Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл
КІРІСПЕ
Қазір елімізде баспасөздің орны ерекше деуге болады. Өйткені мемлекеттік, қоғамдық өмірде болсын бұқаралық ақпарат құралдарының әсер-ықпалы зор. Әсіресе қоғамдық пікір туғызуда баспасөз ерекше көзге түседі. Күнделікті газет-журналдарда шығып жататын материалдар сан алуан тақырыпта ой-пікір қозғайды. Ал олардың тиражы миллиондаған оқырмандарға жетеді. Мұның өзі үлкен идеялық та, идеологиялық рөл атқаратынын ескеруіміз керек. Демек, баспасөз халыққа сөз арнаудың, ой-санаға әсер етудің күшті құралы. Бірде Президент Н.Назарбаев Қазақстан ұлттық телеарнасының ұжымымен кездескенде: Бұқаралық ақпарат құралдарының күші - әскери қарулы күштердің күшінен кем емес [1], - деген еді. Бұл расында да БАҚ-қа деген нақты, тауып айтылған тұжырым еді.
БАҚ бір жағынан, бұрыннан және тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық айналасындағы оқиғалар алаңына айналды. Олар үлкен сұранысқа ие. Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына ерекше топтық монополия жоқ, сондықтан уақытша бұл тақырып күн тәртібінен алына алмайды.
Екінші жағынан, іскерлік элита БАҚ-ның күшін және оларға қаражат жұмсаудың саяси рентабельділігі тиімді экономикалық салдарға әкелетінін танып түсінді. Журналистар мен олардың иелерінің арасындағы заңдық және экономикалық қатынастардың реттелмегендігі бұл салада көлеңкелі және сыбайластық қатынастардың кең тарауына себеп болады. Нәтижесінде мемлекеттік емес БАҚ күшті азаматтық қоғам отрядынан экономикалық және бюрократиялық топтардың арасындағы күрес құралына айналуға мәжбүр болады.
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда жемқорлық мәселесі тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа да елдері үшін аса өзекті мәселе болып табылады. Сыбайлас жемқорлық ұлттық шектеулерді білмейді. Ол барлық жерлерде таралған. Бүгінде жемқорлық түсінігі әлемнің барлық баспаларында журналдар мен газеттердің беттерінде жиі айтылады. Сондықтан Қазақстан Республикасы үшін сыбайлас жемқорлықпен күресте үздік тәжірибелерді қолдану үшін жемқорлықпен күрестің әлемдік тәжірибесін зерттеу және талдаудың маңызы зор.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дайын рецепт жоқ. Бірақ енгізілген және тәжірибеде қолданылып жатқан көптеген табысты мысалдар, әдістер, жаңалықтар бар. Қазақстан өзінің ерекше менталитетін, адамгершілігін және жеке тұлғаға деген құрметін сақтай отырып, әрдайым басқа елдердің тәжірибесінен ең жақсысын таңдап алатындығымен, басқалардан үйренуге ұялмайтындығымен ерекшеленеді. Мұның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді тәжірибесіне де тікелей қатысы бар.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Бұқаралық Ақпарат Құралдары (БАҚ) - сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті қалыптастырдың белсенді, әрі тиімді құралы. Оған Казахстанская правда газетінің Корупции - заслон, Из зала суда, Панорама событий, Дата, Оперативная часть, Егемен Қазақстан, газетінің Жемқорлық - індет, оны жою - міндет, Айқын, газетінің Сенген серкем..., Есеп, Караван, газетінің Штрафстоянка, ЭкспрессК, газетінің Коррупция, Афера, Борьба с коррупцией, Криминал, Взятка, Мошеничество, Правопорядок және басқа БАҚ-тардың айдарларында жарияланатын материялдар мысал бола алады.
Сонымен қатар тақырыпқа арқау болған бірнеше телебағдарламалар зерттеу жұмысында қарастырылды. Диплом жұмысына сонымен қатар мақалалар, журналистік зерттеулер мен статистикалық мәлімметтер арқау болды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Журналистің міндеті - халықаралық қатынас барысында жəне ақпарат саласында демократияландыруға ықпал ету. Əсіресе мелекеттер мен халықтар арасындағы бейбіт жəне достық қарым-қатынастардың нығаюына көмектесу болмақ [2,б.17]. Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі БАҚ-ның негізгі рөлі - журналистік зерттеу арқылы сыбайлас жемқорлықтың пайда болып дамуына негіз қалайтын құпия тетіктер мен фактілерді жұртшылыққа жариялау, сол арқылы оның түбі ашылмай қалмайтындығына қоғамды сендіру. Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күрес жүгізу үшін БАҚ тəуелсіз болуы жəне шын мəнінде төртінші билік тармағына айналуы қажет. БАҚ-ның ерекше міндеті - əрбір адамның өз ой пікірін еркін білдіру құқығы мен толық жəне шынайы ақпарат алу құқығын қамтамасыз ету.
oo БАҚ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі қазіргі қазақстандық қоғамда таралуына мүмкіндік бермей, оның жасырын тетіктерін қоғамға түсіндіру болып табылады;
oo БАҚ-тың мейлінше пәрменді әдісі сыбайлас жемқорлық фактілеріне журналистік тексеру жүргізу және материалдар мен фактілерге жария сипат беру;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелі түрде жариялау проблемасы әртүрлі деңгейде талқыланады. Баспа басылымы, радио, телевидениенің сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлкен ықпал ете алуы БАҚ-тың айрықша рөлі екені сөзсіз.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспе, негізгі екі бөлімнен және тараулардан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы көлемі - 50 бет.
1 бөлім. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - ортақ іс
Жемқорлықты жеңу Қазақстан үшін нақты белгілеген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Сол себепті тұңғыш Президентіміз өзінің Қазақстан-2050 стратегиясында дамыған мемлекеттің жаңа саяси басымдықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресті атап көрсетті. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтқанда қоғамның көмегінсіз жемқорлықты жеңу мүмкін еместігін бірнеше рет атап өтті. Жастар сендердің жалпы күрделі мәселелерді шешуге, оның ішінде сыбайлас жемқорлықты жеңуге де қажет білімдерің жетерлік. Сендердің жемқорлыққа қарсы күресуге негізделген қызығушылықтарың да бар.
Көбіне қоғамда сыбайлас жемқорлыққа екі негізгі кейіпкер қатысады: үкімет және жеке меншік секторы. Қағида бойынша азаматтар жемқорлықтың бас құрбанына айналады. Қоғамның қабілеттілігі, оның ішінде біздің жастарды бақылау, мемлекеттік шенеуніктердің жемқорлық әрекеттерін анықтау және болдырмау жергілікті мәселелерді зерттеудің арқасында артады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамның барлық жігінің жүйелі түрдегі күш-жігері қажет.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңында сыбайлас жемқорлыққа мынадай анықтама берілген: бұл - ...жеке түрде немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктерді заңсыз алу және мемлекеттік қызмет атқарушы тұлғалардың, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалардың өз лауазымдық өкілеттіктері мен өкілеттеріне қатысты мүмкіндіктерін мүліктік пайда табу үшін жеке басына пайдалануы, сондай-ақ аталмыш тұлғаларға жеке және заңды тұлғалардың көрсетілген игіліктер мен жеңілдіктерді құқыққа қайшы түрде пара ұсыну жолымен сатып алуы. Ал БҰҰ-ның құжаттарында қолданылатын жемқорлық терминінің халықаралық-саяси анықтамасы мынадай: сыбайлас жемқорлық - бұл мемлекеттік билікті жеке бас пайдасы үшін, үшінші бір тұлғалар мен топтардың мақсаты үшін асыра пайдалану. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас жемқорлық - бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Сыбайлас жемқорлықты білдіретін белгілердің бірі пара алу не беру болып табылады.
Пара дегеніміз не? Бұл лауазымды тұлғаның басқа бір тұлғадан лауазымына қатысты көрсететін қандай да бір қызмет түріне берілетін ақша немесе өзге игіліктерді алуы. Бұл жағдайда көрсетілген ақша мен игіліктерді әрдайым парақордың жеке өзі алмайды, оларды көбіне оның жақын адамдарына немесе жасанды жалған ұйымдарға ұсынады.
Пара деп саналады: Заттар - ақша, оның ішінде валюта, банк түбіртектері мен құнды қағаздар, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдар, автокөліктер, пәтерлер, саяжайлар мен қала сыртындағы үйлер, азық-түліктер, тұрмыстық техника мен аспаптар, өзге тауарлар, жер учаскелері және өзге жылжымайтын мүлік. Қызмет түрлері және олжа - емделу, жөндеу және құрылыс жұмыстары, санаторлық және туристік жолдамалар, шетелдік сапар, ойын-сауықтар мен басқа шығындарды өтеусіз немесе төмен бағамен төлеу.
Сыбайлас жемқорлық неге өте қауіпті?Адамдардың көбі пара беру мен сыбайластықты қандай жағдайда да өздері үшін пайдалы немесе зияны жоқ құбылыс ретінде қарастырады:
- Мұның несі жаман? Көбірек төледім, есесіне техникалық байқаудан ешбір қиындықсыз өттім, оған қоса уақытты да үнемдедім.
-Дипломды сатып алдым да, ұлымды беделді жұмысқа орналастырдым. Бұдан кімге жаман болды?
Бұл тек бәрі үшін жаман ғана емес, сондай-ақ әрбір адам үшін қауіпті. Өйткені заң билігі әділ болмаса, ол кез келген адамды бүлдіруі мүмкін және саруайымға түсіреді. Жете түсініп көруге тырысайық. Барлығымыз да түрлі салық төлейміз. Алайда табыстың бір бөлігін мемлекетке бере отырып, біз оның әлеуметтік қызметті жүзеге асыруын қамтамасыз ететіндігін ескереміз: тегін білім алу, денсаулық сақтау, инфрақұрылымды құру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Егер мемлекеттік қаражатты сыбайлас жемқорлық тәсілмен бөлсе, не болар еді? Мысалы: Мемлекеттік орган аурухана салу немесе оны жөндеуден өткізуге келісімшарт жасасады. Шарт жасасу кезінде жеке мемлекеттік қызметкер шартты онымен сенімдік қарым-қатынасқа түскен фирма өкілдеріне ұсыну үшін олардан пара алады. Бірақ та бірде бір фирма параға кеткен шығындар есебінен өзіне залал келтіре отырып жұмыс жасамайды. Сондықтан рұқсат алған мұндай фирма жұмыстың және қолданатын материалдардың сапасын төмендетеді, оған қоса олардың құнын көтеріп жібереді. Соңында тек қоғам зардап шегеді. Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тек зиянын тигізіп қоймай, сонымен бірге оң нәтижеге жеткізбейтінін естен шығармауымыз қажет! Өйткені сыбайлас жемқорлық тәсімінде параны көбірек беруші ғана жеңіске жетеді. Бір қорқыныштысы - сыбайлас жемқорлықпен айналысу сол тұлға мен оның жақындарының сана-сезіміне залал келтіріп, дүниетанымдарын бұзады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мүмкін бе? Қазіргі заманғы әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде. Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ. Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше, ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты болып келеді.
Қазақстанда экономиканы жандандыру және ауқымды әлеуметтік түрлендіру жағдайында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысқан бүтіндей стратегияның қажеттілігіне анық көз жеткізілді. Осыған байланысты 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді. Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына нөлдік төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды тарту, сондай-ақ Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Стратегиямен белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты бағыттары мынадай:
Еліміздің Тәуелсіздік алған алғашқы күнінен бастап Елбасымыз бәрімізде тек бір yайым - қазақстан халқының амандығы және бір мақсат - Отанымыздың гүлденуі екендігін әрқашaн атaп көрсетеді. Бүгінгі таңда халқымыздың бірлігі мен елдегі тұрақтылық арқасында экономикамыз өркендеп, соның салдарынан азаматтарымыздың хал-aхуалы жақсарып келеді. Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқaрастарын қaлыптастыру мақсатында университетте тұрақты түрде Таза сессия штабы жұмыс істейді. Штаб қызметінің негізгі идеясы жастармен кездесулер өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, студенттер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу. Жастардың алған білімдері оларды өмірде туындаған кез келген жемқорлық атаулымен кездестір-
мейтіндігіне сенгіміз келеді. Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!
Коррупция термині латын тілінің corrutpere деген сөзінен шығып, мағынасы жағынан мемлекет организмін, қоғамдық қарым-қатынастарды бұзу дегенді білдіреді, параға сатып алу терминімен сәйкес, яғни лауазымды тұлғаның өз билігі өкілеттігі мен сеніп тапсырылған құқығын заңға және моральдық нормаларға қайшы келетін өтірік айту, бопсалаушылық, сөзбұйда жасау жолдарымен жеке бас пайдасы үшін қолдану. Көбіне бұл термин бюрократиялық аппаратқа және саяси элитаға қатысты жиі қолданылады. Осыған сай термин әдетте бастапқы латын сөзінің бірінші мағынасынан шығатын кең мағынаға ие, әдепсіздік тәртіпті білдіреді.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларында жемқорлықтың алдын алуға бағытталған және әкімшілік реформалар - мемлекеттік басқару жүйесін жеңілдетуден туындайтын міндеттерге басты назар аударылған. Елбасы сыбайлас жемқорлықпен күресудің негізгі бағдарламалық бағыттарын белгілеп берді. Содан бері мемлекеттік органдардың бақылау қызметтері қысқарып келеді, олардың жұмыстары бақылауға алынып, айқындығы қамтамасыз етілген, мемлекеттің экономика мен бизнеске араласуы кеміп келеді. Елбасы сыбайлас жемқорлықпен күресудің аса маңыздылығын түсіне отырып, сыбайластыққа қарсы саясатты жетілдіру бойынша шараларды қолдану туралы тапсырмалар берді. Осының нәтижесінде өзіне мемлекеттік қызметке өту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысуды жинақтаған жаңа орган құрылды. Ел Президентіне тікелей бағынатын орган болып табылатын Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекет пен қоғамның мемлекеттік қызметті, кадрлық саясатты жүзеге асырудағы күш-жігерін біріктіреді және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге күш салады. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган жұмысының негізгі бағыты мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады, өйткені бүгінде азаматтардың мемлекеттік органдармен жасайтын кез келген қарым-қатынасы, бір жағынан, сыбайластықтан құрылған қызмет түрін қабылдаумен байланысты.
Сыбайластық жемқорлықпен күрес мыналардың негізінде жүзеге асырылады:
● заң мен сот алдында бәрі тепе-тең;
●мемлекеттік органдар қызметін нақты құқықтық реттеумен (регламенттеумен) қамтамасыз ету, аталмыш қызметтің заңдылығы мен жариялылығы, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылау жасау;
● жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, ұйымдастыру-басқару жүйелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдылығы;
● жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қайта қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою және алдын алу;
● сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылармен күресуге жәрдемдескен азаматтардың жеке қауіпсіздігін және оларды ынталандыруды қамтамасыз ету;
● мемлекеттің мемлекеттік қызметті орындауға уәкілетті және оған теңестірілген тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауы, аталмыш тұлғалар мен олардың отбасыларының лайықты өмір сүрулері үшін бұл тұлғаларға еңбекақы (ақшалай қолдау) мен жеңілдіктер тағайындау;
● жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметтерін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын тұлғалардың өкілеттіктерін делегирлеуді болдырмау, сондай-ақ оларға бақылау мен қадағалау жүргізу.
1.1 Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл
Транспаренси Интернешнл халықаралық ұйымы жыл сайын ұсынып отырған Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіне (Corruption Perception Index) сəйкес (бұдан əрі - СҚИ) Қазақстан 2013 жылдың қорытындысы бойынша 2012 жылмен салыстырғанда 7-і көрсеткішке төмендеп, 177 елдің ішінде 140-шы орынға орналасқан [3].
Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі - бұл мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың таралу көрсеткіші бойынша жаһандық зерттеу жəне осыған байланысты əлем елдерінің рейтингі. Индекс шеңберінде сыбайлас жемқорлық жеке пайда мақсатында қандай да болмасын қызмет бабын, кез келген түрде пайдалану деп түсіндіріледі. Жоба бастамашылары индекстің сарапшылардың пікіріне бағытталуын сыбайлас жемқорлықты өлшеуде статистикалық мəліметтер, мысалға, сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша қылмыстық істер немесе сот үкімдері саны ескеріле қоймайды. Бұл мəліметтер, біріншіден, əрқашан қолжетімді емес, ал екіншіден, сыбайлас жемқорлықтың нақтылы деңгейін емес, сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау жəне жолын кесу бойынша құқық қорғау органдарының нəтижелі көрсеткіші. Бұл жағдайда, зерттеушілердің ойынша, ақпараттың жалғыз сенімді қайнар көзі - сыбайлас жемқорлықпен бетпе бет кездесетін (кəсіпкерлер) немесе оны зерттеумен кəсіби түрде айналысатындардың (сарапшылар) пікірі. СҚИ халықаралық ұйымдардың сараптамалық талдауларынан алынған мағлұматтар негізінде есептелетін жинақтаушы индикатор болып табылады. Барлық ақпарат көздері мемлекеттік жəне экономикалық сектордағы сыбайлас жемқорлықтың таралуының жалпы деңгейін бағамдап жəне көптеген елдердің көрсеткіштерінен тұрады. Индекс елдерді мемлекеттік сектордың жемқорлық деңгейін қабылдау негізінде 0 шкаласынан (сыбайлас жемқорлықтың ең жоғары деңгейде) 100 шкаласына (сыбайлас жемқорлықтың ең төменгі деңгейі) дейін орналастырады. Қорытынды рейтингіде елдің ұпайымен бірге ақпарат көздерінің саны келтіріледі. Белгіленген талаптарға сай қандай да болмасын елді индекске қосу үшін кем дегенде үш ақпарат көзі болуы тиіс. Жалпы алғанда, кемшіліктеріне қарамастан, индекс салыстырмалы түрде сенімді өлшем құралы.
Сыбайлас жемқорлық Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына қатер төндіреді, халықаралық аренада Қазақстан Республикасының жағымсыз имиджін жасай отырып, жүргізіліп жатқан экономикалық жəне əлеуметтік реформаларға кедергі жасайтыны сөзсіз. Сыбайлас жемқорлық сыбайлас жемқор жəне адал (жергілікті немесе шетелдік) кəсіпкерлерді алдын ала теңсіздік жағдайына қоя отырып, сыртқы жəне ішкі нарықтардағы бəсекелестікке нұсқан келтіріп, ұлттық экономикаға жағымсыз əсер етеді. Сыбайлас жемқорлық жөніндегі тəуелсіз сарапшылар қауымдастығының бағалауы бойынша, ол Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің құнын көтереді, бұдан ең алдымен халық зиян шегетіні сөзсіз[4].
Сыбайлас жемқорлық бизнес жүргізудің экономикалық жəне қаржылық ортасына зиян келтіріп, мемлекеттік басқару мен бизнестің тиімділігін, инвестицияларға ынталарын төмендетеді, экономикалық жəне саяси дамуды тежейді, əлеуметтік теңсіздікті туындатады, сондай-ақ саяси үдеріске белгілі бір тұрақсыздықты енгізеді.
Құқық қорғау органдары қабылдап жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларына қарамастан, олар айтарлықтай нəтиже бермей отыр. Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің ресми мəліметтеріне сəйкес, егер 2005 жылы анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша келтірілген зиян сомасы 379 млн теңгені ғана құраса, 2012 жылы осы көрсеткіш 7,8 млрд теңгеге дейін өскен. Ал ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің Экономика институтының директоры Сакен Еспаевтың мəліметтері бойынша, 1994 - 2013 жылдардағы Қазақстанға жемқорлықтан келген зиян 7.5 млрд долларға тең. Соңғы екі онжылдықта елден 120 млрд долларға жуық капитал кеткен. Соның ішінде біразы сыбайлас жемқорлық салдарынан [5].
Бұл көрсеткіштер, əрине, көңіл көншітерлік емес. Алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына қосылуды мақсат етіп отырған біздің ел үшін жақсы көрсеткіш деп айта алмаймыз. Осы құбылыстың ұлттық қауіпсіздігімізге қатер екендігі ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан - 2050 Стратегиясында: Жемқорлық жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді жəне ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер, - деп көрсетіледі[6].
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бəсекеге қабілеттілігін едəуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы - адамдардың қоғамдық демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен əділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне сызат түсіретіні даусыз. Сондықтан да сыбайлас жемқорлықпен күресте əлемдік елдердің нəтижелі тəжірибесін талдап анықтау біз үшін маңызды.
Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық мəселесін əрбір мемлекетте, түрлі халықаралық ұйымдарда кездестіруге болады. Бірақ ол барлық жерде бірдей бола бермейді. Тарихи дəуір жəне мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық даму кезеңіне қарай сыбайлас жемқорлықтың пайда болу мəселелері де əр алуан болып келеді. Кейбір шет елдердің мемлекеттік басқаруында жəне мемлекеттік қызметінде жемқорлықтың алдын алуға жəне жоюға бағытталған əкімшілік қалыптың кешендері құрылған. Бірқатар мемлекеттерде шенеуніктердің ар кодексі немесе этикалық кодекстер жиынтығы болып табылатын арнайы заңдар қабылданған. Осыған орай, шетел мемлекеттеріндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жəне жолын кесу шараларына назар аударайық.
Жариялылықты өмірде жүзеге асыруға, оны тереңдетіп дамытуға БАҚ-тың рөлі зор. Ол үшін нағыз шындық халыққа дер кезінде дəл сол болмысымен жетіп тұруға тиіс. Сонда ғана қалың бұқара белгілі билік орындарының, лауазымды тұлғалардың қызметін бақылай алады. Дəл осындай бақылау күшейсе, оны БАҚ қамтамасыз ете алса, онда елде сыбайлас жемқорлыққа айтарлықтай тосқауыл қойылады. Журналистің міндеті - халықаралық қатынас барысында жəне ақпарат саласында демократияландыруға ықпал ету. Əсіресе мелекеттер мен халықтар арасындағы бейбіт жəне достық қарым-қатынастардың нығаюына көмектесу болмақ [20]. Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі БАҚ-ның негізгі рөлі - журналистік зерттеу арқылы сыбайлас жемқорлықтың пайда болып дамуына негіз қалайтын құпия тетіктер мен фактілерді жұртшылыққа жариялау, сол арқылы оның түбі ашылмай қалмайтындығына қоғамды сендіру. Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күрес жүгізу үшін БАҚ тəуелсіз болуы жəне шын мəнінде төртінші билік тармағына айналуы қажет. БАҚ-ның ерекше міндеті - əрбір адамның өз ой пікірін еркін білдіру құқығы мен толық жəне шынайы ақпарат алу құқығын қамтамасыз ету. Журналистер əр түрлі ой пікірлерге қарамастан адамдардың əлеуметтік маңызы зор толық жəне шынайы ақпарат алу құқығын жүзеге асыруына ат салысуы керек. БАҚ қызметкерлері атқаратын кəсіби қызметтерінің нəтижесі тек елдің заңнамасына ғана емес, сонымен қатар адамдардың адамгершілігі, ақыл-ойы мен денсаулығына залал келтіретін ақпараттар таратуға шек қоятын журналистік этика ережелеріне де тəуелді. Журналистер сөз бостандығы мен тəуелсіз ой-пікірді жариялауға міндетті. Баспасөз бостандығы бүкіл халықтікі, сондықтанда қоғамдық маңызы бар қандай да бір ақпараттарды жариялау əлдебір саяси, коммерциялық т.б жекелеген топтардың ықпалына түспеуі қажет. БАҚ олардың ішкі редакциялық іс-əрекеттері ықпал етілмейтіндей қалыпта жариялауға кепілдік берілуі керек. Журналистер өз жұмысында тек өзі қызмет ететін БАҚ аудиториясының ғана мүддесін білдіруі тиіс. Жалған ақпарат тарату ақпаратты əдейі бүркемелеу арқылы ақша табу кəсіби қылмыс ретінде қаралуы тиіс. Журналистік қызмет жасырын, жалған ақпаратпен сыйыспайды. БАҚ жұмысы тиімділігінің өлшемі - өзінің экономикалық іс-қимыл қорытындылары мен танымалдылығы жəне сол БАҚ-ына қатысты оқырмандардың сенімі.
Еліміздің егемендіктен кейін қол жеткізілген елеулі жетістігі - жариялылық. Алайда бұрынғы идеологиялық тəуелділіктің орнын экономикалық тəуелділік басты. Кімдер ақша төлесе - БАҚ беттері мен эфирде солар музыкалатты. Бұл құралды қалталылар тиімді пайдаланып келеді. Десек те, заң бойынша бəрі басқаша болуы тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңында тап осылай бапталған. БАҚ құрылтайшылары қаржыландыру көздерін ашық көрсетуі тиіс. Жариялылық болуы керек немесе ұлттық қауіпсіздікке зиян шектірерлігі анық. Дегенмен, сыбайлас жемқорлық мəселелері көбіне көп шетелдік БАҚ-ның хабарламаларында көп жазылып, айтылып келеді. Жергілікті БАҚ жоғарыдан тапсырма болмаса, бұл тақырыпты қозғалай бермейді. Өйткені, ондай материалдарды ішкі цензура (редакциялық билік) жариялауға қарсы тұрады. Тек интернет жүйесінде ғана ондай өткір - сыбайлас жемқорлыққа қарсы материалдар сиректе болса бой көрсетіп тұрады [20]. Мемлекеттік мекемелердегі шенеуніктер БАҚ-пен байланыс жасаудан қашқақтайды. БАҚ-ның өз басына жетерлік проблемалары бар. Журналистер де азаматтық коғамның мүшелері. Күнделікті өмірде қоғамның өзге мүшелері секілді оларда сыбайлас жемқорлықтың түрлі жолдарымен кездесіп отырады. Өзге адамдар сияқты оларда өзінің жеке проблемасын шешу үшін біреуге пара беруге, не болмаса пара алуға мəжбүр болатын жайттарда кездеседі. Батыстық түсінік бойынша БАҚ тек оқырманға ғана тəуелді. Ерекше жайттар мен жақсы жаңалықтарды БАҚ-ның өзі сатып алуға дайын жүреді. Сондықтан жақсы жаңалықтар табу үшін журналистердің өзі сізге қызығушылық білдіруі мен сіз туралы жазуы - батыстық пиардың негізін құраушы ерекшеліктер болып табылады. Ресей медиа-нарықтарын зерттеушілердің пікірінше БАҚ ақшаны өзі алмайды, жанында клиенттермен келіссөз жүргізіп алатын тəуілсіз пиарлық агенттіктер ұстайды. Қалғандары мүмкіндігінше жұмыс істей береді, бірақ барлығына ортақ ереже бір: көшедегі адамнан ешкім ақша алмайды. Егер сіздің өз байланыстарыныңыз жоқ болса, онда үстінен табыс түсіретін қосымша делдал іздеуге тура келеді. Қазақстандағы жағдай көп ретте Ресейдегі жағдаймен ұқсас жəне саяси процестердің дамуымен бірге оның жолдары да жетілдіріле түсуде. БАҚ өкілдері арасында жемқорлық іс-əрекеттердің пайда болуына себеп болған жайттардың бірі - журналистің қарапайым күнкөріс көзін қанағаттандыра алмайтын төменгі табысы. Жұмыс істеуге жағдай жасалмауы, төменгі жалақы БАҚ-дағы жемқорлықтың басты себептері болып табылады. Журналистік этика тек моральдық-адамгершілік мəселелеріне ғана емес кəсіби қызметке де тікелей қатысты. Барлық журналистік этика кодекстеріне ортақ проблемалардың бірі - кодекстің заңдық күші болмайтындығында, сондықтанда көптеген журналистер кодекс қағидаларын орындауды міндетті деп есептемейді. Дегенмен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте - жариялылықтың маңызы зор. Мұны əрине тек қана бұқаралық ақпарат құралдары ғана істейді. Ендеше сыбайлас жемқорлыққа қарсы БАҚ-на артылар жүкте осал емес. Алайда, жемқорлық тақырыбына қалам тартатын журналистің тіршілігі де адам қызығарлық емес. Алдымен еш жерден толымды ақпарат ала алмай бір шаршайды. Екіншіден, тілшіге тіреліп тұрған ештеңе жоқ. Ол билік өкілі емес. Сондықтан мазаны алып тықақтай журналистен мың сылтау тауып құтыла салады. Ал, тіпті қаламына бірдеңе ілініп, сын мақала жазған күнде де оған назар аударып, құлақ қойып жатқан да жан табыла қоймайды. Мүмкін газет материалдарына жүрдім-бардым қарауына өзімізде кінəлі шығармыз. Керек уақытында табандылық пен талап етушілік жағынан кемшін тұстары тағы бар [27]. Сыбайлас жемқорлықты жоюға септігін тигізетін тағы бір жол - қолында билігі бар жандардың барлығында өз табысын жария етуге мəжбүрлеу. Олар өздерінің табысын халықтан жасырмау. Бұл бағытта да БАҚ-ның рөлі зор. Тек оны анықтап, жариялату қиынның қиыны. Басқаша айтқанда, жергілікті БАҚ жергілікті билікке тəуелді. Десек те, БАҚ шамашарқы жеткенше дабыл қағып қалуда. Мысалы, Қазақстанда базарлардың жаппай өртенуі БАҚ-да тарқатыла жазылды. Сондықтан, қайсы бір облыстық, қалалық жəне аудандық деңгейлердегі биліктегілер тарапынан сыбайлас жемқорлық торын құрып, мемлекет қаржысын талантаражға салынғандылығы əшкереленді. Парламент сенатының депутаты, жазушы Жабал Ерғалиевтің Егемен Қазақстан газетінде Тоғышар санаға сілкініс керек атты мақаласы жарияланған болатын. Мақалада БАҚ-ның, жұртшылықтың жəне Нұр Отан партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен күресінің негізгі бағыттары нені айқындауы керектігі туралы өте тартымды айтылған.
1.2 Жемқорлыққа қарсы тұрудағы әлемдік тəжірибе жəне Қазақстан
Транспаренси Интернешнлдің мəліметтерін негізге ала отырып, сыбайлас жемқорлықтың жер жүзіне таратылу айырмашылықтарын жəне қазіргі əлемдегі жемқорлықтың деңгейін зерттеу мақсатында, əлем картасындағы сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратты бейнелеп көрсетуге тырысайық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы айтқанда, барлық елдерді шартты түрде төрт санатқа бөлуге болады:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті табысты жүргізіп отырған елдер;
2) сыбайлас жемқорлық орташа деңгейдегі елдер;
3) сыбайлас жемқорлыққа байланасты едеуір мəселелері бар елдер;
4) сыбайлас жемқорлық айырықша байқалатын елдер.
Бұл көрсетілген рейтингіде үздіктер қатарына Дания мен Жаңа Зеландияны жатқызамыз. Олар мүмкін болған 100 ұпайдан 91 ұпай жинаған. Үшінші орынға 89 ұпаймен Финляндия жайғасқан. Алғашқы ондықтың қатарында Швеция, Норвегия, Сингапур, Швейцария, Нидерланды, Австрия жəне Канада бар. Посткеңестік елдер ішінде біздің алдымызда Эстония (28-ші орын), Грузия (55), Армения(94), Молдова(102), Беларусь (123), Əзербайжан (127), Ресей (127) орналасқан. Бізден кейін Украина (144), Қырғызстан (150), Тəжікстан (154), Түркіменстан (168) жəне Өзбекстан (168) жайғасқан.
Транспаренси Интернешнл 2013 жылы Даниядағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты жүргізген зерттеулер нəтижесіне сəйкес төмендегідей қорытындылар жасалған: Даниядағы сыбайлас жемқорлыққа ымырасыздық ең алдымен күшті мемлекеттік басқару мəдениетімен байланысты. Бұл жүйеде бұқаралық ақпарат құралдары маңызды орын алады. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықтардың көптеген оқиғалары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып жəне ұлттық аудиторлық бюрода, парламенттік омбудсмендердің талқалауына түседі. Яғни, бұқаралық ақпарат құралдары өз жұмыстарын нəтижелі жүргізеді. Сыбайлас жемқорлық Данияда күрделі мəселе болмағандықтан, қоғамдық үрдістерге жəне мүдделерге ықпал ететін тақырып болып табылмайды. Ел азаматтары дат мекемелері мен лауазымды тұлғаларына дұрыс қарайды жəне олардың беделі жоғары. Елдің көптеген компаниялары өз ішінде жəне сыртқы серіктестермен жұмыс істеу барысында жемқорлыққа ымырасыздық саясатын ұстануда [7].
XIX ғасырдың ортасына дейін Швеция сыбайлас жемқорлыққа белшесінен батқан ел болып табылды[8]. Бірақ та саяси элитаның елді толықтай модернизациялау туралы стратегиялық шешімі қабылданғаннан кейін шенеуіктердің меркантилді ойларын толықтай жоққа шығаруға бағытталған іс-шаралар əзірленіп жəне жүзеге асырыла бастады. Мемлекеттік реттеу тыйымдар мен рұқсаттар арқылы емес, адал жəне жауапты басқару стимулдары - салықтар, жеңілдіктер мен субсидияларға негізделді. Азаматтар үшін мемлекеттік басқарудың ішкі құжаттарымен танысуға жол ашылып, мемлекеттің қалай жұмыс істейтіне түсінгісі келетіндерге мүмкіндік берілді. Ең бастысы, тəуелсіз жəне нəтижелі сот жүйесі қалыптасты.
Швецияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруда шіркеу мен қоғамдық пікір үлкен орын алады. Сол арқылы бұл елде аз уақытта өте жоғары табысқа ие болған қандай да болмасын бизнесменге немесе шығыстары табысынан əлдеқайда жоғары шенеунікке күдікпен қарайды. Қоғамдық пікір бұл бизнесменді оқшауландырып, сондықтан оған бизнесте де, күнделікті тіршілікте де сенімсіздік білдіре бастайды. Жəне қоғамдық пікір бұндай шенеунікті қызметтен кетуге мəжбүрлеп, оған мемлекеттік қызметте жəне жеке бизнесте жұмыс табуға мүмкіндік бермейді. Қоғамдық пікір сыбайлас жемқорлықты, жалпы жеке бизнес пен мемлекеттік қызметтегі арам пиғылды сирек құбылысқа айналдырды. Ешқандай заңдық реттеу жолымен немесе тіпті қылмыстық жазалау жолымен де бұндай көрсеткіштерге қол жеткізу мүмкін емес.
1965 жылы тəуелсіздік алғаннан кейін Сингапур сыбайлас жемқорлықтың деңгейі өте жоғары ел болып саналды[9]. Сыбайлас жемқорлықтың белең алғаны сонша, ол адамдардың өмір сүру салтына айналған. Салыстырмалы түрде аз тарихи уақытта, яғни тəуелсіздік алғаннан бастап қазіргі уақытқа дейін, кедей елден жоғары дамыған постиндустриялы елге айналды. Бұл жол 1959 жылы Сингапурдың премьер-министрі Ли Куан Ю жасаған таңдауды жүзеге асыру жолы болып табылады. Дəл осы адам, тұщы су мен құрылыс құмы сырттан əкелінетін портты қаланы, Оңтүстік-Шығыс Азияның қаржы жəне сауда орталығына айналдыруды көздеді. Бұл үшін сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету қажет болды. Оны төмендету стратегиясы кешенді түрде жүзеге асты: шенеуніктердің қызметі қатаң реттелді, барлық заңдардағы екі мағыналық жойылып, көптеген рұқсат ету жəне лицензиялау түрлері алынып тасталды, заңның үстемдігі жəне заң алдында барлығы тең принципі қалтықсыз жүзеге асырылды, билік органдарының қызметін қарапайымдандырылып, этикалық стандарттардың сақталуы қатаң қадағаланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың орталығы Сыбайлас жемқорлық оқиғаларын тергеудің тəуелсіз бюросы болып табылды. Бұл əлемдегі ең бірінші арнайы мамандандырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органы болып табылады. Оған азаматтар мемлекеттік қызметкерлерге қатысты арызданып жəне шығындарын қайтаруды талап ете алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы науқан басталған кезде бұл бюро Ли Куан Ю-дың үкімет мүшелеріне жəне оның жақын туыстарына да қарсы тергеулерді жүргізуге бастамашы болды. Сыбайлас жемқорлықпен ұсталған бірқатар министрлер нақты бас бостандығынан айыру шараларына ұшырады. Бұл əрекеттер арқылы Ли Куан Ю мемлекеттің барлық азаматтарына өз үкіметінде министрлер мен өзге де жауапты тұлғалар, адал жəне жоғары кəсіби білікті мамандар ғана бола алатынын дəлелдеді.
Шығыстағы көршіміз Қытайда кəсіпкердің жеке меншігіне кез келген қол сұғушылық ауыр мемлекеттік қылмыс болып табылады[10]. Кез келген мұндай қол сұғушылық фактісіне полиция немесе басқа да билік органдары тарапынан сылбыр қимыл бұл ауыр қылмысқа болысушылық болып саналады. Жеке меншік құқығы сондай-ақ жеке тұлғалар мен мемлекет арасындағы келісім шарттардың нормалары мен мерзімдерінің қандай жағдай болмасын өзгерместігі арқылы қорғалады. Қытайда барлық келісімшартттар билік органдарымен қатаң сақталады.
Жеке меншіктің жəне кəсіпкерліктің нақты мұндай қорғалуы қоғамда жақсы сезіледі. Қытайлықтар кəсіпкерлікпен құлшына айналысып, елге жергілікті билікке сенетін көптеген шетелдік инвесторлар тартылады. Осының барлығы, əрине, Қытайдың жылдам экономикалық өсіміне ықпал етеді.
Қазіргі Қытайда билік органдарының жəне шенеуніктердің жеке бизнеске қысым жасауы төменгі деңгейде. Бұған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қытай заңнамасының қаталдығы себепші. Қытай билігі шенеуніктердің жемқорлық əрекеттерін елдің экономикалық дамуына қатер деп анықтауымен байланысты. Жəне де, олардың ойынша, жемқорлыққа, ең біріншіден, себепші болатын шенеуніктер. Бизнесті қолдаудың тағы бір маңызды факторы шенеуніктердің заңсыз əрекеттерінен олар зардап шегетін болса, мемлекет ол шенеунік үшін шығынның орнын жауып, содан кейін ол шенеуніктің отбасынан, туысқандарынан өндіріп алады. Бірақ мемлекет өз шенеуніктерінен өртке қарсы қауіпсіздіктің, санитарлық бақылау жəне басқа да мемлекеттің бақылаушы қызметтері үшін жауапкершіліктен босатпайды. Егер де мысалға, жеке кəсіпорында өрт бола қалған жағдайда бірінші кезекте осы кəсіпорын үшін жауап беретін инспектор кінəлі деп танылып қатаң жазаға ұшырауы мүмкін. Сондықтан ол инспектор бизнесменді өрт қауіпсіздігі сақталмаған деп санап, бизнесменді оған қарсы əрекет жасауға көндіре алмаса, өртке қарсы құралдарды өз есебінен алуы жиі кездеседі.
Қытайдағы мемлекеттік аппараттың қызметі нəтижесі жүйесі шенеуніктердің қызметінің нəтижелілігін бағалау, қарауындағы жауапты аумақты немесе саланы дамыту көрсеткіштерімен қатаң байланысты, мысалға, экономикалық даму көрсеткіштері, инвестиция тарту деңгейі, экспорт көлемі жəне т.б. Сонымен бірге атқарған жұмыстары үшін: салған айыппұлдарының көлемі, бюджетке түскен қосымша салықтық түсімдер немесе ашылған қылмыстар үшін ешқандай айтулы мадақтаулар қарастырылмаған. Осылай бола тұра, адал қызмет атқаратын шенеуніктер көптеген жеңілдіктерге жəне қоғамда абыройға ие. Олар өзі күнделікті қарым-қатынас жасайтын бизнесмендердің өмір сүру деңгейімен бір деңгейде өмір сүреді. Шенеуніктер əлеуметтік жағынан жақсы қамтамасыз етілген: пəтер, балаларға тегін білім, медециналық қызмет, лайықты зейнетақы жəне т.б. Бұның барлығы Қытайда жақсы бағаланады. Сондықтан да қытай шенеуніктері экономикалық өсімге, ел басшылығы ұсынатын экономикалық қызмет стратегиясын қатаң орындауға мүдделі. Нəтижесінде Қытайда сыбайлас жемқорлық экономикалық салада кең таралса да, ол біздегімен салыстырғанда экономикалық дамуға аз кедергі жасайды.
Бұл салада тəжірибесі қызығушылық білдіретін тағы бір ел -- Канада. Əрине, федералдық үкіметінде 450 мың адам жұмыс істейтін бұл елде сыбайлас жемқорлық жоқ деп ешкім кепілдік бере алмайды. Дегенмен де, бұл ел сыбайлас жемқорлықпен күресте жақсы көрсеткіштерге ие. 2003 жылы мемлекеттік қызметтің Этикалық кодексі қабылданған болатын. Бұл кодекске сəйкес шенеунік өзі мемлекеттік қызметке қабылданған 60 күннің ішінде қызметтік міндеттерін атқару барысында мүдделер шиеленісін туындатуы мүмкін əрекеттері, мүліктері, міндеттемелері туралы құпия жазбаша есепті өз министрлігінің жауапты орынбасарына жариялауы тиіс [11].
Шенеунік өз қызметтерін атқару барысында мүдделер қақтығысына əкелетін əрекеттерге жол бермеуі қажет. Егер де қандай да бір шиеленіс орын алған жағдайда, оны қоғамдық мүдде пайдасына шешуі тиіс. Ол өз қызметі барысында сыйлықтың кез келген түрін алуына тыйым салынған. Өз кəсіби қызметін аяқтаған жағдайда, мемлекеттік қызметтен соң қандай кəсіппен айналысатынын жəне жеке компаниялардан жұмысқа орналасу бойынша қандай ұсыныстар түскенін жəне қабылданған шешім туралы жазбаша құпия есеп беруі тиіс.
Нидерланды да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте келесі шарттарды басшылыққа алады[12]:сыбайлас жемқорлыққа бейім мемлекеттік жəне қоғамдық ұйымдарда мен де мониторинг жүйесін енгізу жəне осы жерлерде қызмет ететіндерді қатаң бақылап отыру;сыбайлас жемқорлық əрекеттерін жазалау жүйесі - бұл мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеуге қатаң тыйым салуды жəне мемлекеттік қызмет ұсынатын барлық əлеуметтік жеңілдіктерінен айыруды көздейді; лауазымдық тұлғаның жағымды əрекетін көтермелеу жүйесі - шенеунікке өз қызметін тиімді де адал орындауы үшін материалдық тұрғысынан да, адамгершілік тұрғысынан да жағдай жасау; арнайы полиция типіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттік қауіпсіздік жүйесі.
Жемқорлыққа қарсы əр мемлекеттің өзінің күресу жолы, əдісі, тəсілі бар. Ал басқа жағынан қарасақ, көптеген мемлекеттердің сарапшылары біркелкі ережелер нормаларын қолдану керек деп ұсыныс жасайды. Тіпті, жалпыұлттық тəртіп əдептілігін қалыптастыру қажет дейді.
Көпшілік елдердің тəжірибесінен байқағанымыздай, сыбайлас жемқорлықпен қарсы күресте азаматтық қоғам институттарының -- саяси партиялар, мемлекеттік емес ұйымдар, қоғамдық ұйымдар мен жекелеген саясаткерлер институттары ерекше орын алады. Бұл институттар мемлекеттік органдарға жемқорлықпен қарсы күресте көмектесіп қана қоймай, кейде бұл органдар қоғамдық саладағы жемқорлық фактілерін байқамаған жағдайда олардың осы бағыттағы қызметін де атқарады. Азаматтық қоғам институттарың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне мысал ретінде: Транспаренси Интернешнл ұйымының ұлттық бөлімшелерінің жұмысын келтіруге болады. Бұл бөлімшелер əлемнің 80-нен астам елдерінде белсенді жұмыс істейді, соның ішінде Қазақстанда, Əзербайжанда, Латвияда, Литвада, Молдовада, Ресейде жəне Эстонияда. Сонымен бірге азаматтық қоғам институттарының сыбайлас жемқорлыққа қатысты жұмысы, əсіресе өтпелі кезеңдегі жəне дамушы елдерде толыққанды дами алмауда. Бұны келесі жағдайлармен түсіндіруге болады: біріншіден, барлық елдерде мемлекеттік органдар жемқорлыққа қарсы іс-шараларды жүзеге асырғанда азаматтық қоғам институттарын қатыстырмайды; екіншіден, бірқатар елдерде азаматтық қоғам институттары сыбайлас жемқорлыққа қарсы əрекеттің бекітілген заңдық мүмкіндіктері мен тетіктеріне ие емес; үшіншіден, сыбайлас жемқорлық белең алған елдерде аз санды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық ұйымдардың қызметі азаматтық жəне саяси белсенділігінің, саяси жəне құқықтық мəдениеттің төмен деңгейіне байланысты қолдау таппайды.
Сондықтан да, қандай да болмасын мемлекеттегі жемқорлыққа қатысты саясатты оңтайлы жүзеге асырудың алғышарттары, біріншіден, мемлекеттік органдардың өзара реттелген жұмысы жəне, екіншіден, бұл органдардың азаматтық қоғам институттарымен тұрақты ықпалдастығы болып табылады.Байқағанымыздай, шетел мемлекеттерінде жемқорлыққа қарсы саясат сол елдің əлеуметтік жəне экономикалық жағдайына, мəдени құндылықтарына жəне азаматтық қоғам институттарының даму деңгейіне байланысты əр түрлі болып келді. Осы елдердегі сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне талдау жасау Қазақстан үшін өте қажет. Бұл талдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы озық ұлттық стратегияны жасауға көмектеседі.
Біріншіден, сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған мемлекеттің жоғарғы басшысының күшті саяси жігері жəне соның негізінде құрылған мемлекеттік, экономикалық, əлеуметтік жəне құқықтық сипаттағы сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясат.Екіншіден, мемлекеттік əкімшілік жүйесінің бəріне азаматтық қоғам жағынан ұйымдастырылған əлеуметтік бақылау жəне құқық бұзушылардың қылмыс жөнінде іс қозғау мүмкіндігімен қамтамасыз ету.Үшіншіден, билік жүргізуге ие тұлғалардың, мемлекеттік қызметкерлердің қызметінің тазалығы жөніндегі мониторингті жүзеге асыруы, тəуелсіз органдардың алдында қатаң есеп беруі.Төртіншіден, жəне ең бастысы, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қоғамдық пікірдің ымырасыздығын қалыптастыру бұл бағыттағы саясаттың негізі болуға тиіс.Осы қағидаларды сақтау ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың мықты негізі болады деп санаймыз.
Қазақстан ТМД елдерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің заңнамалық базасы мен жүйесін бірінші болып жасауға кіріскен мемлекет.Біздің мемлекетімізде сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған негізгі нормативтік құқықтық акт - Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы Заңы қабылданды, сонымен қатар Қазақстанның 2030 жылға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz