Нарық жағдайындағы шаруа қожалықтар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Мазмұны: Кіріспе . . .
:
Мазмұны: 1 Нарық жағдайындағы шаруа қожалықтар . . .
:
Мазмұны: 1. 1 Шаруа қожалығының мәні және мазмұны, оның маңызы . . .
:
Мазмұны: 1. 2 Шаруа (фермер) қожалығы дамуының дүниежүзілік тәжірибесі . . .
:
Мазмұны: 1. 3 Қазақстан Республикасындағы шаруа (фермер) қожалықтары қызметінің жүргізілуі . . .
:
Мазмұны: 2 «Боранбай» шаруа қожалығының экономикалық жағдайын талдау . . .
:
Мазмұны: 2. 1 «Боранбай» шаруа қожалығының қысқаша экономикалық сипаттамасы . . .
:
Мазмұны: 2. 2 «Боранбай» шаруа қожалығынының экономикалық қызметін талдау . . .
:
Мазмұны: 2. 3 «Боранбай» шаруа қожалығының қаржылық жағдайы . . .
:
Мазмұны: 3 «Боранбай» шаруа қожалығының даму болашағын экономикалық негіздеу . . .
:
Мазмұны: 3. 1
:
Мазмұны: 3. 2
:
Мазмұны: Қорытынды . . .
:
Мазмұны: Қолданылған әдебиеттер . . .
:

Кіріспе

Жер - кез келген мемлекеттің байлығы, ол табиғаттың өзі берген өндіріс құралы, онда еңбектің қажетті алғышарттарының материалдық қуаты бар, нақты бір құқықтық негіздерде жерге меншік жəне иелену құқығына ие болу сəйкесінше тиісті құқықтар мен міндеттерді тудырады, сондықтан да жер əртүрлі тарихи катаклизмдер кезінде əрқашан саясаткерлер мен қоғамның назарының орталығында болды. Жер реформасының проблемалары Қазақстандағы агаралық сектордағы реформалармен тікелей байланысты. Аграрлық сектордағы реформаның басты бағыттарының бірі аграрлық өндірістің бөлшегі ретіндегі шаруа (фермер) қожалақтарын дамыту болып табылады. 2017 жылғы статистикалық мəліметтерге жүгінсек, Қазақстанда 150 мыңға жуық шаруа (фермер) қожалықтары бар екен. Шаруа (фермер) қожалықтарының құрылуы мен қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

Шаруа (фермер) қожалығы туралы алғашқы үғымдар 90-жылдары қабылданған бұрынғы КСРО-ның Жер туралы заңдарында айтылып кеткен еді. Кейін КСРО тарқаған кезден өз мемлекетіміз тəуелсіздік алған соң құқықтық қалыптасу барысында пайда бола бастаған алғашқы заңдарда шаруа (фермер) қожалығының мəртебесіне, нақты бір құқықтық түрғыдан анықтама беруге мүмкіндік туды. 1990 жылғы «Шаруа қожалығы туралы» заңында алғаш рет шаруа қожалығы құрылуының заңды негізі, қызметін ұйымдастыру мен қызметін тоқтату барысы анықталып кеткен еді. Бұл заң қазіргі таңда күн талабына сай қайта толықтырылып, өзгертіліп, жаңадан қабылданды. Қазіргі уақытта шаруа (фермер) қожалықтарының қызметі 2015 жылдың 29 қазанында қолданысқа енгізілген «Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексінде» реттеледі. Ол заңның 41-бабында шаруа немесе фермер қожалығы ұғымына келесі анықтама берілген: «тұлғалардың дара кәсiпкерлiктi жүзеге асыруы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру үшін пайдалануға, сондай-ақ осы өнiмдi қайта өңдеумен және өткiзумен тығыз байланысты еңбек бiрлестiгi шаруа немесе фермер қожалығы деп танылады».

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде бұл дипломдық жұмыстың өзектілігімен келісуге болады. Бүгінгі күні шаруа қожалықтарының қызметін және дамуын терең зерттеудің қажеттілігі анық туындап отыр.

Жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның қазіргі жағдайын талдап, даму болашағын қарастыру.

Жұмыстың мақсатына жету үшін алға қойған міндеттер:

  • шаруа (фермер) қожалықтар ұйымдастырыуының теориялық негіздерін зерттеу;
  • шаруа (фермер) қожалықтарының қызметін жүргізуінің шетелдік және отандық тәжірибелерін қарастыру ;
  • зерттелетін объектінің қазіргі жағдайын және қызметін талдау.

Дипломдық жұмыстың объектісі - «Боранбай» шаруа қожалығы.

Дипломдық жұмысты жазу барысында нормативті-құқықтық актілер, отандық және шетелдік ғалым-экономисттердің ғылыми еңбектері, монографиялары, статистикалық жинақтар, мерзімді басылымдар, «Боранбай» шаруа қожалығының мәліметтері, қаржылық есептері қолданылды.

Жұмыс барысында тарихи, салыстырмалы - құқықтық, монографиялық, статистикалық және тағы басқа ғылыми әдістер қолданылды.

1 Нарық жағдайындағы шаруа қожалықтар

  1. Шаруа қожалығының мәні және мазмұны, оның маңызы

Шаруа (фермер) қожалығы ұйымдастыру нысаны ретінде, ертеден жерге меншік иелері қалыптасқан уақыттан пайда бола бастады. Оның түпкілікті еңбекке деген икемділігі шаруашылық табиғи жағдайға жеткенге дейін өзгеріссіз қала берді. Бірақ, шаруашылық тауарлы сипатқа ие болғаннан бастап, олар нарықты экономикаға әсер ете бастады да қатынастар арасындағы дифференциациясы мен олардың әлеуметтік - экономикалық мазмұны өзгере бастады.

Ұйымдастыру - экономикалық негіздерді зерттеуде және шаруа қожалығының дамуының заңдылықтарына сәйкес жердегі қожалық нысаны сияқты, түбірлі мәселенің бірі - шаруа қожалығы мәселесі болды.

Қазіргі кездегі тәжірибе бойынша фермер деп жекеше тәртіпте кәсіпкерлікпен айналысатын адамды атаймыз. Ал оның кәсіпорынын - фермерлік шаруашылық деп атаймыз.

Соңғы жылдары шаруашылықтың жаңа түрлері пайда бола бастады, сондықтан ғалымдар түрлі аспектілерге және өзіндік белгілері бойынша қожалықтарды шаруа және фермер қожалықтары деп ажыратады.

Фермер және шаруа қожалықтарының белгілері бойынша айрмашылығын анықтау үшін оларға жұмсалатын еңбекті қарастыру керек. Шаруа қожалығы ауыл жерлерінде шаруаның өзі немесе жанұясымен құрылып жүргізілетін шаруашылық болса, фермер қожалығы алыстан, жалдамалы жұмысшылар арқылы шаруашылықты жүргізу болып табылады.

Қазақстан Республикасының нормативті актілерінің талдауы негізінде шаруа (фермер) қожалығын ерікті деп тануға болады.

Ол келесі негізгі белгілерден тұрады:

  • кәсіпкерлік қызмет үшін құрылады;
  • шаруашылық қызметі үшін ауыл шаруашылық жерлері қолданылады;
  • негізгі шаруашылық қызметіне ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, қайта өндеу және сату жатады;
  • өндіріс шаруалар еңбегімен негізделеді;
  • ауыл шаруашылығының тең құқылы құрылымдық бөлшегі болып табылады.

Ауылшаруашылығы құрылымдарының ішінде негізгі тауарөндірушілер шаруа қожалықтары болып табылады жəне ол аграрлық экономикада ерекше орын алады. Фермерлік шаруашылықтардың аграрлық құрылымы туралы экономист-ғалымдар əртүрлі көзқараста қалып отыр. Мысалы, В. Д. Мартыновтың пікірінше: "қазіргі аграрлык сектордағы ферма - негізгі ауылшаруашылық бірлік болып табылады жəне оның əрекет ету принциптері ауылшаруашылық өндірісінің ерекшелігіне барынша толық жауап береді"- деп есептейді. Кейбір ерте басылымдарда фермер шаруашылықтарының көлемі де үлкен теориялық таластар тудырды. Мысалы, А. Чаянов 1925 жылы былай деп жазды: "егер біз құрылымы бойынша күрделі шаруа қожалығының құрамына мəн беріп қарасақ, бірқатар салалар үшін оның ірі формасы тікелей көп пайда келтіретініне оңай көз жеткізе аламыз". Шаруа қожалықтары дегеніміз - ауыл шаруашылығын бірлесіп жүргізетін тұлғалардың отбасылық еңбек бірігуі. Шаруа қожалықтары қызметінің негізгі прициптері келесідей болып табылады:

1. Шаруашылық қызметті бірігіп шүргізуді шешкен адамдардың (отбасы мүшелері, туысқандар, сондай-ақ жалдамалы жұмысшылар) ерікті түрде бірігуі.

2. Ол өзіне берілген жерді мақсатына сəйкес тиімді пайдалануға оның құнарлығын арттыруға, жерді қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыруға жəне өндірістің табиғатты қорғайтын технологиясын қолдануға міндетті.

3. Өндірістің бағытын, құрылымы мен көлемін еркін тандау жəне қызметін толық өз бетінше жүзеге асыру.

4. Мемлекттік, кооперативтік жəне басқа да кəсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен жəне азаматтармен барлық өзара қарым-қатынас келісім-шарттық негізде жүргізіледі.

5. Өндірілген өнімге жəне алынған табысқа меншіктің толық құқы, оларды өз қалауынша пайдалану.

6. Өз міндеттемелері бойынша қызметтің түпкі нəтижелері үшін толық жауапкершілік.

Шаруа қожалықтарының ұйымдық тəсілдері иеленуші мүшелердің құрамына байланысты төмендегідей үлгілерде болады:

1. Жеке азаматтар жеке қызмет тəртібімен жүргізетін шаруа қожалығы;

2. Бір отбасылық шаруа қожалықтары. Мұнда толық жұмыс уақытында бір отбасының мүшелері ғана еңбек етеді;

3. Көп отбасылық шаруа қожалықтары. Мұнда туысқандық байланыстары бар бірнеше отбасының мүшелері еңбек етеді;

4. Шағын ауыл шаруашылық кооперативінің түрінде құрылатын бір пікірлес қызметшілердің тікелей шаруа қожалықтары.

Әлемдік тəжірибеге сүйенсек, шаруа қожалығы келесідей сипаттамалық қасиеттерге ие болуы қажет.

Біріншіден, белгілі бір меншік қатынастарының салдары болып табылатын, өндірістік-шаруашылык еркіндікте көрінетін экономикалық оқшаулану. Фермер (толық заңды меншік иесі немесе жалгер) өндіріс құралдарымен пайдалануға ғана емес, сонымен қатар, оларды иемдену мен жұмсауға да құқылы.

Екіншіден, бұл құқықтар: өндірістің мазмұны мен құрылымын, өндіріс процесін ұйымдастыруды, экономикалық пайданы көздеп өздігінше өнім өткізу нарығын, алынған табысты (салығын алып тастап) тұтыну мен өндірісті кеңейтуге бөлу.

Үшіншіден, фермер экономикалық серіктестерін жəне олармен өзара қатынас формаларын таңдауда еркін. Меншік иесі болу статусы, сонымен қатар, фермердің қызметінен тыс əртүрлі өндірістік əкімшілік араласуларды алып тастайды.

Төртіншіден, бүкіл əлемдегі фермерлік шаруашылықтардың ең маңызды сипаты, барлық қалған жоғарыда көрсетілген белгілерінен жоғары тұратын, оның заңды тұлға статусы.

1. 2 Шаруа қожалығының дамуы мен қызметін жүргізуінің дүниежүзілік тәжірибесі

Фермерлік - қазіргі заман талаптарына сай, даму мен өмір сүру мүмкіндіктеріне ие шаруашылықтың жаңа бір түрі болып табылады. Экономика ғылымының сөзсіз жетістіктерінің бірі фермерлік өндірісті зерттейтін мәселелерді өндеу жұмыстары болып табылады. Қазіргі уақытта фермер қожалығының қызметін жүргізуін, әлемдік ауыл шаруашылығындағы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуын анықтайтын белгілерінің бірі ретінде қарастыратын көзқарасты жалпы қабылданған деп есептеуге болады.

Шаруа (фермер) қожалығының ұйымдастырылған нысандары ортасында қазіргі кезде кеңінен танымал болып отырған жанұялық шаруа (фермер) қожалықтары болып табылады.

Шаруа (фермер) қожалығының белгілері үшке бөлінеді:

  • жанұялық;
  • бірікен (кәсіпкерлік) ;
  • акционерлік типтегі корпорация.

Жанұялық фермалар - фермерлік шаруашылықта көп кездесетін

ұйымдық форма. Ол жеке меншіктің негізінде құралады, яғни жеке субъект немесе жанұялық жұп өндірістік және қаржылық жағдайға толығымен өздері жауап береді. Қазіргі кезде олардың орташа үлес салмағы дүниежүзі бойынша барлық шаруа қожалықтар санының 87% құрайды.

Кәсіперлік типтегі фермалар - әлемнің барлық фермалардың санының шамамен 10% құрайды. Кәсіпкерлер қатарына көбінесе ата - аналар немесе олардың балалары мен туыстары кіреді. Әрбір кәсіпкер барлық түскен пайда мен кірістерді барлығына ортақ түрде бөледі. Кәсіпкерлік типінде құрылады.

Фермер шаруашылылығының ұйымдық формасының үшінші түрі - акционерлік типтегі корпорация болып табылады. Ол заңды тұлға статусына ие. Мұнда аталған заңды тұлға шектелген жауапкершілікті өз акционерлеріне жүзеге асыра отырып, өз бизнесін жүргізеді. Корпорция акциясы басқа қолға берілуі немесе сыйға тартылуы мүмкін.

Акционерлік корпорациялар саны барлық әлем бойынша фермер қожалықтар санының жалпы көлемінің 3% құрайды.

Америка Құрама Штаттарында фермер шаруа қожалығы жерді пайдалануына байланысты үш топқа бөлінеді:

  • толық иегер - өзінің жеке меншік иелігінде орналасқан ферма;
  • бөлшетік иегер - жеке меншік және жалға алынған жерде орналасқан ферма;
  • жалға берілген - толығымен жалға алынған жерде орналасқан ферма.

Барлық фермер қожалықтары санынның 55, 1% жердің толық иегерлері, 29, 3% бөлшектік және 15, 6% жалға алушылар болып табылады.

Дүниежүзінде шаруа (фермер) қожалығының дамуы жөнінде үлкен тарихи тәжірибе жинақталған. Біздің экономикамыз үшін әлемнің басқа елдеріндегі ауыл шаруашылығының дамуы, оны жүргізудің нысандары мен әдістерінің көп түрлілігі үлкен ғылыми және тәжірибелік қызығушылық тудырады.

Шетелдік және отандық әдебиеттерден алынған мәліметтер АҚШ, Канада, Швеция, Жапонияда ауыл шаруашылық өнімдерінің негізгі көлемін жанұялық фермаларда өндірілетінін көрсетеді.

Қазіргі уақытта тәжірибе жүзінде барлық дамыған елдер азық - түлік өнімдерінің бағаларын мемлекеттік бақылауда ұстайды. Көп жағдайларда мұндай бақылау оған деген қажеттіліктің тек 40-50% көлемінде жүзеге асырылады. Мысалы, Ұлыбританияда ауылдық субсидия жалпы ішкі өнімнен 27, 2% бағаланады, Данияда - 17, 8%, Жапонияда - 36, 7%, Ресейде - 4, 8% құраған.

Шетелдік мәліметтер бойынша ауыл шаруашылығының дамуына дүние жүзінде мемлекеттік бюджеттен жалпы дотацияның сомасы жыл сайын 100 млрд. доллардан асады.

Фермерлік шаруашылықтар жұмысының дүниежүзілік тәжірибесін талдау - реформалаудың дұрыс бағытын жасап, отандық ауыл шаруашылығының тиімділік деңгейін жоғарлатуға мүмкіндік береді.

Шаруа (фермер) қожалығы мәнін және дамуын зерттеу экономикалық дамыған елдердегі олардың қызметін жүргізуін талдауды ескере отырып, еліміздегі көп салалы ауыл шаруашылығы жағдайында фермерлік шаруашылықтың дамуының концептуалдық негізін жасауға көмектеседі.

  1. Қазақстан Республикасындағы шаруа (фермер) қожалықтары қызметінің жүргізілуі мен дамуы

Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан нарықтық реформа бағдарламасында шаруа (фермер) қожалығының қалыптасып дамуына үлкен көңіл бөлінген. Сөз жоқ, бұл факторлар ауыл шаруашылығы құрылымдарының түбегейлі өзгеруіне негіз болды. Бүгінгі таңда əлемдік тəжірибеде шаруа (фермер) қожалықтары аграрлық салада ең тиімді, əрі кең тараған шаруашылық жүргізуші нысан ретінде танылып отыр. Олар кəсіпкерлік үлгідегі экономикалық жəне құқықтық дербестік негізінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші шаруашылық ретінде де түсіндіріледі.

Қазақстанда шаруа қожалығының классификациясы мен өндірістік типтендірудің əдістемелік принциптерін жасау мəселелерін шешу олардың пайда болуы мен қалыптасуы тек олардың əлемдік қауымдастықтың жетекші аграрлық аймақтарында фермерлік шаруашылықтарды типтендірудің шетелдік тəжірибелері жəне республиканың аграршы ғалымдары өткізген зерттеулердің үйлесуінде ғана мүмкін, осы екі түрлі бағыт ұштасуында шаруа қожалығының қалыптасу ерекшеліктерін есепке ала отырып, олардың классификациясы мен өндірістік типтендіруіне барынша жалпы көзқарастарды анықтауға болады. Ғылыми əдебиетте ауылшаруашылық кəсіпорнының өндірістік типі деп жер өңдеу жəне мал шаруашылығы жүйелерінің жалпы маңызды сипаттары, сонымен қатар салыстырмалы түрде нақты аумақ, аймақ, облыс, ауданға тəн əрекет етудің біртекті табиғи жəне экономикалық шарттарымен ерекшеленетін жəне белгілі бір ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін біртекті шаруашылықтар жиынтығы түсініледі. Өндірістік типтендіру іс жүргізіп отырған ауылшаруашылық кəсіпорындарының əрекет етуінің заңдылықтарын тек үйренуге жəне қорытындылауға ғана емес, сонымен бірге болашаққа тиімді жағдайларды анықтауға да мүмкіндік береді.

Қазақстанда 2015 жылдың басына қарай шаруа қожалықтарының келесідей құрылымы қалыптасты. Оларға 27, 8 млн. га жалпы жер көлемі бекітілді, олардан ауылшаруашылығында пайдаланатын - 26, 9, оның ішінде 3, 9 млн. га шабындық (14%), 21 млн. га жайылым (75, 5%) . Онда 331, 6 мың адам, оның ішінде 35, 6 мың немесе 9, 3% жалдамалы жұмысшылар еңбек етеді. Шаруа қожалықтарының көпшілігі біржанұялы, жəне 63%-ды құрайды, 2-3 жанұялылар - 27, 0, көпжанұялылар - 10%. Орта есеппен бір шаруа қожалығына 434, 0 га ауылшаруашылық жерлері, оның ішінде 61, 0 га шабындықтан, 0, 5 трактор жəне 3-тен астам жұмысшымен қамтылған. Шаруа қожалықтарының 55% егін шаруашылығымен, басым көпшілігі астық өндірумен, 19 - мал шаруашылығында жəне 25% аралас бағытта. Шаруа қожалықтарында республикада 5, 0% ірі қара мал, 17, 0 - қой мен ешкі жəне 1, 0% шошқа өсірумен айналысады. Шаруа қожалықтарының рөлі сүт - 4, 7%, ет - 5, 8, жұмыртқа - 12% өндірумен шұғылданады. Астық өндіруде олардың үлесіне 15, 8%, көкөніс - 11, 4, шитті мақта - 30, 9, қант қызылшасы - 24, 5% көлемінен тиеді. Оның үлесінде ең салмақтысы темекі жапырағын өсіруде - 54, 4% жəне бақшалық өнімдер - 29, 0%. Егістік құрылымында аса үлкен үлесінде дəндік дақылдар алады (76, 2%), жем-шөп өндіру үлесіне егістік алаңының тек 16, 4% ғана тиеді. Фермерлік мал шаруашылығы əлі де жеке үй жанындағы шаруашылық деңгейінде ғана.

Елімізде фермер шаруашылықтарын құру - ол тек азық - түлік мәселелерін шешу ғана емес, сонымен қатар - экономиканың аграрлық секторындағы нарықтық қатынастар құрылуының қажетті бағыты және нарық механизмінің ынталандырушы рөлін орындаушы.

Аграрлы реформаның негізгі бағыттарының бірі - шаруа (фермер) қожалығының даму эволюциясы үшін алғышарт құру болып табылады. Ол форма өзі үлкен тиімділікпен жүзеге асуына мүмкіндік бар ауыл шаруашылық қызметінің әрбір түрі үшін тиімді ұйымдық - құқықтық рационалды форма болып саналады.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде аграрлық саясат принциптер арқылы орындалады. Ол принциптер экономикалық ғылым бойынша құрылады. Басқа сөзбен айтсақ - ауыл шаруашылық өндірісі экономикасының ерекшеліктері.

Нарықтық механизмде шаруашылықтың негізгі элементтері - бағасы, сұранысы, ұсынысы, бәсекелестігі мемлекет негізінде қарастырылады.

Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен шаруа қожалықтары түрлі нысандармен анықталады:

  • Өндірістік жанұялық кәсіпкерлік негізінде жұмыс атқаратын шаруа қожалығы, ол біріккен меншік базасында негізделеді;
  • жеке кәсіпкерлік принциптері бойынша құрылатын фермер шаруашылығы;
  • жергілікті қызметкерлердің арасындағы келіссөздің негізінде құрылатын және жүзеге асырылған фермер шаруашылығы.

Шаруашылық - ол қоғамдық топ ғана емес, сонымен қатар белгілі бір өнегелі, рухани байлықтарды сақтаушы болып табылады. Дүние жүзінде жанұялық фермалар қоғамдық тұрақтылықты сақтап тұратын институт есебінде жоғары деңгейде бағаланады.

Шаруа (фермер) қожалығы - Қазақстандағы шаруашылықтың ұйымдасқан формасы болып табылады. Халық шаруашылығында жүргізіліп отырған негізгі реформаның басты мақсаты - ауыл шаруашылық өнімдерінің тиімділігінің жоғарлауы, олардың көлемінің ұлғаюы, өнім сапасының жақсаруы, олардың өзіндік құны деңгейінің төмендеуі, халықты толығымен азық - түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, ал кәсіпорынды шикізатпен қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан шаруа (фермер) қожалығының қызметін ұйымдастыру - оның болашақтағы дамуына деген объетивті қажеттілік ретінде жүзеге асырылады.

Осыған байланысты келесі факторларды қарастырайқ, бұл факторлар шаруа (фермер) қожалығының ауыл шаруашылық кәсіпорнынан айырмашылығын көрсетеді:

  • шаруаның өндіріс құралдары мен өндіріс өнімдерінің меншігі;
  • шаруаның немесе фермердің жеке меншігі;
  • еңбек ұйымдастырудың жанұялық формасы;
  • кірістердің бір жыл ішіндегі жалпы көрсеткіші бойынша экономикалық тиімділікті анықтау;
  • ферманың территориясын жанұясымен құру;
  • өзіндік өндіріспен мал шаруашылығын қамтамасыз ету;
  • өндірістік қызмет нәтижесіне толық жауапершілік.

Қазақстандағы түрлі табиғи шарттарының мәні аймақ бойынша ғана емес, сонымен қатар олардың ішіндегі шаруа қожалығының даму саласын реттеп көрсетеді.

Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі кәсіпкер шаруа (фермер) қожалығының басшысы. Ал шаруа қожалығы экономикалық пайда қағидасына негізделген еркін кәсіпкерліктің бір түрі.

Қазақстан Республикасында меншік иесі иелігіндегі мүлікті иемденіп пайдаланып және өз мүмкіндігіне қарай бөле алу заңмен бекітілген.

Қазақстан Республикасында шаруа (фермер) қожалықтарының күш алып кең таралуына 1990 жылы 21 мамырда қабылданған «Шаруа шаруашылығы» туралы заңы ұйытқы болды . Бұл заң Қазақстанда алғаш рет шаруа (фермер) қожалықтарының дамуының негізгі қағидалары мен олардың шаруашылық дербестігін жəне əлеуметтік əділеттілік құқығы мен заңды мүдделерінің қорғалуына кепілдік бере отырып қызметінің бағытын, оның өзге аграрлық кəсіпкерлік субъектілерінен ерекшелігін, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамытуда басымдыққа ие болатынын айқындап берді. Осы заңға сəйкес шаруа шаруашылығына «ауыл шаруашылығын бірлесіп жүргізетін адамдардың семьялық, еңбек бірлестігі» - деген анықтама берілді.

Ал 1998 жылы 31 наурызда қабылданған шаруа (фермер) қожалығы туралы заңында бұл анықтама толықтырылып, шаруа (фермер) қожалығы азаматтардың жеке кəсіпкерлікті жүзеге асыруы ауылшаруашылығына арналған жерлерде, ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен, сондай-ақ осы өнімді ұқсатумен жəне өткізумен тығыз байланысты отбасылық еңбек бірлестігі ретінде танылды. Онда шаруа (фермер) қожалығының бірнеше нысандарда құрылуы мүмкін екендігі де нақты көрсетілді.

Қазіргі уақытта шаруа (фермер) қожалықтарының қызметі 2015 жылдың 29 қазанында қолданысқа енгізілген «Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексінде» реттеледі. Ол заңның 41-бабында шаруа немесе фермер қожалығы ұғымына келесі анықтама берілген: «тұлғалардың дара кәсiпкерлiктi жүзеге асыруы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру үшін пайдалануға, сондай-ақ осы өнiмдi қайта өңдеумен және өткiзумен тығыз байланысты еңбек бiрлестiгi шаруа немесе фермер қожалығы деп танылады».

2 «Боранбай» шаруа қожалығының экономикалық және қаржылық жағдайын талдау

2. 1 «Боранбай» шаруа қожалығының экономикалық жағдайының сипаттамасы

«Боранбай» шаруа қожалығы Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Сілеті ауылында орналасқан. Бұл жеке шаруа қожалық 2000 жылы 20 сәуірде құрылып және Ресстре №981 мемлекеттік тіркеуге тіркелген. Қожалықтың мөрі, дербес балансы, банктерде шоттары, өз фирмалық атауы жазылған бланкілері бар.

Қожалықтың директоры Қазақтан Республикасының азаматы Камалиев Джамбул Боранбаевич.

Шаруа қожалығы 920 га жер көлемін қолданып отыр және барлық техниканың түрлері: жеңіл - жүк көліктер, комбайндар, шөп шапқыштар, культиваторлар, жер жыртқыштар, тракторлар тағы басқа техникалар және 600 тонналық астық қоймасы бар. Шаруа қожалығында жыл сайын шамамен 75 адам жұмыс істейді.

Кәсіпорын екі салада қызмет жасайды:

  • Өсімдік шаруашылығы;
  • Мал шаруашылығы.

«Боранбай» шаруа қожалығы Ерейментау ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өткізумен айналысады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың шетелдік тәжірибелері
Аграрлық құқықтық қатынастарды мемлекеттік құқықтық реттеу тетігі
Аграрлык реформа және ауыл шаруашылығындағы экономикалық тұрақтылық
ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІККЕ САЛЫҚ САЛУ ЖҮЙЕСІ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІ ҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ШАРУА ФЕРМЕР ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕР ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ КАДАСТРЛЫҚ БАҒАЛАУ ЖОЛЫ
Агробизнесті мемлекеттік реттеу
Агробизнес қалыптасу және қызмет ету жағдайлары
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары
Шаруа (фермер) қожалығының кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері
Шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыру жұмыс жобасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz