Еуразия мәдениеті және еуразияшылдық мәдениет


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

САҒАТОВА ТӘТТІГҮЛ ҚИНАЯТҚЫЗЫ

Қазақстанның қазіргі мәдениетіндегі еуразияшылдықтың мәдени-философиялық аспектілері

Диссертациялық жұмыс

6B020400 МӘДЕНИЕТТАНУ

мамандығы бойынша

Астана - 2019

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . 3

  1. ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ ФЕНОМЕНІНІҢ МӘДЕНИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН МӘДЕНИЕТТІҢ РУХАНИ МӘНІН ТҮСІНУДЕГІ ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ ИДЕЯСЫКөркем мәдениетіндегі ориентализмнің теориялық қайнар көздері……6Еуразияшылдық идеясы тұрғысынан «Шығыс-Батыс» дихотомиясы 16Тұтастық және үйлесімділік еуразияшылдық мәдениетінің идеалы ретінде. . 27
  2. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ ӨЗІНДІК ЖОЛЫН РУХАНИ ТҮСІНУДЕГІ ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚҚазіргі қазақстандық қоғам дамуының мідени-тарихи аспектісі және еуразияшылдық идеясын өзектендіру . . . 41Көркем өнердегі еуразиялық мәдениеттердің өзара баюы (бейнелеу өнері мысалында) . . …… . . . 52Қазақстанның заманауи өнеріндегі еуразияшылдық: жолдар мен ізденістер (сурет, кескіндеме, мүсін) . . . ……. 56

ҚОРЫТЫНДЫ 63

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 60

ҚОСЫМША . 65

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.

Магистрлік жұмыста Қазақстандағы заманауи өнердің дамуы контексінде әлем тұжырымдамасы тұрғысынан еуразияшылдық идеялар әлеуетінің мәдени-философиялық талдаулары жүргізілді. Негізгі ғылыми мәселе «Шығыс-Батыс» дихотомиясының негізгі еуразияшылдық философемасының Қазақстан заманауи көркемдік мәдениетіне ықпалын, орнын және ауқымын зерттеу болып табылады.

Еуразияшылдық жасампаздық және толеранттылық идеясы Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатта түбегейлі орын алды. Идеология ретінде еуразияшылдық идеясы біздің әлем мәдениеттерінің сан алуандығын, өзін-өзі көрсету нысандары мен адамның даралық көріністерін құрметтеуге, қабылдауға және дұрыс түсінуге насихаттайды.

Еуразияшылдық - адамзат өркениетінің екі полюсінің тоғысуы. Бұл әмбебап немесе философиялық ұғым: өзінің мәдени-философиялық анықтамасында ол "Батыс" және "Шығыс"кең және мазмұнды ұғымдарына айналады. «Батыс» пен «Шығыс» әлем қатынастарының екі түрінде көрсетіледі: пәндік-әрекеттік және рухани-көзқарастық. Еуразияшылдық идеясы Батыс пен Шығысты жақындастыру мүмкіндігі ретінде түсіндіріледі. Әлемдік қатынастардың еуразиялық типі - адамзат тарихы мен мәдениетінің өзіндік құбылысы, Шығыс пен Батысты біріктіретін үшінші әлем. Әлемдік өркениеттің ажырамас бөлігі ретінде адамзаттың мәдени-тарихи дамуының біртұтас ағынының бөлігі болып табылатын Қазақстанның мәдениеті қазіргі уақытта мәдениет диалогы, олардың өзара әрекеттестігі және синтезі, сондай-ақ консенсусі кіретін еуразиялық әлем қатынасының айрықша феномені ретінде қарастырылады.

Еуразияшылдық феноменіне әлемнің ерекше тұжырымдамасы және адамның Универсуммен үйлесімі ретінде қарай отырып, біз оның бастауларын білуге және ұғынуға, дәстүрлі қазақ және қазіргі қазақстандық өнердің өзіндік даму жолдарына тереңірек енуге мүмкіндік аламыз. Қазақстанның қазіргі заманғы көркем мәдениетінде еуразиялық этникалық тамырларды зерттеу мәселесі және еуразиялық кеңістіктің рухани ғарыш ортақтығы бізге өзекті мәселелердің бірі болып көрінеді.

Осы жылдар бойы еуразияшылдық теориясы тәжірибелік іске асырылды және бүгінгі күні еуразиялық кеңістік интеграциясының үш өлшемі туралы айтуға болады: экономикалық, әскери - саяси және мәдени-гуманитарлық. 2017 жылдың 12 сәуірінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласымен сөз сөйледі, онда Елбасы қоғамдық сананы жаңғыртудың нақты тұжырымдамаларын анықтады. Бұл бағдарламалық мақаланың мазмұны еуразиялық құндылықтарды және олардың әлеуетін әр түрлі аспектілерде зерттеуге жаңа серпін береді, олардың ішінде бұл жұмыс үшін бастысы мәдени-философиялық болып табылады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тарихы бірнеше жүз жылдықтарға созылатын еуразиялық қозғалыс қазіргі таңда жаңа жандануды бастан кешуде. Қазақстандықтар үшін еуразияшылдық идеясын қайта жаңғыртудың бастаушысы ретінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев болғандығы өте қуантарлық жағдай. Бұл туралы алғаш рет Елбасы 1994 жылдың көктемінде М. В. Ломоносов атындағы ММУ-інде оқылған баяндамасында айтқан болатын [1] . 1994 жылғы Президентіміздің бастамасы жай ғана импульс емес, барлық аспектілердегі (саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени) заманауи шындықтың прагматикалық қажеттілігі екендігін уақыттың өзі көрсетті.

2006 жылы Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-інде өткен дәрісінде Президент: «Еуразиящылдық - XXI ғасыр идеясы. Бұл - келешек идеясы. Бұл - қазіргі таңда жаңғыртуды талап ететін интеграциялық үдерістер тәжіндегі алмас. Бұл идеяны сынаушылар да бар, бірақ, менің ойымша, бұл жүзеге асырылуда деп санаймын . . . бұл идеяға рухани, ғылыми негіз керек» деп атап өтті [2] .

Қазір мәдени интеграция идеясы Еуразияның мәдени және халықаралық саяси-экономикалық кеңістігіне енуде. Қазіргі заманғы жаһандық үдерістерде Еуразиялық идеясын жүзеге асыру рухани, мәдени, өркениеттік аспектілерін белсенді түсіну жалғасуда. Ұлттық менталитетті қалыптастыратын ең қуатты «құралдар» мәдениет пен өнер болғандықтан, бұл жерде көркем мәдениет саласы ерекеше әлеуетке ие.

Зерттеу нысаны - Қазақстанның қазіргі көркем мәдениетіндегі еуразияшылдық философемасы және оның әлеуеті

Зерттеу пәні - Қазақстанның қазіргі бейнелеу өнеріндегі (кескіндеме, графика, мүсін және қазіргі заманғы өнер) еуразияшылдықтың мәдени-философиялық мазмұнының көрінісі.

Зерттеу жұмысының мақсаты - Қазақстанның қазіргі өнеріндегі еуразияшылдық тақырыбының орнын анықтау.

Зерттеу міндеттері:

  • көркем мәдениет форматындағы еуразияшылдықтың бастаушысы ретінде ориентализмнің теориялық негіздерін зерттеу;
  • еуразияшылдық идеясы контекстіндегі «Шығыс-Батыс» дихотомиясының негізгі көркем параметрлеріне сипаттама беру;
  • мәдениеттердің жақындасуына негізделген әлем тұжырымдамасы ретінде еуразияшылдық идеологиясы мен әлеуетінің көркемдік ядросы - тұтастық пен үйлесімділіктің мәдени-философиялық негіздерін ашу;
  • еуразияшылық тұжырымдамасы контекстінде мәдениеттерді өзара байыту феноменін зерттеу;
  • еуразияшылдық идеяларын өзектендіру аясында қазіргі қазақстандық мәдениеттің тарихи және мәдени-философиялық даму аспектілерін саралау.

- Қазақстанның қазіргі бейнелеу өнері эволюциясындағы еуразияшылдық идеяларының орны мен маңызын анықтау.

Мәселенің зерттелу дәрежесі. Классикалық еуразияшылдық проблематикасының пәнаралық сипаты бар және классикалық пен қазіргі ғылыми еңбектерді кең ауқымды зерттеп оқуын көздейді. Қазақстандық тарихи және мәдени-философиялық контексті М. Х. Абусеитова [3; 4] , Г. К. Шалабаева [5; 6; 7], Т. Х. Габитов [8], С. Кондыбай [9], Ш. Ж. Тохтабаева [10] сияқты отандық ғалымдардың зерттеулерімен ұсынылған. Сондай-ақ, Р. А. Ерғалиева [10], М. Э. Султанова [13], Х. Х. Труспекова [14], Э. Р. Ахметова [15] және басқа да қазіргі заманғы отандық өнертанушылардың зерттеулері зерттеу жұмысының орындалу барысында қолданылды.

Зерттеу әдістемесі. Дипломдық жұмыстың әдістемесі тарихи, философиялық, мәдениеттік зерттеулерді үйлесімді біріктіретін кешенді, пәнаралық тәсілінде құрылады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақстанның қазіргі мәдениетінің даму үдерісіндегі еуразияшылдық идеяларының мәдени-философиялық әлеуетін қарастыру болып табылады.

Диплом жұмсының құрылымы: кіріспе, 3 тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымша

1 ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ ФЕНОМЕНІНІҢ МӘДЕНИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН МӘДЕНИЕТТІҢ РУХАНИ МӘНІН ТҮСІНУДЕГІ ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ ИДЕЯСЫ

  1. Көркем мәдениетіндегі ориентализмнің теориялық қайнар көздері

Ориентализм тақырыбы біздің өміріміздің шамамен барлық салаларын қамтуымен қызықты: қоғамдық және тарихи сана-сезім, стереотиптер, фольклор, масс-медиа және бұқаралық мәдениет, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, білім беру саласы және т. б. [16] . Қарапайым түсінікте «ориентализм» термині барлық «шығыстықты» білдіреді. Сондықтан гуманитарлық білімде «ориентализмнің» синонимі ретінде «шығыстану» термині жиі қолданылады. Бірақ ориентализм кең ауқымды болып келеді.

Ориентализмнің теориясы мен әдістемесі көркем шығармашылыққа қалайша әсер еткендігін түсіну үшін әлемдік көркем өмірдің тарихи ретроспективасындағы ориенталистік сана-сезімнің эволюциясын шолып шығу қажет. Алайда ғылымда ориентализм әдістемесі біршама даулы түрде ұсынылады және жеке теорияшылдар үшін қазіргі таңға дейін жүргізіліп келе жатқан пікірталастар мен дебаттардың нысанына айналды. Аталмыш зерттеудің осы бөлімшесі нәтижесінде еуразияшылдықтың философиялық негіздемесіне айналған негізгі тұжырымдары зерттелетін болады.

Ғалымдардың пікірінше, ориентализм үш негізгі факторлардың ықпалымен пайда болған: «іргелі шығыс мәтіндерін жүйелі зерттеудің белсенділігі, жаңа ескерткіштер мен ежелгі тілдердің ашылуы; жабайы (варвар) шығыс халықтарын батыс өркениетіне бейімдеудің ағартушылық міндетінің шешімі; шоғырлық экспансия» [17, б. 7] . Бірақ ориентализм тұжырымдамасының жалпы қайнар көздері өте тереңде жатыр.

Ориенталистік сананың ретроспективасы оның пайда болуы ұлы географиялық ашылулар кезеңінде орын алғандығын көрсетеді, бірақ А. А. Масловтың көзқарасы оны одан әрі екендігін білдіреді: «антикалық Грекияда «Шығыс-Батыс» дихотомиясының бір түрі бастау алады: нақты осы уақыттан бастап гректер өркениетсіз «жабайылар» туралы айтпағанның өзінде, өздерінің өмір салттарының олармен көршілес Шығыс халықтарының өмір салттарынан айырмашылығын байқап, белгілей бастады» [18, б. 3] .

Сәйкесінше, ориенталистік санасы Ұлы көші-қон дәуірінің Ескі Әлем және Ұлы Жібек Жолы бойында туындаған (олардың арғы түп-тамырларымен: «кәріптасты» жол, «нефритті» жол, «лазуритті» жол) . Сонымен қатар континент аралық сауда Батыс пен Шығысты байланыстыратын жаһандық құралға айнала алды. Ұлы Жібек жолы Ескі Әлем халықтарының экономикалық-мәдени интеграциялануының қуатты құралы бола алды. Көптеген жүз жылдықтар бойына Батыс пен Шығыстың жан-жақты, көп векторлы және нәтижелі сауда-мәдени әрекеттестігі жалғасып отырды.

Жібек жолы екі өркениет өкілдерінің бір-біріне жанасу деңгейін арттырды және еуропалықтардың түсінігінде Шығыс туралы ғажайып адамдар мен жануарлар тұратын ғажайып әлем ретіндегі түсінік қалыптасты. Бұл көзқарас антикалық дәуірден шыққан және белгілі бір деңгейде әрбір келесі дәуір саудагерлері мен саяхатшыларының әңгімелерінің арқасында тарихи-мәдени арқауға өзіндік бір ғажайып бояуын қосып отырды. Саяхатшылар «ғажайып бай құпиялы Шығыс» туралы жалпы еуропалық аңызды белгілі бір деңгейде байытып және дамытып отырды.

Шығыс туралы еуропалықтардың түсініктерінің кеңеюіне 1095 жылы Урбан ІІ папасымен жарияланған Крест жорықтары да өз септігін тигізді. Халықының саны тоқтамай өсіп жатқан еуропалықтар Шығыстың «сарқылмас байлығына» қызықты. Жорықтардың діни себептері ретінде христиандықтардың құрметті жерлерінің, ең алдымен Құдай қабірінің және жалпы Қасиетті жердің дінсіздердің қолында сақталуының мүмкін еместігі туралы идеялар айтылды. Сол уақытта Палестина толығымен мұсылмандардың қол астында болған еді.

Крест жорықтары Орта ғасыр тарихындағы маңызды кезең болып табылады. Оларға батыс еуропалық қоғамның барлық әлеуметтік санаттары тартылған еді: корольдер мен қарапайым адамдар, жоғары феодалдық тап және дін адамдары, рыцарьлар мен қызметшілер. Кресшінің ант суын ішкн адамдардың мақсаттары әр түрлі болды: бірі баюды көздесе, басқалары шытырман оқиға тап болуды армандаған, ал үшіншілері тек діни сезімдеріне байланысты әрекет етіп отырған [19, б. 9] .

Жалпы, Шығысқа шамамен тоғыз жылға созылған сегіз Крест жорықтары жасалған. Әрине, Крест жорықтары Батысқа шығыс халықтардың мәдениет пен техника саласындағы білімін иемдену түрінде пайда әкеліп отырды (желді диірмен, жетілдірілген су дөңгелегі, пошта көгершіндері жүйесі және тағы басқалары) . Сонымен қатар суармалы, бақшалық, бау-бақша және гүлдердің жеке түрлері де алынған. Кресшілер жорықтардан музыкалық аспаптар да әкеліп отырған.

Бірақ осындай мәдени мұралардың саны тым мардымсыз, және Крест жорықтарына берілетін сол жаһандыө әлемдік-маңызды рөлді ойнай алмады. Екі өркениеттің шығындары өте үлкен болды. Сонымен қатар католиктік шіркеу өзінің ықпал ету ауданын кеңейтіп, Шығыс тарапынан батыс әлеміне жауапты реакция ретінде джихад түрінде Батыс пен Шығыстың конфронтациясын одан әрі өршітті.

Осы себептерге байланысты Шығыста Батыс туралы құлдық ұстаушы және жаулаушы ретіндегі түсініктер қалыптаса бастады. Сонымен қатар «орта ғасырда Шығыстың белгілі бір мәдени-тарихи тип ретінде бөлінуі болған жоқ. Мысалы, орта ғасырлық Еуропаның философтары мен дін адамдары араб-парсы ойшылдарын басқа мәдениет пен философиялық дәстүрдің өкілдері ретінде емес, гректерден келе жатқан данашылдық мектебінің жалғастырушылары ретінде қарастырған» [20, б. 14] .

Шығыс туралы түсініктің түрленуінде Ұлы географиялық ашылулар дәуірінің, танымал теңіз жүзушілердің және алғашқы жол салушылар Христофор Колумбтың, Магелланның, Васко де Гамманың, Френсис Дрейк және басқалардың ұлы әрекеттерінің алған маңызы үлкен болды. Солардың арқасында Еуропа «Әлемдік мұхиттың кеңістіктеріне шыға алды, ал еуропалық өркениет әлемде бірінші орындарға ие болды» [21, б. 21] .

«Шығыстану» үрдісінде Марко Поло маңызды рөл атқарады, ол өз замандастары арасында «шекарасыз адам» атағына ие болып, өмірінің соңына дейін «Азияға тәуелділіктен емделмеді». Оның отаны - Венеция, оның рухы тұлғаны қалыптастыруға көмектесті, кәсібі көпес, бірақ рухани зерттеуші болып, еуропалықтардың Шығыс туралы түсініктерін кеңейтті.

Венециялықтардың іскерлік қабілеті сауданың адам айтқысыз ұлғаюына, сонымен бірге түсініктің кеңеюіне көп көмектесті. Еуропалықтар арасында Шығыстан әкелінген экзотикалық ерекше тауарлардың пайда болуы, сонымен бірге білім мен ақпараттың белсенді араласуына жағдай жасады. Сауда байланыстары әмиянмен қатар, ақылдың да көбеюіне алып келді. Мұндай тандем Венеция республикасы мен венециялықтардың басқа Еуропадан айтарлықтай алшақтатты. Ең соңғысы бақыланатын импорт болатын «минералдар, тұздар, балауыз, есірткі, камфара, гуммиарабика, мирра, сандал ағашы, даршын, мускатты жаңғақ, жүзім, інжір, анар, маталар (әсіресе жібек), тері, қару, піл сүйегі, түйеқұс пен тотықұс қауырсыны, маржан тас, темір, мыс, алтын құм мен кесектер» [21, б. 4] .

Марко Полоны «басқа» әлемді лайықты бағалаған бірінші еуропалық деп айтуға болады. Ол еуропалық емес мәдениетке сыйластықпен қарап, «басқа» әлемді тану барысында өзін де өзгертті. Марко Поло мен Крестік жорықтар философиялық Батыс-Шығыс концепциясының қалыптасуында ескертілетін Батыс пен Шығыс арасындағы өзара қатынас байланысады. Теңіз саяхатшылары еуропалықтар әлемін шығыстық экзотикаға қызығушылықтарын арттыра отырып кеңейте алды - дәстүрге, рәсімдерге, өнерге.

Сонымен, еуропалықтардың ориенталистік түсініктерінің дамуына әсер еткен жаһандық құралдар деп, Ұлы Жібек жолы, Крестік жорықтар және Ұлы географиялық ашылуларды айтуға болады. Дегенмен, мыңдаған жылдар бойы еуропалықтар басқа алыс құрлықтарды әр түрлі елестетті. «Басқа әлемнің келбетін көруге деген қызығушылықтарын оятқан мотивтер әртүрлі және қозғаушы болды.

Танымайтын мәдениет бейнесіне деген қызығушылық деңгейлері де әр түрлі болатын. Бұдан - жалпы Шығыс туралы түсінік шекарасының белгілі шайылуы пайда болды, түрлі абстракті теориялық көзқарастар мен бейнелік түсініктерді өзіне қосқан көптеген радикальді трансформациялар өзгеріске ұшырады [11, б. 369] . Еуропалықтардың Шығыс туралы түсініктері көптеген күрделі тарихи дамулардан өтіп, еуропалық мәдениеттің барлық маңызды ағымдарында пайда болды: ортағасырлық символизм, ағарту мен романтизм, жаңа батыстық философия, модерн және жас контрмәдениет.

Көптеген жылдар Шығысты бірде дәріптеп, бірде оларды артта қалған, өзімен өзі бұйығы, тарихсыз, құлдық және кедейшілік өлке деп айыптады. Ал кейде адамды эмпириялық тіршілігінен жоғарылатар рухани тереңдігі, даналығы мен тақуалығы үшін тамсанатын. Ең қарама-қарсы көзқарас еуропалық философтар, мәдениет танушылар, саясаткерлер, әлеуметтанушылар мен тарихшылар орнатқан Шығыс туралы жасанды теория негізінде қалыптасты. Шығысты зерттеудің еуропалық форматы неден көрінеді?

Беделді зерттеулер бойынша, «негізінде Шығыс ерте заманда да, қазір де тұтас, бір эсхатологиялық бағытта қозғалушы мәдениетті көрсетпейді. Шығыс өркениетінің дамуын үш бағытқа бөліп қарастыруға болады: мадақты, критикалық және исламдық. Бірінші бағыт бойынша Шығыс, бәрінен бұрын, Қытай, жалпы береке, білімнің және ағартушылық мекені ретінде, даналық пен басқарушылық үлгісі ретінде қарастырылды. Екінші бағыт бойынша (Ескі Египет, Ескі Парсы, бірнеше басқа да Шығыстық озбыр елдер) зорлық, құлдық, қатыгездік және ұзақ тоқырау тұрғысынан сипатталды. Үшінші топтағы өркениет (Шығыс араб-мұсылмандық аудандар) араб-мұсылман өркениетінің Батысқа моральдық-этикалық ықпалымен сипатталады, алгебра, тригонометрия, астрономия, география, химия, психология, медицина және басқа да нақты ғылымдардың дамуы»[22, б. 131] .

Шынында, ориентализм Ағарту дәуірі XVIII ғасырда жеке ғылыми бағыт болып қалыптасты, және сол дәуірдегі атақты философтардың аттарымен байланыста болды. Мамандар оны үш бағытқа бөледі: мадақты, критикалық және исламдық.

Сонымен «мадақты бағыт жақтаушылары - Лейбниц, Вольтер, Кэне және басқалар Шығыс мәдениетіне тамсанып, оны Еуропаның дамуына үлгі ретінде санады. Критикалық бағыт жақтаушылары - Монтескье, Руссо, Вольней және басқалар - шығыс мәдениетін жағымсыз бағалады, олар шығыстағы еуропалық қоғамда жоғары бағаланатын тәуелсіздіктің жоқтығын кінәлады.

Әлемдік тарихқа әмбебап сызба құру мақсатында Ағартушылар шығыс мәдениетіне әмбебап қарау негіздерін орнатты. Бұл әдіс бойынша - Шығыс бүкіләлемдік тарих басталған, мәдениет туған орталық деп саналды, бірақ заманауи Ағартушылар бойынша әмбебап тарихи даму сатысы батыс мәдениетінің дамуын мойыедайды. Бұл бағыт бойынша Шығыс мәдениетінің бағасы ерте заманда, ал заманауи мәдени дамудың үлгісі Батыс болып есептеледі» [20, б. 16] .

Осылайша, Француздық революция кезінен шығыстық мәтіндерді іргелі оқу басталады. 1795 ж Парижде Азия бар тілдерін оқу мектебі ашылды, ол жетекші еуропалық ориенталистік орталыққа айналды.

Он жыл бұрын, 1785 жылы, ерте үнді әдебиетінің санскрит тілінде жазылған ұлы ескерткіші «Бхагавад-гита» («Әулиели жырлар») ағылшын, одан соң француз тіліне аударылды. Киелі мәтіннің аудармасының бірі еуропалық ортада «индомания» тудырды, ол әсіресе неміс философтары, ақын және критиктер ағайынды Август және Фридрих Шлегелдердің назарын аударды.

Кейінірек арнайы «Азиялық журнал» (1823), «Азия карольдіктерінің журналы» (1834), «Немістік шығыс қоғамы журналы» (1845) сияқты журналдар пайда болды, оларда жетекші батыстық шығыстанушы ғалымдардың зерттеулері жарияланды. Іргелі және қолданбалы Шығыстану Фрация, Англия, Италия, Дания және басқа да еуропалық державаларда ұлғайды.

Е. В. Середкин ойы бойынша, бірінші шығыстанушылардың басында Г. В. Лейбниц тұрды, ол конфуций іліміне өте жоғары қызығушылық танытты. Ол өз заманындағы барлық қытайлық жазбаларды біліп қана қоймай, Қытай миссинонерлерінен бірінші болып жаңа ақпараттар алып отырды, олар хаттарынан көрініс табады. Оның қызығушылықтары медициналық дәрі-дәрмектерден қытай фйилософиясына дейін жазылды. Одан артық ешқандай еуропалық философ конфуцийшілдік пен конфуцийшілдік емеске қанық [23, б. 6] . Ол Қытай мен Еуропа мәдениеті бірін бірін толықтырушы деп санады, сонымен бірге екі мәдениеттің де теңдігі мен әр түрлілігі туралы ойды дамытты. Лейбництің Қытай туралы еңбектерінің арасында «санаудың бинарлық жүйесі және қытай философиясы туралы екі хат» трактаты ерекшеленеді, ол 1700-1703 жж жазылған.

Лейбництен кейін неміс философиясындағы шығыстанудың кең таралуы нақтыланған, бағытты сипат алады, ол И. Гердера, Вильгельм фон Гумбольта, Фридриха Шлегель және басқа да көптеген философтар мен мәдениет танушылар еңбектерінде бейнеленеді. Иоганн Готфрид Гердер - атақты ақын, аудармашы, тарих пен мәдениеттің ғылыми мәнінің негізін салушы алғашқы ойшылдардың бірі, ол тарихи және мәдени үрдістердің заңдылығын түсіндіруге талпынды, «Адамзат тарихы философиясына идеялар» (1784-179) .

Шығыс халықтарының тарихи-мәдениетін сипаттауда Гердер шығыс философиясы мен тілін талдайды. Салыстырмалы тіл зерттеу бойынша Гердер идеяларының дамуын Вильгельма фон Гумбольд еңбектерінен көре аламыз, онда тілдің «халықтың рухани күшін қалыптастырумен» ажырағысыз байланысы жазылған [10, б. 47. ] .

Фридрих Шлегельдің Үндістан еліне деген махаббаты ерекше болған. Өзінің үші кітаптап тұратын «Үндістандықтардың тілі мен даналығы туралы» атты еңбегінің [24, б. 261] бірінші кітабы тіл туралы, екінші кітабында философия туралы және үшінші кітабында тарихи идеялар мен үндістан тарихы туралы баяндаған. Бірінші кітабында үнді тілі туралы, оның грамматикалық құрылымы және тілдердің пайда болуы қарастырылады. Екінгі кітабында, Алдын ала ескертпелерден кейін, рух пен эманация жүйелері туралы, астрология мен табиғаттың алғашқы мәдениеттері, екі бастама және пантеизм ілімдері туралы сөз қозғаалады. Үшінші кітабында Шлегель поэзияның пайда болуы туралы, жалпы үнді және шығыс зерттеулері, олардың мақсаттары мен құндылықтары туралы сұрақтарды қарастырған [25, б. 59] .

Осылайша, антикалық және Крест жорықтарынан және Еуропа-Батыстың үстемдік етіп, әлемге билік жүргізуіне алып келген Ұлы географиялық ашылулар кезеңінен бастау алатын ежелгі «Шығыс-Батыс» ось-векторы Ағарту кезеңінде Шығыс туралы шектеулі түсініктердің шегінен тысқары шыға бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еуразияшылдық пәнінен емтихан билеттерінің жауаптары
Еуразияшылдық идея
ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ – ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛ РЕТІНДЕ
Тұлға ретінде, ғалым ретінде
Қазақстанның қазіргі тарихында еуразиялық идеяларының даму перспективасы
Мәңгілік Ел идеясы мен Рухани жаңғыру жобасы – Қазақстанның тарихи дамуының жаңа векторлары
Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы - кредит уйымдарына қатысуы
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық жобасы
Пассионар
Еуразия идеясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz