Қой шаруашылығы және қой тұқымына сипаттама


Ф. 7. 05-01
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
«Ауылшаруашылық ғылымдары» жоғары мектебі
«Мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы» кафедрасы
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі
(Т. А. Ж. )
(қолы)
20 _ж.
№_ хаттама
студенттің іс-тәжірибе бойынша есебін қорғау
студент тобы
Жеке тапсырмасының тақырыбы
Қорғау кезінде төмендегі қойылған сұрақтарға жауап алынды:
Іс-тәжірибе бағдарламасын орындау кезінде алған баллы (60-қа дейінгі)
Қорғау баллмен (40-қа дейінгі) бағаланады. Жалпы баллы
Бағасы
Іс-тәжірибе жетекшісі
Комиссия мүшесі
Комиссия мүшесі
Қорғаған күні 20 ж.
Ф. 7. 05-02
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
«Ауылшаруашылық ғылымдары» жоғары мектебі
«Мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы» кафедрасы
Студенттің іс-тәжірибе бойынша
есебі
мамандығы бойынша
(іс-тәжірибе түрі)
Жеке тапсырма тақырыбы :
Есептің бағасы
(бағасы, күні)
Комиссия мүшелері
(Т. А. Ж., қолы)
(Т. А. Ж., қолы)
Орындаған студент
(Т. А. Ж, тобы)
Университеттегі іс-тәжірибе жетекшісі
(Т. А. Ж., қолы)
Норма бақылаушы
(Т. А. Ж., қолы)
Кәсіпорындағы іс-тәжірибе
жетекшісі
(Т. А. Ж., қолы)
М. О
Шымкент 20__ж.
Мазмұны
бет
Кіріспе . . . 4
1 Шаруашылыққа сипаттама . . . 4
1. 1 Климат, ауа райы жағдайлары . . . 9
1. 2 Өсімдік жамылғысы . . . 10
2 Аналитикалық бөлім . . . 9
2. 1 Қой шаруашылығы және қой тұқымына сипаттама . . . 9
2. 2 Қой төлдету технологиясы . . . 9
2. 3 Қой топтарын күтіп-бағудың ерекшеліктері . . . 15
3 Технологиялық бөлім . . . 19
3. 1 Қой төлдету науқаны алдында қораларға қойылатын экологиялық-
санитариялық талаптар . . . 19
3. 2 Саулықтарды төлдету және қозы өсіру технологиясы . . . 21
4 Жеке тапсырма . . . 23
4. 1 Қой төлдету науқанын ұйымдастыру технологиясы . . . 23
5 Техникалық қауіпсіздік . . . 26
Қорытынды . . . 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 29
Кіріспе
Қазақстан Республикасындағы мал шаруашылығы - ауыл шарушылығының негізгі саласы, ол халқымызды әр түрлі тағамдармен әрі жеңіл өнеркәсіпті құнды шикізат өнімдерімен қамтамасыз етеді. Ет, сүт, жұмыртқа және олардан алынатын жоғары калориялы өнімдерімен, биологиялық аса қажеттілігімен ерекшеленеді. Өнеркәсіп тауары ретінде - жүн, түбіт, тері, елтірілі киім және аяқ - киімдер өнеркәсіп тауары ретінде аса қажетті шикізат көзі болып табылады.
Ауыл шаруашылығының негізі болып саналатын - мал шаруашылық саласына қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе, шошқа, үй қояны, құс, бал арасын өсіру жатады.
Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының маңызды саласы, ол қалқымызды әртүрлі тағамдармен, жеңіл өнеркәсіпті құнды шикізат өнімдері мен қамтамасыз етеді. Ет, сүт, жұмыртқа және олардан өңделген өнімдер калориялығы жағынан жоғары биологиялық аса құнды азық болып ерекшеленеді. Жүн, түбіт, тері, елтірілер, киім, аяқ киім және т. б. өнеркәсіп тауарларын дайындауға қажетті шикізат көзі болып табылады. Малдың мүйізі мен тұяқтарын, сүйектерін өңдеу арқылы олардан әртүрлі бұйымдар, сувенирлер, түймелер, клей және т. б. заттар жасайды. Кейбір өнімдерінен (ішкі мүшелері мен ұлпаларынан) дәрі -дәрмектер мен препараттар жасалады. Кейбір өнімдерінің қалдықтарынан мал азығы (тартылған сүт, ет-сүйек ұны, сүйек ұны) үшін қолданылады. Малдың қиы бағалы мүшейкалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Малдың кейбір түрлерін (жылқы, түйе, өгіз, есек) күш-көлік ретінде пайдаланады.
Ауыл шаруашылығының негізгі саласы ретінде мал шаруашылығына қой, ешкі сиыр, жылқы, түйе, шошқа, үй қояны, құс, бал арасын өсіру жатады. Малдың бірнеше түрін өсіру арқылы әртүрлі қажетті тағам мен шикізат өнімдерін қамтамасыз етуге болады.
Ғылымның ғарыштап дамуына байланысты мал шаруашылығы ғылымы да көптеген нәтижелерге жетті. Мал шаруашылығы ғылымының негізін зоотехния құрайды. Зоотехния ғылымының мал өнімдерін мол өндіруде, өнімнің өзіндік құнын төмендетуде, мал тұқымын жүйелі түрде асылдандырып, ұтымды жолмен азықтандыруды. жақсы бағыт-күтуді ұйымдастыруды зерттейтін ғылымдар жиынтығы. Осы ғылымның дамуы мен Респуликамызда еңбек етіп жүрген аграрлық сектордағы ғалымдардың еңбегінің нәтижесінде мал тұқымының көптеген түрлері шығарылып, жақсы нәтижелерге қол жеткізілді.
Осы орайда, еліміздің тұңғыш президенті, ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың Ауыл шаруашылығын дамыта отырып, Республикамыздың экономикалық жағдайының жеделдетуіне, мал шаруашылық саласының үлесі туралы өз жолдауларының бірінде: « . . . мемлекеттің, бизнестің және ғылымның өзара әрекетінің инновациялық әлеуетін арттыру қажет», - деп көрсеткен «Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының негізгі бағыты» атты халыққа жолдауларында агроөнеркәсіп кешені алдына - «Экологиялық таза өндіріс саласында ғаламдық ойыншы» және жаңа ғылыми, технологиялық, басқарушылық жетістіктерді ескере отырып, мал шаруашылығындағы дәстүрлерімізді жаңғыртуға деген міндеттер қойылды. [1]
Қойдың аса бір құнды қасиеті - өсімталдығы. Сондықтан азықтандыру, күтіп-бағу жағдайы келісе, қойды жылына екі немесе үш рет қоздатуға болады. Қойдың төлі тез жетіледі, 1, 5 жасында-ақ ірі қой тобына қосылады. Осы қасиеттері қойдың басын тез көбейтуге мүмкіндік береді. Қой өте төзімді келетіндіктен, ауа-райы өте суық немесе ыстық жерлерде де жақсы өсе береді және оңай жерсінеді. Қой үшін құлағын шөлде, шыны биік тауда бірдей. Қайсысын болса да өте тиімді пайдаланады. Ал, қой тұқымдарын өсіруде, күтіп-баптауда ең тиімдісі қылшық жүнді қой тобына жататын биязы жүнді қойлар . Қой шаруашылығы басқа салалармен салыстырғанда, жерді, азықты және қора - жайды тиімді пайдалану жағынан ерекшеленеді.
Өндірістік іс - тәжірибенің мақсаты. Қазакстан Республикасында ауылдық әлеуметтік экономикалық дамуын жеделдетудің стратегиялық бағытында жүзеге асырылып жатқан және болашақта атқарылуға тиіс шараларға сәйкес фермерлік және қожалық шаруашылықтарға қой өсіру технологиясын, соның ішінде қазақтың қылшық жүнді қой тұқымының кой төлдеу науқанына қатысып, технологиялық процесстерін игеру болып табылады.
Өндірістік іс - тәжірибенің міндеттері:
- қойлардың өнімділіктерін зерттеу әдістерін меңгеру;
-қойларды азықтандыру, төлдеу науқанына дайындау, күтіп - бағу және өсірудің тәжірибелік машықтарын игеру;
-табындарын өз төлімен өсірумен, қылшық жүнді мал тұқымдарымен танысу;
-болашақта етті-майлы қойлардың көбеюі мен таралуына жағдай жасау.
1 Шаруашылыққа қысқаша сипаттама
«Бағ-Мир» шаруақожалығы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданында қарасты «Бадам» ауыл аймағынан солтүстікке қарай 17 километрдей қашықтықта орналасқан. 2003 жылы ұйымдастырылған.
Облыс орталығынан Шымкент қаласының батыс жағында Бадам өзенінің оң бет аңғарында орналасқан. Жер бедері жазықтау келеді, солтүстіктен оңтүстікке қарай созылған құм төбешіктері кездеседі.
«Бағ-Мир» тәжірибе жайы ашық боз топырағы тараған аймақта жатыр. Ашық боз топырақтағы шірінді мен азоттың мөлшері өте аз. Жоғарғы қабатында шірінді 0, 57, азот 0, 05% қана.
1 сурет. «Бағ-Мир» ШҚ тәжірибе жайы
Шөл аймақтың физикалық-географиялық жағдайының біркелкі болмауы мұнда түрлі топырақ түрлерін қалыптас-тырған. А. Н. Байрашев кезінде Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түбегейлі жақсарту кезінде топырақтың он төрт түрімен жұмыс істеуге тура келеді деп атап өткен болатын.
А қабаты 0-7 см - шымды, құмдауытты, тозаңды - қабыршақты, қоңырқай-сұр, аздап тығыздау.
В 1 қабаты 7-23 см - сұрлы-ақшылды-қоңырқай, аздап тығыздау, қалың тараған тамырлар, карбонат дағы байқалады.
В 2 қабаты 23-53 см - сұрлау тығыздау, кұмдауытты, карбонаты көзшелер сирек, жеке тамырлар кездеседі.
ВС қабаты 53-80 см - ақшыл-сұрлау, кесекті, сирек жайылған карбонат дақтары бар ауыспалы қыртыс.
С к қабаты 80-110 см - гипспен қаныққан құба-сарғыш-қоңыр, жеңіл саздақты қабат.
С 1 қабаты 110-168 см - құба сары, қиыршықтасты, тығыз қабат
С 2 қабаты 118-200 см - жыныс қыртысына ауысатын қабат, гипстің жаңа құрылымдары байқалады, төменгі қабаты ақшыл, аздап тығыздау, орташа саздақты. [2]
Тәжірибе жайының негізгі таралған құмдауытты боз сұр топырақтың жоғарғы қабатында Топырақтану иниституты анықтап берген мәліметтер бойынша қарашірік мөлшері 0, 32-0, 79% аралығында ауытқиды.
Бұл топырақтың бір ерекшелігі 1, 2 м дейінгі тереңдікте тұздар қосынды-сының азығы - 0, 043-0, 181%. Кестеден көрінгендей тұздар қосындысының жоғарғы көрсеткіші топырақтың төменгі қабаттарына тән 0, 548-0, 727%. Топырақ реакциясы сілтілі (РН 8, 8-8, 9) .
1. 1 Климат, ауа райы жағдайлары
Шаруашылықтың климаттық жағдайы далалы алқаптың табиғатына тән өте құбылмалы және континентальды. Жауын-шашын түсімі аз. Орташа жылдық нормасы 260 мм көлемінде. Жаз мезгілінде ең жоғарғы температура +45°С, қыс мезгілінде температура -25 0 С.
Қыс мезгілі салыстырмалы түрде қысқа, жерді қардың басып қалуы ұзаққа созылмайды, кейде аяз болған кезде температура -15-20 0 , сондықтан мал көбінесе жайылымды пайдаланады. Қар желтоқсан айының соңы мен қаңтар айларында 8-12 см-дей жауып еріп кетеді. Көп жылғы метрологиялық көрсеткіш бойынша қар қыс айларында 55-60 тәуліктей жатуы мүмкін.
Көктем мерзімі қысқа әрі жылы. Жауын-шашыны молдау болып келеді. Орташа айлық температура наурыз айында +9 0 С, сәуір айында +14 0 С. Кейбір жылдары сәуір айының басында температура 0 0 С-қа төмендеп суытып тұратын кездері де болады. Мұнда түсетін ылғалдың мөлшері 130 миллиметрден 180 миллиметрге дейін ауытқып тұрады.
Климатының өзі бір қолайсыз жағдайы - сәуір айынан бастап солтүстік-батыстан ұзақ уақыт секундына 3-5 м жылдамдыққа дейін жел соғып тұрады. Кейде оның жылдамдығы 14 м/сек-қа жетеді.
Жазы ұзақ, құрғақ та ыстық. Бұл кезде түсетін ылғалдың саны жалпы жылдық мөлшердің 4%-ын құрайды. Жылдың ең ыстық мезгілі шілде айы, температура бұл кезде +46 0 С-қа дейін көтеріледі. Жер қыртысы негізі - далалы жерлерге тән сары топырақты болып келеді.
Шаруашылық өсімдіктері эфемерлі - әр түрлі шөпті ассоциациялармен анықталады. Олардың өсіп шығуы сәуірдің басынан басталады. Соңғы жылғы мәліметтерге сүйенсек, табиғи шөптердің орташа түсімі 8, 5 ц/га мөлшерінде болып отыр. Эфемерлердің құрамында қоңырөлең (Carex phusodes), келіншекбоз (Carex pachystiles), тоты көкнәрі (Papaver honinyt), жіңішке таспашөп (Astragalus filicankes), қызғалдақ (Тulipa greigi) кездеседі. Эфемердің өсу кезеңі қысқа, әрі кеткенде мамыр айының ортасына дейін созылады. Маусым айының басынан жайылымда дәнді өсімдіктер: жуашықты қоңырбас (Роа bulbosal), жалпақ арпабасы (Bromus scoparins), тарақбоз (Bromus tectorum) өсе бастайды.
Шілде айының басында өсімдіктер қурап кетеді де олардың орнын жылдық сүйекті аққурай (Psoralea drupacen), сасық кеурек (Ferulla foetida), боз жусан (Arte misia glocuca fall) мен қара жусан (Artemisia pauciflora) алмастырады.
Жайылым өсімдіктері осы аймақтағы малдардың негізінен көктемгі және жазғы қажеттілігін қамтамасыз ете алады. Ал, күзгі және қысқы қажеттіліктер арнайы дайындалған пішендемелер мен қоспа жем есебінен толықтырылып отырылады.
Оңтүстік Қазақстанның шөл аймағының климаты күн сәулесінің молдығымен, оң температура қосындысының жоғары келуімен, жауын-шашынның басым бөлігі қыс-көктем айларына тура келуімен ерекшеленеді. Жылдық орта температурасы жазық шөлде теңіз деңгейінен 215 м орналасқан «Бағ-Мир» ауа райы бекетінің өткен жылдары алынған деректері бойынша 11, 80С және 12, 10С болса, «Шымкент» бекеті бойынша бұл көрсеткіштер сәйкесінше 11, 80С және 11, 90С көтерілген. Жауын-шашын мөлшерінің де жоғарлағаны байқалған. Егер «Бағ-Мир» бекетінің жылдық жауын-шашын мөлшері 206 мм болса және 243 мм, «Шымкент» бекеті бойынша тиісінше 488 және 582 мм құраған. Бұдан шығатын тұжырым, кейінгі жылдары жауын-шашынның мол түсуі байқалады. Бізді қызықтыратын оның маусымдық түсуі болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда жауын-шашын мөлшерінің басым бөлігі 76-84% қыс-көктем айларына, яғни буассье шытыршығының негізгі өсіп-даму кезеңіне тура келеді. Шымкент жағдайында наурыз айы ылғалды келіп, 80, 7 мм жаңбыр жауды. Дегенмен екі бекет бойынша да жылдық ылғал мөлшері көпжылдық орта көрсеткіштен 37, 6 және 153, 2 мм артық.
1. 2 Өсімдік жамылғысы
Тәжірибе жұмыстары жүргізілген алқаптардың экологиялық ортасының біркелкі болмауы мұндағы өсімдіктер жамылғысының өзіндік түрлерін қалыптастырған.
Оңтүстік Қазақстанның өсімдік қорын анықтау бағытында істелінген жұмыстар жетерлік.
Бір ерекшелігі табиғи жайылымдардағы өсімдіктердің басым бөлігі өсіп-дамуы күз-қыс-көктем кезінде өтетін эфемер және эфемероид тіршілік нышандарына жатады. Сондықтанда 1982 жылы жарық көрген Қазақ ССР атласында тәжірибе жүргізілген жерлердің өсімдік жамылғысы қияқ-өлеңді қоңырбасты және қоңырбасты - қияқөлеңді эфемероидты түрлеріне жатқызылған. Ал соңғы жылдары жүргізілген жұмыстардың нәтижесі «Бағ-Мир» тәжірибе жайының өсімдік жамылғысы гүлқайыр және көбенқұйрық аралас эфемероидты жусанды, физиологиялық кешендікі эфемерлі эфемероидты - жусанды - қоңырбасты жартылай саванналық қамтыған аймақтарға қарайды.
Біздің жүргізген көп байқаулардың нәтижесінде «Бағ-Мир» тәжірибе жайында саздақты және құмды жерлерде өсетін өсімдіктер, ал физиоло-гиялық кешенде саздықты аймақтарда кездесетін түрлердің басымдау келетіні анықталды.
«Бағ-Мир» ШҚ жайындағы өсімдіктер түрлердің басым бөлігі оңтүстік шөлге тән эфемерлерден тұрады. Жылма-жыл тұрақты өсетін және кең тараған түрлерге татар шөпжияры (Uxioliron tatarricum), жапырақты сарғалдақ (Ranunculus polithirus), шөл жауылшасы (Alyssum desertorum), түркістан айқайыны (Malcolmia turkaestanica), нохатек (Trigonella orthoceras), шөл жауылшасы (Alyssum desertorum), тоты көкнәрі (Papvez croceum) және басқалар жатады. Келесі тіршілік нышандары біржылдық шөптесін өсімдіктерден қарсыгүл сағаны (Gizgensohnia oppositiflora), түйе сары тікен (Horaninovia anomala), құм ебелегі (Ceratocarpus arenarins), екіжылдық шөптесін өсімдіктерден шашақты жусан (Artemisia scopania), көбенқүйрық (Cousinia) жэне басқалары кездеседі. Бұлардың өсіп-дамуы күзге дейін барады.
«Бағ-Мир» ШҚ жайындағы басым (доминант) тіршілік түріне эфемероидтар, яғни көпжылдық, бірақ өсіп-дамуы эфемерлер сияқты жаздың бас кезінде аяқталатын шөптесін және жартылай бұталар жатады. Олардың арасында ең көп тарағаны және бағалы мал азықтык өсімдік түрлеріне жататыны жуышықты қоңырбас (Роа bulbosa), толық қияқөлең (Саrех pachystylis) және құм төбешіктерде тараған даражапырақ таспа - Astragalus unifoliolatus.
Мал азықтың құндылығы жоғары бұршақ тұқымдасқа жататын қаргүл таспасы (Astragalus chinoanthus), имек таспа (А. flexus), турчанинов таспасы (А. turczaninovii), сондай-ақ шырыш (Eremurus anisopterus), ерте гүлдейтін құртқа түрлері (iris tenuifolia, J. Longiscapa), қазжуа (Yagea graminifolia), қызғалдақ (Tulipa), сасық сасыр (Ferula foltida), рауғаш (Rheum tataricum) түрлері сирек өседі.
Кейінгі жылдары «Бағ-Мир» тәжірибе жайында өсіп-даму мерзімі жаз айларына дейін созылатын көпжылдық шөптесін өсімдіктерден түлкіше (Astragalus alopecias) және домалақбас таспа шөбі (А. globiceps) түрлері кеңінен тарала бастады. Бір ерекшелігі домалақбас таспашөбінің таралу аймағы механикалық кұрамы жеңіл (құмдауытты, құүмды топырақтармен шектеледі.
Бұта және бүташық тектес өсімдіктерден таралғаны ақ шеңгел (Halimodendron), басты жусан (Artemisia diffusa) ара-кідік дермене (А. сіnа) өседі.
Тәжірибе жайынан солтүстікке қарай 3-4 шақырым жерде эверсман теріскені (Krascheninuikovia eversmanniana), шоған (Holathammus subaphyllus) түрлері кездеседі.
Өсімдік жамылғысында көпжылдық шөптесін өсімдіктер түрі басым. Мұндағы кең тараған түрлерге қызыл таспа (Poligonum corrigioloides, P. agreste), ажырық (Cynodon dactulon), шашыратқы (Cichorium intybis) жэне басқалар жатады. Бадам бидайығы (Agrophiron badamence), тянь-шань жоңышқасы, сары түйежоңышқа түрлері кездеседі. Біржылдық түрлерден кәдімгі мыңжапырыақты (Achillea millefolium), қылтан шөпті (Aegilops triuncialis), сүттігенді (Euphozbia), дала жауылшасын (Alyssum campestre) атауға болады. Жартылай бұталы түрлерден қаратау мен тянь-шань жусандары (Artemisia karatavica, A. Tianschanica), жасылдау немесе тянь-шань изені (Косһіа tianchanica) өседі.
Тау бөктері жазығындағы көптеген жерлердің астық және басқа тәлімі дақылдарды егу үшін айдау есебінен мал өрісі тарылып, нәтижесінде жайылымдардың тозуына алып келді. Көптеген арам шөп түрлері тарады. Оларға қалуен (Sonchus awensis), аққурай (Psolalca drupacea), парсы қоңыраушасы (Hulthemia persica), итсигек (Anabasis aphalla), дірілдеуік (Salvia), сарықалуен (Cirsium) жатады.
Жазық шөлдегі тозған жайылымдарда шашақты жусан (Artemisia scoparia), ақшыл жусан (А. leucodes), адыраспан (Peganum harmala), қылтан шөп (Aegilops) түрлері кең тараған.
Тәжірибе жайлары орналасқан алқаптардың табиғи жайылым түрлері әр алуан. Жазық шөлде негізінен эфемерлі және жусан-эфемерлі жайылым, тау бөктерінде жусанды-астық тұқымдас, эфемерлі - жусанды жайылымдар алып жатыр. Бұл жайылымдардың барлығы маусымды және өнімділігі әр жылдары өзгеріп отырады.
2 Аналитикалық бөлім
2. 1 Қой шаруашылығы және қой тұқымына сипаттама
Қой - қуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс қайыратын жұптұяқты мал. Дүние жүзінің 170-тен аса елінде 650-дей қой тұқымдары мен тұқымдық топтары бар. Қойдың дене ұзындығы 60 - 110 сантиметр, шоқтығының биіктігі 55 - 100 сантиметр. 12 - 15 жыл тіршілік етеді. 5 - 7 айлығында жетіледі, 15 - 18 айында ғана күйекке жіберіледі. Саулықтарының буаздық мерзімі 145 - 155 тәулікке созылады. Көпшілігі жалқы, кейде егіз туады. Отар - бірге бағып- күтуге арналған қой тобы. Бір отардағы қой саны жасына, жынысына, басқа да ерекшіліктеріне байланысты алты жүз бен мыңның арасында болады. Үлкен фермаларда, шаруашылықтарда қойларды саулық, тұсақ, тоқты, ісек, қошқарлар отарына бөледі. Биязы жүнді және асыл тұқымды қозыларды үш жарым төр айларында, қылшық жүнді үш төрт айлығында бөліп, отар құрады. Еркек және ұрғашы тоқтылардан бөлек отар жасалынады. Жас төлдерден құралған отарларды бөлек жақсы жайылымдарға жаяды, жеммен үстеп қорректендіреді. Отарлар бір- бірімен араластырылмайды, үш төрт адамнан құралған малшылар (шопандар) бағып күтеді. Қозылар 1, 5 айлығында отармен бірге бағылады, 3 - 4 айлығында енесінен айырып, еркек және ұрғашы қозыны жеке отарға бөледі. Қ-ды жасына қарай қозы, марқа қозы, тоқты, ісек, тағыда басқа деп атайды; төлдеген қойлар - саулық, 1 жыл төлдемеген қойлар - қысыр, бірнеше жыл төлдемегендерін - ту қой деп атайды.
Қошқарлар мен саулықтардың орташа тірідей салмағы70 - 140 килограмм; 50 - 70 килограмм тартады. Олардан тиісінше 10 - 15; 4 - 8 килограмм (биязы жүнділерінен) 7 - 10; 3 - 6 килограмм (биязылау жүнділерінен) ; 4 - 6; 2 - 4 килограмм (ұяң және қылшық жүнділерінен) жүн қырқылады.
Қазақстан қой өсірілетін қой тұқымдары: қазақтың етті-биязылау жүнді қойы, қазақтың оңтүстік мериносы, қазақтың арқар-мериносы, қазақтың ұяң жүнді құйрықты қойы, қазақтың биязылау ұзын жүнді қойы, қазақтың биязы жүнді қойы, қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы, ақжайық қойы, ақсеңгір қойы, еділбай қойы, дегерес қойы, кавказ қойы, цигай қойы, қаракөл қойы; тұқымдық топтары - қарғалы қойы, сараджа қойы. қойдың жаңа типтерін шығару жұмысында линкольн қойы, ромни-марш қойының тұқымдары пайдаланылады[1] .
2. 2 Қой төлдету технологиясы
Қой шаруашылығынан алынатын өнімдер олардың санына, ұрықтандыру, төлдеу мерзімдеріне, асылтұқымдық-өнімділік қасиеттеріне тығыз байланысты. Сондықтан қой саулығының төлдеу технологиясына басым көңіл бөліну қажет. Қойды төлдету уақыты табиғи климат жағдайына, мал азығы мен жылы қораның жай күйіне байланысты еліміздегі шаруашылылықтарға саулықтарды ұрықтандырып, төлдету уақытын үш мерзімде жүргізілу ұсынылады:
1. Қыста қоздату. Бұл үшін қойды ұрықтандыру 20-25 тамызда басталып, қыркүйекте аяқталады. Қой қоздату 16-22 қаңтарда басталып, наурызда аяқталады)
2. Ерте көктемде қоздату. Бұл үшін қойды ұрықтандыру 10-20 қыркүйектен басталып, қазан айында аяқталады. Қой қоздату 7-17 ақпанда басталып, наурызда аяқталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz