Думан Рамазанның журналистикадағы бастамалары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кiрiспе

І Думан Рамазанның журналистикадағы бастамалары

  1. «Қазақ әдебиеті» әдеби басылымындағы Д. Рамазанның қызметіПублицист деп танудағы негіздер

ІІ «Қазақ әдебиеті» басылымындағы Д. Рамазанның көтерген мәселелері

1. 1 Тарих туралы

1. 2 Әлеуметтік маселе

Кіріспе

Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы : Қазақ журналистика тарихында көптеген публицистер, журналистер, қаламгерлердің шығармаларының басым көпшілігінде еліміздің өткені мен бүгіні, тарихы мен бастан өткен оқиғаларын, әлеуметтік мәселелерді көтеретін тың дүниелер көптеп кездеседі. Бұл орайда жазушы, журналист, аудармашы, драматург, зерттеуші Думан Әмірғалиұлы Рамазанның қосып жүрген үлесі молшылық. Алғашқы журналистік қызметін 1988 жылы республикалық «Халық кеңесі» газетінде бастап, одан әрі «Қазақ әдебиеті»әдеби басылымында редакторлық қызметті, сол басылымдарда өзінің проблемалық, публицистикалық, зерттеу мақалаларын жариялаған журналистің бүгінде шығармашылығы баршылық. Оның еңбектері баспасөз беттеріне жарияланып, жеке жинақ болып жарық көрді. Тарих парақтарын қайта парақтап күні бүгінге дейін ашылмай кеткен сырларды ашып, ақиқат іздеу мақсатында аттанған жорықтары жайлы көлемді зерттеу мақалаларының өзі жеке бір тарих іспетті. Д. Рамазанның қай еңбегін алып қарасақ та болашақ журналист мамандар үшін пайдасы мол үлгі болары анық. Журналистік қызметтен өзге драматургияны қолға алып, драмалық шығармаларының арасында «Кенесары-Күнімжан» пьесасы 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Ұлттық театрлардың республикалық фестивалінде (Қ. Қуанышбаев театры) «Ең үздік драма» атанды. 2012 жылы Түрік елінің астанасы Анкара мен Ыстамбұл қалаларында «Кенесары-Күнімжан» драмасы түрік тілінде қойылса, Ал 2013 жылы Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театрында, 2015 жылы Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театрларында «Абылай ханның арманы» атты тарихи драмасы сахналанды. Ал 2015 жылы Шығыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында «Керей - Жәнібек» атты тарихи драмасы қойылып, Республикалық театр фестивалінде аталмыш туынды «Ең үздік спектакль» атанып, бас жүлдені иеленді. Сондай-ақ әдебиетімізде постмодерндік бағыттың көшбасшысы ретінде танылған Д. Ә. Рамазанның әдеби бағыттағы ізденістері мен жетістіктері де ауыз толтырып айтарлық деңгейде . Тіпті Харуки Мураками, Юкио Мисима, Джон Голсуорси, Уильям Сароян секілді әлемге әйгілі қаламгерлердің шығармаларын қазақ тіліне аударған қаламгерден жан-жақтылықты, тынымсыз еңбекті байқауға болады. Оған қоса, «Көкжал» (Астана. Елорда баспасы, 2001), «Хан Кененің қазасы» (Алматы. ҚАЗақпарат баспасы, 2002), «Алланың әмірі» (Алматы. Жазушы баспасы, 2008), «Жылап аққан тамшылар» (Алматы. ҚАЗақпарат баспасы, 2011), «Көктамыр» (Астана. Фолиант баспасы, 2013), «Абылай ханның арманы» (Астана. Фолиант баспасы, 2014) атты кітаптардың және 2007 жылы түсірілген «Кенесары хан» деректі фильмі сценарийінің авторы Тіптен шығармашылықтың қайнаған қазанының ортасында жүрген белгілі жазушы, қайраткерлердің ішінде Қадыр Мырза Әли, Төлен Әбдікұлы, Тұманбай Молдағалиев, Жәркен Бөдеш, Әмірхан Меңдеке, Нұрғали Ораз, Аманхан Әлімұлы, Әмірхан Балқыбек, Амангелді Мырзабек, Таласбек Әсемқұлов, Өтен Ахметтердің өздері қаламгердің қарым-қабілетіне жоғары баға берген. Әрбір еңбегінің ар жағында мол ізденістің бар екендігін де жоққа шығармайды.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Біздің қазіргі қоғамда бұқаралық ақпарат құралдарының атқарар рөлі зор. Қоғамдық санаға әсер етуші фактор ретінде баспасөзіміз журналистерден, публицистерден талап ететіні де -әлеуметтік ақиқатты жан-жақты етіп жазып көрсету. Осы тұрғыда өзіндік септігін тигізіп, бұқараға әсер етер дүние жазып жүрген қаламгердің шығармаларын зерделеп атап өткен жөн. Еліміздің мәдени өміріне қатысты тың мағлұматтар жинап, сенсациялық мақалаларымен қоғамдық пікір тудыра білген журналистің шеберлік қырын жоғары бағалауға негіз бар. Дипломдық жұмысқа 1997-2002 жылдар аралығындағы жарияланған мақалаларын алуымыздың бірқатар себептері бар. Мәселен, сол жылдарда тарих қойнауынан сыр шертетін зерттеу, проблемалық мақалалары, сыр-сұхбаттары жариялануына байланысты алынды. Ең негізгі көтерген мәселесiнiң бірi- азаттық жолында орыс отаршылдарымен он жыл бойы табандап күресiп, мерт болған ұлы тұлға Кенесары ханға байланысты «Қазақ әдебиетi» газетiнде жарияланған «Хан сүйегi қайда?» атты мақаласының маңызы әлі күнге дейін жойыла қоймады. Одан өзге әлеуметтік мәселеге қатысты «Әкеңді өлтіргеннен құн сұрама, баласын апиынға үйрет» атты мақаласында нашақорлық жайында әңгіме түрінде ашып жазуының өзі күн тәртібінде жүрген мәселенің бірі екенін аңғартады. Сондай-ақ журналистік шеберлігін танытатын түрлі өнер және мәдениет қайраткерлерімен сұхбаты да өзі шыңдалып шыққан шеберханасының осал еместігін далелдей түседі.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Д. Рамазанның баспасөзге алғаш келуінен бастап күні бүгінге дейінгі уақыттағы журналистік, публицистік қырын таныту мақсат етілді. Сонымен бірге шығармаларындағы публицистикалық белгілерді анықтап, бұқараға ойын жеткізудегі қолданатын әдіс-тәсілдерін, тілінің байлығы мен стильдік ерекшелігіне мән беріп, кейінгіге оны насихаттау. Оның тақырыптық ізденістеріне шолу жасап, шығармаларының бағытын, авторлық позициясын кеңінен зерттеу де Отандық басылым беттеріндегі жарияланымдарын тақырыптық, сапалық тұрғыдан сараптау да міндеттелді. Сонымен қатар тарихқа, әлеуметтік мәселелерге қатысты жазылған зерттеу мақалаларына толығымен талдау жасау көзделді. Сол арқылы оны «журналист» және «публицист» деп тануға негіздің барын дәлелдеу.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Бұл-журналистика саласында, әдебиет әлемінде жүріп, тың еңбектердің авторы, журналист, зерттеуші Думан Рамазан жайында жазылған журналистика факультетінен шығып отырған алғашқы еңбек.

Дипломдық жұмыстың құрылымы . Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, сілтемелерден және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Думан Рамазанның журналистикадағы бастамалары.

Журналистика - қоғам өміріне белсене араласып, ондағы жайттардан ақпарат беретін шығармашылық қызметтің бір түрі. Оның ақпарат тарату құралдарының ішіндегі ықпалдысы да қайнар көзі де - мерзімді басылымдар. Қазақтың зерттеуші, публицисі Ахмет Байтұрсынов: «Әуелі, газет - халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мақау, көзі жоқ соқыр сықылды . . . » деген ұранға айналған сөзін тиек етіп алар болсақ, 1967 жылғы 1 тамызда қазіргі Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облысы, Абай ауданы, Қызылту кеңшарында дүниеге келген журналист, аудармашы, зерттеуші, драматург Думан Әмірғали Рамазанның журналистік жолы дәл осы газеттен бастау алады. Оның бұл салаға келуіне ықпалын тигізген жазушы Тұрсын Жұртбай ағасы екені жайлы өзінің «Тұрсын Жұртбайдың маған жасаған жамандықтары атты мақаласында»: «Егер ағам басқа мамандықты таңдағанда, мен де басқа мамандықты таңдар ма едiм, кiм бiлсiн. Мiне, бұл ол кiсiнiң маған жасаған алғашқы жамандығы едi. Содан кейiн орта мектептi бiтiре сала менi сол кездегi әсем астанамыз - Алматыға алып кетiп, ҚазМУ-дiң журналистика факультетiне оқуға түсiрiп жiбердi. » деп көрсеткен. Алғаш рет «Халық кеңесі» газетінің бетінде «Тақсірет» атты ашық аспан астында атом бомбасын сынаудың кесірінен үсті-басы құрттап өлген жігіттің аянышты тағдыры туралы жазылған әңгімесі жарық көріп, сол басылымға бас редакторы, атақты қаламгер Сарбас Ақтаевтың шақыруымен қызметке орналасты. Сол газеттің мәдениет және әдебиет бөлімінде жазушы Нұрдәулет Ақыштың, одан соң ақын Әділғазы Қайырбековтің жетекшілігінде болып алты жыл қызмет етті. Одан кейінгі журналистік қызметі«Қазақ әдебиеті» газетінде жалғасып, Онда көбінесе ұлттық мәселелерді көтеруге күш салды. Он шақты жылдай уақыты «Қазақ әдебиеті» газетінің қабырғасында өтіп, белгілі бір себептерге байланысты аталмыш басылымнан кетуіне тура келеді. Өзі қызмет еткен 1996-2006 жыл аралығында басылым беттерінде кең көлемді қазақтың соңғы ханы, тәуелсіздік жолында он жыл арпалысқан, қапыда мерт болған Кенесарының бас сүйегін іздестіру барысындағы жорықтары туралы кеңінен баяндап беретін «Кенесары бабамның басы қайда?» атты және К. Қасымұлының пайдаланған қару-жарақтар жөніндегі тарихи деректері туралы жазылған «Хан кененің қылышы», тарихта Сібір казак әскерінің атаманы болған, 1918-20 ж Кеңес үкіметіне қарсы ақ казактарды бастап соғыс жүргізген Анненковтың жорығы туралы «Қанды із(атаман Анненковтың жазалау жорықтары туралы) », есірткі мен нашақорлыққа қатысты «Әкеңді өлтіргеннен құн сұрама, баласын апиынға үйрет»зерттеу мақалаларында терең зерттеу жұмысының нәтижесі және де Тұрсын Жұртбаймен, ақын Жәркен Бөдешұлымен, Сәкен Иманасовпен сұхбаттарында маңызды дүниелер жайлы айтылып, өзінің журналистік қыры, сұрақ қоя білу шеберлігі анық көрінеді.

Қоғамдық пiкiр тудырып қана қоймай, Кенесары ханның сүйегi жатқан жерге, яғни, Қырғызстанға, архивтердi ақтарып, зиялылар мен көнекөз қарияларға жолығып, көптеген тың деректер жинастырды. Тіпті ханның бас сүйегiн iздеп, Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларына сапар шегiп, екi айдай уақыт бойы мұражайларды қарап, архивтердi қопарып, халқымыздың тарихы мен мәдениетiне қатысты көптеген мағлұматтар алып келді. Мұның өзі қазақ журналистикасында ғана емес, елiмiздiң мәдени өмiрiне әкелген жаңалығының бірі. Осы сапардың қорытындысы ретінде «Қазақ әдебиетi» газетiнiң төрт санында қатар жарияланған «Кенесары бабамның басы қайда?» деп аталатын көлемдi мақаласы біраз шындықтың бетін ашты. Бұл да бір - сенсация. Мақаласына қарағанда, Ресей мұражайларында халқымыздың тарихына қатысты тарихи және мәдени ескерткiштер жүздеп емес, мыңдап кездесетін көрінеді. . Ол дүниелерге қатысты мәліметтердің барлығын мақаладан оқуға болады. Шығармашылық жолда қолдап, қолпаштап жүрген ағаларының өздері Д. Әмірғалиұлының журналистикаға қосқан үлесі жайында бірқатар ойларын білдірген. Мәселен, ақын Жәркен Бөдеш:« Қазақ журналистикасының адымы мен қадымын ұзарта түсуге үздiксiз үлес қосып келе жатқан талантты қаламгер Думан Рамазанның есiмi республика жұртшылығына кеңiнен танымал десек, асырып айтқандық бола қоймас. Жас та болса қаламгерлiк қасиетiмен оқырман қауымның жүрегiн жаулап, қалың көпшiлiктiң ыстық ықыласына бөленiп жүрген қарымды журналист.

Думанның қаламы - қуатты, ойы - ұшқыр, бiлiмi - терең. Мен оны оншақты жылдан берi, яғни, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiн бiтiрiп, алғаш «Халық кеңесi» газетiне қызметке орналасқан кезiнен бастап бiлемiн. Тұлпардың шабысы ә дегеннен-ақ бiлiнетiнi сияқты, жас журналистiң тап-тап басқан алғашқы аяқ алысының өзiнен-ақ Құдай берген дарынның ұшқындары байқалатын. Сондықтан да, қаламдас ағасы ретiнде жазған-сызғандарын қадағалап оқып жүретiнмiн. Әлi де сол ғадетiмнен жаңылған емеспiн. Өйткенi ол жай жазбайды, ойыңды қозғап, жүрекке жетiп, жаныңды тербейтiндей етiп жазады. Мiне, бұл қаламның құдiреттiлiгi!. .

Думан Рамазанның тағы бiр ерекшелiгi, журналистикалық мақала жазсын, зерттеу жазсын, сын немесе көркем шығарма жазсын, кәсiби деңгейде, яғни әр жанрдың талап-тұрғысы мен үдесiнен шығып, өз ойын көркем кестелеуге әбден машықтанған, төселген. Кейде журналистикалық мақалаларын оқып отырғанда, көркем шығарма оқып отырғандай әсерде боласың. Бұл да оның өз ерекшелiгi, өзiндiк сүрлеу - соқпағы. Мiне, Думан Рамазан осындай өз стилi бар, өз қолтаңбасы қалыптасқан, көргiш, байқағыш, айтқыш, қоғамның бүлкiлдеген тамырын тап баса бiлетiн, көкiрегiнде көзi бар журналист. »дейді. Сонымен қатар қазақ журналистикасының жарық жұлдызы, халық жазушысы Шерхан Мұртаза осыдан үш жыл бұрын «Егемен Қазақстан» газетiнде жарияланған бiр мақаласында Думан Рамазанды «Қазақ әдебиетiнiң «белдi қызметкерi» деп атаған. Ол қоғамдық мәселелерге бейжай қарай алмайтын журналист. Тіпті өз заманынандағы тақырыпқа арқау болатын дүниелерді, сонау тарих қойнауында ашылмаған сырларды қайта қопарып, ескі дүниеге жаңа көзқарас қалыптастыра білетін тұлға деуге де болады.

«Публицист» деп танудағы негіздер . Халқымыздың санасына сiлкiнiс әкелетiн «Ұлттығыңды сақта», «Әкеңдi өлтiргеннен күн сұрама . . . », «Атақ иесiн тапса . . . » «Туған үйiме қайтқым келедi» атты ел, ұлт, жер, салт-дәстүр, тiл, дiл, дiң, ауыл мәселелерiне қатысты көптеген проблемалық мақалалар жазды. Бұл аталмыш мақалалары арқылы оны публицист деп атауға негіз көп. Ғалым Тауман Амандосов: «Публицистика-өмірдің сырлы суреті. Публицистика-арқауы шындық Публицистика-адамдар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастардың көрінісі деген сөз, яғни өмірдің әлеуметтік, саяси, экономикалық, өндірістік, ғылыми және рухани т. б құбылыстарын өмір фактілерін байыптап түсіндіріп береді» дегеніндей, Д. Рамазан публицистика саласына түбегейлі бет бұрып, қазанында қайнап кетпесе де жазған шығармаларынан публицистикалық белгілер кездеседі. Негізінен публицистика қоғам үшін маңызды мәселелерді талқыға салады және қалың жұртқа үндеу, үгіт мақсатында қолданылады. Қоғамда талапқа сай болған шығармалардың арқасында публицистикалық стиль қалыптасады. Думан Рамазанның да шығармаларында жалған ақпарат немесе уақытша ғана маңызы дүниелер емес, елдің ертеңі мен бүгініне қатысты маңызын жоя қоя қоймайтын салмақты дүниелер баршылық. Мәселен, тарих бетінде қазақ хандығы мәселесі, соның ішінде қазақтың соңғы ханы аталатын Кенесары ханға ерекше тоқталады. Елімізде оның бас сүйегін қайтару жөніндегі мәселе көтерілгелі қашан? Алайда оның барлығы оң нәтиже көрсете қоймағаны анық. Айтпағымыз, Думан Рамазан да осы мәселені көтерушілердің бірі. Сонымен қатар өзі де бас сүйегін іздестіруге атсалысып, жорық жасаған болатын. Сол жорықтары жайлы «Қазақ әдебиеті» басылымының төрт санында көлемді зерртеу мақаласын жариялады. Мақаласында публицистикалық сарынның белгілері байқалады. Мұнда қоғам үшін маңызды мәселенің басын ашып қана қоймай, барша жұртшылыққа қандай шара қолдану керектігін барынша бағамдап жеткізеді. Қазақ халқымыздың өткені мен тарихына қатысты мәдени мол қазыналарды жаңғыртып, елдің намысын оятуда күш жігерін аяған жоқ. Төрт санға бөлінген мақаласында біздің мәдениетіміздің жоғалып кетпесі үшін туған алаңдаушылығы да білінеді. Шет елдерде жатқан біздің елімізге қатысты тарихи жәдігерлердің көптеп кездесетіні жайлы да нақты жазылған. Барған жерлерінің бәрінде көзге іліккен дүниелер мен орын алған оқиғалары жайлы толығымен ашып жазады. Өзгелердің біздің мәдениетімізді иемденіп жатқанын сипаттағанда кез келген оқырманның көкейінде намыс ойнайды. Біздің тарихымыздың тереңінен басталатыны соншалық біз өзгелерден әлдеқайда ерте дамып кеткенімізді айтады. Тәуелсіздік алмағанға дейінгі кездерде өзімізге тиесілі дүниелер жайлы ауыз ашуға рұқсат бермегені рас. Азаттық алған соң ғана осы мәселеге қатысты арнайы экспедициялар да құрылғанымен нәтижесіз аяқталды. Д. Рамазанды елдің өткені мен болашағы қатты толғандыратыны байқалады. «Кенесары бабамның басы қайда? » деп аталатын еңбегі қай уақытта болсын актуалды болып қала бермек. Себебі өткенді ұмытып, тарихты ысырып тастай алмаймыз. Қазіргі уақытта тек әлеуметтік мәселені қозғай бергеннен гөрі мәдениетімізге қатысты мәселелелерге де зер салған жөн. Бұл тұрғыда оны публицист деп атауға да дайектер жетерлік. Зерттеу жұмысы барысында осыған қатысты мақаласына кеңінен тоқталатын боламыз.

Қазақ жерінде қаншама елеулі оқиғалар мен қанды соғыстар орын алған болатын. Қазіргі қол жеткізіп отырған тәуелсіздігіміз де сол оқиғалардағы басты мақсаттың бірі болған. Жеріміздегі оқиғалардың бірін білсек, бірін білмей жатамыз. Соның бірі Атаман Борис Анненковтың қазақ жеріндегі жазалау жорықтарындағы ақиқаттың бірі мәлім болса, енді бірі беймәлім. Осы тақырып аясында Думан Рамазан «Қазақ әдебиеті » басылымының екі санында «Қанды із» деп аталатын тағы бір көлемді мақаласын жариялады. Мақалада тарихпен санаса отырып, айтылмай кеткен тұстарын ашып жазады. Қандықол қарақшының жауыздық іс әрекетін түгелімен сипаттап «Қазақ тілі» газетіне сілтеме жасай отырып шебер баяндайды. Бұл мақаласын да зерттеу жұмысы барысында талқыға саламыз. Д. Рамазан тек мұнымен шектеліп қана қоймай, жастар арасында тарап кеткен нашақорлық жайында да өзінің мақаласын жариялаған. Ол «Қазақ әдебиеті» басылымында «Әкеңді өлтіргеннен құн сұрама баласын апиынға үйрет» деп аталады. Тақырыпты байқап отырғанымыздай бірден «есірткі, нашақорлық» деп емес, ата бабадан қалған сөзбен атайды. Мұны әлеуметтік мәселе қатарына жатқызуға болады. Біздің еліміз де нашақорлық дертіне шалдыққандар саны жыл өте өсіп келеді. Оның басым көпшілігі- жастар . Ел болашағы жастар деп сеніп отырған жастардың осындай халде екені Думан Рамазанды алаңдатпай қоймағаны анық. Мәселені көтеріп қана қоймай, одан шығу жолдарын да ұсынады. Онда жан жакты мысалмен, біздің елді өзге елмен салыстыра отырып, тұщымды дүние шығарған. Осы тақырып аясында «Нашақор» деп аталатын әңгімесі де жарық көрді. Мұнда да нашақорлық құрсауында кеткен жігіттің әрекеті арқылы өмірдің ащы шындығын көрсеткен. Бұдан өзге жастар мәселесіне қатысты «Жатырқама жасқама жас ұрпақты» деп аталатын мақаласы да бар. Аталмыш мақалада жастардың жұмыссыз күйде жүргенін мемлекет тарапынан қамқорлықтың аз бөлінуі жайында жазылған. Тіпті жастар арасында өзге діни ағымның жетегінде кеткендері де кездесетінін жасырмаған. Өмірден мысал келтіре отырып оқырманды сендіреді. Бұны да жастар болашағына алаңдаушылықтан туған мақала десек те болады. Жоғарыда аталған еңбектеріндегі Думанның жазу стиліне келер болсақ, тілі таза, ешқандай бас артық сөздер кездеспейді. Қарапайым, түсінікті тілде жеткізіп қана қоймай, соңында ой салатындай етіп жазады. Қандай дүние жазса да рет ретімен асықпай, мысалдарды да орнымен пайдалана біледі. Белгілі бір мәселені көтерсе міндетті түрде одан шығу жолды да атап өтеді. Сонымен бірге еңбектері көңілге қонымды, бұқараға әсер ету жағынан басымдау, танымдық ағартушылық жағынан да кем де емес. Көлемді мақалаларында бұқараны ортақ іске жұмылдырады. Мәселен Кенесары ханның бас сүйегі жайындағы мақаласының соңында « . . . Ендеше, еркiндiкке қолымыз жеткен тұста, тәуелсiздiгiмiздiң баянды болуы үшiн хан Кененiң сүйегiн тауып, арулап жерлеу елдiк мұрат болуға тиiс!. . Бұл - ел алдындағы үлкен мiндет, ұлы жүк! » деп аяқтайды. Мақаланың басылым бетіндегі берілу формасына келер» деп аяқтайды. Публицистикалық стильдің лингвистикалық ерекшелігіндегі бұйрық рай тұлғалы сөздерге жатқызуға болады. Онда көбіне жұртшылықты ортақ іске жұмылдыру, белгілі бір мақсатқа бірге жетуге үгіттейтін сөздер қолданылады. Біз келтіріп кеткен мысалдан да соны байқауға болады. Яғни хан сүйегін тауып туған жерге оралту тек автордың ғана емес, барша халық үшін үлкен жүк, міндет екенін көрсетіп тұр. Оның шығармаларындағы тағы бір публицистикалық белгі шешендік сөздер көптеп кездеседі. Сөз арасында ондай сөздерді өте тиімді пайдалана білген. Мысалы, Кенесары ханға қатысты мақалада «Суға кеткен тал қармайдының» кебiмен II Николайдың бас сүйегiн тапқан Никитин деген антропологты тауып алып, ақыл-кеңес сұрайық деген оймен, оны iздестiре бастадық» дейді. Атаман Анненковтың жазалау туралы мақаласында «“Дәнiккеннен құныққан жаман” демекшi, әбден адам қанын судай шашуға құныққан қанқұмар атаман Анненков пен оның шаш ал десе бас алуға даяр тұратын баскесер жендеттерi Үшаралға жеткенше де жол бойы қанды құрықтарын қара халықтың “мойнына” аямай-ақ салып, жүрген жерлерiнiң бәрiн тып-типыл қылып бүлдiрiп отырған. » деген сынды тұстары көптеп кездеседі.

«Кенесары бабамның басы қайда?»

Еліміздің бірнеше мыңжылдық тарихын білу әрбіріміздің міндеттілігімізге кіретіні белгілі. Екінші ұстаз атанған ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби : «Тарихты білмей- өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын » дейді. Әсіресе қазақ хандығына қатысты жазбалар, мәліметтердің мәні аса зор. Қазақтың қай ханын алып қарасақ та, әрқайсысының арманы халқына азаттық әперу болатын. Соның арасында қазақтың соңғы ханы, ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі, Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлы да бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Думан Рамазанның Көш әңгімесіндегі шындық пен өтірікті бейнелеуде қолданған әдеби құралдары
Әңгіме кейіпкері көсем бейнесі бұлдыр
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын оқыту әдістемесі
Драмадағы тарихилық. Қазіргі қазақ комедиясы
Қазіргі прозадағы жерлеу ғұрпының бейнеленуі
Қызметтік хаттың құрылымы
Көркем деректі жанр түрлері
Рамазан Елебаевтың Жас қазақ әнін зерттеу
Ұлтым қазақ
Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі тартыс табиғаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz