Бейнелеу өнерінің пейзаж жанры


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ.

Кіріспе . . . 3

  1. Кескіндеме өнерінің пайда болу тарихы . . . Европа бейнелеу өнерінің пайда болу тарихы . . . Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихы . . . Майлы бояу пейзажы . . .
  2. Туған өлке пейзажы . . .

2. 1 Кескіндеме материалдары . . .

2. 1. 1 Рамаға керілген кенеп, , әр түрлі майлы бояулар, қалақша . . .

2. 2 Бейнелеу өнерінің пейзаж жанры . . .

2. 3 Майлы бояу техникасы . . .

2. 4 Мектеп оқушыларына пейзажды оқыту әдіс-тәсілдері . . .

3. Мектеп оқушыларына майлы бояулармен пейзаж салуды үйрету . . .

3. 1 Майлы бояулармен таныстыру . . .

3. 2 Пейзажды таңдау, композиция құру . . .

3. 3 Пейзажды салу мезгілдері . . .

Қорытынды . . .

Пйдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Қосымшалар . . .

Қосымша А

Қосымша Б

У4

КІРІСПЕ

Зерттеу өзектілігі: Жас ұрпаққа тәлім тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында ұлттық өнегеүйрету, баулу, ұлттық сананы қалыптастыру - қазіргі кезде көкейкесті мәселелердің бірі болып табылдады. Жас мамандарды өнер мұралары мен мәдениет игіліктерін, адамзаттық құндылықтар мен рухани мәдени мұралардың сабақтастығын сақтай отырып, өнер құндылықтарымызды, бейнелеу өнерімізді әлемдік деңгейге көтеруде және де мектепте жан - жақты қабілетті жеке тұлға тәрбиелеуге барынша ат салысу қажет. Бұл орайда жас ұрпақтың көркемдік талғамын, ұлттық сана-сезімін, дүниетанымын қалыптастыру, туған халқының өнерін құрметтеп, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту, мәдениет пен өнерді, тарихи мұраларын қастерлеуге тәрбиелеу, білім мен біліктерін шыңдау - біздердің басты міндетіміз деп білеміз.

Әр заманның ұрпаққа қояр өз талабы, өз міндеті бар. Ел мәдениетінің, мемлекеттің жүйелі түрде дамуы ұрпақтың уақыт талабына икемделуінсіз жүзеге асқан емес. Ұлттың тарихи санасының қалыптасу негіздерінің өзінде уақыт талабына бейімделу, мәдени ортаны қалыптастыруға деген ұмтылысы жатыр. Көркем өнер ойшылдық өрісінің баянды бір көрінісі. Қазіргі кезде халықтың өнерге деген ынта-ықыласы анағұрлым артты. Бейнелеу өнері пәні оқушылардың рухани әлемін, дүниетанымын жан - жақты қалыптастыратын пәннің бірі. Адамның рухани үлкен байлығы - мәдениет пен өнер. Бейнелеу өнерінің жастарға беретін тәрбиелік мәні зор. Тәрбие берудің жалпы мақсаттарына сәйкес мектепте бейнелеу өнерін оқыту бірнеше мақсаттарды көздейді. Мәселен, қоғамның жан-жақты дамыған белсенді мүшесін дайындау, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру негізінде эстетикалық және көркемдік тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие дегеніміз оқушылардың қоғамдағы, ғылымдағы, өнердегі, табиғаттағы әсемдік қабілетін қабылдау, тәрбиелеу болып табылады. Орта мектепте бейнелеу өнерін оқыту жалпы білім беру мақсатын көздейді. Эстетикалық тәрбие беру процесінде мемлекеттің даму жолындағы замандастардың еңбегінің әсемдігін көрсету маңызды орын алады. Осыған орай елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауында білім, мәдениет, өнер саласына баса назар аударылған.

Бейнелеу өнері адам жанының тереңдігіндегі тебіреніс әсерін көрсету жайлы Гегель өзінің эстетикалық тұжырымдамасында былай дейді: «Көркемдік шығармалар өзінің мазмұны мен құрылымында тиянақты бір шеттегі шындық объекті ретінде өзі үшін емес, көркемдік өнерді сырттай бақылаушы және одан ляззат алушы біз үшін, көпшілік үшін қолджанылады»., деп қорытынды жасайды [1. 13 бет] .

Әлем көркін бейнелеу жемісінде әр кезеңнің қайталанбас келбеті қашанда өз дәуірінің өзекті ағындарымен, негізгі даму бағдарларымен мейлінше тығыз байланыста ашылған. Ағарту дәуірі табиғатқа құштарлық қатынасын жаңа қырынан дамытып, қайтадан жасандырып дүние заңдылықтарына сай өмір сүретін «Жаратылыс адамы» теориясын қалыптастырды.

Қоғам өмірінің келесі, кезек оқиғаларымен сабақтас пейзаж өнерінің даму белсенділерін қарастырғанда, оларды қашанда жалпы азаматтық ортақ мәдениет өрісінде алатын орны тұрғысынан ғана саралап бағалай білген жөн. Туған жер көркін бейнелеу жемісінде әр кезеңнің қайталанбас келбеті қашанда өз дәуірінің өзекті ағындарымен, негізгі даму бағдарларымен мейлінше тығыз байланыста ашылған. Ағарту дәуірі табиғатқа құштарлық қатынасын жаңа қырынан дамытып, қайтадан жасандырып жаңа идеяларды ала отырып дүние заңдылықтарына сай өмір сүретін «рухани сауттылық» теориясын қалыптастырды.

Қоғам өмірінің келесі, кезек оқиғаларымен сабақтас пейзаж өнерінің даму белсенділерін қарастырғанда, оларды қашанда жалпы азаматтық ортақ мәдениет өрісінде алатын орны тұрғысынан ғана саралап бағалай білген жөн. Бұл арада тек табиғатты рухани игерудің өзіндік ерекшелік үлгілерін ескере отыру керек - ақ.

Көркемдік және ғылыми таным көрінісінің шынайы бауырластығын теориялық, логикалық түр-тұрпаттардың өзі мейлінше бейнелі жарастық тауып, сезім әсерімен байыған, шабыттанған ғылыми ізденістер тәжірибесінен аңғаруға болады. Ал мұндай бірлестікте әдетте «сезім» теориялық сипат алады. Суреткер көз қарасын аңдау, аңғару әрекеті, ұғым ойы жанданып, рухтанып, көркем ойға айналып кетеді.

Көркемөнер табиғат мәнімен шұғылданғанда ол өз тұрғысынан емес «адамзат мәні» тұрғысынан қарастырады, яғни нақты «шынайы мәнін» сипатын айқындайды. Бұл жаратылыс құбылыстың өз болмысынан бүлінбей, жіктелмей, мейлінше тұтас мүсінделетін сапалық мағыналы бейнесі. Суреткер табиғи тіршілік пішінінің нақтылығы, мазмұны, сыртқы әлпетінің сезіне білу құдіретіне еркінірек бойлап тұңғиық сырларына бірте бірте жақындай береді. Әр құбылыс өзінің мәнісімен табыса бастаған тұста ғана ол көркемдік таным тақырыбына айналады.

Нанымдылық - сурет сенімділігі дейтініміз осындай жауапкершіліктен туған. Көріністік үлгіден аңғарылатын нақтылық қасиет әдетте сыртқы сұлулық бедері сияқты көрінгенімен, шын суреткер талантты ішкі әлем «жан-сарайы» жалынында жарқыратып жеткізе білмек.

Өнер туындысында бейнелер жаратылыс негізі сезім арқылы қабылданатын төңірегін қоршаған байырғы кеңістік болмысы. Көрнекілік, сезінерлік нақтылық көркемдік игіліктің басты белгілері болып табылады. Суретші ұлан ғайыр дүние шындығынан ойлантып, көңіл-күйіне қуат берген, рухани тірек болған толғандырған жеке бір тіршілік көзін саралап алады да, азаматтық ортақ мән мағына дарытады. Сезім байлығымен суарылған өнер туындысы дейтініміз осы.

Зерттеу мақсаты: «Туған өлке пейзажы» атты дипломдық тақырыпты таңдай отырып, біз оқушыларды отансүйгіштікке, патриоттық сезімдерін оятуға тәрбиелеудің тиімді жолдарын қарастыруды мақсат тұтамыз. Тақырыптың аумағында табиғат көріністерін бейнелеу арқылы оқушыларға сурет салудың негізін үйрету. Қоршаған ортадағы табиғатты тікелей көріп бейнелеуге, оны сезіммен қабылдауға оқушылардың дағдыларын қалыптастыру.

Зерттеу мiндеттерi:

  • жаңа орындалу техникаларына қызықтыру арқылы бейнелеу сабағында оқушыларға табиғаттың суретін салуды үйрету;
  • сабақтан тыс уақытта үйірме жұмыстарын ұйымдастырып сурет салу арқылы оқушылардың шығармашылығын анықтап, эстетикалық тәрбиеге жол сілтеу;
  • сурет салу барысында көріністің композициялық компоненттерін таңдай білу. Қағазда үйлесімді шешім детальдарын алмастыра таба білу, негізгі қатынастардың үйлестігінде дұрыс таба білулеріне машықтандыру;
  • жаңа техникалық аспаптарды қолдана отырып, оқушылардың назарына әйгілі өнер туындыларын ұсыну;
  • перспектива заңдылықтарын мен майлы бояу техникасын меңгеру;
  • мақсат-мүдделері мен шығармашылық қабілеттерінің дұрыс бағаланып одан ары қызығушылықтарын арттыруды қамтамасыз ету.
  • рухани түсінікті қалыптастыру.

Зерттеу нысаны: Мектепте оқушыларға бейнелеу өнері пәні арқылы шығармашылық ойлауын дамыту.

Зерттеу пәні: жалпы орта білім беретін мектептебейнелеу өнері пәнін оқыту әдістері.

Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

1. КЕСКІНДЕМЕ ӨНЕРІНІҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ.

1. 1 Европа бейнелеу өнерінің пайда болу тарихы.

Бейнелеу өнерінің тарихы адамзат тарихымен бірге басталған. Көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі дүние жүзінде болған түрлі өркениет пен мәдениет іздері осы өнер арқылы таңбаланып, бізге дейін жеткен.

Өнердің әр алуан түрлері туралы өзінің пікірлерінде әйгілі Рим архитекторы Витрувий: «Живопись тек қиялдың ғана жемісі болатын жоқ нәрсенің бәрін шығарып тастап, бар немесе болуға тиісіті нәрсені көрсетуге қабілетті», - деген еді.

Бұл ежелгі цивилизациялының соншама анық образдар арқылы көрініс тапқан орнықты әрі тұрақты, нақтылы мақсаты бар бейнелеу өнерінің мәнін ашатын өте дәл анықтама. Өнер - қоғам танымының түрлерінің бірі. Өнер - негізгі шындықты көркемдік образда сипаттау. Өнер әлемді танып бағалайды, адамның рухани бейнесін, сезімі мен ойын, олардың көзқарастарын қалыптастырады, адамды тәрбиелейді, ой-өрісін кеңейтеді, шығармашылық талабын оятады.

Неше ғасыр бойы аласапыранды басынан кешірген және ең алдымен өзінің тұрақтылығы жайында қам жейтін жас мемлекеттің тілектеріне ою-өрнек те, абстарктылы хайуанат бейнелері де емес, не бар немесе болуға тиісті нәрсені көрсетудегі түрлердің нақтылығы мен айқындылығы бәрінен де жақсы жауап берген болар еді. Бұл мемлекет дінге арқа сүйеген. Сондықтан да, императорлық указдардан: «Живописьтің шіркеулерде болуы сауатсыз адамның кітаптардан оқи алмағанын қабырғалардын көріп білуі қажет», - дегенді оқимыз. Живопись неғұрлым дамыған, бейнелі - баяндау сипатында болу керек еді.

Кейбір жасандылығына қарамастан, сол замандардан аздап сақталып қалған монументті жазбалар мен өрнектердің бейнелері мәнерлі де әсерлі.

Императорлар резиденцияларындағы ғаламат сарайлар мен соборлар құрып кеткен. Орталық композициясы Италияда өріс алған византиялық сәулетшілікке тән Аахен капелласы құрылыс өнерінің ғажайыбы болып саналған.

Геноэльс - Эльдерендегі (Броссель, қолданбалы өнер Музейі) кітапша әлем ішіндегі Мария мен Елизаветтаның (Христостың анасы мен Иоан шоқындырушының анасы) кездесу көрінісі ертедегі орта ғасырлық өнер таңғажайыптарының қатарына жатады. Фигуралар онша көлемді емес, бірақ олардың өзара жарастығы мен үндемтігі, олардың органикалық, шын мәнісіндегі ажырамас тұтастығы, шабытты асқақ сезімдердің көрініс табуы әбден толысқан, өзіндік бағыты бар орта ғасырлық көркейген пластиканың жоралғысындай болып, шабытты шебердің қолтаңбасын танытады.

Каролинг дәуірінен сақталған мол миниатюралар сол кезеңнің көркем мұрасындағы біз үшін ең мәндісі. Олардың арасында архиэпископ Эбо мен король Лотарьдің миниатюралары шүбәсіз ғажайып туындылар болып саналады., бұларда англо - ирландия миниатюрасынан мирас болған суреттің ғаламат ырғақтылығы бейнелерді керемет әсерлі етіп көресетеді.

Сол кездегі бейнелеу өнерінің аса бағалаы ескерткіші - қоңыр сиямен салынған жүз алпыс бес суреті бар атақты Утрехт псалтыры (ол Утрехтегі универсситет кітапханасында сақталғандығына байланысты осылай аталған) . Мұнда аң аулау, қырғын соғыс, сабан-той, шаруалардың бейбіт еңбегі мен қыратты табиғат көріністері, әр қилы архитектіралық әуендер кездеседі. Мұндай живопись, графикалық айқындық пен көріктілік, мұндай байқағыштық және адамды қоршаған айналадағы дүниеге деген мұндай сүйіспеншілік дәл осындай құдіретті шеберлікпен тек ХІV ғасыр суреттерінен ғана қайтадан көрініс тапқандығы әділ атап көрсетілген-ді.

Өзінің шамалы өркендеу кезінде каролинг өнері күл - қоқыстан көп ізгілікті жаңғыртты, әр түрлі мәдениетен көп нәрсені ала білді, бірақ ол тиянақты жаңа өнер жүйесін жасай алған жоқ. Дегенмен де, бұл өнердің пайдасы зор, өйткені оның жетістіктері осындай жүйенінң мүмкіндігін ашып берген еді.

«Роман стилі» деген термин ХІ және ХІІ ғасырлардағы Батыс және Орталық Европа өнеріне тән . Каролинг империясы ыдырағанға дейін құлдыраған өнер оан соң да мүшкіл халге жетті.

Роман стилінде ою - өрнек пен бейнелеу негіздері өзара сәйкес келген. Табылған синтездің мәні - образды мәнерлілік пен әшекейлі геометриялықтың, қарапайым бейнелеу мен өте шарттылықтың, ою - өрнектің нәзіктігі мен шомбал, тіпті, кейде дөрекі монументтіліктің үйлесуінде еді. Мысалы, жекелеген образдар жасауда романдық пластика түр өзгертуге ішінара ғана ден қойды, бірақ оларды үйлестіру үшін ол мүсіндік композицияның сәнділігі мен негізгі идеялық мазмұнын арттыру мақсатынды өмірлік шындықты сөзсіз құрбан етеді.

Орта ғасырлардың бас кезінде ғимарат қабырғалары мәні жағынан геометриялық және абстрактылы болып келетін әшекейлі ою - өрнекпен көз тартып тұратын. Роман өнері мұндай ою - өрнекті бейнелеу пластикасымен толықтырып, кейде, тіпті, ауыстырып та отырады, бұл жағдай ою - өрнек функциясын жаңа сапада орындауға мүмкіндік берген еді.

Роман стилінде кейде «жай халықтық», тіпті, «мұжықтық» деген сияқты теңеулер берілген. Әрине, «мың бір түн ертегілері» сияқты, соншалық құпия сырлы, шебер ойластырып жасалған араб архитектурасымен салысытырғанда немесе өте нәзік, өзінің рухтандырғыш күші жағынан өте тартымды Византияның өнерімен салыстырғанда, романдық көркем стиль біршама көзге қораш қара дүрсін, келте болып көрінуі мүмкін. Солай болғанмен де, нақ осы стильмен орта ғасырлық Европа тұңғыш рет өнердегі өз тұлғасын танытты. Бұл өзінің мәнерлі күші жағынан қайталанбас өз ерекшелігі бар өнер еді.

Роман ғимаратының сыртқы бейнесі мен оның ішкі кеңістігі бір-біріне дәлме-дәл сәйкес келеді. Сыртқы сияқты, ішінде де - шомбал формалар бөлшектенуінің айқындығы, қалың қабырғалардың, қалың, беріктігі, тігі мен икөлденеңінің аса келісті ара қатысы, шығыңқы жерлері мен жартылай дөңгелек арқалары бар зеңгір тастың шарықтап әдемі өрбіп, үдей түсуі және бізге оның мәңгілік тамыр жайғандай болып көрінетін мызғымастай тұрақтылығы бірден көзге түседі. Айқындық, мызғымастық шынайы ұлылыққа шырқаған әсерлілік - роман сәулетшілігін, міне, осылар сипаттайды.

Француз романдық архитектурасының аса тартымды ескерткіші Пуатьедегі Нотр Дам ла Гранд шіркеуінің фасады. Олар циркуль мен сызғыш құдіретімен тасқа түсірілген парасаттылық жемісі.

Романдық кезеңде жасаң француз ұлтының алғашқы ұлы поэтикалық шығармасы «Ролланд туралы жыр» (ХІІ ғ. ) шығарылды. Онда осы ұлт тілінде рыцарьлық ерлік, монархқа вассалдық берілгендік дәріптелді, осынау шабытты эпикалық толғауда айқындық, қанағатшылдық сезімі, ішкі бай мазмұнды толық бере алатын ғажайып сыйымды ықшымдылық сияқты француз көркем даналығының негізгі белгілері де көп көрініс тапты.

Романдық идеяның мәні, оның идеялық және эстетикалық ұмтылысы сұсты айбындылық, аскетизм, жасанды шарттылық, құдайға соқыр сеніммен табыну сияқты ұғымдармен шектелмейді. Қандай да болсын ұлы өнердегі сияқты, онда өткеннің мұрасы да, қазіргіні қабылдау да, болашақтың өркендері де көрініс тапты.

ХІІ ғасырдың орта шенінде, Францияда басқа елдерден бұрын роман стилінен готикаға өту айқындала бастаған кезде, француз мүсіншілеріне өзінің жеке болмысымен де, қайсыбір сәндік - архитектуралық тұтас дүниенің бөлшектері ретінде де тамаша көрініс тапқан мүсіндерді жасаудың сәті түсті. Бұл тұрғыдан қарағанды, атақты Шартр соборының корольдік деп аталатын батыс порталын безендіретін пішіндер бүкіл француздық романдық мүсін өнерінің аса үлкен жетістігі болып табылады.

Бұдан жуз жыл бұрын ең соңғы кездегі жазбалардың астыңғы қабатында үнемі жасырынып қала беретін романдық монументті живопись, біз үшін беймәлім дүние болып келген еді. Енді бір ғана Франциядан жүзге жуық фреска циклдері табылды. Қабырғалар мен діңгектерді және ғимарат күмбездерін көріктендірген бұл живопись скульптурадан кем роль атқарған жоқ және оның діни - ғибраттылық мәні де зор болады. Дәл сондағыдай ізденімпаздық, сондай сезімдер мен ұмтылыстар сәулеткерлерді, мүсіншілер мен живописьшілерді рухтандырып отырды.

Француздың романдық живописьінде, сірә, «ақшыл фондар мектебі» және «көкшіл фондар мектебі» деп аталатын екі бағыт басым болса керек. Әсіресе, елдің орталық және батыс облыстарына кең тараған біріншісінде - француздық көркем даналық мейлінше жарқын және өзіндік қасиетімен көрінген, Бургундия мен Оңтүстік-Шығысқа тән екіншісінде - Клюни аббаттылығы арқылы келген физантиялық ықпал сезіледі.

Француз көркемдік даналығы романдық кезеңде миниатюрада да, «мысалы, діни шежіреші Иоанның таң қаларлық бейнесі бар Амьен кітапханасындағы таңғажайып інжіл) сондай-ақ өнердің басқа түрлерінде де (айқын да таза бояулы, жарқыраған лимождық оймалы әмаль сол кезде бүкіл дүние жүзіне әйгілі еді) бірқатар тамаша шығармалар туғызды.

Батыс европалық орта ғасыр өнерінің тарихынды Францияның жетекші роль атқаратыны тмәлім нәрсе. Романдық кезеңнің өзінде бұл өнердің көптеген негізгі ағымдары, жетістіктері мен ізденістері Француз скульптурасынан, архитектурасы мен живописінен өзінің неғұрлым айқын көрінісін тапқан.

Романдық кезеңде Германияда жергілікті архитектуралық мектептердің әр алуандығын түгел қамтитын көптеген архитектуралық ескерткіштер жасалды.

Роман өнері тәннен тухтың басымдылығын дәріптеген византиялық (сол кездегі Италиядағы атақты «маньера бизантина») мәнерлі өнерге қарағанада басқа бағытта дамыған. Италияның даналығына қатып қалған византиялық спиритуализмнен де, сол сияқты романдық өнердің сұсты құдіреттілігі мен асқақ та тұрпайылау күшінен де айығуға тура келді, олар итальяндықтардың көзіне, бәлкім өз елдеріне Солтүстіктен басып кірген, темір мен былғары киінген рабайсыз жауынгерлер - варварлық корольдіктер мұрагерлерінің - тұрпайы дүниетанымын елестету керек.

Батыс Рим империясының мұрасынан тікелеей немесе жанама түрде тараған Батысьың барлық феодалдық дүниесінің сол кездегі арман - мақсаты, алға ұмтылысы мен қорқынышты романдық стильде өзінің көркемдік сипатын танытты.

Жаңа туындай бастаған ұлттық мәдениет біртұтас романдық ағымда көрініс тапты. Осы дәуірдің тарихи процесіне тән өзіндік ерекшелік Францияның, Германия мен Италияның өнерінде барған сайын айқындала түседі. Өнерге жиі - жиі үлкен үлес қосып отырған Батыс Европаның басқа да ұлттық мәдениеті туралы осыны айтуға болар еді.

Европадағы орта ғасырлық сәулет өнерінің мұрасы ұзақ уақыт ұмыт болып, ақыры оның маңыздылығы мойындалғаннан кейін, готикалық архитектура соншалықты зор қуаныш сезімін тудырғанын Гоголшьдің мына сөздерінен аңғаруға болады: «Таңғажайып архитектура бар еді . . . - біз оны іске алғысыз варварлық жат дүниедей көріп, ұмыт қалдырдық. Үш ғасыр өтіп кеткеннен кеиін Европа елдерінің ертедегі римдіктер римдіктер мен византиялықтардың ғажап өнеріне сұқтанып, ашқарақтана қабылдағанына, немесе оны өздерінің қалыптарына салып бүлдіргеніне таңданбасқа бола ма, - Европа жұртшылығы сол өнер туындыларының ішінде небір ғажайыптар бар екенін білмеді . . . Оның өзегінде миландық, кельндік соборлар мен Страсбург монастрінің осы күнге дейін салынып бітпеген мұрасының кірпіші қараңдайтынын көре алмады.

Орта ғасырлар аяқталар кезде пайда болған готикалық архитектіра - адам қиялы мен талғамы бұрын ешқашан тудыра ламаған құбылыстар. Готика арабтардан ғимараттың бүкіл келбетін әсем де жеңіл етіп көрсететін өнерлілікті ғана пайдаланады; алайда, сол салтанатты әшекей оған, тіпті, басқа формада сіңіскен. Онда бралық бөлшек тұтасып тұр. Бас айналдырарлықтай биік, әдемі күмбездер, аса үлкен терезелер, қисапсыз құбылып, бітісе қиюласып, осы бір зәре айтарлықтай алып бітімге тұтасқан небір нәзік зергерлік әшекейлер жер табаннан бастап, сонау шырқау биікке дейін өрлеп, аспанға самғап бара жатқандай болып көрінеді. Алып асқақтық пен әсемдіктің, сән-салтанаттылық пен қарапайцымдылықтың, ауыр салмақталық пен жеңілділіктің осылай үйлесуі - сол уақытқа дейін ешбір архитектіра өз бойын сіңіре алмаған жетістік еді. Осы ғимараттың қасиетті қараңғылығына бас сұққанда, терезерден түскен түрлі - түсті таңғажайып жарық сәулені көресің, басыңды жоғары көтерсең бірін-бірі қуалап барып, астасып жататын сүйір күмбездер шегіне көзің жетпейді, сол сәтте адам баласының ақылына сыймайтын белгісіз бір киелілік үрейінің жаныңды билеп әкетері, тіпті, табиғи нәрсе»

ХІІ ғасырда романдық стильден готикалық өнер тіржола үстем болуымен бірге француз музыкасындағы бір үнділіктің орнына көп дауысты күрделі өнер өмірге келді. Бұл арада үлкен байланыс бар: көп дауыстылықтың бір үнділікке ұқсастығындай, әр елде түрін өзгертіп отырған готикалық архитектура негізінен романдық өнерге жатады. Орта ғасырлық соборлар тасында салтанатпен шырқалған гимн енді дабылы зор, әмірлі болып естілмегенмен, эмоциялық әсері жағынан байи түсті, онық асқақ аккордында астасқан дауылды үн мен ойлылық, шадымен масатты сезім мен мұңданушылық, даңқ пен мақтаныш әуендері шаттық пен шабыт сезімдерімен бірігіп, жаңа үнге ие болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пейзаж өнердің дербес жанры ретінде
ҰЛТТЫҚ ҚОЛ ӨНЕР-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗІ ТУРАЛЫ
Дипломдық жұмыстың живопистен пейзаж жанрында орындалуы
Орта мектеп оқушыларына бейнелеу өнері пәнінде пейзаж жанры туралы және оның салу тәсілдерін үйрету
Пейзаждың суретін салу әдісі
Қытай бейнелеу өнерінің ұстанымдары
Бейнелеу өнері туралы мәліметтер
Бейнелеу өнерінің пейзаж жанрының жасалу барысы
Орыс өнерінде пейзаждың гүлденуі
Бейнелеу өнерінің дамуы және қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz