Мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік - педагогикалық жұмысты ұйымдастыру


Тақырып: Мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру
Мазмұны
Кіріспе
Тарау 1. Мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері
1. 1 Мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың алғышарттары
1. 2 Мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың қазіргі жағдайы
1. 3 Мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері
Тарау 2. Мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік-педагогиялық жұмысты ұйымдастырудың әдістемесі
2. 1 Мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік-педагогиялық жұмысты ұйымдастыру әдістемесінің мазмұны
2. 2 Мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік-педагогиялық жұмысты ұйымдастырудың эксперимент нәтижесі
Қорытынды
Қоданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі : Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғаннан кейін экономикалық және әлеуметтік-демографиялық жағдайдың түбегейлі өзгеруіне байланысты жаңа мәселелер туындады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуының және оны әлемдік қоғамдастықтың мойындауының нәтижесінде пайда болған жаңа экономикалық және саяси жағдаяттар бүкіл елдегі және оның аймақтарындағы көші-қондық үдерістердің түрі мен бағытына едәуір маңызды өзгертулер енгізді. Ұзақ мерзім бойы Қазақстан халықаралық миграциясы эпизодтық сипаттағы туристік және жеке сапарлармен, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысумен шектелген жабық ел болды. Ол негізінен, социалистік және дамушы елдердегі өндірістік кәсіпорындар мен басқа да объектілердің құрылысына жоғары білікті жұмысшылардың іссапарлары түрінде жүзеге асты.
Экономикалық даму процесінде заңсыз мигранттардың артуы жұмыспен қамтудың артта қалуына әкеп соқты. Соңғы үш, төрт жылда Қазақстаннан 376 мың адам шығып, 377 мың адам кірген. Халықтың ішкі ауысуының негізгі себебі бұрынғы тұрған орындарындағы қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай - жұмыстың болмауы, қалалардың алшақтығы, елді мекеннің тиісті инфрақұрылымының болмауы және т. б. А
Қазақстанның 2012-2018 жылдардың статистикалық жинағының дерегі бойынша, көрші елдерден келетін мигранттар тасқынын Ресейден кейін көп қабылдайтын елімізде 14 пен 28 жас аралығындағы халықтың үлесі 25 пайыздай ғана екенін ескерсек, басқа орталықазиялық елдермен салыстырғанда жастар саны жылдан жылға азайып бара жатқанын байқаймыз. Яғни халықтың жас бөлігін құрауда мигранттар үлесінің артуы алдағы уақытта көші-қон саясатына байыппен қарау керектігін көрсетеді. Халықтың белгілі бір кезеңдегі географиялық жылжуы көші-қон ұғымымен салыстырғанда кең екенін де естен шығармау керек. Өйткені оның әлеуметтік-экономикалық дамудағы рөлі зор. Жалпы, миграцияның қайтымсыз (қоныс аудару), қатынамалы, маусымдық және еңбек пен ішкі көші-қон сияқты түрлері бар. Әрқайсысы әлеуметтік-экономикалық, саяси немесе этносаралық жағдайға байланысты дамитындықтан мемлекет миграциялық саясатты жүргізуде өңірлік тұрғыдан келгені дұрыс. Адамзат тарихындағы миграциялық үрдістер әлемнің демографиялық келбетін қалыптастыруда айтарлықтай рөл атқарды, әлем экономикасының жаһандануына әсер етті. Елдер арасындағы тұрақты байланысқа негізделген, қоғамның тұтастығына әлеуметтік мәдениет арқылы ықпал ететін халықаралық миграцияның жаңа формалары пайда болып жатқан кезеңде жас әрі адам ресурсы аз Қазақстанның нақты шаралар қабылдауы қажет-ақ.
2018 жылдың ортасында Астанада жедел алдын алу шаралары жүргізіліп, көші-қон заңнамасын бұзған 1033 мигрант анықталды. Олардың 828-і Өзбекстан, 51-і Қырғызстан, 71-і Тәжікстан, 29-ы Әзірбайжан, 18-і Ресей, 9-ы ҚХР, 14-і Армения, 6-ы Грузия, 5-і Түркия азаматы. Алматыда осыған ұқсас іспен мыңдаған мигрант тіркелген. Қазірдің өзінде іздеу салынған азаматтар мен бізге беймәлім қылмыстық жайттар баршылық. Осы ретте шешімін таппаған мәселе ретінде тұрғылықты жер бойынша тіркеудің жеңілдетілген тәртібін енгізу маңызды. Бір ғана Алматы қаласының нақты халық санын тек халық санағы кезінде анықтауға болады. Ал халық санағы 10 жылда бір-ақ рет өткізіледі. Соңғы статистикалық мәліметтер бойынша соңғы 6 айда Алматы қаласына тұрақты тұруға 50 мың адам келген. Ал уақытша тіркеуге 188 882 адам тіркелген. Ал тіркелмей жүрген адамдар жайында, шет елдерден келген азаматтар жайында ешқандай нақты мәлімет жоқ.
Сонымен қатар Қазақстанға шетелдерден халықтың көп көлемде көшіп келуі тән болып отыр. Бұл мемлекеттік шекаралардың ашық болуына, республиканың геосаяси орналасуына, ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығына, сондай-ақ көші-қон жөніндегі заңдардың жетіліспегендігіне, әрі көші-қон үдерістерін мемлекеттік реттеу тәжірибесінің жеткіліксіздігіне байланысты туындап отыр. Мемлекеттің саяси тұрақтылығы, оның нарықтық қатынастарға мақсатты түрде бағыт алуы Қазақстанды шетел капиталы мен жұмысшы күші үшін тартымды етіп отыр. Мұның өзі Қазақстандағы халық санының өзгерулеріне әсер етуде. Елге көшіп келушілерге байланысты жаңа мәселелер туындауда.
Экономикалық реформалардың тереңдей түскен кезінде елдің демографиялық жағдайында едәуір өзгерістер болуда, бүкіл елдегі және Қазақстан Республикасының аймақтарындағы көші-қон үдерістерінің сипатына, түрі мен бағытына маңызды түзетулер енгізілуде, республиканың еңбек ресурстарының едәуір бөлігі босап шығуда. Халықтың миграциялық жылжымалылығының қарқындылығы да сөзсіз өсіп келеді. 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Республикасы мен өңірге қатысты ХХІ ғасырдың он негізгі жаһандық сын-қатерін атап өтті.
Бүгінде дүние жүзіндегі миграциялық үдерістерден 50 миллионға жуық бала жапа шегіп отыр. Бұл балалар тіркеуде болмағандықтан білім алу, медициналық қызметке жүгіну, азаматтық мәртебеге қол жеткізу құқығынан айырылған. Оқу-тоқудың орнына жұмыс істеуге мәжбүр. Адам саудасы мен зорлық-зомбылықтың да құрбаны болып жатады. Жалпы, әлемде соңғы жарты ғасырда миграция көлемі 2, 5 есеге өсіп, мигранттардың саны 200 млн адамға дейін жетті. Олардың басым бөлігі - 16 мен 35 жас аралығындағы жастар. Жастардың миграцияға кетуіне жоғары білім алу, шетелдік азаматпен некеге тұру немесе өмір сүруге қолайлы өңірге қоныс аудару, өміріне қауіп төнуіне байланысты басқа жаққа босу сияқты түрлі факторлар әсер етеді.
Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясындағы қатерлердің бірі - демография мәселесі. Өңірде бірқатар зерттеу жүргізіп, 10 миллионға жуық адамның көші-қон процесінде. Көші-қон жүйесін нығайту және реттеу бойынша байыпты бағдарлама қажет. Оның үстіне мигранттар мен Үкіметтің арасында өзара сенімнің орнауы өте маңызды.
Соның ішінде мигрант отбасының балалары ұзақ уақытқа (Қазақстан заңдары бойынша алты айдан көп мерзімге) немесе ата-аналарымен тұрақты тұруға қоныстанушы азаматтардың әлеуметтену үдерісіндегі мәселелер болып табылады. Олармен әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет - көпқырлы, көпқұрылымды және үздіксіз жүзеге асырылып отыратын күрделі үдеріс. Әлеуметтік педагог олардың бойындағы адами қасиеттерді, кәсіби қабілеттерді, өмірлік дағдылары мен шеберліктерін жетілдіріп, олардың этикалық және кәсіптік мүмкіндіктерін кеңейтудің білім беру мен қолданбалық салаларын жүзеге асырады.
Ресейлік В. Г. Бочарова, Р. А. Литвак, М. А. Галагузова, А. В. Мудрик, Н. Ю. Л. В. Мардахаев және т. б. сынды ғалымдар әлеуметтік педагогиканың түрлі мәселелерін қарастырса, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлау мен әлеуметтік педагогтер қызметінің бағыттарын зерттеуге Г. Ж. Меңлібекова, Ш. Ж. Колумбаева, , І. Р. Халитова секілді зерттеушілер Қазақстандағы әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік жұмыстың әдіснамасы мен тарихын, теориясы мен практикасын негіздеуге атсалысты.
Қазақстандағы әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік жұмыс мәселелеріне қатысты зерттеулерге жасалған талдау бұл мәселені педагогика ғылымының тарапынан әлі де терең ізденістер жасаудың қажеттігін көрсетеді. Өйткені әлеуметтік педагогтың мигрант отбасының балаларымен жұмыс жасау жүйесін жетілдірудің маңыздылығы мен осы мәселелердің теориялық тұрғыда жүйелі түрде жүргізілмеуі арасында; уақыт талабына орай әлеуметтік педагогтарды даярлау қажеттілігінің арта түсуі мен әлеуметтік педагогтарды кәсіби даярлау жүйесіндегі тәжірибенің жетімсіздігі арасында қарама-қайшылық туындап отыр. Бұл әлеуметтік педагогтың мигрант отбасының балаларымен жұмыс жасау ерекшеліктерін салыстырмалы-педагогикалық тұрғыда зерттеу әлеуметтік педагогика ғылымын дамытудағы өзекті мәселелерінің бірі екендігін нақтылай түседі.
Диплом жұмысының мақсаты: мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік-педагогиялық жұмысты ұйымдастыру негіздерін теориялық тұрғыдан қолдау.
Диплом жұмысының міндеттері:
мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздерін анықтау;
мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік-педагогиялық жұмысты ұйымдастырудың әдістемесін қарастыру;
мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік-педагогиялық жұмысты ұйымдастыру әдістемесінің мазмұнын ашу;
мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік-педагогиялық жұмысты ұйымдастырудың эксперимент нәтижесін зерттеу.
Диплом жұмысының нысаны: мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік-педагогиялық жұмысты ұйымдастырудың жүйесі.
Диплом жұмысының пәні: мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік-педагогиялық жұмысты ұйымдастырудың факторлары және үрдісі.
Диплом жұмысының әдістері зерттеу мәселесі бойынша философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау, үлгілеу, эксперимент, тура және жанама бақылау, сауалнама, сұхбаттасу, педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және қорыту, зерттеу деректерін өңдеудің статистикалық математикалық әдістері қолданылды.
Дилом жұмысының ғылыми болжамы егерде, мигрант отбасының балаларымен әлеуметтендіру жұмысын теориялық теориялық тұрғыдан негізделсе және олармен жұмыс жүргізу тәсілдері жасалып, оны әлеуметтендіру үдерісінде ендірсе, онда бүгінгі қоғам талаптарына сәйкес олармен әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудың мазмұны ашылса, мигрант отбасы балаларының өзіндік құқығын қалыптастыруға нәтижелі қол жеткізіледі, өйткені, бұл жағдайда осы үдеріс субъектілерінің тұлғалық қасиеттерінің дамуының тұтастығы, жүйелілігі қамтамасыз етіледі.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Тарау 1. Мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері
1. 1 Мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың алғышарттары
Қоғамды дұрыс басқару үшін және тиімді әлеуметтік-экономикалық саясат жүргізу үшін миграциялық ағымдардың көлемі мен мигранттардың құрамын бағдарлай білу, миграцияны тудыратын факторларды және миграцияның салдарын анықтай білу қажет. Демографиялық процестердің ішінде халықтың миграциясы маңызды орын алады. Өйткені миграцияға қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге шұғыл көңіл бөлетін жауапты сипат тән. Халықтың миграциясы демографиялық жағдайларға, елдің тұрғындары санының бірден көбеюіне немесе азаюына, оның жастық және жыныстық құрылымына тез және белсенді ықпал етеді.
Тұрғындар туралы қазіргі мәліметтерді жинақтау жүйесінде демографиялық процестер туралы макро және микромәліметтерді алуға болады. Макродеңгейдегі мәліметтердің негізгі қайнар көзі болып халық санағы, тұрғындардың табиғи жылжуының ағынды есебі, көші-қон және тұрғындар регистрлері саналады. Таңдаулы зерттеулер - микродеңгейдегі мәліметтерді жинайды (тұрмыстық құрылымы, үй-шаруашылығы, бір топ адамдар туралы мәлімет) . Тұрғындар дамуы - тұрғындардың сандық және сапалық өзгеруінің заңды процесі. Бұл процесс адамзат дамуы барысында күрделене түседі. Халық, тұрғындар өзгеруін жан-жақты түсіндіру үшін тек бір демографияны пайдалану аз. «Тұрғындар үнемі жылжу жағдайында болады: туылады, өледі, үйленеді, ажырасады, мемлекеттің бір аймағынан келесі аймағына көшеді (көп немесе аз уақытта), бір іс-әрекет саласынан басқа салаға өтеді, бір әлеуметтік топтан келесі әлеуметтік топқа ауысады. Осы жылжулардың барлығы тұрғындардың үш негізгі қозғалыс түрін белгілейді: табиғи, миграциялық және әлеуметтік. Барлық жылжулардан көптүрлі, миграциялық - тұрғындардың территориялық қозғалысы ең күрделі болып табылады».
Көші-қон ағындарының бағыттары, құрылымы, көлемі туралы ақпараттың негізгі қайнар көзі болып көші-қон туралы ағымды есеп, халық санағы, тұрғындарды арнайы таңдау зерттеулердің нәтижесі, түрлі тізімдер және тұрғындардың регистрлері. Көші-қон есебін қалыптастыру-табиғи жылжуының есебін жүргізуден қиын. Халықаралық миграция есебіне қарағанда ішкі миграция есебі жақсы ұйымдастырылған. Бұл қиыншылықтар миграцияның ерекшеліктеріне байланысты. Мигрант, миграция түсініктерінің жалпы белгілері болмауы халықаралық көші-қонды есепке алуды қиынға соқтырады. «Миграция туралы мәліметтің қайнар көзіне қарай, көші-қон есебінің әдістері екі түрге бөлінеді: тік және жанамалы [1] .
Тік әдіс - әр миграциялық құбылысты келген және кеткен жерлерінде тіркеуге алады. Жанама әдістер таңдау зерттеулерінің нәтижелері мен халық санағының мәліметтерін ғана пайдаланады».
Территориялық қозғалыстың мәнін, оның міндеттерін және қозғалыстың демографиялық міндетін түсіну қажет. Алғашқы «миграция» туралы ғылыми ұғымды белгілі ағылшын ғалымы Е. Равенштейн 1885-89 жылдары енгізді. Ол миграция - көші-қон белгісін: «адамның мекен-жайының тұрақты немесе уақытша өзгеруі» деп өте қарапайым түрде түсіндіреді»[2] .
Миграция - үздіксіз процесс, оны 4 факторлар тобының байланысы белгілейді:
- мигранттың алғашқы мемлекеттегі мекен-жайы;
- мигранттың нақты қозғалыс кезі, көші-қон процесі;
- мигранттың жаңа мекен - жайына қоныстануы;
- мигранттың жеке тұлғалық сипаттамаларының факторлары: демографиялық сипаттамалардың жиынтығы, жеке тұлғалық қалаулар.
«Е. Равенштейн Ұлыбританиядағы, Солтүстік Америкадағы көші-қон процестерін зерттей келе 11 миграциялық заңдарды қалыптастырды:
- Басым жағдайларда миграция жақын аймақтарға жүзеге асады.
- Көші-қон процесі рет-ретімен, кезең-кезеңімен жүзеге асады.
- Ірі сауда-саттық немесе өнеркәсіптік орталықтарына бағытталған миграция ұзақ аймақтық болып келеді.
- Әр миграциялық ағымға қарсы миграциялық ағым сәйкес келеді.
5. Миграция процесіне, қала тұрғындарына қарағанда ауыл тұрғындары көбірек ұшырайды, ауылдан қалаға көшеді.
6. Ішкі миграцияларда әйелдер, халықаралық миграцияда - ерлер белсенді.
7. Мигранттардың басым бөлігі ересек тұрғындар, отбасылы адамдар сирек көшеді.
8. Ірі қалалардың санының өсуі -табиғи өсім немесе мигранттар есебінен болады.
9. Миграция көлемі өнеркәсіп, сауда- саттық, көлік дамуына сәйкес өседі.
10. Мигранттардың басымдылығы ауыл тұрғындары, олар ірі өнеркәсіптік және сауда-саттық орталықтарына қоныстанады.
11. Миграцияның негізгі себептері - экономикалық себептер болып табылады. » [3] .
Қазіргі қоғамның даму кезінде осы аталған заңдарының бірі жоғалып бірі күшейіп келеді (атап айтсақ, алғашқы үш заңдар) . Бұл заңдар миграция теориясының және үрдістердің негізін қалыптастыруда.
Ертеде «миграция» ұғымы екі мағынада: «тар» мағынада - жаңа мекен-жайға қоныстану, және «кең» мағынада - «бүкіл аймақтық территориялық, халықаралық қозғалыс»болып пайдаланылды. Қазір «миграция» әмбебап мағынада пайдаланылады, әр түрлі категорияларды қамтиды: металдар, жануарлар, клеткалар қозғалыстары болады. Қазіргі уақытта тұрғындар миграциясы деп «халықтың миграциялық қозғалысын» атайды.
«Демографиялық ғылымда ең көп түсініктемелері бар ұғым - миграция ұғымы». Миграцияның түрлері науқандық маятник түрде, қысқа мерзімдік, ұзақ мерзімдік, қайта оралмайтын миграция, жүйелі түрде жүзеге асатын көші-қон, үздіксіз жүретін көші-қон, өз еркімен жүзеге асатын көші-қон, күштеушілік арқылы жүзеге асатын, қалаға, ауылға, сыртқы, ішкі, халықаралық, сауда саттық, экономикалық, еңбек мақсаттарымен жүзеге асатын көші-қон түрлері болып бөлінеді.
Миграцияның басқа демографиялық процестерден айырмашылығы көші-қон территориялық және уақыт көлемінде бірыңғай өтеді. «Ұзақтығына, мақсаттарына, жиілігіне қарамай, кез-келген территориялық қозғалысты, әр түрлі мекен-жай, аймақтар арасында жүзеге асатын көші-қон процесін кең мағынада миграция деп атайды. »
Миграция - географиялық қозғалыс, басқа мемлекетке, аймақтық территорияға демалыс, басқа кез-келген мақсатпен 7 күннен көп уақытқа қоныс аудару. Тұрғындар миграциялық қозғалыстар нәтижесінде материалдық жағдайын жөндейді, сол себептен миграция әлеуметтік-экономикалық жағдайымен сипатталады. Миграцияның қоғамдық маңызы бар экономикалық, демографиялық, жағымды және жағымсыз, ашық және жасырын, ағымды және ұзақ мерзімді себеп-салдары болады.
Халықаралық миграция және сыртқы миграция деген ұғымдардың айырмашылығы бар. «Сыртқы миграция» - халықаралық көші-қон және ішкі қон арасындағы типі (этникалық миграцияны айтамыз) . Сыртқы миграцияның халықаралықтан айырмашылығы - мигранттар мемлекеттік бақылаудан өтпейді, ұлттық шекарадан аспайды. Қазір еуропа мемлекеттердің арасында «мөлдір» шекара тәртібі орналасқан, бір мемлекеттің азаматы келесі мемлекетке белгілі мақсатпен көшсе, ол халықаралық мигрантқа жатпайды. Европа мемлекеттерінің Кеңесі бойынша Шенген келісімі арқылы алған виза барлық Шенген Одағына қатысты мемлекеттерінде жүзеге асады. Тұрғындардың халықаралық миграция түсініктерінің классификациясы:
Эмигрант-иммигрант, шетел тұрғындары, шет елде туылған тұлғалар, еңбекші-мигранттар, иждивенцы-мигранттар, өз еркімен көшкендер, амалсыз көшкендер, қашқындар, саяси пана іздегендер, саяси сенімсіздік нәтижесінде жер аударғандар, экологиялық қуғындар, «интелектуалды қуғындар»- зиялы қауымның жер аударуы, науқандық мигранттар, фронтальер жұмысшылар, көшпенділер, қасиетті жерлерді аралаушылар т. б.
Кесте-1. Халықаралық мигранттардың негізгі ірі топтарының классификациясы
Иммигранттар, қайта оралмайтын
мигранттар.
Тұрақты, ұзақ мерзімді мигранттар:
еңбекші мигранттар
студенттер, стажерлер
басқа адамдардың қарамағындағылар-иждевенцы.
Тұрақты, ұзақ мерзімді мигранттар:
еңбекші мигранттар
студенттер, стажерлер
басқа адамдардың қарамағындағылар-иждевенцы.
Оралым, циркулярлық мигранттар:
«Бизнес»мигранттары.
Ұсақ-сауда саттықпен айналысатын мигранттар.
Оралым, циркулярлық мигранттар:
«Бизнес»мигранттары.
Ұсақ-сауда саттықпен айналысатын мигранттар.
Көшпенділер, Қажылық сапарын
шегушілер.
Нелегалды иммигранттар
Заңды көшіп келгендер
Заңсыз көшіп келгендер.
Нелегалды иммигранттар
Заңды көшіп келгендер
Заңсыз көшіп келгендер.
Қайта оралмайтын, мәңгі көші-қонға - халықаралық миграция есебінде тек территориялық, мемлекетаралық қозғалыс емес (тұрақты мекен-жайын өзгерту), бұған қосымша болып, азаматтығын өзгерту жатады. (эмиграция - көшіп кету, иммиграция - көшіп келу) . Ішкі мигранттардың санына кеткендердің және келгендердің саны кіреді. Қайта оралмайтын көші-қон демографиялық процесс ретінде қарастырылып, тұрғындардың жалпы санына, жастық-жыныстық құрылымына, репродуктивтік ұстанымға, мінез-құлығына әсер етеді. Ал тұрақты-уақытша миграцияға жаңа жерде (жаңа елде) шектеулі бір уақытпен жүру жатады, кей кезде ол біршама ұзақ мерзімге созылады.
Науқандық көші-қон -міндетті түрде қайта оралу деген сөз, ол бірнеше айға созылады, алайда бір жылдан аспайды. Маусымдық миграция негізінен еңбек күшіне сұраныс тудыратын белгілі бір маусымдық жұмыстарда көрінеді.
Маятник түріндегі көші-қон (тұрақты мекен-жайынан жақын шекаралық, басқа территорияға бір күн ішінде немесе бір аптаға жұмысқа барып қайту. ) Мәселен, фронтьерлік (ағылшынша - шекаралық) миграция. Олар күнделікті, немесе апта салып мемлекет шекарасынан өтіп, басқа елде еңбек ететіндер. Соңғы 30 жыл аралығында көлемі қатты өсті. Айта кететін жайт, халықаралық тәжірибеде фронтальер - жұмысшыларды мигранттар есебінен шығарып тастаған.
Эпизодикалық қозғалыс - іскерлік, туристік, рекреациондық т. б. жүйелі түрде орын алатын қозғалыстар. «2000 жылы дүние жүзінде туризм - 474 млрд. АҚШ доллар пайдасын әкелді, ал туристердің саны 697 млн. адамды құрады. » Көші-қон негізгі түрлерінің ара қатынасы - дүние жүзіндег миграциялық ағындардың азаюын көрсетеді. Жоғарыда айтылғандармен қоса қазіргі кездегі күштеушілік арқылы жүзеге асатын көші-қон - халықаралық және ішкі болып бөлінеді. Саяси және экологиялық себептерге байланысты туындаған - мәжбүрлі миграция деп те аталатын бұл көші-қон түріне -»қашқындар», «саяси қашқындар», эвакуация, депортацияға ұшырағандар, жер ауыстыруға мәжбүрленген тұлғалар жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz