Жұмсақ бидайдың ботаникалық сипаттамасы
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс Өсімдіктер Биологиясы және Биотехнологиясы Институтының Молекулалық генетика ғылыми зертханасында жасалды.
Өзектілігі: Дүние жүзінде өсірілетін барлық бидай көлемінің 95%-ын жұмсақ бидай құрайды, ал тек 5%-ы ғана қатты бидайға тиесілі. Жұмсақ бидай Еуропада, Азияда, Оңтүстік және Солтүстік Америкада культивирленеді. Бидай әлемдегі ең негізгі ауылшаруашылық дақылдардың бірі болып есептеледі. 20172018 жылдардағы дүние жүзі бойынша бидай өндірісі 752,92 млн.т., 20182019 жылдары 734,74 млн.т. құрады.
Қазақстанда 2018 жылғы статистикалық есептеулер бойыншы дәнді дақылдардың жалпы түсімі 19,8 млн.т. құрады, оның 14 млн.т. бидайға сәйкес келеді. Жұмсақ бидай еліміздің барлық дерлік облыстарында өсіріледі. Бидайды тамақ өнеркәсібінде, нан жасауда, малазықтық қоспалар және жем-шөп жасауда, косметологияда, медицинада, жеңіл өнеркәсіпте кеңінен қолданады.
Ғылыми жаңалығы: бүгінгі күнде маңызды сала бұрынғы белгісіз гендерді және бағалы белгілердің QTL-дерін іздеу болып табылады. Сандық белгілер локустарын (QTL) карталау әдістері сандық фенотиппен байланысты локустарды анықтаудың статистикалық әдістері болып табылады.
Практикалық қолданылуы: Бұл жұмыста жұмсақ бидайдың бейімделушілікпен қасиеттерімен байланысты сандық белгілер локустарының (QTL) хромосомаларда орналасу мүмкіндігі көрсетілген, ол генетик-селекционер ғалымдардың жұмысын жеңілдетеді, бейімделушілік гендерін анықтауға көмектеседі.
Қазіргі кездегі ғылыми мәселенің жай-күйін бағалау: қазіргі күнде бидай өнімділігі жоғары болғанымен, алдағы 30 жыл ішінде оның бейімделушілік және өнімділік қасиеттері төмендейді деп күтіледі. Оған себеп бүгінгі күндегі Жер шарының экологиялық жағдайы, ғаламдық жылыну және шөлейт зоналардың қарқынды көбеюі болып табылады. Бидай - негізгі астық дақыл, оның өнімділігін сақтау бүкіләлемдік мәселе болып табылады. Бидайдың генетикасын, қажетті белгілерге жауапты гендерін зерттей отырып, мәселенің шешімін табуға болады.
Мақсаты: Avalon x Cadenza (Ұлыбритания) генетикалық картасын пайдаланып, жаздық жұмсақ бидайдың сандық бейімделушілік белгілер локустарын сәйкестендіру (идентификациялау).
Негізгі міндеттері:
1. Қазақстанның Қостанай, Қарағанды және Қызылорда облыстарында өсірілген (2012-2015 жж.) карталаушы дигаплоидті Avalon x Cadenza популяциясының өсімдік биіктігі, дәннің пісу мерзімі, гүлдену мерзімі және өнімділігі белгілері бойынша сандық анализді жүзеге асыру.
2. Карталаушы дигаплоидті Avalon x Cadenza популяциясындағы бейімделушілік белгілері мен өнімділіктің корреляциялық арақатынасын зерттеу.
3. Avalon x Cadenza генетикалық картасын пайдаланып жұмсақ бидайдың бейімделушілік белгілерінің локустарының орналасқан жерін сәйкестендіру (идентификациялау).
Ғылыми зерттеу объектісі: Бұл жұмыстың объектісі - жұмсақ бидай. Жұмсақ бидай Жерорта теңізі және оңтүстік-батыс Азия аймақтарында өсетін біржылдық шөптесін өсімдік Бұл әлемдегі қалыпты қоңыржай климатта өсірілетін негізгі дәнді дақылдардың бірі болып табылады. Әлемдік жіктеуде бидай - астық дақыл. Бидай дәндері ұн өндіру үшін қолданылады.Бидай ұнынан негізінен нан жасайды, крахмал өндірісінде қолданады. Жұмсақ бидайды тоқыма, кондитерлік және фармацевтикалық салаларда да қолданылады. Бұдан басқа, бидай өсімдікті өсіру әдіснамасы, генетика, цитогенетика, патология, вирусология және биотехнология бойынша үлгілік өнім ретінде жақсы танымал.
Теориялық және әдістемелік база: QTL карталау өсімдік геномын және фенотип-генотиптік байланысты зерттеуде сенімді әдіс ретінде ұсынылды. Соңғы жылдары ол әлемде бидай, күріш, жүгері және әрине арпа үшін пайдаланылды.
Практикалық база: QTL карталау нәтижелері сандық белгілер локустарының (QTL) орнын анықтайды және статистикалық маңызды деректерді қамтиды. Құнды қасиеттерге жауапты гендер немесе гендер тобын тауып, ары қарай ауыл шаруашылығында дақылдардың өнімділігін және бейімделушілігін арттырып өсіруге мүмкіндік береді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Әдебиеттік шолу
1.1 Жұмсақ бидай
Жұмсақ бидай Жерорта теңізі және оңтүстік-батыс Азия аймақтарында өсетін біржылдық шөптесін өсімдік, бүгінгі күнде дүниежүзінде қоңыржай белдеуде өсірілетін бірнеше бидай түрлерінің бірі болып табылады.
Бидай - әлем бойынша күрішпен (Oryza sativa) қатар адам тұтынуы үшін ең көп өсірілетін екі дәнді дақылдың бірі. Жүгері (Zea mays) күріш пен бидайға қарағанда көп көлемде өсіріледі, бірақ оның едәуір бөлігі адам қорегі емес, биожанармай өндіруге және малазықтық мақсатта пайдаланылады.
Бидай - ең көне мәденилендірілген дақыл, оған б.з.б 9600 ж. Тұқымдық жарты айда табылған археологиялық қазбалар дәлел бола алады [1].
Адамдар бидайды тағамға тарихтан бұрынғы замандарда қолданған. Кейбір зерттеулерге сүйенсек бидай қуырылған күйінде пайдаланылған. Таяу Шығыста бидай біздің заманымызға дейін 10-15 мың жыл бұрын қолданылған, ал қолжазбаларда ол б.з. 550 жылынан бері айтылып келеді. Бидайдың көптеген қасиеттері 2000 жыл бұрын белгілі болғаны анық, себебі сол кезден бастан ол тағамдық мақсатта өсірілген.
Батыста бидай 400 жылдан бері маңызды рөл атқарады. Шығыста бидайдың адам өміріне тағам үшін пайдаланыла бастаған уақыты белгісіз. Оның өсірілуі адамзат өмір сүруінің қайнар көзінен бастау алады.
Бидай Тигр мен Евфрат аңғарындағы Месопотамияда дақылданбаса да, сол жердегі өркениеттің өмір сүруі мен дамуын қамтамасыз еткен. Алайда, сол жердегі адамдар мен олардың үй жануарларының тіршілігі бидайға тәуелді болғанын атап өту қажет. [1].
Дегенмен кейбір аумақтарда бидай өспейді және ол жердегі адамдар бидайсыз тіршілік еткен. Осылайша, Оңтүстік және Солтүстік Америка тұрғындары 40 ғасыр бойы жүгеріні, ал Азия, Африка және Арктика халықтары басқа да азықтық дақылдарды өз рационына пайдаланған. [1].
Мәдени өсімдіктердің ғылымына Николай Иванович Вавилов (ботаник, агроном и генетик) үлкен үлес қосты. Ол мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын анықтады. Н.И. Вавилов Иранға, Афганистанға, Жерорта теңізі жағалауындағы мемлекеттерге, Эфиопияға, Жапонияға, Кореяға, Оңтүстік және Солтүстік Америка мемлекеттеріне жасалған көптеген экспедициялардың жетекшісі және ұйымдастырушысы болды (1920 - 1940). Нәтижесінде, Жер шарындағы мәдени өсімдіктердің таралуы жайлы материал жиналды [2].
Н.И. Вавилов мәдени өсімдіктердің 8 шығу орталықтарын анықтады және сипаттамасын берді: Үнді (Оңтүстік Азиялық тропикалық) - күріш, қант құрағы, цитрустар; Орта Азиялық - жұмсақ бидай, бұршақ тұқымдастар және т.б.; Қытай (немесе Шығыс Азиялық) - тары, қарақұмық, соя, дәнді дақылдар; Азиялық - бидай, қарабидай, жеміс дақылдары; Жерорта теңізі - зәйтүн, беде, жасымық, орамжапырақ, жемшөп дақылдары; Абиссиниялық - бал жүгері, бидай, арпа; Оңтүстік Мексикалық - мақта, жүгері, какао, асқабақ, бұршақ; Оңтүстік Америкалық - картоп, дәрілік өсімдіктер (кокаин бұтағы, хинин ағашы)
1.1.1 Жұмсақ бидайдың ботаникалық сипаттамасы
Triticum aestivum L., жұмсақ бидай - Poaceae тұқымдасына жататын біржылдық өсімдік. Т.aestivum қлассификациясы
Бөлім: Planatae
Қатар: Poales
Тұқымдас: Poaceae
Туыс: Triticum
Түр: T. Aestivum
Жұмсақ бидай айқас немесе өздігінен тозаңдануы мүмкін. Жаздық бидай жаз мезгілі бойы гүлдейді. Биіктігі 100-ден 150 см-ге дейін жетеді. Сабағы - сабан, жіңішке және іші қуыс. Буынаралықтары түкті немесе түксіз болуы мүмкін. Жапырақ тақтасы ені 6-16 мм, тіршілігі басында жұмсақ және түкті, ал кейін қатты және түксіз болады. Гүлшоғыры - күрделі масақ гүл, қылқанды немесе қылқансыз болады, ол масақшалардан және масақ білігінен тұрады, соңғысының бір тұғырында бір ғана масақша орналасады, бірақ олар көпгүлді (3-5 гүл) болуы мүмкін. Масақшалар аралығы 4-8 мм болады, ұзындығы және ені бойынша бірыңғай. Жемісі - дән және ол үш бөліктен құралған: қабақ, эндосперм, ұрық [3].
Ғалымдардың пікірі бойынша [4, 5], астық түқымдас злак өсімдігі, соның ішінде бидай - монокарптық сабақтар жүйесі, олардың төменгі буындары өте қысқарған. Өсімдіктерде жанама сабақтар мен қосымша буын тамырларының пайда болуы қысқарған буынаралықтарда, яғни түптену буынында өтеді. Негізгі өнім құраушы әрі фотосинтездеуші жүйе - бұл жеке өскен бір өсімдік емес, олардың қауымдастығы - агрофитоценоз, қысқаша агроценоз, яғни бүкіл егістік. Астық тұқымдас дақылдардың (бидай, арпа, сұлы) өмір сүру формаларын экологиялық - фенотиптік тұрғыдан жүйелеу нәтижесінде олардың негізгі төрт (типі) бар екені анықталды
I түрі (типі) - дәннен бір сабақты (масағымен) өсімдік өсіп жетіледі. Мұндай жағдайда тек ұрық тамырлар өсіп дамиды. Астық тұқымдас дақылдардың осы типі егістігі түқым көп мөлшерде себіліп, тереңге сіңірілген немесе ылғал өте аз тәлімі жағдайда қалыптасады;
II түрі (типі) - егілген дәннен бас және жанама сабақтары бар өсімдік өсіп шығады. Түптену буынынан шығатын қосымша тамыр жүйесі нашар дамыған немесе тіпті өспейді. Yenрық тамыр жүйесі барлық сабақтардың дүрыс дамуын қамтамасыз ете алмайды. Жанама сабақтардың біразы жойылады, ал қалғандары нашар өсіп дамиды, оның масақтарындағы дәндер семік болып, өнімділігі төмендейді;
III түрі (типі) - себілген дәннен бас және алғашқы кезекте пайда болған жанама сабақтары бар өсімдік қалыптасады, әрбір сабақ түбінен қосымша тамыр жүйесі жақсы дамиды. Осылай дамыған әрбір түп өсімдік бір мезгілде өсіп дамыған 2-5 жанама сабақ бере алады. Осы тип бойынша өсіп дамыған астық тұқымдас дақылдар егер топырақ қүнарлы болып, қоректік заттар және ылғал жеткілікті болса ең жоғары өнім береді,сабақтары берік болып, жатып қалмайды.
ІV түрі (типі) - егілген дәннен бас және алғашқы кезекте пайда болған жанама сабақтары бар өсімдік қалыптасады, түптену түйінінен екінші қосымша тамырлар жүйесі өсіп жетіледі. Бірақ, түптену процесі осымен аяқталмай, бүкіл өсу дәуірі бойынша жүріп, екінші кезекте және одан кейін пайда болған жанама сабақ өседі. Дегенмен, кейінгі сабақтардың өсіп дамуы әдепкілерінен қалып кешігеді, біраз сабақтар масағының өнімі төмен болып, ал кейбір сабақтарда тіпті масақта болмайды. Өсімдіктердің мұндай типі сирек егістерде, түптену процесіне қолайлы жағдай болып, екінші қосымша тамырлар пайда болғанда байқалады. Мұндай егістікте (агроценозда) дақылдың пісіп жетілуі ұзарады, кейінгі пайда болған жанама сабақ масақтарындағы дәннің нашар толысып пісуі әсерінен егістік өнімі төмендеп, технологиялық және тұқымдық сапасы нашарлайды [6, 7]
Егер топырақтың үстіңгі қабатында ылғал аз болса (мұндай жағдай қөктемде жиі болады, немесе егістік суарылмаса), қосымша тамырлар дамымайды. Нәтижесінде бас сабақтағы қоректік заттардың бір бөлігі жанама сабақтарға өтіп, оларды қоректендіреді де, бас сабақтың өсіп дамуы нашарлап кешеуілдейді. Ал, қоректік заттар мен ылғал жетіспеген жанама сабақтардың бір бөлігі нашарлап шетінейді, сосын қурап қалады. Мұндай жағдайда егістіктегі дақылдың (бидайдың, арпаның, сұлының, тарының) түптенуі дән өнімін құрауда теріс роль атқарады. Егер әрбір жанама сабақтардың түбінде жақсы дамыған қосымша тамыр жүйесі болса, бұл сабақтар бөлек, тәуелсіз қоректене алады, буынаралықтары ұзарып, әрбір жапырақ алаңы көлемі ұлғаяды, нәтижесінде бас сабақпен бірдей, синхроньды өсіп дамиды. Мұндай ІІІ-типті егістіктегі дақылдар (бидай, арпа, сұлы, тары) ең жоғары әрі сапалы өнім беріп, жатып қалмау қасиеті күшейе түседі [5, 6, 7].
Ш-тип бойынша дамыған дақылдың потенциальды мүмкіндігін қалыптастыру үшін керекті жағдайлар: 1) бас сабақпен алғашқы кезекте пайда болған жанама сабақтардың бірдей, синхронды дамуы;
2) әрбір жанама сабақ түбінен қосымша тамыр жүйесінің өсіп дамуы; екінші және үшінші кезекте, кейін пайда болатын, керек емес, ІҮ- типке тән жанама сабақтарды болдырмау. Ол үшін түптену фазасы кезінде топырақта ылғал жеткілікті болуы және де үстеме қоректендіру беру керек [5-10]. Сонымен, егістікте (агроценозда) өсімдіктердің біркелкі орналасуы және оптимальды тығыздылықта болуы нәтижесінде негізгі агроэкологиялық факторларды (жарық, жылу, ылғал, қоректік элементтер және көмір қышқыл газын) дұрыс пайдалануына қолайлы жағдай туындайды. Яғни, жоғары әрі сапалы өнім қалыптастыратын негізгі факторлар: а) егістіктегі (агроценоздағы) өсімдік саны оптимальды болуы; б) ондағы әрбір өсімдіктің және оның жанама сабақтары мен жанама буын тамырларының жақсы өсіп-дамуы [6, 7, 11, 12].
1-сурет . Бидай масағы
Жұмсақ бидайдың даму сатылары.
Жұмсақ бидайдың пісіп-жетілуі 90 күнді құрайды. Кейбір сыртқы орта факторлары бидайдың дамуына әсер етеді, сонымен қатар факторлар жаңа мезгіл сайын өзгереді, сол себепті бидайдың сапасы осыларға тәуелді өзгереді: температура, күн ұзақтығы, ендік, бойлық, экспозиция. Дәндерді егу де маңызды фактор болып табылады [13]. Егер температура 5ºC-тан жоғары болса, дән (тұқым) өнеді. 2-суретте бидайдың даму сатылары көрсетілген, 3-суретте бидай дәнінің тозаңданудан пісіп-жетілуге дейінгі түрөзгерісі көрсетілген.
2-сурет. Задок бойынша бидай даму сатыларының шкаласы
А - тозаңданған бидай дәні, В - пісіп-жетілген бидай дәні.
3-сурет. Бидай дәнінің әр түрлі сатылардағы түрөзгерістері
Задок шкаласы (2-сурет) өсімдіктердің дамуын ғылымда, ауылшаруашылықта, фермерлік тәжірибеде бағалаудың халықаралық құралы болып табылады. Бұл шкала 0-99 бірліктері аралығын қамтиды, бірақ келесі негізгі даму сатылары бар (әрбір негізгі саты 10 екіншілік сатыға бөлінген) [13]:
Жаздық бидай бір жылдық өсімдік. Оның өсіп даму дәуірі сортына байланысты 70-120 күн аралығында болады. Бидайдың өсіп даму фазалары (кезеңдері) төмендегідей:
0 - Дәннің өнуі
1 - Өскіннің "тебендеп" шығуы
2 - Түптену
3 - Ұзаруы
4 - Түтіктенуі
5 - Масақтану
6 - Гүлшашу
7 - Дәннің сүттенуі
8 - Дәннің қамырлануы
9 - Толық пісуі
1.1.2 Жұмсақ бидайдың биохимиялық сипаттамасы
Тriticum aestivum L. тағам өндірісінде негізгі дақыл болып табылады.Әр түрлі географиялық аймақтарда адамдар рационында бидайдың меншікті салмағы түрліше. Орта есеппен, бидай әлем халықтарын тағамдық калорийлердің жалпы көлемінің 20%-ын қамтамасыз етеді. Әдетте бидай крахмалды тағамдық дақыл болып есептеледі, алайда оның құрамында бағалы қоректік заттар бар, олар: белоктар, минералдар және витаминдер. (2,3-кестелер). Жұмсақ бидай ұн [14], ұнтақ жарма [15], сыра [16] өндіруде пайдаланылады. Бидай белогы құрамында аминқышқылдар бар (Кесте - 4). 100 г бидай дәнінде 326-335 калорий, 11,57 - 14,0 г су, 9,4 - 14,0 г белок, 1,8 - 2,5 г май, 69,1 - 75,4 г көмірсу, 1,8 - 2,3 г клетчатка бар. Дәннің құрамында уриказа және синап қышқылы бар екені анықталған. [17].
Минералдар
(құрғақ массасы)
Құрғақ тұқым
Өскін
Ca (г кг⁻¹ )
0.45+-0.07ª
0.29+-0.03ª
Cu (мг кг-1 )
10.18 +-0.56[a]
37.49+-6.83[b]
Fe (мг кг-1 )
26.21+-1.53[a]
30.44+-16.27[a]
K (г кг-1 )
0.81+-0.14[a]
1.43+-0.15[b]
мг (г кг-1 )
0.78+-0.02[a]
0.84+-0.01[b]
Mn (мг кг-1 )
34.90+-0.64[a]
29.79+-1.44[b]
Na (г кг-1 )
1.76+-0.11[a]
1.13+-0.06[b]
Zn (мг кг-1 )
19.69+-1.61[a]
56.24+-1.31[b]
Мәндер - екі түрлі анықтаманы +- стандартты ауытқуының орташа мәнін көрсетеді. a, b - әр мәннің әр түрлі кіші әріпі құрғақ тұқымдар мен өскіндер арасында айтарлықтай айырмашылықты білдіреді (р 0,05)
1-кесте. Құрғақ тұқымдар мен өскінлегі минералды заттар [17]
Витаминдер
Құрғақ массасы
Құрғақ тұқым
Өскін
ВитаминA (RE 100 г )
ND
0.81+-0.05
ВитаминE(α-токоферол мг кг-1
3.77+-0.49[a]
1.95+-0.06[b]
ВитаминB1(тиамин мг кг-1 )
0.32+-0.03[a]
0.84+-0.05[b]
ВитаминB2 (рибофлавин мг кг-1 )
0.31+-0.03[a]
0.73+-0.10[b]
ВитаминB6 (пиридоксаль мг кг-1 )
5.00+-0.21[a]
6.69+-0.29[b]
ВитаминC (аскробин қышқылы мг кг-1 )
11.97+-0.20[a]
18.40+-0.01[b]

2-кесте. Құрғақ тұқымдар мен өскіндердегі витаминдердің мөлшері [17]
Амин қышқылы
Кебек
(%)
Ұрық
(%)
Жалпы бидайда
(%)
Аргинин
7,53
6,20
3,81
Гистидин
1,68
3,03
1,65
Изолейцин
4,50
5,23
6,97
Лейцин
6,52
7,33
8,27
Лизин
3,87
5,44
2,80
Метионин
1,09
1,28
1,32
Фенилаланин
2,45
2,47
3,68
Треонин
2,85
6,28
2,78
Триптофан
1,83
0,90
1,03
Валин
4,10
4,20
4,00
3-кесте. Жұмсақ бидайдағы амин қышқыцлдар [18]
Бидайдың биохимиялық құрамы өзгергіш келеді. Оның әр бөлігіндегі белоктар, минералдар, пигменттер және ферменттер құрамы 3-5 және одан көп есе ажыратылуы мүмкін. Бұл айырмашылықтар бидайды өңдеу мен оның пайдалы қолдану мүмкіндігіне, тағамдық құндылығына, оның бағасына едәуір әсерін тигізеді.
Бидай дәні 20 өрімнен тұрады, алайда олардың кейбірі бір клетка қатары болып көрінеді. Бидайдың әр бөлімі өзінің биохимиялық құрамы бойынша әр келкі, ұнтағы негізгі компоненттер арақатынасын өзгертеді. Дәннің орталық бөлімі (эндосперм) ұндағы глютен белогы мен крахмалдың негізгі көзі болып табылады. Эмбрион және алейронды қабат майларға және глютенді емес белоктарға, кейбір витаминдерге бай [18].
1.1.3 Triticum aestivum L. генетикасы
T. aestivum Каспий теңізінің батысында 9000 мың жыл бұрын бидайдың екі түрін будандастырудың нәтижесінде пайда болған деген тұжырымның дұрыс болуы әбден мүмкін [19]. Жұмсақ бидай гексаплоидті, геномы AABBDD, 42 хромосомасы бар. Геном көлемі 17 млрд ж.н. тұрады [20]. A, B және D геномдар негіздері: Triticum urartu (A геномы), Aegilops speltoides (B геномы), екеуінің гибридизациясы нәтижесінде тетраплоидті AABB T.dicoccoides пайда болды, кейін ол Aegilops tauschii-мен гибридизацияланып, T.aestivum жұмсақ бидай пайда болды [20]. (Сурет-4)
4-сурет. Triticum aestivum пайда болу процесі
Бидайдың бейімделушілік қасиеттері.
Бидай - кең географиялық бейімделуінің арқасында әлемдегі ең көп өсірілетін дәнді дақыл. Бұл бейімделуге жауапты гендердің бір бөлігі Photoperiod (Ppd), Vernalization (Vrn) және Earliness per Se (Eps) басқаратын гендердің манипуляциясымен байланысты. Ppd гендері тәуліктік ұзақтыққа жуапты басқарады, Vrn гендері суық кезеңге қойылатын талапты анықтайды, Eps гендері гүлдену уақытын дәл реттеу үшін маңызды [21].
1.1.4 Бидайдың қолданылуы
Әлем халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету бүгінгі күнде өзекті мәселе болып табылады. Оны шешу жолдары барлық мемлекеттердегі ғалымдар мен фермерлердің назарында.
Бидайдың азықтық тағам ретінде, барлық басқа дәнді дақылдар сияқты көптеген табиғи артықшылықтары бар. Ол нәрлі, құнарлы, оны сақтау, тасымалдау, жоғары сапалы шикізатқа өңдеу оңай.
Бидайдан тез сіңірілетін, аспаздық рецепттерде қолданатын, әр түрлі талғамға сай келетін өнімдер алынады. Ол нанның әр түрін: тоқаштар, чапати, крекерлер, піспенан, кекстер, бүйрекше бәліштер, жұқа құймақтар, вафли, қаусырма, балмұздаққа арналған вафли стақандар, паста, спагетти, пудинг, құрғақ таңғы ас, балаларға арналған таңғы ас жасауда негізгі құраушы ингридиент болып табылады. Сонымен қатар бидай сорпалар мен соустардың тұздығы ретінде, тәттілер мен шырындардың негізгі құраушы бөлшегі ретінде пайдаланылады. Басқа өсімдік өнімдерінен айырмашылығы: бидай құрамында глютенді белок бар, ол ашытқы қамырдың өсуіне мүмкіндік береді, ашытқылардың көбеюінен ферментация кезінде көмірқышқыл газы бөлінеді. Осы қасиет ашыған нан пісіруге мүмкіндік береді.
Осыған қоса, бидай жемшөптік дақыл дайындауда пайдаланылады. Сонымен бірге, бидайдан сыра, арақ, виски дайындаудың бірнеше рецепттері белгілі.
Бидайдың бүршіктенген тұқымдары құрамында біршама биологиялық активті заттар мен қоректік заттар бар. Бидайдың бүршіктенген тұқымдарынан жасалған экстракт огранизмнің сыртқы қоршаған ортаның негативті факторлеріне тұрақтылығын жоғарылататын иммуномодулятор болып есептеледі [22].
Медицина мен косметологияда бидайдың бүршіктенген тұқымдарынан жасалған экстрактісі күйікке қарсы, жаралар мен ойық жаралардың жазылуын тездететін әдіс-амал ретінде қолданылады [23]. Бидайдың бүршіктенген тұқымдарынан жасалған экстракт фибробластарға әсер етеді, грануляция процесінің активациясында, жарақаттардың жазылуында басты рөл ойнайды. Бидайдың бүршіктенген тұқымдарынан жасалған экстракт әсерінен фибробластар көбеюі (митоз қарқыны жоғарылайды) және олардың зақымданған жерге енуі жоғарылайды [24], орнитиндекарбоксилаза активтілігі және фосфолипид-инозит гидролизі жоғарылайды [25], коллагенді талшықтардың, гликозаминогликандардың босап шығуы және синтезделуге қабілеті жоғарылайды және ол жарақаттардың жазылуында ең маңызды орын алады.
Косметологияда бидайдың бүршіктенген тұқымдарынан жасалған экстрактінің жасартатын қасиетін қолданады. Оның құрамында антиоксидантты қасиеті бар селен мен каротиноидтардың болуынан бидайдың бүршіктенген тұқымдары бос радикалдар әрекетіне кедергі жасайды. Соның нәтижесінде, бидайдың бүршіктенген тұқымдарынан жасалған экстракт қан тамырларды қатайтып, қартаю процестері мен ісіктердің пайда болуын алдын алады [26] [27].
Мал мен құстардың тағамдық рационына бидай дәндері және оны ұсақтаудан қалған қалдық өнімдер кіретін болса, олар жақсы өседі және дамиды. Бидай сабаны күйіс қайыратын жануарларға қатты тағам ретінде беріле алады, сонымен бірге ірі қара мал өсіруде кеңінен қолданылады. Жас өскіндер кез келген үй жануарларына жем-тамақ бола алады, ал жасыл піспеген бидай пішен шөп немесе сүрлем шөп ретінде пайдаланылады.
Ауыл шаруашылығы жүйелерінде бидай топырақ эрозиясын төмендететін және арамшөптер дамуын азайтатын, бұршақ тұқымдастар мен шөптерге ілеспе жабынды дақыл ретінде қолданылады.
Бидай дәндерінің өндірістік қолдануы: крахмал алу, паста жасау, спирт, майлар, глютен алу. Сабан газет қағаздарын, қатты қағаз, буып-түю материалдарын және өнер бұйымдарын жасауда қолданылады.
Бидай масақтары флористикада композицияларға және бумаларға әртүрлі реңк беру үшін пайдаланылады. Сонымен қатар бидай масақтарын және сабақтарын өрімдерінен әртүрлі ойыншықтар мен әшекей бұйымдар жасалады.
1.2 Бидайдың дүние жүзіндегі және Қазақстандағы маңыздылығы
Дүние жүзінде өсірілетін барлық бидай көлемінің 95%-ын жұмсақ бидай құрайды, ал тек 5%-ы ғана қатты бидайға тиесілі. Жұмсақ бидай Еуропада, Азияда, Оңтүстік және Солтүстік Америкада культивирленеді. Бидай әлемдегі ең негізгі ауылшаруашылық дақылдардың бірі болып есептеледі. 20172018 жылдардағы дүние жүзі бойынша бидай өндірісі 752,92 млн.т., 20182019 жылдары 734,74 млн.т. құрады [28].
Қазақстанда 2018 жылғы статистикалық есептеулер бойыншы дәнді дақылдардың жалпы түсімі 19,8 млн.т. құрады, оның 14 млн.т. бидайға сәйкес келеді. Жұмсақ бидай еліміздің барлық дерлік облыстарында өсіріледі [29].(Сурет-5)
5-сурет. Қазақстандағы 2012-2018 жж. аралығындағы бидай түсімі [29]
6-сурет. Қазақстандағы астықтың егістік ауданы, 2017 ж.. ҚР статистика жөніндегі комитеті, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері
Қазақстан Республикасы дүние жүзі бойынша негізгі бидай өндіруші мемлекеттердің және экспорттаушылардың бірі болып табылады. Қазақстанда бидай өндірісі траекторияларын анализдеу үшін әртүрлі ауа-райы және климаттық модельдеу жұмыстары жүргізілген. Жасалған жұмыстар нәтижесінде Қазақстандағы бидайдың өндірісінің агроэкологиялық жағдайы төмендейтіндігі көрсетілді. Климат енді құрғақ және ыстық болады деп күтіледі, ал қуаңшылық пен экстремалды ауа-райы құбылыстары жиі орын алады. Егер табиғи қорларымызды қарқынды қолданбасақ және басқару әдістемелері бейімделмеген болса, Қазақстандағы бидайдың өнімділігі төмендейді. Модельдеу нәтижелері өсіру жағдайлары нашарласа да, 2035 жылға қарай бидайдың өнімділігін 33%-ға арттыруға мүмкіндіктер бар екендігін көрсетті. Алайда мемлекетіміздің экспорттық әлеуеті азық-түлік өнімдері мен жем-шөпті тұтынуға ішкі сұраныстың артуынан нашарлауы мүмкін [30].
1.3 Генетикалық карталау
Әдетте белгілі бір ерекшеліктерге жауап беретін ДНҚ бөліктерін табу немесе анықтау үшін әдетте гендік картаға ұқсас деп аталатын әдістер жиынтығы қолданылады. Әдетте гендік картаға геннің немесе QTL локусын және олардың арасындағы қашықтықты анықтау үшін қолданылатын әдістер сипатталады [31]. Барлық геномды картаға түсірудің негізгі міндеті молекулярлық маркерлердің жиынтығын геномның өздерінің позицияларына орналастыру болып табылады.
Гендерді картаға түсірудің екі түрлі түрі және геномдық карталардың екі түрлі түрі бар: генетикалық карталар және физикалық карталар [32]. Олардың арасындағы басты айырмашылық мынада, генетикалық картадағы қашықтықтар сантиморгандарда көрсетілген генетикалық байланыс ақпаратына негізделеді, ал физикалық карталар базалық жұптар немесе ДНК ұзындығының басқа бірліктерінде өлшенген нақты физикалық қашықтықты пайдаланады. Екі жағдайда да маңызды мәселе гендердің салыстырмалы немесе абсолюттік позициясын анықтау болып табылады. Бұл гендерді іздестіру олардың геномдағы рөлін анықтау үшін үлкен маңызға ие болды.
Альфред Стертевант 1913 ж. [33] жеміс шыбынының (Drosophila melanogaster) хромосомасының алғашқы генетикалық картасын жасады. Ол гендердің сызықтық түрдегі хромосомаларда орналасқанын және белгілі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz