САДРИ МАҚСУДИ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНДАҒЫ КҮРЕС ЖОЛЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . . 4

АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . . 5

КІРІСПЕ . . . 10

І САДРИ МАҚСУДИ: РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНДАҒЫ КҮРЕС ЖОЛЫ

  1. Садри Мақсудидің ресейдегі қоғамдық-саяси қайраткерлігі: мемлекеттік думадағы күрес жолы. . . 18
  2. Садри Мақсудидің кеңестік билік кезеңіндегі қызметі: автономия, тіл, дін үшін күрес. . . 34

ІІ САДРИ МАҚСУДИДІҢ ТҮРКИЯДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ . . . 44

  1. Садри Мақсудидің түркі халықтарының тарихын зерттеудегі рөлі. . 44
  2. Садри Мақсудидің Түркия парламентіндегі қызметі. . . 59

2. 3 Садри Мақсуди мен Ататүрік: өзара достық пен саясат . . . …. 71

2. 4 Садри Мақсудидің ұлт пен ұлтшылдық хақындағы көзқарастары . . . 77

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 87

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 90

ҚОСЫМШАЛАР . . . 97

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы диссертациялық жұмыста келесі нормативтік сілтемелер қолданылды:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру Стандарты. 5. 04. 033-2012 жоғарғы білімнен кейінгі оқу жүйесі - магистратура. Негізгі ережелер. 23. 08. 2012 г. № 1080

ГОСТ 7. 1-84 мерзімді баспа және кітапхана ақпараттары туралы жүйе. Құжаттарды библиографиялық реттеу. Жалпы ережелер мен талаптар.

ГОСТ 7. 12 - 93 ГОСТ 7. 1-84 мерзімді баспа және кітапхана ақпараттары туралы жүйе. Библиографиялық жазба. Қазақ тілінде қысқартылған сөздер. Жалпы ережелер мен талаптар.

АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

«Осы диссертацияға сәйкес анықтамалар мен келесі

қысқартулар қолданылады»

1) Агрессия - басқа елдердің жерін тартып алу, егемендігінен айыру немесе шектеу, халқын күшпен бағындыру мақсатымен қарулы шабуыл жасау.

2) Азаматтық қоғам - жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамсыз ететін қоғамның күйі. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойылады. Онда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай құқықтары сақталады.

4) Альянс - ортақ мақсаттарға жету үшін келісім шарт негізінде жасалған ұйымдардың одағы, бірлестігі. Әдетте жағымсыз, келеңсіз мағынада пайдаланылады.

5) Альтернатива - бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана талғап алу.

6) Аннекция - басқа мемлекеттің, халықтың жерін тұтас, я бір бөлігін күштеп жаулап алу немесе басқаға алып берушілік.

7 ) Антагонизм - мүдделі қарама - қарсы күштердің, қостасқан топтар, партиялар және т. б. арақатынасының шиеленіскен түрі.

8) Ассоциация - белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени және т. б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелердің бірлестігі.

9) Атқарушы билік - биліктің тармақталуы негізінде істейтін мемлекеттік басқару орындарының жүйесі. Оған үкімет пен әкімшілік жатады. Парламенттік республикаларда оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады.

10) Бейсаясаттық - азаматтардың, халықтың бір бөлігінің саясатқа, саяси өмірге самарқау, парықсыз, теріс көзқарасы, қатынасы.

11) Бейтараптылық - 1) екі жақтық айтыс, талас, дау-жанжалдарына кіріспеушілік; 2) соғысқан елдерді жақтап, соғысқа кіріспеу міндетін алған мемлекеттің халықаралық құқықтық мәртебесі және сол бағытта жүргізілген саясаты.

12) Босқындар - саяси көзқарастарына, діни сенімдеріне, нәсіліне, азаматтығына, ұлтына, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындар өздерінің қуғындалуына қарай өз азаматтығы бар мемлекеттерінеде бола алмауы және өз елінің қорғауына алына алмауы немесе оның қамқорлығында болғысы келмейтіндер, немесе азаматтығы жоқтар өздерінің туған жерлеріне барғысы, немесе қайта қайтқысы келмейтіндер;

13) Демография - белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы.

14) Демократия - (грекше demos - халық және грекше kratos - билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.

15) Иммиграция (латынша іm-mіgrare - көшіп келу) - қоныстанушылық, келімсектік.

16) Либерализм - (латынша liberalis - еркін) - ең жоғарғы құндылық әрі басымдық ретінде жеке еркіндікті ұстанатын идеология. Либерализмнің әлеуметтік-саяси теориясы қоғамдық және мемлекеттік құрылымның демократиялық принциптеріне негізделеді, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың зорлық-зомбылықсыз түрлерін ұстанады, тұлғаның еркін дамуын шектемейтін және әрбіріне мемлекеттік-құқықтық қорғау, адам құқы мен азамат бостандығын сақтау кепілдігін беретін қоғам құруды көздейді.

17) Миграция - бір мемлекеттен екінші мемлекетке немесе мемлекеттің өз ішінде өз еркімен немесе күшпен орын ауыстыру, көшіп келу, қоныс аудару;

18) Метафизика - Метафизика (грекше мeta ta physіka - физикадан кейін) -Болмыстың сезімнен тыс тұрған принциптері туралы философиялық “ғылым”;

дамуды тек сан өзгерістері жағынан ғана түсінетін және өзіндік дамуды теріске шығаратын, диалектикаға қарама-қарсы философиялық әдіс.

19) Медресе - (арабша مدرسة‎, медраса - оқу) - орта, сирек жағдайда жоғары конфессионалдық мұсылмандық мектеп. Дін қызметкерлерін, мұсылман бастауыш мектептерінің мұғалімдерін және Таяу, Орта Шығыс, тағы да басқа елдердің мемлекеттік аппарат қызметкерлерін даярлайтын орта және жоғары мұсылман мектептері.

20) Мүфти - (парсы тілінен - пәтуа, шешім шығарушы) - шариғат заңдары негізінде даулы мәселелерге билік айтып, шешім шығаратын дін басы.

21) Нәсіл - (французша race , италянша razza - туыс, тайпа) - тұқым қуалау арқылы берілетін ұқсас сыртқы дене пішіндері - терісінің түсі, шашы мен көзі, мұрны мен еріндерінің пішіні, бойы мен дене пропорциясы, сондай-ақ кейбір

"жасырын" белгілері, қанының тобы және тағы басқа да айырқаша белгілер бар адамдардың тарихи қалыптасқан тобы

22) Нормативтік құқықтық акт - биліктік құқық нормаларын белгілейтін, оларды өзгертетін және жоққа шығаратын мемлекеттік органның жазбаша актісі.

23) Санкция - диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса, оның жағымсыз салдары және жауапкершіліктің басталуы мен қолданылуы.

24) Түрікшілдік -- түркі халықтарын бірлікке, өзара байланыстарын нығайтуға үндейтін қоғамдық-саяси ағым. XX ғасырдың басында саяси доктриналардың және саяси көзқарастардың жүйесінде пайда болған діни-саяси идеология. Түркі тілді халықтардың бір мемлекетке Түркияның қамқорлығымен «ұлы Тұран» мемлекеті болып бірігуін мақсат ететін көзқарастар мен саяси доктриналар жүйесі.

25) Ұлт - қоғамды ұйымдастырудың анағұрлым кең тараған бірлігі.

26) Ұлтшылдық - саяси және ұлттық бірліктер сәйкес келуі керек дейтін саяси принцип. Ұлтшылдық идеологиясы бойынша ұлт пен ұлттық мемлекет әлеуметтік-саяси ұйымдасудың ең заңды әрі қалаулы бірліктері болып табылады және осы бойынша бүкіл әлеммен қабылдану керек. Адамдар игілікке, тұрақтылыққа, бақытқа тек ұлт құрамында, ұлттық мемлекеттерде қол жеткізеді деп түсіну қалыптасқан. Тарихи тұрғыдан бұл халықтың мемлекетпен байланысы біртіндеп саяси құрылымның бұрынғы түрлерін тықсырып шығарды. Басқа жағынан, ұлттық мемлекет идеалына тек онда бір ұлт қалған жағдайда жетуге болады. Ұлтшылдық мемлекеттілік институтын нығайтты. Ұлтшылдық - географиялық және кейбір елдерде демографиялық аймақтың маңыздылығын анықтайтын және сонда бірге тұратын халықтың ортақ салт дәстүріне және ұлысына тәуелсіздікті қалайтын ортақ топтық сезім. Басқа сөзбен, ұлтшылдық - жеке адамның бір ұлтқа жататын сенімі немесе саяси идеологиясы деп айтуға болады. Ұлтшылдық ұлттық сәйкестендіруді тұспалдайды, оған қарама-қарсы патриотизм әлеуметтік шарттастықты және мемлекеттің қадамдары мен шешімдерін қолдайтын жеке адамның мінез-құлқын білдіреді.

27) Федерализм - ( латынша foedus - одақ) - конституцияда немесе келісімде көрсетілген мәселелер бойынша оның құрамдас аумақтық бөліктері жекелеген дербестіктерге ие мемлекеттің ішкі құрылымын қору және қызметі ету әдісі.

28) Шовинизм - шектен шыққан, жауыққан ұлтшылдық идеологиясы және саясаты.

29) Халықаралық құқық - бұл құқықтың әр түрлі: саяси, экономиқалық және мемлекеттер арасындағы басқа да өзара қарым-қатынасты, сонымен қатар халықаралық өзара қарым-қатынасқа қатысушы басқа да құрылымдарды реттейтін құқық саласы.

30) Халықаралық өзара байланыс - бұл саяси, эқономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени, ғылыми, идеологиялық және мемлекеттер арасын жалғайтын басқа да байланыстардың жүйесі.

31) Халықаралық актор - халықаралық саяси-экономикалық қатынастарда белсенді қатысушы мемлекет немесе халықаралық ұйым, субьект нысаны.

32) Эмиграция - Қазақстан Республикасының азаматтарының басқа елдерге уақытша немесе тұрақты тұруға кетуі;

33) Эгалитаризм - ( французша e galite - теңдік) - әлеуметтік тендік принципінің бір түрі; үкімет қызметінде әлеуметтік теңдік пен әлеуметтік саясат басымдық болып табылатын баршаға ортақ берекелі мемлекет теориясының негізгі қағидасы.

Бұл диссертацияда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

  1. Интеграция - белгілі бір бөлімдер мен элементтерді біріктіру, жинақтау
  2. Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
  3. Идеология - таптың немесе қоғамдық топтастықтың ойын білдіруші, идеялық мүддесін қорғаушы ілім.
  4. Геосаясат - сыртқы саясатты географиялық факторларға (аумағына, ауа райына, қазба байлықтарына т. б. ) байланысты жүргізетін саясат.
  5. Декларация - үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның атынан қандай болмасын негізгі қағидаларды, мақсат мүдделерді жариялайтын мәлімдеме.
  6. Қоғам - адамдар арасында тарихи қалыптасқан саяси-әлеуметтік байла-
  7. ныстар мен қатынастардың тұрақты жүйесі.
  8. Ағартушылық - қоғамдық-саяси ағым ретінде ізгілік, әділеттілік идеялары мен ғылыми таным-білім негіздерін тарату жолдары арқылы қоғам кемшіліктерін түзетуге, оның талғам-талаптарын, саясатын, тұрмысын өзгертуге күш салу жолы.
  9. Депутат - мемлекеттік немесе жергілікті өзін-өзі басқарудың заң шығарушы немесе басқа да өкілетті органына сайланған тұлға.
  10. Мандат - қандай да бір тұлғаның құқығы мен өкілеттігін растайтын құжат.

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы

ҰЛ -Ұлттар Лигасы

КСРО - Кеңес Социалистік Республикалар Одағы

ТР - Түркия Республикасы

РМДМФ - Ресей Мемлекеттік Думасы Мұсылман фракциясы

ҚТММ - Қазан татар мұғалімдер мектебі

Т. Б - ТАҒЫ БАСҚА

Т. Ғ. С - ТАҒЫ СОЛ СИЯҚТЫ

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Магистрлік диссертацияда Садри Мақсудидің ұлт азаттық күресі, оның саяси және қоғамдық қызметтері жайында айтылады. Татар ойшылының тарих пен дін, тіл мен дәстүрді зерттеу жолындағы еңбектері, түркішілдік пен құқық мәселелерін қарастыру жолдары, көзқарастары сипатталады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Белгілі бір уақыт аралығында белсенді қоғамдық-саяси қызмет атқарған тұлғаны зерттеу, сол тұлғаның жеке қасиеттерін ғана ашып қоймай, сонымен қатар сол кезеңнің де айқын көрінісін айшықтай түседі.

Аталмыш курстық жұмыс, татар халқының көрнекті қайраткері, ұлт жанашыры, заңгер әрі тарихшы, әдебиетші және түркітанушы Садри Мақсудидің (1878-1957) қоғамдық-саяси қайраткерлігін ашуға арналған. Садри Мақсудидің еңбектері Ресей мен Түркияда ғана емес, күллі түркі халықтарына ортақ болып табылады. Садри Мақсуди Анкара университетінің (1925-1943) және Стамбұл университетінің (1943-1955) профессоры болған сәтте, алғаш болып «Түркі халықтарының құқығы» атты жаңа пәнді енгізіп, оқыта бастаған еді. Бұл жаңа пәнде Қазақ даласындағы заңдар мен әдеби шығармалардағы заңдық негіздер де сөз болды. Садри Мақсуди өзінің бір сөзінде «Менің жүрегім кең, онда жүз елу миллион түркі сиып тұр» дегені бар [1, 27б. ] . Өз ұлтының ғана күйін күйттеп, жырын жырламай, күллі түркі ұлттарының болашағы үшін қам жеген тұлғаны зерттеу, зерделеу түркі ұлтының бірі ретінде бізге міндет.

Әр халықтың өзіндік ерекшелігі мен көзқарасы және өмір дариясына деген нақты ұстанымдары болатыны анық. Алайда шығу тегі мен ұстанған діні, өмірлік жүріп өткен тарихы мен әр басқан қадымына байланысты өз халқын ғана емес, өзге халықтарды да жақын тұтып, ортақ мүдде жолында бірге қозғалуды жоспар тұтқан тұлғалардың тарихта болғанына біз куәміз. Қазақты түркі халықтарының бірі ретінде тани отыра, түркі халықтарының одағын құру керек дейтін мәселені күнде көтермесек те, күнара тілде жүретіні ақиқат қой. Қазіргі күннің өзінде түркі халықтарының жиырма екінші ғасырға қандай дәрежеде қадам басатыны, олардың ортақ идея мен бауырмашылдық тұрғысындағы көзқарасының беріктігіне байланысты болмақ. Қазақтың ұлт ретінде сақталып қалуы оның маңайындағы халықтармен тұтастығына, бірлігіне байланысты болуға тиіс деген принципті ұстанған Мұстафа Шоқай пантюркизм негізін қалаған алғашқы қазақтың бірі еді, бірегейі еді. Сөзден іске көшіп, Түркістан Қоқан автономиясын құруы соның дәлелі болды. Яғни алмағайып сонау бір қиын-қыстау заманда түркі халықтарының тірі қалуы ортақ бірлікте деп санады. Бұл ұлы идеяның тағдыры қандай болғанын біз жақсы білеміз. Дәл осындай идеяны ұстанған өзге де тұлғалар болмады емес, болды. Солардың ішінде шоқтығы биік, бітімі бөлек тұлғаның бірі - Садри Мақсуди.

Садри Мақсуди - тек қана татар халқы үшін қадірлі тұлға емес, түркі халықтарына ортақ тарихи қайраткер, қоғамдық-саяси күрескер. Оның жүріп өткен жолы күреске толы. Оның қаруы - қалам, қалқаны - заң, ойы - азаттық еді. Ол татардың Мұстафа Шоқайы бола білді. Өмірлік ұраны Гаспаралының «Тілде, істе, пікірде - бірлік» атты сөзі болды [2, 99б. ] . Бұл ұранды жанына жақын тұтқанның өзі, оның ұлы мұрат жолындағы қайтпас қайсарылығын және ол жолдың ауырлығын көрсетіп тұр емес пе?!

Ал енді аталмыш қайраткердің зерттелуі тұрғысынан алып қарағанда, Мақсуди еңбектері біздің елімізде мүлде зерттелмеген десек те болады. Сондықтан Садри Мақсуди өмірін зерттеу және оны қарасатыру өз өзектілігін толық сақтап тұр.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Қарастырылып отырған мәселе бойынша барлық талдау еңбектерін жинақтап, олардың мынадай проблемаларды қарастырғанын атауға болады.

Зерттеу тақырыбының зерттелу деңгейі өкінішке орай елімізде, тіпті Орталық Азия шеңберінде танымал емес. Тіпті жоқтың қасы. Садри Мақсудидің еңбектерін, қайраткерлік жолын кешенді зерттеу мен терең ғылыми тұрғыдан қарастыру - теориялық көзқарастарға зәру болып отыр. Көп жағдайда, өте аз зерттелгендіктен ғылыми-танымдық мақала-баяндамалармен шектелген.

Кеңестік кезеңде Садри Мақсуди еңбектері мен көзқарастарын зерттеуге қатаң тиым салынды. Тек қана 1991 жылдан бастап жекелеген ұлттардың қайраткерлерін ақтау және олардың еңбектерін зерттеуге рұқсат етілді. Солардың ішінді әрине Садри Мақсуди де бар. Соңғы уақытта Садри Мақсудиді екі түрлі қырынан қарастырып, екі түрлі мақсудитанушылар пайда болды. Бірінші тарап оны тек қана қоғамдық-саяси қайраткер ретінде қарастырса, екінші тарап оны әдебиетші және тарихшы, заңгер ретінде бағасын беруде. Шындығына келгенда Садри Мақсуди толықтай бір әмбебап, тұтастай бір ғылым негіздерін алып жүруші адам еді.

Сонымен қатар Садри Мақсуди өмірін зерттеген сәтте, зерттеушілер оны үш кезеңге бөледі. Ресейдегі. Франциядағы және Түркиядағы өмір сүру кезеңдеріне байланысты зерттеп, зерделеуді жөн көреді. Ең көп зерттеліп, мәлімет жетерлік кезең ретінде Түркиядағы кезең саналады. Тіпті Анкара мен Стамбұл университеттерінде арнайы Мақсудитану мамандықтары да бар. Ал Ресей мен Франциядағы уақыт аралығы тым аз зерттелген. Оған Ресейде жетпіс жыл бойы оқытуға тыйым салуы мен Францияда Садри Мақсудидің Евуропалық негізде еңбек жазбауы себепкер.

Алғаш болып Ресейде Садри Мақсуди көзқарастарын 90-жылдардан бастап Я. Г. Абдуллин, Р. У. Амирханов, Р. М. Амирханов, Р. Ф. Мухамеддинов, Ф. М. Султанов және т. б. зерттеушілер қарастырды. Олар өз еңбектерінде Садри Мақсудидің Қазан төңкерісіне дейінгі қоғамдық саладағы рөлін баса атап өтіп, биографиясын қысқаша түзді.

Садри Мақсудидің татар халқының тарихындағы елеулі орнын Ф. Ю. Гаффарова зерттеді. Ол «Садри Мақсуди» атты еңбегінде оның Ресей империяысның ІІ және ІІІ Мемлекеттік Думадағы атқарған қызметін, діни саладағы рөлін, ұлттық негіздегі көзқарасын, , ұлттық жиылыстағы сөздерін қарастырған.

Д. М. Усманова өзінің Мемлекеттік Думадағы депутаттардың өмірін зерттеуге негізделген монографиясында Садри Мақсудидің саяси портретін де қарастырып кетеді. Өйткені зерттеуші (1906-1917) төрт шақырылым бойынша барлық депутаттарды қарастыруға мақсат тұтқан болатын [3, 118б. ] .

Садри Мақсудидің қайраткерлігін р. Б. Гайнетдинов та барынша зерттеген. Ол өз елін тастап, өзге елге қоныс аударуға мәжбүр болған татар халқының көрнекті қайраткерлерінің өмірбаянын зерттеп, арнайы «Қол бұлғайды» атты еңбек жазды.

Садри Мақсудидің өмірін зерттеу 1994 жылы жаңа белеске шықты. Өйткені осы жылы көрнекті қайраткердің 115 жылдығы халықаралық деңгейде аталыпөтіп, арнайы халықаралық конференция ұйымдастырылған болатын. 1996 жылы осы 1конференцияның негізінде арнайы жинақ шығарылып, Татарстан мен Түркия бойынша таратылды.

Садри Мақсудидің Түркиядағы өмір кезеңін зерттегендер қатары көп. Солардың ішінде қызы Адили Айды да бар. Ол «Садри Мақсуди Арсал» атты еңбек жазып, әкесінің қайраткерлігімен қатар қарапайым адам ретінде де суреттейді. 1996 жылы аталмыш еңбек түрік тілінен орыс тіліне аударылып, екі мәрті басылып шығады. Ал Садри Мақсудидің еңбектеріне талдау жасап, ғылымилық берген Ахмед Биджан Эрджиласун «Садри Мақсуди ұлтшылдығы» және «Садри Мақсуди және тіл мәселесі» атты қос еңбек жазып, оның туындыларын жан-жақты талдайды. Ол сонымен қатар Садри Мақсудидің «Ұлттық сана-сезімнің әлеуметтік негіздері» атты еңбегін талдап, әлеуметтану ғылымына енгізеді. З. Омар «Садри Мақсуди жайлы естелік», М. Мушагил «Менің ұстазым садри Мақсуди» атты мақалаларында Садри Мақсудидің жеке адами қасиеттерін қарастырады.

Садри Мақсудидің баяндамалары мен еңбектерін талдау Түркияда осы күнге дейін жалғасып келеді. Т. Гокбилгин «Садри Мақсудидің түрік тарихы мен түркі ұлттарына көзқарасы», Х. Яшынның «Садри Мақсуди», Х. Иналжыктың «Садри Мақсуди Арсал», Ф. З. Фахридің «Профессор Садри Мақсуди көтерген мәселелер», Б. Эсеманлының «Түрік тарихын түсінуге бағытталған Садри Мақсуди дәрістері» атты мақалалары мен еңбектерінде татар ғалымының ғылым мен білімге қосқан орасан зор үлесі мен Түркияның өркендеуіне тигізген пайдасы сөз болады.

Фин журналисі Йорж Раэвуори түрік-фин қатынастарын зерттеу кезінде Садри Мақсудидің Ресей империясындағы ІІ және ІІІ Мемлекеттік Думада фин ұлтының құқығын қорғап сөйлеген баяндамаларын айтады [4, 24б. ] .

Мақсуди еңбектерін зерттеу әр елде әр қиылы. Көбіне оны биографиялық негізде зерттейтінін жоғарыда келтірілген мәліметтер айқындап тұр. Ал біздің елімізге өкінішке орай бұл қайраткер әрі таңсық, зерттеушілер саны тым аз. Отандық зерттеушілер ретінде біз мұсылмандық қозғалыс тарихын зерттеушілер мен жәдидтерді негізгі зерттеу объектісіне айналдырған жандарды айта аламыз. Мысалы Рүстемов С. К, Озғанбаев Ө. О, Көмекова Т. Бұл жандар тікелей Садри Мақсуди жайлы еңбектер жазбаса да, аталмыш тұлғаны өз зерттеулерінде деректеме мен дәйектемеде қолданған.

Диссертациялық жұмыстың деректік негізі. Бұл тақырыпты біздің зерттеумізге арқау болған аталған жұмыстың дереккөздеріне Садри Мақсудидің баяндамалары, кітаптары мен Мемлекеттік Думадағы және Түркия парламентіндегі сөйлеген сөздері, ресми баспасөз құралдарындағы хабарламалар, Түркия және Ресейдің ресми ақпараттық порталдарындағы талдау материалдары, түрлі қоғамдық-танымдық, публицистикалық ақпарат көздерінен алынды.

Зерттеу жұмысының нысаны: Садри Мақсудидің қоғамдық-саяси қызметі, көзқарастары мен еңбектері болып табылады.

Зерттеу жұмысының пәні: Садри Мақсудидің ғылыми-тарихи қалдырған мұраларының маңыздылығы болып табылады. Аталмыш тұлғаның балалық шағындағы оқыған оқу онындағы қайраткерлігі мен оның көзқарасына ықпал еткен жағдаяттар, Ресей Патшалығы мен артынша орнаған Ресейдегі Кеңестік биліктегі күрес жолы, Мемлекеттік Думадағы жасаған баяндамалары мен автономия құру, тіл мәселесін көтеру, дін мен сөз бостандығы, халықтар теңдігі жолындағы жазған еңбектері мен мақалаларының қазіргі таңдағы маңызын анықтау, тарихи бағасын беру болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Диссертациялық жұмыстың басты мақсаты Садри Мақсуди еңбектерін зерттеу, өмірбаян зерделеу арқылы аталмыш қайраткерді Қазақстан аудиториясына таныту. Аталмыш міндеттер мен мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі мәселелерді шешу көзделген:

  • Садри Мақсудидің қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен өмірлік жағдайларды анықтау және кезеңдеу;
  • Садри Мақсудидің заң саласына қосқан үлесін саралау;
  • Қайраткердің түркі халықтарының құқық мәселесіндегі көзқарасын зерттеуін талдау;
  • Садри Мақсуди көзқарасының эволюциясын айқындау.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа заман мәдениетіндегі ағартушылық
М. Шоқайдың өмірі мен шығармашылығы
Байырғы түркі жазба ескерткіштеріндегі әлеуметтік- саяси рәміздер және оның Қазақстанның өркениеттік дамуымен сабақтастығы
Біртұтас Түркістан идеясы: теориялық негіздері және іске асырылу жағдайлары
Мұстафа Шоқайұлының қоғамдық –саяси қызметі
Ресей мұсылмандарының тарихи оқиғасы
Түркістан және Алаш автономияларының мақсаты, мәні, күйреуі
Түркістан және Алаш автономияларының әлсіреуі
Түркия Республикасында жарық көрген түрікшілдердің еңбектері
ҚАЗАҚСТАНДА КЕҢЕС ӨКІМЕТІ ОРНАУЫ ТАРИХЫ КЕҢЕСТІК ТАРИХНАМАДА
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz