Биологияны оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы


Кіріспе
«Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек», - деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің щебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Әдістер белгілі бір негіз бойынша топтарға бөлінеді.
XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б. Е. Райков, К. П. Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді. Қазіргі таңда әлем жылдам өзгеруде. Ғылым мен техниканың шапшаң дамып жатқан заманы. Өсіп келе жатқан жас өспірім ұрпақтарымыз ұялы телефон мен интернет желісінсіз жүре алмайтын дәрежеге жеткен кез. Сондықтан біз бала қолынан оқулықты көре алмаймыз. Ендігі таңда бала қолына баспадан шыққан оқулықты ұстатып, оны жан-жақты тәрбиелеу - мұғалім еңбегінің өзекті мәселесіне айналғаны шындық. Сондықтан мұғалім заман талабына сай өзгеруі қажет. Білім беру саласында қол жеткізілген бүкіл әлемдік бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде болуы. Елде болып жатқан өзгерiстер мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесiне де әсер етуде. Бұл өзгерiстер мұғалімдердің білімдерін көтерудегі жаңартулар ғана емес, мектептерде жаңа көзқарастарды, жаңа әдіс-тәсілдерді енгізуде қажеттiлiк тудырып отыр. Қазақ халқының аса көрнекті ғалымы, ұлы педагог А. Байтұрсынов «Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты -сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру» деген. Заманауи технологиялардың әдіс-тәсілдерін, элементтерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, тиімді оқытуда олардың ізденуін, танымын қалыптастыруға мол мүмкіндік бар. Оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдап алу тиімді оқытуда табысқа жетуге негіз болады, әрі сабақтың сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді. Оқушыларға терең білім беру үшін мұғалім әдістердің тақырыпқа сай, оқу материалын тиімді меңгертуге ықпал тигізетіндей түрін таңдау керек және осы әдісті қолдану жолын өзі жақсы білуі керек. Сондай әдістердің бірі: интербелсенді әдістің тиімділігі.
Қазіргі оқу үдерісінде білімді меңгеру үшін интерактивті оқытудың мәні өз көрінісін табады. Әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатыса алады және келесі сипаттамаларға ие болады: олар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.
Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылардың танымдық іс -әрекетін басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады.
Аталған жағдайды тудыру үшін ең тиімді жолы - топтық жұмыс. Мұндай жағдайда мұғалім диагностика мен мониторингті қамтамасыз етеді, оқу-жаттығу ортасын ұйымдастырады, алғашқыда басқа ресурстар болмаса қолдау (кеңес, нұсқаулар береді) көрсетеді.
Ұқсастығын немесе белгілі бір құбылыстардың айырмасын жариялау қажет болса, топтық жұмыста мұндай стратегиялар қолданылады - қатысушылардың әр түрлі топтармен бір мәселе бойынша пікіралмасуы өзара үйрету, үйрену жолдары жүзеге асырылады.
Сыни тұрғыдан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік болғандықтан, мұғалімдердің сыни тұрғысынан ойлау арқылы оларды оқыту туралы ойлануына, сыни ойлау туралы түсініктерін нақтылау, мұғалім мен оқушылар арасында диалогтік өзара әрекеттестік және балалардың жауаптары мен оқыту үдерісі туралы ойлануы арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға болатындығын түсіндіруді көздеймін.
Сабақтар барысында постер қорғау, Джиксо, «6 ойлау қалпағы» әдіс-тәсілдері, тұжырымдамалық карта құру, «Стоп кадр» т. б. әдіс-тәсілдер қолданылады.
Жоғарыда аталғандай сыни ойлау қабілеттерін дамытудың ең тиімді жолы - дұрыс сұрақ қою болғандықтан, сабақтарымның жаттығуларында сұрақтар қоя алу машықтарын жетілдіру арқылы тапсырмаларды ұсынамын.
Топтық жұмыста зерттеушілік әңгіме ұйымдастырған мұғалімдер бұл сабақтар оқушының танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты, өнімді өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға, соның негізінде көшбасшылық қасиеті дамитыны, өзін сенімді болуына, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.
Мектеп өмірінде оқушылардың өздігімен білім алу үдерісіне дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстырғанда, оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, рухани-адамгершілік жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.
Бүгінгі қоғамға, білім беру саласына керегі де осылар. Оқытудың осындай жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, бәсекеге қабілетті ұрпақ қажет деген талапқа сай ұжымдық жұмыс өзінің тиімділігін тәжірибеде дәлелдеп берді.
Баланың бойында терең ойлану, өз идеялары мен әрекеттерін талдау, бағалау, пікірталастарға қатысып өз ойы мен пікірін дәлелдеу, басқа балама пікірді ескеруі және шешім қабылдауы, қиын мәселелерді шешуі барысында бала сол күнгі білімді есте сақтайды.
Кездескен кедергілерге келетін болсам, бір сабақта көп әдісті қолдануға болмайтындығы, себебі әр тапсырма уақытты талап етеді. Уақыт тар болғандықтан толық ашылуға уақыт жетпейді. Екіншіден топтың дұрыс бөлінбеуі, бір топта гуманитарлық пән мұғалімдері жиналғандықтан олар шапшаңдау болды деп ойлаймын. Негізінен кері байланыс нәтижесі бойынша мақсатыма жеттім, енді әдістемелік күні сабақтарында қалай қолданатындарын көріп, қорытынды жасай аламын. Қазірдің өзінде қызығушылық танытып жатқан ұстаздарымыз келіп көмек көрсетуімді сұрауда.
Бағдарламада көрсетілген 7 модульді қолданысқа енгізу, оның нәтижесіне қорытынды жасау терең зерттеуді керек етеді. Бағдарлама нәтижесі мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыруға даярлау болып табылады. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер - қолдану әрбір мұғалімнің көздеген мақсатына жету үшін оңтайлы тәсіл болып табылады. Себебі балалар бір-бірімен диалогтік әңгіме құра отырып, еркін ой бөліседі.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: "Болашақта өркениеті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім". (Елбасының халыққа жолдауынан) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) жасаған Құзыреттерді анықтау және іріктеу жобасы дағдылардың барынша кең ауқымын қамтитын ХХІ ғасыр дағдыларының моделі болып табылады.
Мектеп өмірінде оқушылардың өздігімен білім алу үдерісіне дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстырғанда, оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, рухани-адамгершілік жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.
Бүгінгі қоғамға, білім беру саласына керегі де осылар. Оқытудың осындай жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, бәсекеге қабілетті ұрпақ қажет деген талапқа сай ұжымдық жұмыс өзінің тиімділігін тәжірибеде дәлелдеп берді.
Интерактивті оқыту әдісінің ең бастысы, жауаптың өзінен де мәселені шешу үдерісінің маңызды немесе маңыздырақ екенін түсінуі. Интерактивті әдістің мақсаты тек қана ақпарат беру ғана емес, оқушының өз бетімен жауапты табу дағдыларын қалыптастырумен байланысты.
1. Әдебиетке шолу
1. 1 Биология сабағында қарапайымдыларды оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы, оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеті.
Биология сабағында қарапайымдыларды оқыту әдістемесі зоолоогия пәнінде оқыту және тәжірибе жүзінде көрсетуде негізделген жаңа инновациялық әдістемелерді еңгізу болып табылады.
Сабақта қолданылғын әдістемелер оқу пәнінің мазмұнын оқыту мен тәрбиелеудің формасын, оның бағдар-барысын қарастырады. Сонымен қатар әдістеме оқу жұмысына керекті құрал-жабдықтарды анықтап олардың жіктелуіне септігін тигізеді.
Биология пәндерін дұрыс оқыту үшін жақсы жабдықталған бөлме, тірі табиғат бұрышы, мектеп жанындағы оқу -тәжірибе алаңы керек.
Биология сабағында оқыту әдістемесі - жалпы әдістемеге және жеке пәндердің әдістемесі деп екіге бөлінеді.
Жалпы әдістеме лекция түрінде беріледі, бұл жаратылыстану пәнінің шығу тарихын, алғашқы шыққан оқулықтар, методиканың даму тарихын, түрлі тәрбиелер, оқыту әдістерін, сабақ-оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы екендігін, биологияға арналған сыныптан тыс жұмыстарды (үйірме жұмыстары және көпшілік-қоғам жұмыстары т. б. ), биология кабинетін жабдықтау, тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру, жабдықтау, мектеп жанындағы оқу-тәжірибе алаңын жоспарлауды қарастырады.
Жеке пәндердің методикасы - зертханалық сабақтар түрінде жүргізіледі және олар: оқытудың әдісін анықтау, оқу материалының мазмұнын толық меңгеріп, оған қажетті көрнекі құралдарды іріктеп алу және қосымша материалдарды пайдалану, тәжірибесін қою, жасау, тақтаны пайдалану т. б.
Биологияны оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы. Биологияны оқыту әдістемесі психология пәнімен тығыз байланысты. Әр сыныптың оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты мінез-құлқын біліп, әр жасқа әртүрлі түсіндіре білу. Психиканың заңдылықтарын білу оқыту мен тәрбиелеудің тиімді құралдары мен әдістерін табуына көмектеседі. Соңғы кездері әдістемелік зерттеулер кеңінен психология мәліметтеріне негізделеді.
Әдістемелік ғылым, психология мәліметтері дидактиканың заңдылықтары мен принциптері тікелей және жанама әдістері арқылы қолданады. Әдістемелік ғылым ішіндегі негізгі психологтың бірі А. С. Выготский өз еңбегінде « . . . білім беру оқушының кешегі күніне емес, ертеңгі күніне көзделуі керек. Демек, дұрыс ұйымдастырған оқыту үрдісі алда жүріп, даму процессін жетілдіру керек» деген.
Биологияны оқыту әдістемесінің тіл әдебиетпен байланысы.
Сабақтың мазмұнын түсіндіргенде әдеби тілмен жатық, түсінікті сөйлеуге тырысу. Кейде тақырыптың мазмұнына байланысты тіл әдебиет пәндерінен үзінді келтіруге болады.
Оқыту әдістемесінің география пәнімен байланыстылығы.
Сабақтың мазмұнына байланысты объектілердің кездесетін материктерін көрсету, мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын көрсетуге болады.
Биологияны оқыту әдістемесі пән ретінде мектеп, гимназия колледждердің биолог оқытушылары мен ұстаздарын дайындауда аса маңызды болып есептеледі.
Әдістеменің міндеттері. Әдістеме көмегімен жасалған теориялық жағдайларды практикалық әрекеттер түріне айналдыру.
Биологияны оқыту әдістемесі биологияны оқытудың заңдылықтарын белгілейді.
Орта мектептегі білім мен тәрбие берудің маңызын анықтайды.
Оқу пәнінің мазмұнын қайта қарайды, толықтырады, жақсартады.
Оқытудың әдістерін жасап береді.
Сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстардың мазмұнын, әдістерін жақсартады.
Алдыңғы қатарлы мұғалімдердің тәжірибесін негізге ала отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын жақсартуға жөн сілтеген жаңа әдістер жасайды.
Биология кабинетінің, тірі табиғат мүйісінің, оқу-тәрбие алаңының ұйымдасуын, керекті көрнекі құралдармен жабдықталуын практика жүзінде тексеріп отырады.
Әрбір ұстаз биология ілімінің терең сырын, маңызын қоғамдағы, өмірдегі және әрбір жеке адамның күнделікті қызметіндегі орнын түсіне отырып қана, жаңа жас ұрпақты тәрбиелей алады. Сондықтан биология пәнінің мұғалімін - осы білімді насихаттаушы деп есептеуге болады. Тек биология курсы пәндерін оқыту арқылы ғана, әдістерін жетілдіру нәтижесінде тереңдете дәйекті түрде адамның табиғаттағы ролін ашып көрсетіп, экологиялық мәдениеті мен сауаттылығын арттырып, өз өміріне сауаттылықпен қарауды жолға қоюға болады.
Жануарлардың құрылысы мен тіршілік етуі туралы мәліметтер адамзат баласына бұдан бірнеше ғасыр бұрын белгілі болған. Олар өздері аулаған жануарлардың сырт пішінін паналайтын үңгірлер кабырғасындағы тастарға және күркелерінде калдырған сүйектерге ойып салып отырған. Мысалы: Австрия үңгірлерінің бірінде жүрегі айқын көрсетілген піл суреті бар. Сонымен катар аралар балын жинап жүрген әйел бейнесі де салынған. Бұлар бізге қазба қалдықтарын зерттеу нәтижесінде белгілі болып отыр.
Ал жануарларды ғылыми негізде зерттеп, зоологияның дамуына ең алғаш жол ашкан гректің ұлы ғалымы және философы Аристотель (384-322, IV ғасыр біздің заманымызға дейінгі) болды. Аристотель жануарлар классификациясын жасап, зоология систематикасынының негізін салған. Ол жануарлардың 500-ден аса түрлерін зерттеп, оларды 2 топқа бөлген: 1) "энойма" - қаны бар жануарлар; 2) "анойма" - қаны жоқ жануарлар.
Бірінші топқа, қанды жануарларға: 1) тірі туатындарды (аңдарды) ; құстарды; 3) бауырымен жорғалаушыларды; қосмекенділерді; 4) балықтарды жатқызды.
Екінші топка, қансыздарға: 1) басаяқты моллюскаларды; 2) шаянтәрізділерді; 3) моллюскаларды (басаяқтылардан басқа) ; 4) насекомдарды, өрмекшілерді және құрттарды жатқызды.
Төменгі сатыдағы ұсақ жәндіктерді үшінші "chaos" - тобына жатқызды. Аристотель көптеген кітаптар жазған. Ол насекомдардың толық және шала дамуын, құстардың көшу және қайту мерзімін, сүткоректілердің зәр шығару және жыныс мүшелерін айқын бейнеледі, сүткоректілерді жұптұяқтыларға, балықтарды шеміршектілер мен қатты сүйектілерге бөлді.
Аристотель "Жануарлар тарихы" деген еңбегінде жануарлар туралы көзқарасын білдіре отырып, жануарлардың және адамның сыртқы және ішкі мүшелеріне сипаттама берді, ал бұл жануарлардың салыстырмалы анатомиялық сипаттамасына алып келді. Аристотель "Жануарлардың дене бөліктері туралы" еңбегінде организмдерде бірыңғай тканьдер және бірыңғай
емес "мүшелер" бөлімдерін ажыратты, ал "Жануарлардың пайда болуы туралы" еңбегінде жануар мен адам эмбриологиясы туралы айтты.
Аристотель өз еңбектерінде суреттерді негіз етіп алған, бірақ олардың көбісі сақталмаған. Аристотельдің бірінші зоологиялық сипаттамасы көп уақыт бойы қолданылып келеді.
Орта ғасырда жануарлар жайындағы алғашқы түсініктердің бастамалары әрі қарай дами алмады, өйткені феодалдық коғам жағдайында табиғатқа тәжірибе жасау және зерттеу жұмыстарын жүргізу діннен тайғандардың ісі деп саналып, зерттеушілер қатты қуғынға ұшыраған. Тек XV ғасырдан бастап капитализмнің, өнеркәсіптің, сауданың дамуымен қатар
зоология да дами бастады. XVI - XVII ғасырларды жинақтау ғасыры деп атауға болады.
Жануарлар, өсімдіктер әлемі туралы негізгі түсініктер қалыптаса бастады. Жануарлардың көптүрлілігі, олардың ішкі құрылысы туралы да шығармалар шыға бастады. Олардың авторлары швед ғалымы К. Геснер және француз ғалымдары Г. Ронделе, П. Белона.
Зоологияны дамытуда үлкен үлес қосқан голланд ғалымы Антон ванн Левенгук (1632-1723) және ағылшын ғалымы Роберт Гук (1635-1703) . А. Левенгук қарапайым құрылысты микроскоптарды жасап, тұңғыш рет бір клеткалы тірі жәндіктерді ашты, ал Р. Гук өсімдік тозағашының құрылысын зерттеп, оның клеткадан тұратынын анықтады. Р. Гук "Микрография немесе үлкейтетін шыны арқылы ұсақ денелілердің физиологиясын бейнелеу" (1665)
деген еңбегінде тұңғыш рет "клетка" ұғымын қолданды.
XVIII ғасырда швед ғалымы Карл Линнейдің (1707-1778) жасаған системасын жұртшылық мойындады. Ол өзінің "Табиғат системасы" (Systema naturae, 1735) деген үлкен еңбегінде өсімдіктер мен жануарлардың негізгі ұқсастықтары мен айырмашылықтарына сүйене отырып, ең кіші бірлікті түр деп атап, ұқсас түрлерді - туысқа, туыстарды - отрядтарға, ал отрядтарды класқа біріктірді. К. Линней өсімдіктердің 7540 түрін зерттеп, оларды 24 класқа бөлді, ал жануарлардың 4200 түрін зерттеп, оларды 6 класқа бөлді: 1) Сүтқоректілер - Mammalia; 2) Құстар - Aves; 3) Хайуандар - Amphibia - бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділер; 4) Балықтар - Pisces; 5) Насекомдар - Insecta; 6) Құрттар - Vermes (бұл класқа моллюскалар
және басқа да омыртқасыз жануарларды жатқызған) .
К. Линнейдің өсімдіктер мен жануарлардың түр және туыс аттарын латын тілінде атауды ұсынуы ең негізгі бағалы жаңалығы болды. Мұны ғылымда қосарлы немесе бинарлық ("би" - екі) номенклатура деп атайды. Осы күнге дейін барлық елдің ғалымдары түрлерді қосарлы аттарымен атауды қолданып келеді. Мысалы, Cimex lectularius - төсек қандаласы, С. hirundinis - құс қаңдаласы, Tabanus sabuletorum - құм сонасы, Т. subsabuletorum - тоғай сонасы, Т. brunneocallosus - тақыр сонасы, Т. bovinus -
өгіз сонасы. Түрлердің барлық особьтары үшін туыс аты ортақ болады. Мысалы, төсек және құс қандаласына Cimex туыс аты ортақ. Ал соналарға Tabanus туыс аты ортақ. Туыс аты түр атының алдынан үлкен әріппен жазылады.
К. Линней ботаника тіліне өзгерістер енгізіп, ботаникалық тіл қорын жетілдірді. Ботаникадан еңбектері: "Ботаника негіздері", "Ботаника философиясы", "Өсімдіктер туыстары", "Өсімдіктер түрлері" т. б. К. Линней табиғат туралы метафизикалық түсініктерді толық қуаттап, түр өзгермейді жаратушы қанша түр жаратса, сонша түр тіршілік етеді деген үғымда болған.
XVIII ғасырдың аяғында және XIX ғасырдың басында органикалық дүние жөнінде эволюциялық көзқарастар тұрғысынан пікірлер айтыла басталды. Француз ғалымы Жорж Луи Бюффон (1707-1788) өзінің "Табиғат тарихы" (1749) деген еңбегінде үй жануарларының өзгеріске ұшырайтындығын дәлелдеген. Эволюцияны қолдаушылардың бірі француз ғалымы Жан Батист Ламарк (1744-1829) болған. Ол өзінің "Зоология философиясы" (1809) деген еңбегінде, жер тарихының ұзақ жылдар бойында сыртқы ортаның әсерінен организмдердің үздіксіз өзгеріп отыратындығын көрсеткен. Ж. Б. Ламарк систематиканың дамуына көп еңбек жасады. Ол барлық жануарларды екі топқа бөлді: омыртқасыз жануарлар, омыртқалы жануарлар. Омыртқасыз жануарларды 10 класқа топтастырды: 1. Инфузориялар класы. 2. Полиптер. 3. Сәулелілер. 4. Құрттар. 5. Насекомдар. 6. Өрмекші тәрізділер. 7. Шаян тәрізділер. 8. Буылтық құрттар. 9. Мұртаяқтылар (төменгі сатыдағы шаян тәрізділер) . 10. Моллюскалар. Омыртқалы жануарларды 4 класқа топтастырды: 1. Балықтар класы. 2. Бауырымен жорғалаушылар, қос мекенділер класы. 3. Құстар. 4. Сүтқоректілер. Осы 14 класқа бөлінген жануарларды Ж. Б. Ламарк сатылай орналыстырды, оның төменгі сатысына инфузорияларды, полиптерді (құрылысының күрделілене түсуіне байланысты жоғары сатыға көтеріледі), жоғары сатысына құстар мен сүтқоректілерді орналастырды. Тірі организмдер құрылысының күрделілене түсуін Ж. Б. Ламарк "градация" (жоғары көтерілу) деп атады. Организмдер құрылысының күрделіленуін Ламарк, олардың іштей прогреске ұмтылушылық қабілеті болуынан деген пікірде болған.
Ж. Б. Ламаркпен қатар француз ғалымы Жорж Кювье (1769-1832) салыстырмалы анатомия негіздері мен корреляциялар туралы ілімнің негізін салды. Сонымен қатар систематиканың да дамуын жалғастырды.
Ж. Кювье және оның шәкірті Блинвиль 1825 жылы системаға "тип" деген ұғым енгізді. Жануарларды олар 4 типке бөлді: 1) омыртқалылар типі, 2) жұмсақ денелілер, 3) бунақтылар (мүшелілер), 4) сәулелілер. Омыртқалылар типіне мынандай кластарды енгізді: 1. Сүтқоректілер. 2. Құстар. 3. Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылар. 4. Балықтар. Жұмсақ денелілер типіне : 1. Басаяқтылар. 2. Қанатаяқтылар. 3. Бассыздар. 4. Иықаяқтылар (иін) . 5. Бауыраяқтылар. 6. Мұртаяқтылар; Бунақтылар типіне : 1. Буылтық құрттар. 2. Шаянтәрізділер. 3. Өрмекшітәрізділер. 4. Насекомдар. Сәулелілер типіне : 1. Тікентерілілер. 2. Құрттар. 3. Атқыштар.
4. Полиптер. 5. Инфузориялар.
Ж. Кювье, Линней сияқты, түр өзгермейді деді. Типтердің өзгермейтіндігі және тұрақтылығы туралы метафизикалық ұғымды қолдады.
Ж. Кювьемен қатар орыс ғалымы К. Бэр (1729-1876) салыстырмалы эмбриологияның дамуына жол ашты. Ол жеке организмдердің ұрықтарының дамуына арнап "Жануарлардың даму тарихы" (1834) деген екі томдық кітап жазды, мұнда ол жануарлардың дамуы бір клеткадан басталатындығын анықтады, эмбриональдық даму бірнеше жеке процестерге бөлінетіндігін көрсетті және ұрық күрделі организмге бірте-бірте даму процесінің нәтижесінде айналатынын көрсетті. К. Бэрдің тағы бір жаңалығы, ол сүтқоректілердің жұмыртка клеткасының болатыңдығын ашты.
К. Бэр түрлі жануарлардың ұрықтарының даму жолдарын зерттеп, оларды төрт типке бөлді (Ж. Кювьенің бөлген типтеріне сәйкес) . К. Бэр эволюция туралы алғашқы айтылған "түр өзгеріске ұшырайды және тұрақты болмайды" деген пікірді қолдамады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz