ЖАНДОСОВ Ораз Саяси қайраткер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Оңалбаева Сауле Рахатқызы

Қуғын-сүргін құрбандарының БАҚ-та зерттелуі

(Тәуелсіздік жылдары)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы - 050504 - журналистика

бакалавры

Астана -2019

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Л. НЛГумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кафедра меңгерушісі:

Ф. ғ. к, доцент А. О. Есдәулетов

Қорғауға жіберілді «__» 2019 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Қуғын-сүргін құрбандарының БАҚ-та зерттелуі

(Тәуелсіздік жылдары)

Мамандығы - 050504 - журналистика

бакалавры

Орындаған: Оңалбаева Сауле Рахатқызы

Ғылыми жетекші: Қырықбай Аллаберген

Астана -2019

Мазмұны

Кіріспе

I. 1937 жылғы «Қуғын-сүргін құрбандары» туралы ақиқат: зерттелу теориясы мен практикасы

I. I. Репрессия құрбандарының естелік хаттарына бүгінгі көзқарас

I. II. Репрессия құрбандары жайлы тәуелсіздік жылдарында жарияланған материалдар

II. «Ақмолдағы отанын сатқан әйелдерінің лагері»туралы аңыз бен ақиқат . . .

II. I. Қазақстан БАҚ-тарында «Алжир» құрбандары тақырыбының қамтылу дәрежелері

II. II. «Қазақстан» және басқа да арналарда «Алжир» туралы видео материалдар

III. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста Қуғын-сүргін құрбандарның БАҚ беттерінде жазылған мақала, видео жазбаларды мазмұндық, тілдік және стильдік ерекшеліктері қарастырылған.

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің БАҚ саласында қуғын-сүргін құрбандарына арналған мәліметтер мен мұраларды тереңінен зерттеу, қарастыру. Жазықсыз жазаланған жандардың бастан өткерген оқиғаларының айқындығын қарастыру.

Диплом жұмысының зерттелу деңгейі: Тақырыпты БАҚ деңгейінде тереңінен зерттеуді мақсат еттім. Бір қатар ғалымдардың жазба деректеріне сүйене отырып, қазіргі таңдағы веб-мақалалармен салыстырдым. Тәуелсіздік жылдарынан бастап, қуғын-сүргін құрбандары жайында жазылға барлық мәліметтерді біріктіру.

Зерттеу мақсаты: БАҚ-та қуғын-сүргін құрбандары туралы қазіргі уақытта қаншалықты дәйекті мәліметтер жазылуда, ; Қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары жазған естеліктерді негізге ала отырып, ондағы жазылған оқиғаларды зерттеу арқылы ой түйіп, сараптау; БАҚ-та қуғын-сүргін құрбандарына айналған белгілі ұлт тұлғаларының хаттарын жинақтап, оны жүйелі түрде талдап, көптеген мәтіндерін салыстырмақпын;

Зерттеу міндеттері: Қуғын-сүргінге ұшыраған белгілі тұлғалардың жазған хаттары жарияланған мерзімді баспасөзден оларды жинақтап алау және оған баға беру. Ұлт мақтанышы болған бір туарлардың хаттарын талдау және ерекшеліктерін атап көрсету.

Тақырыптың ғылыми жаңалығы. Қазіргі таңда мағлұматтарды тез үйрену және іздеу ол ғаламтор жүйесі негізінде болғандықтанҚуғын-сүргін құрбандары жайлы БАҚ саласында барлық шынайы әңгіме негізінде түсірілген видеоларды қарастыру. Сондықтан жетекшіммен ақылдасып, «Қуғын-сүргін құрбандарының БАҚ-та зерттелуі »деп тақырыпты қойдым.

Ұсынылатын тұжырымдар.

Қуғын-сүргін құрбандарының

Құрылымы

Т. Бұл жобада жалпы «АЛЖИР» - де болған оқиғалардың шынайылығы мен толыққандылығына назар сала отырып, «Қуғын- сүргін құрбандарының» БАҚ беттерінде қаншалықты дәрежеде жазылып жүргендігін зерттедім.

Жұмыстың прaктикaлық мaңызы. БАҚ-да өз халқының тәуелсіздігі мен еркіндігі жолында бел шешіп күрескен, сол жолда жазықсыз оққа ұшқан азаматтардың, азаптау лагерлеріне қамалған олардың жазықсыз жарларының, шаранадай шырылдап, жетімдер үйіне жіберілген сәбилер тағдырын көрсететін мақалалар мен бейне жазбаларға сараптама жасау.

Зерттеу нысаны:

Зерттеу әдістері: Дипломдық жұмысты жазу барысында әдебиеттерді оқып-зерттеп, қуғын-сүргін құрбандары туралы БАҚ-да жарияланған мақалалар мен бейнесюжеттерді салыстыра зерттеу әдісін пайдаландым.

Әдебиеттер мен жүргізілетін жұмыс барысында мынадай әдістерді пайдаландық:

библиография құрастыру - зерттелетін мәселелерге байланысты жұмыс істеу дереккөздер тізбесін жасау;

рефераттау - дипломдық жұмыстың жалпы тақырыбы бойынша бір немесе бірнеше жұмыстардың негізгі мазмұндарын қысқаша мазмұндау;

конспектілеу - дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша жұмыстың басты идеялары мен қағидаларын бөліп көрсетуге негізделген барынша нақтыланған жазба жұмыстарының жүргізілуі;

аннотациялау - кітаптың немесе мақалалардың негізгі мазмұнын қысқаша түрде жазыпалу;

дәйек сөз келтіру - ғылыми дереккөздердегі тұжырымдардың, деректік немесе сандық мәліметтердің дәлме-дәл жазып алынуы.

Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан және қорытынды мен түйінделген.

1. 1937 жылғы «Қуғын-сүргін құрбандары» туралы ақиқат: зерттелу теориясы мен практикасы

Адамзат тарихында ХХ ғасыр аумалы-төкпелі төңкерістерге, қанды қасап соғыстарға, миллиондаған халықты құрбандыққа шалған қайғы-ұасіретке тоглы ауыр да азпты кезең ретінде есте қалды. Осы кезеңге тиесілі екі дүниежүзілік соғысты есептемегенде, жарты әлемді жаулаған Ресей империясындағы төңкерістен кейінгі қолдан жасалған аштықтар мен қуғын-сүргін науқандары бүтін бір халықтардың санын шектеп, дауын тежеді.

Егер Кеңес заманын сөз етсек, 1937-дегі қырғынның түп тамырын 1930-жылдардың ортасындағы оқиғалардың себеп-салдарынан емес, одан әріректегі тарихи негіздерден іздегеніміз дұрыс. Өйткені Ленин мкен Сталин бұл салада пәленбай жаңалық ашқан жоқ, олар ұйымдастырған нәубат бұрынғы ақ патша жүргізген іс-әрекеттің жалғасы ғана. Сөйтіп, бірдей «туземцы», бірге «инородцы», ал көбінесе «қырғыз-қайсақ», «қырғыз-қазақ» деген үнемі қорланған, қор болған қазақ халқы отаршыладан көрген зәбір-жапасы мен құқай 19637-де емес, тіпті большевиктер билікке келмей тұрып-ақ одан әлде қайда бұрын - алаш жерінде Ресей қожалық еткен уақыттан бастау алады.

37-ні қуғын-сүргінінде біздің небір таңдаулы азаматтарымыз «халық жауы» деп атылып қана қойған жоқ, олардың туған-туыстары, тамыр-таныстары, аралас-құралас болған адамдарды да тозаққа түсіп жатты. Осыған орай кейбір деректерді әңгімелеп көрейік.

Ал шын мәнінде бұл биліктің халыққа жасаған қиянаты еді. Әрине, ашаршылық сол кезде жалғыз болған жоқ. Қазақта «жұт жеті ағайынды» дейді ғой. Оған 37-жылы репрессия келіп қосылды. Сол жылдары шығып тұрған газеттерде күзде егінді орып болғаннан кейін қалған масақты тергені үшін сотталып, тіпті халық жауы аталып, атылған адамдар туралы ақпарат бар. Мысалы «Еңбекші қазақ» газетінде Қызыл тақта және Қара тақта деген айдарлар болды. Осы екі айдардың аясында қызыл тақтаға қуғын-сүргін, ашаршылыққа қарамастан шолақ белсенділік танытып жүрген мекемелер, ұйымдар, колхоз-совхоздардың басшылары туралы мақтау-мадақтау материалдары болатын болса, қара тақтада масақ теріп халық жауы атанған қарапайым, кінәсіз адамдардың есімі тізімге ілінді. Қара тақтаға ілінгендер күні ертең ату жазасына кесіліп отырды.

Тарихшылардың мәліметі бойынша, 1937-38 жылдары советтік Қазақстанда 118 мың адам сотталған. Олардың 25 мыңына ату жазасы кесілген. Сотталғандар арасында совет саясатына қарсылық білдірген ұлт оппозициясының көшбасшылары да болды. Мамандардың пікірінше, сол кезеңдегі тарихи мәліметтердің ақтаңдақ тұстары әлі де көп. Кеңес заманында Қазақстан территориясында ірі еңбекпен түзеу лагері - Карлаг жұмыс істеп тұрды. Онда қамалғандар ауылшаруашылығы, индустриальдық өндірістегі ауыр жұмыстарға жегілді. Карлагта бір миллионнан астам тұтқын болған. Сондай-ақ елімізде саяси маңыздағы АЛЖИР - отанын сатқандардың әйелдері тоғытылған Ақмола лагері болды. Ондағылар жан жолдасының саяси қылмысы үшін жазасын өтеді.

Осы жылдары көптеген ұлт жаппай Қазақстанға қоныс аударылды. 1937 жылы күзде жүз мыңдаған корей, түрік, ирандық, күрд және әзірбайжандар елімізге кеп қоныс тепті. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысы жылдары елімізге немістер, гректер, шешендер, ингуштар, қарашайлар, балқарлар, қырым татарлары және басқа ұлттар депортацияланды. Олардың жалпы саны 1 миллион 200 мыңды құраған. КСРО-да 1986 жылы өткен шеруге қатысушылар да тәуелсіз Қазақстанда саяси репрессия құрбандары қатарына жатқызылады. Бұл оқиғаның өрбуіне Қазақ КСР ОК бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың орнынан алынуы және оның орнына Геннадий Колбиннің тағайындалуы түрткі болған. Желтоқсанда елде жаппай наразылық акциясы өтті, бірақ ол аяусыз басып-жаншылды. Қамауға алынғандар саны 8, 5 мың адамнан артады. Бұл оқиға мемлекеттің саяси өміріндегі демократияның бастауы боп табылады. Өйткені одан кейінгі бес жылдан соң тәуелсіз Қазақстан мемлекеттік егемендігін жариялады.

1993 жылы Қазақстанда "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" заң қабылданды. Оның мақсаты - әділдікті орнату және зардап шеккендердің шығынын өтеу.

Ал 1929 жылғы аштықтың салдарынан 123 300 000 дихан шаруашылығының саны 1936-1937 жылдары 56 500 болып қалған. Егер сол жылдары жарық көрген газеттер тек шындықты айтты десек, бұл өтірік болар еді. Ол кезде баспасөздегі материалдардың барлығы тек біржақты саяси екпінмен, тапсырмамен жазылған дүниелер болатын. Мысалы, 1930 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде Мұстафа Шоқайдың «1929 жылғы аштық» деген мақаласы жарық көрген болатын. Онда ол Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ жерінде болған аштықтың кесірі біріншіден табиғаттың қолайсыздығына байланысты болды» («Қазақ жеріндегі ашаршылық» атты мақаладан) деп айтқан пікіріне: «Бұл жерде ешқандай табиғаттың қолайсыздығы деген факті болған жоқ, қазақтың ойлы, қырлы даласында қанша қырғын, қанша жұт болса да, халқы былай жаппай қырылмаған. Сондықтан, Ахмет Байтұрсыновтың мына пікірлері кеңестік електен өткен деп, оның мақаласын шынайы сынға алады. Бұдан біз қазақ жеріндегі ашаршылыққа сол кезде билікте жүрген адамдар болсын, алаш ордашылар болсын, барлығы бір жақты ғана баға бергендігін көреміз. Яғни, олардың барлығы ашаршылықтың себебі табиғаттың қолайсыздығынан дегенге әкеліп тіреді.

«Халық жауының» әйелдері деп танылған әрбір анаға алды 3 жыл, арты 8 жылдан берсе, 1937- жылдан 1954-жылға дейін қаншама адамның тағдыры тәрік болғанын ойлаңыз. Жалпы 26-шы нүктеде қанша тұтқын әйел отырды деген сауалға лагерьдің бұрынғы басшылары нақты жауап бере алмады. Әркім әрқалай айтты. Орта есеппен мұнда 22 мыңдай тұтқын әйелдер азап шеккені белгілі болып отыр. Қарапайым үй шаруасындағы әйелдерден бастап, ақын, жазушы, ғалым, әнші, биші. Артист, режиссер, дәрігер, партия, комсомол, кәсіподақ қызметкерлері, стенографист, мұғалім, тіпті мал дәрігеріне дейінгі әр қилы мамандық иелері қорлық көрген екен. Сол лагерьдің қазіргі кезегі сұлбасы да жоқ. Орнына қала типтес Малиновка поселкасі орналасқан. Жол бойы жайқалған жасыл теректер. Щоғыр-шоғыр орман. Бәрі де тұтқын аналардың қолымен отырғызылыпты. Ақмола облысына қарасты ірі құс фабрикасы осы маңайда - бұрынғы «Ақмолдағы отанын сатқандардың әйелдерінің лагері» немесе «Акмолинский лагерь жен изменников родины» деп ресми түрде аталған жерде, ал лагерьлер бас басқармасының географикалық тілінде 26-шы нүктенің орнына салынған екен.

«Халық жаулары » балаларының ішінде «Алаш» партиясының көрнекті өкілдері Әлихан Бөкейхановтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Мұхаммеджан Тынышбаевтың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Мыржақып Дулатовтың, Қошке Кемеңгеровтың, Жақып Ақпаев пен ақын-жазушылар Бейімбет Майлиннің де әйел балалары болды.

Карлагта аналармен еріп келген балалар ғана болған жоқ. Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін мұжарайының мәліметтері бойынша Карлаг лагерьінде 1507 бала өмірге келіпті.

Соғыс жылдары Карлагта 807 Орынға арналған 5 сәби үйлері болған. Сан бөлімінің басшысы Владимировтың анықтамасында көрсетілгендей 1940 жылы Карлагта 226 бала қайтыс болыпты. Өлімнің негізгі себептері дистрофия, туберкулез, аштықтан деп көрсетілген. Балалар үйлеріндегі балалар ата-аналарынсыз тәрбиеленді. Балалрмен ата-анасына қарсы мақсатты түрде, әрі жүйелі жұмыс жүргізілген: Бірнеше жылдар бойы олар ата-анасынан балаларды айыру бойынша жұмыс жасады. Дегеніне жете алмаған жағдайда олардың ата-анасы «Халық жауы » деп балалардың миын улаған. [1]

1921-1954 жылдар аралығында айыпталушылардың саны 3 миллион 777 мың адам болды, оның ішіндегі 642 мың адам атылған. Қазақстанда сол мерзімде 100 мың адам айыпталса, ал 25 мың адам жоғары жазалау шараларына кесілген екен. Біздің елімізде, абақтыларда 2 миллион тұтқын отырған, лагерьдердің тұтас жүйесі қалыптасқан. Тек қана бір сан арқылы террордың деңгейі туралы айтуға болады: 25-ші ақпаннан 1938 жылдың 13 наурызына дейін әскери каллегиясының шешімімен Қазақстанның барлық басшылары атылды, бұл жалпы құрамда 650 адам. Олардың ішіндн - Халком төрағасы, онын орынбасары, облыстық коммитеттердің төреағалары мен хатшылары бар.

1936 жылы КСРО конституциясы қабылданды. Бұл конституция әміршіл-әкімшіл жүйені нығайтты. Елде тоталитарлық жүйе, казармалық социализм орнады. Жеке адамның құқығы аяққа басылып, балама пікір айтқан адам «халық жауы» қатарына жатқызылып жазаланды. Ең алдымен жазаға ұлттық демократиялық зиялылар, Алаш қозғалысының қайраткерлері, қазақ елінің біртуар ұлдары тағы басқалар ұшырады.

1937-1938 жылдары Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С. Құтжанов, О. Исаев, О. Жандосов, А. Досов, А. Асылбеков, Ж. Садуақасов, С. Сапарбеков, Т. Жүргенов және т. б. Кеңес өкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізді деген айыппен қудаланып, репрессияға ұшырады. Репрессия - мемлекеттің өз азаматтарына қолданатын қатаң жазалау шаралары. Репрессия жылдарында ғылым мен мәдениеттің көрнекті қайраткерлері А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Ә. Ермеков, Х. Досмұхамедов, М. Тынышбаев, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров, Ж. Шанин, К. Кемеңгеров және тағы басқалар ату жазасына, куғын-сүргінге ұшырады. Оларға тағылған айып негізсіз болды, көбіне оларды ауыл шаруашылық дағдарысына, 20-30 жылдардағы көтерілістерге айыпты деп кінәлап, Қазақстанды бөліп алуға әрекет жасады, «жапон шпионы» деген айып тақты.

Қарағандыда және бірқатар аудандарда «халық жаулары» үстінен ашық сот процестері жүргізілді. Қамауға алынғандардың саны Қазақстанда 1937 жылы 105 мың адамға жетті, оның 22 мыңы атылды. Қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың әйелі мен балалары да жапа шекті.

Қазақстан жерінде жазықсыз жазаға ұшырағандарға арналған лагерьлер пайда болды. Олар: Карлаг (ерекше режиді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері), Степлаг (Далалық лагерь) . Олардың ішіндегі ең ірісі «ЧСИР» - халық жауларының отбасы мүшелеріне арналған лагерь. Кейіннен ол «Алжир» халық жаулары әйелдерінің Ақмола лагері атанды. «Алжирде» репрессия құрбандарының әйелдері, аналары, қыздары азап шекті. Қарағанды жеріндегі Осакаров ауданында орналасқан 25 поселке-обсервацияда Ресейден «халық жауы» ретінде жазаланғандар орналастырылды. Қазақстан аумағында бұл лагерлерден басқа Дальний, Песчанный, Камышлаг, Ақтөбе, Жезқазғанлаг, Петропавл, Өскемен, Луговой, арнайы Кеңгір тағы басқа лагерьлер орналасты.

Жеке адамға табынған тоталитарлық жүйе кесірінен 101 мың қазақстандық ГУЛАГ-қа жабылып, 27 мыңнан астамы атылды. «Халық жауларының» 40 мыңы кейін ақталды.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін « 31 мамыр - Ұлттық аза күні » болып белгіленді. Жыл сайын 31 мамыр жазықсыз жазаланғандарды еске алу күні деп атап өтуде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ораз Жандосовтың қоғамдық-саяси қызметі
О.Жандосовтың өмірінің барлық кезеңдерін қамти отырып, оның Жетісу өңіріндегі қоғамдық-саяси, мәдени, ағарту саласын дамытудағы қызметінің маңыздылығы
Ораз Жандосов және тоталитарлық жүйе
Ораз Жандосов жайлы
Ораз Жандосов
ЖЕТІСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОРАЗ ЖАНДОСОВ ҚАЙРАТКЕРДІҢ ЖАРИЯЛАНБАҒАН ХАТЫ
Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы қалыптасуы
Саяси қуғын-сүргіннің себептері. Жарты елді жайлаған аштықтағы М.О.Әуезовтың ұйымдастырған шаралары
1932 жыл ашаршылық ақиқатын ашатын кез келді
ОРАЗ ҚИҚЫМҰЛЫ ЖАНДОСОВ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz