РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ ДРАМАТУРГИЯСЫ
РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ ТУЫНДЫЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ІЗДЕНІСТЕР
Жоспар
1 Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2 I бөлім. Қазіргі қазақ прозасындағы жаңашыл ізденістер
1.1 РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Р. ОТАРБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ӨМІРЛІК ПРОБЛЕМАЛАР КӨРІНІСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
ІІ бөлім
2.1 Р. ОТАРБАЕВ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ИРОНИЯ ... ... ... ... ... ... ... . .21
2.2 РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ ДРАМАТУРГИЯСЫ ... ... ... ... ... .. ... 27
2.3 БАС РОМАНЫ ТАҚЫРЫБЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
3 Қорытыңды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .,,,, ... ... ... ... ... .. ..47
4 Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49
КІРІСПЕ
Қазақ көркемсөзінің табиғатын ашып, құдіретін танытқан көрнекті жазушы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Рақымжан Отарбаев ұлт оқырмандарына сүбелі сөзін, ордалы ойын арнап келе жатқан талант иесі. Қаламгердің образды даралау шеберлігі, оқиғаны баяндау тəсілі, сəттерді шиеленістіру тұсы, соңында байлам жасауы сияқты көркемдіктері əрбір шығармасынан көрінеді. Сондай-ақ, Рақымжан Отарбаев қазақ əдебиетінде өнімді жұмыс істеген жазушылардың бірі. Кейінгі жылдары жазушы қазақ оқырмандарына көркемдік кемелдігі келіскен, тағдыры терең шығармалар берді. Рахымжан Отарбаев Қазақстанның жаңа бақытының, тәуелсіздік бақытының үлкен жазушысы. [1,2]
Отарбаев Рахымжан - 1956 жылы 19 қазанда Атырау облысы, Құрманғазы ауданында туған. Әр жылдарда Орал өңірі газетінде тілші, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қазақ телерадио комитетіне редактор, Қазақ әдебиеті газетінде, Жалын альманахында бөлім меңгерушісі, Қырғызстанда Қазақстан елшілігінің атташесі, Маңғыстау облыстық радио-телевидение компаниясының төрағасы, Атырау облыстық драма театрының директоры, ҚР Президенті Әкімшілігінде сектор меңгерушісі қызметтерінде болған. 2009 жылдың мамыр айынан бастап Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхананың Бас директоры қызметін атқарған.
Р. Отарбаев 1977 жылы Орал педагогика институтын тәмамдаған. Осы күнге дейін әр жылдары Шер, Жұлдыздар құлаған жер, Жайық жыры, Қараша қаздар қайтқанда, Дауысыңды естідім, Отверженный мир атты прозалық жинақтары және таңдамалы шығармаларының 2 томдығы жарық көрген. Қытайдың Ұлттар баспасынан қытай, қазақ тілінде 2 томдығы, Ресейдің Художественная литература баспасынан орыс тілінде бір томдығы және қырғыз тілінде кітаптары жарық көрген. Жекелеген шығармалары түрік, араб, ағылшын тілдерінде басылған. Бейбарыс сұлтан, Бас, Нашақор жайлы новелла, Нұржауған-ғұмыр, Сырым батыр, Мұстафа Шоқай сынды пьесалары республикалық және шетел театрларында сахналанған. Махамбет сыйлығының лауреаты. Халықаралық Айтматов академиясының академигі. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Парасат орденінің және Халықаралық Ш.Айтматов атындағы сыйлықтың иегері, Атырау қаласының Құрметті азаматы. Қазір республикалық Ақ Жайық kz журналының директор - Бас редакторы. Кітаптары әлемнің бірнеше тіліне аударылған. Пьесалары қазақ, қырғыз театрларында қойылып жүр. [2]
Рахымжан Отарбаев - елiмiз тәуелсiздiк алғаннан берi Қытайдың Ұлттық баспасынан 2 томдығы, Каирда араб тiлiнде 1-томдығы шық - қан алғашқы қазақ жазушысы. Оның әңгiмелерi мен повестерiн Шанхайдың әрқайсысы 10 млн. данамен шығатын жорналдары талай мәрте басып шығарды. Ресейдiң газет-журналдары да ("Литературная газета", "Новый мир" және т.б.) Р.Отарбаевтың әңгiмелерiн жиi басады. Өйткенi Р.Отарбаевтың шығармаларынан бiздiң ұлттық ерекше - лiгiмiз ерекше айқын көрiнiп тұрады. [5]
"Оның жазу машығы бөлек. Ешкімге ұқсамайды, тек Рахымжан Отарбаевша жазады. Оның жақсылығы мен жамандығы, адалдығы мен арамдығы, қатыгездігі мен бауырмалдығы, адалдығы мен сайқалдығы, қамқорлығы мен озбырлығы қатар жүретін сан-құбылған өмірді көретін суреткерлік көзі де ешкімге ұқсамайды. Тек Рахымжан Отарбаевша көреді. Оның кейіпкерлерінің мінез-құлқы мен ішкі сарайы да, тағдыр сыйлаған қым-қуыт күнделікті тіршілігі де ешкімге ұқсамайды. Тек Рахымжан Отарбаевтың сиқырлы қаламының құдіретімен дүниеге келген кәдімгі күнде өзімізбен қоян-қолтық араласып жүрген қарапайым пенделер. Оның көркем тілі де ешкімге ұқсамайды. Жазушы Рахымжан Отарбаевтың тілі - бөлек бір әлем. Бояуы қалың, сан қатпарлы, жүз астарлы, оқырманды елітіп, егілтіп әкететін ерекше бір құдірет." [1] - деп замандасы, қаламгер Мереке Құлкенов айтқандай, Рахымжан Отарбаевтың шығармаларын оқып отырған қарапайым оқырман алғашқы сөйлемнен соң жұмбақ бір тылсым тілдің арбауына түсіп, мына күйкі тірліктен бір сәт бойын бөлектеп, өз-өзімен тазарып, жеңілдеп, асқақтап кетеді.
Белгілі әдебиеттанушы, сыншы Құлбек Ергөбек: Әдебиетіміздегі бір жаңа сөз болса, осы Рахымжан айта алып жүр-ау деп ойлаймын. Ол өзіне-өзі сын көзбен қарай алатын азамат. Оның жазған шығармасына баға бере алған жоқпыз әлі..., - депті бір сұхбатында. Иә, Рахымжан Отарбаев өз оқырманын тапқан жазушы. Ол ең әуелі жаңашыл қаламгер. Кәрі құрлық пен күншығыс елінің азулы әдебиетін әбден сңіріп, қазақтың тел әдебиетіне орайластыра жаңа бір сарын қалыптастырғандай.
Соңғы жеті-сегіз жылда жазушының қаламынан құйылған әңгіме- повестердің осы қалайы жоқ. Әсіресе, соңғы жазылған қазіргі заманды суреттейтін әңгімелер циклі қазақ әдебиетінің кейінгі жылдардағы елеулі табысы десек, асырып айтқындық емес. Олай дейтін себебіміз, осы әңгімелердің көпшілігі Ресейдің Литературная газета, Юность, Форум т.б. беделді баспасөзінде жарияланып, Художественная литература баспасынан бірнеше мәрте жеке кітап болып шықты. Сонымен бірге Қытайдың Халықтар достығы баспасынан да жазушының қытай тілінде екі жинағы жарық көрді. Африка құрлығында араб тілінде үлкен бір томдығы шыққаны да үлкен мәртебе. Осы басылымдар мен баспалардың арқасында Рахымжан Отарбаев арқылы қазақ әдебиетінің бүгінгі деңгейін басқа ел оқырмандары да біршама аңғарды ғой деп ойлаймыз. [1]
Рахымжан Отарбаев - біздің қазіргі қазақ әдебиетінің үлкен жазушылар тобындағы көрнекті қаламгері. Өйткені, оның тәлім алған ұстаздары мықты адамдар. Ол сонау ауыз әдебиетінен, халықтың құмда жатқан мінез-құлқынан, үлкен ақсақалдардың айтқан әңгімесінен нәр алып өскен жинақты бала болса, бертін келе оның алдына ұстаған үлгісі - Әбіш Кекілбаев болды. Біздің заманымыздың заңғары атанған Әбіш Кекілбаевпен араласты.
Кей жерлерде адамзат таныған Шыңғыс Айтматовтың өзінен ой жағынан, жазушылық жағынан, тереңдік жағынан, парасат пен сауаттылық жағынан биік қоятын жазушымыз Әбіш Кекілбаевты аға деп, қасында жүрді. Ендеше, оның үйренетін мектебі де үлкен болды. Ол әңгіме жазуда барлық озық үлгілерді меңгерді. Мәселен, Бейімбет Майлиннің әңгіме жазу стилінің барлық қыр-сырын оқыды, білді. Тек қана өзіміздің қазақ әдебиетімен шектелмей, орыс әдебиетін де ақтарды, шет ел әдебиетіне де ауыз салды. Міне, осыдан келіп, сауатты жазушының қолтаңбасы қалыптасты.
Бүгінгі қазақ қаламгерлерінің арасында Рахымжан Отарбаевтың есімін оқырмандар да, жазушылар қауыма да ерекше таниды, ерекше бағалайды. Өйткені, алдымен жазушының қолтаңбасы - ешкімге ұқсамайтын ерекше, дара қолтаңба екендігін айтуымыз қажет. Оның тағы бір ерекшелігі, басқаларда жоқ бөлек қыры, тіпті, мінезі - тақырыптарды батыл қозғайтығында. Мәселен, ғасырлар қойнауынан қайта тірілген Бейбарыс сұлтанның бейнесін жасауда драматургиялық ерекше шешімдер жасады. Бұл жерде де ол бәрін сәтті шығарды. Себебі, ол - табиғи туа біткен талант.
Рахымжан Отарбаев өзінің шындығы арқылы батыл философиялық түйіндер жасайды. Ол кез келген жерде батыл. Не айтқысы келсе, соны анық айтады. Оның талантты жазушы екендігіне талас жоқтығының тағы бір айқын дәлелі осы.
Оның алғашқы әңгімесі Ізден бастап, бүгінгі Шыңғыс ханның көз жасына дейінгі барлық шығармалары біздің көз алдымызда дүниеге келді десек те болады. Ол кез келген шығармасын жазып бітіргенде өліп-тіріледі. Шығармадағы бүкіл кейіпкердің өмірін өз басынан кеше отырып жазады. Шығармасын аяқтап, демін алып болған соң, туындыларын жарияламас бұрын түсінеді-ау деген жандарға хабарласып, салып жібереді. Біз, осылайша, Рахымжанның барлық шығармаларын сиясы кеппей жатып, қолжазбасынан оқып келеміз. Қараша қаздар қайтқанда деген атпен жарық көрген әңгімелерінің барлығын қолжазбасынан оқып шықтым десем, өтірік емес. Актрисаны жазып бітірдім, Американың ұлттық байлығын жазып бітірдім, апа, оқып көріңізші, пікіріңіз қандай? деп хабарласып отырады. Содан кейін ғана барып шығармасы баспа жүзін көреді. Осыдан кейін ғана кітап болып жарық көреді. Рахымжан әрбір шығармасының нүктесін оқырмандарымен санасып барып қояды. Моно Лизасының қолжазба данасы әлі күнге дейін менің жеке мұрағатымда сақтаулы. [3, 2 б.]
Рахымжанның шығармаларын оқи отырып біздің қазақ даласының алыс түкпіріндегі немесе бүгінгі қазақтың көшіп жатқан тіршілігі көз алдымыздан өтеді. Себебі, бәрі жанымызға жақын дүниелер. Оның шығармалары сонысымен де құнды. Кешегі өтпелі кезеңдердегі адамдардың түрлі-түрлі мінез-құлықтарын беруде де ол алдына жан салмай келеді. Шыны керек, көп жазушы ол тақырыпқа бара алған жоқ. Күніне мың құбылған тіршілікке бейімделгендерді күлкі ету арқылы оқырманға ой салып келеді. Мәселен, оның қазіргі қоғамда ақша тауып жүргендердің соншалықты парықсыз, парасатсыз тіршілігін мазақ ететін Соңғы спектакль шығармасына еріксіз күлесің. Бір топ малданып бірде той өткізіп жүреді, бірде өлім-жітімді атқарып береді. Сөйтіп жүргенде, олар өлім мен тойды шатастырып алады. Тек ақшаның соңында жүріп, қайда келгендерін өздері де білмейді. Тойға барып, жоқтау айтып, кісісі өліп жатқан үйге барып тойдың бағдарламасын орындайды.
Көздері ештеңені көрмейді, бастары ештеңені ойламайды. Біреудің зарлап, жоқтау айтып жылап жатқанын, біреудің шаттанып, қуанып күліп жатқанын айыра алмайды. Тек ақша тапса, болды. Аумалы-төкпелі заманда ақша, ақша деп жүріп, өздерінің не істеп, не қойып жүргендерін білмейтін адамдар ортамызда жүргені шындық. Міне, Рахымжанның осы шығармасын оқи отырып күлесің, күліп отырып, жылайсың.
Рахымжанның шығармашылығы жайлы көп нәрсе айтуға болады. Оны тану үшін алдымен шығармаларын оқу керек. Оны бүгінгі үлкен қаламгер деп бекерге айтып отырған жоқпыз. Шын мәнінде солай. Ертеңгі келешек ұрпақ та Рахымжан Отарбаевты іздеп жүріп оқитын болады. Себебі, оның әрбір шығармасында тарихтың ізі жатыр.
Ал, оның драматургиялық шығармалары - өз алдына бөлек құбылыс. Сонау көрмеген-білмеген, кей ұрпақ, тіпті, атын естімеген Бейбарысты ғасырлар қойнауынан тарих сахнасына қайта шығарды. Бұл күндері ұмытылып бара жатқан, әйтеуір, Әміре Қашаубаев дейтін әнші болыпты деп қана танитын әнші Әмірені қайта тірілтті. Біз Әміренің неге қасірет шеккенін, сонау Францияны таңғалдырып келген оның неге жоқ болып кеткенін, оның тағдырының қалай болғанын күні кешеге дейін білмеппіз. Өйткені, оны білгізбеді. Сөйтсек, оның бәрі қып-қызыл саясат екен. Ән салудың өзі, таланттың өзі - саясат екен. Таланттың өзінің тағдыры саясатпен сабақтас екен. Осының барлығын Рахымжан өзінің шығармаларымен түсіндіріп отыр. Әлемді таңдандырған әдемі дауысы бар Әміренің өзін біз қазақ ұлтының өзі қорғай алмаған екенбіз. Міне, бұл - тек қана сол кездегі таланттың тағдыры емес, кез келген ғасырдағы таланттың қасіретті тағдыры. Біз, қазақтар, кейде талантымызды қадірлей алмаймыз. Рахымжан осыны айтқысы келді. Сөйтіп, әрбір шығармасының, әрбір қойылымының өзінің тағдыры, өзіндік айтар ойы бар. Сондай-ақ, шаң басқан тарихтың арасынан Мұстафа Шоқайды, Шыңғыс ханды, Жәңгір ханды суырып алып, драматургия тілімен сөйлету - екінің бірінің қолынан келе бермейтін ерлікке толы дүние.
Бүгінде таңда жастарға, жалпы, адамзатқа бірнеше мамандық керек. Бірақ, барлық мамандықтың басында бірінші тұратын нәрсе - ұлттық тәрбие мен ананың бесіктен сыйлаған, атаның мұра қылып қалдырған ұлы сөздері. Әдебиеттен басталған тәрбие басқа ғылымдарға ұштасса ғана маңызды болмақ. Алдымен рухани бай болған адам ғана барлық мамандықты меңгереді. Барлық мамандықтың қасында бабаның сөзі, ғасырлар даналығы, тасқа басылған әдебиеттегі жазушының парасатты шығармаларының тұжырымы жүрсе, сол адамның санасы биік, ойы озық болады. Осы тұрғыда, Рахымжан Отарбаевтың туған жер үмітін арқалап, туған жеріне қызмет ететін қаламгері болуы - оның маңдайына жазылған өлшеусіз бағы. Ұлтының алдында үлкен жүкті арқалап жүрген Рахымжанға ұлтымыздың сан ғасырлық тарихи тақырыптарын қозғау оңайға соққан жоқ. Ұлттың қасіретін сараптап жазу, оны мемлекеттік деңгейде көтеру, жалпы, ақиқатты айту - кез келген жазушыға оңай соқпасы анық. Ал, осындай ақиқаттың ақтаңгері Рақымжан Отарбаев - әдебиеттің сәтті кезеңінің бақытты ұрпағы және қайталанбайтын құбылысы.
Рахымжан Отарбаев - ойлы, парасатты жазушы. Біз қазақ әдебиетінде Отарбаевтай ұлымыздың - бақытты ұрпақтың болғанына, оның қатарымызда алшаң басып жүргеніне мақтанамыз, марқаямыз, қуанамыз.
Оның біздің театрларымыздың сахнасынан түспей келе жатқан көптеген драматургиялық шығармаларды өміргі әкелуі - сөзсіз оның төккен тері мен маңдай терінің ақталғандығы, төл әдебиетіміздегі жетістігі. Оның көптеген шығармалары Батыс пен Шығыста, Қытайда, Түркияда, көрші қырғыз елінде және тағы басқа ондаған елдердің мінберінде сөйлеп тұр. Бұл да, түсіне білген адамға үлкен жанкешті еңбек, ұлттың руханиятына қосылған сүбелі үлес. [3, 3б.]
Уақыт - жүйрік. Кеше ғана жазуды көз алдымызда бастаған, көз алдымызда қалам ұстап әдебиетке келген Рахымжан Отарбаев бүгінде үлкен жазушыға айналды. Оның бізге іні, бізге сыйлас, бізге таныс болғанына шүкіршілік етіп, тәубе дейміз. Рахымжаннан оқырманның, болашақтың күтері әлі де көп. Оның өзіндік стилі бар. Оның сөйлемдерін оқи отырып, оның Рахымжанның қолтаңбасы екендігін оңай айыруға болады. Міне, осы ерекшелік оны қазір өзінің биігіне көтеріп келе жатыр. Біз Рахымжанға үлкен шығармашылық табыс, үлкен жол тілеп отырған жандармыз. Әрине, ол жол - күрес жолы, дайын тұрған даңғыл жол болмайды. Себебі, өмірдің өзі күрестен тұрады. [3, 4б.]
Қазіргі қазақ прозасындағы жаңашыл ізденістер
Р. ОТАРБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Өмірдегі болып жатқан сан-алуан құбылыстардың көкірек сүзгісінен өткізіп, көркем образ жасау арқылы өмір шындығының көркем бейнесін сомдау - шын суреткердің ғана қолынан келетін шеберлік. Рахымжан Отарбаев шығармаларын оқып отырып осындай риясыз тұжырымға келесің. Көркемдік әлемінің аса әдемілігіне, нәзік те, сырбаздығына тәнті боласың.
Қазіргі заманның ащы шындығын қанын тамыза жазған әңгімелердегі мұңға оралған сарказм, күлдіре отыра іштей егілетін үрейлі юмор арқылы өмірде өз орнын, махаббатын іздеген, мына ит тірліктің мәнін түсінуге тырысып жанталасқан жесір әйелді (Би), Американың ұлттық байлығын (Американың ұлттық байлығы) қорғауға жанын салып жүрген қарапайым қазақты жүрегінің бір бөлшегі шекараның арғы бетінде қалып қойған, сағыныштан құса болған адамның астан-кестен жан дүниесін (Қытайдан жеткен сәлемдеме), өзгенің қайғысын өзінің бизнесіне айналдырған Тасеменнің бейшара да күйкі тірлігін тек қазаққа тән мінез-құлық деп қарауға болмайды. Бұлар - қазіргі заманның жиынтық образы. Сондықтан да, қаламгер сомдаған жарқын бейнелер орыстың да, қытайдың да, түрік пен арабтың да оқырмандарына өте түсінікті, жандарына жақын. [1]
2013 жылы жарық көрген әңгiмелердiң iшiнде әңгiме етуге лайықты, уытты дү - ниенiң бiрi - жазушы Рахымжан Отарбаевтың "Нобельден қалған мұра" атты әңгiмесi. Егер ата-бабаңнан мирас боп қалған туған жерiңнiң байлығы ең әуелi өз ұлтыңның, өз елiңнiң мұқтажына жұмсалмай, дiнi, тiлi, түсiнiгi басқа, шеттен келген жат елдiктердiң ризығына айналса, ол байлық елiңнiң бақытына айналмайды, қасiретiне айналады. Р.Отарбаевтың шап-шағын осы әңгiмесiн оқыған көзi ашық әрбiр қазақ дәл осындай ой түйетiнiне сенiмiмiз кәмiл. [5]
Сонымен, "Нобельден қалған мұраның" мұрагер - лерi (яки, шетелдiктер) қа - зақ даласына келiп қос тiктi. Бұлардың басты мақсаты - қақпағы ашулы қа - зандай иен далада жатқан иесiз ұшан-теңiз мұнайды өз әкесiнен қалған мұрадай игерiп, өздерi бақыттың шырқау шыңы деп бағалайтын байлыққа кенелу. Бұл елде оларға әй дей - тiн әже, қой дейтiн қожа жоқ.
Әңгiмеде Рахымжан Отарбаев осы өңiрде болып жатқан жағдаятты қаз-қалпында қайталап, бұл - жытпай баяндап жатпайды. Мұнда жазушы әр көрiнiстi тұңғиық ой, терең философия, қажет жерiнде ойнақы, керектi жерiнде салиқалы да сабырлы тiлмен суреттей отырып, тұтас, ойлы дүние жасап шығарған. Және мұндағы әр кейiпкердiң аузынан шыққан сыңар ауыз сөзден-ақ оның бүкiл болмысын, қазақша айтқанда "Құдай бере салған мiнез-құлқын" көзбен көрiп отырғандай боласыз. Әуелi бұған дейiн Африканың бiраз елi - нiң қаймағын қалқып iшкен, Бангладештiң жер қойна - уы - на "бұрғы жүгiрт - кен", "Колумбияның да қойны-қонышын ақтарған", ендi "Ку - вейттi бiр көргiсi кеп жүрген мұнай компаниясының басшысы Джонсон мен имек мұрын, сiлiңгiр қараның диалогына құлақ түрiңiзшi.
Сiлiңгiр қараға Швеция мұнай компаниясының архивариусы бiр құпия айтыпты:
- Иә.., - дейдi Джонсон.
- Оның қолында Но - бель - дiң өз қолымен сызған карта бар екен.
- Рас па?
- Рас. Бiрақ өте құпия сақтаулы.
- Не сұрайды?
- Қоя тұр. Ол орыс революциясына дейiн Доссор деген жерде мұнай өн - дiрген. Кейiн орыстар қуып шыққан.
- Айтшы, тез!.
Одан әрмен қос шетелдiк қазақ жерiндегi мұнай картасының бағасына таласады:
- 10 млн. доллар!
- Көп!
- Болашақта дүниежүзi - не иелiк ететiн бизнесменге бұл көп пе?! - деп, имек мұ - рын, сiлiңгiр қара орнынан атша қарғыды".
Осыны оқып отырып тағы да өзiңнiң туған елiңнiң, туған жерiңнiң, ұлтыңның бүкiл еркi мен ырқы өзiнде емес, кiм көрiнгеннiң қолында жүргенiн көрiп, ет-бауырың езiледi де отырады. Маңдайының соры бес батпан қазақ өз даласының бүкiл ризық-несiбесiне өзi ие бола алмай, оны бiресе швед, шведтерден орыс алып, ендi азаттық алдық! деп алақайлап жүргенде де сол ризығын әлдеқайдан қаңғуылдап келген дiнi бас - қа, тiлi басқа бiреу ием - ден - бекшi. Шетелдiк iрi компанияның иелерi шаруасының бәрiн осы жердiң ықылымнан бергi иесi қазақтың бiрде-бiреуiн қатыстырмай-ақ өзi пiсiрiп, өзi шешiп жатыр.
Сонда қазақтар қай - да жүр? Бiр жаққа көшiп кетпеген шығар? Олай болса, қазекем не iстеп жүр? Дәл осы жерде бұдан 100 жыл бұрын ғұлама шайыр Әбубәкiр Кердерi мен ноғай Нұрым молданың айтысы кезiнде Нұрымның: "Үйiне ит кiрсе де кет демейтiн, кә - пiр - мен бiрге жатып тозған қазақ" дегенi еске түседi. Әңгiмеде суреттелетiн мұ - найлы даланың қазақтары Мына шетелдiктер неге келiп жүр, бұлар өзi кiмдер, өздерi не мақсатпен келдi, шынымен-ақ қазақты жарылқағалы жүр ме, әлде... деп ойлану қабiлетiнен де қалған. Бұл, әйтеуiр, iшкенге мәз, жегенге тоқ, үстiнде лы - пасы, төбесiнде жарты лашық жаппасы болса, содан өзгеге көп "бас қатыра бермейтiн" қауым ғана. Жазушы оны шетелдiктер келген күнi ертеңiне болған мына бiр қып-қысқа көрiнiс - пен-ақ дәлелдеп бередi: "Ертеңiне қазақ жағы қаптады. Қат-қат қағазға қол қойылды, бармақ басылды. Кешiкпей атшаптырым аумаққа кешен салынады. Сол жерден дүниенiң төрт торабына мұнай құбыры тартылады. Сөйтiп, "қара алтынның" бұлағы лақылдай кеп құйылады. Өндiрiл - ген мұнайдың он пайызы ғана осында қалады, қалғаны шетел аспақ".
Қазақ осыған да мәз. Қазақтар мұндағы жұмысшылардың он пайызы ғана жергiлiктi халықтан болатынына да мәз. Жазушы дәл осы жерде "Мiне, мерейiңдi асырған, мәртебеңдi тасытқан келiсiм! Қуанышы қойнына сыймаған қазақ жағы ақ түйе сойып, ұлан-асыр той жасап та жiбердi" - деп, есi бар қазақ еңiреп жылауға тиiстi сорлылықты астарлы юмормен шегелей жеткiзедi.
Бұл - осы күнгi қазақтың басында тұрған өмiр шындығы. Бүгiнгi қазақтың басындағы тағы бiр қасiреттi өмiр шындығына қараңыз: Шүкiр, қазақтардың да өзiне сай кiшiгiрiм мафиясы бар. Түнде тонай салу, күндiз қалтаға қол салу, базар жағалап зекет алу... Тiптi, өрiстен қайтқан тоқты-торым кейде өзге қазанның қақпағын булап жатады. Оның бәрiнiң ұйытқысы - мойны бiр тұтам қортық қазақ. Өзiне айтқызсақ, түрме көрмеген. Бiрақ бала күнiнен мал соятын цехпен көршi тұрып, содан қаны бұзылған... Соңғы сөйлемдi оқып отырып, жымиып күлгенiңiздi де байқамай қаласыз. Қазақтың басындағы тағы бiр қасiреттi өмiр шындығының басы-қасында осы қортық қазақ жүр. Ол он шақты "мафия мүшесiн" (тағы күлесiз!) жинайды. Неге? Өйткенi бұның әйелi Айжан шетелдiктерге аспаз боп жұмысқа кiрген. Ол күндiзгi жұмысы ғана! Ал түнде әлгi Айжан шетелдiк супервайзердiң қойнында жатады. Мұнымен ғана тынбай, ол "осы ауылдағы селтеңдеген жап-жас тоғыз қызды апарып жұмыс - қа тұр - ғызған. Күндiз ас пiсiредi, кiр жуады, түнде..."
Қазақтардың басқа қорлықтың бәрiне оянбаған азын-аулақ намысы өз қатындары мен қыздары шетелдiктер берген аз ғана тиын-тебенге сатылып, солардың төсегiне барып жатқанда ғана ояна бастайды. Бұлар қырып-жоятындай болып түнделетiп келсе, "ақшулан төс жүнi бұрқыраған, еңгезердей шетелдiктiң қолтығынан iш көйлегi аға - раңдап Айжанның басы ғана көрiнедi...".
- Бұл менiң қатыным! Шығар берi! - деген күйеуi - не Айжан:
- Крис менiң байым. Тиiп алғам! - деп күйеуiнiң қолын қағып жiбередi. Бұл кезде басқа вагонда тоғыз шетел - дiктiң жанында жатқан тоғыз қазақ қызы да өздерiн iздеп барған қазақ жiгiттерiне қарсы шетелдiктермен қо - сылып шабуылға шығады".
- Намыс қайда? - дейдi жiгiттердiң бiреуi оларға.
- Ақша тауып, әйел қылсаңдар қой деппiз бе?
- Ұят қайда?
- Ұятыңды басыңа езiп жақ!
Мiне, қазақтың әйелдерi мен қыздары қалай өзгерген?! Ақырында өз әйелi мен қыздары шетелдiктермен қосыла сабап, таяқ жеген қазақ жiгiттерiнiң қашып бара жатып оларға шығарған ең соңғы "үкiмiнiң" түрiн қараңыз:
- Өңшең жәлап! Тап - қандарыңды бөлiсесiңдер!
Осы жерде жазушы әсiрелеуге жол берген бе? Жоқ! Ешқандай әсiрелеп тұрған жоқ. Өмiр шындығын берiп отыр. Өмiр шындығын қорытып, көркемдiк ой елегiнен өткiзiп отыр.
Осы әңгiменiң бiз қазiр ғана келтiрген үзiндiсiнiң өзi-ақ Рахымжан Отарбаев көрген-бiлгенiн жалаң су - реттеушi, жалаң тамашалаушы емес, керiсiнше туған ұлтының бүкiл iшкi үнiне, күрсiнiсi мен күңiренiсiне, оның мына қоғамға деген бүкiл разылығы мен наразылығына ұдайы құлақ түрiп, көз салып отыратын қыран сезiмдi тамыршысы екенiн ап-анық көрсетiп тұр. Ол жан-жақтан алуан түрлi пиғылмен келген жат елдiктер кеудесiн шұрық тесiк қып жатқан туған даласының ыңыранған үнiне құлақ түредi. Соның нәтижесi шығар, бүгiнгi қазақ ұлты мен қазақ даласының көкiрегi шерге толы сәбиiндей осы шығарма дүниеге келдi.
Рахымжан осынау шағын әңгiмесiнде, әсiресе, мына бiр мәңгiлiк ақиқатты оқырманның алдына көлденең тартады және соған оқырманды сендiредi де. Осыдан жүз жыл бұрын қазақ даласына көз тiккен шетелдiк алпа - уыттар қалай оңай жерден пайда тапқысы келсе, Қазақстанға дүмеп енiп жатқан қазiргi шетелдiк байлардың құлқыны да, мақсат-мүддесi де дәл солардiкiн - дей. Қазақты бұлар қиындықтан алып шықпайды! Бұлар қазақты ешуақытта жарылқамайды! Қазақты қиындықтан алып шығатын - қазақтың өзi. Басқа ешкiм де емес!
Тiлде құнар болуы керек. Мұндай тiл прозалық шығарманы әрлеушi, көркем - деушi, әсерлеушi қызмет атқарады. Бұл орайда қа - зақтың теңдесi жоқ шешен - дiк өнерiнен сусындап, кейде уытты, кейде шымшымалы аз сөздiң өзiмен көп мағына беретiн, ордалы ой тастайтын дәстүрлi сөз саптауының түпкi тамыр-тiрегiнен қол үзбей, соны шебер дамытып келе жатқан жазушы осы күнi бар десек, соның бiрi - Рахымжан Отарбаев: Кеш кiрiп, еспе самал бел ала алдарынан бозбала жолықты. Қолында бүйiрi майысқан қара шелек. Шелектiң бiр құлағында сынық сүйемдей қызыл жiп қылтияды. Даланың тақтайдай айдау жолымен iздiк шаң көтерiп кеп "Lexus" тiзгiн тартқан. Қуығын зәр қысып келе жатты ма, тамағы қатпар-қатпар қарындысы аулақтау шығып, ауын iздеп кеттi..., ... Өңе - шiнiң өзi үрейiңдi ұшыратын қара құбырлар дү - ние - нiң төрт торабы менi - кi дегендей күн сайын бiрiнен-бiрi мойын оздырып жатты. Бұл сөйлем - дердi түгел талдап жатсақ, тiл ғылымын қуалап кетер - мiз. Осындағы "еспе самал", "iздiк шаң" деген сөздердi осы күнгi оқырман түгiл "сөздiң түбiн түсiретiн" екiнiң бiрi бiле бермейдi. Мысалы, бiздiң ақындар "толқын", әрi кетсе "ақжал толқын" дегендi ғана жиi қолданады. Сөйтсек, толқынның да еспе толқын, көшпе толқын, маңғаз толқын, самсоз толқын, сипама толқын дегендей түр-түрi өте көп екен ғой. Осындай сирек қолданылатын қазақ сөздерiн жазушы әңгiмеде өте орайымен ұтымды пайдаланады.
Жазушы Рахымжан Отарбаевтың бiз сөз етiп отырған әңгiмесi - қазiргi күнi тәуелсiздiктi жырладым деп дәм-тұзы жоқ лепiрме нәрселердi кiтап қып, онысын ақша төлеп шетелде шығарып, неше түрлi сыйлық алып, ана жерде де, мына жерде де жеңiмпаз атанып жүргендерден тумысы да, жаратылысы да бө - лек, шоқтығы биiк шығарма. Бұл - кешегiнi бүгiнгiнiң есiне салу, бүгiнгi кем-кетiктi қаперге алу. Иә, бiз кеңестiк 70 жылдың iшiнде небiр құнды шығармаларды дүниеге келтiрдiк. Қазақты сол кезде-ақ әлем таныған. Бiрақ коммунистiк идеологияның құрсауынан шыға алмадық. Ендi бiзге қазақ ұлтының, оның бүгiнгi ұрпағының ұлттық санасын, ұлттық намысын оятатын әдебиет, ұлтты алға жете - лейтiн, алға жетелегенде де өзгенiң қаңсығын таңсық көрiп, солардың соңынан жалпылдап желiп отыратын әдебиет емес, өзiне тән ұлттық сораппен, ұлттың жолымен ұрпақты алға жетелейтiн әдебиет керек. Ұлт өмiрiнiң шындығын, қоғамның шындығын бейнелеп беретiн, соны көркемдiк електен өткiзе алатын әдебиет керек. Былайша айтқанда, бiздiң қаламгерлерiмiз бүгiнгi өлiп-тiрiлiп, жылап-еңiреп Мемлекеттiк сыйлық алып жүргендерден өзгеше, 40-тан астам адамға "оптом берiлетiн "Алаш" сыйлығының иегерлерiнен өзгеше, нағыз тәуелсiз ұлттың тәуелсiз әдебиетiн жасаушылар болуы керек. [5]
Оның әңгімелерін оқып отырып жазушы талантының теңіздей тереңдігін, даладай көл-көсір кеңдігін түйсінесің, шұрайлы тілінен сайын даланың таңғы самалынан бұрқыраған жусанның жұпар иісін сезесің. Бұның дәлелі ретінде Рахымжан Отарбаевтың әдебиеттегі орны, шығармаларының ерекшелігі, драматургияға әкелген жаңалығы, адами қасиеттері жайлы қаламгерлер мен ғалымдардың берген бағаларынан алуға болады.
Шетелдегі қазақ ақыны, журналист Сұраған Рақметұлы: Көркемдік деңгейді өлшейтін табиғи аспап - тәңір текті оқырмандарға тән дедік. Суреткерлік - жазушының жандүниесінің ғарыштық құбылысы. Көркем суреттегі философиялық бояуларды өз зейінімен оқи алатын қауқарлы, тегеуірінділер көп, жетеді, әлемде. Бірақ, оған әр ұлт өкілдері сынақты тәжірибе эксперимент жасайды әрі өз түйсігімен, көз жанарымен сүңгіп, жүрегімен сүзіп өтеді. Тек Рахымжан ғана емес басқа да қазақ жазушылары, тіпті әлемдік гиганттар да сіз тілге тиек еткен ішкі қуатын әр еңбектеріне сіңіруді басты мақсат етеді"..."Драматургия - сахналық, ұжымдық классикалық жанр, кіді еңбек. Рахымжан Отарбаевтың Актрисасын жуықта ғана Бішкекте өнер оқу ордасының жас шәкірттері қойды. Шынында бұл шығарма қыруар ой, түрлі мінездері мен өз салмағы арқылы Рахымжантанудың тағы бір бетін ашып бергендей еді. Автор әр бір кейіпкердің ғұмырлық кодын, оның психологиялық ерекшеліктерін тас қайрақпен жанып, құрыш қаламымен шыңаса керек. Француздың керемет жазушысы Шарль Перроның Көк сақал атты әңгімесі есіңізде ме? Жеке кейіпкердің сұсты бейнесі соншама ерек сомдалған. Енді сізден Рахымжанның SOR-ын оқып шығуды сұраймын. Оқиғаның суын сығып, иін қандырған көркем жүйелеуі, қым-қуыт қисындары мүлдем өзгеше реңмен құрылады...", "...Рахымжан Отарбаев өзін Ақжайықтың толқынына лақтырған жазушы. Маған ұнаған шығарма элиталық текті оқырманға ұнай кетпесі анық. Демек, Аспандағы ақ көбелектердегі Дәуреннің типі - болашақтың сұранысы. Оқырманды өз өзінен көз жазып қалмауға шақыратын қияметті жұмбақ.
Бір ғана мысал; ...Сыңғыр етіп күліп жіберген. Жай күлкі емес, шыны ыдыс сынып, ауаға тарап кеткендей. Содан бастап су емес, сынған ыдыстың құлағыңды қуантар дыбысын іздейтін. Сыңғыр! Әне көзге көрінбей шашырап барады, ...үркектеу жанарының түбінен ылғи да бір үміт сығалайтын... Мұнда мазмұннан бұрын кескін, кейіп-кеспір көрінеді. Мұны өзінен-өзі сөйлеп беретін құбылыс деуге болады. Соцреализм ғұламалары оны образ деп атап жүр ме? Әлемде 4 құбыла, 8 түстік қаншама мүйістер мен қалтарыстар болса - оны түрлендіретін қасиет тек кең тынысты жазушыда ғана болады. [4]
Журналист, Серпер газетінің бас редакторы Таңатар Дәрелұлы қаламгерге мынадай баға берген: "Қазақ әдебиеті жаңа арнаға бет бұрды. Ауызды қу шөппен сүртуге, құрына беруге болмайды. Әлемдік жауһарлармен иық тіресе алар талай таңғажайып шығармалар өмірге келді. Өзге дүниені ұмыттырар, өзінен екі елі ажыратпайтын туындылар қаншама? Ойлау жүйесі бүтіндей өзгерген бірінен-бірі өткен жас ақындар шоғыры күн өткен сайын молыға түсуде. Өте қуанышты жағдай. Солардың арасынан оқ бойы озық, өзін жеке даралаған бірден-бір жазушы ол - Рахымжан Отарбаев. Смағұл Елубаевтың: Қазіргі қазақ әдебиетіндегі Ғабит Мүсіреповтен кейінгі бірден-бір суреткер жазушы, ол - Рахымжан Отарбаев деуімен кім-кімде келісуі керек. Біздегі қалыптасып қалған бір жаман әдет әркімнің өз шамасын білмеуі, өзінен озықтарды мойындағысы келмей, дұрысырағы іштарлықпен соңынан неше түрлі ғайбат сөз - қиқу ілестіруі. Айтпағанды оның аузымен айтқызып, басын пәлеге қалдырғысы келіп жанталаса, жұмыла кірісуі. Ол дара туған сирек дарындардың бірі де бірігейі. Жағымпаздықты жанына жуытпаған азат ойлы суреткер. Ағынан жарылып айта қалса шындықты негіздейді, ал онымен келісу-келіспеу әркімнің өз шаруасы. Рахымжан Отарбаевтың мемлекеттік сыйлық алу мәселесінде де біраз шу көтеріліп барып , басылды. Сол бір сыйлығы түскірді алмаса да оның шығармалары әлемнің сан тілдеріне үлкен сұраныспен аударылып, атағы алысқа жетті. Оны өзімізден гөрі өзге жұрт алақанына салып әлпештейді. Қырғыз бауырлардың оны ақ киізге орап хан көтергендей, салтанатпен ұлылағанын өз көзіміз көрді. Рахымжан Отарбаевтың театр фестивалін ұйымдастыруға қомақты қаржы шығындады. Ширек ғасыр бойы оның пьесалары қырғыз сахнасынан түспеуі, кезінде Шыңғыс Айтматовтың өзі: Жаңа театрды менің Жәмиләммен емес, қазақ жазушысы Рахымжан Отарбаевтың пьесасымен ашыңдар!, - деуі оның талантын мойындағандық емес пе? Келер жылы өзбек ағайындар: Сенің театр фестивальіңді енді біз ұйымдастырамыз!, - деп екі алақанын ысқылап, қайтасын-қайта шақырып отырса, Р.Отарбавтың қандай жазушы екенін шамалауға болатын шығар. Мәскеу 60 жасқа толу мерейтойында кеудесіне алтын медаль тақса, бұл кім көрінген жазушыға көрсетілер құрмет емес. Мыңның біріне! Дарындар өздерінде де жетеді. Ерте ме, кеш пе Рахымжан Отарбаев иә түріктің, немесе қырғыздың, болмаса сол Ресейдің мемлекеттік деңгейдегі үлкен бір сыйлығын олжалайтыны кәміл. Әлем жұртшылығына мойындалған біртуар қаламгер қазақ әдебиетіне үлкен олжа салып, зор мәртебе әкелуде. Ол сондай қазақ жазушысы.
Сондай-ақ, Т. Дәрелұлы "Рахымжан Отарбаевтың шығармаларының ерекшелігі неде?" деген сұраққа осындай жауап берді: Дұрысында бұл сұраққа біршама қабырғалы қаламгер көптеп жауап берді. Қазақ әдебиетінен бастап Айқын, Ана тілі т.б. бірқатар газеттерде, Жұлдыз, Жалын басқа да журналдарда белгілі әдебиет өкілдері лайықты бағасын берді. Олардың көбісін өзі де оқымаған шығар. Филология ғылымдарының кандидаты, ақын, сыншы Гүлзада Ниетқалиева Дара атауымен бүтіндей кітап арнап оның шығармашылығының ешкімді қайталамайтын озық үлгілерін тайға таңба басқандай дәлелдеді. Алғашқы кітабы Құпия түн ұмытпасам 1987 жылы Алматының Жазушы баспасынан жарық көрді. Ондағы Із әңгімесі Жұмекен ағаға арналған. Қайнағдан қалған көз, Тербелді гүлдер далада, Күй - кербез, Айсырға т.б. әңгімелерден бастап осы күнгі әбден кемелденіп, толысқан шағындағы әрбір әңгімесі, әрбір драмалық шығармасы мен үшін, менің отбасым үшін ғажайып асыл қазына! Моно Лиза, Актриса, Біздің ауылдың амазонкалары, Нобельден қалған мұра, Көрген-баққан, Тәркі дүние, Аспандағы ақ көбелектер, Қытайдан жеткен сәлемдеме, Американың ұлттық байлығы, Жайық жыры, Махамбет пен Пушкин, Шыңғыс ханның көз жасы, қайсыбірін айтарсың... Бір-бір әңгімесі бір-бір романның салмағын ұстап тұр. Несімен ұнайды? Әрине жазылу стилінің соншалықты сонылығы, сыршылдығы, әсерлілігінен. Оқиға желісіне бірден ілестіріп, ажырап кетуге шамаңды келтірмейтін қуаттылығынан. Әрбір сөйлемі тың тіркеске толы, бірде-бір артық сөз жоқ, бәрі бір-бірімен қабысып, жымдасып тұтас ажырағысыз дүние құрап тұрады. Жылатып отырып күлдіреді, күлдіріп отырып мұңайтады, ызаңды келтіреді, сүйінішіңді туғызады. Дүниеге өзіндік көзқарасымен табындырады, иландырады. Әңгімелерінің бастауы, аяқтауы бас шайқатады, таңдай қаққызады. Бұрын-соңды кезікпегенге кезіктіреді. Сонысымен Рахымжан қаламгер құдіретті, Дара деуге әбден лайық, халқының іздеп жүріп оқитын жазушысы, халық ақымақ емес, әлем жұртын оясыз дегеннің өзі ақымақ. Қысқасы, Рахымжан ең бақытты жазушы, егер Алласы көрер жарықтан таршылық қылмаса, ол әлі талай таңғажайып туындыларымен есімізді алары, пендешіліктің не екенін кәлләмызға кіргізіп, ойландырары анық.
Біз туып өскен Құрманғазы топырағында Ұлы Еділдің үлкен бір саласы Қиғаш деген өзен бар. Махамбеттің Қиғаш үшін қырылдық дейтін сол Қиғаштан қаз-қатар бірнеше арналар туған жер төсімен толқыны бүлк-бүлк ойнап, тарамдала ағады. Бірінен-бірі өткен соншалықты әдемі. Сол сияқты Рахымжанның драматургиясы мен әңгімелерін мынаусы озық, мынаусы төменірек деп қарауға келмейтін сияқты. Әңгімелері бір кездегі орыстың әйгілі жазушысы А.П.Чеховтың әңгімелері сияқты дүниені дүбірге бөлеп, оқырман біткеннің жүрегін жаулап тұрса, драматургиясын одан кем еді деп ешкім айта алмаса керек. Ал, романы туралы айтсақ Бас деп аталатын соңғысының өзі неге тұрады? Түріктер бірнеше мың данамен аударып үлгерген бұл романда үлкен саясат жатыр. Махамбеттен бастап әлем елдеріндегі үлкен-үлкен мұсылман тұлғалардың кесілген, асылған бастарының тағдыры сөз болады. Қазір Р.Отарбаев ел мен елдердің шақыруына барып, шығармаларын аудартумен аяғы жерге сирек тиіп жүр. Оның айлар бойы жылға ұластырып жазатын уақыты енді келе жатқан сияқты. Сонда романын да басқасын да көретін боламыз. Қазіргісінің өзіне оқырманы өте жоғары баға беріп, әбден бауыр басып қалды. [4]
Әдебиет сыншысы Анар Қабдуллина: Алдымен, өзіндік стиль ерекшелігі назар аудартады. Ешкімге ұқсамайтын Отарбаев стилінен теңіздің тұзды, ылғалды ауасы, құмның сусылы, жел табиғаты, тарих қойнауынан сыр тартқан балбал тастардың алақанға білінетін бедері, сол жақтан талықсып жететін жаңғырық дауыстар, пойыз доңғалағының біркелкі соғысы, т.б. алуан дүние сырлары білінеді.
Бірде Несіпбек Дəутайұлының Құмға қашқан құйын шығармасын оқып отырып, Рахаң елес беріп өткендей болды. Мəнісін сұрағанда, бұл шығарма сюжетін Несағаға Рахымжан аға айтып беріп, жазыңыз деп қолқалаған екен. Екі жазушының арасында əдемі сыйластық, достық бар екенін артынан біліп, тəнті болдым.
Отарбаев диалогтерінде полифония бар жəне кейіпкерлерінің дабырлап сөйлескен дауыстары анық естіліп тұрғандай болады жəне сол ерекшелігінен шығарманы бірмезгілде сахнадан да тамашалап отырғандай сезінесің.
Дабырлап сөйлесуде - қалтқысыз тазалық бар. Бір замандарда жаһандану идеологиясының апандай көмекейіне, ол болмаса, жалғыздыққа жұтылып кетер болсақ, келер ұрпақ қазақы қалтқысыз қарым-қатынасқа тəн осынау ерекшелікті Отарбаев кейіпкерлерінің бойынан көріп, таңдай қағатын шығар.
Өзіме Отарбаев əңгімелері постмодернистік бояу араласқан мұңдылығы үшін, драматургиясы адам жанына терең үңілетін ерекшелігі үшін, романдары үлкен ізденістің жемісі екендігі білінетіндігі үшін ұнайды. - деп бағалады. [4]
Р. ОТАРБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ӨМІРЛІК ПРОБЛЕМАЛАР КӨРІНІСІ
Тарихтағы табандылық пен тамырдағы тектілікті ұштастыра отырып, адам мен қоғам, тұлға мен тобыр тартысқан мына заманда замана шындығын бүкпесіз суреттеген жазушының әр туындыдағы айтар ойы ойлы оқырманның ойына ой салары сөзсіз. Рахымжан Отарбаев - прозаның не екенін білген, керемет меңгерген хас суреткер.Ол шындықты жалаңаш түрде айтпайды, үлкен ойдың астарында, жасырып, көміп бірақ адам санасына түсінікті етіп,керемет жеткізе біледі. Өзінің оқырманы бар, шығармашылығын, стилін, өрнегін сыйлайтын,құрметтейтін жазушы.
Рахымжан ағаның өзіне байланысты туған жер,ұстаз жөнінде сұрақ қойса:
Теңіздің қуысында,
Құдайдың уысында... - деп өзін таныстыруы,
Әбіш Кекілбаев - ұстазым,
Шерхан аға - жұмысқа алды,
Оралхан ағаның шапағатына бөлендім,
Тұтқабай Иманбеков туған аға болды,
Фариза апа-алғашқы шығармамды басты, Әбіш аға маңдайымнан сипады,арқамнан қақты,
Әбдіжамал аға - Мәскеуге танытып, кітабымды шет елге шығуына ықпал етті.
Шерхан ағаның шекпенінен шықтық, солар қолдан жетектеді, жолымызды ашты.
Ізгілік сапарына сол жерден іліктік қой, - деп өзінің оқу-тәлім алған ортасын да ерекше, көркем сөзбен айтуы бір бөлек.
Жазушының бағасы айтқан сөзінен ғана емес, келтірген немесе өзінше қажаған, я болмаса өзгеше айшығынан білінеді. Оның кім екені қаламынан шыққан қуатты ойдан, соны өрнегінен де танылмақ. Отарбаевтың қай шығармасына үңілсеңіз де қоғамды ірітіп-шірітіп, жегідей жеп жатқан былық-шылықты әшкерелегенін көруге болады.
Бұл үзінділерде ақшақұмарларды тоғышарлық дәрежесіне жеткізген нәрсе - азғындық. Кәдімгі Абай айтқан Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласының өзі. Содан барып ол санасыз, ойсыз, жарым ес болып шығады да, адамдық ізгі қасиеттен толық айырылады. [6, 2б. ]
Бәрі Абайдың ескерткішінің алдына келеді. Қыз бен жігіт тағзым етеді. Гүл шоғын қояды.
БІР ТОП ЖАС:Абай атамыз бен Әйгерімдей болыңдар!
-Бақтарың ашылсын!
-Давай, сол үшін ішеміз!
-Шампан ашыңдар, шампан!
ЖІГІТ: Ұлымыз болса, атын Абай қоямыз.
ҚЫЗ: Қыз болса - Әйгерім...
БІР ТОПЖАС: Горько! Горько!
-Ащы! Ащы!
АБАЙ: Ұлымыз болса атын Абай қоямыз дейді мына заманның жастары. Абай емес есімін Абайла деп қой, А-бай- ла! Абайла,бауырым, Абайла! ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz