Қорқыныш сезімінің психологиялық ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Ресубликасының білім және ғылым министрлігі

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Медициналық қызметкерлердің іс-әрекетіндегі мазасыздану мен қорқынышының психологиялық аспектілері

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Актобе, 2019

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 тарау. Мазасыздану мәселесінің ғылыми-теориялық сипаттамасы . . .

1. 1. Психологиядағы мазасыздану жағдайы, зерттелу бағыттары туралы түсінік . . .

1. 2. Қорқыныш сезімінің психологиялық ерекшеліктері . . .

1. 3 Медициналық қызметкерлердің іс-әрекетіндегі мазасыздану мен қорқыныш көрінуінің психологиялық аспектілері . . .

2 тарау. Медициналық қызметкерлердің іс-әрекетіндегі мазасыздану мен қорқынышының себептерін тәжірибелік зерттеуді ұйымдастыру және оның әдістемелік негізделуі

2. 1. Медициналық қызметкерлердің іс-әрекетіндегі мазасыздану мен қорқынышын анықтауға арналған әдістемелерді пайдаланудың мазмұны . . .

2. 2. Медициналық қызметкерлердің іс-әрекетіндегі мазасыздану мен қорқынышын анықтау үшін жүргізілген тәжірибелік жұмыстардың қорытындысы . . . Қорытынды . . . Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Қосымша . . .

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі . Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында бірінші міндет ретінде ұлттың бәсекеге қабілеттілігі факторы ретінде білімділік деңгейін жоғарылату ұсынылады. Жиырма бірінші ғасырдың маңызды міндеттерінің бірі - өмір сүру сапасын жоғарылату, оның ішінде тұлғаның даму шарттарын анықтайтын білім беру сапасын жақсарту болып табылады. Сондықтан да ғылым және білім беру жүйесін реформалау мен дамыту - ғаламдану жағдайларында көптеген мәселелерді шешудің анықтаушы факторы болып табылады. Қазіргі уақытта мазасыздану мәселесі күннен күнге өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Оған саясат пен экономика саласындағы дағдарыстар, терроризм мен қылмыстықтық деңгейінің өсуі, адамдардың жеке өміріндегі және кәсіби іс - әрекетіндегі проблемалар қатты әсер етеді. Сонымен қатар, мазасызданудың бұл себептерімен бірге, әр қайсысымызға байланыстылары да бар - адамның өз өзімен келісімінің жоқтығы, конфликтілік жағдайдан шығудың психологиялық ережелер мен бағыттардың жоқтығы [1] .

Қазіргі кезде эмоциялық тұрақсыздықпен, сенбеушілікпен, жоғары алаңдаушылықпен ерекшеленетін мазасыз тұлғалар саны едәуір көп ұлғайған. Мазасызданудың пайда болуы және орнығуы тұлғаның жас кезеңіндегі қажеттіліктерінің қанағаттанбауымен байланысты. Мазасызданудың тұрақты бейнесі, көбіне жеткіншек жас кезеңінде көрініс табады. Ал, оған дейін, бұзылыстардың кең шеңберін өндіруші болып табылады[2] .
Адам іс-әрекетінің алғашқы тарихи түрі - еңбек болып табылады. Ал еңбек әрекетіне араласқан адамның басты ерекшеліктерінің бірі - оның еңбекке қабілеттілігі, ал кез келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады. Іс-әрекет - адамның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасының бір формасы немесе қоршаған орта мен субьектінің өзара қатынасының динамикалық жүйесі. Адамның іс-әрекеті - күрделі құбылыс. Белгілі бір өнім адам іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады. Адам, еңбектің қай түрімен айналысса да, өмірге ең алдымен қайраткер, іскер және жасампаз болып келеді. Оның арнайы әрекеті еңбекте, еңбек іс-әрекетінің актісі түрінде қалыптасады. Белгілі бір қоғамдық функцияларды атқаратын әрекеттердің жиынтығы еңбек әрекетінің белгілі бір түрін құрайды.

Еңбек дегеніміз - адамдардың материалдық және рухани қажетін қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет. Еңбек өнімдерін жасауға қатынасу арқылы адам өмір сүріп отырған өндірістік қатынастар жүйесіне араласады. Бұл екі фактор еңбек әрекетіне көзқарас пен еңбек мотивін қалыптастырады. Адамды еңбекте жоғары көрсеткіштерге жетуге жетелейтін себептер өмір сүріп отырған өндірістік қатынастарға тікелей байланысты. Адамдардың еңбекке құлшынуы тек қана жеке мүддеден тумайды, сонымен қатар қоғам мүддесін ойлаудан тұрады. Сонымен қатар адамның еңбекке деген ынтасы оның жаңа еңбекке араласуына бейімделуінен көрінеді. Олай болса адамның еңбек әрекетіне араласуының басты көрсеткіші оның кәсіби бейімделуімен байланысты[3] . .

«Кәсіби бейімделу» - бұл жұмысқа жаңа түскен адамның өз ортасына біртіндеп төселіп, бейімделуі. Оның алғашқы кезеңі өндірістік тәжірибе кезінде, негізгі жағы нақты жұмыс үстінде жүзеге асады.

Мамандық таңдау мәселесі туралы отандық ғалым Ж. Аймауытов: « … қазақ жастарына мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жәй күнелту, тамақ, асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін процесс» - деп ерекше сипаттама берген. Мазасыздану мен қорқыныштың пайда болуы және орнығуы адамның даму кезеңдеріндегі қажеттіліктерінің қанағаттанбауымен байланысты. Мазасызданудың тұрақты бейнесі, көбіне жеткіншек жас кезеңінде көрініс табады. Ол жаңа қалыптаспаған көзқарас пен шешімді ұсынуға қорықпайды, өз жолымен жүргісі келеді, көпшіліктің мақұлдағанына қарсы келеді. Ал мазасызданғыш адамдар - қашаннан қабылданған, ескірген, бірақ көптеп тексерілген өмір нұсқаларының құлылымы[4] .

Әр жас кезеңдері үшін мазасызданудың тұрақты көрінісі немесе шынайы қатерсіз-ақ көптеген адамдарда жоғары Мазасыздануді тудыратын белгілі бір аймақтар, ақиқат объектілер болады. Адам өзінің күшінен, қабілеттілігінен күмәндана бастайды. Бірақ мазасыздану сабақтағы әрекет қана емес, жекелеген құрылымды да бұза бастайды. Сондықтан жоғарылаған мазасызданудың пайда болуы себептерін білу, адамның адекватты құлығының қалыптасуы және мазасыздану мен қорқыныштың төмендеуіне септігін тигізетін, коррекциялық-дамытушылық жұмысты жасап шығаруға және уақытында жүргізілуге әкеледі.

Кәсіби қызметте адамның бойында мазасызданумен қатар қорқыныш сізімі де байқалады. Қорқыныш өзінің жағымсыз бояуларымен қатар, адам өміріндегі әртүрлі психологиялық функцияларды атқарады.

Психологиялық өзіне - өзі бақылау жасауда адам қорғаушы бейімделуі рөлді ойнай отырып - қауіп төнгенде одан қашуға мүмкіндіктер туғызады. Қорқыныш сезімі қоршаған ортаның әрекет шынайылығын көрсететін процесс. Сонымен қатар, қорқыныш, жеке тұлғаның қалыптасу процесінде сі нақты әлеуметтендіруші функцияны атқарады.

Психологияда қорқынышты адам бойындағы жағымсыз категорияларға жатқызады.

Зерттеудің мақсаты: медициналық қызметкерлерде мазасыздану мен қорқыныш себептерінің пайда болуын психологиялық зерттеу.

Зерттеудің міндеттері:

- дипломдық жоба тақырыбына байланысты ғылыми мәліметтерді жан-жақты қарастыру, талдау жасау;

- медициналық қызметкерлерде мазасыздану мен қорқыныштың көріну ерекшеліктерін сипаттау және талдау;

- медициналық қызметкерлердің әртүрлі индивидуалды-психологиялық сипатына байланысты ұйымдық өзгерістер кезіндегі кәсіби стрестің көріну синдромдарын анализдеу;

- мазасыздану мен қорқыныш мәселесіне теориялық және әдістемелік талдау жасау, сараптау, бақылау;

- мазасыздану мен қорқыныш сезімдеріне ұшыраған медициналық қызметкерлерге психологиялық көмек көрсету жүйесін орнату, құру және ұсыныстар беру.

Зерттеудің объектісі: Ақтөбе облысы, Байғанин орталық аудандық ауруханасының 25-45 жас аралығындағы 30 медицина қызметкерлері

Зерттеу пәні: медицина қызметкерлерінде кәсіби мазасыздық пен қорқыныш сезімдерінің пайда болуы және одан арылу жолдарын айқындау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер кәсіби мазасыздану мен қорқыныш сезімінің құрамын анықтайтын психологиялық реакциялармен (Мазасыздануленушілік, депрессия, қанағаттанбаушылық, психологиялық шаршау және т. б. ) дер кезінде психокоррекциялық жұмыс жасалса, онда медицина қызметкерлерінің кәсіби стреске ұшырау деңгейі төмен болады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  • кәсіби мазасыздану және қорқыныш туралы ғылыми-теориялық мәліметтер жинақтау, тақырыптың ғылымдағы қолданыс аясын кеңейту, мазмұнын толықтыру, ғылыми-практикалық қолданыста жүрген әдіс-тәсілдерді талдау.
  • ұйымдық өзгерістер процесіндегі медицина қызметкерлерінің кәсіби стресін анықтау үшін кешенді зерттеу жүргізіліп, оның нәтижелерін сараптай отырып, ұйымдық өзгеріске деген қызметкерлердің субъективті қатынасы, ұйым қызметкерлерінің индивидуалдық-психологиялық ерекшеліктері өзгерістер процесіндегі кәсіби стрестің дамуының ең маңызды себептері ретінде дәлелденіп көрсетілді.
  • жүргізілген тәжірибелер қорытындысы ұйымдық өзгерістер процесіндегі кәсіби мазасыздық пен қорқынышты кешенді зерттеу принципін қолдануға, кәсіби мазасыздықтың ерекшеліктері туралы ғылыми негіздемені кеңейтуге, оның дамуына әсер ететін факторлар мен оның динамикасының заңдылықтарын игеруге мүмкіндік береді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

Отандық және шетел авторларының жұмыстарына терең теоретикалық талдау жасалынды; ғылыми психодиагностикалық әдістемелер кешені құрастырылып, оларды жүргізу арқылы және математикалық-статистикалық өңдеу арқылы зерттеу объектісінің адекватты табиғаты сипатталады.

Зерттеу әдістері:

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

1 МАЗАСЫЗДАНУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Психологиядағы мазасыздану жағдайы, зерттелу бағыттары туралы түсінік

Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиенің озық әрі өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерін оқушылардың бойында қалыптастыру, психология материалдарын ұтымды пайдалану - аса маңызды міндеттердің бірі. ХХІ ғасыр - қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік

білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттық дәстүрлерде тәрбиелеудің заңды объективті қажеттігі туды. Қай заманда болсын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатындығы белгілі. Егеменді Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оның ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр [2] .

Қазіргі психология саласында психикалық процестердің озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру қызметкерлердің кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, кәсіби қызметін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Инновациялық технологияларын шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады.

Инновациялық технологиялардың психологиялық негізгі қағидалары: адамға ізгілік тұрғысынан қарау; адамның танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; адамның өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; адамның танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту және т. б.

Психологиялық әдебиеттерде, мазасыздану түсінігінің түрлі анықтамаларын кездестіруге болады, бірақ зерттеушілердің көпшілігі оны ситуативтік құбылыс және өтпелі күй мен оның динамикасын білдіретін жекелік мінез ретінде қарастыруды жөн көреді.

Сонымен қатар, А. М. Прихожан: «Мазасыздану - бұл төніп келе жатқан қауіпті алдын ала сезінумен, сәтсіздікті күтумен байланысты, эмоционалдық дискомфортты уайымдау» - дейді[5] .

Мазасыздануды эмоционалдық күй ретінде және жекелік кескін немесе темпераменттің тұрақты қасиеті ретінде де айырып көрсетеді. Р. С. Немовтың анықтамасы бойынша: «Мазасыздану - әлеуметтік құрылымдағы жағдайда қорқыныш пен Мазасыздануді сезіну, жоғарғы алаңдаушылық күйіне әкелетін адамның тұрақты немесе ситуативті көрініс табатын қасиеті».

Л. А. Китаев-Смык, өз кезегінде мынаны белгілейді, «психологиялық зерттеулерде мазасызданудың екі түрінің анықтамасы соңғы жылдары кеңінен тарала бастады». Спилбергтің ұсынуымен «Мінездің мазасыздануы» және «ситуативтік мазасыздану» ұғымдары қолданыла бастады.

А. В. Петровскийдің анықтамасы бойынша: «Мазасыздану - Мазасыздану реакциясының туындауының төменгі сатысын сипаттайтын, индивидтің қатерді уайымдауға бейім болуы, жекелік ерекшеліктердің негізгі параметрінің бірі. Мазасыздану, әдетте, жүйкелік психикалық және ауыр соматикалық ауруларда жоғары болады, сонымен қатар психотравма салдарын өткізіп жатқан сау адамдарда көптеген топ мүшелерінде жекелік сәтсіздіктің субъективті көрінісінің бұзылуы». Мазасызданудың қазіргі зерттеулері жеке тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатын, жекелік мазасыздану және нақты сыртқы ситуациямен байланысқан ситуативтік мазасызданудың айырмашылықтарына бағытталған және де жеке тұлға және оны қоршаған ортаның өзара әрекеті ретіндегі мазасыздану анализінің әдістерін өңдеуге бағытталған[5] .

Г. Г. Аракелов, Н. Е. Лысенко, Е. Е. Шотт, өз кезектерінде мынаны айтады: «мазасыздану - бұл кез келген адамның тұрақты қасиеті, шектеулі уақыттағы адамның анықталған күйі ретінде суреттелетін көп мәнді психологиялық термин». Соңғы жылдардағы әдебиеттер анализінде мазасыздану түрліше көзқараста қарастырылған. Онда адамға әртүрлі стрестерден әсер етуден туындайтын, қиын өзара когнитивтік, аффективтік және құлықтық реакция нәтижесінен пайда болатын жоғары мазасыздану туралы айтылған.

Мазасыздану жеке тұлғаның кескіні сияқты, күнделікті Мазасыздану эмоциясымен, эмоционалды қозу сезімінің жоғарылауымен қаланатын, адам миының генетикалық детерминистік қасиетімен байланысты.

Мазасыздану түріндегі эмоционалды сәтсіздік өздерін жоғары бағалайтын медициналық қызметкерлерде де байқалады. Олар «ең жақсы» дәрігер (медбике) болуға немесе ұжымда ең жақсы орында болуға және де белгілі салада жоғары тартылыстарға үміттенеді, бірақ олардың өз тартылыстарына шынайы мүмкіншілігі болады.

Отандық психологтар жеке тұлғаның адекватты емес өзін жоғары бағалауы дұрыс емес тәрбие нәтижесінде, ересектердің адам жетістіктерін жоғары бағалауынан, яғни мақтаудан, оның жетістіктерін асыра сілтеуден деп есептейді.

Айналадағылардың берген жоғары бағасы және соған негізделінген өзін-өзі бағалаушылық адамды толығымен қанағаттандырады. Жаңа талаптармен және қиындықтармен соқтығысқанда, оның тұрақсыздығы байқалады. Бірақ адам қызметте бар күшімен өзінің жоғары бағасын сақтап қалуға тырысады, өйткені ол өзін құрметтеуге өзіне деген жақсы қатынасты қамтамасыз етеді. Дегенмен де бұл адамның әрдайым қолынан келе бермейді. Ұжымдастарының арасында қалаулы орынға ие болуына оның кері сапалары мен мінез бітістері әсер етіп жеткізбеуі мүмкін, ал оқудағы жоғары жетістіктер деңгейіне жетуге оның толық емес білім сапасы септігін тигізеді. Осылайша жоғарғы ұмтылыстар мен шынайы мүмкіндіктер арасындағы қайшылық күрделі эмоционалды күйге әкелуі мүмкін.

Қажеттіліктерді қанағаттандырмаудан медициналық қызметкерлердің санасына сәтсіздік, сенімсіздік және өзін сыйлауды жоғалтуды мойындауға жібермейтін қорғаныс механизмі өңделеді. Ол өзінің сәтсіздіктерінің себептерін басқа адамдардан: ата-анадан, мұғалімдерден, достарынан, ұжымдастарынан іздеуге тырысады. Сәтсіздік себептері өзінде екенін мойындаудан бас тартып, кемшіліктерін айтқандардың барлығымен конфликтіге түсіп, сескену, қапа болу, ашуланшақтық байқатады. М. С. Неймарк «оны адекватты емес» деп айтады, - өз әлсіздіктерінен өзін қорғайтын мықты эмоционалды қорғаныс - кез-келген тәсілдерімен санасына өзіне сенбеушілікті жібермеу, шындықты итермелеу, барлығына және бәріне қарсы сескену және ашу- ыза. Бұл күй өмірлік болып, айлап, жылдап созылуы мүмкін[6] .

Өзіне сенімділіктің қатты қажеттілігі қызығушылықтарының өзіне ғана бағытталуына әкеледі. Мұндай күй адамның Мазасыздануленуді уайымдауын туғызбай қоймайды. Алғашында Мазасыздану адам алдында тұрған шынайы қиындықтардан туындап, содан соң адамның әлемге, адамдарға, өзінің мүмкіндіктеріне, өзіне деген қатынасының адекватты болмауынан ол тұрақты кескінге ие болады. Мұның бәрі адамға кері әсерін тигізіп, адам кез келген жағдайдан сәтсіздікті күтеді, бұдан шынайы Мазасыздану мазасыздануға айналады.

Аффект жеке тұлғаның дұрыс қалыптасуына кедергі болады, сондықтан оны жеңу өте маңызды екенін Т. В. Драгунов, Л. С. Славина, Е. С. Макслак, М. С. Неймарк атап өткен. Бұл авторлардың жұмыстарында адекватты емес аффектіні жеңу өте қиын екені көрсетілген. Басты міндет - бұл адам мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін сәйкестендіруге әкелу немесе оның шынайы мүмкіндіктерін өзіндік бағалау деңгейіне көтеруге көмектесу, өзіндік бағалауын түсіру. Бірақ ең шынайы жолы бұл адамның қызығушылықтары мен ұмтылыстарын оның шамасы жететін, жетістікке жетіп өзіне дәлелдей алатын салаға қарай аудару болып табылады.

Сонымен медициналық қызметкерлерді күрделі эмоционалды уайымдаулар адекватты емес аффектпен байланысты екенін Славинаның аффективті құлықтағы зерттеулерде көрсетіледі. Бұған қоса отандық психологтардың зерттеулерінде көрсетілгендей, медициналық қызметкерлер құлығын қиындықтарға әкелетін кері уайымдаулар тума агрессивтік инстинктердің салдары болып табылмайды.

Мазасыздану мәселесі басқа да аспекті қамтиды. Психофизиологиялық алаңдаушылық пен Мазасыздануді зерттеудің екінші бағыты осы кездегі күйдің деңгейіне негізделетін жеке тұлғаның физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін зерттеу жолымен бағытталуда.

Көптеген авторлар Мазасыздануленуді қатты психологиялық қысымдағы күй - «стресстің» құрамды бөлігі деп есептейді. Стресс күйін зерттеген отандық психологтар оның анықтамасына түрлі дәлелдеулер енгізді.

Сонымен, А. А. Суворова лабораториялық жағдайда алынған стресті зерттеді. Ол стресті адамға қиын және жағымсыз эксперимент жағдайында туындайтын күй ретінде анықтайды.

В. С. Мерлин стресті «өте қиын ситуацияда» туындайтын жүйкелік қысым деп табады. «Стресс» түсінігінің түрлі талқылауында барлық авторлар мынамен келіседі, «стресс - бұл өте қиын ситуацияларда туындайтын қатты қысымдағы жүйке жүйесі». Стресті мазасызданумен сәйкестендіруге болмайды, өйткені стресс әр уақытта да шынайы қиындықтарға негізделген, ал мазасыздану олар болмаған кезде де көрінуі мүмкін. Күші жағынан да стресс пен мазасыздану күйлері түрліше. Егер стресс - жүйке жүйесінің өте қатты қысымы болса, ал мазасыздану үшін мұндай қысымның күші тән емес. Осыдан стресс кезіндегі Мазасыздануді қатер немесе сәтсіздікті күтуден, оны алдын ала сезінуден туындайды деп есептеуге болады. Күй ретіндегі мазасыздану - сәтсіздікті күтушілік. Бірақ Мазасыздану субъект сәтсіздікті өзінен (өзінің шамасы жетпеуінен), объективті жағдайлардан немесе басқа адамдардан күтуіне байланысты соған тәуелді әртүрлі болуы мүмкін[7] .

Авторлар фрустрация, стресс кезіндегі Мазасыздану, алаңдаушылық, салбыраңқылық, қорқыныш, сенімсіздік түрінде көрінетін субъектің эмоциональді сәтсіздіктерін атап өтетіндігі маңызды факт болып табылады. Бірақ бұл Мазасыздану шынайы қиындықтармен байланысып негізделген. Сонымен И. В. Имедадзе Мазасыздануді фрустрацияны алдын ала сезінумен тікелей байланыстырады.

Осыдан кез-келген түсініктегі стресс пен фрустрация өзіне Мазасыздануді қосады. Жүйке жүйесі қасиетін физиологиялық қасиет тұрғысынан алып қарасақ, біз Мазасыздануге бағытталушылық түсінігін отандық психологтардан табамыз. Сонымен, И. П. Павловтың лабораториясында сыртқы қоздырғыштар әсерінен ең алдымен әлсіз типте, содан соң қозғыш және ең азы жақсы қимылдайтын мықты тұрақты типтегі жануарларда болатыны анықталған.

Б. М. Тепловтың пікірінше, Мазасыздану күйі жүйке жүйесінің күшіне байланысты. В. Д. Небылицин жүйке жүйесі әлсіз типтегі мазасызданудың одан да жоғары деңгейін өз зерттеулерінде ұсынады.

Мазасызданудың симптомокомплексі мәселесін қарастырған В. С. Мерлиннің жұмыстарына тоқталған да жөн. Мазасыздануды В. В. Белоус екі жолмен тексерді - физиологиялық және психологиялық.

Мазасыздануды сендірудің психологиялық механизмдерін зерттеуге қолданатын А. В. Петровскийдің жетегіндегі В. А. Бакеевтің зерттеуі ерекше қызықты болып табылады. Зерттелінушілердің мазасыздану деңгейлері В. В. Белоусовтың қолданған әдістерімен өлшенеді. Осыдан мынадай қорытынды шығаруға болады: эмоционалды уайымдау, жаны жай таппау, жайсыздық және мазасызданудың көрінісі ретінде қарастырылатын алдағы сәттілікке сенімсіздік, бұның бәрі құлықтың кері формаларының негізі болып табылады.

Мазасыздану түсінігін психологияға психоаналитиктер және психиатрлар енгізді. Психоанализдің көптеген өкілдері мазасыздануды жеке тұлғаның тума қасиеті және ол адамға әуел бастан-ақ тән күй ретінде қарастырды. Психоанализдің негізін қалаған З. Фрейд адамның бірнеше тума әуестік инстинктері болады деді. Олар оның көңіл күйін анықтайды, адам құлығының қозғаушы күші болып табылады. З. Фрейд биологиялық құмарлық пен әлеуметтік тыйымдардың ұштасуын невроз бен мазасыздандыруды тудырады деп есептеді. Алғашқы инстинктер адамның есеюіне байланысты көріністің жаңа формаларына ие болады. Жаңа формада олар өркениеттің тыйымдарына кездесіп, адам өз құмарлығын жасырып көрсетпей, қысып ұстауға мәжбүр болады. Индивид өмірінің психикалық драмасы туылғанынан басталады және бүкіл өмірінде жалғасады[8] .

Жекелік психологияда А. Адлер невроздардың туындауына жаңа көзқарас ұсынады. Адлердің пікірі бойынша, невроздың негізінде қорқыныш, қиындықтардан қорқыныш сияқты механизмдер жатыр.

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мазасыздану мен қорқыныш сезімдерінің, невроздардың негізі болып эмоцияның сөнуі табылады.

«Эмоцияның сөнуі» деген терминді американ психиатры Х. Дж. Фрейденберг 1974 жылы эмоционалдық қанық ауа-жайда (атмосферада) науқастармен (пациенттермен) белсенді кәсіби қарым-қатынаста болатын адамдардың психологиялық жағдайларын сипаттау үшін енгізді. Оған «үлкен шығармашылык мүмкіндікке (потенциалға) ие, . . . өз ісіне құлай берілген, кәсіби адамдар тап болады». В. Мосс кәсіби болдыруға «Күшейе түсетін қуатын, идеалын, мақсатын жоғалтатын ақыл-ойлық, денелік және жандық таусылу» деген анықтама береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың қорқыныш сезімдерінің психологиялық ерекшеліктері
6-7 жастағы балалар - психологиялық көмектің объектісі ретінде
Мектеп жасына дейінгі бала бойындағы қорқыныш және оны түзету
Бастауыш сынып оқушыларының қорқыныш сезімі
Мектепке дейінгі балалардың эмоциялары мен сезімдерін дамыту
Эмоция және оның балалық шақта дамуы.
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СЕЗІМ МЕН ЭМОЦИЯСЫН ДАМЫТУ
Ажырасу мәселесіне арналған әдебиеттерді талдау
Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы
Сезімдер мен эмоциялар туралы жалпы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz