Болашақ педагогтің құзіреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық негізі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

«М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Креативтік құзіреттілікті қалыптастырудың педагогикалық және психологиялық негізі

Мамандығы: 0105000-«Бастауыш білім беру»

Біліктілігі: 0105013-«Бастауыш білім беру мұғалімі»

Тобы: ББ-П-15

Пәні: Педагогика

Орындаған: Тәжібек. Ә

Жетекшісі: Әбиева. Г Педагогика пәнінің оқытушысы

«Қорғауға жіберілді»

«Педагогика мен бастауыш білім берудің әдістемесі» ПЦК-сы

« . . . » . . . 2019жыл

Бағасы:

Креативтік құзіреттілікті қалыптастырудың педагогикалық және психологиялық негізі

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

I тарау Креативтік құзіреттілікті қалыптастырудың педагогикалық және психологиялық негізі

2. 1 Креативті құзіреттілікті қалыптастырудың маңызы

2. 2 Креативті құзіреттілікті қалыптастыру жолдары

2. 3 Креативті құзіреттілікті қалыптастырудың психологиялық негізі

2. 4 Болашақ педагогтің құзіреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық негізі

II тарау Педагогтардың креативтік қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік жұмыстар

2. 1

Қорытынды

III. -Пайдаланылған әдебиеттер

Зерттеудің өзектілігі

Кіріспе

Болашақ педагог мамандардың кәсіби іс-әрекетінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мұның өзі оларды жаңа ғылыми-педагогикалық идеаларды шығармашылықпен қабылдай алатын, оқыту теориясы мен әдістемесін игерген кәсіби педагогикалық, креативтілік құзіреттіліктің жоғарғы дегейін меңгерген маман ретінде даярлау мәселесін шешу көзделуде. Еліміздегі саяси, эканомикалық, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай жоғарғы оқу орындары үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты дамыған, өзінің әлеуметтік-эканомикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарлауына байланысты өз ісін жетік білетін, креативті құзіреттілігін қалыптастыра білетін кәсіби білігі мол мамандарды даярлуды көздеп отыр. Сол үшін болашақ педагогтардың креативтік құзіреттіліген қалыптастыру тақырыбымның өзектілігі болып табылады. Оқытушы - ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл оқытушыдан жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабiлеттiлiктi, студенттерді қазiргi қоғамның түбегейлi өзгерiстерiне лайық бейiмдеу, олардың зерттеушiлiк дағдыларын дамыту бағыттарын талап етедi.

Оқытушының кәсіби құзырлылығы, оның өзіне деген сенімділігінен, кәсіби қызметте өзін-өзі көрсетуінен басталады. Жоғары құзыреттілік өзін «меңгеруді» күтпейді. Педагогтің құзыреттілігі туралы әр кезеңде әртүрлі авторлар еңбектерінде түрлі пікірлер кездеседі. Соларға сүйене отырып, мұның өзі жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің деңгейі, педагогикалық іс-әрекеттегі теориялық және практикалық дайындығы мен тәжірибесінің тоғысуы, сол сияқты педагогқа қажетті көптеген сапалардың болуы бұл өте күрделі сан-салалы мәселе деп тұжырымдауға болады.

Педагогтардың кәсiби құзырлылығы - олардың педагогикалық қызметтi жүзеге асыруға деген теориялық және практикалық дайындығының бiрлiгi.

Зерттеудің мақсаты: Болашақ педагогтардың басты құзіреттіліктерін қалыптастырудың негізін анықтау

- Болашақ педагогтардың креативті құзіреттілігін қалыптастырудың психологиялық негізін қарастыру

-Болашақ педагогтардың креативті құзіреттілігін қалыптастырудың педагогикалық негізін қарастыру

Зерттеудің міндеттері:

-Педагогтарға креативті құзіреттілікті қалыптастырудың маңыздылығын ұғынуға жағдай жасау

-Болашақ педагогтар үшін құзіреттіліктердің тиімділігіне жалпы шолу жасау

-Жаңартылған білім мазмұнына сай мұғалім құзіреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық негізін баяндау

Зерттеу обьектісі: Бастауыш сынып мұғалімдері

Зерттеу әдістері: Педагогикалық эксперимент, бақылау, талдау, зерттеу жұмыстары т. б.

Зерттеу болжамы: Құзіреттілік тек кәсіби білім ғана емес ол тұлғаның мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті. Болашақ педагогтардың креативті құзіреттілігін арттырудың маңызы, мәні туралы дәріс беру, оның тиімділігі туралы ақпарат тарату, креативті құзіреттілікті қалыптастырудың педагогикалық және психологиялық негізін анықтау.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Болашақ педагог мамандардың кәсіби іс-әрекетінің өзіндік ерекшеліктері мұның өзі оларды жаңа ғылыми-педагогикалық идеаларды шығармашылықпен қабылдай алатын, оқыту теориясы мен әдістемесін игерген кәсіби педагогикалық, креативтілік құзіреттіліктің жоғарғы дегейін меңгерген маман ретінде даярлау мәселесін шешу, креативті құзіреттілікті қалыптастырудың маңызы, креативті құзіреттілікті қалыптастыру жолдары, креативті құзіреттілікті қалыптастырудың, негізі болашақ педагогтің құзіреттіліктері туралы қарастырылған.

2. 1 Креативті құзіреттілікті қалыптастырудың маңызы

Қазіргі жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түскен заманда адамның жалпы білімін көтеру кең де ауқымды мәселе болып отыр. Ал олардың біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру қажеттігі еліміздегі ғылыми - техникалық және әлеуметтік мәдени жетістіктердің қарыштап дамуынан туындайтыны анық.
Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты - өзгермелі білім жағдайына тез бейімделетін өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлғаны даярлау. Яғни қазіргі қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі болуы ғана емес, теориялық, нормативтік - құқықтық, психологиялық - педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан - жақты игерген ақпараттық құзырлылығы қалыптасқан мамандарды талап етіп отыр.
Ал бұл талапқа сәйкесінше, қазіргі ақпараттандыру қоғамында жаңа оқыту әдістерін, оқулықтарды, интернет, компьютер, т. б қажеттіліктерді пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Оларды тиімді пайдаланып, білім беру жүйесін тұтастай ақпараттандыру арқылы жаңа оқыту технологиясының толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды.
Бастауыш сынып мұғалімі - бұл қай кезде де ең алдымен, кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға.
Ол- оқытудың жаңа технологияларын өмірге енгізген, оқу - тәрбие ісіне жанашырлық танытатын, зерттеушілік ізденіске бейім, теория мен практика іс - әрекетін байланыстыра алатын, өмірлік құндылық қағидалары - адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, парасатты мінез - құлық қасиеттерді бойына сіңірген ұстаз.
Бүгінгі білім беру жағдайында әрбір ұстаз жүрегіне ой салар өзекті мәселелердің бірі - өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты педагогтарға қойылатын талаптар да өте жоғары.
Білім берудегі басты мақсат - өзінің және қоғамның мүддесінде өзін- өзі белсендіруге дайын өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру болса, педагогикалық құзіреттілікті дамыту, үнемі іздену - мұғалімнің басты міндеті.
Мұғалімнің барлық ақпаратты жағдайлардан хабардар болуы, азаматтылығы мен елжандылығы. Бұл құзырлылық өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді. .
Бастауыш сынып мұғалімі жоғары деңгейдің бірнеше құзыреттілігін игеруге міндетті. Мысалы арнайы әлеуметтілік, білімділік құзыреттілік түрінде жеке қол жеткізген нәтижелеріне жағымды эмоция туғызу, қолдау көрсету және психологиялық жағымды орта құру.
Мұғалімнің негізгі міндеті - сабақ үрдісін ұйымдастыру, жаңа технологияларды қолдану емес, керсінше, ол оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыта отырып, өзіндік таным біліктілігінің дамуын ұйымдастыру. Міне, осы мұғалімнің іс- әрекетінің негізгі қағидасы болып табылады. Демек, қазіргі таңда мұғалім менеджер болуға тиісті.
Педагогикалық Білім Концепциясында « Мұғалім өз пәнін міндетті түрде терең білуге тиісті, бірақ сонымен қатар оқу үрдісіне қатысатын мүмкіндіктердің өз орнын біліп, оны уақытында бағыттап, нәтижеге жетелеп, дер кезінде түзетулер енгізе алатын құзіретті тұлға болуы керек» делінген.
Қазіргі жаңа формация мұғалімі дайын білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық іс - әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білуі, нәтижеге бағдарланған білім сапасын арттыруда жаңаша жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет.
Ұлы ағартушы А. Байиұрсынов «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам, әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білуі керек» - деген тұжырымында
« Шығармашыл мұғалім шығармашыл шәкірт дайындайды» деген ой айқын аңғарылады.
Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық - ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс - қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды тауып, оларды таңдап сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогты айтамыз.
Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагогтың өзін- өзі ашу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Демек, педагогтарымыз ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы, жедел шешім қабылдаушы, ерекше ұйымдастырушылық қабілетті, нақты бағыт - бағдар беруші болуы - қазіргі заман талабы. Яғни, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлауды, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, ізденуге бағыталған күтілетін нәтижелер болып табылады. Мұның өзі қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеуде белгілі бір құзіретіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.
Мұндай құзыреттіліктер қатарына мыналар жатады:
1. Бағдарлы құзыреттілік - өз Отанының патриоты болу
2. Мәдени - танымдылық құзыреттілік - өз халқының мәдениеті, жетістіктерін білу
3. Оқу- танымдық құзыреттілік - оқушының зерттеу әрекеті
4. Ақпараттық - технологиялар құзыреттілігі- өз бетінше іздей білу, талдау, таңдай білу, өзгерте білу, ақпараттық технологияларды игеру.
5. Әлеуметтік - еңбек құзыреттілігі - отбасы, еңбек, экономика, саяси, қоғамдық қатынастар - білімге ие болу.
6. Тұлғалық өзін - өзі дамыту құзыреттілігі - өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарау, өз алдына жоспар құру.
7. Коммуникативті құзыреттілік - адамдармен қарым - қатынас тәсілдерін білу, топтармен жұмыс жасау

1. 2 Креативті құзіреттілікті қалыптастыру жолдары

«Құзырет» - тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білім, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы. Құзыреттілік білім шеңберінде өз орнын тауып, жақандану ағысына енген еліміздің алдында тұрған міндеттерінің бастысы- білім беру жүйесін жетілдіру, елдің интеллектуалдық потенциалын көтеру,
қоғамдық өмірдің салаларында, соның ішінде, білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі кезеңдегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты, экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолына түстік. Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі-мектеп қабырғасында берілетін білімнің, оқытушылардың кәсіптік білім деңгейлерінің сапасымен тікелей байланысты екенін көрсетті. Бұл, еліміздің тағдыры және ұлтымыздың болашағы мұғалімнің қолында дегеніміз. Жалпы алғанда, оқу- оқушының өзіндік қызметі, қызметтің осы түрі арқылы оқушы білім алады, білік және дағдылар жүйесімен қаруланады. Оқу жас ұрпақтың бойына ес, зейін, қиял, логикалық ойлау
және тағы сол сияқты қасиеттерді тәрбиелейді, оқу-ойлау қабілеттерін жетілдіреді, жеке бастың жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. Оқытудың міндеті жас ұрпақтың жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып, оны өмірге баулу, өндірістегі еңбекке дайындау, қоғамға пайда келтіретіндей практикалық іс-әрекетке үйрету, сондай-ақ оның жан-жақты дамыған жеке бас тұлғасын дамыту болып табылады [1, 5, 10]
Міндетті деңгей- нақты меңгеруге тиісті және нәтижеге жетуге бағытталған материал.
Мүмкін деңгей- оқушылардың ой-өрісінің кеңеюін, шығармашылық қызметті ұйымдастыру арқылы әр баланың қабілетінің дамуын қарастырады. Бұл деңгейге әр оқушы жеке дара қол жеткізетін болады

Бастауыш мектептегі тың өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін зерделей отырып, жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере оқыту, тұлғаның өзіндік ерекшеліктерін ескеру арқылы оның жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды оқу, жүзеге асырудың нәтижесінде көрініп отыр. Жаңа педагогикалық технологияларды қолданып оқытуды бастауыш білім беруді дамыту мен жетілдірудің негізгі құралы ретінде қарастыру керек. Әр баланың кейінгі және болашақтағы білімі бастауыш буындағы білімнің сапалылығына тікелей байланысты. Кіші мектеп жасындағы оқушының негізгі ерекшелігі -білімді қызығушылықпен алуы. Ол үшін оқу үрдісін әр оқушының жеке бас ерекшелігін ескере отырып, бала талпынатындай және қызығатындай етіп ұйымдастыру керек. Білім беруде тиімді нәтижеге жету үшін, оқыту әдістері мен құралдарын іріктеу, оқу үрдісін құру - мұғалім құзырындағы іс.

Көптеген мұғалімдер оқу үрдісінде дамыта оқытуды (Д. Выготский, В. Давыдов, Л. Занков негізін қалаған) кеңінен пайдалануда. Оқыту дамытудың алдында болатындығы, яғни құзыретті тұлға қалыптастыруда, баланы дамытуға жетелейтіні даусыз. Мұғалімдер жеке тұлғаның дамуына көп мән беруі және осыған сәйкес оқу үрдісін құруды ойластыруы қажет. Сонымен қатар Ш. А. Амонашвилидің ізгілендіру педагогикасы, В. Ф. Шаталовтың тірек сигналдарын, Ж. А. Қараевтың саралап-даралап оқыту, М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологияларын, «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологияларын» кеңінен пайдаланудамыз.

Қоғамдық қатынастардың жақандану жағдайында, құзыретті тұлға қалыптастыруда, жеке тұлғаға жаңаша талаптар қойылуда, адамдық потенциалдың мәні жоғарылауда. Белсенділік, жүйелілік, өз бетінше білім алуға бейімділік басқа жеке тұлғалық сапалармен қатар қазіргі жеке тұлғаның ерекше қасиеттері болып табылады. Мектептегі үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі базалық звено ретінде, оқушының тек табиғи қабілеттерін ашуға ғана игі әсерін тигізіп қоймайды, сонымен қатар жеке тұлғаның негізгі салаларын әр түрлі әрекеттерге бейімделуін қарастырады

Ол әлеуметтік тұрғыдан неғұрлым жоғары көтерілген сайын, оның жеке тұлға ретінде құндылығы өсе түседі. Жеке тұлғаның негізгі белгісі- белсенді, белгілі бір мақсатты көздеген әрекеті. Бұл әрекет қоғамды және жеке тұлғаны өзгертуге және жақсартуға бағытталады. Тұлғаның жеке бас ерекшеліктерін теориялық талдау мұғалім үшін маңызды. Мұғалім әрекетінің әр түрін оқушыны дамытудың мүмкіндіктері мен сол мүмкіндіктерді жеке тұлғаның оқу-ойлау қабілеттерін қалыптастыруды жүзеге асыру үрдісінде дамиды

Қазіргі философтар жеке тұлғаны жеке қабілеттері мен әлеуметтік негізін, оның қоршаған ортамен қарым-қатынасында емес, оны өзгерте білуінде деп есептейді. Философтардың бұл ілімі педагогика ғылымы үшін өте маңызды, себебі педагогикалық үрдіс барысында адамның тек білім, білік қабілеттері қалыптасып қана қоймайды, сонымен қатар тұлғаның әлеуметтік дамуы жүзегеасады

Жеке тұлға үнемі даму үстінде болу үшін әрекет шығармашылықпен байланыста болу қажет. Оқу әрекетінің жеке тұлғаны қалыптастырудағы мүмкіншіліктері белгілі педагог-психолог ғалымдардың (Ш. А. Амонашвили, В. В. Давыдов, М. Мұқанов, Т. С. Сабыров) ұдайы назарында болды

Мұғалімдер оқу әрекетін оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-ойлау қабілеттерін жетілдіру табиғатын терең білуі тиіс. Оқу әрекетінің өзіндік ерекшеліктері бар. Оқу әрекетін қалыптастыру барысында тұлғалық қасиеттер- мақсаттылық, ұйымшылдық, жауапкершілік, табандылық т. б қалыптасады

Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан -2030 » бағдарламасында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-тұлғаның ұлттық және жалпы азаматтық, құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіптік тұрғыда жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау»- деп көрсетті. Бұл мақсатқа жету үшін біздің оқу үрдісіміз алдына жаңа маңызды талаптар қояды. Жеткіншек ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуы бүгінгі күнде аса зор үміт күттірер жол болып отыр. Білім жүйесін жетілдіру және сапалы деңгейге көтеруді алға тартып отыр. Өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен әрекет етуге және қабілетті қайшылықтарды ашуға мейлінше жетілген, оны түрлі өзгерістерге дамытуға қабілетті, шығармашыл, барлық істі сауатты шеше білетін тұлғаны тәрбиелеу- мақсаттың бірі болып отыр.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңына сәйкес «әр баланың жеке бас ерекшелігіне қарай интеллектуалды дамуы жеке тұлғаның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер қарастырылып отыр. Әр оқушының болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасына, көлеміне, дәрежесіне тікелей байланысты. Сондықтан, мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктелді.

Мұндай міндеттерді шешу үшін мектептерде:

  1. Оқушыға берілетін білім негіздерін олардың болашақ іс-әрекетінің берік негізі әрі тірегі болатындай етіп оқыту.
  2. Оқу-тәрбие үрдісін, білім мазмұнын түбірімен жаңарту
  3. Оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру
  4. Педагогикалық жаңалықтарды тәжірибеге енгізуді жүзеге асыру қажет

1. 3 Креативті құзіреттілікті қалыптастырудың психологиялық негізі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың басым бағыттары
Жалпы кәсіби құзіреттілік
Кәсіптік мектептің орыс тілді аудиторияларында қазақ тілін витагендік технология арқылы оқыту үдерісі
Мультимедиялық технология бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін кеңейту құралы ретінде
Ертегілер арқылы бастауыш сынып оқушыларының негізгі құзыреттіліктерін дамыту
2015-2020 жылдарға арналған «Нұрмирас» мектепке дейінгі ұйымының даму бағдарламасы
Сөз тіркесін оқытуда оқушылардың қатысымдық құзіреттілігін қалыптастырудың лингвистикалық негіздері
Көптілді білім беру жағдайында болашақ педагог - психологтардың кәсіби құзіреттілігінің әдіснамалық тұғырлары
Орта мектепте технология пәнін оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Қазіргі болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби құзыреттілігін дамытудың педагогикалық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz