Камералдық бақылауды жүргізудің тиімділігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1
ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ МІНДЕТТЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПРОЦЕСІ

1.1
Мемлекеттік сатып алу саласындағы камералдық бақылаудың мақсаты, және қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.2
Қазақстан Республикасында камералдық бақылау жүйесінің нормативті құқықтық реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.3
Камералдық бақылаудың халықаралық тәжірбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2
КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ЖҮРГІЗУ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІ (АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ДЕПАРТАМЕНТІ МЫСАЛЫНДА) ... ...

2.1
Камералдық бақылаудың нәтижелерін талдау ... ... ... ... ... ...

2.2
Қазақстан Республикасында камералдық бақылауды жүргізудегі мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ..

2.3
Камералдық бақылауды жүргізудің тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... .

3
КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3.1
Халықаралық тәжірбиені камералдық бақылау жүргізуде қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

3.2
Камералдық бақылауды жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ...

3.3
Камералдық бақылаудың еліміздегі экономикалық жағдайының дамуына әсері ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Еліміздің дамыған экономикасы жағдайында мемлекеттік сатып алу туралы заңнама экономикалық қатынастардың маңызды бағыттарының бірін реттейді және тиісінше үнемі жетілдіруді талап етеді. Мемлекет басшысы мемлекеттік сатып алу саласы негізгі сала екенін және мемлекеттік бюджеттің тиімді орындалуына тікелей әсер ететінін бірнеше рет атап өтті. Осыған байланысты Елбасшымыздың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша Ұлт жоспарының 93-ші қадамын орындау аясында жаңа институт - Ішкі мемлекеттік аудит міндеттерін жүзеге асырудағы камералдық бақылау жүйесі енгізілді. Ұлт жоспарынжүзеге асыру аясында 2016 жылдың басынан бері мынадай жаңа заңдар қолға алынды:
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы ҚР Заңы (12.11.2015ж.);
Мемлекеттік сатып алу туралы ҚР Заңы (04.12.2015ж. №434-V) [1].
Бұл өзгеріс менің көзқарасым бойынша мемлекеттік сатып алу процесін сапалы жаңа деңгейге қойды.
Мәселенің ғылыми зерттелу дәрежесі. Камералдық бақылаудың құқықтық ережелері Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы және Мемлекеттік сатып алу туралы ҚР Заңдарында бекітілген. Жаңа заң көптеген тауарлар мен қызметтерді жеткізушілердің адалдығы мен болжамдығына оң әсерін тигізді. Хабарландырудан бастап шарт жасасқанға дейін, электрондық форматта камерралдық бақылауды өткізу мүмкіндігі мемлекеттік сатып алу процестерін толық түрде автоматтандырудың және веб-порталда жаңа платформа еңгізудің арқасында пайда болды.
Сонымен қатар ҚР Қаржы министірінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №598 бұйрығымен Камералдық бақылауды жүргізу ережесі бекітілді. Бұл ереже ішкі мемлекеттік аудит бойынша өкілетті органмен камералдық бақылауды жүргізу тәртібін анықтайды.
Заңның 16 баптың нормасында Өкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылау, соның ішінде - камералдық бақылау жүргізетіні бекітілген.
Ал Өкілетті орган - бұл Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті және оның аумақтық бөлімшелері болып табылады.
Яғни мемлекеттік сатып алу саласында камералдық бақылау - бұл веб - портал арқылы мемлекеттік сатып алуды жариялаған және жүргізген кезде бұзушылықтарды анықтау бойынша мемлекеттік сатып алу субъектілеріне үнемі қашықтықтан тексеріс жүргізу болып табылады. [3].

Диссертациялық жұмыстың мақсаты Мемлекеттік сатып алу саласына камералдық бақылауды қалыптастыру мен дамыту бойынша ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік ұсыныстар әзірлеу.
Алға қойған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешуді қажет етеді:
Камералдық бақылаудың мақсаты, қызметі, міндеттеріне анықтама беру арқылы толықтыру;
Қазақстан Республикасында камералдық бақылау жүйесінің нормативті құқықтық реттелуін анықтау;
Камералдық бақылаудың халықаралық тәжірбиесіне талдау жұмыстарын жүргізу;
Камералдық бақылаудың нәтижелерін талдау бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
- Ішкі мемлекеттік аудит органымен жүргізілетін камералдық бақылауды жүргізуді зерделеп, толық талдау жасау;
- Камералдық бақылауды жүргізу және камералдық бақылау нәтижелерін есепке алу және есептілікті жасауда шетелдік тәжірбиелерді қарастыру;
- Қазақстандағы ішкі мемлекеттік аудит міндеттерін жүзеге асырудағы камералдық бақылаудың тиімділігін қалыптастыру;
- шетелдік тәжірбие мен отандық қалыптасқан талаптар мен әдістер арқылы камералды бақылауды жүргізудің жаңа әдіс-тәсілдемелерін қарастыру.

Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік сатып алу бойынша жүргізген камералдық бақылаудың қалыптасуы және дамуына, жетілдіру жолдарына әсер ететін факторлары.
Зерттеу пәні -
Зерттеудің ақпараттық базасы. Автор диссертациямен жұмыс жасау барысында мемлекеттік сатып алуларды жүргізу бойынша камералдық бақылауды реттейтін заңнамалық және нормативтік құжаттарды, Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің статистикалық мәліметтерін, ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асырудағы камералдық бақылау бойынша еліміздегі және шетелдегі конференция материалдарына, БАҚ, интернет-ресурстарға талдау жасалды.
Диссертацияның ғылыми жаңашылдығы Қазақстан Республикасында Ішкі мемлекеттік аудит міндеттерін жүзеге асырудағы камералдық бақылаудың жетілдіру жолдарын айқындап жаңа моделін әзірлеуде.
Автормен қорғауға шығарылатын негізгі ғылыми нәтижелер:
Жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңыздылығы Зерттеу нәтижелерін апробациясы.
Диссертацияның құрылымы мен мазмұны. Диссертацияның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ МІНДЕТТЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПРОЦЕСІ
1.1 Мемлекеттік сатып алу саласындағы камералдық бақылаудың мақсаты және қызметі.
Қазіргі таңда біздің мемлекетіміздің экономикалық жүйесі дамып және тұрақтанып келе жатыр. Осы дамудың негізгі бағытының бірі ол бәсекелес сатып алулар (мемлекеттік сатып алулар) болады.
Мемлекеттiк сатып алу дегеніміз- бұл Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қызметтер көрсетуге байланысты кірістерді қоспағанда, тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді толықтай немесе ішінара бюджет қаражаты және (немесе) меншікті кірістері есебінен сатып алуы. (1)
Мемлекеттік сатып алу мемлекеттік мекемелердің жұмыс істеуі үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілген қызметтерді сатып алу үшін бюджеттен, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындау жөніндегі мемлекет тарапынан жүзеге асырылады. Сондықтан олар маңызды рөл атқарады және біздің республиканың экономикасы басқарудың тиімді құралы болып табылады. Бұл жүйенің негізгі мақсаты республикалық бюджеттің экономикасы болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы ең алғашқы мемлекеттік сатып алу жүйесінің даму тарихы келесі 4 кезеңнен тұрады:
1996 -1998 ж.ж.
2002-2007ж.ж.
2007-2015ж.ж.
2015-2019ж.ж.
Бірінші кезең 1996 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің келесі екі қаулысы қабылдаған соң пайда болды:
- 1996 жылғы 13 мамырдағы №586 Қазақстан Республикасында тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) мемлекеттік сатып алулар туралы заңы;
- 1996 жылғы 24 шілдедегі №925 Аймақтық сұранымды қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджет есебінен тауарларды (жұмыстарды,қызмет көрсетулерді) мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру тәртібі туралы ереже.
Бұл заңнамалар 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Заң үш тараудан, отыз баптан тұрды. Осы заң бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың екі тәсілі ғана болды:
Конкурс тәсілі;
Бір көзден сатып алу тәсілі;
Екінші кезең 2002 жылғы 16 мамырдағы №321-II Мемлекеттік сатып алу туралы заңы қабылданды. Оның тарау және баптары көбейді, яғни 5 тарау және 32 баптан құралды. Сонымен бірге мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың тәсілдердің саны ұлғайды: ашық конкурс, жабық конкурс, баға ұсыныстарын сұрату арқылы жеткізушілерді таңдау, бір көзден және ашық тауар биржалары арқылы.
Үшінші кезең Қазақстан Республикасының 2007 жылы 21 шілдеде №303-III Мемлекеттік сатып алу туралы қабылданған заң, ол тоғыз тарау және 48 баптан тұрды. Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру тәсілдерінің саны өзгерген жоқ, тек қана ашық және жабық конкурстардың орнына жаңа тәсілдер қарастырылды. Конкурс екі сатылы рәсімдерді қолдану және аукцион арқылы өткізілді.
Төртінші кезең Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 04 желтоқсанында №434-V Мемлекеттік сатып алу туралы Заңы еңгізілді.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу процессін электрондық форматқа ауыстыруға ықпал етті. Электрондық үкіметті қалыптастыру шеңберінде 2007 жылдың қазанында тәжірибелік пайдалануға енгізілген электрондық мемлекеттік сатып алудың ақпараттық жүйесі құрылып, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда мемлекеттік сатып алу порталы іске қосылды.
Бүгінгі күні осы жүйе (www.goszakup.gov.kz) мемлекеттік сатып алу саласында электронды қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынады және Интернетке қосылған кез келген компьютерден тапсырыс беруші, ұйымдастырушы және жеткізуші ретінде мемлекеттік сатып алуларға қатысуға мүмкіндік береді.
Электрондық мемлекеттік сатып алу автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесі мемлекеттік сатып алуды нақты уақыт режимінде жүргізуге арналған. Жүйе тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізуге деген тапсырыс берушілердің қажеттіліктері туралы электрондық шарттардың жасалуын, олардың шоғырлануын, сатып алу рәсімдерінің жүргізілуін, өнім берушінің белгіленуін, жасалған шарттар және олардың мемлекеттік сатып алу веб-порталында орындалу нәтижелері туралы мәліметтердің жариялануын қамтамасыз етеді. Осы ақпараттық жүйенің негізгі мақсаты процестің ашықтығын және бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ете отырып, нақты уақыт режимінде мемлекеттік сатып алуды жүргізу.https:ecc.kzprojectelek tronnye-gosudarstvennye-zakupki
Мемлекеттік сатып алуларды жүргізу процесінде ақпараттық технологияларды енгізу оның дамуына ықпал етеді, процестің ашықтығын қамтамасыз етеді, бюджет қаражатын тиімді пайдалануды, әлеуетті өнім берушілердің қатысу рәсімдерін жеңілдетуді, қағаз құжат айналымындарын азайтуға және мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу шығындарын қысқартуға ықпал етеді және тұтастай алғанда экономиканың прогрессивті әлеуметтік-экономикалық дамуына, сыбайлас жемқорлықты төмендетуге, әділ бәсекелестікті дамытуға және халықтың сенімін арттыруға бағытталған.
Мемлекеттік органдармен, конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алулар 2012 жылғы 1 шілдеден бастап тек қана электронды түрде жүргізілді.
Елімізде мемлекеттік сатып алу саласын адал әрі ашық етудің жаңа әдісі қолға алынды. Президент Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 20 мамырдағы Ұлт жоспары- бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам бағдарламасын орындау аясында Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V Заңы қабылданды.
Осы Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы қабылданған заңнаманың негізгі жаңашылдығының бірі ол - мемлекеттік сатып алу саласындағы камералдық бақылау институтының пайда болуы.
Камералдық бақылау жүйесі мемлекеттік сатып алуды қатаң қадағалайтын ерекше тәсіл. Қаржы министрлігінің өкілдерінің айтуынша бұл жоба негізінде жаппай заң бұзғандарды соттап не қамау міндет емес. Келісім аясында заң бұзушылықтарға жол берген акционерлік қоғам немесе мемлекеттік басқарма, республикалық мемлекеттік кәсіпорын өкілдеріне келеңсіздіктерді жоюға он күн уақыт беріледі, белгіленген күндері заңсыздықты жоя білгендеріне ешқандай жаза қолданылмайды. Ал егер ол бұзушылық уақытылы жойылмаса мемлекеттік аудит объектісінің коды және шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтату мезанизмі пайдалынады.
2016 жылға дейін тексерушілер мемлекеттік сатып алуларды нысанға барып бір айдай арнайы тексеріс жүргізетін, бұл үшін қыруар уақытпен мамандар қажет болды. Мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптары бұзылғансоң бірақ анықталған. Ал қазір камералдық бақылау енгізілгелі аудиторлар мемлекеттік сатып алуларға орындарында отырып арнайы желімен компьютерде заң бұзушылықтарды анықтай алады, яғни онлайн ережемен бақылайтын болды. Егер нормаға сай емес болса, онда тапсырыс беруші мен ұйымдастырушының мекенжайына тиісті хабарлама жолданады. Талаптардың бұзылуын анықтап, жою веб-порталда дер кезінде жүзеге асады. Ол заң бұзушылықтарды дер кезінде жою мүмкіндігі пайда болды.
Яғни, мемлекеттік сатып алу саласындағы камералдық бақылауды аудитор кабинеттен шықпастан және объектіні араламай-ақ, ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы қашықтықтан өткізетіні көрсетілген. Соның нәтижесінде бұл жаңалықтар бақылау объектісіне әкімшілік жүктемені төмендетуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және тексеріліп отырған тұлғаның мемлекеттік аудит объектісімен тікелей және көзделмеген байланыс жасау мүмкіндігін болдырмауға әкеледі. Сонымен бірге камералдық бақылау бастапқы кезеңде-ақ бұзушылықтың бетін қайтаруға мүмкіндік береді. Бұзушылық конкурстық құжаттама жобасына түзетулер енгізу жолымен жойылады және мемлекеттік сатып алу процесінің тұтас алғанда күші жойылмайды. Бұл мәселенің маңыздылығы дау тудырмайды, бюджеттік қаржыны мерзімінде игеру, азаматтардың әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды орындау ғана емес, көлеңкелі экономикамен күрес те осыған байланысты [2].
Камералдық бақылау едәуір күрделі ұйымдастыру жүйесін құрайды және мынадай элементтерден тұрады:
Бақылау объектілері - тапсырыс берушілер, ұйымдастырушылар, бірыңғай ұйымдастырушылар.
Бақылау нысаны - мемлекеттік сатып алуды қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асыру.
Бақылау мақсаттары - бұзушулықтардың алдын алу және болдырмау.
Бақылау әдістері - мемлекеттік сатып алудың ағымдағы ахуалы
Бақылау субъектілері - ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті және оның аумақтық құрылымдары.
Камералдық бақылауды ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңда және камералдық бақылау жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық бөлімшелері уәкілетті орган деп ұғынылады.
Комитет орталық атқарушы органның құзыреті шегінде ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік, аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствасы болып табылады.
Комитеттің Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын және тарататын мемлекеттік мекеме нысанындағы заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары бар, оларға Комитеттің бақылауында болатын және есеп беретін келесі аумақтық бөлімшелері, яғни 17 департаменттері жатады:
Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті;
Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті;
Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті;
Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті;
Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті;
Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті;
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті;
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті;
Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті;
Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті;
Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті;
Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті;
Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті;
Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті;
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті;
Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті;
Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті;
Сонымен қысқаша атап айтқанда еліміздегі мемлекеттік сатып алу веб-порталында жүргізіліп жатқан барлық мемлекеттік сатып алуларға камералдық бақылауды Комитет және оның аумақтық бөлімшелері жүргізеді және мемлекетік сатып алу туралы келісім-шарты жасалып кеткеннен кейін камералдық бақылау жүргізілмейді. Ал егер келісім-шарт жасасып қойғаннан кейін бұзушылықтар анықталса аудит объектісінде сәйкестік аудиті мемлекеттік сатып алу заңнамасының сақталуы мәселесі бойынша жүргізіледі.
Мемлекеттік сатып алуларға камералдық бақылауды жүргізу кезінде бұзушылықтарды анықтау камералдық бақылаудың тәуекелдері бейіндерінің тізіліміне сәйкес іске асырылады.
Комитеттің мемлекеттік сатып алу саласындағы камералдық бақылауға қатысты функциясына Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау, соның ішінде камералдық бақылауды жүзеге асыру, қажет болған жағдайда есептік деректердің, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың ұсынған материалдарының және ақпараттың шынайылығын тексеру жатады.

1.2. Қазақстан Республикасында камералдық бақылау жүйесінің нормативті құқықтық реттелуі

Мемлекеттік сатып алу нарығы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі сегменті болып табылады, ал мемлекеттік сатып алу жүйесі экономиканың мемлекеттік реттеуінің негізгі институттарының бірі болып саналады, ол оның динамикасы мен құрылымына айтарлықтай әсер етеді.
Камералдық бақылау жүйесін сауатты құқықтық реттеу елдегі экономикалық дамуды ынталандырады, бұл бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді, сондай-ақ қазақстандық бизнестің даму деңгейін едәуір арттырады, соның ішінде шағын кәсіпкерлік, адал бәсекелестікті дамытады.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алу процессін ұйымдастыру бойынша толыққанды нормативті-заңнамалық база қалыптастырылды.
Мемлекеттiк сатып алудың тұтас тәртiбiн белгiлеу Қазақстан Республикасының аумағында экономикалық кеңiстiктiң орнықтылығын тұрақты қамтамасыз етуге,мүмкiндiгi жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың мемлекеттiк сатып алу рәсiмiне қатысу мүмкiндiгiн кеңейте отырып, сондай-ақ бюджеттiк және бюджеттен тыс қаржыландыру көздерiн пайдаланудың тиiмдiлiгiне әкеледi.
Осылайша, мемлекеттік сатып алу саласындағы камералдық бақылау жүйесі келесі нормативті құқықтық актілермен реттеледі:
1995 жылы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы;
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджет Кодексі
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-ХIII Азаматтық Кодексі.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтар N 156-II Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі
Жеке және заңды тұғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" ҚР 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңы
"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы"ҚР 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V Заңы
"Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 76 қаулысы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 04 желтоқсандағы №434-V Мемлекеттік сатып алу туралы заңы;
"Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы"ҚР ҚМ 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығы.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы № 648 бұйрығы.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 Камералдық бақылау жүргізу қағидалархын бекіту туралы бұйрығы.
Көрсетілген заңдардың негізгі ережелерінде камералдық бақылауды аудитор кабинеттен шықпастан және объектіні араламай-ақ ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы қашықтықтан өткізетіні көрсетілген. Соның нәтижесінде бұл жаңалықтар бақылау объектісіне әкімшілік жүктемені төмендетуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және тексеріліп отырған тұлғаның мемлекеттік аудит объектісімен тәкелей және көзделмеген байланыс жасау мүмкіндігін болдырмауға әкелді. Сонымен бірге камералдық бақылау бастапқы кезеңде-ақ бұзушылықтың бетін қайтаруға мүмкіндік береді. Бұзушылық конкурстық құжаттама жобасына түзетулер енгізу жолымен жойылады және мемлекеттік сатып алу процессінің тұтас алғанда күші жойылмайды. Бұл мәселенің маңыздылығы дау тудырмайды, бюджеттік қаржыны мерзімінде игеру азаматтардың әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды орындау ғана емес, көлеңкелі экономикамен күрес те осыған байланысты. Бұған сондай-ақ Мемлекеттік сатып алу туралы ҚР Заңында енгізілген жаңа институт - конкурстық құжаттама жобасын алдын ала талқылау да ықпал етті. Енді әлеуетті өнім берушілер техникалық өзгешілікпен ертерек таныса алады және қажет жағдайда конкурстық құжаттаманың орындалмайтын шарттарымен келіспеуіне болады.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 04 желтоқсандағы №434- Мемлекеттік сатып алу туралы V жаңа заңы енгізілді.
Осы заңның 16 бабына сәйкес уәкілетті орган:
1) мемлекеттік сатып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық бақылауының тиімділігін арттыру
Салық бақылауын жүргізудің әдістері және салық тексерулері
Салық бақылауын жүргізудің әдістері және салық тексерісі
Салықтық бақылаудың классификациясы
Салықтық бақылау
Салықтық бақылауды ұйымдастырудың экономикалық мазмұны
Салық тексеруін аяқтау
Әуэзов ауданы бойынша салық басқармасының тарихы
Салық бақылауының жіктелуі
Салықтық бақылауды ұйымдастырудың теориялық аспектілері
Пәндер