Арал теңізінің зерттелуі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

I - Тарау. Арал теңізіне жалпы сипаттама

  1. Географиялық орны, аумағы

II - Тарау. Арал теңізінің зерттелуі

  1. Арал теңізінің зерттелу тарихы
  2. Арнайы зерттеулердің басталуы (XVII-XIX ғғ. )
  3. XX ғасырдың басында зерттелуі

ІІI - Тарау. Арал теңізі: Жаһандық экологиялық мәселе

3. 1. Арал апатына себеп болған факторлар

3. 2. Арал теңізінің экологиялық ахуалы

3. 3. Қоршаған ортаға тигізетін әсері

3. 4. Теңізді құтқарудағы болжамдар

ІV - Тарау. Арал теңізі мәселесі жөніндегі іс - шаралар.

3. 1. САРАТС жобасы

3. 2. Солтүстік Арал теңізінің экологиялық күйі

3. 3. Арал - 2018 экспедициясы

V - Тарау. ӨҢІРДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛДЫҢ ТҰРАҚТАНУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫҢ ДАМУ БАҒЫТЫ

5. 1. Елдің материалдық тұрмыс жағдайы

5. 2. Ауыз-судың сапасы және оның әлеуметтік салдары

5. 3. Адам денсаулығына әсер етуі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Арал теңізінің экологиялық проблемаларын қарастыру негізінде менің алып отырған тақырыбымның қазіргі кезде аса маңызды проблемаға айналып отырғанын байқауға болады. Себебі жеріміздің экологиялық проблемаларына көзімізді жұма қарағанымыз дұрыс болмас. Әр азаматтың өз туған еліне сүйіспеншілігі осындай тақырыпты қарастырумен басталады. Тақырыпты таңдауымның негізгі мақсаты экологиялық проблемаларды шешу жолдарын қарастыру және де оның алдың алу жолдарын талқылау. Бүгінгі таңдағы Арал теңізінің бассейнінде, әсіресе, оның қазақстандық бөлігінде аса бір ауыр экологиялық жағдай қа- лыптасқанын көзбен көре отырып, ол жөнінде жан-жүрегің сыз- дамай әңгіме қозғау мүмкін емес. Оның үстіне, табиғатты тү- гелдей қайта қалпына келтіреміз деген әу бастағы инициати- ваның екпіні де біраз бәсеңсіп қалғаны рас, тек ендігі жер- де бұл мәселеде қайбірде жаңсақ басып, жауапсыздық таныт- қан тұстарымызды барынша байыпты түзету міндеті ғана тұр. Әйтседе, әр алуан ұсыныстармен қатар теңізді сақтап қалу және Арал өңірінің табиғатын қайта қалпына келтіру жөнінде азды-көпті шаралар жүргізіліп те жатыр. Бір өкініштісі, сол шаралардың түпкі нәтижесі аса бір ауыз толтырып айтар- лықтай емес, әрі олар әдеттегіше тым баяу, тар ауқымда жүзеге асырылуда. Арал бассейннің, соның ішінде, оның Қазақстан бөлігінде экологиялық жағдайдың ауырлап кеткені соншалық, енді оның әлеуметтік-экономикалық салдары да айқын көріне бастады. Ең бастысы адамдарды еңбекпен қамтамасыз етудің өзі кур- дел! проблемаға айналды, нәтижесінде байырғы тұрғындардын басқа жерлерге қоныс аударуы басталды. Соңғы бес жыл ішін- де Қызылорда облысынан 42 мың адам біржола қоныс аударған.

Арал теңізі деңгейін қайта қалпына келтірудің орасан ауқымды шаралары толық жүзеге асқанға дейін ең болмағанда Арал теңізінің Қазақстан бөлігіндегі балық шаруашылығын қайта жандандыру, бұл территорияның солтүстік-шығыс өңірін- дегі санитарлық-эпидемиологиялық, жергілікті халықтың еңбек пен тұрмыс жағдайларын жақсарту мақсатымен таяу жылдар- да бассейннің Кіші Арал деп аталатын бөлігін теңізбен жал- ғастыратын құрылғы салу ісіне шұғыл кіріскен жөн, сөйтіп, Сырдария өзенінен тартылған шағын канал арқылы теңіздің Кіші Арал деп аталатын бөлігін алғашқы кезеңде жылына 5- 6 текше километр сумей қамтамасыз етуге болады. Арал теңізі деңгейі төмендеуінің қазіргі жағдайы және оның алдағы уақыттардағы экологиялық, әлеуметтік-экономикалык салдары бассейннің табиғи потенциалының сақталуына кері эсер етуі сөзсіз. Бұл Арал өңірі аудандарының экономикасы мен өндіргіш күштерін дамыту барысында бірқатар қосымша киындықтар туғызады. Бірақ осының бәрі кенеттен пайда бол- ғам жок. Ол жайында әлдеқашан белгілі болған-ды: Қаншама дабыл қағылды, тіпті, бірқатар ғалымдар сонау 1970 жылдар- дың орта шенінен бастап-ақ Арал теңізінің тартылып бара жатқаны жөнінде өз болжамдарын алға тартып, соны егжей- тегжейлі талдап түсіндіріп те берді. Сол тұста осы өңірде пайда бола бастаған табиғи және әлеуметтік-экономикалық қолай- сыз өзгерістердің алдын алу мақсатын көздеген қаншама ой- лы үсыныстар айтылды. Амал не, әр жылдары қылаң берген онды усыныстар мен ақыл-кеңестердің ешбірі жүзеге асқан жок.

Арал теңізінің тарихы

Арал теңізі, Кайнозой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын Каспий теңізіне қосылып жатқан. Бұған теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспетұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектерінің тасқа айнала бастаған күйінде табылуы дәлел болмақ. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді. Сондай-ақ Арал маңынан акуланың тісі мен сүйегі табылды. ХІХ ғасырдың орта кезіндегі Арал-Каспий ойпатының пайда болуы жөніндегі болжамдардан Арал бассейнінің геологиялық ерте кезеңде Жерорта теңізімен тұтасып жатқан су айдыны екенін, оның кейінгі Альпілік дәуірлерде жер қыртысының көтерілуіне байланысты ұсақ су айдындарына бөлінгенін білеміз. Сондай-ақ, Арал теңізінің көлемі жайлы, Арал теңізі жайлы ұғымдар сонау ерте дүние әдебиеттерінде де кездеседі. Ендеше қазіргі кезде әлем елдері назарын өзіне аударып отырған осы су айдынын зерттеу сол ерте заманан бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді деуге болады. Міне, сондықтан да көне зерттеулер мен қазіргі жаңа мәліметтерді салыстыру арқылы Арал теңізі бассейнімен оның жағалауының даму эволюциясын, сондай-ақ ғасырлар бойы өзгеру сипатын анықтау қиын емес. Мысалы, ежелгі заманның өзінде Арал теңізі көп елдерге мәлім болған. Өйткені, сол IХ-X ғасырлардағы араб ғалымдары - Ибн Хордадбех, Ибн Руста, Әл-Масуди, Әл-Истахрикелтірген мәліметтер аса құнды саналады. Демек, бұл еңбектерден сол кездегі Аралдың көлемі мен жағаларының пішіні туралы мағлұмат алуға боладыИбн-Хордадабех «Китаби-ал-масалик Вал-мамлик» саяхаттар мен мемлекеттер кітабы атты еңбегінде Амударияны -Жейхун, Арал теңізін - Күрдер көлі деп атайды. Ал Ибн-Рустеннің Амудария мен Арал теңізі туралы жазғандары неғұрлым нақты, оның мәліметтері бойынша, Арал теңізінің көлемі 80 фарсах (бір фарсах-6 шақырым) . Теңіздің басты жағалауындағы Жоталары Сиякух (қара таулар) деп аталады. Ал оң жақ жағалауы батпақты, онда қалың орман өскен. Демек аталмыш Сиякух - үстіртің тік жарлы құздары болуы мүмкін. Өйткені оның батыс жағалауы қазір де биік келеді, кейбір нүктелердің биіктігі 190 метрге жетеді. Сол сияқты Араб географы Әл-Истахри Арал теңізін «Хорезм көлі» деп атаған және Сырдария жөнінде мәліметтер келтірген. Истахри былай дейді: «Бұл көлдің айналасы 100 фарсах. Суы тұзды, көлге Жейхун, Илаш Сырдария және басқа өзендер құяды». Сондай-ақ Х ғасырда өмір сүрген белгісіз автордың парсы тілінде жазған «Худуд-ал Алам шығыстан батысқа дейінгі әлем облыстары» атты қолжазбасында да Арал теңізінің сипаттамасы берілген. Мұнда теңіздің көлемі 300 фарсахқа тең келетіні және жағалауларының құмды екені жазылған. Жоғарыдағы Арал теңізі жөнінде мәлімет қалдырушылар негізінен теңізді арнайы зерттеген адамдар емес, жолшыбай көргенін жазған саяхатшылар, жалпы дүниежүзілік әдебиетке қатысты шағын дерек жинаған шолушылар. Сондықтан бұл кезде Арал теңізі жайлы нақты ғылыми зерттеулер болған жоқ деуге болады. Дегенмен осы өлкенің сол кезеңдегі көрсетілген табиғат жағдайлары мен қазіргі табиғатының өзгерісін салыстыра қарағанда өңірдің сипатынының бұрынғы кезде нақты қандай болғандығына көз жеткізуге болады. Негізгі Арал теңізі жайлы нақты деректі мәліметтердің жиналуы, яғни арнайы зерттеулердің басталуы ХVІІ-ХІХ ғасырлардыңеншісіне тиеді. Өйткені бүгінгі Арал деген атау сол ХVІІ ғасырдан бергі жерге берілген. Яғни 1740-1741 жылдары Сырдария мен Арал маңын зерттеуге алғашқылардың бірі болып, Иван Мурауин қатысып, тұңғыш рет Арал теңізінің шығыс жағалауларын өте дәлдікпен арнайы түсірілімге түсіріп, карта жасаған. Жалпы Арал теңізі жайлы соңғы толық зерттеулер 1946-1950 жылдар аралығында болған. Ондағы мәліметтер бойынша теңіз көлемі 66 мың шаршы шақырымды құрап, ең ұзын бөлігі 424 шақырым, ал ендігі бөлігі 292 шақырым, орташа тереңдігі 16, 1 метр, ең терең жері 68 метр деп сипатталып жазылған. Содан қалған бүгінгі теңізде шамамен 15-20 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдындары бар көрінеді. Теңіздің осындай тартылуына орай өңірде алғаш рет 2001 жылы Арал теңізінің табаны қала орны болған деген болжам жасалды, ал бұл күндері осы болжам шындыққа айнала бастағандай. Өйткені бұрын Арал теңізі өз деңгейін сақтап тұрған жылдары сол жағасынан көне заманға тән ою-өрнектер, адам сүйектері ұшырасқан кездері болғаны жөнінде кезінде теңізде жүзген кейбір қарт кеме капитандарының талай өз аузынан естіген кездеріміз де болды. Бірақ та, ол кезде теңіз астында қала барын кім білсін. Ал енді теңіз тартылып, жағасы әр деңгейде ашыла бастағанда, қазір де бұл жағдай жиі көріне бастады. Өйткені қазіргі археолог ғалымдардың деректері бойынша құрғаған теңіз табанынан табылған әлгі мешіттің ою-өрнектерді сол 12-15 ғасырлардың еншісіне жатқызады. Сондай-ақ бұған дәлел ретінде Арал тарихынан белгілі сол 1592 жылдарға дейін қазіргі табылған қала орны яғни, «Барсакелмес» аралының батыс беті құрлықпен бірігіп жатқан көрінеді. Кейін теңіз суының көтерілуіне байланысты құрлықтан бөлініп қалған. Сондай-ақ жоғарыда сөз болғандай сол ертедегі араб ғалымдарының деректері бойынша да теңіз көлемі сол әрқили көлемде өзгеріп отырған. Мысалы, 80, 100 және 300 фарсах мөлшерінде. Егер де бір фарсах 6 шақырым болса, сонда кезінде теңіздің ең үлкен деген көлемі не бәрі 300 х 6 = 1800 шақырым ғана. Бұл - теңіздің сол 1950 жылғы көлемімен салыстырғанда төмен екенін көрсетеді. Міне осыған орай бір сөэбен айтқанда «Барсакелмес» аралы сол 1592 жылға дейін құрлықпен жалғасып жатыр деген сөз шындыққа жақын.

Арал теңізі көне замандардан белгілі. Ежел гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің «сақ шығанағы» есептесе, А. Македонский кезінде, Окс теңізі (Окс - Сырдарияның грекше аты) деп атаған. Аралдың зерттелуі өте маңызды біз үшін. Қазақстанның, сонымен бірге бірқатар шетелдік ғылыми зерттеу мекемелері Арал теңізін зерттеу мәселесімен айналысты. Бірнеше халықаралық қоғамдар, ұйымдар құрылған. Арал ойысы жоғарғы плиоценде жер -қыртысының төменге майысуы нәтижесінде қалыптасқан. Табанының бедері жота-жоталы жазық болып келеді. Деңгейі күрт төмендегенге дейінгі терендігі 20-25 м, Арал теңізінің жалпы ауданы шамамен 2235 км2(айдынның 3, 5%) болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылған. Кезіндегі ең ірі аралдары: Көкарал, Барсакелмес, Возрождение (бұл аралда КСРО-ның бактериол. қаруын сынау алаңы болған) . Солтүстігінде биік және жайпақ жағалаулар кезектесіп отырады. 1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мсн Тәжікстанда 1, 5, Түрікменсанда 2, 4, Қазақстанда 1, 7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2, 2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген кажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралыгында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Онын негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол кажет ететін күріш пен мақта есіру ісі каркындап дамыды (Шардара) . Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3 су кұйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялык препараттарды қолдану бүрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады.

1. 1 Арал теңізінің зерттелу тарихы

Қазақстанның Оңтүстік аймағында жатқан Арал теңізі көлемі жағынан екінші орынды иеленеді. Арал теңізі Тұран ойпатының тектоникалық қазан шұңқырында жатыр. Ол дүниежүзілік мұхит деңгейінен 53 м биіктікте орналасқан. 1950 жылы жалпы ауданы 64, 5 мың шаршы километр, ұзындығы 428 километр, жағалаулары көбінесе ойпатты, жазық, құмды болып келеді.

Арал теңізі туралы Аль-Бируни, Ибн-Хордадбек Ибн -Русте т. б. ойшылдар өз еңбектерінде жазған.

ХҮІІІ-ғасырда Арал теңізіне патщшалық Ресей көңіл аудара бастады. Ароал теңізі мен оған құятын Әмудария мен смырдария өңірлерінің төменгі ағыстары туралы 1848-1849 жылы орыс ғылымы Бутоков А. И. Экспедициясы толы физикалық- географиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Н. А. Северцев (1857-1858 ж) Арал теңізінің Сырдарияның төменгі ағысын және Қаратау жоталарын зерттеді. Ол бұл өлкенің картасын жасады және оның жер бедерін, табиғаитын климатын, өсімдіктерін суреттеп жазды.

Ол зерттеуде табиғат компоненттерінің сабақтары туралы идеялар көтеріп, геологиядағы экологиялық бағытқа жол ашты. Арал теңізі алқабындағы судың 85 процентін ауыл шаруашылығы пайдаланады.

Арал теңізі бетінің ауданы 1960 жылы 66, 1 мың км-ден 1993 жылы 33, 3 мың шаршы километрге азайған. Арал теңізі суының көлемі 1993 жылы 278 текше метрге азайған. Арал теңізі көлемі жағынан түркі тілдес елдер ішінде екінші, ал дүние жүзінде төртінші орында.

Арал теңізі көне заманнан бері әлемнің көптеген саяхатшылары ғалымдарының назарын өзіне аударып келеді. Арал туралы алғашқы деректер ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінде ұшырасады. Грек ғалымы Птолемей теңізінің географиялық орнын дұрыс анықтап жазған. Арал теңізінің суын, табиғатын жан-жақты зерттеуде орыс ғалымдарының сіңірген еңбегі зор. Академик Л. С. Бергтің1908 жылы «Арал теңізі деген үлкен еңбегі жарық көрді. Арал теңізінің түбі тегіс, тұнба шөгінділі».

Арал теңізінің аймағының климаты қатаң контингентті, құрғақ жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 100 мм. Жылдың булану мөлшері түскен жауын-шашыннан бірнеше есе көп.

Теңіз бетіндегі ауаның жаз айындағы орташа температурасы: +24 0С+2+ 0С, қыста -7 0С, -13 0С-қа дейін төмендейді. Қыста теңіз бетіне мұз қатады. Суының тұздылығы 14 пайзы. Соңғы жылдары теңіз суының қатты тартылып тайыздануына байланысты тұздылығы қалыпты мөлшерден артқан. Яғни бүгінде қос өзен атырабында біршама әлеуметтік және эклономикалық проблемалардың туындағаны, ал оның басты себебі регионның табиғатында қалыптасқан экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы екені ашық айтылып жүр.

1915 жылы қос өзен атырабына сапар шеккен Явардия капитаны Бекович-Черкасский сондай-ақ саяхатшы- климатолог А. И. Воейков Оңтүстіктегі құрғақшылықтың басты себепшісі Арал теңізі деп есептеп, осы бір орасан үлкен су қоймасын біржола құртуды ұсынгады. Ал география ғылымының докторы С. БЮ. теллер «Арал теңізінің проблемалары» атты мақаласында «бекерден- бекер теңізге құйып жатқан суды пайдалан отырып, 4 млн гектар жерді суаруға, 4 млрд сомның өнімін алуға болады» деп жазады. Арал теңізінің «табиғат қателігі ретінде есептеп, оның болашағына сенімсіздікпен қарайтын көзқарастар көпшілік арасында қалыптасқан қоғамдық пікір туғызады. Жекеленген ғалымдардың тиіп-қашты пікірі болмаса, соңғы он-онбес жыл ішінде Аралдың пайдасына бірде-бір жанашыр, жылы сөз естіген жоқ. Теңз жайын толғаған көркем шығарма немесе нақты ғылыми зерттеулер тиісті орындардың назарынан тысқары қалды. География ғалымдарының докторы А. И. Симонов пен география ғылымдарының кандидаты И. П. Гоптареваның есебі бойынша Арал теңізінің жойылуы нәтижеде реогондағы 5 млн гектар жер біржола жарамсыздыққа ұшырайды екен.

Арал теңізінің Қазақстан территориядағы жұмыс жүйесін теңізді өкшелей қуу принципі бойынша жүргізуге регионның табиғат жағдайы да сұранып тұр. Бұл тұста Арал теңізінің деңгейі бір көтеріліп, бір төмендеп отырғанын тарихи фактілерде де, көнекөз қариялардың әігімелері де растайды.

Арал өңіріндегі ерте темір дәуірінің сақтанған археологиялық ескерткіштердің жинақталуы. Арал өңіріне Әмудария мен сырдарияның Арал теңізіне құятын төменгі ағысының аралығы жатады. 1937 жылы бастап Хорезм археолог- этнограф экспедициясы Сжетский, С. П. Толстов, М. А. Итина, О. Л. Вишневская т. б. зерттулер жүргізілді. Арал өңірінде сақ тайпалаларының 4 түрлі өмір сүргені белгілі болды. 1) жаңадария бойында- пасиактар; 2) қуаңдарияда бойында- Тохарлар; 3) сырдария мен қуаңдария аралығында- аугасилер; 4) әңкәрдария бойында -сакравактар Стробон бұл аймақтардың массагеттердің батпақты суы мол, аралды жер екенін айта келіп, онда апасиактар өмір сүргенін жазған. Арал өңіріндегі ертеректе болған шірік рабат, Бәбіш Молла, Баланды, жетіасар, Алтын асар көне қалалары орындарынан сақ тайпаларының мол ескерткіштері табылды. Бұл қала-жархит жобалары бір-біріне ұқсас. Халқы мал шаруа, мен, егін егумен, аң аулаумен айналысқан. Қазба жұмыс кезінде дәнд дақылдар, арпа, тары қалдықтары, үккіш, қол диірмен т. б. құрал-саймандар табылды. Мал сүйектерінің 47 пайызы ірі қара сүйектері болуы, оның ішінде түйе, жылқы сүйектерінің мол кездесуі жартылай көшпелі өмірдің басым болғанын аңғартады Қол өнер, зергерлік жақсы дамыған. Шірік Рабат қаласы төңірегіндегі обаларды зерттеу барысында алынған бұйымдардың Арал өңірі тұрақ-жайларындағы бұйымдарға ұқсастығы дәлелденді. Жерлеу тәсілдерінің өзіндік ерекшелігі бар. Бейіттер күмбез тәріздес, аумағы 38, 5 м биіктігі 8 м, көлемі 47х29х9, 5 см, 53х31х11 см шикі кірпіштен өрілген Антропологиялық зерттеулер сақ тайпаларының бет пішінінде б. з. б. 7-5-7-да ейропалық, ал б. з. б4-2 ғасырдан бастап монғолдың белгілері күшейе бастағанын көрсетті.

Арал өңірі ескерткіштері жаңа тас дәуірі мен соңғы темір дәуірі аралығында бұл аймақта мал шаруашылығы мен суармалы егіншілікпен айналатын, әскери өнері жақсы дамыған тайпалардың өмір сүргенін көрсетті. Олар көрші елдердің және шығыстан келген тайпалардың әсерінен саяси- әлеуметтік, экономикалық мәдени және антропологиялық жағынпан өзгерістерге ұшырап отырған.

Арал теңізін Сырдария мен Амудария өзінен бөліп қарауға болмайды. Өйткені Аралды адамдар қателігінің құрбандығы десек, сол қателіктер алаңы-Орта Азиядағы Қос өзеннің бойы, өзіндік қайталанбас мінезі, мың жылдық тарихы бар ұлы өзен-Сыр ел жайлы ойланған сәтте өкейде тарих сабағы тұруы тиіс. Өйткені өзен бойында белең алған өзгерістердің себеп-салдарын дер кезінде тауып төніп келген қауіптің алдын алсақ, сырдан су іштеін он екі миллион адамның болашағына нұқсан келуі әбден мүмкін. Ал тарих тереңіне үңілер болсақ, бір кездері Сырдария аунай ағып Варахшы атты көлдер жүйесіне құйыпты. Хиуа тарихшысы Әбілғазы жер дүмпуінен Варихш көлдер жүйесі Аралға ауып теңізге айналды, деген болжам айтады.

1. 2 Арал маңы табиғат ресурстарын және оны тиімді пайдалану жолдары

Теңізде балықтың 30-дан аса түрі бар. Кәсіптік маңызы бар бекіре, сазан, қаяз, шабақ ақмарқа сияқты балықтар ауланады.

Соңғы уақытқа дейін аралдан болықшылар жылына 200 мың тонна балық аулап келеді. Аралға құятын Амудария мен сырдария өзенінің суын егістікке орынсыз пайдалану, ысырап ету салдарынан теңіз суы тартылып, айдыны тарылып барады.

Теңіздің Солтүстіктегі Барсакелмес аралында «барса келмес» қорығы құрылған. Қорық аймағындағы бөкен, құлан, жайран, қырғауыл т. б. аң, құс түрлері қорғауға алынған. Қазіргі теңіз деңгейінің күрт төмен түсуіне байланысты олар басқа жаққа көшірілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арал теңізінің зерттелу тарихы
Қазақстан табиғатының Қазан төңкерілісі қарсаңында зерттелуі және физикалық-географиялық ой-пікірлердің дамуы
Арал теңізінің зерттелуі. Арал теңізінің экологиялық мәселелері
Арал теңізінің қазіргі жағдайы
Қазақстан жерінің зерттелу тарихы
Арал теңізінің зерттелу тарихы, экологиялық жағдайлары
Тұран жазығы
Солтүстік Арал теңізінің экологиялық күйі
Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны, қалыптасу тарихы
Тұран ойпатының климаты, ішкі сулары, органикалық дүниесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz