Мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік - педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың алғышарттары
Тақырып: Мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру
Мазмұны
Кіріспе
Тарау 1. Мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері
1.1 Мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың алғышарттары
1.2 Мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың қазіргі жағдайы
1.3 Мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері
Тарау 2. Мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік-педагогиялық жұмысты ұйымдастырудың әдістемесі
2.1 Мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік-педагогиялық жұмысты ұйымдастыру әдістемесінің мазмұны
2.2 Мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік-педагогиялық жұмысты ұйымдастырудың эксперимент нәтижесі
Қорытынды
Қоданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғаннан кейін экономикалық және әлеуметтік-демографиялық жағдайдың түбегейлі өзгеруіне байланысты жаңа мәселелер туындады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуының және оны әлемдік қоғамдастықтың мойындауының нәтижесінде пайда болған жаңа экономикалық және саяси жағдаяттар бүкіл елдегі және оның аймақтарындағы көші-қондық үдерістердің түрі мен бағытына едәуір маңызды өзгертулер енгізді. Ұзақ мерзім бойы Қазақстан халықаралық миграциясы эпизодтық сипаттағы туристік және жеке сапарлармен, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысумен шектелген жабық ел болды. Ол негізінен, социалистік және дамушы елдердегі өндірістік кәсіпорындар мен басқа да объектілердің құрылысына жоғары білікті жұмысшылардың іссапарлары түрінде жүзеге асты.
Экономикалық даму процесінде заңсыз мигранттардың артуы жұмыспен қамтудың артта қалуына әкеп соқты. Соңғы үш, төрт жылда Қазақстаннан 376 мың адам шығып, 377 мың адам кірген. Халықтың ішкі ауысуының негізгі себебі бұрынғы тұрған орындарындағы қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай - жұмыстың болмауы, қалалардың алшақтығы, елді мекеннің тиісті инфрақұрылымының болмауы және т. б. А
Қазақ - - стан - - ның 2012-2018 жылдар - дың статис - тикалық жинағының дерегі бо - йынша, көрші елдер - ден келетін мигранттар тасқы - нын Ресейден кейін көп қабыл - дай - тын елімізде 14 пен 28 жас ара - лы - ғындағы халық - тың үлесі 25 пайыздай ғана екенін ескерсек, басқа орталықазиялық елдермен салыстырғанда жас - тар саны жылдан жылға азайып бара жатқанын байқаймыз. Яғни халықтың жас бөлігін құрауда мигранттар үлесінің артуы алдағы уақытта көші-қон саясатына ба - йыппен қарау керектігін көрсетеді. Халықтың белгілі бір кезеңдегі географиялық жылжуы көші-қон ұғымымен салыстырғанда кең екенін де естен шығармау керек. Өйткені оның әлеуметтік-экономикалық дамудағы рөлі зор. Жалпы, миграцияның қайтым - сыз (қоныс аудару), қатынамалы, маусымдық және еңбек пен ішкі көші-қон сияқты түрлері бар. Әрқайсысы әлеуметтік-эконо - микалық, саяси немесе этнос - а - ралық жағдайға байланысты дами - тындықтан мемлекет миг - рация - лық саясатты жүргізуде өңір - лік тұрғыдан келгені дұрыс. Адамзат тарихындағы миграция - лық үрдістер әлемнің демогра - фия - лық келбетін қалыптастыруда айтарлықтай рөл атқарды, әлем экономикасының жаһандануына әсер етті. Елдер арасындағы тұ - рақ - - ты байланысқа негізделген, қоғам - - ның тұтастығына әлеуметтік мә - де - - ниет арқылы ықпал ететін халық - - аралық миграцияның жаңа фор - - малары пайда болып жатқан кезеңд - е жас әрі адам ресурсы аз Қазақстанның нақты шаралар қабылдауы қажет-ақ.
2018 жылдың ортасында Астанада жедел алдын алу шаралары жүргізіліп, көші-қон заңнамасын бұзған 1033 мигрант анықталды. Олардың 828-і Өзбекстан, 51-і Қырғызстан, 71-і Тәжікстан, 29-ы Әзірбайжан, 18-і Ресей, 9-ы ҚХР, 14-і Армения, 6-ы Грузия, 5-і Түркия азаматы. Алматыда осыған ұқсас іспен мыңдаған мигрант тіркелген. Қазірдің өзінде іздеу салынған азаматтар мен бізге беймәлім қылмыстық жайттар баршылық. Осы ретте шешімін таппаған мәселе ретінде тұрғылықты жер бойынша тіркеудің жеңілдетілген тәртібін енгізу маңызды. Бір ғана Алматы қаласының нақты халық санын тек халық санағы кезінде анықтауға болады. Ал халық санағы 10 жылда бір-ақ рет өткізіледі. Соңғы статистикалық мәліметтер бойынша соңғы 6 айда Алматы қаласына тұрақты тұруға 50 мың адам келген. Ал уақытша тіркеуге 188 882 адам тіркелген. Ал тіркелмей жүрген адамдар жайында, шет елдерден келген азаматтар жайында ешқандай нақты мәлімет жоқ.
Сонымен қатар Қазақстанға шетелдерден халықтың көп көлемде көшіп келуі тән болып отыр. Бұл мемлекеттік шекаралардың ашық болуына, республиканың геосаяси орналасуына, ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығына, сондай-ақ көші-қон жөніндегі заңдардың жетіліспегендігіне, әрі көші-қон үдерістерін мемлекеттік реттеу тәжірибесінің жеткіліксіздігіне байланысты туындап отыр. Мемлекеттің саяси тұрақтылығы, оның нарықтық қатынастарға мақсатты түрде бағыт алуы Қазақстанды шетел капиталы мен жұмысшы күші үшін тартымды етіп отыр. Мұның өзі Қазақстандағы халық санының өзгерулеріне әсер етуде. Елге көшіп келушілерге байланысты жаңа мәселелер туындауда.
Экономикалық реформалардың тереңдей түскен кезінде елдің демографиялық жағдайында едәуір өзгерістер болуда, бүкіл елдегі және Қазақстан Республикасының аймақтарындағы көші-қон үдерістерінің сипатына, түрі мен бағытына маңызды түзетулер енгізілуде, республиканың еңбек ресурстарының едәуір бөлігі босап шығуда. Халықтың миграциялық жылжымалылығының қарқындылығы да сөзсіз өсіп келеді. 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан - 2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Республикасы мен өңірге қатысты ХХІ ғасырдың он негізгі жаһандық сын-қатерін атап өтті.
Бүгінде дүние жүзіндегі ми - гра - циялық үдерістерден 50 мил - лионға жуық бала жапа шегіп отыр. Бұл балалар тіркеу - де бол - ма - ғандықтан білім алу, ме - ди - циналық қызметке жүгіну, азаматтық мәр - те - беге қол жеткізу құқығынан айыр - ыл - ған. Оқу-тоқудың орнына жұмыс істеуге мәжбүр. Адам саудасы мен зорлық-зом - бы - - лық - - тың да құрбаны болып жата - - ды. Жалпы, әлемде соңғы жарты ғасырда миграция көлемі 2,5 есеге өсіп, мигранттардың саны 200 млн адамға дейін жетті. Олар - дың басым бөлігі - 16 мен 35 жас аралығындағы жастар. Жас - тар - дың миграцияға кетуіне жоғары білім алу, шетелдік азаматпен некеге тұру немесе өмір сүруге қолайлы өңірге қоныс аудару, өміріне қауіп төнуіне байланысты басқа жаққа босу сияқты түрлі факторлар әсер етеді.
Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму страте - гиясындағы қатерлердің бірі - демография мәселесі. Өңірде бірқатар зерттеу жүргізіп, 10 миллионға жуық адамның көші-қон процесінде. Көші-қон жүйесін нығайту және реттеу бойынша байыпты бағ - дар - лама қажет. Оның үстіне миг - рант - тар мен Үкіметтің арасын - да өзара сенімнің орнауы өте маңызды.
Соның ішінде мигрант отбасының балалары ұзақ уақытқа (Қазақстан заңдары бойынша алты айдан көп мерзімге) немесе ата-аналарымен тұрақты тұруға қоныстанушы азаматтардың әлеуметтену үдерісіндегі мәселелер болып табылады. Олармен әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет - көпқырлы, көпқұрылымды және үздіксіз жүзеге асырылып отыратын күрделі үдеріс. Әлеуметтік педагог олардың бойындағы адами қасиеттерді, кәсіби қабілеттерді, өмірлік дағдылары мен шеберліктерін жетілдіріп, олардың этикалық және кәсіптік мүмкіндіктерін кеңейтудің білім беру мен қолданбалық салаларын жүзеге асырады.
Ресейлік В.Г. Бочарова, Р.А. Литвак, М.А.Галагузова , А.В. Мудрик, Н.Ю. Л.В. Мардахаев және т.б. сынды ғалымдар әлеуметтік педагогиканың түрлі мәселелерін қарастырса, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлау мен әлеуметтік педагогтер қызметінің бағыттарын зерттеуге Г.Ж. Меңлібекова, Ш.Ж. Колумбаева, , І.Р. Халитова секілді зерттеушілер Қазақстандағы әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік жұмыстың әдіснамасы мен тарихын, теориясы мен практикасын негіздеуге атсалысты.
Қазақстандағы әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік жұмыс мәселелеріне қатысты зерттеулерге жасалған талдау бұл мәселені педагогика ғылымының тарапынан әлі де терең ізденістер жасаудың қажеттігін көрсетеді. Өйткені әлеуметтік педагогтың мигрант отбасының балаларымен жұмыс жасау жүйесін жетілдірудің маңыздылығы мен осы мәселелердің теориялық тұрғыда жүйелі түрде жүргізілмеуі арасында; уақыт талабына орай әлеуметтік педагогтарды даярлау қажеттілігінің арта түсуі мен әлеуметтік педагогтарды кәсіби даярлау жүйесіндегі тәжірибенің жетімсіздігі арасында қарама-қайшылық туындап отыр. Бұл әлеуметтік педагогтың мигрант отбасының балаларымен жұмыс жасау ерекшеліктерін салыстырмалы-педагогикалық тұрғыда зерттеу әлеуметтік педагогика ғылымын дамытудағы өзекті мәселелерінің бірі екендігін нақтылай түседі.
Диплом жұмысының мақсаты: мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік-педагогиялық жұмысты ұйымдастыру негіздерін теориялық тұрғыдан қолдау.
Диплом жұмысының міндеттері:
мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздерін анықтау;
мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік-педагогиялық жұмысты ұйымдастырудың әдістемесін қарастыру;
мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік-педагогиялық жұмысты ұйымдастыру әдістемесінің мазмұнын ашу;
мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік-педагогиялық жұмысты ұйымдастырудың эксперимент нәтижесін зерттеу.
Диплом жұмысының нысаны: мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік-педагогиялық жұмысты ұйымдастырудың жүйесі.
Диплом жұмысының пәні: мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік-педагогиялық жұмысты ұйымдастырудың факторлары және үрдісі.
Диплом жұмысының әдістері зерттеу мәселесі бойынша философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау, үлгілеу, эксперимент, тура және жанама бақылау, сауалнама, сұхбаттасу, педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және қорыту, зерттеу деректерін өңдеудің статистикалық математикалық әдістері қолданылды.
Дилом жұмысының ғылыми болжамы егерде, мигрант отбасының балаларымен әлеуметтендіру жұмысын теориялық теориялық тұрғыдан негізделсе және олармен жұмыс жүргізу тәсілдері жасалып, оны әлеуметтендіру үдерісінде ендірсе, онда бүгінгі қоғам талаптарына сәйкес олармен әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудың мазмұны ашылса, мигрант отбасы балаларының өзіндік құқығын қалыптастыруға нәтижелі қол жеткізіледі, өйткені, бұл жағдайда осы үдеріс субъектілерінің тұлғалық қасиеттерінің дамуының тұтастығы, жүйелілігі қамтамасыз етіледі.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Қоғамды дұрыс басқару үшін және тиімді әлеуметтік-экономикалық саясат жүргізу үшін миграциялық ағымдардың көлемі мен мигранттардың құрамын бағдарлай білу, миграцияны тудыратын факторларды және миграцияның салдарын анықтай білу қажет. Демографиялық процестердің ішінде халықтың миграциясы маңызды орын алады. Өйткені миграцияға қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге шұғыл көңіл бөлетін жауапты сипат тән. Халықтың миграциясы демографиялық жағдайларға, елдің тұрғындары санының бірден көбеюіне немесе азаюына, оның жастық және жыныстық құрылымына тез және белсенді ықпал етеді.
Тұрғындар туралы қазіргі мәліметтерді жинақтау жүйесінде демографиялық процестер туралы макро және микромәліметтерді алуға болады. Макродеңгейдегі мәліметтердің негізгі қайнар көзі болып халық санағы, тұрғындардың табиғи жылжуының ағынды есебі, көші-қон және тұрғындар регистрлері саналады. Таңдаулы зерттеулер - микродеңгейдегі мәліметтерді жинайды (тұрмыстық құрылымы, үй-шаруашылығы, бір топ адамдар туралы мәлімет). Тұрғындар дамуы - тұрғындардың сандық және сапалық өзгеруінің заңды процесі. Бұл процесс адамзат дамуы барысында күрделене түседі. Халық, тұрғындар өзгеруін жан-жақты түсіндіру үшін тек бір демографияны пайдалану аз. Тұрғындар үнемі жылжу жағдайында болады: туылады, өледі, үйленеді, ажырасады, мемлекеттің бір аймағынан келесі аймағына көшеді (көп немесе аз уақытта), бір іс-әрекет саласынан басқа салаға өтеді, бір әлеуметтік топтан келесі әлеуметтік топқа ауысады. Осы жылжулардың барлығы тұрғындардың үш негізгі қозғалыс түрін белгілейді: табиғи, миграциялық және әлеуметтік. Барлық жылжулардан көптүрлі, миграциялық - тұрғындардың территориялық қозғалысы ең күрделі болып табылады.
Көші-қон ағындарының бағыттары, құрылымы, көлемі туралы ақпараттың негізгі қайнар көзі болып көші-қон туралы ағымды есеп, халық санағы, тұрғындарды арнайы таңдау зерттеулердің нәтижесі, түрлі тізімдер және тұрғындардың регистрлері. Көші-қон есебін қалыптастыру-табиғи жылжуының есебін жүргізуден қиын. Халықаралық миграция есебіне қарағанда ішкі миграция есебі жақсы ұйымдастырылған. Бұл қиыншылықтар миграцияның ерекшеліктеріне байланысты. Мигрант, миграция түсініктерінің жалпы белгілері болмауы халықаралық көші-қонды есепке алуды қиынға соқтырады. Миграция туралы мәліметтің қайнар көзіне қарай, көші-қон есебінің әдістері екі түрге бөлінеді: тік және жанамалы [1].
Тік әдіс - әр миграциялық құбылысты келген және кеткен жерлерінде тіркеуге алады. Жанама әдістер таңдау зерттеулерінің нәтижелері мен халық санағының мәліметтерін ғана пайдаланады.
Территориялық қозғалыстың мәнін, оның міндеттерін және қозғалыстың демографиялық міндетін түсіну қажет. Алғашқы миграция туралы ғылыми ұғымды белгілі ағылшын ғалымы Е. Равенштейн 1885-89 жылдары енгізді. Ол миграция - көші-қон белгісін: адамның мекен-жайының тұрақты немесе уақытша өзгеруі деп өте қарапайым түрде түсіндіреді[2].
Миграция - үздіксіз процесс, оны 4 факторлар тобының байланысы белгілейді:
мигранттың алғашқы мемлекеттегі мекен-жайы;
мигранттың нақты қозғалыс кезі, көші-қон процесі;
мигранттың жаңа мекен - жайына қоныстануы;
мигранттың жеке тұлғалық сипаттамаларының факторлары: демографиялық сипаттамалардың жиынтығы, жеке тұлғалық қалаулар.
Е.Равенштейн Ұлыбританиядағы, Солтүстік Америкадағы көші-қон процестерін зерттей келе 11 миграциялық заңдарды қалыптастырды:
1. Басым жағдайларда миграция жақын аймақтарға жүзеге асады.
2. Көші-қон процесі рет-ретімен, кезең-кезеңімен жүзеге асады.
3. Ірі сауда-саттық немесе өнеркәсіптік орталықтарына бағытталған миграция ұзақ аймақтық болып келеді.
4. Әр миграциялық ағымға қарсы миграциялық ағым сәйкес келеді.
5. Миграция процесіне, қала тұрғындарына қарағанда ауыл тұрғындары көбірек ұшырайды, ауылдан қалаға көшеді.
6. Ішкі миграцияларда әйелдер, халықаралық миграцияда - ерлер белсенді.
7. Мигранттардың басым бөлігі ересек тұрғындар, отбасылы адамдар сирек көшеді.
8. Ірі қалалардың санының өсуі - табиғи өсім немесе мигранттар есебінен болады.
9. Миграция көлемі өнеркәсіп, сауда- саттық, көлік дамуына сәйкес өседі.
10. Мигранттардың басымдылығы ауыл тұрғындары, олар ірі өнеркәсіптік және сауда-саттық орталықтарына қоныстанады.
11. Миграцияның негізгі себептері - экономикалық себептер болып табылады. [3].
Қазіргі қоғамның даму кезінде осы аталған заңдарының бірі жоғалып бірі күшейіп келеді (атап айтсақ, алғашқы үш заңдар). Бұл заңдар миграция теориясының және үрдістердің негізін қалыптастыруда.
Ертеде миграция ұғымы екі мағынада: тар мағынада - жаңа мекен-жайға қоныстану, және кең мағынада - бүкіл аймақтық территориялық, халықаралық қозғалысболып пайдаланылды. Қазір миграция әмбебап мағынада пайдаланылады, әр түрлі категорияларды қамтиды: металдар, жануарлар, клеткалар қозғалыстары болады. Қазіргі уақытта тұрғындар миграциясы деп халықтың миграциялық қозғалысын атайды.
Демографиялық ғылымда ең көп түсініктемелері бар ұғым - миграция ұғымы. Миграцияның түрлері науқандық маятник түрде, қысқа мерзімдік, ұзақ мерзімдік, қайта оралмайтын миграция, жүйелі түрде жүзеге асатын көші-қон, үздіксіз жүретін көші-қон, өз еркімен жүзеге асатын көші-қон, күштеушілік арқылы жүзеге асатын, қалаға, ауылға, сыртқы, ішкі, халықаралық, сауда саттық, экономикалық, еңбек мақсаттарымен жүзеге асатын көші-қон түрлері болып бөлінеді.
Миграцияның басқа демографиялық процестерден айырмашылығы көші-қон территориялық және уақыт көлемінде бірыңғай өтеді. Ұзақтығына, мақсаттарына, жиілігіне қарамай, кез-келген территориялық қозғалысты, әр түрлі мекен-жай, аймақтар арасында жүзеге асатын көші-қон процесін кең мағынада миграция деп атайды.
Миграция - географиялық қозғалыс, басқа мемлекетке, аймақтық территорияға демалыс, басқа кез-келген мақсатпен 7 күннен көп уақытқа қоныс аудару. Тұрғындар миграциялық қозғалыстар нәтижесінде материалдық жағдайын жөндейді, сол себептен миграция әлеуметтік-экономикалық жағдайымен сипатталады. Миграцияның қоғамдық маңызы бар экономикалық, демографиялық, жағымды және жағымсыз, ашық және жасырын, ағымды және ұзақ мерзімді себеп-салдары болады.
Халықаралық миграция және сыртқы миграция деген ұғымдардың айырмашылығы бар. Сыртқы миграция - халықаралық көші-қон және ішкі қон арасындағы типі (этникалық миграцияны айтамыз). Сыртқы миграцияның халықаралықтан айырмашылығы - мигранттар мемлекеттік бақылаудан өтпейді, ұлттық шекарадан аспайды. Қазір еуропа мемлекеттердің арасында мөлдір шекара тәртібі орналасқан, бір мемлекеттің азаматы келесі мемлекетке белгілі мақсатпен көшсе, ол халықаралық мигрантқа жатпайды. Европа мемлекеттерінің Кеңесі бойынша Шенген келісімі арқылы алған виза барлық Шенген Одағына қатысты мемлекеттерінде жүзеге асады. Тұрғындардың халықаралық миграция түсініктерінің классификациясы:
Эмигрант-иммигрант, шетел тұрғындары, шет елде туылған тұлғалар, еңбекші-мигранттар, иждивенцы-мигранттар, өз еркімен көшкендер, амалсыз көшкендер, қашқындар, саяси пана іздегендер, саяси сенімсіздік нәтижесінде жер аударғандар, экологиялық қуғындар, интелектуалды қуғындар- зиялы қауымның жер аударуы, науқандық мигранттар, фронтальер жұмысшылар, көшпенділер, қасиетті жерлерді аралаушылар т. б.
Кесте-1. Халықаралық мигранттардың негізгі ірі топтарының классификациясы
Көшіп-келгендер
Көшіп кеткендер
Иммигранттар, қайта оралмайтын
мигранттар.
Иммигранттар, қайта оралмайтын мигранттар.
Тұрақты, ұзақ мерзімді мигранттар:
еңбекші мигранттар
студенттер, стажерлер
басқа адамдардың қарамағындағылар-иждевенцы.

Науқандық мигранттар
Науқандық мигранттар
Жақын аймақтан келген жалдамалы жұмысшылар.

Оралым, циркулярлық мигранттар:
Бизнесмигранттары.
Ұсақ-сауда саттықпен айналысатын мигранттар.

Көшпенділер, Қажылық сапарын
шегушілер.
Көшпенділер,Қажылық сапарын шегушілер.
Нелегалды иммигранттар
Заңды көшіп келгендер
Заңсыз көшіп келгендер.
Нелегалды иммигранттар
Заңды көшіп келгендер
Заңсыз көшіп келгендер.
Туристер, экскурсанттар
Туристер, экскурсанттар
Мемлекеттік өкімет өкілдері, шенеуніктер, дипломаттар, әскери қызметкерлер.

Қайта оралмайтын, мәңгі көші-қонға - халықаралық миграция есебінде тек территориялық, мемлекетаралық қозғалыс емес (тұрақты мекен-жайын өзгерту), бұған қосымша болып, азаматтығын өзгерту жатады. (эмиграция - көшіп кету, иммиграция - көшіп келу). Ішкі мигранттардың санына кеткендердің және келгендердің саны кіреді. Қайта оралмайтын көші-қон демографиялық процесс ретінде қарастырылып, тұрғындардың жалпы санына, жастық-жыныстық құрылымына, репродуктивтік ұстанымға, мінез-құлығына әсер етеді. Ал тұрақты-уақытша миграцияға жаңа жерде (жаңа елде) шектеулі бір уақытпен жүру жатады, кей кезде ол біршама ұзақ мерзімге созылады.
Науқандық көші-қон - міндетті түрде қайта оралу деген сөз, ол бірнеше айға созылады, алайда бір жылдан аспайды. Маусымдық миграция негізінен еңбек күшіне сұраныс тудыратын белгілі бір маусымдық жұмыстарда көрінеді.
Маятник түріндегі көші-қон (тұрақты мекен-жайынан жақын шекаралық, басқа территорияға бір күн ішінде немесе бір аптаға жұмысқа барып қайту.) Мәселен, фронтьерлік (ағылшынша - шекаралық) миграция. Олар күнделікті, немесе апта салып мемлекет шекарасынан өтіп, басқа елде еңбек ететіндер. Соңғы 30 жыл аралығында көлемі қатты өсті. Айта кететін жайт, халықаралық тәжірибеде фронтальер - жұмысшыларды мигранттар есебінен шығарып тастаған.
Эпизодикалық қозғалыс - іскерлік, туристік, рекреациондық т. б. жүйелі түрде орын алатын қозғалыстар. 2000 жылы дүние жүзінде туризм - 474 млрд. АҚШ доллар пайдасын әкелді, ал туристердің саны 697 млн. адамды құрады. Көші-қон негізгі түрлерінің ара қатынасы - дүние жүзіндег миграциялық ағындардың азаюын көрсетеді. Жоғарыда айтылғандармен қоса қазіргі кездегі күштеушілік арқылы жүзеге асатын көші-қон - халықаралық және ішкі болып бөлінеді. Саяси және экологиялық себептерге байланысты туындаған - мәжбүрлі миграция деп те аталатын бұл көші-қон түріне - қашқындар, саяси қашқындар, эвакуация, депортацияға ұшырағандар, жер ауыстыруға мәжбүрленген тұлғалар жатады.
Сыртқы миграцияға байланысты тағы бір түрі - заңсыз (астыртын) миграцияны бөліп алуға болады. Заңсыз мигранттар дегеніміз - жұмыс табу, өмір сүру мақсатында басқа бір елдерге заңсыз келушілер.
Циркуляция түріндегі қозғалыс:
1. Жұмыс орнына, оқу қаласына, демалыс орнына бару, дін мәселесі бойынша сапар шегу, т. б. мақсаттары мен тұрақты мекен-жайды ауыстыру.
2. Қысқа мерзімге, әр түрлі мақсаттарымен (жоғары білім алу, кезекті демалысын өткізу, әскери қызметті атқару, келісім-шарт негізінде, науқандық жұмысқа бару т. б.) уақытша тұрақты мекен-жайын ауыстыру.
3) Формасына қарай миграциялық қозғалыстарды былай деп бөлуге болады: мемлекеттің немесе әр түрлі қоғамдық құрылымдардың мәселен, ұйымдастырылған түрде еңбекшілерді жинау, қоғамдық үндеулер бойынша миграция) көмегі арқылы жүзеге асатын қоғамдық-ұйымдасқан және ұйымдаспаған, яғни мемлекеттің көмегінсіз жүзеге асатын миграция. Бірақ та ұйымдасқан миграцияда да қоныс аудару туралы жеке тұлға өзі шешім қабылдайды.
4) Миграциялық қозғалыстарды себептеріне байланысты жіктей отырып, оларды: экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени, діни, нәсілдік, әскери, демографиялық және т. б. деп қарастыруға болады.
5) Миграциялық қозғалыстың үш кезеңі белгілі:
1. Көші-қон туралы шешім қабылдау кезеңі (өз еркімен немесе күштеулік арқылы ашық, шынайы ақпарат негізінде немесе жасырын түрде шешім қабылдау)
2. Нақты көші-қон процесі (қоғамдық, құрылым, мемлекет органдары қамқорлығымен немесе өз қаражаты, күші амалдармен көшуі.)
3. Бейімделу кезеңі (жаңа мекен-жайына, қоғамға, ортаға, жұмыс орнына үйрену.)
Миграция деген терминді қолданбай, ол келесі түсініктерді пайдаланды: отаршылар, эмигрант, иммигрант, тұрғындар жылжуы, көшіп кету, қайтып көшу, көшпенділер, т. б. [4].
Халық қозғалысының түрлерін сипаттайтын Көші-қон халықтың өзіндік өсімінің ерекше элементі болса да, оны білімнің аралас салаларынан - адамдарды орнықтырудың заңдылықтарын зерттейтін географиядан бөле-жара қарауға болмайды. Халықтың көші-қон қозғалысы деген ғылыми ұғым қалыптасты. Халықтың көші-қон қозғалысы дегеніміз адамдардың әйтеуір бір аумақтың шекарасынан өтіп басқа жерге тұрақты немесе уақытша қоныстанатын барлық қозғалыстарының жиынтығы. Халықтың көші-қонуы ерекше процесс ретінде халықтың географиясын арнайы зерттейтін проблема болып табылады. Бірақ бұл салада демография, әлеуметтану, тарих және экономика сияқты түрлі ғылымдар тоғысады.
Мигранттармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс өзінің ғылыми және тәжірибелік жүйеленуінің бастапқы сатысында десе болады. Әрекет етуші мектептер мен бағыттар әлеуметтік жұмыс үшін аса пайдалы ғылыми және тәжірибеге негізделген зерттеулер жүргізуде. Әлеуметтік жұмыскердің миграцияға байланысты әдісі, қадамы антропологиялық әлеуметтанушы, мәдениеттанушы, демограф қадамдарына ұқсас болғанымен өзіндік пәндік қатынасты көрсетеді.
Миграция анықтамасындағы әрине, әмбебап белгі - бұл территориялық ауыспалық (жер ауыстырушылық). Алайда бұл жерде де әлеуметтік жұмыскер үшін миграцияның, ұқсастықтардың белгілі бір құрылымдарынан ажырау, жаңа құрылым қатынастарына байланысты адаптация мен интеграция мәселесінің шығуы сияқты жақтарын ашып көрсету маңызды. Миграция мәңгілік өзіміз-бөтен қарама-қайшылығының жиынтығы, түйіні. Бұл мекен-жайды ауыстыру ғана емес, сонымен қатар өзіміз және бөтен болып бөлінген жағдайға тап болған адамдардың қоғами-мәдени халі.
Әлеуметтік жұмыскер бұл мәселені жергіліктілер мен келімсектердің өзара әрекеттестігіне мүмкін болатын орта қалыптастыру деп түсінеді. Тәжірибелер көрсетіп бергендей, саяси, әлеуметтік, мәдени мағынада мигранттарды интеграциялау оңай шаруа емес. Дамыған елдерде батыстық емес, басқа мәдени үлгіні ұстанушылар болып табылатын жаңа кедейлер саны өсуде. Бұл қабылдаушы елдердің иммигранттық қауымдастықтарды кері итеруі салдарынан туындауда. Ондай қауымдастықтарға келер болсақ, олардың мәдени бірегейлігі өзара ынтымақтасуларына негізгі тірек болуда. Қабылдаушы ел тұрғындары мен мигранттар арасындағы қарсылық мигранттардың өздерінің мәдени үлгілерін, мінез-құлық нормаларын, құндылық бағдарламаларының консервациялануына қосымша стимул болуда. Ал бұл реципиент елдердің беріктігі мен тұтастығына төнетін елеулі қатер [5].
Әлеуметтік жұмыс пәні қоғамдық қатынастар жиынтығын әлеуметтік білімдердің нақтыланған сегменті (бөлігі) шеңберінде қарастырады. Мигранттармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс мәселесі бұл бағыт тәжірибелік және теориялық тұрғыда да бастапқы сатыда болғандықтан қиындықтар көп. Кейбір елдерде иммиграция толқынын қабылдау тәжірибесі мен қатар миграцияға қатысты адаптация, интеграция, аккультурация сияқты жұмыс түрлері қолға алынған. Мұның өзі мигранттармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың бағытының қалыптасуына ықпал етеді.
Әлеуметтік жұмыс пәніне әлеуметтік жұмыскердің адам - адам, адам - жергілікті бірлестік, адам - мемлекет қатынастарын зерттеу кіреді. Көптеген елдерде бұл қызмет әлеуметтік саясатты, миграциялық және демографиялық саясатты жүзеге асырудың маңызды бөлігі болып табылады [6].
Әлеуметтік жұмыскер өмірлік қиын жағдайда көмектеседі. Мигранттардың әлеуметтік ынтымақтастығын қолдауда, жеке және топтық дейгейдегі әлеуметтік қайшылықтарды жеңуге ықпал етеді. Егер әлеуметтік жұмыстың құрылуын еске алсақ, өзінің шығуы жағынан ол алғашқыда қоғамдық және мемлекеттік қайырымдылық қозғалыстардың ізбасарлары болды. Мигранттармен әлеуметтік жұмыс (АҚШ) құқықсыз ресми мигранттарды, құрылысшылардың кәсіподағының қорғауынан басталды. Мигранттармен әлеуметтік жұмыстың шығуы әлеуметтік көмек, әлеуметтік қорғау ұғымдарының мазмұнына ұқсас екендігін көрсетеді. Мигранттармен жұмыс сонымен қатар әлеуметтік педагогикамен әлеуметтік жұмыскердің жақындасу ролін де атқарады. Әдеуметтік педагогика балалармен, ересектермен ғана емес, мигранттармен жұмыс істеуді де қарастырады.
Әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік педагогиканың өзара әрекеттесуі тұрғындардың өмір сүруінің мәдени-әлеуметтік және материалдық жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатындағы адамға мемлекеттік және қоғамдық ықпал етудің ерекше түрі. Дегенмен әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік педагогика әрекеттері ұқсас болғанмен, әрқайсысы өзіндік бағыт. Мигранттармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс - бұл қалыптасып келе жатқан ғылыми бағыт. Әлеуметтік көмек, әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру, ұқсастықтары болғанмен, әлеуметтік жұмыс түсінігін - тектік, ал басқаларын - әртүрлілік түсініктері деп тану керек.
Мигранттармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі. Мигранттар маргиналдық жағдайда болғанмен жалғыз басты немесе қарт адамдардан, мүгедектер мен жұмыссыздардан айырмашылығы бар жандар. Санасы, мінез-құлқы мен мәртебесі түйісіп отыратын, аралық жағдайда және көбіне қандай да бір себептермен өзара әрекеттес әлеуметтік топтардың біріне ұзақ уақыт бойы бейімделе алмайтын немесе бейімделгісі келмейтін адамдардың, қандай да бір әлеуметтік топтар өкілдерінің жиынтығы маргиналдар деп аталады. Олардың мәртебесінің шығу тобы мен басымдық танытушы топ арасындағы шекаралық, аралық сипаты болады, сондықтан бір жақты өзін-өзі сәйкестендіруге келмейді. Мигранттар жаңа территорияларда міндетті түрде әлеуметтік демографиялық, рухани-мәдени және кәсіби мүмкіндіктерге ие болып өздерінің орнын табуға көмекті қажет ететін, жоғалтқандарының орнын толтыру мақсатындағы жаңа жеке және қоғамдық байланыстарды қамтамасыз етуге ұмтылушы адамдар. Осының барлығы әлеуметтік жұмыс шеңберінде жеке бағыттың - мигранттармен жұмыстың болуын қажет етеді.
Заман талабына байланысты, мемлекеттің көші-қон үдерістерінің басым бір бағытындағы саясатын одан әрі жетілдіру аясында, Елбасының тапсырмасына сәйкес Нұрлы кеш бағдарламасы жұмыс жасайды.Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты - елдің демографиялық жағдайына, әлеуметтік-экономикалық дамуына, өндірістік күштердің орын алмастыру кеңістігіне орай, мигранттарды жұмысқа орналастыру. Қазіргі күнге дейін халықты әлеуметтік қорғау бірлестіктерінде арнайы жұмыс жасайтын жүйе жоқтың қасы. Әрине, оны құру әлеуметтік қажеттілік деп білу керек.
Ғылыми және кәсіби бағыттағы дифференциация (бөлу, жіктеу) пәнді ғана анықтап қоймай сонымен қатар әдістерін де тануға көмектеседі. Барлық қоғамдық жұмыстар секілді әлеуметтік жұмыстың әдістері де таным әдісі және әрекет әдісі болып бөлінеді.
Таным әдісі - зерттелуші обьектіге деген рационалды қарым-қатынастарды жазу, обьектіні танудың адекватты әдістерін анықтау, санаттар мен түсініктерді жасау.
Ал әрекет әдісі - белгілі бір санаттағы адамдарға көмек түріндегі әлеуметтік жұмыстың тікелей қызметінің бір бөлігі. И. Нойфельд бұл әдісті бұл қалай істеледі? сұрағына жауап беретін әдіс деп қарастырады [7].
Әдістер әлеуметтік жұмыстың адамдар мен қалыптасқан жағдайларға ақыл мен адамгершілік тұрғысында ықпал етудің жүйелік тәртіптер жинағын қамтиды.
Мигранттармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстағы таным әдісі өзарапәндік болып табылады. Әлеуметтік және заңдық антропология неғұрлым барабарлық десе болаады. Ол әдістер мигранттарды обьект ретінде ғана емес, белсенділікке ие, әлеуметтік қоршаған орта біршама дәрежеде айқындаған арнайы субьект ретінде зерттейді.
Таным әдісі санаттарға бөлініп қарастырылады. Екі орталық санаттар (әлеуметттік жұмыс және мигранттар) әлеуметтік-мәдени, философиялық антропологикалық, философиялық-құқықтық - өмірдің мәні мен құндылықтары, өмірлік қызмет руханилық, өмірлік орта, ар-намыс санаттарымен ара қатыста болады.
Әлеуметтік жұмыс ұғымы әмбебап мәнге ие болуға ұмтыла отырып жалпы қоғамдық ұйымдастырушылық принциптермен, сонымен қатар, қоғамдық делдалдық, ынтымақтастық, өзара көмек, ізгілік принциптерімен де байланыста болады.
Мигранттармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың мәнін түсіндіруде әлеуметтік және психологиялық санаттардың ішінде неғұрлым тиімдісі әлеуметтік идентификация және идентификация (ұқсастық, бірегейлік) санаттары.
Э. Эриксон ұқсастық, бірегейлік - жалпы және әмбебап санат деп санайды, оның көмегімен адамдар өздерінің басқалармен теңдігін және теңсіздігін, сонымен қатар сол теңдік пен теңсіздігіне басқа адамдардың қатынасын біле алады [8].
Мигранттармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыста сонымен қатар, гуманитарлық-құқықтық адам абыройы, адам құқықтары, адамның әлеуметтік құқықтары, әлеуметтік құқықтық мемлекет, әлеуметтік қызмет сияқты санаттар аса маңызды.
Мигранттармен жұмыста сақтап қалу, қайта орнату, әлеуметтік ұқсастықтың өзгеруі тақырыптары негізгі мәселелер болып табылады. Әлеуметтік жұмыскер жерін, қоршаған орта, мәдениетін, кәсібін ауыстырған адамның жоғалтқан ұқсастығын, пара-парлығын қайта орнатуға көмектеседі, жаңа жердегі белгілі бір байланыстарды құрумен байланысты материалдық жағдайға, денсаулыққа, жұмысқа орналастыруға ықпал етеді.
Әлеуметтік жұмыс мигранттардың жаңа қоғамдастыққа бейімделуіне, теңестірілуіне, интеграциялануына, өзіндік ұйымдардың төменгі құрылымдарын қолдауға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаны қалыпты жағдайда қолдау, тұрғындардың жоғары рухани және материалдық жағдайы өндірістің дамуы және жұмыс орындарымен қамтамасыз етілуі - мигранттардың агенттік - ұқсастық құрылымдарының құрылуының негіздері. Осы негіздер арқылы мигранттар келген елдерінде қоғами-мәдени құндылықтардың қажетті жиынтығына қол жеткізуге және интегралдануға ұмтылады.
Тұжырымдай келе, ойға түйгеніміз: әлеуметтік жұмыс жаңадан қалыптасып, дамып келе жатқанына қарамастан, мигранттарға көмек беруде олардың жаңа ортаға бейімделулерінде аса маңызды рөл атқаратыны олардың алға қойған мақсаттары мен міндеттерінен айқын көрініп тұр.
Әлеуметтік салада жұмыс істейтін мамандар көмек сұрап келетін әр адамның жеке басының әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және басқа да мәселелерін шешуге және де әлеуметтік қатынастар түзуге әзір.
Әлеуметтік бағыттағы жұмыстарды екіге бөліп қарастыруға болады:
Тәжірибелік әлеуметтік жұмыс ( әлеуметтік көмекті тікелей беру);
Ұйымдастырушылық жұмыс (әлеуметтік іс-әрекеттер, бағдарлама құру,әлеуметтік қызметті ұйымдастыру).
Тәжірибелік әлеуметтік бағыттағы жұмыстар негізнен: әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-медициналық, қаржылық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік ақпараттар тағы сол сияқты жұмыстар. Осы айтылған бағыттағы жұмыстарға жеке-жеке тоқтала кетсек:
I. Әлеуметтік бағыттағы жұмыстар көбінесе қор бірлестіктерімен бірігіп істеледі.Олар:
әлеуметтік кеңес беру;
әлеуметтік түзету іс-шаралары;
әлеуметтік көмекті тез арада қажет ететіндерді анықтау;
зейнетақы мен материалдың көмекті алуға көмектесу.
өзара көмектесуге топтарды ұйымдастыру;
келушілердің мінез-құлқын анықтау;
қиын мінезді адамдармен алдын-алу жұмыстарын жүргізу;
мәдени іс-шаралар жүргізу (қарттар және мүгедек қандастарымыздың жанұясындағы адамдармен жұмыс);
- жатақханада, уақытша баспанада тұратын оралмандармен алдын-алу жұмыстары;
- бала-бақшаға, әлеуметтік тұрғын үйлерге орналастыру;
- оралмандарға берілетін көмекті дер кезінде алуға көмектесу;
- маманның мемлекеттік, қоғамдық ұйымдармен бірігіп істейтін жұмыстары ( оралмандарға көмек беру мәселелері бойынша).
II. Әлеуметтік- ақпараттық бағыттағы жұмыстар:
- оралмандарға әлеуметтік қызмет жұмысынан ақпарат беру;
- оралмандардың өздерінен ақпарат жинау;
- оралмандармен тығыз әлеуметтік қатынастар орнату;
- телеарна, газет-журналдар мамандарымен қандасбауырларымыз жайында ақпарат алмасу;
III. Әлеуметтік-психологиялық бағыттағы жұмыстар білім беру мен денсаулық сақтау мекемелерімен тығыз қарым-қатынаста жүргізіледі.
психологиялық кеңес беру жұмыстары;
әлеуметтік бейімдеуге арналған психологиялық түзету жұмыстары;
психологиялық көмекті дер кезінде әсіресе, стресс алған уақытта жүргізу;
стресстің алдын-алу, болдырмау жұмыстары:
оралмандармен психологиялық тренинг жүргізу;
оралман жанұя балалары мен жасөспірімдерімен психологиялық болжау жұмыстарын жүргізу;
жаңа мамандық алуға психологиялық кеңес және болжау жұмыстарын жүргізу;
өмірлік жоспарларын дұрыс қалыптастыру жұмыстары.
IV. Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы жұмыстарды білім беру, денсаулық сақтау және құқық қорғау мекемелерімен бірігіп жүргізеді.
отбасы және балаларды тәрбиелеу мәселелері жөнінде кеңес беру;
әлеуметтік-педагогикалық жұмыстарды балалармен және жасөспірімдермен жүргізу;
арнайы түзету көмектерін қажет ететіндермен әлеуметтік педагагогикалық жұмыс;
балаларды, жасөспірімдерді оқыту кезінде болатын мәселелік жағдайларға әлеуметтік-педагогикалық көмек беру;
балалардың білім алуына бақылау жасау;
жастар мен жеткіншектердің кәсіби білім алуына кәсіби кеңес жұмыстарын ұйымдастыру;
балалардың жаңа ортаға бейімделуіне орай мәдени іс-шаралар өткізу;
жастардың білім алуы мен жаңа ортада тәрбиеленуіне инновациялық бағытта жұмыстар жүргізу;
қайта оқыту мен тәрбиелеу, жаңа технологиялық процестерді меңгерту.
V. Әлеуметтік -дәрігерлік бағыттағы жұмыстар денсаулық сақтау мекемелерімен бірігіп атқарылады:
әлеуметтік-медициналық кеңес беру;
дәрігерлік көмек жұмыстарын ұйымдастыру;
жеке гигиеналық нормаларды білу үшін санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу;
дәрігерлік сақтандыру жұмыстарын жүргізу;
жұқпалы аурумен ауыратын және еңбекке жарамсыз адамдарды анықтау және оларға дәрігерлік кеңес беру;
психикасында ауытқуы барларға психологиялық көмек беру;
дәрі-дәрмек және басқа да медициналық құралдарды алуға көмектесу;
емдеуге төленетін қаржылық көмекті алуға жәрдемдесу;
тұрғын үйлердің санитарлық хал ахуалына бақылау;
салауатты өмір салтын насихаттайтын шаралар ұйымдастыру.
VI. Қаржылық бағыттағы жұмыс- олардың жеңілдікпен несие (ссуда) алуы.
әлеуметтік-экономикалық мәселелерге кеңес беру;
қаржылық көмекті, тек экономикалық дербестікке жеткенше беру;
оралмандардың қаржылық кірістеріне көмектесу.
VII. Әлеуметтік құқықтық мәселелер бойынша құқық қорғау
мекемелерімен бірігіп жұмыс істеу.
көші-қон заңдарымен таныстыру;
оралмандардың құқығы мен міндеттері туралы мәліметтерді айту;
әлеуметтік құқықтық кеңес беру.
VIII. Материалдық көмек беру бағытындағы жұмыстар қоғамдық
ұйымдар арқылы жүзеге асады:
азық-түлік заттарымен қамтамасыз ету;
киім-кешекпен қамту;
дәрі-дәрмек, құрылыс материалдарымен көмек беру.
IX. Жұмыспен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар:
негізгі және қосымша жұмыспен қамтамасыз ету;
кәсіптік бағдар беру, жұмысқа орналастыру;
кәсіби дайындық және басқа мамандықтарды игеру жұмыстарына кеңес беру;
жаңа технологияларды игеру;
инновациялық бағыттағы жұмыстарды оқытып, меңгеру;
тіл үйрену т.б. оқыту курстарын ашу.
Халықтық миграция процесі әруақытта бола береді және ол коғамға өз әсерін тигізбей қоймайды.
Миграция ел экономикасына елеулі өзгерістер әкеледі, кейде пайдасы бар, кейде әлеуметтік қақтығыстар болуы да мүмкін.
Заман талабына байланысты, мемлекеттің көші-қон үдерістерінің басым бір бағытындағы саясатын одан әрі жетілдіру аясында, Елбасының тапсырмасына сәйкес Нұрлы кеш бағдарламасы жұмыс жасайды.Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты - елдің демографиялық жағдайына, әлеуметтік-экономикалық дамуына, өндірістік күштердің орын алмастыру кеңістігіне орай, мигранттарды жұмысқа орналастыру [36].
Басқа елден келген қандастарымыздың мәселелерін кешенді шешу, ол аймақтық деңгейдегі әкімшіліктің бірігіп атқаратын жұмысы. Қазіргі күнге дейін халықты әлеуметтік қорғау бірлестіктерінде арнайы жұмыс жасайтын жүйе жоқтың қасы. Әрине, оны құру әлеуметтік қажеттілік деп білу керек.

Әлеуметтік педагогтың тұрақты мекен-жайы жоқ тұлғалармен жұмысы. Соңғы уақыттары Қазақстанда нақты мекен-жайы жоқ тұлғалар санының артуы, олардың қайыршылық пен каңғыбастық мәселелері, жылдан-жылға үлкен көңіл аударарлық жағдай.
Қазақстандағы тұрғылықты мекен-жайы жоқ азаматтардың пайда болуы қазіргі уақытта қиын әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылып, мемлекеттік және атқарушы органдардың жан-жақты араласуын талап етуде. 90-шы жылдардан бастап құқық реттеуші органдардың негізгі мәселесі ретінде, оны шешуге әр түрлі мемлекеттік құрылымдар, соның ішінде әлеуметтік қызметшілер жұмылдырылған еді. Нақты мекен-жайы жоқ тұлғалар қайдан шығады? Мұндай адамдарды Қазақстанның жолдарды торуылдауға, жертөлелерде тұруға, вагондарда немесе мүлдем ашық аспан астында күн кешуге не нәрсе итермелеуде?
1. Психикалық ауытқуы бар тұлғалар, алкогольдік немесе наркомандар, емделгісі келмейтіндер, отбасымен қарым-қатынасын үзгендер және амалының жоқтығынан барғандар, сонымен қатар алаяқтардың тұзағына түскендер;
2. Бұрын сотталғандар, әлеуметтік қарым-қатынасын жоғалтқандықтан конституциялық құқыққа сай баспана алуға мүмкіндігі жоқтар;
3. Туыстарының баспананы сатып жіберуі немесе олар қайтыс болған жағдайда жоғалытуы;
4. Туыстардың бірге тұруға құлқы болмағанда (адам өзіне тиесілі ауданнан зорлықпен шеттетіледі);
5. Соттың міндеттегенін орындаудан жалтарған немесе қылмыс жасап, ізін суытуға мәжбүр тұлғалар;
6. Тұрғылықты аудан беруші кәсіпорынмен, соттың шешімі бойынша қызметтік тұрғылықты ауданнан көшірілген тұлға;
7. Босқындар,қоныс аударуға мәжбүр болғандар, басқа мемлекеттерден заңсыз жолмен Қазақстанға кіргендер;
8. Ата-анасынан, әлеуметтік тұрғын мекемелерден және үйлері мен мектеп-интернаттардан қашқан балалар;
9. Біздің елімізде соңғы жылдары үйсіздік мәселесі неден ушыққан? Қазақстан халқын әлеуметтік қорғау органдары өткізген әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, үйсіздік пен қанғыбастыктың себебі төмендегідей белгілермен сипатталады:
10. халықтың өмір сүру дәрежесінің құлдырауы және отбасындағы сәтсіз қарым-қатынастың дамуы.;
11. баспанасын жоғалтуы;
12. құқық қорғау органдарының, халықты әлеуметтік қорғау орындарының, қамсыздандыру қызметінің, көші-қон қызметінің және тағы басқалардың нақты мекен жайы жоқ тұлғалармен қарқынды жұмыстың жеткіліксіздігінен;
13. алкогольді және есірткіні, т.б. зиянды заттарды пайдаланатын тұлгалардың санының артуы ;
14. заңнаманың әлсіздігі;
15. шекарадағы бақылаулардың төмендігі;
16. көршілес елді мекендердегі қақтығыстардың болуынан;
17. халыктың әлеуметтік - экономикалық жағдайының нашарлауы, жұмыссыздық;
18. тұрғындардың нақты бір шоғырының еңбек етуге және салауатты өмір сүру қалпын ұстанғысы келмейтіндіктен;
19. Басқадай жағдайлар.
Нақты мекен-жайы жоқ тұлғалардың тура статистикасы жоқ. Бірқатар мамандардың пікірі бойынша, тек ірі қалалардың өзінде бірнеше мыңнан астам қаңғыбас тұлғаларды көруге болады. Сондай-ақ үйсіздіктің себебі де тұргын үй бағаларының шарықтап өсуі.
Нақты мекен-жайсыз тұлғалар нені алға тартады? Олардың басқа азаматтардан өзгешеліктері қандай болуы мүмкін?
Ересек қанғыбастардың ішінде әйелдерден ер адамдар көп; орташа есеппен олардың жастары 30-50 жас аралығында өзгеріп тұрады. Олардьщ 90
пайыздан астамы еңбекке жарамды. Бұл санаттағы өкілдер үшін өмір сүру көзі: қайыр сұрау, ұрлық,жеңілдіктің үстімен өмір сүру, еңбек етуге құлқы
жоқтар т.б. болып табылады. Қаңғыбастар жергілікті және өзге қалалық деп аталатын топтарға бөлінеді. жергіліктілер шатырда, жертөлелерде, тастанды үйлердің пәтерлерінде және жылу жүргізілген құбырлардың құдықтарында өмір сүреді. Өзге қалалықтардың орны -негізінен бекеттер, базар төңіректері мен соларға қатысты аймақтар. Қаңғыбастардың өмір салты өмір сүру үшін күреске бағытталған. Оларға әрқашанда жылы орындарды яғни, мейрамхана, кафе, асхана жанындағы табысты орындарда тұруға, азық-түлік үшін күрес, алкоголь және бірнеше сағат тыныш ұйықтап алу мүмкіндігі үшін күреседі.
Нақты мекен-жайы жоқ тұлғалардың айрықша ерекшеліктеріне жататындар: тұрғын үйінің болмауы, тіркеуде жоқ, төл құжаттары, туысқандары және нақты мақсаттары мен табыстарының болмауы. Қаңғыбасты бірден тануға болады. Олардың сыртқы келбеті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz