Айдаушы ұңғымалар қоры


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

АҢДАТПА

Дипломдық жоба «Сұйық әйнекті қолдану арқылы мұнай ұңғылары түбіне қабат суының келуін азайтудың тиімді технологиясын дайындау» тақырыбында орындалған. Дипломдық жоба алты негізгі бөлімнен тұрады:

- геологиялық бөлім;

- техникалық-технологиялық бөлім;

- арнайы бөлім;

- экономикалық бөлім;

- еңбекті қорғау;

- қоршаған ортаны қорғау.

Геологиялық бөлімде кенорынның геологиялық құрылымы, стратиграфиясы, тектоникасы, мұнайгаздылығы, кенорын қоры, энергетикалық жағдайы қарастырылады.

Техникалық - технологиялық бөлімде кенорынның игеру тарихы мен қазіргі жағдайының талдауы, ұңғылар қоры, өнімді өндірудің көлемі, ұңғы өнімдерін жинау және кәсіпшілік дайындау, ұңғыны пайдалану жағдайлары мен кенорында жүргізілетін сипатталады.

Арнайы бөлімде - сұйық әйнекті қолдану арқылы мұнай ұңғылары түбіне қабат суының келуін азайтудың тиімді технологиясын дайындап, ұңғы сулануын азайтып, қосымша мұнай өндіру қарастырылады.

Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бөлімдерінде сұйық әйнек қолдану кезінде жұмыскерлердің және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар қарастырылады.

Экономикалық бөлімде сұйық әйнектің қолдану кезіндегі негізгі техникалық - экономикалық көрсеткіштері, жылдық экономикалық тиімділігі және көрсетілген игеру нұсқаларының экономикалық тиімділік есебі берілген.

Дипломдық жоба 60 беттен тұрады.


АННОТАЦИЯ

В дипломном проекте выполнена работа по теме «Разработка эффективной технологии снижения притока пластовой воды к забою нефтяных скважин с использованием жидкого стекла». Дипломный проект состоит из шести основных разделов:

- геологический отдел;

- технико-технологический отдел;

- специальный отдел;

- экономический отдел;

- охрана труда;

- охрана окружающей среды.

В геологическом разделе рассматриваются геологическое строение месторождения, стратиграфия, тектоника, нефтегазоносность, запасы месторождения, энергетическое состояние.

В технико-технологическом разделе описывается история разработки и анализ современного состояния месторождения, запасы скважин, объемы добычи продукции, промысловая подготовка и сбор скважинных продуктов, условия эксплуатации скважин и проводимые на месторождении.

В специальной части предусматривается разработка эффективной технологии снижения притока пластовой воды к забою нефтяных скважин с применением жидкого стекла, снижение обводненности скважин и дополнительная добыча нефти.

В отделах охраны труда, техники безопасности и охраны окружающей среды предусматриваются меры, обеспечивающие безопасность рабочих и окружающей среды при применении жидкого стекла.

В экономической части представлены основные технико - экономические показатели использования жидкого стекла, годовая экономическая эффективность и экономическая эффективность указанных вариантов разработки.

Дипломный проект состоит из 60 страниц.


ABSTRACT

In the diploma project the work on the theme "Development of an effective technology to reduce water inflow to the bottom zone of an oil well using liquid glass. " The diploma project consists of six main sections:

- geological department;

- technical and technological Department;

- special department;

- economic department;

- labour protection;

- protection of the environment.

The geological section discusses the geological structure of the field, stratigraphy, tectonics, oil and gas potential, reserves, energy state.

In technological section describes the history of the development and analysis of the current state of the field, the reserves of the wells, the volume of mining production, field preparation and collection of down hole products, the operating conditions of the wells and conducted in the field.

The special part provides for the development of an effective technology to reduce water inflow to the bottom zone of oil well with the using of liquid glass, reducing the water content of wells and additional oil production.

In the departments of health, safety and environmental protection provides for measures to ensure the safety of workers and the environment in the application of liquid glass.

The economic part presents the main technical and economic indicators of the use of liquid glass, the annual economic efficiency and economic efficiency of these development options.

The diploma project consists of 60 pages.


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ9

1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ10

1. 1 С. Балғымбаев кен орнының географиялық орналасуы және экономикалық сипаттамасы10

1. 2 Геологиялық зерттеу тарихы11

1. 3 Стратиграфия11

1. 4 Тектоника13

1. 5 Мұнайгаздылық14

1. 6 Сулы қабаттарының сипаттамасы17

2 ТЕХНИКА - ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ19

2. 1 Игерудің технологиялық көрсеткіштің жүйесі19

2. 2 Кен орынның игеру режимі20

2. 3 01. 01. 2015 ж. игерілген кен орындардың жағдайын реттелуін бақылау23

2. 4 Игерудің қазіргі кездегі жағдайы24

2. 5 Ұңғыма өнімдерін жинау және кәсіпшілік дайындау жүйесі25

3 АРНАЙЫ БӨЛІМ29

3. 1Дипломдық жоба тақырыбының қазіргі заманғы қарастырылуы мен анализдері29

3. 2 Сұйық әйнек қолдану технологиясы33

3. 3 Технологиялық процесті қолданудың физика-химиялық негіздері36

3. 4 Технология қолданудың аясымен шарттары36

3. 5 Үш компонентті сұйық әйнекті жасау технологиясы37

3. 6 Үш компонентті сұйық әйнекті қолданумен қабаттың түп маңына әсер ету технологиясы38

3. 7 Сұйық әйнек өңдеуді жүргізу технологиясы39

3. 8 Диплом жобасының тақырыбы бойынша технологиялық есеп41

4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ46

5 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ49

5. 1 Мемлекттердің қауіпті және зиянды факторлар49

5. 2 Еңбек қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі салтанатты іс- шаралары51

6 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ53

6. 1 Атмосфералық ауаны қорғау53

6. 2 Су ресурстарын қорғау58

ҚОРЫТЫНДЫ60

ҚЫСТАРЫЛҒАН СӨЗДЕР61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ62


КІРІСПЕ

Мұнай - газ өнеркәсібі Қазастан Республикасының экономикасында маңызды орын алады. Өйткені еліміздегі мұнай - газ саласының дамуы бір ғасырлық уақытты қамтиды. Сонымен қоса еліміз мұнай-газ, газконденсатты кен орындарына өте бай және де қазіргі уақытта жаңа кен орындары ашылу үстінде.

Жалпы мұнай - газ саласының дамуы ауыр және жеңіл өнеркәсіптердің, транспорттың, жалпы экономиканың дамуына өз үлесін қосып келеді.

Қазіргі уақытта жалпы әлемдік мұнай - газ саласының, оның ішіндегі техникасы мен технологиясының қарқынды дамуының нәтижесінде, елімізде күрделі жобаларды қолға алып жатыр. Мысалға Каспий теңізінің шельфті кен орындарын алуға болады. Бұл кен орындарын өндіріске қосу үшін көптеген талаптарды қатаң орындау қажет. Ал, ол үшін соңғы үлгідегі техника мен технологияларды қолдану керек.

Негізінен еліміздің көптеген мұнай - газ кен орындары батыс аймақта шоғырланған.

Осы дипломдық жобаның негізі болып отырған С. Балғымбаев кен орны Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Исатай ауданында орналасқан. Кен орны өндіріске 1968 жылы қосылды. Қазіргі уақытта төрт өнімді горизонт бойынша өндіріледі: олар апт-неоком, I неоком, II неоком және орта юра.

Қазіргі уақытта кен орнында игерудің соңғы сатысы жүріп жатыр. Бұл кен орында ең басты мәселе ұңғы өнімінің жоғары сулануы болып отыр.

Жазылған дипломдық жобада осы кен орнында сұйық әйнекті қолдану арқылы мұнай ұңғылары түбіне қабат суының келуін азайтудың тиімді технологиясын дайындау қарастырылған.

Сұйық әйнектің ұңғыларға әсерін талдай отырып, қабат суының келуінің әсерін азайтуға арнайы есептер беріледі.

С. Балғымбаев кен орнында техника мен технологияның жақсартылуы, мұнай бергіштіктің арттырудың соңғы әдістерін кеңінен енгізу және прогрессивті технологияның процесстерді қолдану арқылы ұңғыма шығынын жоғарылатып, кен орнында тиімді техника-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу дипломдық жобамның өзектілігі болып табылады».


1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1. 1 С. Балғымбаев кен орнының географиялық орналасуы және экономикалық сипаттамасы

С. Балғымбаев кен орны Каспий маңы ойысының оңтүстік ернеумаңылық өңіріндегі газ-мұнай кені. Атырау облысының Исатай ауданындағы мұнай кәсіпшілігі. Атырау қаласының батысында 76 км-де орналасқан. 1962 жылы ашылған, қорының шамасы жөнінен ірі кендер қатарыныа жататын өзімен аттас газ-мұнай кенінің базасында 1963 іргесі қаланды. Бұл кен орны өте қолайлы экономикалық зонада, Ембі мұнайлы аймағының батысында жоне Солтүстік Каспийдің жағалық аймағында орын тепкен[1] .

1-сурет. Ауданның шолу картасы

Геоморфологиялық жағынан алғанда, қарастырылып отырған аудан теңіздік аккумулятивтік минус 20 м белгіде, ал солтүстікте абсолюттік белгі минус 30 м болады.

С. Балғымбаев тұз күмбездерінің төмен түсуіне байланысты ол жер рельефті жазықтармен сипатталады.

Топырағы құмды, кейбір жерлерінде саз балшықтармен алмасады. Өсімдіктер әлемі тапшы, көбінесе қамысты типті өсімдіктер өседі. Грунт суларының деңгейі 1, 5-2 м тереңдікте орналасқан. Құмды бөліктеріндегі суы аз минералданған. С. Балғымбаевтың өз территориясьшда өзен жоқ. Кен орны территориясынан солтүстік-шығысқа қарай, Жайық өзенінің бөлігі болып есептелетін Бақсай өзені ағып өтеді. Су тасыған уақытта ағынды сулар молаяды, жазда ол, су айдау станциялары арқылы Жайық өзенінің есебінен болады.

Теңіз жағалауы С. Балғымбаевтан оңтүстікке қарай 12-15 км қашықтықта

жатады.

Аудан климаты континентальды. Жазы ыстық қысы суық. Жылына түсетін жауын-шашын мөлшері 160 пен 300 мм аралығында ауытқып тұрады.

Ауданның жергілікті тұрғындары және өндірістік дені - қазақтар. Ауыл және мал шаруашылықтары жақсы дамыған.

1. 3 Стратиграфия

С. Балғымбаев мұнай кен орны тұзды күмбезді құрылымда орналасқан. Ондағы тұз тереңдігі 1190 мге дейін жетеді. Кен орны қимасында кунгур жыныстарынан төрттікке дейінгі қабаттар алынған.

Төменгі пермь

Кунгур ярусі Р 1 К

Кунгур шөгіндісі пермьдегі жыныстарын алмасып келетін кристальді тұздан және гипстен тұрады. Кен орындағы 13 ұңғымадағы тұздың алынған қалыңдығы 80 м.

Триас жүйесі Т

Триас жүйесінің қабаттары гипс, құм және құм тастарымен алмасып келген. Қабат қалыңдығына 147 мден 515 мге дейін барады.

Юра жүйесі J

Юра жүйесі үш бөлімнен тұрады: олар төменгі, орта және жоғары.

Юра қабаты көбінен құм, құмтас және сазды болып келеді. Қиманың саздануы төменнен жоғарыға қарай өседі. Жоғарғы бөлігінде мергель мен әктас байқалады. Юра шөгінділерінің қалыңдығы 523 м.

Бор жүйесі К

Ашылған қабат қимасында бор жүйесінің төменгі бөлім (готелмь, апт, және альб) және жоғарғы (туран, сантон, кампон, мастрик) бөлім ярустары кездеседі. Туран жыныстары трансгрессивті сәйкессіздікпен альб ярусында жатады. Төменгі бор қабаттары құмды сазды жыныстардан, сонымен қатар қалыңдығы 715 м құмды қабаттан тұрады. Апт және альб қималарында көбіне саздар болады. Төменгі бор қабаттарыныңқалыңдығы 595, 5 мге дейін жетеді. Жоғарғы бор қабаттары көбінесе ізбес тас пен бордан және құммен саз қабаттасқан мергельден тұрады. Жоғарғы бор қабатының қалыңдығы 392 м дейін жетеді

Неоген жүйесі N

Неоген жүйесі шөгіндісі 2 ярусқа бөлінеді: ақшағыл және окшеронды. Олар шұғыл сәйкессіздікпен бордың бетінде жатады, литологиялық қатынаста қарастырылып отырған қабаталмасып келетін құм, саз, мергель және әктаспен көрінген. Неоген қалыңдығы 24-124 м болып табылады.

Төрттік жүйе Q

Төрттік жүйеге құмды болып келетін бакин ярусі жатады. Төрттік шөгіндінің қалыңдығы 75 м. Каспий теңізі трансгрессиясына тәуелді, сондықтан төрттік жүйе шөгінділерін Каспий шөгінділері деп атайды. Каспий шөгінділері ашық-қоңыр саз балшықтармен ашылған. Олар темірлі, тығыз, құмтасты, әктасты болып келеді. Қиманың төменгі қабатшасы болатын саз балшықтары жатады. Бұл саздар құмтасты, әрі әктасты болып келеді. Төрттік жүйе шөгінділерінің ең кіші қалыңдығы 29 м, ал үлкені 75 м.

2-сурет. Оңтүстік С. Балғымбаев аумағының 24, 6, 1, 91, 121, 30, 67, 59, 199, 171 ұңғыларының бойымен алынған геология-литологиялық пішіні

1. 4 Тектоника

Тұз үсті шөгінділерінің құрылысы тұзды ядро морфологиясымен тығыз байланыста.

Ол құрылымды белгілеріне қарап Солтүстік және Оңтүстік С. Балғымбаев болып бөлінеді.

Солтүстік С. Балғымбаев мынадай бөлікке бөлінеді: солтүстік қанат солтүстік қабаққа кіреді, ал оңтүстіктегі солтүстік тұзды биіктікке кіреді. Бұл қанаттар күмбезге қарсы тұз биіктігіне жататын грабенмен бөлінген. Кен орнының құрылысын структуралық карта және геологиялық профильдері береді.

Солтүстік С. Балғымбаев

Құрылысыың ең биік жері солтүстік қанат. Оңтүстікте ал негізгі амплитудасы 450-480 м болатын грабеннің лықсуымен шектеледі. Осы лықсудың құлау бұрышы 45-50°. 13-ші ұңғымада 5-6 м тереңдікте f 2 лықсуы бар, амплитудасы 90 м. Осы лықсудың құлау бағыты солтүстікке 60° бұрыш жасайды. Осы лықсу 2-ші грабенмен лықсуы болып табылады.

Оңтүстік С. Балғымбаев

Тұз үсті шөгінділері құрылымы бойынша антиклиналь болады, ол грабеннің бөлігінде. Осы жерде екі қанатты солтүстік батыс және оңтүстік қанаттар. Оңтүстік қанат құрылымында ең көтеріңкі және жартылай тұйықталған формада болады.

Тұз үсті шөгінділерінің құрылысы тұзды ядро морфологиясымен тығыз байланыста. Кен орынның құрылысын структуралық карта және геологиялық қималармен береді.

3-сурет. С. Балғымбаев кен орнының құрылымдық картасы

1. 5 Мұнайгаздылық

Көп қабатты С. Балғымбаев кен орнының мұнайгаздылығы негізінен бес өнімді қабатта ашылған. Олар төменгі бор (K 1 ) және орта Юра (J 2 ) шөгінділерімен байланысты.

Апт-неоком горизонты

Бұл горизонт жиыны солтүстік батыс қанатының барлық аумақтарында және оңтүстік қанатта негізгі мұнайдың геологиялық қорын құрайды. Бұл горизонт ауданы бойынша барынша үлкен.

Мұнай қоры құрамы әр түрлігімен де, қалыңдығымен де ерекшеленеді. Бастапқы СМЖ 705-715 м шегінде өзгеріп отырады, ал мұнайлы қабаттың қалыңдығы 95 м құрайды.

I неоком горизонты

I неоком горизонтының тиімді қалыңдығы 2 м аралығында. Горизонттың абсолюттік тереңдігі 654м, ал контурда 720 м, қабат биіктігі 46 м.

Горизонт литологиялык, жағынан ұсақ түйіршікті құмтастардан, құмнан тұрады және ол қабат 2 қабатшаға бөлшектенеді. Бөлшектердің орташа коэффициенті 1. 2 болады.

Жиын өнімділігі бойынша I неоком горизонты апт-неоком горизонтына жол береді. Бастапқы шығын 2. 80 т/тәу аралығында.

Аралық горизонт

Аралық горизонт оңтүстік қанаттың солтүстік шығыс бөлігінде және орталығында 2 линзамен түзілген.

Горизонттың тиімді қалыңдығы 0, 1 мен 1, 5 м аралығында. Литологиялық жағынан алғанда аралық горизонттың жоғары жатқан горизонттан айырмашылығы бар.

II неоком горизонты

II неоком горизонты өндірістік мәні жағынан апт-неокомнен кейін 2-ші шоғыр болып табылады. Бастапқы мұнай шығындары 5-120 т/тәулігіне, ал газды шоғырларда 2-40 м/м 3 . Бастапқы СМЖ 706 м анықталады. Қабат биіктігі 49 м тең. Горизонт 2-3 қабатшаға бөлінген. Мұнаймен қаныққан қалындық 6-10 м аралығында өзгереді. II неоком горизонт жоғарғыларға қарағанда әр текті, оның бөлшектеу коэффициенті 2, 46-ға тең.

Ортаңғы юра горизонты J 2

Орта юра горизонты С. Балғымбаев кен орнының өнеркәcіптік мұнайлы горизонты. Горизонттың абсолютті тереңдігі күмбезде 870 м, ал контурда 930 м, шоғыр биіктігі 60 м. Өндірістік геофизика бойынша өнімді қабаттар мұнаймен қанығуға анықталған.

С. Балғымбаев кен орнының өнімді горизонттары 3 игеру объектісіне біріктірілген, оларды горизонттарға бөлу келесідей.

-І объект - апт-неоком + І неоком горизонттары;

-ІІ оъъект - ІІ неоком + аралық горизонттары;

-ІІІ объект - орта юра горизонты.

1-кесте. Қабаттар бойынша мұнаймен қанығу коэффициенттері мен мұнай құрамы

Кенорын, горизионт

Мұнай

интервалы, м

Мұнай тығыздығы, г/см 3
Мұнайға қанығушылқ
Мұнай құрамы %
300 дейін фракцияның шығуы, %

CP*10 -17

спин/г

Мұнай құрамындағы V, г/т
күкірт
шайыр
асфальтен
Кенорын, горизионт: С. Балғымбаев
Кенорын, горизионт: Апт -неоком
Мұнайинтервалы, м: 620-715
Мұнай тығыздығы, г/см3: 0, 895
Мұнайға қанығушылқ: 0, 76
Мұнай құрамы %: 0, 34
300 дейін фракцияның шығуы, %: 20, 9
CP*10-17спин/г: 0, 29
Мұнай құрамындағы V, г/т: 23, 4
5, 71
6, 8
Кенорын, горизионт: I неоком
Мұнайинтервалы, м: 634-720
Мұнай тығыздығы, г/см3: 0, 888
Мұнайға қанығушылқ: 0, 56
Мұнай құрамы %: 0, 30
300 дейін фракцияның шығуы, %: 23, 8
CP*10-17спин/г: -
Мұнай құрамындағы V, г/т: 25, 7
-
-
Кенорын, горизионт: Аралық
Мұнайинтервалы, м: 645-715
Мұнай тығыздығы, г/см3: 0, 886
Мұнайға қанығушылқ: 0, 5
Мұнай құрамы %: 0, 27
300 дейін фракцияның шығуы, %: 22, 5
CP*10-17спин/г: -
Мұнай құрамындағы V, г/т: 25, 6
-
-
Кенорын, горизионт: II неоком
Мұнайинтервалы, м: 657-706
Мұнай тығыздығы, г/см3: 0, 884
Мұнайға қанығушылқ: 0, 67
Мұнай құрамы %: 0, 25
300 дейін фракцияның шығуы, %: 20, 7
CP*10-17спин/г: -
Мұнай құрамындағы V, г/т: 25, 8
4, 17
5, 6
Кенорын, горизионт: Ортаңғы юра
Мұнайинтервалы, м: 870-930
Мұнай тығыздығы, г/см3: 0, 809
Мұнайға қанығушылқ: 0, 66
Мұнай құрамы %: 0, 15
300 дейін фракцияның шығуы, %: 8, 0
CP*10-17спин/г: -
Мұнай құрамындағы V, г/т: 58, 0
2, 0
2, 1

Кеуектілігі

Коллекторлар кеуектілігін кері және басқа да, геофизикалық әдістермен анықтайды. Керн арқылы параметрдің жоғарғы мәндерін алуға болады.

II неоком горизонтынан басқа жерлерде кеуектілік аз мөлшерде, тіпті өзгермейді деуге болады.

Нақты берілгендер әрбір блоктың орташа кеуектілігінің мәні бір горизонтта, бір-бірінен айырмашылығы болмайтынын көрсетеді. Толығымен апт-неоком горизонтының орташа мәні кернмен алғанда 30, 4%, каротажбен 33, 1%, кеуектілік мәнінің интервалы 23-35% болады. I неоком горизонты бойынша орташа кеуектілік кернмен 35, 1%, каротажбен 25, 6%, кеуектілік мәнінің интегралы 23-35%.

Аралық горизонттың керні бойынша орташа кеуектілік 32, 8%, каротаж бойынша 28, 5 % кеуектілік мәнінің интегралы 25-35%.

II неоком бойынша орташа кеуектілік кернмен алғанда 30, 3%, каротажбен 29, 3%.

Ортаңғы Юра горизонты бойынша орташа мәні кернмен алғанда 27, 6%, каротажбен 25, 5 %, кеуектілік мәнінің интервалы 22-32%.

Апт-неоком горизонты бойынша, ұңғымадан алғанда орташа арифметикалық әдіспен анықталады, орташа кеуектілік 26, 9-31, 8% аралығында өзгереді.

I неоком горизонты бойынша орташа арифметикалық әдіспен есептелген ашық кеуектіліктің мәні 31, 9%-33, 2% дейін өзгереді.

I неоком горизонт бойынша орташа өлшенген әдіс бойынша орташа кеуектілік 25, 4%-34, 9% аралығында.

ІI неоком горизонты бойынша ұңғымамен алынған орташа арифметикалық әдіспен есептелген, ашық кеуектіліктің орташа өлшенген мәні 26% бен 32, 7% аралығында.

Ортаңғы Юра горизонты бойынша ашық кеуектілік орташа арифметикалық әдіспен алынған 26, 6%-31, 1% арасында. Орташа өлшенген әдіс бойынша кеуектілік ұңғымада 23, 3% бен 30, 8% аралығында өзгереді.

Өткізгіштік

Өткізгіштікті 36 ұңғымада зерттеуге мүмкіндік болды. Осы жағдайда тұрақтандырылған сынақ алу арқылы 26 анықтама, қысым таралу қисығын тұрғызу арқылы 17 анықтама алынады және 7 ұңғыма арқылы екі әдіспен де есеп жүргізілді.

Өндірістік геофизика мәліметтері бойынша, өнімді қабаттардың мұнаймен қанығуы кестедегідей ауқымды өзгереді.

Горизонттар бойынша мұнаймен қанығушылық коэффициентінің шамалары: апт-неоком горизонты үшін 86%-56% дейін.

I неоком горизонты үшін 65%-50%-ке дейін, аралық горизонты үшін 85% дан басталады.

II неоком горизонты үшін 71%-60%-ке дейін болады.

Мұнайдың құрамы мен қасиеті

С. Балғымбаев кен орнының өнімді шөгу қабаттарының екі түрлі топқа сәйкес мұнай беретінін көреміз:

А) мұнайлы газ

Б) бензинді мұнай

Апт-неоком және I, II неоком горизонттарының беретін мұнайлары майлы, юра горизонты бензинді мұнайға жатады. Барлық горизонттардың мұнайлары өз құрамдарына сәйкес бір типті болып келеді. Олар 2177, 66 ГОСТ-қа сәйкес аз күкіртті (0, 3%), аз парафинді (0, 6%) және шайырлы (20%) болып келеді. Олардың меншікті салмағы 0, 8090-0, 9375 (г/см 3 ) аралығында. Газсызданған мұнай тұтқырлығы 50°С-та 23-45 сСт аралығында. Олардың бәрі жоғары температурада көлемі ұлғайып, төменгі температурада көлемі азаяды.

Юра горизонтының мұнайы басқа барлық горизонттың мұнайына қарағанда анағұрлым жеңіл. Олардың меншікті салмағы 0, 7785-0, 1885 г/см 3 , бұл мұнайлар тұтқырлығы аз, яғни тұтқырлығы 50°С градуста 20, 8-2, 7 сСт болады. Юра горизонты мұнайынан ашық түсті фракциялардың шығуы бор горизонтының мұнайларына қарағанда жоғары болады.

Күкірт пен парафиннің мөлшері онша үлкен емес. Күкірт 0, 3%-дан аз, парафин мөлшері 0, 6%-дай және шайыр мөлшері 20% -ды құрайды.

1. 6 Сулы қабаттарының сипаттамасы

С. Балғымбаев кен орнында барлық шөгінділер сулары қорректену аймақ суларымен салыстырғанда минералдану дәрежесі жоғары. Барлық сулар тұзды, тығыз, пальмер бойынша үш классқа жатады. Классификацияға сәйкес хлор кальцийлі типке, хлорлы топқа натрийлі топқа жатады.

Талдауға сәйкес С. Балғымбаев кен орындарының жер асты сулары төмендегідей сипатқа ие:

Сулар минералдануы 388, 14 Мг-ден, үштік шөгінділерде 1035, 516 Мг және ортаңғы Юра шөгінділерінде де сондай. Бұл кен орны ауданы тұз үсті шөгінділеріне жатады. Және күрделі биологиялық құрылыс бола отырып, келесідей үш түрлі энергетикалық типін сипаттайды. Ол негізінде су арынды режимге жатады.

Бұл ауданның кен орындарының көпшілігі II типті қабатқа жатады.

Игерудің аяғына дейін энергияның көзі болып контур сулары табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қабат кеніш
МҰНАЙГАЗ КЕНОРЫНДАРЫН ИГЕРУ пәні Практикалық жұмыстардың методикалық нұсқауы
Мұнай мен газдың қорлары
Айранкөл кен орны
Қисымбай кен орыны
Қабат мұнайының қасиеттері
Қарашығанақ кен орнында ұңғының оптималды режимін орнату мен жабдығын таңдау
Уранды жерасты ұңғылы шаймалау технологиялық процесін басқару нысаны (объектісі) ретінде сипаттау
Қабатты және ұңғыны гидродинамикалық зерттеу
Бектұрлы кен орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz