Электрондық оқулыққа қойылатың жалпы талаптар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Бастапқыда компьютер болмаған кезде адамдар барлық есептеу, іс-жұмыстары қолмен істеген. Кейін технологияның қарқынды дамуына байланысты көптеген қажетті ақпарат құралдары пайда бола бастады. Осы пайда болған құралдар ішінде әрине өзімізге аса тиімді ақпарат құралы компьютер де бар. Компьютер арқылы ақпаратты сақтауға, өңдеуге, тасымалдауға және де қабылдауға болады. Оның осы тиімді жақтарын пайдалана отырып, біз өзімізге тиісті жұмыстарымызды атқаруға мүмкіндік береді. Дами келе көптеген программалау тілдері пайда бола бастады.

XXI ғасыр елімізде қоғамдық ақпараттануды - мемлекеттік саясаттың

негізгі элементтерінің біріне айналып отыр. Қоғамды ақпараттануды деп

информатиканы елдің экономикалық нығаюын қамтамасыз ететін, ғылыми -техникалық прогресін жеделдетін қоғамдық байлық ретінде жаппай пайдалану және жылдам әрі нақты ақпараттар беруді айтамыз. Қазіргі таңда пайдалануға арналған арнайы программалар мен программалар жабдықтары көптен саналады. Сондықтан да осы зерттеудің өзектілігі ретінде компьютерлік программалықтілдердің ішінде танымал, әрі жетілген түрі болып саналып жүрген BorlandDelphi программалық тілінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы: тестпрограммалары, кез-келген пәнді үйрететін программалар және т. б. программалар атқаруға болатынын көрсетіп, ұсынып отырмын.

Бүгінгі таңда электрондық оқулықтар барлық мектеп пәндері үшін жасалуда және ол мемлекеттік, қорытынды емтихандарға дайындалуға көмектесетін мәліметтер қоры ретінде пайдаланылуда. Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушымен студентті өз мүмкіндігін есепке ала отырып, пән мазмұнын оқып-үйрену барысында өз бетінше жұмыс істеуіне жол ашады. Бұл кезде олардың сабаққа деген кызығушылық пайда болып, белсенділігі арта бастайды. Оқытушы үшін электрондық оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық әдістемелік жүйе және оны әрбір оқытушы өзінің педагогикалық тәжірибесіндегі материалдарымен толықтыра отырып, жетілдіреді. Сонымен бірге, электрондық оқулықты пайдалану оқытушының ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі енбегін жеңілдетеді.

Осы мақсатпен мен өзімнің жұмысымда HTML тілінде құрылған тестік

программаны пайдаланып дайындаған “Компьютер архитектурасы және операциялықжүйелер” пәні бойынша электрондық оқулығы қазіргі техниканың даму деңгейінқамтып, жүйеде жұмыс істеудің оқу құралы ретінде ұсынып отырмын. Осы программаны пайдалануда студенттердің білімін жан - жақты көтеріп, есіне сақтау қабілетін жоғарылатуға жағдай жасау және олардың келешекжұмысында ЭЕМ - мен жұмыс істеуді күнделікті дағдыға айналдыру үшін деқажет. Сонымен қатар соңғы кездерді компьютерді пайдаланып студенттердің білім деңгейін тест түрінде тексеру пайдаланыла бастады. Сынақ, емтихандар алу кезінде компьютерде тестілеу мұғалімдердің уақытын тиімді пайдаланып, студенттердің артық жүктеме білім сапасын дұрыс бағалауға қол жеткізеді. Оқытуды ақпараттық-техникалық үлгілеу жеке оқыту материалдарын жаңартып, оқытушы мен студенттің байланысын және байланыс құралдарының жаңарып отыруына, сонымен қатар оқу жүйесін ұйымдастыруда жаңа бағыттардыпайдалануды қамтамасыз етеді.

Осы орайда, дәстүрлі әдістерді толығымен жойып, жаңа әдістерді жасап, оны қолдану деген мағынаға қайшы, яғни дәстүрлі әдістерді пайдаланып, оны жаңғыртып жаңа телекоммуникациялық технологияларды пайдаланып оны өмірге енгізу болып табылады. Компьютерлік телекоммуникациялар қазіргі уақытта тек жаңашылдық белгі ғана емес, телекомуникацияның алдағы күнге тіке қарау. Компьютерлік телекоммуникациялар немесе "телекоммуникациялар" - қашықтан оқудағы бір компьютерден екіншіге беру құралы болып табылады. Оқытуды ақпараттық-техникалық үлгілеу жеке оқыту материалдарын жаңартып, оқытушы мен студенттің байланысын және байланыс құралдарының жаңарып отыруына, сонымен қатар оқу жүйесін ұйымдастыруда жаңа бағыттарды пайдалануды қамтамасыз етеді. Осы орайда, дәстүрлі әдістерді толығымен жойып, жаңа әдістерді жасап, оны қолдану деген мағынаға қайшы, яғни дәстүрлі әдістерді пайдаланып, оны жаңғыртып жаңа телекоммуникациялық технологияларды пайдаланып оны өмірге енгізу болып табылады.

Компьютерлік телекоммуникациялар қазіргі уақытта тек жаңашылдық белгі ғана емес, телекомуникацияның алдағы күнге тіке қарау. Компьютерлік

телекоммуникациялар немесе "телекоммуникациялар" - қашықтан оқудағы бір компьютерден екіншіге беру құралы болып табылады. Бүгінгі күні Интернеттің негізгі идеясы - гипермәтінді белгілеу тілін (НТМL) пайдалану Оның интерпретаторы (машина тіліне тасымалдау) болып-browse(қалауынша кім қалай атайды - броузер немесе браузер) бағдарламасы болып табылады. Броузер Web парақтарды көру үшін арналған бағдарлама. Бұл бағдарламаларды әйгілі Місrosoft Internet Ехрlorer және Netcape Navigator фирмалары дайындаған.

Ақпараттық технология қоғамның ақпараттық ресурстарды қолдану үрдісін құраушылардың маңыздырағы болып табылады. Қазіргі негізге дейін ол бірнеше эвалюциялық сатыдан өтті. Олардың ауысуы ең бастысы ғылыми- техналогиялық прогресстің дамуымен, ақпаратты қайта өңдеудің жаңа техналогиялық құралдарының пайда болуымен анықталады. Қазіргі қоғамда ақпаратты қайта өңдеу техналогиясының негізгі техналогиялық құралы- қызметін дербес компьютер атқарады. Ол техналогиялық үрдістерді құру мен қолдану концепциясынада, сонымен бірге нәтижелі ақпарат сапасынада мәнді түрде әсер етті. Ақпараттық техналогиялар терминіне “жаңа ”, “компьютерлік” және “қазіргі кездегі ”синонимдері қосылу есебінен жаңа терминдер пайда болда. Жаңа ақпараттық технология - дербес компьютерлермен телекоммуникациялық құралдарды қолданатын пайдалануының жұмыс істеуінің “достық” интерфейісі бар ақпараттық технология.

Дипломдық жұмысының мақсаты - студенттеріне арналған Компьютер

архитектурасы және операциялық жүйелер пәні бойынша жақсы электрондық оқулық жасау, аспаптық құралмен тәжірибені игеру, сонымен қоса өзге программаларды қосу арқылы электрондық оқулық құру. Пайдаланушы электрондық оқулықты қолдана отырып, осы пән бойынша өзінің ой өрісін дамытады.

Зерттеу объектісі: HTML тілінде Компьютер архитектурасы және

операциялық жүйелер пәні бойынша электрондық оқулық құру.

Жұмыстың қолдану облысы: Бұл оқулық орта және жоғары оқу орындарында

қолданылады. Дипломдық жұмыста HTML гипермәтіндік тілінің технологиялар мүмкіндіктерін және принциптерін электрондық оқулық жасауда қарастырдым, сонымен қоса жаңа бір үлгідегі электрондық әдістемелік құрал жасадым.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: мұндай құрылған бағдарлама әсіресе

Интернетте электрондық оқулық құру технологиясын жетiлдiруге және көптеген пайдаланушыға білімін көтеруге көмектеседі.

Бірінші бөлімде, қашықтан оқу оқытушы мен арадағы қатынасты компьютерлік

желі, аудио- және видео байланыс, баспа құралдары арқылы ақпарат алмасуды

қамтамасыз ететін арнайы технология қарастырылған.

Екінші бөлімде, клиенттік компьютерде HTML- файлын көрінерлік бейнеге

ауыстыруды және WWW обьектісіне қатынауды жүзеге асыратын браузер-

бағдарламасы болуы керек. Бұл файлдар қолданушының операциялық ортасына

тәуелсіз қол жетерліктей болуы керек. Соның барсында, серверлік қосымшалар

клиенттен инвариантты құрылуға міндетті және олардың өңделуі әмбебапталған

клиенттің бар болуына және корпорацияның функционалды тапсырмаларын жүзеге

асыруға толығымен бағытталған болуы керек.

Үшінші бөлімде, оқу құралының қалай құрылыалатындығы және оның түрлері

қарастырылған. Электронды оқу құралының жасалуы, талабы, міндеті, кімдерге

арналғандығы туралы мәліметтер қарастырылған. Сонымен қатар, жүйелік талап

та бар.

Сонымен қатар, электронды оқулық, оның мақсаты мен міндеттері, талаптары

және оқушы қауымға ыңғайлылы туралы сөз болады.

І ТАРАУ. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ

1. 1 Электрондық оқулық және оның тиімділігі

Кітап барлық ұрпақтарға белгілі, жұмыста, білім алуда қолдануға ыңғайлы. Оның қасиеті қолдану қарапайымдылығында болып отыр. Ал кемшілігі - ақпараттың мәтіндік түрі. Онда көптеген жағдайларды мысалы, өнер туындыларын немесе қозғалыстың жүйелілігін толық түсіндіру мүмкін емес.

Оқыту тәжірибесі және психологиялық-педагогикалық зерттеулер оқытудың тиімділігі барлық мүшелер сезімдерінің белсенділік дәрежесімен тікелей байланысты екендігін көрсетті: оқу материалын қабылдау сезімі барынша әртекті болса, онда ол соншалықты нақты игеріледі.

Электронды оқулықтардың, дәстүрлі қағаз кітаптардан айырмашылығы жанды болып келеді және педагогика ғылымдарының негізін салушы Ян Амос Каменский тұжырымдаған: Барлық мүмкін деген нәрселерді қабылдауды сезіммен жүзеге асыру керек, атап айтқанда: қабылдау үшін көруді, көзбен; естуді есту қабілетімен; иістерді иіс түйсігімен; дәмге тиістіні дәммен; түйсікке қатыстыны түйсіну жолымен. Егер қандайда болмасын затты бірнеше сезіммен қабылдау керек болса, бірнеше сезімді салу дидактиканың алтын ережелеріне сәйкес келеді.

Бүгінгі күнде мектептегі білім берудің мазмұнының 60%-ы және кәсіби білім берудің 10%-ы түрлі сандық интерактивті мультимедиалық білім беру ресурстарын (СИМБР) : электронды оқулықтарды (ЭУ) ; мультимедиалық оқыту бағдарламасын (МОБ) ; виртуалды саяхаттарды (ВС) ; электронды дидактикалық құралдарды (ЭДҚ) және т. б. жасау жолымен сандық форматқа көшірілген [1] .

Электрондық оқулық - құрамында оқу курсының немесе оның бөлімінің жүйелі мазмұны бар және берілген басылым түріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы [2] .

Электронды оқулықтар және СИМБҚ-ның басқа да түрлері интерактивті, олар дыбысталған, оларда студенттердің жауаптары елеусіз қалмайтын шынайы қарым-қатынастың элементтері бар. Оқушы мәтінді оқып қана қоймай, сонымен қатар тапсырмаларды орындай және сұрақтарға жауап бере отырып оқу үрдісінің белсенді қатысушысы болады.

Электрондық оқулық - ғылыми-педагогикалық құрал. Электрондық оқулықтардың тиімділігі:

теориялық материалды өз бетімен оқып үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді;

сабақты иллюстрациялық материалдармен жабдықтауға көмектеседі;

сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әр түрлі деңгейлі шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік береді.

Мультимедиалық технологиялардың қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу құралдарын жасауды және де басқа оқып үйренуге арналған құралдар жасауда көп қолданылады. Мультимедиялық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютерлік технологиялардын дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып келеді.

Электрондық ресурстарды қолданып оқыту жаңа педагогикалық технологияның бір түрі болып табылады, ол педагогиканың негізгі заңдарына бағынады және білім берудің дәстүрлі дидактикалық ерекшеліктерін ұстанады, бірақ оқу ортасының жаңа шарттары мен критерийлерімен толықтырылады.

Электронды оқулық мынадай жағадайларда тиімді:

1) тез арадағы кері байланысты қамтамасыз етеді, яғни интерактивті болып табылады;

2) қажетті ақпаратты тез табуға көмектеседі, іздеу жай оқулықта қиынға түседі;

3) гипермәтіндік түсіндірмелерге бірнеше рет енген кезде уақытты үнемдейді;

4) экранға мәтінді шығарып ғана қоймай, сонымен бірге көрсетеді және үлгілейді және т. б. - осында мультимедиалық технологиялардың мүмкіндіктері мен артықшылықтары белгілі болады;

5) нақты тарау бойынша нақты тұлға үшін ең сәйкес келетін білімді тексеру;

6) Интернет көмегімен қажетті ақпаратты жаңартуы мүмкін.

Қазіргі кезде компьютерлік дидактикалық программалардың келесі типтері белгілі[14] :

1) бақылаушы программалар - кейбір істерді жоспарлау және орындау жолында оқушы белгілі бір мақсатқа жету үшін оқу ортасында тапсырмаларды көрсету;

2) оқыту програмамлары - оқушыға оқу материалы мен ол жауап бере алатын сұрақтарды беру;

3) үлгіленуші программалар - оқушыдан талап етілетін тапсырмаларды беру;

4) жаттығу программалары - есепті шешудің техникалық дағдылануларын бекіту үшін қызмет етеді. Олар теория бойынша ақпаратты алуды қаматамасыз етуі тиіс;

Электрондық оқулықтарды қолдану практика жүзінде:

- білім алушыларға білімді өз бетінше игеру іс-әрекетінің әртүрлі формаларын ұйымдастырады;

- оқудың түрлі іс-әрекеттерін орындау процесінде жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың барлық мүмкіндіктерін қолдануға жағдай жасайды, сонымен бірге, тіркеу, жинау, сақтауинтерактивтік диалог, объектілерді моделдеу, құбылыстар, процестер, лабораторияларда жұмыс істеу мүмкіндіктерін жасайды;

- оқу процесінде ақпаратты тікелей мультимедиа технологияларды, гипермәтіндік жіне гипермедиа жүйелердің мүмкіндіктерін қолдану арқылы шығару;

- болашақ мамандардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін бағалау, сонымен бірге олардың білім деңгейін, іскерлігін, дағдыларын, нақты бір тапсырмаға дайындығын, стандарт талаптарына сәйкес олардың материалды игеру нәтижелерін тексеру;

- білім алушының оқу іс-әрекетін басқару, оның білім деңгейін, іскерлігін, дағдыларын, оқу құралдарын пайдалану ерекшеліктерін бақару;

- білім алушының жеке өз бетінше оқу іс-әрекетін орындауына жағдай жасау, өзін-өзі оқыту, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру дағдыларын қалыптастыру;

- оқытудың тиімділігін көтеру мақсатында оқытушы мен студенттің жедел әрі тұрақты түрде сұхбаттасу негізін құру.

Электронды оқулықтар студенттердiң:

- бiлiм деңгейiн тереңдетуге;

- ауызекi тiлде сөйлей бiлу дағдыларын қалыптастыруға;

- өз бетiнше iздену қабiлетiн қалыптастыруға;

- ойларын дамытуға;

- студенттердiң сөздiк қорының молаюына;

- тiлдi үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына;

- сабақта өзiн еркiн ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына;

- өз iсiне талдау жасай алуға көптен-көп көмегiн тигiзедi.

Электрондық оқыту құралдарын (ЭОҚ) компьютерлік техника көмегімен өңделіп көрсетілетін, кез-келген электрондық тасымалдаушыда немесе компьютер желісінде жарияланған, білімнің сәйкес ғылыми-практикалық саласынан оқушыларға білімді, біліктілік пен дағдыларды шығармашылық тұрғыда белсенді меңгеруді қамтамасыз ететін осы сала бойынша жүйеленген материалдардан тұратын графикалық, мәтіндік, цифрлық, сөздік, музыкалық, бейне-, фото-, және басқа да ақпараттар жиынтығы ретінде анықтауға болады.

1. 2 Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар

1. 2. 1 Электрондық оқулыққа қойылатың жалпы талаптар

Электрондық оқулықтар негізгі білім беру электрондық басылымдары болып табылады. Электрондық оқулықтар жоғары ғылыми және әдістемелік деңгейде жасалады және бағдарлама мен стандарттың дидактикалық бірліктерін анықтайтын, мамандықтың білім беру стандарттарына толығымен сәйкес келуі керек. Одан басқа, электрондық оқулықтар интерактивті кері байланысты жүзеге асыратын пәнді оқыту барысында дидактикалық жүйенің үздіксіздігін және толықтығын қамтамасыз ету керек. Электрондық оқулықтардың негізгі қасиеттерінің бірі оның мазмұнын қағаз жүзінде шығаруға мүмкіндік жасау болып табылады.

Электрондық оқулық кiшкене ғана мәтіндік мәлiметтердi сақтап, ұзақ уақытқа дейiн экранға шығарып бiлiмдi жетiлдiредi. Мазмұнының көлемi және қарiптiң өлшемi болады. Электрондық оқулық кейбiр сөздi бөлiп алуды, түрлi түстерге бояуды толықтырады, болмаса оқуды қиындатып немесе жеңiлдетiп көрсетедi. Мұндай оқулықтар көптеген мәлiметтердi өзiнде сақтайды.

Дәстүрлi оқытуда жаңа материалдарды түсiндiргенде вербальды түрге енедi. Осыған байланысты аудио фрагменттердi электрондық оқулықта пайдалану ақпараты игерiп қана қоймай, сонымен қатар жаңа материалды жақсы түсiнiп, мидың жұмысын, есту және көру мүшелерiнiң жұмыс iстеуiн жақсартады. ЮНЕСКО берiлгендерi бойынша қабылданатын ақпарат аудио-қабылдау арқылы 12%, визуальды - 25%, ал егер аудио-визуальды - 65%-iн қабылдайды. Қазiргi кезде мультимедиялық жүйенiң жақсы дамуына байланысты оқытуда пайдаланылатын компьютердiң көп бөлiгi дыбыстық жүйемен қамтылған. Аудиториялық сабақ кезiнде дыбысты құлаққаптар (наушник) арқылы естуге болады.

Электрондық оқулықтың оқу элементтерiне гиперсiлтемесi және басқа бөлiмдерi мен анықтамаларға сiлтемесi болуы керек. Керек бетке тез ауысу мүмкiндiгi болады. Мәтіндік, графиктiк және басқа материалдар бойынша дидактикалық түсiндiрмесi болады. Жаңа ақпаратты қабылдау сапасы, сараптау және саралау мүмкiндiгi, сақтау жылдамдығы, оқу материалын толық қамтылғаны бетте (компьютер экранында) орналасқанына ғана емес, сонымен қатар бiрiнен кейiн бiрi орналасқан беттерге де қатысты. Қағаз кiтапта бiр мезгiлде екi бетке бiрдей қарауға болады, ал электрондық оқулықта бұлай етуге болмайды. Бiрақ жоғарыда айтылғандарға байланысты электрондық оқулықта кез келген жерге қыстырма қоюға болады .

Электрондық оқулықта пайдаланған әдебиеттер тiзiмi болуы керек. Жоғарыда ескерткендей электрондық оқулық белгiлi бiр ЖОО-ның оқу жоспарына байланыста болады және әдебиеттер тiзiмi де соған байланысты болады.

Электрондық оқулық ешқашан да кiтаптың орнын ауыстыра алмайды. Әдебиет туындысының сахнада көрiнуi басқа жанрға жатады, сол сияқты электрондық оқулық та оқудың басқа жанрына жатады. Электрондық оқулық құру үшiн тек қана жақсы кiтапты алып қана қоймай, оған сай иллюстративтi материалды, мультимедиялық мүмкiндiктi және жаңа ақпаратты қамтамасыз етiп қана қоймау керек. Электрондық оқулық суретi бар мәтiнге немесе анықтамалық функцияға айналып кетпеуi керек. Электрондық оқулық қағида мен мысалдарды бiлудi және есте сақтауды жеңiлдету керек. Мәтіндік құраушы шектелген болуы керек - компьютер материалын оқығаннан кейiн оны тереңiрек түсiну үшiн кiтапты оқу керек.

2. 3 ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫН ДАЙЫНДАУ

МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. Пәнге байланысты қажетті оқу материалын іріктеп алу және оның

күрылымын анықтау дәстүрлі оқыту материалының мейлінше нақтылап, ықшамдап алуға және ондағы сөздердің, сөйлемдердің, абзацтардың, тақырыптардың, тараулардың өзара байланысын мүқият зерттеп, айқындауға саяды. Мүны бай тәжірибелі пән маманының орындағаны жөн.

2. Оқулықтың интерфейсін жобалау кезеңі. Бүгінде жүргізіліп жатқан

зерттеулер компьютерлік оқыту программаларының тиімділігі көпшілік жағдайларда оның интерфейстік жүйесіне байланысты болатындығын көрсетуде.

Программаның безендірілуі студенттің ынтасына, қызығушылығына материалды қабылдау жылдамдығына, т. с. с. маңызды көрсеткіштерге тікелей әсерін тигізеді.

Шет ел психологтарының еңбектерінде компьютерлік программалардын безендірілуі жайлы көптеген зерттеулер жүргізілген. "Жақсы интерфейс ыңгайлы аяқ киімге ұқсас, - деп жазады атақты безендіру маманы М. Донской. -Оған ешкім көңіл бөлмейді. Көңіл аударған күнде де, "Мұнда тұрған не бар" - дейді. Ал нашар интерфейс барлық жұрттың назарында. Шындығында жақсы ұйымдастырылған интерфейсті пайдаланушы байқамайды, өйткені ол программаның ажырамас функционалдық бөлігі ретінде қабылданады" .

Шет ел және Ресей мамандарының зерттеулері негізінде компьютерлік окыту күралдарының интерфейсін жобалауда келесі мәселелерді ескерген жөн:

1. Безендіруде жүйелік тәсілді қолданудың ерекшеліктері. Жүйелік тәсіл -

жүйелік безендірудің негізі, ол қүрылып жатқан үлгіні жобалау мен жасау

процесіне, оны пайдалану мен оның ары қарай жұмыс істеуіне әсерін тигізетін

факторлардан қүралатын шығармашылық жобалаудың ерекше түрі. Бұл

тәсіл программаны безендіруде дәстүрлі баспалық әдістерден басқа, информа-

тика, семиотика, құрылымдық, лингвистикалық, функционалдық, коммуника-

тивтік, компоненттік, құндылық т. б. сияқты ғылыми бағыттарды пайдалануға

мүмкіндік туғызады.

2. Оқу материалдарының мазмүны мен қүрылымына койылатын талаптарды аньщтау. Студент жаңа оқу материалымен алғаш танысқан кезінде

материал мен осы материал жайлы өзі білетін информацияны салыстырудан

бастайды. Мүндай салыстыру үйрену тиімділігін арттырады және бүл оку материалының психологиялық негізін, логикалық байланыстарын көрсету деңгейіне тәуелді анықталады. Электрондық оқу материалына және оның берілуіне қойылатын талаптар студенттің жаңа информацияны қабылдау қабілеттілігін және қызығушылық деңгейін анықтауға да тікелей қатысы бар.

3. Іздеу, жылжу, гиперсілтемелер жүйесін үйымдастыру. Оқу материалында бағдар алу оның мазмүндық жылжу, ауысу, сілтемелер жүйесінің қаншалықты тиімді үйымдастырылғанына байланысты.

“Ни одна болыиая книга, не должна выходить без указателя. Книга без указателя - дом без окон, тело без глаз, имущество без описи: не так легко ими вослользоваться", - дейді Я. А. Коменский .

Іздеу, жылжу, гиперсілтемелер жүйесі мынадай негізгі талаптарды қанағаттандыруы тиіс: электрондық оқулықтың оқытудың негізгі этаптарын бейнелейтін графикалық схема орналасқан кілттік экраны болуы тиіс, бұл студентке өзінің оқытудың қай кезеңіне жеткендігін біліп отыруға мүмкіндік туғызады; гиперсілтемелердің асты сызылатындықтан, оқулықтың материалын-Да асты сызылған мәтін бөліктері болмауы тиіс; гиперсілтемелер тізбегінде Жылжығанда олардың келесі қадамы қатар логикаға сүйеніп қүрылуы керек (Қайда алып барады? Нені көрсетеді?) ; программаның міндетті түрде іздеу жүйесі болуы қажет және кілттік сөздер мен мазмүн элементтері арасындағы мета-тегтер дұрыс қойылуы тиіс, т. с. с

4. Адамның түстер мен формаларды қабылдауының физиологиялық ерекшеліктерін ескеру. Адам көру сезімінің көмегімен 180 түрлі түсті қабылдай алады. Түс пен оның косылыстарының безендіру мүмкіндігі шексіз. Түрлі түстер адамның көңіл-күйіне түрліше эмоциялық әсер ететіні белгілі. Кей түстер адамды дем алдырса, кей түстер шаршатады. Түстер комбинациясы да адамға түрліше әсер етеді.

Оқыту программаларын жобалағанда адамның түстер мен формаларды кабылдауының физиологиялық ерекшеліктерін ескеру керек. Сонымен бірге құрамында қозғалып тұратын объектілері (анимация) көп оқу материалын қабылдау өте қиын, себебі қозғалып түрған объект адамның назарын өзіне аударады. "Анимациялык интерфейс - өте күшті қару, сондықтан оны аса сақ колдану қажет. Пайдаланушыны таң қалдырамын деген әрекет көп жағдай-ларда, пайдаланушының тез шаршауына себеп болады да, оның бүкіл жүйені кабылдамай тастауына соқтырады", -дейді М. Донской .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатиканы оқыту әдістемесіне қойылатын талаптар
Информатика пәні бойынша 7 сыныпқа арналған теориялық материал
Электрондық оқулық ұғымы
Оқу бағдарламалары
Информатика курсы бойынша электрондық оқулықтың нұсқасын жасау
Химияны оқыту құралдарын топтастыру
Электрондық оқулықты пайдалану саласы
Электрондық оқулықтардың міндеттері
Оқу жоспары, оқулықтар, бағдарлама
Электронды оқулықтың көмегімен информатика пәнінің оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz