Ақпараттық - коммуникациялық технологияны оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырудағы маңызы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Қызылорда, 2019

Қызылорда облысының білім басқармасы М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

«Шетел тілі» ПЦК-сы

Қорғауға жіберілді

ПЦК қызметін атқарушы

Садықова Э.

. . .

« . . . » . . . 2019ж.

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруда ақпараттық оқытуды пайдалану

0111000-«Негізгі орта білім беру»

(мамандығы)

0111083-«Шетел тілі мұғалімі»

(біліктілігі)

ШТ-Д-15 топ студенті . . . Ізімова Н.

Ғылыми жетекшісі . . . Бимаханова А.

Курстық жұмысты қорғау бағасы

Хаттама №2019 жыл

МАЗМҰНЫ

  1. КІРІСПЕ . . . 3
  2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1-тарау. Ақпараттық - коммуникациялық технологияны оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырудағы маңызы

1. 1. Ақпараттық-коммуникациялық технологияның оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін арттырудағы рөлі . . . 5

1. 2. Оқушылардың белсенділігін арттыруда ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану . . . 10

2-тарау. Практикалық бөлім

2. 1. Ағылшын тілі сабақтарында ақпараттық оқытуды пайдалану . . . 12

2. 2. Мектепте шет тілін үйретудегі АКТ-ның маңызылығы мен пайдалану жолдары . . . 19

2. 3. Лицейде жүргізілген іс-тәжірибе жұмысының нәтижесі . . .

  1. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27
  2. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 30

Кіріспе

«Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл - маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты. Цифрландыру дегеніміз Қазақстанның озық ел атану жолындағы мақсат емес, құрал. Бәсекеге қабілетті болу, өсімді, өнім өндіруді арттыру, міне, осы - мақсат»

Н. Ә. Назарбаев

Зерттеу жұмысының мақсаты: білім беру жүйесінде ақпараттық оқытуды тиімді пайдалану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын заманауи тұрғыдан арттыра отырып, мақсатқа жетудегі процессті белсендіру жолдарын зерттеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Педагогикалық процессте ақпараттық оқытудың маңыздылығын зерттеу, түсіндіру
  • Қазіргі кездегі мектептердегі АКТ-ның алатын орнын анықтау
  • Оқыту процесіндегі ақпараттық-коммуникациалық технологиялырдың тиімділігін зерттеу

Зерттеу нысаны: оқушылар мен мұғалімдер

Зерттеу жұмысның құрылымы: кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде және адамды қалыптастыруға және касіби шеберлігін шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.

Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәрбиеге, жаңа қарым - қатынасқа өту қажеттілігі туындайды.

Егеменді елдің ертеңі оқу - білімнің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз, үздіксіз дамытуды талап етеді.

Елімізге дүбірлі өзгерістер, қайта жаңғырулар білім беру жүйесінде де айтулы реформалар әкелді. Білім стандартының жасалуын, төл оқулықтарымыздың жазылуы, мектептерді жаппай компьютерлендіру, инновациялық технологиядан іздену, білім мазмұнын байыту, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы жұмыстар сол өзгерістің куәсі. Білім парадигмасы өзгерді. Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалімге басымдылық рөл берілсе, ал қазіргі оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпайды, ол өздігінен оқуы керек. Қоғамды гуманизациялау, бағдарлы оқыту арқылы оқушылардың өз таңдауына жол ашады.

Сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңарып отырса, эммоциялық сезім - түйсіктеріне әсер ететін ізденістерден пайда болатыны түсінікті. Ақыл парасаттан гөрі сезім түйсігі ұшқыр балаларға көп жағдайда бағдарламалық тақырыптарды тосын тәсілдер арқылы түсіндіру пайдалы. Бұл үшін мұғалім сабақ өткізуде дәстүрлі шеңберде қалып қоймайтын ізденістер жасауы тиіс. Сондықтан жаңа педагогикалық технологияларды енгізу - оқыту үрдісінің тиімділігін арттырып қана қоймайды, өз қабілетіне сай таңдау, әрі қарай білімін дамытуға мүмкіндігі болады. Қазіргі кезде оқыту үрдісін жоспарлаудың, қолданудың, бағалаудың жүйелі әдісі адамдардың техникалық ресурстарды білімді игеру жолында өзара тиімді әрекет етуінің негізі ретінде жаңа технологиялардың түрлері көбейе түсуде. Сондықтан жаңартылған педагогикалық технологиялар ішінен өз қажеттісін таңдап алу - әр мұғалім үшін жауапты да іскерлікті қажет ететін іс.

Оқу тәрбие үрдісіне қолданып жүрген жаңа технологиялар: дамыта отырып оқыту әдістемесі; оза отырып оқыту; іс - әрекетін бағалау; тірек конспектілері арқылы оқыту; бағдарлап оқыту, топтық және ұжымдық оқыту, ақпараттық технологиялар, модульдік оқыту; оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы т. б.

Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен, білімнің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамда жинақталып және үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әр түрлі тегімен анықталады.

Білім беру процесі - ақпараттық қоғам жағдайындағы жасөспірімдерді жан - жақты даярлайтын процесс болуы қажет. Сондықтан білім беру жүйесінде компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені, компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды. Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс жасауды игеруімен тығыз байланысты.

Оқытудағы жаңа информациялық технология аса қажетті педагогикалық проблемалардың шешімдерін табуға, ой еңбегін арттыруға септігін тигізеді және оқу процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.

Жаңа ақпараттық технологияның негізі ерекшелігі ол мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді және оны педагогикалық мақсатта пайдалану оқушылардың зердесіне, сезіміне, мүддесіне, көз қарасына әсер ете отырып оның интеллектілік мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі.

Жаңа ақпараттық технологияның білім беру саласына енуі педагогтарға оқытудың мазмұнын, әдістері мен түрлерін сапалы өзгертуге мүмкіндік береді.

Білім беруде жаңа ақпараттық технология:

- оқып үйренушілердің адамға тән тұлғалық сапасының негізі үлестілігі болып табылатын жеке қабілеттерінің дамуына, ашылуына, сақталуына;

- оқушылардың танымдық қабілеттерін қалыптастыруға, өзін - өзі жетілдіруге тырысуға;

- оқыту мен тәрбие процестерінің мазмұнын, формасын динамикалық дамытуға мүмкіндік береді.

Болашақта Қазақстанда білім беру жүйесін ақпараттандыру телекоммунациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады. Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас телекоммуникациялық желіні құру және дамыту арқылы шешіледі. Олар:

- ақпараттық мәдениетті ұйымдастыру мен жеделдету процесін жоғары деңгейге жеткізу;

- жасалынған және дамып келе жатқан телекоммуникациялық желілерде біртұтас бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістікке интеграциялау;

- біртұтас ақпараттық кеңістікте әр түрлі деңгейлі ақпараттармен алмасуды камтамасыз ету;

- білім беруді дербестендіруді қамтамасыз ету, дистанциялық оқытуға мүмкіндік жасау.

Білім беру жүйесінде телекоммуникация желілерін жасау Қазақстан Республикасының орта білім беруді заман талабына сай жүзеге асыруды қамтамасыз ете алатын негізгі құрал болып табылады

Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын жүзеге асыру оқушының шығармашылық потенциалын дамытуға мүмкіндік береді, өз бетімен танымдық және эксперименттік-зерттеушілік қызметін меңгереді, оқушылардың өз бетімен оқу қызметінің мәдениеті қалыптасады.

Сонымен орта мектепте компьютер арқылы оқытуды енгізудің мынадай негізі бағыттарын:

  • оқыту;
  • мұғаліммен оқушы бірлескен қызметін ұйымдастыру;
  • білім беру;
  • таным қызметін қалыптастыру;
  • оқу әрекетінің мәдениетін қалыптастырудың мақсатты құралы екенін атап көрсетуге болады.

Қазіргі таңда оқушы - ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек. «Балаға білім бергенде, жақыннан алысқа, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек» - деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек. Сол себептен мектептегі білім беру үдерісіне жаңаша оқыту технологияларын енгізу арқылы оқу үдерісінің деңгейі көтеріледі, қазіргі заман талабына сай дамыған тұлға тәрбиеленеді.

Сабақ - өте күрделі, сан қырлы процесс. Әрбір сабаққа қойылатын басты талап:

  • оқушының білімге деген қызығушылығын арттыру;
  • сабақтың әдіс-тәсілдерін түрлендіру;
  • ақпараттық технологияны тиімді пайдалану, оқушылардың сезіміне әсерін білу;
  • балалармен ынтымақтастықта болу;
  • сабақтың өмірмен байланысын нығайту;
  • мұғалімнің сабақтағы жаңашылдық, шығармашылық әрекеті.

Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңаша оқыту технологияларын пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.

Оқытудың ақпараттық технологиясы - бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер) .

Оқытудың ақпараттық технологиясы білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін қажет. Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты - «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады. Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды, өйткені ақпарат беру - бұл білім мен мәдениетті беру емес, сондықтан ақпараттық технологиялар педагогтарға тек қосымша тиімді құрал ретінде қызмет атқарады.

Қазіргі ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.

Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты- оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Ақпаратты мәдениет дегеніміз - тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу емес, кез-келген ақпарат көзін: анықтамаларды, сөздіктерді, энциклопедияларды т. с. с. материалдарды дұрыс пайдалана білу дегенді білдіреді.

Қазіргі заман талабы бойынша білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі - оқу үрдісінде электрондық оқулықтарды енгізу және пайдалану. Оқу материалдарын ұтымды игеруде электрондық оқулықтардың алатын орны орасан зор. Теориялық материалдар әр түрлі суреттер, сұлба тәсілдер арқылы толықтырылып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсіну және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта жүреді және материалды қорыту үрдісі тиімді болады. /3, 27-бет/

Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі - бұл мұғалімге мектептегі оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пән аралық байланысты күшейте отырып оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.

Бастауыш мектепте оқу үрдісінде ақпараттық-технология құралдарын қолданудағы мақсатымыз оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыра отырып, оқыту үрдісінің тиімділігін арттыруға, белсенді өмірлік позицияны ұстауға мүмкіндік береді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педогогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы мол.

Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын білім беру жүйесіне енгізу білім алушылардың танымдық қабілеттерін арттырудың бірден бір көзі. Сабақ барысында әр түрлі тәсілдер қолдану оқушылардың есінде ұзақ сақталады және білім мазмұнынан тыс яғни оқу материалынан өзгеше мағлұматтар ала отырып, сабаққа деген белсенділігін, пәнге деген қызығушылықтарының артқанын байқадық. Мысалы ана тілі, қазақ тілі, дүниетану, математика сабақтарында топтастыру, сәйкестендіру тестерін қолданамыз. Ағылшын тілінде ақпараттық коммуникацияны пайдалану ең тиімді таңдау.

Бастауыш білім берудегі педагогикалық ақпараттық коммуникативтік технология құралдарын оқыту үрдісінің барлық кезеңдерінде, жаңа сабақты түсіндіруде, алынған білімді бекітуде, қайталауда, білім, білік, дағдыларын бақылау барысында қолдануға болады. /4, 12-бет/

Ақпараттық технология көптеген оқу бағдарламаларының тууына, дамуына ықпал етеді. Оқушыларға уақытты орынды пайдаланып, оларға жаңа мағлұмат, тың дүние беру-жаңа технологиялардың, ақпараттық технологиялардың жетістігі. Жеке тұлғаның ақыл-ой санасы, оқу, білім алу барысында қалыптасады. Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлемін. Оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы олардың белсенділігін арттырады.

Іс тәжірибе жинақтау барысында өз сабақтарымда пәнішілік интеграцияны жүзеге асыра отырып, оқушы бойына тіл заңдылықтарын зерделеп, қолдана білу, ауыз екі сөйлеу және ойын жазбаша жеткізу біліктерін, дағдыларын тиімді меңгеріп беруді мақсат етіп қоямын. Қызықтыра оқытуға ұмтылған мұғалім бір мезетте оқушылар зердесінің белсенділікке, көңіл-күй толғанысына, еріктік ұмтылысына ықпал етеді. Оқытудың әртүрлі сатыларында танымдық қызығудың түрлі жолдарын қарастырады. Оқыту материалдарына қызықты дәйектерді, іс-әрекеттің жаңа түрлерін, ойын элементін, жарыстар, сайыстар енгізудің де үлкен маңызы бар. Танымдық қызығуға итермелейтін қатынастарға әсерлену деңгейі, оқушылардың өз мүмкіндіктері мен танымдық күштеріне сенім артуы, өзара көмек, жарыс, мадақтау жатады. Қызығу белгілері үш топқа бөлінеді: 1. Оқу үрдісіндегі оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктері: 2. Сабақтан тыс уақытта байқалатын мінез-құлық пен іс-әрекет ерекшеліктері: 3. Оқушылардың өмір сүру ерекшеліктері.

Қазіргі кезде оқушының алған білімі мен іс-әрекет түрлерін іс жүзінде пайдалана алатындай дәрежеге жеткізудің маңызы зор.

Оқушының өз бетімен жұмыс істеуін әр түрлі деңгейде ұйымдастыруға болады. Өз бетімен жұмыстың тапсырмаларын құрастырғанда оның қиындық дәрежесі оқушының оқу мүмкіншілігіне қарай әзірленеді. Сонымен қатар топқа бөліп оқыту тәжірибиесін қолдану керек. Топқа бөліп оқыту тиімділігі нашар оқушы көлеңкеде қалмайды, берілген тапсырманы ақылдасып, бір-біріне түсіндіру арқылы дұрыс орындауға мүмкіндік береді. Тиімді жағы күнделікті сабақта түгел оқушы бағаланады. Ал тәрбиелік жағынан әділ болуға үйренеді, өз араларында беделге ие болады.

Сабақты түрлендіріп қызықты өткізуге көмектесетін, оқушылардың танымдық кабілеттерін арттыратын ойын элементтерін пайдалану, ребустар, сөз жұмбақтар құрастыру жатады. Ойын элементтері оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырып, сөз байлығын кеңейтіп, елестету және қалыптан тыс ойлауын, сөздерді жадында сақтауға үйретеді.

Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын оқу үрдісіне тиімді қолданғанда: оқушыға берілген білімнің сапасы артады; Танымдық қызығушылығы қалыптасады; ақпараттық мәдениет қалыптасады; оқыту үрдісінің тиімділігін арттыру; оқу-зерттеу жұмыстарын да шығармашылықпен жұмыс жасауға үйретеді;

Үнемі сабақ барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға байланысты жұмыстарды тиімді ұйымдастыру олардың теориялық білімді қолдану біліктілігін арттырып қана қоймай шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда танымдық көзқарастарын дамытуда ерекше рөл атқарады. Қорыта келгенде тұрақты даму үшін білім беру үдерісінде АКТ сабақтың мақсат міндетіне сай пайдаланылған жағдайда оқушылардың таным қабілеттерін арттыруда тиімділігіне көз жеткіздік. Сапалы ақпараттық білім беру -тұрақты даму тетігі.

Балалардың танымдық әрекетін белсендіру, оны тиімді басқару және дамыту, әдістемелік, ұйымдастырушылық және моральдік-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделі педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтік міндет болып саналады. «Білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі-мұлахаза (ой, пікір алысу), екінші-мұхафаза (сақтау, қорғау) . Бұл екі қуатты зорайту жаһантінде (күшті жұмсау, тырысу) болмақ керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды» деген керемет ойды ұлы данышпан Абай дұрыс айтқан.

Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа, дәстүрлі емес түрлері де пайда болуда. Ол, әрине қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайында білім беру саласын реформалаумен тығыз байланыста іске асуда. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай дәстүрлі емес түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда

Адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында, сонымен қатар, білім саласында ақпараттық технологиялардың жаңаша құралдарын қолдану бүгінгі күні үлкен өзектілікке ие болып отыр. Отандық және шетелдік оқулықтарда білім процессін компьютерлендіру ең өзекті факторлардың бірі ретінде қарастырылады.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқудың дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу процессіне енгізу бағытында құрылуы тиіс.

Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту процессінде оқушылардың әдісінен оқыту процессінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту процессінде тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (3бап) белгіленгендей, білім беру жүйесін ақпараттандыру, мемлекеттік білім саясатының негізгі қағидаларын жүзеге асырудың маңызды бір механизмі болып табылады. Ақпараттық ортаны құруға негізделген білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру және педагогикалық практиға жаңа ақпараттық құралдарды, сонымен қатар, басқа да жаңа технологияларды енгізу білім жүйесін дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады [39] .

Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген әдіскерлер видеофильм, электрондық пошта(e-mail), мультимедиялық презентация, анимациялық суреттер және т. б. көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр. Ал шетелде болмай-ақ, сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмасының бірі шет тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Шет тілін үйрету процессінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. Мысалы, анимациялық суреттер, видеокөріністер, презентация, флипчарттар(интерактивті тақта) және т. б. әртүрлі дыбыстар арқылы көрсетіледі. Компьютер мониторындағы көріністер оқушының іс-қимылының арқасында өзгеріп отырады Бұл динамикалық және оқушының бар ойын өзіне бағыттайды, сонымен қатар, оқу процессінде оқушының белсенділігі оянады. Нәтижесінде, оқушы ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды және оқушының ынтасы мен қызығушылығы жоғарылайды.

Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi - оқыту процесiн ақпараттандыру. Дәстүрлi оқу құралдарынан басқа тыңдаушыға мына типтегi материалдар ұсынылады:

-компьютерлiк үйрету бағдарламалары

-электрондық оқу құралдары

-компьютерлiк тестiлеу жүйесi мен бiлiмдi бақылау

-электрондық анықтамалар мен энциклопедиялар

-аудио және видеоматериалдар

-Интернет желiсiндегi ақпараттық материалдар

Аталған құралдар оқу материалдарын жеделдетiп меңгеруге және оқытудың сапасын арттыруға игi әсерiн тигiзедi.

Шет тілін үйрету процессінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі.

ХХІ ғасырды қоғамдық ақпараттандыру ғасырды деп жай атамаған. Компьютер адам іс-әрекетінің барлық салаларында қолданылады. Дүниежүзілік қоғамдастықты қоғамдық өмірдің барлық саласы жаһанды ақпараттандыру процессі дамытылуда.

Компьютерлік технология- оқытудың арнайы жиынтығы мен әдістемесін, әдісін және тәрбие құралдарың анықтайтын технологиялық- педагогикалық процесті ұйымдастырудың ең тиімді жолы болып табылады.

Ең алдымен компьютер оқытушыға білімгерлердің өз бетінше жұмысын ұйымдастыруына жәрдем береді. Ол үшін мынандай жаттығулар мен әдістемелік тәсілдерді қолдану ұсынылады.

  1. Сұрақ -жауап диалогы. Білімгерлер сұраққа құралған лексика граматикалық материалдар негізінде сұрақтарға жауап беруі керек.
  2. Тандамалы жауаптармен жүргізілетін тапсырма. Компьютерге жауап беру үшін білімгер ұынылатын нұсқалардың бірін таңдауы қажет.
  3. Еркін құрылған сөйлемдерді стильдік түзету.
  4. Толықтыруды керек ететін жаттығулар. Компьютер толықтыруды керек ететін сөйлем жиынтықтары мен мәтіндерді ұсынады. Сөздерді аудару үшін көмекші құрал ретінде беріледі, немесе компьютер ұсынған жауаптардың нұсқалары ішінен қажетті сөздер мен сөз тіркестермен толықтырылады.
  5. Сөздік меңгерудегі өзін-өзі бағалауға арналған жаттығулар.

Бұл жаттығуларды орындау кезінде төмендегі нұсқалар пайдаланылады :

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру
Бастауыш мектеп оқушыларының инновациялық білім беру ортасына өзбеттілігінің қалыптасуының теориялық қағидалары
Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеттері
Компьютерлік технологияның түрлері
«Бастауыш сынып оқушыларының математика пәніне қызығушылығын ақпараттық технологиялар негізінде арттыру»
Бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру әдістемесі
Мультимедиалық технологиялардың оқыту үрдісінде тиімділігінің көрсеткіші
Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен кейбір ерекшеліктері
Білім сапасын арттырудағы мұғалімнің рөлі
Бастауыш сыныптағы математика пәнінде оқушыларды ынталандыру құралы ретінде интерактивті тақтаны қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz