Денсаулық сақтау саласын басқаруды жақсартудағы қаржылық реттеу бағыттары
Ф. 4-51
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Баишев университеті
Төреғалиева Ш.Қ.
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В051000 - Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы
Ақтөбе 2019
Ф. 4-52

Қорғауға жіберіледі
Әлеуметтік-құқықтық пәндер
Және мемлекеттік басқару
кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к.
________________Б.М.Шукурова
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру
5В051000 - Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша
Орындаған Ш.Қ.Төреғалиева
Ғылыми жетекші А.К. Шукуров
аға оқытушы, э.ғ.к
Ақтөбе 2016
Мазмұны
Кіріспе
4
1 Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесінің теориялық аспектілері
6
0.1 Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласының жалпы мазмұны
6
0.2 Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласын реформалау негіздері
14
0.3 Денсаулық сақтау жүйесінің экономикасы жəне оның негізгі
міндеттері
22
2 Денсаулық сақтау саласын басқаруды жақсартудағы қаржылық реттеу бағыттары
28
2.1 Денсаулық сақтау саласы қызметінің экономикалық- қаржылық
көрсеткіштерін талдау
28
2.2 Денсаулық сақтау саласын жетілдірудегі аймақтық органдардың рөлі
47
2.3 Аймақтық денсаулық сақтау саласын дамытудағы ерекшеліктері
52
3 Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласын дамытудағы өзекті мәселелер
59
3.1 Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесінің
дамуы
3.2 Аймақтағы денсаулық сақтауды дамытудағы әлеуметтік мәселелері
59
3.3 Аймақтық денсаулық сақтау саласын жетілдірудің тиімді жолдары
67
Қорытынды
72
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
76
Кіріспе
Халық денсаулығының жай-күйi қоғамның әлеуметтiк бағдарлылығының, мемлекеттiң өз азаматтарының алдындағы жауапкершiлiк дәрежесiн сипаттайтын әлеуметтiк кепiлдiктерiнiң интегралды көрсеткiшi болып табылады.
Қазақстан, мемлекеттiк қалыптасуы кезеңiнде елеулi экономикалық құлдырауға ұшырап, әлеуметтiк салада, соның iшiнде кеңес уақытында құрылған және негiзiнен жұмыстың сандық көрсеткiштерiне бағдарланған медициналық ұйымдардың икемсiз жүйесiнен тұратын денсаулық сақтау жүйесiнде елеулi оңтайландыру жүргiздi.
Соңғы жылдары Қазақстан едәуiр экономикалық өсуге қол жеткiздi, осының нәтижесiнде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру елеулi өстi (соңғы үш жылда екi рет), сондай-ақ олардың одан әрi дамуының перспективалары жасалды. Әлеуметтiк бағдарлана отырып мемлекет бұдан әрi де саланың дамуына елеулi түрде көңiл бөлуге ниеттенедi.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегi бойынша азамат денсаулығының тек 8-10 %-i ғана денсаулық сақтау жүйесiнiң жұмысына байланысты екендiгiне қарамастан, мемлекеттiң қоғамдық денсаулық сақтау жөнiндегi күш-жiгерi экономикалық және әлеуметтiк прогреске қарай өсе түсуге тиiс.
Осыған байланысты денсаулық сақтауға азаматтардың өздерiн, жұмыс берушiлердi тарту және денсаулық сақтау саласында iс-шаралар жүргiзудi сектораралық үйлестiрудi күшейту маңызды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауларының барлығында денсаулық сақтау саласы да басты назарға бөленіп отырғаны баршамызға мәлім.
Сол себептен, бұл дипломдық жұмыстың өзектілігі мен маңыздылығы өзінің ізденісін қажет етеді.
Жалпы жұмыстың мақсаты - елімізде жүргізіліп отырған денсаулық сақтау саласындағы реформалардың негіздерін, денсаулық сақтау саласының қазіргі жай - күйін, аймақтық денсаулық сақтау саласының экономикалық көрсеткіштері мен оны жетілдірудің негізгі мәселелерін, денсаулық сақтауды дамытудағы әлеуметтік мәселелері кеңінен қарастыру болып табылады.
Жұмыстың міндеттері:
- Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласының жалпы мазмұнын теориялық тұрғыда баяндау;
- Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласын реформалау негіздерін сипаттау;
- Денсаулық сақтау жүйесінің экономикасы жəне оның негізгі міндеттерін ажырату;
- Денсаулық сақтау саласын дамытудағы аймақтық жергілікті органдардың ұйымдық - құқықтық құрылымын көрсету;
- Аймақтық денсаулық сақтау саласының экономикалық - қаржылық жағдайын зерттеу;
- Аймақтық денсаулық сақтау саласын дамытудағы ерекшеліктердің маңыздылығын анықтау;
- Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік мәселелердің өз желісін саралау;
- Аймақтық денсаулық сақтау саласын жетілдірудің тиімді жолдарын ұсыну;
- Аймақтық денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік мәселелердің шешілу жолдарын ұсыну;
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - ҚР денсаулық сақтау саласы және Ақтөбе облысы бойынша денсаулық сақтау саласы.
Дипломдық жұмыстың зерттеу әдістері: теориялық талдау жасау, экономикалық - әлеуметтік салыстыру әдістері қамтамасыз етілді.
Дипломдық жұмыс құрылымы бойынша кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделеді, жұмыстың мақсаты, нысаны, пәні анықталады, зерттеу міндеттері мен болжамы, құрылымы, әдіснамалық негізі, басты идеясы, ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі, зерттеу әдістері көрсетіледі.
Бірінші тарауда Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласының жалпы мазмұны, реформалау негіздері, денсаулық сақтау жүйесінің экономикасы жəне оның негізгі міндеттері сипатталған.
Екінші тарауда Денсаулық сақтау саласын дамытудағы аймақтық жергілікті органдардың ұйымдық - құқықтық құрылымы, экономикалық - қаржылық жағдайы, дамытудағы ерекшеліктері талданған.
Үшінші тарауда Аймақтағы денсаулық сақтауды дамытудағы әлеуметтік мәселелері, жетілдірудің тиімді жолдары қарастырылған.
Қорытындыда болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары мазмұндалады. Ғылыми әдістемелік ұсыныстар беріледі және зерттеуді қажет ететін әлеуметтік мәселелердің маңызды бағыттары көрсетіледі.
1 Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласының әлеуметтік маңыздылығы
1.1 Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласының жалпы мазмұны
Қазіргі күнге дейін денсаулық деген түсініктің біркелкі алынған дәлелді анықтамасы болмағандықтан, адамдардың денсаулығына дұрыс баға беру біршама қиындық туғызады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жарғысы бойынша, денсаулық деп аурушаңдық пен дене бітімінде кемшіліктердің бар не жоғы ғана емес, сонымен қатар адамдардың толық физикалық, әулеметтік және рухани қолайлы жағдайларын түсінеміз. Академик В.П.Казначеевтің жеке бас денсаулығы туралы анықтамасы бұдан да толығырақ: денсаулық дегеніміз, организмнің ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің, әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас етекщеліктеріне сәйкес дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы.
Денсаулық - физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік болып бөлінеді.
Физикалық саулық дегеніміз - адам организмінде функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық үрдістердің келісімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежелі жағдайда болуы.
Психикалық саулық - ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылу адам өмірінің мақсаты болуын болжайды.
Әлеуметтік саулық - адамның әлеуметтік белсенділігінің, яғни жеке адамның айналадағы өмірмен біте қайнау дәрежесі.
Денсаулық, қалып (норма) деген ұғымдар бір-біріне ұқсас. Қалып - дені сау адам баласының бәріне бірдей тұрақты мақсат ететін үлгі болатындай денсаулықтың көрсеткіштері. Денсаулық жағдайын бағалау үшін жасқа байланысты жеке адамдардың қалып көрсеткіштері пайдалынылады. Жасқа байланысты қалып көрсеткішін анықтау үшін белгілі көрсеткіштің әрбір жастағы адам топтарының орташа көрсеткіші есептеліп шығарылады. Әрбір топта табылған орташа көрсеткішті қалып стандарт етіп алады. Бірнақ та бір топқа кірген адамдардың көрсеткіштерінің бір- бірінен айырмашылығы әжептеуір болуы мүмкін. Өйткені, олардың жыныстық, кәсіптік, тұрған жерінің, өмір салтының т.б. айырмашылықтары болады. Орташа көрсеткіштерді анықтағанда, айтылған айырмашылықтарды да еске алған жөн. Осыған орай қалып деген ұғым денсаулық деген ұғым тәрізді әр адамның жеке басына ғана тән көрсеткіштері болмақ [1].
Денсаулықтың белгілеріне демографиялық көрсеткіштерді, аурушаңдықты, дене бітімінің дамуын жатқызады. Халықтың денсаулығына берілген осы белгілердің ішінде, әсіресе, демографиялық көрсеткіштер (туып-көбею, өлім, ғұмыр жастың орташа ұзақтығы) ерекше күдік туғызады. Кейбір елдерде туып-көбеюді жасанды түрде азйту денсаулықтың көрсеткіштерінің жоғары болуына сәйкес келеді.
Сондықтан денсаулыққа баға беру үшін туып-көбеюді жеке алып қарамай, басқа көрсеткіштермен бірге, кешенді түрде қараған дұрыс. Халықтың денсаулығын сипаттау үшін көбінесе аурушаңдықтың көрсеткіші алынады. Бұл туралы мәліметтерді ресми статистикалардан және арнаулы зертеулер жүргізу арқылы анықтауға болады. Көбінесе, осы мақсатқа жалпы жинақтаған әр түрлі пайыздық көрсеткіштерді таңдап, іріктеп алу тәсілі жиі қолданылады. Зерттеу мақсатына байланысты өз еркімен келіп қаралғандар, уақытша еңбекке жарамсыздық алғандар, ауруханаға алынғандар т.б. есепке алынады.
Адамдардың денсаулығы - динамикалық құбылыс. Қоғамның күш-жігері организмнің өмір сүруіне кері әсер ететін әр түрлі қолайсыз факторларды азайтуға немесе оларды толық жойып жіберуге мол мүмкіндігі бар.
Қазақстан Республикасында тәуелсiздiк жылдарында саланы реформалау қадамдары бiрнеше мәрте жасалды. Айталық, 1996-1998 жылдары денсаулық сақтау жүйесiне принциптi түрдегi жаңа екi элемент: сатып алушы мен сатушы қатынастарының және медициналық көмектiң көлемi мен сапасына байланысты сараланған еңбекақы төлемiнiң пайда болуына мүмкiндiк туғызатын денсаулық сақтауды қаржыландырудың бюджеттiк-сақтандыру моделi енгiзiлген болатын. 1999 жылдан бастап бөлінетін қаражатқа байланысты түпкiлiктi нәтижеге бағдар ұстануға мүмкіндік беретiн бағдарламалық қаржыландыру енгiзiлдi. Сонымен бiрге, реформаларды талдау көрсеткендей, олар елеулi өзгерiстерге бағытталмады, өзiнің қисынды ақырына жеткiзiлген жоқ, және денсаулық сақтау жүйесіндегі жағдайды түбегейлi өзгерте алмады.
Саланы басқару құрылымында соңғы жылдары болып өткен өзгерістер арасынан Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігiн қалпына келтiрудi, Фармация комитетiн, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсiп пен оның аумақтық бөлiмшелерiн, сондай-ақ бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мен санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және зертханалық зерттеулер жүргiзетiн мемлекеттiк ұйымдар қызметiне бөле отырып, Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiн құруды атап өту керек. Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiне: азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлдi орталық атқарушы орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың денсаулық сақтауды басқару органдары жатады.
Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiне сондай-ақ мемлекет меншiгiндегi және мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiнiң басқару органдарына бағынышты амбулаториялық-емхана, аурухана ұйымдары, медициналық-санитариялық бөлiмдер, ана мен баланы қорғау, медициналық жедел жәрдем, сот-медициналық сараптама ұйымдары, диспансерлер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу, санитариялық-эпидемиологиялық, санаторий-курорттық, фармацевтикалық ұйымдар, материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметтерi және өзге де ұйымдар жатады [2].
Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiне, азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлдi орталық атқарушы органын қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа да министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де орталық атқарушы органдары мен ұйымдары құратын емдеу-профилактикалық және фармацевтика ұйымдары енедi.
Өздерiнiң ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiнiң ұйымдары, жеке медициналық ұйымдар заңды тұлғалар болып табылады және өздерiнiң қызметiн осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырады.
Жеке денсаулық сақтау практикасымен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға жеке меншiктегi емдеу-профилактикалық, санаторий-курорт, дәрiхана ұйымдары және медициналық техника ұйымдары, сондай-ақ жеке медициналық және фармацевтикалық практикамен айналысатын жеке адамдар жатады.
Жеке медициналық және фармацевтикалық практикамен айналысатын заңды және жеке тұлғалар өздерiнiң қызметiн осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырады. Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiнiң ұйымдары, жеке медициналық практикамен және халықтық медицинамен (емшiлiкпен) айналысатын жеке ұйымдар мен жеке адамдар өздерiнiң қызметiн таңдаған қызмет түрiне лицензиясы болғанда ғана жүзеге асырады. Лицензия беру тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
Халықтың экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық қолайлылығы мен радиациялық қауiпсiздiгi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк уәкiлдi органдардың және жұмыс берушiлердiң кешендi шаралар жүргiзуi арқылы қамтамасыз етiледi.
Азаматтарға ақысыз медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң қолайлығын және оны алуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiнiң негiзiн:
- фельдшерлiк-акушерлiк пункт (дәрiгерге дейiнгi көмек);
- дәрiгерлiк амбулатория, емхана және учаскелiк аурухана (дәрiгерлiк көмек);
аудандық орталық аурухана, диспансерлер (бiлiктi дәрiгерлiк көмек);
- облыстық аурухана, қалалық аурухана, диспансерлер, жедел медициналық жәрдем ауруханалары мен станциялары, республикалық орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарының клиникалары (мамандандырылған дәрiгерлiк көмек) құрайды.
Лицензиясы болған жағдайда заңды және жеке тұлғалардың медициналық ұйымдардың басқа да түрлерiн ашуына рұқсат етiледi.
Халыққа медициналық жәрдем көрсету: алғашқы медициналық-санитариялық көмектi, мамандандырылған медициналық көмектi, медициналық-әлеуметтiк көмек пен оңалтуды қамтиды.
Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiне кiретiн арнайы медициналық ұйымдар (жедел медициналық жәрдем станциялары мен бөлiмдерi) өмiрге қауiп төнген жағдайларда, бақытсыз жағдайларда және ауыр сырқаттанған кезде ересектер мен балаларға тегiн жедел медициналық көмек көрсетедi.
Алғашқы медициналық-санитариялық көмек медициналық қызмет көрсетудiң әрбiр азамат үшiн негiзгi қолайлы және тегiн түрi болып табылады және ол неғұрлым кең таралған ауруларды, жарақаттарды, улануды және кiдiртуге болмайтын басқа да жай-күйлердi емдеудi, бала тууға жәрдемдесудi, санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар жүргiзудi, аса елеулi аурулардың медициналық профилактикасын, санитариялық-гигиеналық бiлiм берудi, отбасын, ананы, әке мен баланы қорғау жөнiнде шаралар жүргiзудi, тұрғылықты жерi бойынша медициналық көмек көрсетуге байланысты басқа да шаралар жүргiзудi қамтиды.
Мамандандырылған медициналық көмектi азаматтарға диагностиканың, емдеудiң арнаулы әдiстерiн және күрделi медициналық технологияларды пайдалануды қажет ететiн аурулар кезiнде амбулаториялық-емханалық және стационарлық ұйымдар көрсетедi.
Медициналық-әлеуметтiк көмек медициналық-әлеуметтiк үлгiдегi ұйымдар желiсiн құру және дамыту, тұрғын үй-тұрмыстық жеңiлдiктер беру, жұмыс iстейтiндердi сауықтыру жөнiндегi медициналық ұсыныстарды жұмыс берушiлердiң орындауын қамтамасыз ету, еңбек пен тамақтанудың ұтымды режимiн ұйымдастыру жөнiндегi шаралар жүйесiн қамтиды.
Туа бiткен және жүре пайда болған, асқынған және созылмалы аурулардан және алған жарақаттар салдарынан зардап шегушi азаматтарды медициналық, дене қуатын, психологиялық және әлеуметтiк жағынан оңалту тиiстi емдеу-профилактикалық және сауықтыру ұйымдарында көрсетiледi.
Әлеуметтiк жағынан елеулi аурулардан және айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулардан зардап шегетiн азаматтарға медициналық-әлеуметтiк жәрдем, диспансерлiк қадағалау тегiн және жеңiлдiктi жағдаймен жасалады [3].
Әлеуметтiк жағынан елеулi аурулар және айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Әлеуметтiк жағынан елеулi аурулардан және айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулардан зардап шегетiн азаматтарға медициналық-әлеуметтiк жәрдем жасау түрлерi мен көлемiн Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлдi орталық атқарушы органы белгiлейдi.
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi:
1) халықтың денсаулығын ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету факторларына жатқызу;
2) азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтарын сақтау және оларды мемлекеттiк кепiлдiктермен қамтамасыз ету;
3) әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына қарамастан халықтың медициналық көмекке қол жетiмдiлiгi;
4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету;
5) азаматтардың денсаулығын ғұмыр бойы сақтау саласындағы мемлекеттiк реттеу және мемлекеттiк бақылау;
6) азаматтардың медициналық көмек алуындағы әлеуметтiк әдiлдiк пен теңдiк;
7) азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы мұқтаждықтарына денсаулық сақтау жүйесiнiң ықыластылығы;
8) мемлекеттiк органдардың азаматтардың денсаулығын сақтау мен тыңайтуды қамтамасыз етуге жағдай жасау жолындағы жауапкершiлiгi.
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi мiндеттерi:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарын тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiмен қамтамасыз ету;
2) дәрiлiк заттардың тиiмдiлiгiн, қауiпсiздiгi мен сапасын қамтамасыз ету;
3) отандық медициналық және фармацевтикалық өнеркәсiптi дамытуды қамтамасыз ету;
4) оқытудың осы заманғы технологияларын пайдалана отырып, медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудiң үздiксiздiгi мен сабақтастығын қамтамасыз ету;
5) республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде денсаулық сақтау саласындағы қаржыландыру нормативтерiн белгiлеу;
6) медициналық ұйымдардың медициналық көмек көрсетудегi iс-қимылдарының сабақтастығы;
7) денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды белгiлеу;
8) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-зерттеу қызметiн, ақпараттық және коммуникациялық жүйелердi мемлекеттiк қолдау;
9) медициналық ғылым мен техниканың осы заманғы жетiстiктерiне, емдеудiң жаңа технологияларына сәйкес медициналық көмек көрсету;
10) халықтың әлеуметтiк шетiн топтарындағы азаматтардың, оның iшiнде аналардың, балалардың, мүгедектердiң және зейнеткерлердiң денсаулығын сақтау жөнiндегi шараларды ұйымдастыру және өткiзу;
11) халықтың денсаулық жағдайы мен өмiр сүру ортасының факторлары туралы статистикалық және өзге де ақпаратты беру;
12) көрсетiлетiн медициналық қызметтердiң сапасы мен толымдылығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдарының өзге де талаптарының сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
13) азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына:
1) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн алуға;
2) алғашқы медициналық-санитарлық көмекке бiрдей қол жеткiзуiне;
3) мемлекеттiк және жекеше емдеу ұйымдарында, сондай-ақ жекеше медициналық ic-тәжiрибемен шұғылданатын жеке тұлғалардан ақылы медициналық көмек алуға;
4) санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылыққа;
5) бiрыңғай денсаулық сақтау стандарттары бойынша тегiн және (немесе) ақылы негiзде көрсетiлетiн медициналық көмектiң сапасына, мазмұнына және көлемiне;
6) медициналық және дәрiгерлiк көмек көрсету, фармацевтикалық өнiмдi шығару және өткiзу бөлiгiндегi кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгi құқығына кепiлдiк бередi.
Қазақстан Республикасының Yкiметi:
1) денсаулық сақтауды дамыту жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
2) денсаулық сақтау, медицина ғылымы, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласындағы бағдарламаларды әзiрлейдi және олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi;
3) өз құзыретi шегiнде денсаулық сақтау саласында нормативтiк құқықтық актiлер шығарады;
4) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң тiзбесiн бекiтедi;
5) медициналық қызметтiң сапасын бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн бекiтедi;
6) заңдарда белгiленген, азаматтардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн алуын қамтамасыз етедi;
7) медициналық, дәрiгерлiк және фармацевтикалық қызметтiң бiлiктiлiк талаптары мен лицензиялануының тәртiбiн бекiтедi;
8) халықтың тығыздығы мен елдi мекендердiң шалғайлығына қарай денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң мемлекеттiк нормативiн бекiтедi;
9) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеудiң, аттестаттаудың және сәйкестiктi растаудың тәртiбiн айқындайды;
10) азаматтарды дәрiлiк заттармен қамтамасыз етудiң тәртiбiн айқындайды;
11) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету үшiн дәрiлiк заттар сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзудiң тәртiбiн айқындайды;
12) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету бойынша медициналық қызметтер көрсетудi сатып алудың тәртiбiн айқындайды;
13) денсаулық сақтау ұйымдарында тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн және ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарттың үлгi нысанын бекiтедi;
14) бюджет қаражаты есебiнен медициналық ұйымдардың шығындарын өтеу тәртiбiн айқындайды;
15) мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң жүйесi мен шарттарын айқындайды;
16) денсаулық сақтау саласындағы техникалық регламенттердi бекiтедi.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган:
1) денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласында мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi;
2) ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметiне басшылық жасауды жүзеге асырады;
3) ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарының, оның iшiнде бiлiм беру және ғылыми ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттары мен үлгiлiк оқу бағдарламаларын бекiтедi;
5) денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласындағы бағдарламаларды iске асырады;
6) азаматтар денсаулығының мүддесiне орай салааралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
7) медициналық көмек көрсету тәртiбiн айқындайды;
8) техникалық регламенттердi қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, нормативтiк құжаттарды және есепке алу-есеп беру құжаттамасының нысандарын бекiтедi;
9) денсаулық сақтау стандарттарын әзiрлейдi және бекiтедi;
10) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк статистикалық есепке алу мен есептiлiктiң жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi;
11) медициналық ұйымдардың өзара iс-қимыл тәртiбiн айқындайды;
12) тәуелсiз сараптама жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
13) медициналық қызметтердi, профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарын жарнамалаудың ережесiн бекiтедi және олардың жарнамасына рұқсаттар берудiң тәртiбiн айқындайды;
14) денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасын, олардың қызметi туралы ережелердi; медициналық және фармацевтикалық мамандықтардың номенклатурасы мен бiлiктiлiк сипаттамаларын; денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымын, үлгi штаттарын және штат нормативтерiн; халыққа медициналық қызмет көрсету көлемi мен деңгейiнiң нормативтерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
15) денсаулық сақтау стандарттарының, сондай-ақ медициналық, дәрiгерлiк қызметпен айналысу, емдiк препараттарды (жануарлардың, құрамында есiрткi және психотроптық заттар жоқ өсiмдiктер мен шөптердiң емдiк өнiмдерiн өсiру, жинау және сатудан басқа) дайындау мен сату жөнiндегi лицензиялау ережелерiнiң сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
16) медицина және фармацевтика ғылымының дамуын қамтамасыз етедi және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметтi үйлестiредi;
17) бiлiктiлiк емтихандарын өткiзу тәртiбiн айқындайды;
18) жоғары оқу орнынан кейiнгi медициналық және фармацевтикалық бiлiмi бар мамандарды, оның iшiнде шет елдерде даярлаудың, медицина және фармацевтика кадрларының бiлiктiлiгiн арттырудың және қайта даярлаудың тәртiбiн айқындайды;
19) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiн үйлестiредi;
20) денсаулық сақтау саласында, оның iшiнде дәрiлiк заттардың айналымы саласында республикалық ақпараттық және коммуникациялық жүйелердiң құрылуы мен жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
21) ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыруды қамтамасыз етедi;
22) салалық көтермелеу жүйесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
23) медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласындағы қызметпен айналысуға лицензиялауға қорытынды бередi және лицензиялауға қатысады;
24) конкурстық негiзде медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастырады;
25) конкурстық негiзде денсаулық сақтау кадрларының бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға мемлекеттiк тапсырысты орналастырады;
26) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шеңберiнде көрсетiлетiн медициналық қызметтер тарифтерiн қалыптастырудың және шығындарын жоспарлаудың әдiстемесiн айқындайды;
27) денсаулық сақтау, оның iшiнде медицина ғылымы мен медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
28) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету үшiн дәрiлiк заттар мен қызметтер сатып алу жөнiндегi тендерлiк құжаттаманы бекiтедi;
29) техникалық регламенттердi әзiрлейдi.
Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган:
1) медициналық қызметтер көрсету мәселелерi бойынша нормативтiк-техникалық құжаттар қабылдайды;
2) медициналық қызметтер көрсету саласын бақылауды жүзеге асырады;
3) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мен дәрiлiк заттар сараптамасын қоспағанда, медициналық сараптаманың жүргiзiлуiне бақылауды жүзеге асырады;
4) дәрiлiк заттарды қоспағанда, медициналық қызметтердiң, сондай-ақ профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдары жарнамасын бақылауды жүзеге асырады;
5) медициналық қызмет саласындағы бiлiктiлiк талаптарының және лицензиялау ережелерiнiң сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
6) денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық емделуде жатқан науқастарға дәрiлiк заттардың белгiленуiн бақылауды жүзеге асырады;
7) денсаулық сақтау субъектiлерiн аккредиттеудi жүзеге асырады;
8) денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiн бағалауға тәуелсiз сараптама жүргiзу үшiн жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеудi жүзеге асырады;
9) әртүрлi бейiндегi мамандар арасынан тәуелсiз сарапшылардың деректер банкiн қалыптастырады;
10) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды ұйымдастырады және өткiзедi;
11) денсаулық сақтаудың жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының, денсаулық сақтаудың республикалық ұйымдарының және олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларын, сондай-ақ басшылардың орынбасарларын кәсiби бiлiктiлiкке аттестаттауды жүргiзедi;
12) республикалық маңызы бар ұйымдар атқаратын жұмыстар мен қызметтер көрсету және уақытша еңбекке қабiлетсiздiк сараптамасы, сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркология сараптамасы бөлiгiндегi медициналық қызметтi лицензиялауды жүзеге асырады;
13) медициналық бiлiмi бар мамандар үшiн бiлiктiлiк санатын беруге емтихан өткiзедi;
14) дәрiлiк құралдарды қоспағанда, профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарының денсаулық сақтау практикасында қолданылуына рұқсаттар беру мен бақылауды жүзеге асырады;
15) клиникаға дейiнгi және клиникалық базалар тiзбесiн бекiтедi;
16) жеке тұлғаларға халық медицинасымен (емшiлiкпен) айналысуға куәлiктер бередi;
17) азаматтардың көрсетiлетiн медициналық көмек пен медициналық қызметтер көрсетудiң деңгейi мен сапасына қанағаттану дәрежесiн айқындайды;
18) азаматтардың көрсетiлген медициналық көмек сапасы мәселелерi бойынша шағымдарын қарайды
19) өз құзыретi шегiнде денсаулық сақтау субъектiлерiне әкiмшiлiк жазалар қолданады;
20) профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарын енгiзудi үйлестiрудi және бақылауды жүзеге асырады;
21) медициналық қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысады [4].
1.2 Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласын реформалау негіздері
Қазақстан Республикасы халқы денсаулығының жай-күйі, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және денсаулық сақтау жүйесiнiң дамуы соңғы онжылдықта оң үрдiстермен де, сол сияқты терiс үрдiстермен де сипатталды.
Соңғы жылдары негiзгi медициналық көрсеткiштердi - тууды, өлiм-жiтiмдi, өмiр сүрудің орташа ұзақтығын тұрақтандыруға қол жеткiзiлдi. Жұқпалы аурулармен ауыру төмендедi. Денсаулық сақтау саласында бiрқатар реформалар жүргiзiлді, олардың бір бөлiгi табысты iске асырылды, басқалары өзiнiң қисынды жалғасына жетпеді. Соңғыларына мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiн құруды, отбасылық медицина моделiне көшуге әрекеттенудi жатқызуға болады. Солардың арасынан саланың нормативтiк құқықтық базасын құруды, денсаулық сақтауды қаржыландырудың елеулi ұлғаюын оң өзгерiстер ретiнде атап өткен жөн, бұл бірқатар қазiргi заманғы клиникалардың құрылысын жүзеге асыруға, медициналық ұйымдарға күрделi жөндеулер жүргiзуге және олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсартуға, емдеу-диагностикалық процесіне жаңа медициналық технологиялар енгiзуге мүмкiндiк туғызды. Медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсарту және оның қолжетімділігін арттыру нәтижесiнде бiрқатар жұқпалы және басқа да ауруларға қатысты халық денсаулығының жай-күйінде оң үрдiстерге қол жеткізілді. Алайда республика халқының денсаулық жағдайы өлшемiнiң көптеген бөлігі қанағаттанғысыз болып отыр.
Халық денсаулығының қазіргі заманғы жағдайына және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне жүргізілген талдау негізінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған Денсаулық мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) стратегиялық басым бағыттары және іске асыру тетіктері анықталды.
Бағдарламада ведомствоаралық және сектораралық ықпалдастықты ескере отырып, жоспарланған іс-шараларды орындауды заңнамалық, инвестициялық, құрылымдық, экономикалық және кадрлық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар көзделген. Саланың нарықтық қатынастарға бейімдеу көзделген: меншік нысандарының көптұрпаттылығын дамыту, медициналық қызметтердің нарығын құру, медициналық ұйымдардың арасындағы бәсекелестік қатынастар.
Бағдарламаны іске асыру медициналық қызмет көрсетудің аз шығынды нысандарына өту үшін жағдай жасау, саланың профилактикалық бағыттылығын қамтамасыз ету, медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасының деңгейін арттыру, арнайы әлеуметтік қызметтерді енгізу, халықтың өзін өзі сақтау мінез-құлқының дәйектемесі, медицина қызметкерлері құрамының кәсіптік және жеке өсуі, денсаулық сақтау жүйесін қоғамның қазіргі талаптарына және нарықтық жағдайларына бейімдеу үшін жағдай жасау арқылы денсаулық сақтау жүйесін қарқынды дамытуға ықпал ететін болады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Нұрлы жол - болашаққа бастар жол 2014 жылғы Жолдауында Денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық - алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту. Міндетті медициналық сақтандыру енгізу мәселесін зерттеген жөн. Мемлекеттің, жұмыс берушілердің және қызметкердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі - медициналық қызметтің барлық жүйесінің басты қағидаты. Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу - аурудың алдын алудың негізі - делінген.
Денсаулық сақтауды тұрақты дамтуды қамтамасыз ету жəне тиімділікті арттыруды ынталандырудың ішкі тетіктерін іске қосу үшін 2015 жылға қарай денсаулық сақтауға мемлекеттік шығыстарды ЖІӨ-нің 4 пайызына дейін кезең-кезеңімен көтеру көзделеді.
Бірінші кезеңде саланы қаржыландыру жүйесінде бұрын қабылданған шешімдер іске асырылып, сондай-ақ қаражатты тиімді пайдалануға, жүйеге инвестиция тартуға жəне өңіраралық теңестіруге бағытталған қаржыландыру саясаты əзірленетін болады.
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне сəйкес денсаулық сақтауды басқарудың облыстық органы бірыңғай төлеушінің функциясын атқаратын болады, ол өңірлердің ішкі стационарларында БМСК-ге жан басына шаққандағы нормативтер мен емдеу тарифтерін теңестіруге мүмкіндік туғызып, медициналық көмек көрсетулердің сапасына бақылауды қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызмет көрсетулерді орталықтандырылған сатып алу жөніндегі өкілеттігін төменгі деңгейге береді.
БМСК ұйымдары үшін жан басына шаққандағы нормативтер осы деңгейдегі медициналық көмектің қажетті көлемі, бекітіліп берілген тұрғындардың жынысы мен жас құрамы жəне өңірлік ерешеліктерді білдіретін басқа да факторлар ескеріле отырып айқындалатын болады. Жан басына шаққандағы нормативтерді толықтыруды қамтамасыз ету мақсатында оны жыл сайын ұлғайта отырып 2017 жылы оңтайлы деңгейге дейін арттыру жүзеге асырылатын болады. Кезең-кезеңімен, БМСК деңгейінде көрсетілетін көмек көлемінің өсуіне қарай, БМСК көрсетуге бағытталған қаражат үлесі өсетін, оның ішінде ауру түрлері мен халықтың жекелеген санаттары бойынша ауру адамдарға амбулаторлық деңгейде ақысыз жəне жеңілдікті дəрі-дəрмекпен қамтамасыз етуді ұсыну жолымен өсетін болады. 2017 жылы ақысыз медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін көрсетуге қосымша шығындардың шеңберінде бөлінген 15 млрд. теңге көлеміндегі қаражаттың бір бөлігі БМСК ұйымдарын қаржыландыруға бағытталатын болады.
Нəтижені бағалауға мүмкіндік беретін жəне ынталандыру мен жазалаудың қаржылық құрамдас бөліктерін іске қосатын көрсеткіштер мен индикаторлардың жүйесі негізінде құрылған, ресурстарды пайдалану тиімділігі мен сапа мониторингінің ұлттық жүйесі 2016 жылы əзірленіп, 2017 жылдан енгізілетін болады.
Медициналық көмек жеткізушілерді қаржыландыру əдістері əртүрлі деңгейдегі жеткізушілер үшін дұрыс ынталандыруды қамтамасыз етуге тиіс: стационарлар үшін қуаттылығына емес, қызмет көрсетулерге төлеу, ал БМСК үшін медицина ұйымдары қызметінің алдын алушылық бағыттылығын (жан басына шаққандағы норматив) ынталандыру.
Қаржыландыру əдістері кезең-кезеңімен жетілдіріліп тұратын болады. Мысалы, КШТ салмақ коэффиценттері мен топтардың құрылымы дəлелдік медицина əдістеріне негізделген диагностика мен емдеудің мерзімдік хаттамаларын əзірлеу ретіне қарай қайта қаралатын болады.
2017 жылдың ішінде жоғары мамандандырылған медициналық көмекті дамытудың қаржылық тетіктері əзірленіп, жаңа технологиялар енгізілді.
2017 жылдан бастап денсаулық сақтау саласына инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі қабылданатын барлық шешімдер немесе мемлекет қабылдайтын қосымша міндеттемелер нақты нəтижелер мен тиімділікке негізделуге тиіс. Тиісті əдістеме талдап жасалып, бекітілмек.
Денсаулық сақтау ұйымдарында медицина жабдықтарының, оның техникалық жай-күйі мен тиімді пайдаланылу мониторингі ұдайы жүзеге асырылып, оның ішінде қымбат тұратын жабдықтар жұмысын есепке алу жүйесі жолға қойылады.
2017 жыл ішінде медицина қызметкерлерінің еңбек ақысын төлеу жүйесін жетілдіру, ақырғы нəтижесі бойынша төлем принципін іске қосу шаралары əзірленетін болады. Мемлекеттік медицина ұйымы қызметкерлерінің еңбек ақысын төлеу сараланған, біліктілік, көрсетілетін көмек сапасы мен көлем деңгейіне барабар, оның ішінде тура бейресми төлем деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін ақылы негізде болуға тиіс. 2017 жылдан бастап медициналық қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру жүзеге асырылуға тиіс.
2017 жыл ішінде мемлекеттік бюджеттен медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін көрсетуге бөлінген қаражатты медициналық ұйымдардың пайдалануының ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүйесі əзірленетін болады. Медициналық ұйымдардың түрлі көздерден, оның ішінде медициналық қызмет көрсетулерді ақылы негізде көрсету есебінен алынған қаражаттарды есепке алу жүйесі жетілдірілетін болады.
Медициналық қызмет көрсетулер мен тауарлар тұтынуды адам басына жіктеу қамтамасыз етіліп, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерді емделушілер тарапынан бақылау жүйесі енгізіледі.
Аталған жұмыс халықты ақысыз медициналық қызмет көрсетулер тізбесі мен көлемі туралы кеңінен ақпараттандырып отырумен, өтіп жатқан процестердің тұрақты мониторингімен сүйемелденіп отырады. Халық қанша жəне не үшін төлеуге тиіс екендігі туралы қажетті ақпарат алады.
Салаға қосымша қаражат ағымдарын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар жұмыс берушілер тарапынан да, енгізіле отырып, халықтың өз тарапынан да ерікті медициналық сақтандыруды ынталандыру жөнінде шаралар қолданылатын болады.
Тəуекелдің таңданбалылығы проблемасын шешу ескеріле отырып, ерікті медициналық сақтандыру сақтанушыға да, сақтандырушыға да өзара пайдалы болады.
2017-2018 жылдары ұлттық денсаулық сақтау шоттарын енгізу бойынша 2018 жылдан бастап дайындық іс-шаралары жүргізілетін болады, бұл барлық саладағы, оның ішінде жекеше сектордағы қаржылық ағымдар туралы толық ақпаратар алуға мүмкіндік береді.
Екінші кезеңде қаражатты тиімді пайдалануға бағытталған саланы қаржыландырудың, салаға инвестициялар тарту мен аймақаралық теңдестірудің жаңа саясаты енгізілетін болады, бұл оған тұрақтылық беруге мүмкіндік туғызып, одан əрі дəйекті дамуына жəне бəсекелестік қабілетінің артуына жағдай жасайды.
Түрлі өңірлердегі халықтың ақысыз медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 2015 жылға қарай тиісті қаржылық қамтамасыз етумен бірге ауру құрылымы мен басқа да обьективті факторлар ескеріле отырып, ұқсас медициналық қызметтер көрсеткені үшін тарифтерді аймақаралық теңестіру аяқталатын болады.
Қаржылық ресурстарды неғұрлым тиімді əкімшілік етуге жағдайлар жасау, денсаулық сақтаудың құрылымдық тиімділігін көтеру, медициналық көмек көрсетудің түрлі деңгейлері арасында өзара байланыс орнату, бюджеттік шығыстар ұтымды пайдаланылған жағдайларда қайта инвестициялау үшін барынша бағдарламалық шоғырландырылу жүргізілуі қажет.
2018 жылға қарай елдің əлеуметтік-экономикалық дамуының жəне азаматтар кірістерінің өсуінің жақсару шамасына қарай міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мүмкіндігі мəселесі қаралды [5].
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының соңғы жылдардағы жағдайы:
Қазақстан Республикасында тəуелсіздік жылдарында саланы реформалау қадамдары бірнеше мəрте жасалды. Айталық, 1996-1998 жылдары денсаулық сақтау жүйесіне принципті түрдегі жаңа екі элемент: сатып алушы мен сатушы қатынастарының жəне медициналық көмектің көлемі мен сапасына байланысты сараланған еңбекақы төлемінің пайда болуына мүмкіндік туғызатын денсаулық сақтауды қаржыландырудың бюджеттік-сақтандыру моделі енгізілген болатын. 1999 жылдан бастап бөлінетін қаражатқа байланысты түпкілікті нəтижеге бағдар ұстануға мүмкіндік беретін бағдарламалық қаржыландыру енгізілді. Сонымен бірге, реформаларды талдау көрсеткендей, олар елеулі өзгерістерге бағытталмады, өзінің қисынды ақырына жеткізілген жоқ, жəне денсаулық сақтау жүйесіндегі жағдайды түбегейлі өзгерте алмады.
Саланы басқару құрылымында соңғы жылдары болып өткен өзгерістер арасынан Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігін қалпына келтіруді, Фармация комитетін, фармацевтивкалық жəне медициналық өнеркəсіп пен оның аумақтық бөлімшелерін, сондай-ақ бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалау органдары мен санитарлық-эпидемиялогиялық сараптама жəне зертханалық зерттеулер жүргізетін мемлекеттік ұйымдар қызметіне бөле отырып, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалау комитетін құруды атап өту керек [6].
Қазіргі кезде республикалық денсаулық сақтау жүйесі, барлық ведомстволарды қоса алғанда, 886 ауруханалық жəне 3463 амбулаториялық-емханалық медициналық ұйымдар жүйесінен тұрады. Өңірлердегі медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесінің өзінде мынадай бірқатар өлшемдер:
қаржыландыру жəне басқару функцияларын топтастыру деңгейі;
- бір тұрғынға есептегенде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қаржыландыруға бөлінетін ресустардың мөлшері;
- пайдаланылатын қаржыландыру əдістері;
- БМСК құрылымы;
- медициналық ұйымдардың ұйымдастыру нысандары;
медициналық көмек сапасын бақылау жүйесі бойынша айырмашылықтары бар.
Істің мұндай жай-күйі азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы жалпы мемлекеттік саясатты жүргізуді жəне олардың мемлекеттік кепілдіктерді тең дəрежеде алуын едəуір қиындатады.
2017 жылдан бастап ауруханалық мекемелер санының көбеюі байқалады. Айталық, 2017 жылы олар 845, 2018 жылы - 860 болды.
Халықтың төсек-орындармен қамтамасыз етілу көрсеткіші халықтың 10 мың адамына шаққанда 76,8-ді құрады (төсек-орындардың жалпы саны - 114782). Бұл халықтың 10 мың адамына шаққанда 73,3 құрайды. ДДҰ деректері бойынша ол еуропалық орташа көрсеткіштен біршама жоғары. Бұл көрсеткіштің көлемінен тіпті дамыған елдердің (Германия, Франция, Жапония жəне т.б.) өзінде айтарылықтай айырмашылық байқалады, ал жоғары көрсеткіштер, негізінен медициналық қызмет көрсетудің негізгі тұтынушылары болып табылатын кəрі жастағы адамдардың басым үлесімен түсіндіріледі.
Дəрігерлердің саны 54,6 мыңға, орта медициналық қызметкерлер - 115,0 мыңға жетті, дəрігерлермен қамтамасыз ету халықтың 10 мың адамына шаққанда - 36,5-ті, орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз ету - 76,9-ды құрайды. Алайда халықты медициналық қызметкерлермен жəне төсек қорымен қамтамасыз етудің орташа көрсеткіштерінің жоғарылауына қарамастан, Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесі, əсіресе БМСК деңгейінде, жеткілікті дəрежеде тиімді жұмыс істей алмай келеді [7].
Денсаулық сақтауды қаржыландыру жүйесінде 2016-2018 жылдар ішінде жүргізілген мемлекеттік басқару деңгейлерінің арасындағы функциялар мен өкілеттіктердің ара жігін ажырату шеңберінде маңызды шешімдер қабылданды.
Соңғы жылдары денсаулық сақтау жүйесіне жұмсалған мемлекеттік шығыстар көлемінің, медициналық білім беруді қоса алғанда, өсу қарқынының елеулі болуына қарамастан, абсолютті есептеумен ғана ұлғайып қойған жоқ (2016 жылы - 73,0 млрд. теңге, 2017 жылы - 92,4 млрд. теңге, 2018 жылы - 133,7 млрд. теңге), сондай-ақ мұның өзі ЖІӨ-ге қатысты шаққанда проценттер жағынан да маңызды (2016 жылы - 1,93 %, 2017 жылы - 2, 08 %, 2018 жылы - 2,63 %). Бұл ретте ЖІӨ-ге қатысты шаққандағы ең төменгі процент 2015 жылы - 1,93% болды. ДДҰ-ның ұсынысы бойынша денсаулық сақтауға жұмсалған мемлекеттік шығыстар ЖІӨ-нің кемінде 4%-і болуға тиіс.
Жан басына шаққандағы шығыстардың соңғы жылдардағы серпінінде белгілі бір өсім бар 2016 жылы - 4911 теңге (32 USD), 2017 жылы - 6201 теңге (41 USD), 2018 жылы - 8797 теңге (63,6 USD).
2016-2018 жылдардағы қаржыландыруды ұлғайтудың, станционарларда емделген аурулар санының жылына 5-7% өсуінен басқа, күтілгендей нəтижелер бермегенін атап өткен жөн. Медициналық қызметкерлер жалақысының бірнеше рет ұлғайтылғанына қарамастан, саладағы ресми орташа айлық жалақы республика бойынша орташа жалақыдан екі есе аз.
Азаматтарға медициналық көмектің тегін кепілді көлемін ұсыну жөніндегі мемлекеттің өзіне алған міндеттемелерінің барабар қаржылық қамтамасыз етілмей отырғандығы проблема болып қалып отыр. Медициналық тегін көмекті ақылы қызмет көрсетулермен ауыстыру кездеседі. Кепілді көлемдер мен ақылы негізде көрсетілетін медициналық қызмет көрсетулердің ара жігінің айқын ажыратылмауына байланысты медицина қызметкерлерінің пайдасына халықтың тарапынан бейресми төлемдердің жоғары деңгейі сақталып отыр. Медициналық көмектің тегін кепілді көлемін ұсыну, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде ұсынылатын медициналық көмекті тұтынуды есепке алу тиісті түрде жолға қойылмаған, мұның өзі көлеңкелі экономиканың өсуіне ықпалын тигізеді [8].
Ресурсты үнемдеудің кешенді салалық саясаты жоқ.
Бүгінгі күні медициналық қызметтерді сатып алушылар мен жеткізушілерге бөлу - шартты нəрсе, өйткені іс жүзінде барлық жеткізушілер денсаулық сақтау органына əкімшілік жəне экономикалық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдар болып табылады. Өңірлерде денсаулық сақтауды дамыту əлеуметтік-экономикалық саясаттағы басымдық болып табылмайды.
Осылайша, салада басқарушылық шешімдерді қабылдауды талап ететін бірқатар қолайсыз үрдістерді бөліп көрсетуге болады.
Қазақстанда соңғы жылдары белгілi бiр медициналық-демографиялық өзгерiстер болды. Республикада халықтың саны 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда 49,6 мың адамға өстi және 2018 жылдың басында 14 951,2 мың адамды құрады.
2018 жылы бала туу көрсеткiшi халықтың 1000 адамына шаққанда 17,2-ні құрады және 2017 жылмен салыстырғанда 1,2 есе өстi. Республикада бала туудың өсу үрдiсi 2015 жылдан бастап байқалып отыр.
Соңғы 5 жыл iшiнде халықтың табиғи өсiмi 1000 адамға шаққанда 2018 жылы 6,7-ні құрай отырып, 1,6 есе өстi. 2015 жылдан бастап халықтың өлiм-жiтiм коэффициентiнiң болмашы өсуi байқалады, ол 1000 адамға шаққанда 2018 жылы 2017 жылғы 9,7-ге қарағанда, 10,5-тi құрады. Соңғы 5 жыл iшiндегi ерлер мен әйелдер өлiм-жiтiмiнiң неғұрлым үлкен жас мөлшерi коэффициентi 70 және одан да астам жасқа сәйкес келедi, ол жас мөлшерi тобын 1000 адамға шаққанда 2018 жылы тиiсiнше 104,51-дi және 79,98-дi құрады. Халықтың өлiм-жiтiм құрылымында жүрек-қан тамыры, онкологиялық аурулар, жарақаттану жетекшi орын алады. Өлiм-жiтiм құрылымының көрсеткiштерiн бұрмалау факторларының бiрi - өлiм себебiн тиiмдi сараптау жүйесiнiң жоқтығы болып табылады.
Республикада өмір сүру ұзақтығы 2,5 жылға өсті (2017 ж. - 68, 45; 2018 ж. - 71,62). Мемлекеттік бағдарламамен 2015 жылы 70 жасқа жету қарастырылған. Кейінгі 10 жылда (2018 жылдан бастап) елімізде туу көрсеткіші 2,6% есе көбейгені байқалады. Халықтың табиғы өсімі 2,1 есе көбейді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz