−орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

1. Қазақстан Республикасындағы үштілде білім беру бағдарламасының мазмұны

1. 1 Үштілде білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттері…… . . . 11

1. 2 Тілдерді дамытудың әлемдік тенденциялары мен үштілділікті дамытудағы отандық үздік тәжірибелер . . . 19

1. 3 Үштілдік білім контекстіндегі тілдерді оқыту ерекшеліктері . . . 23

2. Қазақстан Республикасында үштілде білім беру бағдарламасының математика пәнін оқыту үдерісінде пайдалану жолдары

2. 1 Қазақстан Республикасындағы орта мектептеріндегі үштілде білім беру бағдарламасының жүзеге асырылуы . . . 32

2. 2 Үштілде білім беру бағдарламасын математиканы оқыту үдерісінде қолданылуы… . . . …… . . . … . . . . . . …… . . . . . . 37

2. 3 Үштілде білім беру бағдарламасының практикалық мүмкіндіктері . . . 52

Қорытынды . . . 60

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 64

Кіріспе

Тіл қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен дарып қалыптасқандықтан, «ана» деген ардақты атпен «ана тілі» деп атаймыз. Біздің ана тіліміз - қазақ тілі. Қазақ тілі - ғажап тіл, сан ғасырлық тарихы бар тіл. Ата-бабаларымыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес асыл мұра. Егемендігіміздің арқасында еңсесін тіктеп, күретамырын тереңнен бойлаған төл тіл.

Халқымыздың біртуар перзенті Мағжан Жұмабаев: « . . . Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт - тілі болуы. Ұлттың тілінің кеми бастауы - ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі - бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең, тілі де бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орамды, терең тіл жоқ», - деп тіл жайында терең толғанған екен кезінде. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда мемлекеттік тіл туралы оңды қоғамдық көзқарас қалыптасып отыр. Тіпті Отанымызда өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдерінің де мемлекеттік тілді меңгеруге деген құлшынысы күннен-күнге арта түсуде [1] .

Үштілділік біздің қоғам үшін 2006 жылғы Елбасының «Тілдердің үштұғырлылығы» - «Триединство языков» - «Trinity of languages» тұжырымдамасынан бастау алғаны мәлім. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Үш тілді меңгеру - біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады. Қазақстанды әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек», - деген болатын. Ендеше, Қазақстанның білім беру жүйесінде үштілді оқыту мәселелерінің көтерілуі заман талабынан туындап отырғаны айқын. Тілдердің үш тұғырлылығы идеясына Елбасы нақты анықтамасын да береді: қазақ тілі мемлекеттік дәрежесінде мемлекет өмірінің бар саласында «бүкіл қоғамымызды біріктіруші» қызметін атқарса, орыс тілі ұлттар арасындағы қарым-қатынастарға қызмет етеді, ал ағылшын тілі әлемдік экономикаға, әлемдік қауымдастыққа кірігуімізге қызмет етеді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекеттік тіл - мемлекетті құрушы ұлттың тілі, ал орыс тілін білу - ұлы байлық. Ағылшын тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз» деді [2] . Яғни, Елбасы келешек заманның кілті көп тіл білу мен керекті мамандыққа еркін қол жеткізу мүмкіндігінде екендігін болжап отыр. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Ата Заңында мемлекеттік тіл - қазақ тілі деп, сонымен қатар орыс тілін ресми тіл ретінде бекітті. Оның негізгі мақсаты ретінде ұлтаралық тұтастықты сақтау, қоғамның тілдік ортасын дисфункцияға ұшыратпау болған еді. Сондықтан да орыс тілі достық пен бейбітшіліктің, этносаралық қарым- қатынас тілі мәртебесіне ие болды. Қазірдің өзінде жаһандану үрдісі етек алған заманда халықаралық байланыс құралы және халықаралық экономика, халықаралық білім беру тілі - ағылшын тілін білмей әлеуметтік- экономикалық кеңістікке ену мүмкін емес. Қазіргі қоғамда адамдардың тек ана тілін білуімен шектеліп қана қоймаған қостілділік (билингвизм), тіпті көптілділік (полилингвизм) феномені кеңінен таралуда. Бұл жаһандық үрдістен біздің еліміз де тыс қалған жоқ. Елбасының көрегенді саясатына орай Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басым бағыттардың бірі - қазақстандықтардың кемінде үш тілді меңгеруі [3] .

Сонымен бірге, Елбасымыз «Үш тілді меңгеру, білу - бұл жаһандық әлемге жолдама деген сөз. Бұл адамның өмірдегі табыстылық, жетістік принципі. Жаһандық әлемде біздің балаларымыз «Планета азаматы» болады. Бүгінгі күрделі әлемде біздің балаларымыз өздерін «судағы балықтай» сезінуі керек, біз соған жағдай жасап жатырмыз…» дей отырып, 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу, ал 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиістігін атап көрсеткен болатын [4] . Сондықтан қазіргі таңда мектептерде шет тілін бастауыш сыныптардан, тіпті балабақшадан бастап оқыту енгізілуде. Себебі, ағылшын тіліне ерте жастан оқытудың тілді жақсы әрі еркін меңгеруге тигізер әсері мол. Қазіргі заманғы мектептердің басты мақсаттарының бірі өсіп келе жатқан ұрпақты жан-жақты, жаһандану құндылықтарына бейімдеу, балалар мен жеткіншектердің көрші елдер мәдениетінің өкілдерімен дүниежүзілік кеңістікте өзара әрекет жасасуына деген шеберліктерін қалыптастыру. Оқытушылар мен оқушылардың алдында тұрған басты мақсаты - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттары талаптары деңгейінде үш тілде білім меңгерген, өз елінің тарихы мен салт-дәстүрін білетін, көптілді коммуникативтік құзырлықтары қалыптасқан, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге талпынатын тұлғаны дамыту.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына жүгінсек, бүгінгі мектеп түлегі - көптілді коммуникативтік және ақпараттық құзыреттілігі дамыған, көпмәдениетті, рухани-адамгершілік, ұлтаралық қатынастар мәдениетінің жоғары деңгейін меңгерген, қазақ елінің және жалпықазақстандық құндылықтарды қастерлейтін, тілдерді меңгеруге тұрақты қызығушылық танытатын, отансүйгіштік және азаматтық сана-сезімдері дамыған тұлға.

Еліміздің орта мектептеріндегі оқыту процесінде көптілділікті дамытудың басты тұжырымдары: тәуелсіз Қазақстанның үш тілді қатар пайдалана алатын мемлекет ретінде дамуы; «Үштұғырлы тіл» ұлттық жобасы- қоғамдық келісімді нығайтудың негізгі факторы; көптілділік - тілдер мен мәдениеттер байланысын дамытушы құбылыс [5] .

Тәуелсіз елімізде негізгі үш тілді дамытуға басымдық беріле отырып, мемлекетімізде өмір сүріп жатқан басқа халықтардың тілдері де назардан тыс қалған жоқ. Өйткені, мәдениет мен тілдердің саналуандығы - бұл Қазақстанның ұлттық байлығы. Яғни, еліміздегі кез-келген этностың өкілі қай тілде білім алатынын ерікті түрде таңдай алады. Қоғамымызда барлық этностардың мәдениеті мен тілін дамытудың бірегей формуласы жасалып отыр.

Қазақстан қоғамының әлеуметтік-экономикалық, рухани қалыптасуының жаңа міндеттерін іс жүзінде асыруға дайын жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі факторларының бірі - мектепте көптілді білім беруді жолға қою болып табылады.

Елбасы «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз» деп, осы мәселеге орай белсенді түрде іс жүргізу қажеттігін белгілеп берді. Аталған үш тілдің әрқайсысының функционалдық мүмкіндіктері мен өзіндік орындарын барынша ашу қажет [6] .

Ұлттық бірлік доктринасында мемлекеттік тіл негізгі басымдықпен, сонымен қатар рухани және ұлттық бірліктің басты факторы екендігі айқындалған. Тілдерді меңгеру - әрбір Қазақстан азаматының парызы мен міндеті, бұл олардың қоғамдық өмірде бәсекеге қабілеттілігі мен белсенділігін айқындайтын болуы тиіс.

Осы бағдарламаны іске асыруда отандық білім беру жүйесінің үлесі басым болмақ. Алдымен қазақстандық білім жүйесі бәсекеге қабілетті болу үшін, мектеп түлектері кез келген шет елде оқуын жалғастыра алатын деңгейге жетуі қажет. Оның негізі - әлемдік тілді жетік білу. Қазақстан білімінің жақсы дәстүрін сақтай отырып, оқушыларды халықаралық біліктілік сапасымен қамтамасыз ету кейінге қалдырылмайтын мәселе.

Бірінші жол. Бұл мектептерде мазмұны бірыңғай тақырыптық-сөздік негізбен сипатталатын элективті курс, оған үш не төрт тілден белгілі бір тақырыпта қолданылатын лексикалық-грамматикалық материал іріктеліп алынады. Қолданбалы курстардың атауы мынадай болуы мүмкін: «Күнделікті көптілділік» (бастауыш және орта буынға арналған), «Мәдениет саласындағы көптілділік», «Экономика саласындағы көптілділік», «Қоғамдық-саяси өмірдегі көптілділік». Бұл оқушыларға көп тіл үйретудің оңай жолы, оқу жоспарларына өзгеріс енгізудің қажеті жоқ. Дегенмен бұл жол жеткіліксіз. Өзге міндетті оқу пәндерімен салыстырғанда екінші қатарға ысырылған элективті курстар мұғалімдер жоғары жауапкершілік сезінгенде, оқушыларда тілдерді оқуға деген табиғи құмартушылық, мектеп әкімшілігі тарапынан айырықша бақылау болғанда ғана оң нәтиже береді.

Үштілде білім берудің енгізілуінің бірнеше кезеңдері, жолдары:

Екінші жол. Оқу жоспарына күрт өзгерістер енгізуді қажет етеді. Тіл оқыту жөніндегі әдіскер ретінде басқа дәстүрлі емес жолды ұсынамыз. Бұл қазақ мектебінде орыс және шетел тілдері, орыс мектебінде қазақ және шетел тілдері сабақтарын біріктіру, яғни кіріктірілген тілдік курс құру, ол үшін бірыңғай тақырып минимумын, бірыңғай жағдаяттар минимумын, сөйлеу ниетінің бірыңғай минимумын анықтау, үш тілден семантикалық нышандары сәйкесетін лексикалық - фразеологиялық және грамматикалық минимумдар құрастыру.

Үшінші жол. Барлық тілдік пәндерді (ана тіл, екінші тіл, шетел тіл) функционалды-коммуникативтік технология бойынша бірыңғай тақырыптық минимум негізінде оқытуға болады . Бұл жағдайда әр тілдік пән жеке түрінде оқытылады, бірақ тіл дамыту тақырыптары уақыттық параллелизм принципінің негізінде бірдей болуы тиіс.

Төртініші жол. Бұл - тілдік емес пәнді (биология, физика, информатика, математика т. б) үш және одан көп тілде когнитивтік-коммуникативтік технология бойынша оқыту.

Бесінші жол. Тілдік тәжірибе үшін оқушылардың алмасу мақсатымен халықаралық қатынастарды белгілеу. Бұл жол қосымша және демалыс кезінде іске асырылады.

Барлық жолдарды жүзеге асыру үшін керекті әдістемелік тәсілдер ұсынылады.

Көптілді білім - көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетін, толеранттылығын және планетарлық ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту, сонымен қатар көптілділікті меңгертуді жолға қою - бүгінгі таңда орта білім жүйесіндегі педагогикалық үдерістің негізгі бағыттарының бірі [7] .

Жалпы білім беретін мектептерге үштілді оқытуды жаппай енгізу үшін бүкіл социумның көптілді білім идеясын қабылдаудың өзі көп дайындықты қажет етеді. Қазақстан мектептерінде үштілді оқытуды енгізуге байланысты көптеген пікірлер қалыптасты. Атақты ғалым А. Ж. Мұрзалинова «… үштілдік білім үш тілде әртүрлі пәндерді оқыту арқылы үш тілді меңгеруге және келешекте тіл машықтарын сақтауға жағдай жасайды. Қазақша, орысша, ағылшын тілдеріндегі үштілдік білім әртүрлі пәндерді оқыту үшін қолданылады. Егер мектепте екінші/үшінші тіл тілдік пәндерде ғана оқытылса, онда мектеп үштілді мектеп болып есептелмейді. Тек тілдік пәндерді екінші және/немесе үшінші тілдерді оқытатын мектептер, сонымен қатар, оқушыларға үш тілде оқытуға жағдай жасаса, мемлекеттің алға қойған міндетін іске асыруға үлес қоса алады . . . » [4] . А. Ж. Мұрзалинованың ұсынған көптілді білімді ұйымдастырудың әдістемелік жүйесі оқушының ойлау қызметін басқару технологиясының негізі ретінде қарастырылады. Бұл жерде оқушылардың ойлау қызметін реттеуге, оны басқаруға көмектесетін метакогнитивті стратегия басты рөл атқарады. Автордың айтуынша, осындай әдістемелік жүйе коммуникативтік құзыреттілікті жетілдіреді, оқушыларға ойлау қызметін басқаруға, қарым-қатынас кедергілерін жеңуге, когнитивті ғана емес (хабарламамен алмасу, талдау және пайымдау т. б. ) сонымен бірге оқытудың әлеуметтік-аффективтік аспектілерін де басқаруға көмектеседі. Ұсынылып отырған әдістемелік жүйенің икемділігі екінші және үшінші тілде оқыту кезінде оны қолдануға мүмкіндік жасайды (2014) . ҚР БҒМ А. Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының директоры, ф. ғ. д. А. Фазылжанова Қазақстандағы үштілді білімге арналған семинарда сөйлеген сөзінде« . . . көптілді мектепте оқушыға ағылшын тілін ағылшын тілі сабағында ғана емес, математика, физика, химия пәндерінде де оқыту қажет. Қазір ҚР-да үш тілде оқытатын 100- ден аса мектеп бар, оның саны 700-ге дейін артпақ, соның нәтижесінде балаларымыз ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқиды. Бұл шындық. Барлық мемлекетте көптілділік саясаты ұлттық қызығушылық нәтижесінде туындап отыр, енді Қазақстан да осы жолмен жүруі тиіс . . . ». Осыған байланысты семинарға қатысушылар «егер балаларды жаратылыстану-ғылыми бағытындағы пәндерді тек ағылшын тілінде оқытатын болсақ, онда келешекте олардың ғылыми сана-сезімі ана тілінде жетілмей қалатынына қауіп туындайды, бұл қоғамға өте зиян екенін де айтып өтті» [5] . Қазақстан ғалымдарының ғылыми зерттеулерінде, оның ішінде 17 профессор Б. А. Жетпісбаеваның еңбегіндегі көптілділік білімі екі аспектімен қарастырылады: мазмұнды және процессуалды [6] . Оларды межелеуші құрал тіл болып табылады, ол оқыту объектісі ретінде көптілді білімнің мазмұнды жағын анықтайды, ал оқыту құралы ретінде процессуалды жасаушы болады Көптілді білімнің мазмұнды аспектісінің өлшемі тілдік оқу пәндері болып табылады: ана тілі, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілі, ұлтаралық қатынас тілі ретіндегі орыс тілі және әлемдік экономикамен бірлесу тілі ретіндегі шет тілі (негізі ағылшын тілі) . Көптілді білімнің процессуалды аспектісінің өлшеміне мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарында қарастырылған барлық оқу курстары кіреді. Бірақ бұл жерде естуге үйреншікті «оқыту тілі» деген түсінік басқаша қалыптасып, білім мекемесіне емес, енді пәнді үйретуге ауысады. Үштілді білімге байланысты мектептегі қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде «Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндерін оқыту тілі болады. Жаңа когнитивті-коммуникативтік кешенді (пәндерді оқыту аясындағы оқыту тілі) игеруге бағытталған көптілді білімді ұйымдастырушы негізінде оқу қызметінің принциптері мен тәсілдері пайда болды. Бұндай жағдайда ол білімнің біріктірілген түріне жатады. Осыған байланысты үштілді білімнің ерекшелігі жеке тұлға әлемнің тілдік бейнесін өзгерте отырып, әр жаңадан пайда болған тіл когнитивті саладағы әлемнің жалпы (мағыналық) бейнесіне әсер етеді. Өзге тіл жүйесін меңгеру қоршаған ортадағы жеке тұлғаның «көру бұрышын», оның түсінігін, қатынасы мен құндылығын өзгертуге әкеліп соғады. Өзге тілді енгізген жағдайда мынаған көңіл аударылады « . . . өзге тілді танып-білу ана тілі арқылы жүзеге асады, оқытылатын тілдегі концептуалды көрініс ана тілінің концептуалды көрінісінен «өсіп шығады» [7] .

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде үш тілді білім беру моделін енгізудің өзектілігі мынада:

- бүгінгі қазақстандық қоғамда көптілді, көп мәдениетті тұлғаға деген сұраныстың артуы;

- ұлттық мектеп бітірушілерді жалпы қазақстандық және әлемдік білім және ақпарат кеңістігіне кіріктірудегі мәселелерді шешу қажеттілігі;

- болашақ ұрпақты қазақстандық патриотизмге, ұлтаралық қатынас мәдениетіне тәрбиелеудің өзекті мәселеге айналуы;

- аз ұлт өкілдерінің этникалық ерекшеліктерін сақтаумен бірге олардың жалпы қазақстандық экономикалық, әлеуметтік-мәдени үрдістерге толыққанды қосылуына жағдай жасау;

- мектеп бітірушілерінің коммуникативтік және ақпараттық құзырлықтарының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу болып табылады. Сонымен көпұлтты Қазақстан жағдайында «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы қоғамдық өзара келісімді нығайтатын маңызды фактор. Тілдердің үштұғырлығы идеясы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін құруға және дамытуға бағытталған ұлттық идеологияның бөлігі болып табылады. Қазақстан үшін үштұғырлы тіл - елдік бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудың бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналары сөзсіз.

Өзектілігі: Бұл әлемде қолданылып жүрген әмбебап педагогикалық тәсіл. Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің жылдағы дәстүрлі Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету тиістігіне ерекше мән береді. Сонымен қатар бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады. Сондықтан қазақ тілін тереңдетіп оқыту, сонымен қатар көптілділікті меңгеруді жолға қою- бүгінгі таңдағы орта білім жүйесінде педагогикалық үрдістің негізгі бағыттарының бірі. Әлемдік білім беру іс- тәжірибесінде көптілді және билингвалды білім беру жаңалық емес. Қазақстандық білім беру жүйесінде көптілді және билингвалды білім берудің халықаралық іс-тәжірибесінде қолданыс тапқан моделдерін енгізу- жаңа педагогикалық мәселе, өйткені ол жаңа жағдайларда шығармашылық тұрғыдан іске асырылуы тиіс.

Зерттеудің жаңашылдығы: әлемде ағылшын тілінің рөлі артып келеді. Осы тұста жаңа технология мен бизнеске жол ашатын көптілді білім беруді біртіндеп дамытудың маңызы зор. Көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуі керек. Бұл оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет. Әлемдік осы үдерісті математикалық білім беруге қолдану бүгінгі таңда аса маңызды.

Ғылыми және қолданбалы мағынасы: диссертациялық жұмыста ұсынылған математиканы оқытудағы жаңа әдістер мен тәсілдер қазіргі қоғамның талаптарына сай педагогика ғылымын анықтап берген жалпы білім беру мен тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес құрылады. Мұғалімнің оқу материалдарын беру, оқушылардың математикалық білімді саналы меңгеру және алған білімін практикада қолдану іскерліктерін шыңдау әдістері мен құралдарын тағайындайды.

Белгіленген мерзімде диссертацияны орындау үшін жағдайдың болуы: Орта мектеп математикасының жаңа форматтағы оқулықтармен қамтамасыз етілуі, математика пәні бойынша әдістемелік нұсқаулар, ғылыми-әдістемелік еңбектер, арнайы бағдарламалық өнімдер.

1. Қазақстан Республикасында үштілде білім беру бағдарламасының мазмұны

1. 1 Үштілде білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттері

Өркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес құндылығы болып табылады. Халқымыз ежелден тіл абыройын биік көтеріп, «Өнер алды ــ қызыл тіл» деп, сөз өнерін бар өнердің алдына қойып, жоғары бағалаған. Әдетте тіл жөнінде, тіл ــ адамдар ара қарым-қатынас жасау құралы деп, оған жай-жадағай анықтама берілгенімен, іс жүзінде тіл тек адамдар ара қарым-қатынас жасау құралы ғана болып қалмастан, қайта онан да маңыздысы, ол белгілі бір ұлттың ұлттық сана-сезімі, халықтың халықтық қасиеті, оның жалпы тарихы, әдет- ғұрпы, мәдениеті қатарлыларды тұтастай өз бойына қамтып жататын күрделі ұғым. Сондықтан тіл мейлі қайсы ұлттың болмасын тарихы мен тағдырының, тәрбиесі мен тағылымының, бүкіл халықтық болмысының баға жетпес асылы, сарқылмас құнды қазынасы, ұлт рухының ұйтқысы болып келген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы даланың ұлтаралық тілі: көркем сөйлеу негізі
Тіл саясатының республикадағы ұлтаралық қарым-қатынастарға ықпалы
Тілдік сәйкестіліктің орнығуындағы ана тілінің маңызы
Тіл таңдау және оның қолдану салалары: социолингвистикалық талдау
Қазақстандағы тіл саясатын Қазақстан халқының рухани негізгі принциптерін жүзеге асыру құралы ретінде кешенді түрде зерттеу
Ана тілі мәдени өрлеудің аса зор тегергіші
Телерадио саласындағы тілдік сәйкестіліктің көрінісі: социолингвистикалық талдау
ТІЛДІК СӘЙКЕСТІЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ОТАНДЫҚ БАҚ-ДА НАСИХАТТАЛУЫ
Қазіргі қоғамдағы қазақ тілінің рөлі атты қазақ тілінен ғылыми жоба
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz