Android телефондарға арналған алғашқы интерфейс


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе7

2 Android операциялық жүйесі14

2. 1. Android ОЖ-сі туралы түсініктеме14

2. 2. Android ОЖ-нің даму тарихы15

2. 1. 1. Android ОЖ-нің пайда болуы15

2. 1. 2. 2005-2007 жылдағы Android ОЖ-нің эволюциясы20

2. 3. Android ОЖ және Android қосымшаларының жұмыс істеу приципі24

2. 4. Android қосымшасы компоненттері25

2. 4. 1. Әрекетшілдік33

2. 4. 2. Қызметтер33

2. 4. 3. Кең таратқыштық мақсатты қабылдағыш34

2. 4. 4. Контент-провайдер34

2. 5. Android архитектурасы34

3 Қосымшаның құрылу ортасы36

3. 1. Қосымша құру ортасын дайындау36

3. 2. Java бағдарламалау тілі36

3. 2. 1. Java тілінің негізі және қысқаша тарихы36

3. 2. 2. Бай объектілік ортасы37

3. 2. 3. Класстар39

3. 3. Android SDK-да қосымшалар құру40

3. 3. 1. Жоба қасиеттері40

3. 3. 2. Жобаның файлдық құрылымы44

3. 3. 3. Деректер қорын құру. SQLite46

4. 1. Қосымшаға қойылатын талаптар49

4. 3. Қосымша интерфейсінің құрылуы50

4. 5. Қосымшаның бағдарламалық коды58

4. 6. Программалық жабдықтарды тестілеу. Программалық жабдықтардың сапасын тексерудің түрлері59

Қорытынды61

Қолданылған әдебиеттер тізімі63

Қосымша65

Кіріспе

Қазіргі заманда мобильді құрылғыларға арналған, көпшілікке мәлім операциялық жүйелердің бірі Google компаниясының өнімі Android ОЖ болып табылады. Бұл жұмыстың мақсаты Android ОЖ-ның қосымшаларын зерттеу. Android ОЖ қосымшаларын бірнеше компонентері және өзіндік архитектурасы бар. Қосымшаларды электронды мәліметтерді алмастыратын қосымша, құжаттармен жұмыс жасауға арналған бағдарламалар, оперативті байланыс құратын бағдарламар, толық қолжетімділік орнататын қосымшалар сияқты түрлерге бөліп қарастыруға болады. Android платформасына қосымша әзірлеу үшін әр-түрлі құрал-саймандар пайдаланылады. Android SDK құрылғысы қосымшаның өзінде жүзеге асырылатын болады.

Бұл мақсатқа жету үшін келесі тапсырмаларды орындау керек:

- Android ОЖ-не арналған қосымшаны әзірлеудің ерекшеліктері мен құрал-жабдықтарын, оның архиткетурасын зерттеу;

-Қолданушының интерфейсі жасау;

- Жасалған қосымшаны тестілеуден өткізу;

Технологиялардың қарқынды даму процессіне байланысты қазіргі замандағы адамдар өмірін смартфондарсыз, планшеттерсіз көзге елестету мүмкін емес. Мәселен Android операциялық жүйесі Honda, General Motors, Audi мен Hyundai-дың көліктеріне орнатылады. Ақпаратты Google компаниясына сілтеме жасай отырып Nikkei іскер басылымы таратты. Компания жүйені көліктерге өзі орнатып отырады. Оның көмегімен көлік жүргізушілері электронды поштасын тексеріп, карталарды жүктеп, дауыс арқылы көлікті басқара алатын болады. Қазір Google компаниясы көлікті жүргізген кезде ұялы телефонды пайдалануға болатын жүйені жасақтап жатқандығы белгілі болып отыр. Сондай-ақ, телефон арқылы көліктің компьютеріне ақпарат жіберіп, алмасу қызметі жасақталып жатыр. Оның барлығын дауыс хабарламалары арқылы жасап отыруға болады. Хит әндерді көліктің компьютеріне жүктеу мүмкіндігі де қарастырылған. Биылдан шыққан көліктерде әндер жүктеулі болады. Android операциялық жүйесі 2008 жылы шығып, қазір 80 пайыз ұялы телефондарға орнатылған болып отыр. Оның басқа жүйелерден негізгі артықшылығы компьютерге еркін қосылу мүмкіндіні. Тіпті, жас бүлдіршіндеріміздің өздері еш қиындықсыз кез-келген құрылғыларды тез меңгеруге бейім. Сондықтан Android операциялық жүйесіне арналған «балаларға арналған сөйлейтін әліпби» қосымшасы балалардың смартфондар, планшеттер алдында өткізетін уақытын тиімді пайдаланудың бірден бір әдісі.

Смартфондар мен планшеттерден басқа Android операциялық жүйесі басқа да құрылғыларға орнатыла бастады. 2009 жылдың соңына таман ең алғашқы рет Android операциялық жүйесінде жұмыс жасайтын фоторамка сатылымға шықты. 2011 жылдың шілде айында Blue Sky компаниясы Android операциялық жүйесімен басқарылатын интеллектуалды i’m Watch қол сағатының шыққанын құлақтандырды. 2012 жылдың тамыз Nikon компаниясы әлемде ең алғаш болып Android операциялық жүйесінде жұмыс жасайтын фотокамераны халыққа ұсынды. «Google Nexus» топтамасында да смартфондар мен планшеттер ғана емес, сонымен қатар Android операциялық жүйесінде жұмыс жасайтын Nexus Q медиаплеерін айтсақ болады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Android операциялық жүйесіне арналған «Бастауыш сынып оқушыларына арналған тілдерді үйрету» мобилдік қосымшасының интерфейсі арнайы үйретуді талап етпейтін өте қарапайым түрде құрылған. Сол себепті бүлдіршіндеріміз үш тілдік әліппені ата-анасының және басқа да үлкендердің қатысуынсыз, өз бетімен үйренулеріне болады.

Қосымша жаңалықтары. Қосымша құрылымы өзіне тән ерекшеліктерге ие. Қосымша түрлі функцияларды қамтитын бағдарламалық кешеннен тұрады. Яғни, Андроид ОЖ-не арналған электрондық әліппе қосымшасының жаңалығы - бір қосымша құрамында бірнеше қосымшаға тән қасиеттер жинақталған. Қосымшаны іске қосып, қолдану кезінде жас қолданушылар беттер арасында еркін орын ауыстыра алады.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Android операциялық жүйесіне арналған «балаларға арналған үш тілді үйрету» мектепке дейінгі бүлдіршіндерге заманауи технологияларды қолдана отырып үш тілдің әліппесін оңай меңгеруге, қосымша құрамындағы логикалық ойындардың көмегімен логикалық қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Android операциялық жүйесіне арналған «балаларға арналған үш тілді үйрету»қосымшасында смартфон экранына жанасу арқылы сол әріптің қалай жазылуы және оның қалай дұрыс айтылуы қарастырылған.

Қосымша құрамы. Қосымша төрт беттен тұрады. Бірінші бет - негізгі меню. Негізгі менюде төрт батырмадан тұрады. Бірінші батырмада қазақ тілі деп жазылып тұр, бұл батырманы басқан кезде үш тілдің әріптері орналасқан әліппелер жиына тап боламыз. Әр әріптің үстін басқан кезде сол әріпке арналған мысал және сол әріптің қалай дұрыс айтылуы, жазылуы тұралы ақпарат пайда болады. Әріптің қалай дұрыс жазылуы туралы кішігірім видео арқылы көрсетіледі. Басты бетке қайта оралып келесі батырмаларға анықтама беріп кетейік . Олар ойын батырмасы. Келе ойнайық, Жұмбақты шеш, Ойлан тап. Кел ойнайық батырмасын басқан кезде келесі бетке тап боласыз. Ол бетте белгілі бір сөз берілген және сол сөздің дұрыс ретпен орналастыру керек, ол баланың дамуына әсер етеді. Жұмбақты шеш деп аталатын ойын үшінші батырмада орналасқан. Ойынға кірген кезде үш тілдің біреуін таңдауыңызды өтінеді, өзіңізге қажетті тілді таңдап. Сол таңдаған тіліңізге байланысты балаға әріптер туралы жұмбақтар қойлады. Жауаптары қызыл және жасыл түспен беріледі. Жасыл түс дұрыс дегенді білдіреді. Жұмбақ- адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.

Келесі батырмада ойлан тап деген ойын берілген. Ол ойында әріп берілген сол әріптен басталатын суреттерді табуыңыз керек . Бір артықшылығы сөздер сурет түрінде берілген. Қанша сұраққа дұрыс жауап бергеніңіз соңыда шығады.

Құрал-жабдықтар құрамы.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кiрiспеден, төрт бөлiмнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

Кiрiспеде тақырыптың өзектiлiгi анықталып, оның зерттелу дәрежесi сипатталады.

Андроид операциялық жүйесі бөлімінде андроид операциялық жүйесінің пайда болу тарихы, даму кезеңдері, жұмыс істеу принципі және т. б туралы ақпараттар қамтылған.

Қосымшаның құрылу ортасы. Android операциялық жүйесіне арналған «балаларға арналған үш тілді үйрету» қосымшасы Java бағдарламалау тілінде, Android бағдарлама құру ортасын қолдана отырып құрастырылған. Android бағдарлама құру ортасына Android SDK Manager және Android Virtual Devices кірістірілген. Android SDK Manager андроид платформасыны бағдарлама құру мүмкіндігін береді. Android Virtual Devices - андроид операциялық жүйесіне арналған қосымшаларды компьютерде орнатып, іске асыруға арналған виртуалды эмулятор болып табылады.

Қосымшаны құру ортасы бөлімінде қосымшаны құруға қажетті құрал-жабдықтар жиыны, қосымшаны құру әдістері, қосымшаның интерфейсінің құрылуы, қосымша құруға қолданылған әдістер мен қосымша алгоритмі жайлы негігі ақпараттар қамтылған.

2 Қолданыстаға мобильді платформаларға шолу

Мобильді операциялық жүйе(мобильді ОЖ) - смартфон, планшет, КПК және басқада мобильді құрылғыларға арналған операциялық жүйе. Белгілі бір телефон құрылғысын таңдағанда оның операциялық жүйесі басты фактор болып есептеледі. Смартфондар мен платформалар үшін ең кең таралған операциялық жүйелер:

  1. Symbian OS - операциялық жүйе смартфондар нарығының көп бөлігін 2010 жылы иеленді. 2010 жылдың басында ОС негізіндегі тек 1 платформа: 60-шы құрылғы, негізінен Nokia құрылғыларында, сондай-ақ кейбір Samsung үлгілерінде қолданылады;
  2. BlackBerry OS (RIM) - бұл жүйе ең алдымен Құрама Штаттардың құрылғыларында кең қолданылады, себебі кейбір елдердің арнайы қызметкерлері жұмыста смартфон пайдалануға болмайды, кіріс және шығыс деректер АЕS шифрлау алгоритмі қолданылады;
  3. Windows Mobile және Windows CE - Microsoft корпорациясының ықшамды операциялық жүйесі, 1996 жылдан бастап шығарылып, 2010 жылға қарай смартфондарға арналған ОС нарығының ең үлкен сегментін иеленіп, қазіргі уақытта қолдау және даму кезеңдерін бастан кешуде;
  4. Windows Phone 7 - Microsoft корпорациясынын өнімі, Windows Mobile-нан түбегейлі ерекшеленеді;
  5. Palm OS - ең танымал платформалардың бірі болып табылады, бірақ қазір Palm OS-ға негізделген ұялы телефондар сирек кездеседі. Соңғы смартфон операциялық жүйесі 2007 жылдың соңында шығарылды (Palm Centro) ;
  6. Linux - бұл операциялық жүйе мобильді құрылғыларда кеңінен қолданылмайды, бірақ оның даму жылдан жылға артып барады. Linux - негізіндегі смартфондар Азия аумағында таралды;
  7. Bada - Samsung компаниясы әзірлеген ең соңғы мобильді платформа. Жаңа платформадағы алғашқы телефон S8500 Wave болды;
  8. Android - Linux ядросына негізделген смартфондар, планшеттік компьютерлер, электрондық кітаптар, сағаттар және нетбук үшін портативті (желілік) операциялық жүйе. Бастапқыда Android Inc. компаниясы әзірлеген, оны Google компаниясы сатып алды. Кейінірек Google бұл операциялық жүйені қолданды және одан әрі дамытумен айналысатын Open Handset Alliance (OHA) құруды бастады. Android құрылғыны Google әзірлеген кітапханалар арқылы басқаратын Java-негізделген бағдарламаларды жасауға мүмкіндік береді. Android Native Development Kit жүйесі жүйеге С және басқа тілдерде жазылған кітапханаларды және бағдарлама компоненттерін пайдалануға мүмкіндік береді;
  9. IOS (2010 жылғы 24 маусымға дейін - iPhone OS) американдық Apple компаниясы әзірлеген және мобильді операциялық жүйе болып табылады, ол 2007 жылы шығарылды; бастапқыда iPhone және iPod Touch үшін, кейін iPad және Apple TV сияқты құрылғылар үшін шығарылды. Windows Phone және Google Android операциялық жүйелерден айырмашылығы тек Apple компаниясы шығарған тауарлада қолданылады;

Қазіргі уақытта Android операциялық жүйесі дамып келеді: жыл сайын осы операциялық жүйенің пайдаланушылары үнемі өсіп келеді. Canalys компаниясының статистикалық жорамалы бойынша Android операциялық жүйесі әлемдегі ұялы байланыс нарығының 69, 2% -ын құрайды. Әрине, бұл факт көптеген бағдарламашылардын назарын Android-ке арналған мобильді қосымшаларды құру үшін қызықтырды . Бәлкім, бүгінде бұл ең танымал және қызықты жүйе. Бағдарламашыларға және пайдаланушыларға бірегей мүмкіндік береді. Еркін бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату арқылы сіз жүйеге арналған бағдарламалар жасай аласыз және оларды арнайы интернет-дүкенде сата аласыз.

2. 1. Пәндік саланың сипаттамасы

Android - ықшамды (желілі) операциялық жүйе. Ол Linux ядросының негізінде жасалған және коммуникаторлар, планшетті компьютерлерге, санды ойнатқыштарға, қолсағаттарға, нетбуктар мен смартбуктарға арнап жасалынған. Алғашында Android Inc. компаниясы жасаған, кейіннен бұл компанияны Google сатып алды. Google Android платформасын ары қарай қолдау және дамыту мақсатында Open Handset Alliance (OHA) альянсын құрды. Android Google кітапхана арқылы жасалынған басқару құрылғысымен Java-қолданбалар жасауға мүмкіндік береді. Android Native Development Kit Си және де басқа да бағдарламалау тілінде жазылған қолданбаларды жасай алады. Java бағдарламалау тілін пайдаланып Бұл сізге Java-негізделген қосымшаларды жасауға мүмкіндік береді құрылғыны Google әзірлеген кітапханалар арқылы басқаруға болады. Сонымен қатар, 2009 жылдың 30-шы сәуірінде шығарылған Android Native Development Kit. 1. 5 (Cupcake) көмегімен C және басқа да бағдарламалау тілдерінде бағдарламаларды жаза аласыз. Негізгі жетілдірулер арасында камералық режимде бейне жазуға және көруге қолдау көрсетілді; Bluetooth A2DP қолдауы; Bluetooth гарнитурасына автоматты түрде қосылу мүмкіндігі.

Android-та іске қосқан бірінші құрылғы HTC смартфоны T-Mobile G1 2008 жылдың 23 қыркүйегі. Көп ұзамай басқа өндірушілерден көптеген ұсыныстар келіп түсті және олар өздері өндіретін смартфондарды Android операциялық жүйесінде шығаруды жоспарлады.

Android платформасына негізделген басқа құрылғылардын ажырататын Google-дың бірнеше басты артықшылығы бар:

1. Ашықтық - Android стандартты API шақыруымен мобильді құрылғының негізгі функцияларына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

2. Шекараларды жою - интернет пен телефон деректері бір бірімен алмаса алады, мысалы, байланыс ақпараты және географиялық ақпаратты біріктіруге болады .

3. Бағдарламаларды тез және оңай жасақтау - SDK-да Android қосымшаларын жасау және іске қосу, соның ішінде нақты құрылғылардың симуляторы және жетілдірілген отладка құралдары сияқты барлық нәрселер бар.

Android өздерінің пайдаланушы интерфейстерін дамытуды ұнататын компания, жаңа OS нұсқаларды шығаруға ұмтылады.

Бірнеше ай бұрын шығарылған құрылғылар ескіріп кетеді, себебі операторлар мен өндірушілер бағдарламалық жасақтаманың жаңартуларын жасағысы келмейді, сондықтан пайдаланушылар жаңа Android мүмкіндіктерін пайдалана алады. Мысалы, көптеген сарапшылар платформа Java-ге негізделгенін, сондықтан пайдаланудың артықшылықтары мен мүмкіндіктерін атап өтеді. Android жүйесінде Linux жүйесі толық пайдаланылмаған. Сондай-ақ, ол платформадағы танымал графикалық құралдарды пайдаланбайды. (Toolkit) және кітапханаларға (мысалы, Ot немесе GTK), бұл жалпыға қолжетімді компьютердің ұялы платформаға толық нұсқасынан Linux-ге тасымалданатын көптеген қосымшалардың болмайтындығы кері әсер етеді. Бұдан басқа, Google, өз қалауы бойынша, қолданушының телефондарындағы қосымшаны жоюына болады. Егер олардын қойған шарттарын бұзсан.

Аналитиктер мен экспертердің айтуы бойынша IT нарығы үшін Google Android өнімдері өте жоғары деп баға беріп жатыр. Бұл компаниянын өнімдері ашық кодтарды пайдаланылады. Олар біртіндеп IT кеңістігін иеленіп, танылған көшбасшыларды тартып алып, бәсекелестікті қалыптастырды, бұл нарықтың қалпына келуіне тек оң әсерін тигізеді. Кодтың көп бөлігі Apache 2 лицензиясымен лицензияланған, ашық және шексіз лицензия олардың жеке жүйелерін жасау үшін қолайлы болды.

2 Android операциялық жүйесі

2008 жылы алғашқы нұсқасы шыққаннан бері жүйе бірнеше рет жаңаланып тұрды. Бұл жаңаландырулар жүйеден табылған ақаулар мен жаңа функцияларды қосу болып табылады. Әр нұсқаның өзінше кодталған есім болады. Кодты есімі алфавит бойынша беріледі.

Қазіргі таңда операциялық жүйенің 10 нұсқасы шығып үлгерді және біреуі әзірлену үстінде. Соңғы нұсқасы - 4. 0 Ice Cream Sandwich («Брикеттегі балмұздақ») .

2005 жыл:

  • шілде - Google компаниясы Android Inc. компаниясын сатып алды;
  • 5 қыркүйек - мобилді құрылғыларға арналған ашық стандарттар жасау мақсатында құрылатын Open Handset Alliance (OHA) компания тобының құрылуы жөнінде ресми хабарлады;
  • 12 қараша - Android «Early Look» SDK жасаушыларына арналған алғашқы нұсқаның пакеті көрсетілді әрі жүктеуге ұсынылды.

2008 жыл:

  • 18 тамыз - OHA SDK 0. 9 beta жаңа нұсқасы шыққаны туралы хабарлады;
  • 23 қыркүйек - Google компаниясы T-Mobile мобилді оператормен және тайваньдық HTC компаниясымен бірге жаңа Android 1. 0 платформасының базасында жұмыс жасайтын T-Mobile G1 (HTC Dream) смартфон.

2007 жыл:

SDK 1. 0, Release 1 жасаушысының алғашқы толыққанды пакетті шықты.

2009 жыл:

  • 30 сәуір - жаңаланған Android 1. 5 (Cupcake) нұсқасы ресми түрде шықты;
  • 15 қыркүйек - Android 1. 6 (Donut) нұсқасы шықты;
  • 26 қазан - Android 2. 0 (Eclair) нұсқасы шықты;
  • 3 желтоқсан - Android 2. 0. 1 нұсқасы шықты.

2010 жыл:

  • 12 қаңтар - Android 2. 1 нұсқасы шықты. Кейбір деректер бойынша оны «Flan» деп атаған, бірақта бұл «Eclair» релизінің бір бөлігі болған;
  • мамыр - Android 2. 2 (FroYo) нұсқасы шықты;
  • жетоқсан - Android 2. 3 (Gingerbread) нұсқасы шықты.

2011 жыл:

  • 22 ақпан - Android 3. 0 (Honeycomb) нұсқасы шықты;
  • 15 тамыз - Google компания Motorola Mobility директорлар кеңесімен телекоммуникациялық корпорацияны 12, 5 млрд долларға сату жөніндегі келісімге отыра алды;
  • 9 қыркүйек - Android 5. 0 Jelly Bean туралы алғашқы сыбыстар естіле бастады;
  • 19 қазан - Android 4. 0 Ice Cream Sandwich нұсқасы шықты.

Android - бұл ұялы құрылғыларға арналған бағдарламалық стек, ол операциялық жүйеден, аралық қабаттағы бағдарламалық қамтамасыз етуден (middleware), сонымен қатар қолданушылық қосымшадан (e-mail-тұтынушы, күнтізбе, карталар, браузерлер, контакттер және басқалары) тұрады. Android архитектурасы 2. 6 нұсқадағы Linux ядросының негізінде құрылған. Ол қауіпсіздікті, жадыны, процесстерді басқару сияқты жүйелік қызметтерге жауап береді, желілік стек пен драйверлер үлгісінен тұрады. Бұған қоса, бұл ядро аппараттық деңгей мен бағдарламалық стектің қалған бөлігі арасындағы абстрактты қабат рөлін атқарады.

Иерархиялық жүйедегі келесі деңгей - C/C++ тілінде жазылған кітапханалар. Медиа кітапханаларда (Media Libraries) негізгі форматтар мен кодектер қолдауы орналасқан, MPEG4, H. 264, MP3, WMA, WAV, AAC, AMR, JPG, PNG-дан тұрады. Графикалық кітапханалар (3D Libraries) API OpenGL ES 3. 0-ті қолдайды және аппаратты 3D-жылдамдатқыш қолдауын қамтамасыз етеді. Бір қосымшада бір уақытта екі- және үш өлшемді графиканы қолдануға болады [14] .

Android-тың 1. 6 нұсқасында жасаушылар Native Development Kit комплектін қосты Онымен linux-кітапхананың стандарттарына қарайласа отырып, C/С++ тілдік жүйесіне арнап төменгі дәрежелі модулдер жазуға болады.

Java қолданба жәй жылдамдықпен жұмыс жасайды, сонымен қатар оперативтік жадты үлкен көлемде қажет етеді (соңғы жетіспеушіліктің орны толтырылуы мүмкін) .

Google Play және де Google-дің басқа қызмет түрлеріне ену үшін телефон жасаушы компания міндетті түрде Google-мен мақұлданған келісім-шартқа отыру керек.

Кейбір шолушылардың айтуы бойынша, Android өзінің бәсекелесі Apple iOS-тан бірнеше қызмет түрлерінен алда болып тұр екен, мысалға: уеб-серфинг, Google Inc. қызмет түрлерімен бірлесіп жұмыс жасау және т. б. . Android жүйесі iOS жүйесіне қарағанда ашық түрдегі платформа болып табылады, сондықтан онда көп функцияларды қолдануға болады.

IOS пен Windows Phone 7-ге қарағанда Android-та Bluetooth-дің бір мезетте файлды жіберіп және алуға мүмкіндік беретін толыққанды жасалған торшасы бар.

Android аппараттарда дәстүр бойынша құжаттарды компьютерден телефонға тез арада тасымалдай алатын MicroSD-кардридері болады.

PC Magazine баспасы Android 4. 0 Ice Cream Sandwich операциялық жүйесін «Редакция қалауы» аты жүлдемен марапаттады, олардың айтуынша, жаңа ОЖ платформаға көптеген жаңартулар әкелді, соның ішінде смартфон мен планшеттік жүйелер арасындағы айырмашылықты кетірген.

2012 жылдың маусым айында «Ведомости» газетінің хабарлауы бойынша, Android өзінің басты қарсыласын Apple-ді планшетті компьютерлер нарығында жеңе алған. Сарапшылардың айтуынша, бұл сырғудың себебі Apple-дің өз құрылығыларын шығаруды кешеуілдетіп жатуынан дейді.

Маңызды стектің бірі Android Runtime болып табылады, ол виртуалды Java-машинасы Dalvik-тен және ядроның кітапханалар жиынынан тұрады. Dalvik бірнеше қосымшалардың бір уақытта орындалуын қолдайды және арнайы . dex форматында файлдарды орындайды. Бұл аз жадылы құрылғыларға тиімді етіп жасалған [17] .

Келесі деңгей - Application Framework (қосымша каркасы) . Мұнда Android-тың уникалды артықшылығы болып табылатын Content Providers (деректер провайдері) сияқты компонентін ерекшелеп айтуға болады. Деректер провайдері ғаламтордағы ақпаратты телефон деректері -контакттық ақпарат немесе географиялық орналасуымен біріктіруге мүмкіндік береді. Бұл жаңа функцияларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Қосымша каркасы арқылы ғана өңдеушілер бір деңгей төмен жүйе компоненттерімен берілетін API-ге рұқсат алады. Оның үстіне, деректер әр түрлі қосымшалармен бірге қолданыла алады. Әрбір қосымшаның негізінде жатқан және фреймворктың бөлігі болып табылатын қызметтер мен жүйелердің базалық жиынтығына келесілер кіреді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әліпбиінің тарихи кезеңдері
Linux ядросының алғашқы нұсқасы
Құрылғы пішін факторлары
Windows Phone - мобильді құрылғыларға арналған жүйе
Windows mobile операциялық жүйесі жайлы
Жаңалықтар мобильді қосымшасы
Мобильді жарнаманың өсуі
Интернет дүкендердің жетістіктері мен кемшіліктері
МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мобильді қосымшалардың жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz