Шортанбай - қазақ әдебиетіндегі зар заман дәуірінің көрнекті өкілі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Диплом жұмысың тақырыбы ақын, жырау, ислам дінін насихаттаушы, «зар заман» дәуірінің өкілі, өткір жырымен, кесек ойымен қазақ елінің қорғаны болған, жұртын имандылыққа ұйытып, халықтың ұлттық кейпін сақтау үшін күрескен Шортанбай жырау шығармаларының публицистикалық қыры болса, сондай-ақ, өмір жолының біраз сарыны қамтылады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. ХІХ ғасыр, зар заман поэзиясының бел өкілі, өз дәуіріндегі әлеуметтік қайшылықтарды, туған халқының отаршылдық езгідегі ауыр халін қаз- қалпы бейнелеп, ел- жұртын адалдық, адамгершілік, имандылыққа шақырған Шортанбай Қанайұлы мұрасы ұрпақ санасында мәңгі сақталып, ұмыт болмауы үшін амал қылу.

Шортанбайдың шығармалары мұрасына қатысты пікір ХІХ ғасырдың соңғы ширегінен бері қарай айтылып келеді. Соның ішінде басты назар аударуды қажет ететін Мұхтар Әуезов зерттеулері, Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов тұжырымдары және 1959 жылғы «Әдеби мұра және оны зерттеу» атты ғылыми- теориялық конференцияның материалдары, Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, Ы. Дүйсенбаев, Х. Сүйіншәлиев, М. Мағауин, С. Талжанов, К. Жүністегі, Б. Омарұлы, А. Шәріп пікірлері.

Өткен ғасырда - ақ өзінің терең философиялық көзқарасымен де, еркіндікті аңсаған асау жырымен де түркі әлеміне қатты әсер еткен Шортанбай мұрасы XX ғасырда сан дауға түсіп, бар ғұмырын жіктеп айтатын кешегі ауылдағы дуалы ауыз қариялардан өмір жолы толық жазылып та алынбады.

Ақынның нағашы жұрты бір кезде Ғабиден Мұстафин ғапа жазып Ескен қария да, оның баласы Әбді садықта үнемі келді. Бұл түбегейлі ойды жеткізуші арамыздағы көзі тірі қарт ұстаз Жұматай Құтжан тегі екенін де айта кетелік.

Шортанбай туралы алғаш мәліметті 17-18 жасында оның атқосшысы болған Әбеу ақсақал, Көпжан Бәймен ұлы берсе, кейінде Ескен жыршыдан, толғауларын айтқаны үшін жиырма жылға жуық ғұмырын саяси лагерьде өткізген Анарбектен, тоқсанға келіп көз жұмған Қази ақыннан алған едік.

Күні бүгінге дейін қожаның бәрі Қаратаудан деген сарынмен оның туған жері туралы да жаңсақ пікір қалыптасқан. Шортанбайдың анасы кім екенін, нағашысының атын біле бермейтін, әкесі Қанай туралы еш дерегі жоқ адамдардың жаңсақ пікірі жұртты шатастырады.

XVII ғасырда Шұбыртпалы руы Арқаға қоныстана алмай, сыр бойын мекен етіп жүргенде Шортанбайдың бабалары сол румен қыз алысып, араласып бірге көшіп жүрген. Ақынның әкесі Қанай Арқадағы Айыртауды (Ақадыр маңы) мекен өтіп, Сарым ішіндегі Нақып қожаның қызы Шүкіманға үйленеді. Нақып - осы деректерді айтушы Есмағанбет қарияның үлкен әкесі. Нақып қожаның үлкен қызы Гүлім жан Көр сән Бидай тегі базарға тұрмысқа шыққан. Гүлім жан ақылды да өткір адам болған. Онан күйеуі Базар да ығып отырады екен.

Базар

Хан алдына барғанда

Хан таппаған мінімді.

Би алдына барғанда

Би таппаған мінімді.

Гүлім жанның алдында

Көрмей-ақ қой күнімді.

деген. Гүлім жанның мазары Босаға стансасына жақын. Бәйбішенің өзі ұстаған кебеже, сандықтарының беті мазардың маңдайшасына қондырылған. Шортанбайдың әкесі Қанай осы маңдағы - бүгінде Қанай бұлағы атанған жерге бұлақ суын бұрып, егін салған. Егін арығынын, ізі әлі сайрап жатыр. Осы мәліметті алғаш айтқан Шортанбай үшін 18 жыл түрмеде отырған Анарбек жыршы - Базардың немересі. Базар - Шортанбайдың әкесі Қанаймен туған бажа.

Ақынның өзі де Бес ата ішіндегі Қояншы тағай - Сарымның бір қызына үйленсе (қазіргі үлкендер оны жіктеп айта алмай отыр), баласы Аязбайды Жанғұттының Қасеннің қызына, Алда бергенін Есбайдың немересіне үйлендіріп, қызы Бәтішті Бөрі бай Ақпан байға тұрмысқа ұзатқан. Ал жалғыз қарындасы Қала ұлыны кезінде Кәрсән - Қозы бақ Бейсен дегенге берген еді. Одан туған Кәрі бек күйші белсенділердің қолынан қаза тапқан.

Қасен қызына үйленген Аязбай әкесінен бұрынырақ 70-жылдардың орта шенінде қаза болған. Онан зұлмат заманнан етіп бізге жеткен тұқым жоқ.

Міне, осы тұста алпысты алқымдап қалған Шортанбай Ойыл, Қостанай, Қызылжар, Кереку, Семей, Жетісу, Шу өңірін аралап, ел мұңын жырлап, насихатын айтудан бір танбаған. Оның 1881 жылғы Семей сапары да осының бірі еді. Барарында да, қайтарында да Қарқаралыға соғып, Құнанбай ауылында болады. Ауылға күншілік жол қалғанда түнде далаға түнеген екен, сонда дүниеден қайтары туралы аян беріліпті дейді қариялар. Аязбай тоғанындағы өз үйіне жете алмаған ақын әрі досы, әрі құрдасы Жанғұттының үйінде болашақты болжаған жырын айта отырып, дүниеден көшеді.

Шортанбай Жақсы Жәкеңе өзін нағашы Ыбырайымның мазары іргесіне жерлеуін тапсырып, ертең ертемен Жәкең қабірінің басына келсе, рухы бұл маңнан кетіп бара жатқанының куәсі боларын да айтыпты.

Ақын қабірі басына әзірше мазар салмауын, оны бүлдіріп тастар заман да болатынын, кейінгі ұрпақтар тұсында ғана рухы көтерілетінін, сол ұрпақтар қабірін қамқорлыққа аларын ескертіп кеткен екен.

Шортанбай досының бар айтқанын көзі көрген Жақсы Жәкең келер жылы Мекеге қажылық сапарға шығып, сонда - Мекеде дүниеден қайтқан. Жанғұтты әрі досы, әрі құрдасы Шортанбай қазасын оның отбасы, бала - шаға былай деп естірткенін Анарбек жыршыдан алған едік:

Алланың бір мекені

Түр тағы еді, Шортанбай әулиенің ұрпағы еді. Мұңдас бала жастан бірге өскен - Жақсыға жол үшінде ажал келді.

Елі мен жерінің мұңын жырлап, қолынан келгенінше қамқоры болған ақын рухы көтерілер заман да, оның ойлы, ырысты мұрасын дәріптер ұрпақ та дүниеге енді келгендей. Ұлы ақынның арманы орындала бергей.

Зерттеу жұмысының нысаны. Шортанбй Қанайұлының публицистикалық қырын ашу үшін зерттеу нысаны ретінде жыраудың өмірі мен шығармашылық жолы, публицистикалық еңбектері алынды.

Ғылыми жұмыста негізгі басымдық сан қырлы жырау Ш. Қанайұлының публицистикалық шеберлігіне берілді.

Жұмыстың деректік негізі ретінде автордың әр жылдары жарық көрген кітаптары және баспасөз беттеріндегі материалдары пайдаланылды. Бір айта кетерлігі, Шортанбай жыраудың публицистикалық шығармалары, газет бетінде ұзақ жылдар бойы үзбей жарияланып тұрған мақала-материалдары жекелеген кітап-жинақтарға көптеп енбеген, жеке жинақ болып тек соңғы жылдарда басылым көрген. Сол тұрғыда жырау жайында жазылған түрлі материалдар ұдайы назарда болды.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері.

Шортанбай жырау публицистикасын зерттеудің мақсаты автордың бұрын-соңды жарық көрген публицистикалық, танымдық дүниелері және мерзімдік баспасөз материалдарына сараптау мен қорытындылау жүргізу негізінде сол кезеңдегі қалыптасу және даму жолдарын жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан зерделеу болды. Осы мақсатқа байланысты зерттеу міндеттері төмендегідей:

- Ш. Қанайұлы шығармашылығына қатысты деректерді жүйелеу мен сараптау;

- Ш. Қанайұлы шығармаларына қоғамдық, әлеуметтік мән-маңызына баға беру;

  • Ш. Қанайұлының рухани-әлеуметтік, ұлттық үрдістерді ұлықтау бағытындағы ізденістеріне объективті тұрғыдан баға беру;
  • Ш. Қанайұлы жергілікті халықтың тарихы мен мәдениетін насихаттаудағы, ауыл өмірін ұлықтаудағы қызметін көрсету.

Міне, осы тұрғыда, тәуелсіз қазақ елі өзіндік тұмса тарихын қайта тектеп, таразылап, жаңаша леппен жазып жатқан шақта қоғам өмірінің айнасы қазақ баспасөзінің, оның ішінде қазақ публицистикасының қалыптасуы мен даму тарихына барлау жасау, оның бүгінгі тәуелсіздік талаптарына сай, ұлттық ұстаным мен мемлекеттік мүдделерді кеңінен насихаттау барысына ғылыми тұрғыда баға беру барынша өзекті мәселе болып табылады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Белгілі жырау, публицист Ш. Қанайұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты танымдық дүниелер мол болғанымен, нақтылы зерттеу материалдары соншалықты көп емес. Ал бұл жайт өз кезегінде тақырыптың өзектілігін ғана көрсетіп қоймай, тәуелсіз, егемен елдің рухани игіліктерге қатысты өскелең сұранысынан туындап отырғанын да көрсетеді. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:

- Ш. Қанайұлының сөз саптау шеберлігіне шолу жасалынды;

- жыраудың шығармашылық шежіресі қазақтың ұлттық үдерісі аясында алынып, ғылыми тұрғыға негізделген баға берілді;

- ұлттық публицистиканың, оның ішінде аймақ көсемсөзінің көрнекті өкілдерінің бірі Ш. Қанайұлының шығармашылығына қатысты жазылған мақала-материалдарға, пікірлерге сараптама жүргізілді, бұл орайда ұлттық болмыс сипаттарына негізделген авторлық ұстаным ерекшеліктері басты назарда болды;

- Ш. Қанайұлы шығармалары өңірдің дамуына, ұлттық руханиат пен жаңа, жас мемлекеттің қалыптасуына қосқан үлесіне баға беріліп, талдау жасалынды;

- аймақ өңірі баспасөзінде айрықша қолтаңба қалдыра білген жырау шығармашылығының стильдік ерекшеліктері көркемдік-эстетикалық ізденістер аясында зерделенді.

Зерттеу жұмысының әдістері. Жұмыста баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері қолданылды. Зерттеу жұмысы екі кезеңде жүргізілді.

Бірінші кезеңде жұмыс тақырыбына орай қазақ публицистикасының, қалыптасуы мен даму тарихына барлау жасалынып, жанрларына анықтама беріліп, жан-жақты талдау жүргізілді. Осының негізінде зерттеу жұмысының мақсаты, нысаны анықталды. Ш. Қанайұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты пікір, толғамдар алға тартылды

Екінші кезеңде Ш. Қанайұлының публицистикасының өзіндік ерекшеліктеріне, дәстүр сабақтастығы және жаңашылдық сипат үрдісіне талдау жасалынды. Жекелеген мақалаларының тақырыбына, проблемасына, идеясына нақтылы тоқталып, жан-жақты баға берілді, ұлттық мүдде мен мемлекеттік ұстанымдарды тоғыстырудағы оң талаптарына, осы тұрғыдағы мол мұраларына шолу жасалынды. Ш. Қанайұлы жазба-материалдарының көркемдік сипаты (тіл өрнегі, стильдік оралымдары) талқыға түсті.

Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Ш. Қанайұлының шығармашылығына, оның ішінде публицистік шеберлігіне қатысты байыпты зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Зерттеу жұмысында ұсынылып отырған ой-тұжырымдар, пікірлер оқушылардың, қалың бұқараның Ш. Қанайұлы шығармашылығына қатысты білімін тереңдетуге және оны дұрыс игеруіне ықпал етеді.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. «Зар заман» және ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму ерекшеліктері

1. 1 Шортанбай- қазақ әдебиетіндегі «зар заман» дәуірінің көрнекті өкілі

Қилы кезеңде қырық түрлі қисынмен ұғындырылған «зар заман», «зар заман ағымы», «зар заман ақындары» деген ұғымдар үрей көлеңкесінен, саясат салқынынан арылып, енді қазақ тарихындағы, қазақ әдебиетінің тарихындағы белгілі бір құбылыс ретінде өз арнасына құйыла бастады.

Қазақ әдебиетінің тарихындағы тұтас бір дәуірді қамтыған зар заман ағымы, зар заман - көлеңкесінен қорыққан, дамуды көре алмаған, дүниеге марксистік - лениндік материалистік көзбен «қарай алмаған» сарыуайым, кертартпа шер - қайғының шырмауындағы «байғұс жандардың» ойдан шығарған елес дүниесі емес, зар заман - тарих ақиқаты. Зар заман ағымы - қазақ әдебиетінің тарихындағы аса бір нақты құбылыс.

Зар заман ақындарының мұрасына асығып - аптықпай, науқаншылдық пен даурықпай түпкілікті оралар шақ туды.

XIX ғасыр әдебиет тарихында екі кезеңге: I жартысындағы, II жартысындағы әдебиет болып бөлініп келе жатыр. Ал әдебиет тарихындағы тұтас дәуірлерді қамтитын ағын -сарындардың, түрлі бағыттардың хронологиялық шарттылықтардың шеңберіне сыймай жататыны жөнінен келгенде, ертелі-кеш айтылған ғылыми ой-пікірлерді әрі қарай бекіте түсу, дамыта беру, жүйелеу, тұжырымдау мәселелері әр уақытта назарда болуға тиіс. Мәселен, ұлт - азаттық сарын қазақ әдебиетінде бірнеше ғасырды, тіпті тұтас тарихын қамтиды. Және ол тек орыс отаршылдығына ғана қарсы туған сарын емес.

Ал қазақ әдебиетінің тарихында зар заман дегенді жалпы алып, қазақтың бар заманы зар заман еді, сондықтан оны жеке әдеби ағым ретінде алып қарастырудың ендігі жерде реті бар ма дегендей пікірге де ойлана қарап, ой айту міндет. Қыруар іс тынғанымен, коп шаруасы жөнге келтіріліп, ғылыми жүйесін жасауды күтіп жатқан ұлы әдебиетіміздің бір кездерде Мұхтар Әуезов өзінен бұрынғы пікірлерді ілгері дамытып, тұжырымдап кеткен, қазіргі қайсыбір жағдайда айтып жүргеніміздей жүздеген жылдарды емес, нақты жүз жылдық дәуірді қамтиды деп атап кеткен зар заман ағымын неге жоққа шығаруға тиіспіз? Қайта, кезінде сараланып, басты сипаттары аталғанымен, кейіннен басқа арнаға бұрылып жіберілген, енді қайта қарастырылып жатқан қазақ әдебиеті тарихындағы бұл дәуірді мықтап негіздеп, толықтырып ғылыми сипаттамасын жасап, теориялық негізде орнықтыратын кез туды емес пе?

Күні бүгінге шейін зар заман ақындары төңірегінде әріде де, беріде де айтылып қойған, айтылып жатқан жайлар аз емес. Дулат ақын мұрасы зар заман тұрғысынан зерттеліп (Э. Пертаева, Қ. Раев еңбектері), көркемдік кестесі, әлеуметтік салмағы жағынан қарастырылды. Мұрат Мөңкеұлының әдеби мұрасы жайлы диссертация қорғалды. Діни -ағартушылық ағым өкілі ретінде Әбубәкір Кердерінің шығармашылық мұрасына назар аударылды. Зар заман поэзиясын зерттеу Б. Омарұлы монографиялық еңбектерінде кеңи түсті. Жекелеген ақын-жыраулар шығармалары баспа жүзіп көріп жатыр.

Олардың әдеби мұрасын бағалауға келуде әдебиет тарихын дәуірлеу, әдеби мұраны саралау, ғылыми негізде жүйелеу, игеру мәселелеріне соқпай өте алмаймыз. Осы, басты, түп қазық жайлардың арғы - бергісі саралап, анықтап, күмәнді, күдікті, жасырын, жадағай тұстарын біліп алмай тұрып соз айту - бос әуре. Мәселен, қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағыны алайық. Бұл әдебиет тарихының профессоры Бейсенбай Кенжебаев негіздеген дәуірлерінде [1] XX ғасыр басындағы әдебиетке тән бағыт. Ал Мұхтар Әуезов оны зар заман ағымы әдебиетінің (яғни жүз жылдық дәуір әдебиетінен) бір сипаты деп айғақтаған [2] .

Әдебиет тарихында теориялық тұрғыдан негізделуі басталғанымен, санамызға сіңгенімен, қазіргі әдебиет тарихына қатысты оқулық, зерттеулердің қолданып зар заман атауы ұзақ жылдар бойы, соңғы уақытқа шейін қағаберіс қалып келді. 1932 жылы Сәкен Сейфуллин қазақ әдебиетінің төңкеріске дейінгі тарихын екі дәуірге бөлді:

1) «Билер дәуірі», 2) «Орыс патшасына бағынған дәуір [3] ». Сәбит Мұқанов Шортанбай дәуірін «зар заман әдебиеті» деп, ғылыми негізде баға берді [4] . Былайғы уақытта бұл дәуір қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу мәселесіне қатысты пікір айтқан Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, Ә. Қоңыратбаев, Ы. Дүйсенбаев сияқты ғалымдарымыздың да арнайы тоқтап, айрықша мән беріп өткен дәуірі болды.

Соңғы жылдары ғалым Мекем Мырзахметов зар заман әдебиетін орыс отаршылдығына қарсы туған сипатына қарап: «Отаршылдық дәуірдегі әдебиет» деп атауды ұсынады [5] . Демек, әдебиет тарихында аса белгілі, алабөтен қалыпта пайда болған үлкен әдеби процесті, әдеби ағымды арнайы сөз етпеу, елемей қою - ғылым үшін қиянат.

Мұхтар Әуезовтың 1927 жылғы «Әдебиет тарихы» оқулығына енген «Зар заман ақындары» атты зерттеуі- күні бүгінге дейін құнын жоймаған, ілгеріде де жоймайтын, жылдар көшінде, саясат желінің өтінде жоғалтқандарымызды табуға тірек болатын, мәні зор еңбек. Әуезов зар заман ақыны кім, дәуірі қандай еді, көтерген мәселелері қандай дегенді нақты да дәлелді қозғаған-ды. Белгілі мәселені қойып, әрі қарай тарата талдайды. «Зар заман» деген бағыт неден басталып, немен бітті? Ақындары кім? Бұрынғы өлеңдерден басқалық жаңалығы бар ма? Кейінгі заманға қандай сарқыт қалдырды? Одан соң әдебиетте бұл дәуір қандай орын алады [2, 193] деген күрделі мәселелерді көлденең тартып, соның жауабын беруге ұмтылады.

Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеуде, әр кезеңнің әдебиетіне тән бағыт, ағым, сарындарды саралауда салмақты, дәлелді тұжырым - түйіндер жасайды.

Сөз жоқ, қазақ әдебиеттану ғылымында қыруар зерттеу - ізденістер, жетістіктер бар. Фольклористикада, әдебиет теориясында, әдебиет тарихын дәуірлеуде көп-көп жұмыс істелді. Ал дәл белгілі бір әдеби ағым, оның сипат, ерекшеліктері, теориялық, саясат -әлеуметтік негіздері жайлы даралап айтқан еңбек көп емес. Зар заман ағымына қатысты тұжырым - тоқтамында Мұхтар Әуезов Шортанбай ақынның атын бірнеше жерде бөліп атайды. Оның себебі тек ақынның «Зар заман» атты толғауында ғана болмаса керек.

«Зар заман» деген - XIX ғасырда өмір сүрген Шортанбай ақынның заман халін айтқан бір өлеңнің аты.

Шортанбайдың өлеңі ілгері, соңғы ақындарды барлық күй, сарынын бір арнаға тұтастырғанда жиынды өлең болғандықтан, бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына «Зар заман» ақындары деген ат қойдық [2, 193], - дегені Шортанбайдың бұл әдебиеттегі орны ала-бөтен айрықша екенін негіздейді.

М. Әуезов зар заман ақындары деген терминге бірнеше теориялық тұжырымды негіз етеді. Айрықша назар аударар бір түйін: « . . . зар заман ақындарынан бастап біздің әдебиет екінші жікке қарай ауысады. Бұдан бұрын қарастырған әдебиет жұрнақтарының барлығы ауызша әдебиет десек, мыналарды жазба әдебиеттің басы деу керек» [2, 193], - деген ғылыми жағалығы айқын ой.

М. Әуезов жүйелеуіндегі «зар заман әдеби ағымы» мынандай мәселелерді ажыратудан барып айғақталады:

1. Зар заман ақындары деп кімді айтамыз?

2. Бұл дәуірдің алғашқы ақындары кімдер?

3. Барлығының басын қосатын күй қайсы?

4. Көпшілігі қандай жайды тақырып еткен, нені толғаған?

Бұл еңбекте М. Әуезов заман сырына терең үңіледі. Барша ерекшелік, өзгешелігін қамти айтады. Біздің зар заман ақындары дегенде, жалпы қазақтың атам заманнан бергі өмір тарихындағы зарды емес, дәл осы М. Әуезов атап беріп отырған, орыспен арадағы саяси ахуалға байланысты туған мұң мен зарды нысанада ұстауымыз қажет. Отаршылдық саясаттың зардаптары мен мақсаттары саяси жүйе ретінде, тарихтың белгілі бір беті ретінде көрінген тұсты бар сипат - өзгешелігімен тұтас қабылдап, оның әдебиетке түскен көлеңкесін нақты сөйлеу қажет.

«Зар заманның ақындарының көпшілігі XIX ғасырдың орта кезінен бері қарай, Исатай, Махамбет, Кенесарылар қозғалысының артынан шығады. Қалың қазақтың ұйқысын шайқап шыққандай болып, орта жүзді, кіші жүзді түгел оятқан Исатай, Кенесары қозғалыстары қайғылы қалмен біткен соң, елдің тауы шағылып, иығы түскен, бұрын болымсыз үміт болса, белгісіз келешектен күткен азғана сәуле болса, барлығы да жаңағы ерлердің жолсыз жорығынан соң суалып біткендей болады. Сондықтан XIX ғасырдың орта кезінен кейін зар заман күйі қалың елге түгел танылады» [2, 195] .

Әуезовтің алабөтен айырып айтуынша зар заманның зары орыс отаршыларының келе бастауынан басталған зар, мұң ғана емес, яғни Ресейге бодан бола салып зар еңіреу емес. Мұхтар Әуезов зар заман әдебиетін айқындап берген көп себеп үміттің үзіліп, «жолсыз жорықтың» жеңіліспен аяқталып, баса айтады. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты жайлы жиырмасыншы жылдары Халел Досмұхамедұлы да батыл айтып, Исатай - Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептеріне аса қырағы саяси бағаны сол кезде берген еді.

«Он сегізінші, он тоғызыншы ғасырдағы қазақтың қозғалысының ең күштілері - Сырымдікі, Исатайдікі, Кенесарыныкі. Үш қозғалыстың бас мақсаты - қазақты орыстың құшағынан құтқару» [6, 69] .

Болжал әдебиетінің негізгі мазмұны қазақ халқының болашақ баянсыз тағдыр-талайы болып табылады: жер тозады, жайлау тарылады, ауа райы, табиғат қаталданады, адамдар кедейленеді, мінез-құлық, өзгереді, жаман ғадеттер молаяды, бір созбен айтқанда, қазақ елі мен жері өзгеріп, азып-тозады. Аталған ауыр күндердің хақтығын болжай отырып, халық өз басындағы жаман ғадет, қасиеттерден арылмаса, бұдан шығар жолдың жоқтығын, болашақта құлдық пен құру күтіп тұрғанын жырлайды.

Болжалдық әдебиеттегі бұндай үмітсіз, зарлы сарын әсіресе XIX ғасырдың екінші жартысында - саяси бостандықтан үміт кесілгенде (Исатайдың, Кенесарының т. б. 1. X. Досмұхамедұлы, «Аламан», «Ана тілі», 1991, 69-бет. - 173 - көтерілістердің жаншылуы), қазақ жерін отарлау күшейгенде, ел жиі-жиі жұтқа ұшырап, кедейленгенде - күшейе түсті» [6, 22], - дегенде зар заман ағымына тән жайлар әңгіме болғанын байқаймыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шортанбай шығармашылығын жан-жақты талдау
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы мен зерттелуі
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі
Қазақ әдебиетіндегі Зар заман ағымы мен нәзирагөйлік дәстүр (ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басы)
ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ МЕН ҚАЛЫҒҰЛ БАЙҰЛЫ ТОЛҒАУЛАРЫНДАҒЫ ЗАР ЗАМАННЫҢ СИПАТЫ
Нарманбет поэзиясындағы азаттық идеясы
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ШИЕЛЕНІС
ЗАР ЗАМАН ӨКІЛДЕРІНІҢ АЗАТТЫҚТЫ ЖЫРЛАУЫ
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздері
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz