одан препарат жасалынып көрсетілді. Керісінше, анаэробты жағдайда активтілігі жоғарылайды / 4 /.

Ғылыми зерттеулерді өткізгенде балдырлар метаболиттерінің арасында түрлі пайдалы заттар анықталынды. Практика жүзінде балдырларды әр түрлі мақсаттарға қолдану қазіргі кезде орнын табуда. Мысалы, табиғи органикалық қосылысының биосинтез бағытында соның ішінде энергияны пайдалану үшін балдырларды қолданады. Балдырларды кейбір тәжірибелерде пайдалану коэффицентінің төмен болуы және азот, фосфор элементтерінің қоректік ортаға күштірек себілуі, ал өсімдік шаруашылығында негізінен қолдану су қоймаларды және табиғи жолмен өсетін балдырларға биогенді заттарды қолдана отырып, сонымен қатар оларды суды тазартуға қабілеттілігі туады. Балдырлар суда еріген лас компоненттерді, яғни нитраттарды, фосфорларды, инсектицидтерді, гербицидтерді беткі- белсенді заттарды, радодуклеотиидтерді жэне инсектицидтерді, гербицидтерді және тағы басқа да химиялық қосылыстарды тазартуға қабілетті, яғни, бүл заттарды химиялық - физикалық әдістермен тазартуға мүмкін еместігін, бір жағынан рентабильді еместігін көрсетеді /5/.

Микробалдырларды микробиологиялық өндірісте қолданады.

Микробалдырлар фармацевтикалық, тағамдық, парфюмериялық өндірістерде майлар, бояғыштар, физиологиялық активті қосылыстармен басқа заттарды шығаруда үлкен роль атқарады. Балдырлардан жазылмайтын жараларды, қатерлі ісіктерді емдейтін, қан ауыстыратын препараттарды жасайды/6/.

Балдырлар витаминдерге (тиамин, рибофлавин, фолий, никотин, аскорбин қышқылы), микроэлементтерге, адамның қалыпты тағамдануына қажетті барлық амин қышқылдарымен, ақуыздарға бай. Микроскопиялық теңіз және тұщы суларда өсетін балдырлар азықтық және жемдік өнімдері ретінде 13-ші ғасырдан бері қолданылады. Мал шаруашылығында ақуыз, витамин және физиологиялық активті заттардың көзі ретінде балдырлардың қолданылуы, малдың әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырып, олардың тағамдық өнім ретінде көлемін және сапасын жоғарылатады. Микробалдырлардың балық шаруашылығында балықтар мен басқа гидробионттардың рационына ақуыз, витаминдердің қоспасы ретінде . маңызы зор /7/.

Улкен бір айта кететін жайт, балдырларды иммобилизденген ферменттердің көзі ретінде, амин қышқылдарын алу үшін ет-сүт өндірсінде қолданады /6/.

Халық медицинасында көк жасыл балдырлардың емдік қасиеті ертеден бері белгілі болған, зақымданған, уақыты өткен жарақаттарды және басқа ауру түрлерін балдырлармен емдеудің тәсілдері көп. Евпатория қаласына жақын жердегі Мойнан өзенінің өзгеше қасиетін балдырлардың қайнар көзі ретінде қарастыруға болады. Сондай-ақ, Сивашқа таяу жерлерде және шағын тұщы бұлағы бар мекендерде жергілікті тұрғындардың халықтық медицинасында балдырлардың маңыздылығы әлі күнге дейін сақталып келеді. Башкирия, Сібір және Камчатка жарты аралдарында бұндай белгілерді байқауға болады. Натуралистер, әсіресе аңшылар жабайы аңдарды бұндай аймақтарда көбірек кездестіргенін айтады, мәселен, аюларды. Бірақ, ғылыми медицина бұндай су қоймаларының емдік қасиеттерін рапаның (қою тұзды ерітінді) немесе минералды сулардың әсерінен түсінген /8/.

Француз ғалымы Лефеврдің зерттеу жұмыстары ғалымдар арасында микроорганизмдердің дамуы мен емдік ерекшеліктеріне үлкен қызығушылық туғызды. Ол көк-жасыл балдырлардың, Рhоrmidium -ның, тірішілігін зерттеу арқылы өзгеше затгы анықтады. Автор жұмысының нәтижесінен күтпеген тұжырым жасауға тура келеді. Бұл заттар антибиотикалық жағынан қабілетсіз және бактериялардың өсуіне кедергі жасайтын болып шықты/3/.

Бірақ, шын мәнісінде бактериялардың өсуіне олардың әсер етуі бір-біріне ұқсамайтын, әр түрлі екені белгілі болды. Олардың әсері арқылы организм клеткаларының өсуі байқалады. Автор бұл тәжірибені лабораториялық жағдайда ғана зерттеп қойған жоқ. клиникада жазылмайтын жара немесе тыртық сияқты ауруларға зерттеу жасады /9/.

Белгілі бір классикалық тәсілдер қолданылса да бұндай аурулардың шектелмейтіні анық. Ол жарақаттанған тоғыз ауруды балдырлармен емдеді. Емдеп қана қоймай, кейбір жағдайларда бұл жараларға клеткалардың жаңадан тіршілік ету процесін тоқтату үшін азотқышқылдық күміспен өндеуді туғызды. Париж госпиталінде жеті ауруға жүргізілген емдеу тәжірибесі сәтті аяқталды. Терең жаралары бар (фистулалары), көп уақыт бойы кобальттерапия арқылы сәтсіз емделген 40 ауруға балдырлардың әсері оң болды. Бұндай зерттеу тәжірибесі жазылмайтын инфекциялы аурулары бар жануарларға да жасалды (мысық, ит) . Аталған жаралар асқынған, өлім қауіпі бар болса да жүргізілген тәжірибелер нәтижелі болды. Бұл балдырлардың химиялық табиғаты әлі толық белгілі емес. Бірақ, болашақта альготерапияда адаммен жануарды емдеуде балдырлардың маңызы өте зор екендігін көрсетеді /10/.

1. 2. Балдырларда жинақталатын пайдалы заттар

Балдырлардың пластидтерінде болатын пигменттерді үш топқа бөлуге болады: хлорофиллдер, каротиноидтар және фикобилиндер /10/.

Балдырлар клеткаларының хлоропластарында белгілі бір түс беретін көптеген пигменттер жиынтығы болады. Пластидтерде болатын пигмент түстерінің ұқсастығы оның химиялық құрамының бірдей екендігін дәлелдейді. Пластидтердің түсі көпшілік жағдайда пигменттердің мөлшеріне байланысты, жасыл хлоропластың да әр уқытта хлорофилмен бүркелген каротиннің қызыл-сары (С 40 Н 56 ), ксантофилдің сары (С 40 Н 56 О 2 ), пигменттері болады /11/.

Хлорофилдер мен каротиноидтар барлық фототрофты өсімдіктерде кездеседі. Қазіргі таңда хлорофилдің 10 - нан астам, каротиноидтардың 30 - ға жуық формалары белгілі. Хлорофилдің негізгі қызметі жарық қуатын бойына сіңіріп, химиялық реакцияның жүзеге асуына ыңғайлап, молекулаларға беріп отырады. Жарық хлорофил молекуласына түсіп, оны қоздырады. Ядроны айналып жүрген электрондар жарық қуатын бойына сіңіріп, ядродан алыс орбитаға ауысады да, тотығады. Содан соң басқа заттың электроны арқылы алғашқы орбитаға қайта оралып, бұрынғы қалпына келеді және бойына сіңірген қуатын беріп кетеді. Хлорофилдің энергияны бойына сіңіру құпиясы осыған байланысты. Сөйтіп, бұнда тотығу және тотықсыздану процесі жүреді. Балдыр хлорофилі 3%-дан 7 %-ға дейін күн сәулесінің энергиясын бойына сіңіреді екен, ал жер бетіндегі жоғары сатыдағы өсімдіктердің хлорофилі тек 1%-дай ғана күн энергиясын бойына сіңіреді/12/.

Көк - жасыл балдырлар жер бетінде тіршілік ететін жоғары сатыдағы өсімдіктерге қарағанда анағұрлым тез өсіп, аз уақыттың ішінде көп мөлшерде биомасса береді. Мәселен, Sріrulinа көк - жасыл балдырын өсіру арқылы оның әрбір гектарынан 128 тонна белокты зат алуға болады. Оның құрамында 60 - 68 % - ға дейін протеин және А, В, С витаминдері болады /13/. Сондықтан дәрі - дәрмек жасауда аса маңызды ламинария (теңіз капустасында) 70 % - ға дейін көмірсулар, А, С, Д, Е, К витаминдер, 15 % белок, 0, 9 % май болады. Балдырлардың құрамында көп мөлшерде В 1 , В 2 , В 3 , В 12 витаминдері болады, В 1 витамині жүрек қантамыры мен жүйке жүйесіне және зат алмасу процесінің дұрыс жүруіне қажет. В 6 витамині қан ауруына және артеросклерозда қолданылады. В 12 витамині жер бетіндегі өсімдіктерде кездеспейді, ол тек балдырда ғана жеткілікті мөлшерде кездеседі. Ол қан айналу процесіне және қатерлі ісіктер ауруларын болдырмауына қажет /11/.

Көбінесе балдырлардан алынатын затардың маңызы зор болып келеді. Әсіресе, стеролдардың, витаминдердің, пигментердің, ферменттердің және басқа да физиологиялық активті қосылыстардың бағалы элементтерінің концентраторлары ретінде продуцент балдырлары бағаланады. Биостимуляторлар ретінде, қоректік орталардағы тағамдық өнімдердің алмастырғыштары (ет, сүт, т. б. ) болып табылады /13/.

Сонымен, балдырларда жинақталатын экзометаболиттер жөнінде нақтылай қарастырсақ, құрамында азоты бар заттар болады /14/.

Құрамында азоты бар заттар. Ақуыз - барлық балдырлар түрлерінің клеткаларының маңызды құрылым бөлігі болып табылады. Днепр су қоймаларындағы судың «гүлденуін» туғызатын балдырларда ақуыз көлемінің құрғақ массасына санағанда 23%-дан 87%-ға дейін болды. Соның ішінде жасыл балдырда 4-тен 60%-ға дейін, диатомдыларда 47%-ға дейін, ал теңіз балдырдың түрлерінде тұщы судың балдырларына қарағанда 2, 5 есе жоғары. Ақуыздың құрамдық бөлігі бұл организмнің физиологиялық және тіршілік ету жағдайына тәуелді екенін көрсетеді /13, 14/. Негізінен ақуыз қоректік ортада азот жетіспегенде және ескі орталарда мөлшері төмендейді. Ғалымдардың болжауынша орталардың ескіргеннен кейін ақуыздың мөлшерінің төмендеуі тіршілік ету процестерінің лезде тоқтауына және ақуыздың түзілу мен ыдырау арасындағы қатынастарының ыдырау жаққа жылжытатын гидролитикалық процестерге байланысты. Зерттеулер нәтижесінде байқалды: анаэробты жағдайда ақуыздың ыдырауы аэробтыға қарағанда жылдамдығы төмен. Егер анаэробты жағдайда 76 тәулік ішінде хлорелла ақуызының дәрежесі 47% болса, аэробты жағдайда ол бүл дәрежеге (49%) 20 тәулікте жетті /12/.

Балдырлардың қай түрге жататынына тәуелсіз аминқышқылдар құрамы негізінен ұқсас. Микроцистис ақуызының құрамындағы байланысқан аминқышқылдар арасында үлкен көлемде гистидин, аспарагин және глутамин қышқылы, α-аланин, валин, фенилаланин, лейцин. Дақылды ортаның ескіру деңгейіне қарай байланысқан аминқышқылдардың сандық қатынасы өзгеріп тұрады. Сонда цистин, лизин, аспарагин және глутамин қышқылы, серин концентрациясы жоғары. Ал басқа амин қышқылының құрамы керісінше төмендейді. Анабена ақуыз құрамында үлкен көлемде гистидин, аспарагин қышқылы, глицин, α-аланин, лейцин болады. Дақылды ортаның ескіру деңгейіне байланысты гистидин, аспарагин қышқылы, α-аланин, тирозин, ауыстырылмайтын амин қышқылдар көлемі төмендейді. Егер теңіз балдырларында глутамин және аспарагин қышқылының көлемі, ал түщы су балдырларда аланин және аргинин қышқыл көлемі жоғарылау /15/. Балдырлар клеткасының қоршаған ортаға ақуызды экскрециялауды қарастырған кезде улы пептидтерді айтып кетпеуге болмайды. Мысалы: көкжасыл балдырдың бөліп шығаратын циклопептид суды уландырады. Бұл улы зат суда және спиртте ериді, молекулярлы массассы төмен, соған қосса қиын гидролизденеді. Альготоксиндердің табиғаты қазіргі күнге аз зерттелген, сонда да ғалымдардың көбісі бұл заттың негізінде табиғаты пептидті зат деп атайды. Бірақ та балдырлар токсиндері ретінде басқа кластарға жататын химиялық қосылыстар да болуы мүмкін. Балдырларда альготоксиндердің жиналу қарқындылығы дамудың қай кезеңінде жүретіндігіне ғалымдарда бірегей көзқарас жоқ /8/. Кейбір ғалымдардың ойынша көбею кезінде сыртқа шығатын токсикалық метаболиттердің көлемі максимальды болады. Мысалы судың «гүлденуін» туғызатын Місrоcystis aeruginosa көбею кезінде улылығы жоғарылайды. Басқа ғалымдардың ойынша көк жасыл балдырлар даму кезінде ғана емес, ескіру және өлу кезінде де улы болып келеді. Үшінші топ ғалымдардың ойынша балдырлардың улылығы өлу мен ыдырау кезінде жоғары. Осыған байланысты кейбір ғалымдар тірі балдырда улылық қасиет жоқ, ал клеткаға қолайсыз жағдайлар әсер еткенде мысалы: мұздату және еріту, ультрадыбыспен әсер ету, қыздыру және кептіру кезінде балдырлар улылық қасиетін көрсетеді деп белгілейді /4, 5/. Сол уақытта Ю. А. Кирпенко және басқалары өз жұмыстарында балдырлардың улылығы төмендейді немесе 37°С қыздырғанда немесе автоклавтау, ионалмасу смоладан өткізгеннен кейін толығымен жойылады. Бүл зерттеулер нәтижесінде бір жағдайларда токсикалық жоғары деңгейге дейін жетеді, ал басқаларда әлсіз байқалады, үшіншілерде мүлдем болмайтындығы байқалды. Ал табиғи жагдайларда тұщы және тұзды сулардың араласуында балдырлардың клеткалары арқылы токсикалық агенттері айрықша қарқынды бөлінуі жүреді. А. Д. Семеновтың айтуынша суда ақуыз тәріздес заттардың көлемінің көбеюі фитопланктонның қарқынды дамуы және келесі ретті өліу кезінде байқалады. Оның максимальды деңгейі балдырлардың жоғары биомасса қабатында байқалды. Осы уақытта ақуыз тәріздес заттардың көлемі бос амин қышқылдар көлемінен жоғары /7, 9/.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Микробалдырлардың аралас өскен дақылдарының құрғақ биомассасын алу және олардың өнімділігін зерттеу
Populus L. тұқымының биологиялық сипаттамасы мен түрлерінің әртүрлілігі
Медициналық сабындар
Микроорганизмдерде эргостерин мөлшері
Клетканың жеке бөліктерінің құрылысы мен атқаратын қызметі
Жасыл балдырлардың биохимиялық құрамын анықтау
Тері илегіш заттардың классификациясы
Белоктар мен витаминдер
Еркін майлы қышқылдар
Биологиялық активті заттар биотехнологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz