Петроглифтерді негізге ала отырып киім жобалау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІ

КӨРКЕМ ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІ

«СЦЕНОГРАФИЯ ЖӘНЕ СӘНДІК ӨНЕР» КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ӨТЕГЕН ГҮЛНАТ ӘЛІМЖАНҚЫЗЫ

«Тастағы таңбалар» әйелдерге арналған заманауи киім топтамасы

5В041000 - «Сценография» мамандығы

Киім дизайны - мамандануы

Ғылыми жетекші: Кошенова А. К

Нұр - Сұлтан қаласы, 2019

Мазмұны

Кіріспе . . .
3
Кіріспе . . .: 1 Петроглифтер тарихы . . .
3: 6
Кіріспе . . .: 1. 1 Аспан астындағы галерея . . .
3: 6
Кіріспе . . .: 2. 1 Сырға толы таңбалы тас: орталық Қазақстан . . .
3: 9
Кіріспе . . .: 2 Күнделікті киім үлгісі . . .
3: 19
Кіріспе . . .: 2. 1 Әйелдерге арналған pret - a - porte . . .
3: 19
Кіріспе . . .: 2. 2 Петроглифтерді негізге ала отырып киім жобалау . . .
3: 23
Кіріспе . . .: 2. 3 Топтамада қолданылатын негізгі түстер үйлесімділігі . . .
3: 30
Кіріспе . . .: 2. 4 Жапсырма қалта туралы түсінік және қолдану ерекшеліктері . . .
3: 33
Кіріспе . . .: 3 Киімдерге принт қолдану . . .
3: 35
Кіріспе . . .: 3. 1 Тастағы суреттер және жапсырма қалта қолданылған дизайнерлер топтамасы . . .
3: 35
Кіріспе . . .: 3. 2 Конструкторлық - техникалық бөлім . . .
3: 39
Кіріспе . . .: 3. 3 Мата түрлері және олардың сәйкестендіру әдістері . . .
3: 45
Кіріспе . . .: Экономикалық бөлім . . .
3: 48
Кіріспе . . .: Қорытынды бөлім . . .
3: 49
Кіріспе . . .: Пайдаланған әдебеттер . . .
3: 51
Кіріспе . . .: Қосымша А . . .
3: 53
Кіріспе . . .: Қосымша Б . . .
3: 54
Кіріспе . . .: Қосымша В . . .
3: 55
Кіріспе . . .:
3:
Кіріспе . . .:
3:

Глоссарий

Киім - адам денесіне киюге арналған адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерінен қорғайтын бұйым.

Cән - (франц. Moda, лат. Modus - өлшем, әрекет тәсілі) - белгілі бір қоғамдық ортада қандайда бір көзқарастың, киімдігі мезгілдік өзгерістері және қысқа мерзімді үстемдігі.

Стиль - ( styios деген грек сөзі) - идеялық мазмұнының бірлігі қамтамассыз етілген көркем мәнерліліктің құралы, бейнелік жүйенің ортақтығы.

Петроглифтер - (лат. петро - тас және грек. глиф - жазу) - тақтатас, жартастарғы біздің заманымызға дейінгі адамдар салған бейнелер, суреттер. Ежелгі петроглифтер шамамен соңғы палеолиттің ақырында пайда болды.

Pret - a - porte - (фр. pret-а-porte - дайын киім) сән дизайнерлері жаппай өндіріске енгізген дайын киім үлгісі болып табады.

Киім топтамасы - (лат. collectio - коллекция) -пайдаланатын материялдарға, түстік ерекшеліктерге, формаға, констурциялық негізге, стильге, жалпы идеяға бағытталған, жинақталған киімдер топтамасы.

Oversize - (анг. oversize - үлкен өлшем) - cән әлемінде қолданылатын еркін өлшем мағынасын беретін термин. Соңғы үлгідегі сәнді өлшем.

Базалық пішін - бұл барлық басқа пішім түрлеріне негіз болатын бастапқы құрылым пішіні. Базалық пішін бұйым сериясына негізделеді, белгілі бір стиль пішінінің идеясын аңықтайды.

Дизайнер - көркемдеу жобамен айналысатын суретші - құрастырушы маман. Дәлірек айтқанда, сән әлемінде киім моделінің үлгілерін және жиындығын дайындаушы суретші.

Фактура - материалдардың өңдеуінің әрлеу сипаты, сыртқы бетінің құрылым ерекшелігі.

Структура - костюмдегі құрылым, пішіндегі кеңістігі құрастырылуы.

Стильдеу (стилизация) - шартты сәндік сапасын көрсету мақсатында табиғи мотивін қайтадан жасау және түрін өзгерту.

Кіріспе

Кешегі күніміз - ертеңгі тарихымыз, тұтас еліміздің, жұртымыздың тарихы. Осы тарихи кезеңдердің арасындағы байланысты үзіп алмай, керісінше, өзара бірлікте ұстап, жандандыру және сол бірліктен алар тарихи тағылымды өмір сүру қағидамыз ету - міндет.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың " Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы рухани болмысымызды дамытып, шыңдау және тарихымызға тереңнен үнілу арқылы оны насихатап, ілгері жүруге бағытталған. Менің ойымша, рухани жаңғыру - әрбір тұлғаның өзіндік дамуы барысында ұлттық құндылығымыз бен мәдени тарихымызды дәріптеу, оны қайта жандандыру. Рухани жаңғыру бағдарламасының түпкі мақсаты ұлттық мәдени мұраларымызды қайта жаңғырту болса, менің ғылыми жұмысым «тастағы таңбалар: заманауи әйелдер киімдерінің топтамасы» дәлме-дәл осы идеологияға сай келеді. Ертеңімізге үңіле отыра алға қадам бассақ адаса қоймайтынымыз сөзсіз.

Соқпағы мен тоқпағы мол тарамдалған жолдарда, талай сүрінсек те, талай жығылсақ та мойымай қайта тұрып, алға нық сеніммен басатын арманы асқақ, мақсаты айқын, өр намысын қолдан бермес, ұлы даланың қайсар мұрагерлері атандық. Осынау шапқан тұлпардың тұяғын, ұшқан қыранның қанатын талдыратын ұлаңғайыр даңқты далаға ғана емес, күллі ата-баба мұрасын: салт-дәстүр, дін, діл, даналық-өсиеті мен өзге жұрттарға ұқсамас өнерін де кеңінен насихаттап, заман көшінен қалдырмай кейінгі ұрпаққа аманат ету де түгел иығымызға артылған жүк. Ұлы міндет. Шоқтығы биік тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, етек жеңімізді жиып бағаналы ел болғалы талай мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылданды. Тәуелсіздігіміздің арқасында көршілес жатқан мемлекеттермен тоңның ішкі бауындай етене араласып та жатырмыз. Жыл өткен сайын әлем елдерімен тереземізді теңестіріп, әлемдік даму көшінде беделімізді биіктетіп келеміз. Сол жолда рухани әл-ауқатымызды әлсіретіп алмай, әлем елдерін өз мәдениетімізге ғашық етуіміз керек.

Айқын мақсатымыз осы. Қазіргі қоғамға тарихимызды ұмыт қалдырмау үшін, оны дәріптеп заманауи тұрғыда көрсету - оның жаңғыруына қосқан үлесіміз болар еді. Тастағы таңбаларды қолдану арқылы киім топтамасын шығару - негізгі ой. Ал, басты себеп руханиятты жаңғырту барысында, тарихты ұмыт қалдырмауды негізге ала отырып, оны жаңа заманға сай тәсілмен жеткізіп, жаңғырту.

Жартас бетіне салынған суреттер - көне бейнелеу ескерткіштердің ең маңызды құрамдас бөлігі. Заманға сай жастарға ыңғайлы, ұнамды, қайталанбайтын үлгідегі киімдер жасау сұранысқа ие. Әйелдерге арналған күнделікті киім үлгісі және ондағы бедерлі петроглифтер - халықтың дүниетанымынан, әдет-ғұрып, салт - дәстүрінен, эстетикалық талғамынан жан жақты хабардар ететін тарихи - мәдени және материялдық мұра. Қазіргі уақытта қайталанбайтын үлгідегі ұлтық нақыштағы, яғни тарихымыздың бір көрінісі бейнеленген киімдер кию сәнге айналуда. Бұл - біз үшін қуантарлық жағдай. Негізінен жартастағы суреттерді осы уақытта әр түрлі жарнама газертерінің мұқабаларынан, сәнді дизайнда жасалған кітап беттерінен, тіпті жеке дизайнер ойлап тапқан киімдерден кездестіре аламыз. Алайда мұндай киімдер көп жағдайда киіз басу техникасымен жасалған күйде кездесіп жатады. Өздеріңіз білетіндей ондай киімдерді ауа райының кез келген уақытында тұтыну өкінішке орай мүмкін болмай жатады. Осындай жағдайларды қарастыра келе, талапқа сай кез келген мата түріне салуға болатын принт басу техникасын пайдалану ойыма келді. Тастағы таңбаларға графикалық өзгерістер енгізе отырып, өз ойымды жүзеге асыруға кірістім.

Жұмыстың өзектілігі: Ежелгі Қазақстан петроглифтерінің негізгі әлеуметтік мәдениеттері өмір сүру салты жайлы, дәлірек айтсақ, аңшылық және мал шаруашылық салты жайлы ақпарат беруге негізделеді. Бастысы көріністің графикалық образдарында шынайы суреттелетін шынайы өмірі, салт -дәстүрі, шаруашылығы, дүние танымы мәдени мұра құндылықтары санатына жататындығы жұмыстын өзектілігін айқындап және арттыра түседі. Қазіргі заман талабына сай киім топтамасын шығарып, оған принт ретінде тастағы суреттерді салу арқылы жаңашылдық жасау. Бұл топтаманы жасау арқылы тастағы құнды мәлемет беретін суреттердің құндылығын арттыру көзделді. Ал әйелдерге арналған бұл топтаманың заманға сай үлгіде болуы талапқа сәйкес келеді. Киімдерде дәлірек айтқанда нақты петроглифтердің пайдалануы тұтынушы үшін тың үлгі болады деп ойлаймын. Тарих сахнасында өз орнын алған сырға толы тастағы суреттер бейнеленген заманға сай пішіндегі киім үлгілері кімді болса да қызықтырары хақ. Жұмыстың нәтижесінде пайда болған қайталанбас таңбаларымен әсемделген күнделікті киім үлгісін тұтынатын тұтынушының басты мақсаты - ерекшелену деп алсақ, онда ойымыздың жүзеге асуына мүмкіндік бар екендігі деп білеміз.

Зерттеу объектісі: Орталық Қазақстан петроглифтары.

Зерттеу пәні: Петроглифтер қолданылған күнделікті әйелдер киімі.

Зерттеудің әдістері: Тарихи әдіс, тәжірибелік әдіс, салыстырмалы талдау.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмысты талдау барысында төмендегідей міндеттер қойылады:

  • қазіргі заманғы киім дизайнында қолдану арқылы тарихты ұмыт қалдырмауды негізге ала отырып, оны жаңа заманға сай тәсілмен жеткізіп, жаңғырту - басты мақсатымыз екендігін басты нысанаға алу.
  • көне заман суретшілерінің Орталық Қазақстан өлкесінде кездесетін
  • тастағы суреттерінің жасау шеберлігімен, сюжеттік композициясын, орындау техникасының ерекшеліктері мен айырмашылықтарын ғылыми тұрғыда зерттеу.
  • әйелдерге арналған күнделікті киім үлгісін толық мәлеметтерді қарастырып, пішімдеріңе қарай талдау.
  • тастағы таңбаларды матаға түсіру жолдары мен ерекшеліктерін қарастыру.

Жұмыстың зерттелу деңгейі: Петроглифтер және жапсырма қалталар қолданылған киімдер жобалануына байланысты мына авторлар зерттеледі: Ж. Мирзаханова, Адель и Эдоардо Фенди, Изабель Маран, Дитте Реффструп, Лилиан Кан, Юбер де Живанши, Энрике Лоэйве Россберг.

Жұмыстың жаңашылдығы: Қазіргі таңда тарихымыздан сыр шертетін әр түрлі ою - өрнектер бедерленіп салынған киім үлгілерін өте көптеп кездестіруге болады. Олардың бәрі дерлік әр түрлі техналогияда қоданылып, жасалған отандық дизайнерлердің жұмыстары. Сол сияқты тастағы таңбалардыңда тарихымызда алар орны тым бөлек. Пероглифтердің әліде ашыла қоймаған тұстары көптігінен болса керек, қазіргі заманда жаппай барлық жерден кездестіре беру қиындау. Дегенмен, тарихымыздың үлгісі ретінде графикалық безендіру жағынан кездестіре аламыз. Киім дизайн саласы дами түскелі бері кейбір отандық дизайнерлер де авторлық топтамаларында қолданды. Сондықтан бұл жұмыс тың тақырып болып көрінбеуі мүмкін. Дегенмен, заманмен бірге дамып келе жатқан әр түрлі техникаларды пайдалану арқылы, қайталанбас таңбаларымен әсемделген күнделікті киім үлгісін кез келген тұтынушыға ұнамды етіп ұсыну жұмыстың ерекшелігі болмақ. Қарапайым күнделікті киім үлгілерін жасай отырып, петроглифті принт ретінде қолдану арқылы оған басты назар аударлады.

Жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңыздылығы: Жұмыстың нәтижелерін және кейбір материалдарын жоғарғы оқу орындарында «киім дизайны» мамандығы бойынша мамандар даярлау үдерісінде пәндер бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын жазуда, теориялық курстар мен арнайы семинарларда пайдалануға, сондай-ақ курстық тәжирибеде қолдануға болады.

Дипломдық жұмыстың көлемі және құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде, рухани жаңғыру бағдарламасы барысында тарихқа негізделген топтама жайында сөз қозғалған.

I тарауда петроглифтар тарихына кеңінен үнілу және Орталық Қазақстанға тән тастағы суреттерді зерттеуген.

II тарауда әкелдерге арналған күнделікті киім үлгісі және оған қошымша жапсырма қалта қолдану ерекшклігіне тоқталған.

III тарауда киімдерге сурет басу, тастағы таңбаларды қолданған дизайнер топтамасын талдануы мен конструкторлық техникалық ерекшелігі зерттелді.

Қорытындыда, петроглифтер мен жапсырма қалталарды қолдану арқылы түстік ерекшелік басты назарға алынған топтама жиындығы ұсынылады.

1 Петроглитер тарихы

1. 1 Аспан астындағы галерея

Біздің дәуірімізге дейін, яғни бірнеше жыл бұрын өмір сүрген адамдар өз үнгірлеріне өмірлерінен сыр шертетін көріністерді таңбалап кеткен. Бұл - ең бірінші кейінгі ұрпақ үшін жасалған керемет әдіс. Біз бұрынғы адамдардың қалай өмір сүргендігін, немен айналысқадығын осы тастағы таңбаларға қарап, біле аламыз. Сырға толы тастағы таңбаларды әлемнің түкпір-түкпірінен, тіпті қазақ даласынан да кездестіруге болады.

Қазақ даласы - ғасырлар бойы тарихынан әртүрлі мағлұматтар беретін тастағы өрнектей салынған ескерткіш түрлеріне өте бай. Солардың бірі - тасқа қашалып салынған петроглифтер. Петроглиф сөзі латынның «петро» - тас және гректің «глиф» - жазу деген сөздерінен құралған термин. Қазақ тілінде ол - тастағы таңба немесе сурет деген мағынаны береді. Сонау ертедегі палеолит дәуірінде пайда болып, біздің заманымызға дейін сақталған жартас бейнелері - бір жағынан, оларды суреттеген адам баласынын рухани жан дүниесін көрсететін «ашық аспан астындағы галерея» болса, ал екінші жағынан, өткен дәуірлер мен қоғамдар тарихы үшін теңдесі жоқ дерек көздерінің бірі. Себебі, тастағы таңбалардан біз ата - бабамыздың күнделікті тұрмыс тіршілігіне, кәсібі мен шаруашылығына, наным - сенімдері мен әдет - ғұрыптарына, жан - жағындағылармен қарым - қатынасына және басқада іс -әрекеттеріне байланысты мағлұматтарды ала аламыз. [1. 3]

Қазақ даласы алғашқы адамдар туралы мағлұматтар беретін тастағы суреттері жиындық орындарының көптігі жөнінен Еуразия аумағындағы алдыңғы орындардың қатарында. Осы уақытқа дейін Қазақстанда әр кезеңді қамтитын 200 - ден астам жартас суреттері шоғырланған орындары белгілі болған. Солардың ішінде жан - жақты зерттеліп, ғылыми айналымға түскендері: Ақбауыр, Арпаөзен, Баян - жүрек, Ешкіөлмес, Қойбағар, Мандайтал, Мойнақ, Таңбалы, Теректі Әулие. Аталмыш ескерткіштерге байланысты еліміз бен бірқатар шетелдердің баспа беттерінен арнайы еңбектер жарық көріп, өз орындарын әлем мәдениеті мен ғылымының алтын қорынан тапса, ал олардағы кейбір бейнелер - түрлі басылымдардың мұқабасын безендіріп халықаралық конференциялар мен байқаулардың таңбасына айналдырды. [1. 10]

Көне заман суретшілерінің ашық аспан астында галереялар жасауы таңғалуға болатын қызық жағдай. Қазақстанның тасқа салынған бейнелері, ата - бабаларымыздың бізге қалдырған ұлы мұрасы - көне заман жайында дерек беретін даусыз жәдігер. Қазақстан жеріндегі петроглифтердің барлық өлкеде кездесуі, сюжеттік байлығымен, жасау шеберлігімен таң қалдырады. Ертедегі суретшілердің туындыларынан жабайы аңдардың бейнелерін - құлан, елік, арқар, марал, бұқа, барыс, қасқыр, жабайы жылқы бейнелерін кездестіре аламыз. Жануарлар жанды қимыл үстінде көрініс тапқан. Ертедегі шеберлер қос өркешті түйенің тәкаппар келбетін, бұғы мен сайғақтың әсемдігін, тұлпарлардың сымдай сымбатын, барыстың серіппеше атылуға әзір тұлғасын асқан шеберлікпен көрсете алған. Әсіресе аңшылық көріністері, жануарлардың арпалысы, батырлардың жыртқыштармен жекпе - жектері бейнеленіп салынған суреттері өте қызықты. Жартастағы суреттерден ертедегі малшылардың, көшпелі керуеншілердің өмірінен күнделікті тіршілігінен деректер беретін сызбаларды да көруге мүмкіндік бар. Түйелі керуендермен салт аттылар топтары бейнеленген петроглифтердің сюжеттері қазақтардың желмая жайлы көне аңызымен үндеседі (Бұланты, Ұлытау, Білеуті және басқалары) . Гравюраларды гранит, порфир, диорит, құмтас, сланец - филлит беттеріне әсемдеп, өрнектей салған. Орындау техникасында 3 әдіс: нүктелеу, сызу және бояу қолданылған. [2] Шартты хронологиялық шеңберлер біздің заманымызға біздің дәуірімізге дейін VI - Vғғ. - біздің дәуіріміздегі V-VIII ғғ. Ежелгі петроглифтердің, яғни, жартастарға тас немесе маталл құралдарымен ойылып салынған суреттердің алғашқы функцияларының бірі - мәлімет беру функциясы. Оларды тірі, бейнелі жылнамаларға теңеп [3], ғалымдар оларды коммуникативті бастаманың туыстық тайпалық қоғамы үшін маңыздылығын ерекше атап көрсетеді. Көркем туындылардың бұл коммуникативті бастамасы алғашқы кезде өз ортасында жанданып, кейін орта мен дәуір туындыларымен байланысқа түсіп, басқаларға да тарап, бізге дейін жетіп отыр. Қазақстан жеріндегі петроглифтерінің негізгі әлеуметтік мәліметі өмір сүру салты жайлы, дәлірек айтқанда, аңшылық және мал шаруашылығы жайлы ақпарат беруге негізделген. Жартас өнерінің бастауында 30 мың жыл бұрын жер бетінде өмір сүретін кроманьондықтар өздерінің сезімдері мен эмоцияларын білдіру үшін қарапайым суреттерді пайдаланды. Бірақ алғашқы қауымдық адамдардың жартастағы суреттерін примитивті деп атауға болмайды, өйткені оларды ерекше көркем таланттары бар адамдар жасаған. Үңгірдегі алғашқы қауымдық адамдардың суреттері - бұл графикалық және көлемді бейнелер, қабырғалардағы барельефтер. Қазіргі таңда мұндай суреттер көп: Францияда (оңтүстік-батыс бөлігі), Испанияда (оның солтүстік-батыс бөлігі), Италияда, тіпті Ресейде, Сербияда және Англияда жеке даналарда бар. Тастағы кескіндеме мен суреттегі алғашқы адамдар бірегей болып табылады және екі өлшемді бейнені еске түсіреді. Бұл ретте көлемді беруге көмектесетін тәсілдер қайта өрлеу кезеңінде ғана қолданыла бастады. Сондай-ақ суреттерде аң аулау көріністері кездеседі, жебелері мен найзалары бар адамдар бейнеленген. Кейде балықтардың, өсімдіктердің, жәндіктердің суреттері кездеседі. Суреттер орындалған бояулар сәтсіздікке ұшырамайды және алғашқы жарықты толық көлемде береді. Жартастағы суреттер дегеніміз не туралы түсінігі жоқ адамды елестету қиын.

Алғашқы адамдар қайда сурет салды? Жер бетінен жүз метр жерде орналасқан үңгірдің жету қиын учаскелері сурет салу үшін тамаша орын болды. Бұл ең алдымен белгілі бір салт-дәстүрді орындауды талап ететін жартастағы бейнелердің діни мәнімен түсіндіріледі. Мұндай рәсім сурет салу болды. Жеміс-жидектерге жабайы жануарлардың, мүк бумаларының немесе жүннің ерітілген және ыстық майы құйылды. Сол кезде суретші тас шамдары жарығымен еңбек ете бастады.

Жартастағы суреттер қалай аталады? Жартастағы суреттер көне петроглифтер (грек. - тас) . Символдар немесе шартты белгілер түрінде орындалған суреттер кездеседі. Суреттер ежелгі халық өкілдерінің тұрмысы туралы құнды ақпараттан тұрады, ежелгі адамға әсер еткен дәстүрлер мен тарихи оқиғаларды ашады. Кешірек суреттер символдар немесе шартты белгілер түрінде орындалған. Адам бастапқыда белгілер, жазу арқылы ой білдіруге тырысты. Кескіндеме графикалық суреттер мен жазу арасындағы өтпелі кезең болды. Сурет атауына ие болды пиктограммалар. Мысалы, Армения аумағында археологтар барлық белгілі ежелгі әліпбиге ұқсайтын сызбаларды тапты. Мұнда табылған ең көне суреттер 9 000 жыл бұрын жасалған. Алғашқы қауымның жартастағы суреттері-алғашқы адамдар жасаған суреттер.

Орындау техникасы және материалдар. Адамдарды сурет салуға не итермеледі? Тек сұлулық жасауға ниет немесе ерекше рәсім жасауға және түсіруге қажеттілік? Жартасты гравюраны орындау оңай емес еді, әсіресе, егер бояу терең ойықтарға жағылса, ежелгі кескіндемеші дөрекі кескіш құралмен кескен. Бұл ірі тас кескіш болуы мүмкін. Мұндай құрал Ле Рок де Сер ежелгі адамдардың тұрағында табылды. Орта және кейінгі палеолит кезеңінде алғашқы қауымдық адамдардың жартастағы кескіндеме жасау техникасы анағұрлым жұқа. Гравюралардың контурлары бірнеше рет терең емес сызықтармен қиыстырылды. Содан кейін штриховка мен аралас сурет қолданылды. Сол кезеңге жататын жануарлардың бивньдері мен сүйектерінде осындай бейнелер бар.

Алғашқы адамның бояуы-қызыл бояу, ағаш көмір және марганец кені ретінде қолданылған охраның барлық реңктері. Бор, гуано-ұшатын тышқандар қолданылған. Болашақ бояу сүйек немесе тастың көмегімен жуылды. Алынған ұнтақ жануарлардың майымен араласқан. Ежелгі адамдарда тіпті заманауи тюбиктердің прототипі болды. Бояулар жануарлардың қуыс бөліктерінде сүйектерді сақтады, олардың екі жағы да сол жануардың майынан қатқан кесектермен жабылған. Басқа бояулар, мысалы, жасыл немесе көгілдір, жоқ.

Алғашқы қауымдық суретшілерге сүйектер немесе үшкір таяқшалары қызмет етті. Сүйекке байлаған жүн кесектерін де қолданды. Алдымен контурды салып, содан кейін боялған. Бірақ басқа да суреттер бар. Мысалы, қамыс арқылы бояумен жабылған қолдың ізі. Ежелгі адамдар дененің композициясы немесе пропорциялары туралы түсініктері жоқ. Олар үлкен жыртқыштарды және олардың фонында - кішкентай тау ешкілерін салды. Бірақ бұл оларға кескіндеме туралы заманауи көрініспен салыстырылатын шедеврлерді жасауға кедергі келтірмеді. Объектілер мен жануарлардың берілуінің дәлдігі таңқаларлық және ежелгі адамдардың үңгірлердегі суреттері ежелгі жануарлардың тастарына түсірілген. Визуалды әсер сурет жартасқа салынған арқасында күшейе түсті.

Алғашқы адамдар не сурет салды? Ежелгі адамдардың жартас суреттері-бұл эмоциялық және жарқын бейнелі ойлаудың көрінісі. Барлығы осындай шедеврлерді жасай алмады, тек көру бейнелері пайда болды. Жарқын бейнелерді толықтырғандар оларды жартасқа аударды.

Жартастағы кескіндеме көмегімен көріністер беріліп, адам өзін-өзі көрсете білді және алған өмірлік тәжірибесін берді деген болжам бар. Бірақ ғалымдардың көпшілігі суреттердің табынушылық мәні туралы нұсқаларды ұстанады: бәлкім, олар аң алдында құрылды. Осылайша, адам нәтижеге әсер етуге тырысты, аң аулау кезінде қалаған аңдарды тартуға тырысты.

Кейбір жануарлардың жоғалуы, климаттың өзгеруі адам қызметінің елеулі ауысуына әкеп соқты. Енді ол жануарларды өсіріп, жерді өңдеп, көп уақыт өткізді. Аң аулау үшін аз уақыт қалды. Бұл мақтаныш және наскальной кескіндеме. Суреттер енді үңгірде терең емес, сыртынан орындалды. Адамның бейнелері енді жиі кездеседі. Үйленген Жануарлар үңгірлерде (түлкі аң аулау көріністері) бейнеленген. Схемалық суреттер таралды: үшбұрыштар, түзу немесе бұрмалы сызықтар, түсті дақтарды бөгеуілдеу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу петроглифтерінің зерттелуі
Тамғалы петроглиф тас кешені
Жетісу жеріндегі таңбалы тастардың тарихы
Ешкіөлмес тауларындағы петроглифтер
Таңбалы тас суреттері
Тас бейнелерінің көпшілігі көне суреттер
Аймақтағы петроглифтерді зерттеу ісінің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстандағы петроглифтерді зерттеу
Қазақстандағы археологиялық және этнографиялық ескерткіштер – тарихи туризм нысаны
Шығыс Қазақстан қола дәуірінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz