Факультет Жерге орналастыру


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі
C. Сейфуллтн атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Кожахметов Досымбек Тыныспекулы
Ақмола облысы Целиноград ауданы "Төре" ЖШС-нің
жыртылған жерін реттестіру және жер учаскесін паспорттау жобасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Мамандық 5В090300 - «Жерге орналастыру»
Нұр-Сұлтан 2019
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
«Қорғауға жіберілді»
«» 201 ж
Кафедра меңгерушінің м. а.
Карбозов Т. Е
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: Ақмола облысы Целиноград ауданы «Төре» ЖШС-нің жыртылған жерін реттестіру және жер учаскесін паспорттау
жобасы
5В090300 - «Жерге орналастыру» мамандығы
Орындаған Кожахметов Д. Т.
Ғылыми жетекші Оспанова А. А.
Нұр-Сұлтан 2019
С. СЕЙФУЛЛИН атындағы ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Факультет Жерге орналастыру
Кафедра Жерге орналастыру
Мамандығы 5В090300 - Жерге орналастыру
«БЕКІТЕМІН»
Кафедра меңгерушісі:
э. ғ. к., Т. Е Карбозов
«___» 2019ж
Кожахметов Досымбек Тыныспекулы
дипломдық жұмысты (жобаны) орындау бойынша
тапсырма
Жобаның (жұмыстың) тақырыбы: Ақмола облысы Целиноград ауданы «Төре» ЖШС - нің жыртылған жерін реттестіру және жер учаскесін паспорттау жобасы.
«___»20___ж. № бұйрықпен бекітілді
Студент бітірген жобаның тапсыру мерзімі
Жобаның шығыс мәліметтері: Воздвиженка ауыл округі жер пайдаланушылықтарының табиғи климаттық жағдайлары және мәліметтері, жер пайдаланушылық планы, топырақ картасы және басқада қажетті материалдар.
Түсіндірме-есептік жазбаның мазмұны (қарастырылуға тиісті сұрақтар тізімі)
Кіріспе
І - Әдебиетке шолу
ІІ - Жобалау объектісінің сипаттамасы
ІІІ -Жобаның мазмұны және негізделуі
ІV- Қоршаған ортаны қорғау
V- Еңбек қорғау
VІ - Қорытынды
Графикалық материалдың тізімі (міндетті нақты сызбаларды көрсету керек)
1. Жер пайдаланушылық планы
2. Топырақ картасы
3. Жобалық план
Ұсынылған негізгі әдебиет
- ҚР Жер кодексі 2003ж.
- Землеустроительное проектирование-Оқулық, М. А. Гендельман ред., Алматы «ЭВЛЮ», 1999ж.
- Карбозов Т. Е., Агроқұрылымдарды ішкішаруашылық жерге орналастыру-Оқу құралы, Астана, 2006ж.
- Қырықбаев Ж. Қ., Жанбекова Д. А: Нормативтік анықтама, Астана, 2006ж.
- Карбозов Т. Е., Агроқұрылымдарды ішкішаруашылық жерге орналастыру-Әдістемелік нұсқаулар, Астана, 2013ж.
Жоба бойынша кеңесшілер (оларға қатысты жоба бөлімдерін көрсетіңіз)
Тапсырманың берілу күні
Жобаның жетекшісі
Тапсырманы орындауға алған студент
Мазмұны
- Қазақстан Республикасының жер қоры
- Ішкішаруашылық жерге орналстыру міндеттері мен түсінігі
- А. е танаптарын және жұмысшы учаскелерін орналастыру және паспорттау жумысын жүргізу
3. 2. Жыртылған жердің территориясын реттестіруінің экономикалық негізделуі
3. 3. А. ш. мақсатына паспортты құру
Қaзaқcтaн pecпyбликacының жep қopы 272, 5 млн. гa құpaйды. TMД eлдeрiнiң aрacындa oның тeppитopиясы Peceй Фeдepaцияcынaн кeйiнгi eкiншi, aл дүниe жүзi бойынша тoғызыншы opынды aлaды.
Қaзaқcтaнның барлық жep қopы өтe қуaң климaтпeн cипaттaлaтын тaбиғи aймaқтapдa opнaлaсқaн. Жaлпы түрдe aйтқaндa, бұл қayiптi eгiншiлiк aймaғы болып келеді. Қaзaқcтaнның oңтycтiк aймaқтapындa тeк cyapмaлы eгiншiлiк қaнa бoлyы мүмкiн. Дaлa жәнe құpaқ дaлa aймaқтapындa тәлiмi егіншілік дамығанымен, ол топырақтағы ылғалды сақтап қалу мақсатымен күрделі шаралар кешенін талап етеді.
Қaзiргi кeздe Қaзaқcтaндa 20 млн. гa жыpтылғaн жeр мeн 35 млн. гa жaйылым эpoзияғa ұшыpaғaн, нeмece ocы жaғынaн қаyiптi. Coнымeн қaтap 17 млн. гa cy мeн иppигaциялық эpoзиядaн зaқымдaнғaн. Peфopмaғa дейiнгi жылapды eлдe жыpтылғaн жeрдiң бip жaнғa шaққaндaғы мөлшepi 2, 8 гa eдi. Бұл көpceткiш әлeм бoйыншa шaмaмeн 7 eсe apтық бoлғaн eкeн.
Ayылшapyaшылық aлaптapы epeкшe қopғayды тaлaп eтeдi. Қaндaй eл бoлcaдa, aгрaлық саяcaтының eң бacты пpинциптepiнiң бipi бoлып ayыл шapyaшылығының жepгe дeгeн пpиopитeтi тaбылaды.
Iшкiшapyaшылық жepгe opнaлacтыpy - жepгe opнaлacтыpyдың нeгiзгi түpлepiнiң бipiнe жaтaды. Жepгe opнaлacтыpyдың бұл түpiнiң жoбaлay oбъeктici peтiндe ayылшapyaшылық кәciпopындapынa, шapya қoжaлықтapғa, cepiктecтiктepгe, кooпepaтивтepгe жәнe бacқa шapyaшылықтық құрылымдapға тұpaқты пaйдaлaнyғa нeмece жaлғa aлy шapтымeн бeлгiлi бip мepзiмгe бeкiтiлгeн жepлepдe ayылшapyaшылық өндiрiciн тeppитopиялық ұйымдacтыpy бoлып тaбылaды. Қaзiргi yaқыттa ayылшapyaшылық өнiмi өндipyмeн әp түpлi ipi мeмлeкeттiк кәciпopындap (тұқым дaйындaйтын жәнe бacқa мaмaндaндыpылғaн шapyaшылықтap), мeмлeкeттiк eмec (шapya қoжaлықтapы, ұжымдық кәciпopындap мeн кooпepaтивтep aкциoнepлiк қoғaмдap жәнe т. б. ) aйнaлaсaды.
Teppитopяны iшкiшypyaшылық ұйымдacтыpy пpoцeciндe көpceтiлгeн нeгiзгi мiндeттepдeн тyындaйтын нeмece oнымeн тығыз бaйлaныcты бipқaтap бacқa дa мaңызды мiндeттep шeшiлeдi:
Toпыpықтың құнapлығын caқтay жәнe көбeйтy;
Aуылшapyaшылық aлaптapдың пaйдaлaнyын жaқcapтy, өңдeлeтiн жepлepдiң қapқындылығын көтepy;
Toпыpaқ эpoзиясы caлдapын жoю жәнe бoлaшaқтa эpoзиялық пpoцecтepдi бoлдыpмay;
Cyapмaлы жеpлеpдiң тұздaнy сaлдapын жoю, эppигaциялық эpoзия мeн қaйтa тұздaнyды бoлдыpмay;
Бapлapын caқтaп, жaңa мәдeни лaдшaфтapды құpy;
Aдaмдapдың дeмaлyы, eңбeк жәнe тұрмыcтық жaғдaйлapын жaқcapтyы.
Ayыcпaлы eгic бұл дeгeнiмiз - ғылымғa нeгiздeп дaқылдap мeн cүpi тaнaпты бeлгiлi бip мepзiмдe жәнe ayмaқтa кeзeктecтipiп opнaлacтыpy.
Бip дaқылды тұpaқты нeмece ұзaқ yaқыт бoйы бip жepгe өcipe бepce, oндa apaмшөптep, зиянкecтep жәнe aypyлap қaптaп, тoпыpaқ тoзaды дa, өнiмнiң aзaюынa әкeп coқтыpaды. Ayыспaлы eгicтe дaқылдapды кeзeктecтipy және биoлoгиялық ceбeптepдiң кepi әcepiн төмeндeтeдi нeмece мүлдeм жoяды.
Ayыcпaлы eгicтepдi ұйымдacтыpy oлapдың типiн, түpiн, дaқылдapдың кeзeктeлy cxeмacы жәнe oлapдың тeppитopияcын opнaлacтыpyды қaмтиды. Ayыcпaлы eic тaнaптapдaн тұpaды. Oның тaнaптapы ayылшapyaшылық дaқылдapын өciп өндipy жәнe aгpoтexникaлық мexaникaлaндыpy жұмыcтapын opындay үшiн apнaлғaн бөлiктep жaтaды. Keйбip кeздe тaнaптap жұмыcшы учacкeлepiнe бөлiнeдi. Жұмыcшы учacкeлeр мeн тaнaптapдың мeжeлepi apacындa aлaптық жoлдap жүргiзiлeдi.
I Әдебиетке шолу. Қазақстан Республикасының жер қорыРеспубликаның бүкіл жер байлығы біртұтас жер қорын құрайды. ҚР Жер кодексі бойынша жер қоры 7 категорияға бөлінеді;
1. Ауылшаруашылық мақсатындағы жер;
2. Елді мекендердің (қалалар, қала типіндегі поселкелер және ауылды елді мекендер ) жері;
3. Өнеркәсіп, транспорт, байланыс, қорғаныс және өзге ауылшаруашылық емес мақсаттағы жерлер;
4. Айрықша қорғалатын табиғи территориялардың, сауықтыру, рекреациялық және тирихи - мәдени мақсатындағы жер;
5. Орман қорының жері;
6. Су қорының жері;
7. Босалқы жер.
Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа немесе фермер қожалықтарын жүргізу үшін жеке және заңды тұлғаларға берілген жер учаскелерінде және жеке қосалқы шаруашылықтың егістік телімдерінде ауыл шаруашылығын жүргізуге қатысы жоқ объектілер, оның ішінде тұрғын үйлер (жеке тұрғын үйлерді қоса алғанда) салуға жол берілмейді. Бұл ретте мал шаруашылығы кешендерін салуға, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған уақытша құрылыстарға және шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарға суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарының барлық түрлері, егістік, тыңайған жерлер, көп жылдық екпелер егілген жерлер жататын бағалы ауыл шаруашылығы алқаптары пайдаланыла алмайды.
Жеке меншіктегі немесе жер пайдаланудағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін алаңдары осы Кодекстің 50-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленген ең аз мөлшерден төмен учаскелерге бөлуге жол берілмейді.
Ауыл шаруашылығы алқаптарына егiстiктер, тыңайған жер, көп жылдық екпелер егiлген жер, шабындықтар мен жайылымдар жатады.
Егiстiк- жүйелi түрде өңделетiн және көп жылдық шөптердiң егiстiгiн қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының егiстiгiне пайдаланылатын жер учаскелерi, сондай-ақ сүрi жер. Алдын ала егiлетiн дақылдардың егiстiгi орналасқан (үш жылдан аспайтын уақыт аралығында), түбегейлi жақсарту мақсатында жыртылған шабындықтар мен жайылымдардың жер учаскелерi, сондай-ақ бақтардың егiске пайдаланылатын қатар аралығы егiстiкке жатпайды.
Тыңайған жер- бұрын егiстiк құрамында болған және күзден бастап бiр жылдан аса ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге пайдаланылмайтын және пар айдауға әзiрленбеген жер учаскесi.
Көп жылдық екпелер- жемiс-жидек, техникалық және дәрi-дәрмек өнiмдерiнiң түсiмiн алуға, сондай-ақ аумақты сәндеп безендiруге арналып қолдан отырғызылған көп жылдық ағаш, бұта екпелерiне пайдаланылатын жер учаскелерi.
Табиғи шабындықтар мен жайылымдар- шөп шабуға және жануарларды жаюға жүйелi түрде пайдаланылатын жер учаскелерi.
Түбегейлi жақсартылған шабындықтар мен жайылымдар- шөп егу арқылы жаңадан отайған шабындық және жайылым учаскелерi.
Суландырылған жайылымдар- тиiстi мал басын сапасы ойдағыдай сумен қамтамасыз ете алатын су көздерi (көлдер, өзендер, тоғандар, апандар, суару және суландыру каналдары, құбырлы немесе шегендi құдықтар) бар жайылымдар.
Ауыл шаруашылығы алқаптары суармалы және суарылмайтын болуы мүмкін.
Суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарына ауыл шаруашылығында пайдалануға және суаруға жарамды, су ресурстары жүйесiнiң қазiргi пайдалы жұмыс коэффициентiнде суару нормаларының жобалау немесе қолданыстағы нормативтерi бойынша осы жердi сумен қамтудың қолайлы мерзiмi iшiнде қамсыздандырудың кемiнде 75 процентiнен кем емес су ағынымен қамтамасыз ететiн суару көзiмен байланысты тұрақты және уақытша суару жүйесi бар жер жатады.
Жайылма суару жерi қар суын және көктемгi тасқын суды, сондай-ақ топырақты ылғалдандыру үшiн суару және суландыру каналдарынан берiлетiн суды осы учаскелер аумағында ұстап қалуды және қайта бөлудi қамтамасыз ететiн су бөгейтiн белдеулерi, суды реттейтiн бөгеттерi мен басқа да гидротехникалық құрылыстары бар учаскелер болып табылады.
Қалаларды, кенттердi, ауылдарды, селолар мен басқа да қоныстарды дамыту үшiн берiлген жер учаскелерi елдi мекендер жерiнiң санатына жатады.
Елдi мекендердiң жерi өзге әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдардың жерiнен қаланың шегi, кенттiң шегi, ауылдық (селолық) елдi мекеннiң шегi арқылы шектеледi.
Елдi мекендер жерiнiң құрамына:
1) құрылыстар алып жатқан әрi көп пәтерлi және көп қабатты тұрғын үйлер, үй iргесіндегі жер учаскелерi бар жеке тұрғын үйлер салуға арналған тұрғын жай салатын жер;
2) денсаулық сақтау, мәдениет, сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету, коммерциялық қызмет объектiлерi, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдар және жоғары білім беру мекемелерi, әкiмшiлiк, ғылыми-зерттеу мекемелерi, ғибадат үйлерi мен өзге де iскерлiк үйлерi, құрылыстар мен ғимараттар салынған және соларды орналастыруға арналған қоғамдық iскерлiк құрылыс салатын жер;
3) өнеркәсiп, коммуналдық және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қойма объектiлерi, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымы объектiлерi салынған және соларды орналастыруға арналған, сондай-ақ осы объектiлердiң санитарлық-қорғау аймақтарын белгiлеуге арналған өндiрiстiк құрылыс салатын жер;
4) темір жол, автомобиль, өзен, теңiз, әуе және құбыр тасымалы жолдары, инженерлiк инфрақұрылым мен байланыс магистральдары өтетiн және соларды салуға арналған көлiк, байланыс, инженерлiк коммуникациялар жерi;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
6) өзендер, табиғи және жасанды су айдындары мен акваториялар, су қорғау аймақтары, гидротехникалық және басқа да су шаруашылығы құрылыстары орналасқан су айдындары мен акваториялар жерi;
7) ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер;
8) алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, парктер, гүлзарлар, орман парктерi, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың қажеттерiн қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылыту құбырлары, тазарту құрылыстары және жалпы жұрт пайдаланатын басқа даинженерлiк жүйелер, сондай-ақ жылу желілерінің күзет аймақтары мен ортақ пайдаланудағы инженерлік жүйелер) орналасқан және соларды орналастыруға арналған ортақ пайдаланудағы жер;
9) қала құрылысы қызметiне тартылмаған, елдi мекендi аумақтық тұрғыдан дамытуға және өзiндiк қосалқы шаруашылықтыдамытуға арналған резервтегi және өзге де жер;
10) крематорийлердi, мал қорымы, тұрмыстық қалдықтар тастау орындарын және арнаулы нормативтер мен ережелер белгiленбейiнше пайдалануға болмайтын өзге де объектiлердi орналастыру үшiн бөлiнетiн арнайы мақсаттағы жер;
11) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін берілген, сондай-ақ өзге де пайдалану режиміндегі жер кіруі мүмкін.
Жер учаскелерiн елдi мекендер жеріндегі ортақ пайдаланудағы жерлерге жатқызуды, сондай-ақ олардың нысаналы мақсатының өзгеруiне байланысты ортақпайдаланудағы жердiң құрамынан шығаруды өз құзыретiне сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.
Өнеркәсiп жерi
1. Өнеркәсiп жерiне өнеркәсiп объектiлерiн орналастыру мен пайдалану үшiн берiлген жер, оның iшiнде олардың санитарлық-қорғау және өзге де аймақтар жатады.
2. Аталған мақсаттарға берiлетiн жер учаскелерiнiң мөлшерi белгiленген тәртiппен бекітілген нормаларға немесе жобалау-техникалық құжаттамаларға сәйкес айқындалады, ал жер учаскелерiн бөлiп беру оларды игеру кезектiлiгi ескерiле отырып жүргiзiледi.
Көлiк жерi
1. Автомобиль, теңiз, iшкi су, темір жол, әуе, құбыржолжәне өзге де көлiк түрі объектiлерiнiң қызметiн қамтамасыз ету және (немесе) оларды пайдалану үшiн берiлген жер көлiк жерi болып танылады.
2. Автомобиль, теңiз, iшкi су, темір жол, әуе, құбыржолжәне өзге де көлiк түрi объектiлерiн дамыту, салу және қайта жаңғырту үшiн жағдай жасаумақсатында осы Кодексте көзделген тәртiппен жердi резервте ұстау жүзеге асырылуы мүмкiн.
Темір жол көлiгiнiң жерi
1. Темір жол көлiгi қажеттерiне арналған жерге:
1) магистраль жолдарына және солармен технологиялық байланыстағы құрылыстар мен ғимараттарға (темір жол белдеуi, көпiрлер, тоннельдер, виадуктер, сигналдық жабдықтар, қызметтiк-техникалық үйлер) ;
2) кiрме жолдарға;
3) энергетика, локомотив, вагон, жол және жүк шаруашылықтары, сумен жабдықтау және канализация құрылыстары, қорғау және бекіту екпелерi, қызметтiк және темір жол көлiгiне қызмет көрсететiн арнаулы мақсаттағы өзге де объектiлерi бар темір жол станцияларына (вокзалдарға) ;
4) темір жолдарға берiлген белдеулер мен күзет аймақтарына;
5) концессия шарттары бойынша темір жолдар мен темір жол көлігінің объектілеріне бөліп берілген жер жатады.
2. Темір жол көлiгiнiң қажеттерiне арналған жер учаскелері темір жолдар мен темір жол станцияларын дамытудың жобалау-техникалық құжаттамасына және бас схемасына сәйкес белгiленген тәртiппен бекітілетiн нормативтер бойынша берiледi.
3. Тұрғын халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ темір жол көлiгi қажеттерiне арналып бөлiнген белдеуге iргелес жер учаскелеріндегі объектiлердi қауiпсiз пайдалану мақсатында жер пайдаланудың ерекше шарттарымен күзет аймақтары белгiленедi, олардың шегiнде аймақтарды белгiлеу мақсаттарына сай келмейтiн қызмет түрлерi шектеледi немесе оларға тыйым салынады.
4. Темір жол көлiгiнiң күзет аймақтарына: орманды қорғау белдеулерi, көлiк құрылыстарының, құрылғылары мен басқа да объектiлерiнiң сақталуын, төзiмдiлiгi мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн қажеттi жер учаскелерi, сондай-ақ темір жол көлiгiне бөлiнетiн белдеуге iргелесорналасқан, сел қаупi, көшкiн қаупi бар аймақтардағы және басқа да қауiптi әсерлер төнетiн жерлердегi жер учаскелерi кiредi.
Күзет аймақтары жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерiн алып қоймай белгiленуi мүмкiн.
Автомобиль көлiгiнiң жерi
1. Автомобиль көлiгi қажеттерiне арналған жерге:
1) автомобиль жолдарына, олардың конструкциялық элементтерi мен жол ғимараттарына және олармен технологиялық байланысқан құрылыстар мен ғимараттарға;
2) автовокзалдар мен автостанцияларды, автомобиль көлiгiнiң басқа объектiлерiн және жер бетi мен жерасты үйлерiн, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтiп-ұстау, салу, қайта жаңғырту, жөндеу, дамыту үшiн қажеттi жол шаруашылығы объектiлерiн орналастыру үшiн;
3) автомобиль жолдарына бөлiнетiн белдеулердi белгiлеу үшiн бөлiнген жер жатады.
Автомобиль көлiгiнiң қажеттерi үшiн бөлiнетiн белдеуге арналған жер учаскелерi жолдың санатына байланысты және жобалау құжаттамасына сәйкес белгiленген нормалардың негiзiнде берiледi.
Тұрғын халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және автомобиль жолдарын пайдалануға жағдай жасау үшiн жолда жүру қауiпсiздiгiнің талаптары ескерiле отырып, оларды пайдаланудың ерекше режимi белгiленiп, ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарына бөлiнетiн белдеулерге екi жағынан iргелес жатқан жер учаскелерi түрiнде жол бойындағы белдеулер жасалады.
Жол бойындағы белдеудің мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жеке және заңды тұлғаларға уақытша жер пайдалануға беруі мүмкін.
Жол қызметі, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, жол полициясы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кеден қызметі, шекаралық, көліктік бақылау бекеттерін, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттерін қоспағанда, ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары бойынан бөлінген жер белдеулерінің шегінде ғимараттар мен құрылыстар салуға, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар төсеуге тыйым салынады.
Құрылысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын жол қызметі объектілерін және жол сервисі объектілерін қоспағанда, ортақ пайдаланудағы автомобиль жолы бойындағы жол белдеуінде ғимараттар мен құрылыстар салуға тыйым салынады.
Теңiз және iшкi су көлiгiнiң қажеттерiне арналған жерге теңiз және өзен порттарын, айлақтар, пристаньдар, гидротехникалық ғимараттар, жер бетi және жер асты үйлерiн, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтiп-ұстау, салу, қайта жаңғырту, жөндеу, кеңейтiп ұлғайту үшiн қажеттi басқа объектiлердi және теңiз және iшкi су көлiгiнiң басқа да объектiлерiн орналастыру үшiн бөлiнiп берiлген жер жатады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеріне мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің, мемлекеттік зоологиялық парктердің, мемлекеттік ботаникалық бақтардың, мемлекеттік дендрологиялық парктер мен мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің жері жатады.
Мемлекеттік қорық аймақтары мен мемлекеттік табиғи қаумалдардың жер учаскелері жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алынбай, басқа санаттардағы жерлер құрамында бөлінеді және мемлекеттік жер кадастрын жүргізу кезінде ескеріледі.
Мемлекеттік қорық аймақтары мен мемлекеттік табиғи қаумалдардың аумағы шегінде осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық жүйелерінің және оларда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез келген қызметті шектеу меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелеріне ауыртпалық болып енгізіледі және бұл жерге орналастыру құжаттамасында ескеріледі.
Орманды, сондай-ақ ағаш өспеген, бiрақ орман шаруашылығының қажеттерiне берiлген жер учаскелерi орман қорының жерi деп танылады. Орман қорының жерi мемлекеттік және жекеше орман қоры жерiнен тұрады.
Табиғи өскен орманы бар және мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен отырғызылған жасанды орманы бар жер, сондай-ақ орман шаруашылығын жүргiзетiн мемлекеттік ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берiлген ормансыз жер мемлекеттік орман қорының жерiне жатады.
Жекеше орман қорының жерлеріне осы Кодекске сәйкес жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға орман өсіру үшін нысаналы мақсатпен жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануға берілген: қолдан өсірілген екпелер; табиғи, тұқымдық және (немесе) вегетативтік жолмен өскен екпелер; жекеше орман питомниктері; арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер; агроорман-мелиорациялық екпелер; жеке меншіктегі шаруашылық автомобиль жолдарын бөлу жолақтарындағы қорғаныштық екпелер отырғызылған жерлер жатады.
Орман қоры жеріндегі орман шаруашылығының қажеттерiне пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптары Қазақстан Республикасының орман заңдарына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсаттары үшiн жеке және заңды тұлғаларға берiлуi мүмкiн.
Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығы мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілері үшін учаскелер беру Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz